2.Ұлттың мәдени-генетикалық коды нышандар мен бейнелерді, салттар мен дәстүрлерді, ғұрыптарды, музыканы, дүниенің тілдік бейнесін, фольклорді, халықтық ырымдарды, мақал мәтелдерді, өнегелілік құндылықтарды, эпос пен тарихи мұраларды құрайды.
3.Этникалық тегінің құндылықтарын жоққа шығару, өз этносын төмен бағалау аталды? Ұлттық нигилизм 4.Ер адам жағынан ата-бабаларын ауызша немесе жазбаша санамалайтын туыстық қатынастар тізбегі? Шежіре 5.Қазақтардың шежіресі аңыздармен қатар жүреді. Шежіренің ең қысқа бөлігі саналады? «Жеті ата» 6.Ауызша тарих айту дәстүрі пайда болған уақыт? Қола дәуірі 7.Жеті атаны білу – туыс адамдардың үйленуіне салынған, экзогамияны сақтау
8.Рудың көшіп-қону аймағы ретінде қабылданды? Атажұрт 9. Қазақтардың этникалық тарихының маңызды сипаты этникалық-аумақтық бірлестіктер бөлінді? Жүздерге 10.Дереккөздерде қазақ жүздері туралы алғаш деректер айтыла бастады? ХVІІ ғасырдың басы 11.Қазақ хандығында ұлыстық жүйе сақталды? ХV-ХVІІ ғғ.
12.Мемлекет ұлы ханның меншігі ретінде қарастырылып, неғұрлым ұсақ иеліктерге-ұлыстарға бөлінді, ұлыстарды басқарды? Сұлтандар. 13.Әрбір ұлыстың көшу аумағы – жұрты болды.
14.Қысқа қашықтыққа көшіп-қону шағын туыстас топтар – ауылдармен жүзеге асырыла бастады.
§ 25. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы
1.Ұлы, Орта және Кіші жүздердің түпкі аталары болып саналады? Ағайынды Ақарыс, Бекарыс пен Жанарыс
2.Ұлы Жүз - Жетісу, солтүстігінде Балқашқа дейін, оңтүстігінде Солтүстік Тянь-Шань, шығысында Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай, Іле өзені алабы. 2.Ұлы жүз рулары: жалайыр, дулат, сары үйсін, шапырашты, албан, суан, ошақты, қаңлы, шаңышқылы, сіргелі, ысты. 3.Ертеде моңғол әскерінің атақты әскербасылары шыққан, кейін Ұлы жүздің үлкен руларының біріне айналды? Жалайыр тайпасы 4.Ұлы жүздің аса ірі тайпасысының бірі? Дулат.
5. Жетісуда біраз уақыт саяси үстемдік орнатқан Ұлы жүз тайпаларының бірі? Үйсіндер 6. Орта жүз - Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан аумағын иеленді.
7.Орта жүздің аса ірі тайпалық бірлестігі, олардың көшіп-қонатын жерлері Сарыарқа кеңістігінде орналасты? Арғындар 8.Қазақстанның шығыс бөлігінде, Алтайдан Жетісу (Жоңғар) Алатауына дейінгі жерлер мен бүгінгі Қызылорда облысының аумағында көшіп-қонып жүрген орта жүздің ірі тайпасы? Наймандар 9.Орта жүз руларының бірі арғындар қонысынан батысқа қарай, Тобылдан Сырдарияның төменгі ағыстарына дейін көшіп-қонып жүрді? Қыпшақтар 10.Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда, Ертіс жағалауы мен Батыс Алтайды мекендеді? Керейлер 11.Керейлерге туыстас Қазақстанның солтүстігі, Торғайдан Алтайға дейінгі аралықта көшіп-қонған тайпа? Уақтар 12.Орта жүз аумағының оңтүстік бөлігін иеленген, ортағасырлық жазба дереккөздерде Кунграт атауымен кездесетін ірі тайпа? Қоңырат 13.Кіші жүз –Батыс Қазақстан аумағын мекендеді. Кіші жүз үш ірі ру-тайпалық бірлестікке – Әлімұлы, Жетіру, Байұлы тайпаларына біріккен. 14.Алты ата Әлімұлы бірлестігі - Шекті, Төртқара, Шөмекей, Кете, Қаракесек, Қарасақал рулары.
15.Жетіру бірлесігі -Табын, Тама, Кердері, Төлеу, Керейт, Жағалбайлы, Рамадан. 16.Он екі ата Байұлы бірлестігі – Шеркеш, Ысық, Байбақты, Масқар, Алаша, Қызылқұрт, Тана, Алтын-Жаппас, Беріш, Есентемір, Таз, Адай.