Қ 17 Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы



Дата06.03.2023
өлшемі1,32 Mb.
#72120
Байланысты:
Нарқыз



ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ

9 том
ҚАРАЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


Қазақ жазушыларының балаларға арналған хикаяттары
Алматы, 2021

ӘОЖ 821.512.122-93


КБЖ 84 (5Қаз)
Қ17

Кұрастырған —Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ




Қ 17 ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ.
Қарлығаштың ұясы./ Кұраст. Байбота Қошым-Ноғай/
— Алматы: «Әдебиет» баспа үйі, 2021.
Т.9: Қазақ жазушыларының балаларға арналған
хикаяттары. — 464 б.
ІSВN 978-601-7001-94-0
Балаларға арналған хикаяттар XX ғасырдың екінші жартысында белгілі дәрежеде көп жазылып, әдебиеттің бұл жанры қарқынды дамыды. Олардың
арасында республика деңгейінде жақсы танылып, шет тілдеріне аударылып,
халықаралық Х.К.Андерсен атындағы сыйлыққа ие болғандары да бар. Бұл
антологияда осындай шығармалар да қамтылды.
Қазақ балалар әдебиетінің он томдық антологиясының бұл томына Қ.Омарұлының «Альфа — Ақтөс», М.Қабанбайдың «Пысық болдым, мінеки»,
К.Қамзиннің «Айнабұлаққа ма? Айнабұлаққа...», Б.Сүлейменовтін «Хан шатырындағы кездесу немесе ертегілер әлеміне саяхат», А.Естеновтің «Сырлы дүние», С.Оспановтың «Әдемі ауру», Қ.Түменбайдың «Біздің үйдің солдаттары», Б.Болатханованың «Бибіажар мен Бойтұмар» хикаяттары еніп отыр.
ӘОЖ 821.512.122-93
КБЖ 84 (5Қ
І8В^ 978-601-7001-94-0 (Т.9)
І8ВК 978-601-7001-92-6 (орт.)
© «Әдебиет» баспа үйі, 2021

Қаржаубай


ОМАРҰЛЫ
(1946-2009)

Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1969—1981 ж. -Алматы облыстық «Жетісу» газетінің аға тілшісі, бөлім меңгерушісі. 1981 — 1993 жж. — «Жалын» баспасының аға редакторы,редакция меңгерушісі. 1993—1996 жж. — «Балауса» баспасының редакция меңгерушісі. 1997—1999 жж. — «Қазақ Елі» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы. 2000-2003 жж. - ҚР Жоғары аттестациялық комиссиясының жетекші ғылыми редакторы болып қызмет істеді.Жазушының бірнеше кітаптары, жыр жинақтары бар.


Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

АЛЬФА - АҚТӨС


1
Ақтөс күшіктепті.


Болат мұны қайдан білсін, ол ескі үйдің жанына жете бере «Ақтөс! Ақтөс!» деген. Бірақ иті әдеттегідей құйрығын бұлғандатып алдынан шықпады. Математикадан «бес» алып, асып-тасып келе жатқан көңілі су сепкендей басылды. «Иесіз үйден ендігі безініп кеткен шығар». Табан астында басына келген бұл ой оны дедектете жөнелді. Ауланың көше жақ беті шарбақпен қоршалған-ды. Кірер ауыз биік өскен екі үлкен қарағаштың аралығында. Топсасы кете бастаған есікті серпе ашып, ішке ентелей енді. Кішкене ғана бәкене үйдің алдында қыстай көмір жататын жаппа бар. Ақтөстің үйшігі тап соның жанында.
Себелеп жауып тұрған суық жаңбыр мүмкін оны үйшігіне қуып тыққан шығар. Алға созған екі аяғына басын салып, бұйығып жатқан болар. Болаттың дегбірі қалмады. Қақпадан үйдің нақ есігіне дейін таспадай созылған жалғыз аяқ жол тым ұзарып кеткендей. Ол үйшікке жете бере еңкейіп, ішіне үңіліп еді, көздері жылтырап жатқан итін көрді. «Ақтөс! Ақтөс!» — деп, басынан сипамақ боп қолын соза бергенде, ол окыс «ыр-ыр» етіп, тісін ақситты. Бұрын мұндай мінезін байқамаған Болат шошып кетті. Кейін шегіншектеп барып, жүрелеп отырды да: «Ақтөс! Ақтөсім менің, не болды саған!?» — деп, оған таңырқай қарады.
Иті бұдан көзін алмаған күйі, манағыдай емес, момақан калпында жата берді. Бала үйшіктің күңгірттеу ішіне үңілгенде барып байқады; әлденелер қыбыр-жыбыр етіп, Ақтөстің бауырына тырмысып жатыр. «Күшік... Күшіктер!». Болат аңтарылып, жүресінен отырып қалды. Орнынан ұзақ қозғалмағаны сонша, балонье күртесінің етегінен, мандайын баса киген қалпағынан сіркіреген жауын тамшылары сорғалай бастады.
Актөс бұдан көзін айырмай жатып, тұмсығын тілімен бір-екі жалап қойды. «Қарны ашқан шығар». Осыны ойлауы мұң екен, Болат өзінің орнынан қалай ұшып тұрғанын да байқамады. Ит «ыр-р» ете тұсті. Болат қалталарын түртінектегенімен ештене таппады. Апасының ертеңгісін буфеттен тәтті тоқаш, сүт алып, жүрек жалғарсың деп берген тиынын әлгінде балмұздаққа жұмсап қойған-ды. Сасқанынан жүгіріп барып, иесіз қалған бәкене үйдің есігін ашты. Шағын ғана екі бөлмені әрі-бері кезгенімен, әр жерде шашылып жатқан қағаз, ескі шүберектен басқа көзіне ештеңе шалынбады. Пештің жанынан өте бергенде, бір нәрсеге сүрініп қала жаздады. Бүйірі майыскан гүлді темір шелек екен. Ботагөздің ойыншықтарының бірі. Ескі болған соң тастап кеткен шығар. Болат оны қолына ұстаған күйі тысқа шықты. Не істерін білмей, ызаланып шелекті лақтырып жіберді. Шелек есік алдына төселген кірпіштерге соғылып, даңғұр-дұңғыр етті. «Айтпақшы, Ботагөз осыған су құйып, ойнап жүретін еді ғой». Болат оны ала сала көше қиылысындағы су құбырына қарай жүгіре жөнелді. Жолай жұмыр тас тауып алып, майысқан бүйірін түзеткен болды.
Қаққан қазықтай боп тұрған құбырдың тұтқасын басып, шүмегінен сарылдап аққан судың астына шелекті қойды. Ішін шайып, жуды. Таудың тастай суына қолы тоңып, қызарып, кұс еттеніп кетті. Ақырында шүпілдеп толған кішкене гүлді шелекті бауынан ұстап, тым ауыр жүк көтергендей жайлап қана басып келе жатты. Бір тамшысын да төкпестен үйшіктің алдына әкеп қойды.
Болат өзі кейінірек тұрды да: «Ақтөс! Актөс, іше ғой, үйге барып тамақ әкеліп берем», — деді тап қазір қолында ештеңе жоғына кінәлі жандай мұная тіл қатып. Ит орнынан созалаңдай тұрды да, шелектегі суға бас қойып, сылпылдатып іше бастады. Ол күшіктегелі әлі ешқайда шыға алмаған еді. Ақтөс суды тауысып, үйшігіне кіріп кетті. Болат кұбырға тағы да жүгіріп
барып келді. Бұл жолы ит шелектегі суға назар аударған да жоқ. Болат енді үйіне жетуге асықты. Кенереге әлгінде сүйей салған портфелін қолына алып, жүгіре жөнелмек еді, бірақ себелеп жауған жаңбырдың үдей түскенін, үйшіктің төбесін сабалап тұрғанын байқап, кідірістеді. Қаға салған тақтайлардың жапсарларынан ішіне тамшылардың ағуы кәдік қой. Өзінің мойнына суық су құйылып кеткендей тітіркеніп, жаңа туған күшіктерді аяды. Не істеу керек?
Тағы да қаңырап қалған екі бөлмені кезіп еді, көзіне ештеңе шалынбады. Сөлбірейіп сыртқа шықты. Осындай тұйыққа тірелгенде көкесі: «Іздеген — табады!» — дейтін үнемі. Сол есіне түсіп, ауланың ішін кезіп жүріп алды. Бір мезет жаппаның астына бас сұққанда өткен жылдан қалған азғана көмірдің үстінде жатқан клеенканы көріп, қуанып кетті. Ол үйшікті жабуға молынан жетіп артылды.
Бағданның өз ісіне көңілі толғандай, үйшікке ауладан шығып бара жатып мойын бұрып қарады да, шулы көшенің бойымен жүгіре жөнелді. Ол үйіне баратын автобус аялдамасына жетуге асықты.


2
— Ақтөс күшіктепті!
Болаттың үйге кіре айтқан сөзі осы болды. Сабаққа дайындалып отырған Бағдан басын көтеріп алды.
— Қойшы, ей, рас па?! — деді көздері жайнаң қағып.
— Рас, рас... Енді бір-бірімізді алдамаймыз, өтірік айтпаймыз
деп өткен аптада келісіп едік қой, сен-ақ сенбейді екенсің, — деді
Болат өкпелегендей бұртиып.
— Жүр, барып көрейік. Көрейікші тез! Қандай екен?
— Көрейік, көрейік... Ақтөс жанына жолатпайды, ақымақ.
Ал оның қарны аш.
— Сол да сөз боп па, нан...— дей берді де Бағданның үні өшті.

Ол Ақтөстің нан жемейтінін білетін.«Ауылдың иттері болса ғой, құйрығын бұлғандатып соңыңнан қалмас еді», — деп ойлады.


Болат ас үйдегі шкафтарды бірінен соң бірін ашып жүріп, ештеңе таппады. Макарон, күріш, жарма, ұн... «Бұлар қазанға түсіп, қайнамай, ас болушы ма еді». Жағы тынбай, соңынан көлеңкесіндей бір елі қалмай жүрген Бағдан: «О-һо, мен таптым!» — деп, тоңазытқыштың есігін ашып кеп қалды. Ішін түгел ақ қырау басқан мұздатқышта кішкене целлофан қапшықтарға бөлек-бөлек салынған ет Болаттың көзіне оттай басылды. Солардың бірін алмақ болып қолын соза берді де, Бағданға қарады.


— Айтпаймын! — деп, ол тісі ақсия күлді.
—Ақтөске береміз, жарай ма... Қарны ашып жатыр. Сені де ертіп барам,— Болат оған «апама айтпа» дегенді осылай бипаздап-ақ миына құя салатын. Ал «айтпашы» деп жалынса-ақ ерегісіп кетеді — Күшіктерін көресің... Әдемі сондай...— Өзі анықтап көрмесе де өтірікті соғып жіберді.
Болат бір бөлек етті қағазға орап жатқанда, Бағдан тыпыршып тұра алмады. «Күшіктерді көресің» деген соң-ақ есіктің аузына он барып, он келді. Кұйрығын бұлғандатып, аяғына асылған сүп-сүйкімді күшікті көз алдына елестетті. Бірақ Ақтөс есіне түскенде, бұл бір әдемі елес лезде ғайып болды. Бәріне кінәлі өзі екенін іштей сезеді. Содан бері адам жатырқамайтын сол Ақтөс мұның көзіне түспеуге тырысатын. Ал үйшігіне бұл жақындаса-ақ болды, жаман көзімен жеп жіберердей өшіге қарайтын.
Сол оқиға... Бағданның ойында ештеңе жоқ еді. Үйінің маңындағы, көшеден шеткерек алаңшықта бір топ бала ойнап жүрген. Жақ-жақ боп доп қуды, одан жалыққан соң тағы бір ойын еліктіріп әкетті. Әбден сілелері қатып, үйді-үйлеріне тарағалы тұрғанда Дәукен деген бір бала: «Міне, кызық, тамаша!» — деп, Ақтөстің мойнынан құшақтай кетті. Ақтөс онда Бағданмен бірге жүргендердің бәрін жатсынбайтын. Әсіресе ойнаған балалардың арасында әрі-бері шапқылап, асыр салудан жалықпайтын.
— Ол не? — деді Бағдан аң-таң боп.
— Бәсе, ол не? — десіп өзгелер де Ақтөсті айнала топырлады да қалды.
— Қазір білесіндер, балақайлар! — Дәукен жанындағыларға маңғаздана қарап қойды,— Қағаз, сосын жіп тауып әкеліндер.
Мұндайда кім қарап тұрсын. Дәукен бәрінен үлкен. Өзі сотқар әрі солақай болғандықтан, балалар оны сыртынан Солақай сотқар дейтін. Айтқанын кім тез орындаса, сол көзіне түседі. Әрі оның бір нәрсені табан астында ойлап таба қойып, таң-тамаша қалдыратынын екінің бірі білетін. Бұл жолы да сондай қызықты көздерімен көргенше асығып, анда-мұнда жүгіріп кеткендер аз емес. Жіптің орнына құлаш бойы сым табылды. Дәукен ыржалақ қағып отырып, оның бір ұшына дудыраған қағазды орады. Енді бір ұшымен Ақтөстің құйрығын байлағалы жат қанда Бағдан безек қағып: «Оның не, көкеме айтам?!» — деп, итін мойнынан сүйрелей жөнелді.
— Айтып көр! — Дәукен жұдырығын түйіп, сес көрсетті.— Тыпыр етпей мойнынан ұста одан да. Жіберсең, білесің бе...
Бағдан Дәукеннен қаншалықты қорқып тұрса да, оның айтқанын істемей бақты. Жыламсырап жеңгісі келді. Бірақ Солақай сотқарға жалбақтағандар оны тыпыр еткізбеді. Ақтөс әркімге жалтақ-жалтақ карап, жанындағы Бағданды иіскелеп, құйрығын бұлғандатып қояды.
Ал Солақай сотқар өз ісіне өзі мәз, екі езуі екі құлағында. Ораған сымы иттің құйрығынан сыпырылып кете берген соң, оны ақырында артқы аяғына байлады. Ол жан қалтасынан сіреңке алып, ішінен екі-үш тал шырпысын асықпай шығарды да:
— Міне, қызық, тамаша! — деп шағып кеп қалды. Қобырап, каудырап тұрған қағаз лап еткенде ит арс етіп, атылып кеп кетті.
Ақтөс үйге қарай салып ұрды. Лапылдап, шоқтары жан-жаққа шашыраған қағаз зәре-құтын алған болуы керек, ит шапқылаған бойы көшеде зуылдап келе жатқан машинаның астына қойып кеткендей болды. Бағдан көздерін тарс жұмып, жерге отыра кетті. Ақтөсін өлдіге қимай, іле көзін ашқанда, онын машина алдын кесіп өткенін көрді. Қорыққан мен қуанған бірдей екен, орнынан атып тұрды. «Ақтөс! Ақтөс!» — деп, артынан жүгірді. Ол сөз жоқ қазір үйшігіне кіреді. Үйшік маңы ыбырсыған отын жаңқалары, тақтай жоңқалары. Жаздың шыжыған күнінде от тисе, лап еткелі тұр. Содан соң ар жағы белгілі, лаулап, лапылдаған өрт. Қас қағымда осы бір сұсты сурет көз алдына елестеп кеткен Бағданның жүрегі дүрсілдей соқты.
Алайда бұл кезде тосын жай болды: Ақтөс көше шетіндегі арықтан қарғып өткенде лапылдаған қағаз суға быж етті. Сымның ирек-ирек ұшы арық жиегіндегі жас үйеңкінің бұтағына ілініп, ит мұрттай ұшты. Құстай ұшып, жаны ашып жетіп келген Бағданды көре сала арп етіп, қауып ала жаздады. Содан ол қызық іздеп, қыр соңынан қалмай, жан-жағынан анталаған балалардың бірін де жолатпай, ызалана ырылдаумен болды. Тіпті Солақай сотқардың өзі де оған бата алмады.
Орталық стадионнан қайтып келе жатқан Болат бұларды алыстан байқады. Ол бір топ баламен қазақша күрес секциясына қатысып жүрген еді. Балалардың ішінен Дәукенді көзі шалысымен-ақ басқан қадамы жиілей түсті. Ол жүрген жерде әйтеуір бір нәрсе бүлінеді. Мектепте де, көшеде де... Сотқар ма, сотанақ па, оны кім білсін. Бойында кияңқылық та, қиястық та,тентектік те, өркөкіректік те, қуақылық та жетіп жатыр.
Оның не ойнап, не шындап тұрғанын ешкім білмейді. Бетке күле қарап, аяқтан шалып қалғанда мұрттай ұшырады. Өзі Болатпен бір класта оқыса да, ылғи майда балалардың арасында бойы сорайып жүргені.
Балаларға жете бере артқы аяғы сыммен байланған Ақтөсті көргенде, Болаттың көзі бақырайып кетті. Айнала тұрғандарды шола бір қарады да, Бағданға дүрсе қоя берді.
— Кім істеді мұны? Айт жаныңның барында!
Бағдан болса айтуға бата алмай тұр. Мойны салбырап, мұрны әлсін-әлі қорс-қорс етіп, көзімен жер шұқиды.
— Менмін! — Солақай сотқар көзі күлімдей түсіп, оған бір
табан жақындады.— Мына көкең!
Ақтөстің аяғына оратылған сымды жазғалы тізе бүгіп отыра берген Болаттың жыны кеп кетті. Ұшып тұрды да, Дәукенді кеудесінен итеріп қалды. Ол шалқалай құлап бара жатып, бұдан екі-үш жыл бұрын Болат, Бағдан екеуі көкесімен бірге арықтың жағасына еккен жас терекке қармаланған қолы ілігіп, әзер дегенде бойын тіктеп алды. «Мынау қайтеді-ей!» дегендей балаларға ыржалақтай қарады. Күлімсіреген күйі Болатқа жакындай бере сол қолын сілтеп кеп қалды. Болат та сауысқаннан сақ тұр еді. Колынан шап беріп ұстады да, қас қағымда жамбасқа салып, жерге атып ұрды. Күрестің осы бір тәсілін көптен бері меңгере алмай жүрген. Бұл жолы қалайша сәті түсе қалғанына өзі де аң-таң. Орнынан созаландай тұрып жатқан Солақай сотқарға қарамастан Ақтөстің аяғындағы сымды жазуға кірісті. Дәукен жүресінен отырған Болатқа төне бергенде, ит оған қарай арп етіп, балағынан ала түсті. Солақай сотқар зәресі ұшып, шегіншектегенде шалбарының балағы дар етіп жыртылды.
—Ақтөс, кет, жоғал! — деп, Болат орнынан ұшып тұрды.
Ит ызалана ырылдағанымен Болаттың жанына келіп, аяғына оратылды. Қайта-қайта жаман көзімен Дәукенге қарап қояды. Шалбарының жыртығына қарай салып, ол зытып берді. Не болса соған мәз болатын әлгі топ бала оған ішек-сілелері қата күлді.
— Өстіп ойнай ма екен?.. Сен неге қой демедің? — деп, Болат інісіне кейіді.
Бағдан көзі жыпылыктап:
— Иә, мен айттым... Білесің бе, ол ана қағаздарға от жақты, сен көрген жоқсың... Өзі ғой әлімжеттік жасап...— деп, Актөстің жон арқасынан сипағалы қолын соза бергенде ит ыр-ыр етті.
Содан бері Ақтөс Бағданға қырын қарайтын. Сондағыдай ырылдап, тісін ақситпағанымен, мұның маңына жоламауға, көзіне көрінбеуге тырысатын. «Өзіне араша түсе алмағанымды ит те болса білетін шығар, мені қорқак деп жек көретін сияқты, —деп ойлады Бағдан ұнжырғасы түсе. — Мейлі Ақтөс мені жақсы көрмесе көрмей-ақ қойсын, ал күшіктері соңымнан еріп жүретін болады әлі».
Бағдан көңілдене Болаттың соңынан ерді. Құйрығын бұлғандата еркелей аяғына асылған күшіктер тағы да көз алдына елестеп, қадамын жиілете түсті. Бірақ Бағдан ойлағандай күшіктер шапқылап жүрген жоқ еді. Болат екеуі троллейбустан түскенде күзгі суық жаңбыр шелектеп кұйып тұрған. Аялдамада үлкен көгілдір колшатырды жазып алып, астына тығылды. Сондарынан біреу қуғандай дедек кағып, көше-көшеден өтіп, бұлар ескі үйге де жетті.
Үйшіктің алдына тоқтай бере Болат Бағданға қолшатырды ұстатты. Өзі қойнынан ет оралған қағазды алып жатып:
— Ақтөс! Ақтөсі Кә-кә! — деп қойды. Іші-бауыры қалтырағандықтан ба, дауысы бәсең шықты. Ал Бағданның тісі-тісіне тимей сақылдап тұр. Мана күртенді ки дегенде болмай, плащымен желен жүре берген. Енді, міне, қиқарлығының сазайын тартқан сыңайлы.
Ақтөс көзі жылтырап, мойнын созғанымен орнынан қозғала қоймады. Болат қағаздың орауын жазып, етті оның алдына тастады. Ит ашығып қалған екен; еттің бір жағын аяғымен басып, бір жағын қомағайлана жұлмалады.
— Күшіктері қайда?
Сабырсыздана тіл қатқан Бағданның дауысын естігенде, Ақтөс «ырр-р» ете қалды.
— Олар әлі кішкентай ғой, мана көргенімде әйтеуір қыбыр-
жыбыр етіп жатқан.
— Фу, несі қызық, ұстап көрмегесін... Алыстан салпақтап келгенде...
— Ақтөс қазір оларға сен түгіл мені де маңайлатпайды. Бағана қауып ала жаздаған.
— Әуре боп, тоңып...
— Немене, Ақтөске жаның ашымай ма? Көрдің бе әне, қарны
аш.
— Қарны аш, қарны аш...— Бағдан Болаттың сөзін жақтырмай
қайталады,— Біз көшіп кеткенде қалай күнін көрді? Әне, анау
зәулім үйлердің алдында тамақ қалдықтары салынған ыдыстар
бар. Солардан тойып алады, білдің бе!
— Әзірге күшіктерінің жанынан шыға алмайтын шығар...

Сөзінің соңын жұтып қойған Болат тосылып қалған еді. «Шынында, бұл менің ойыма қалай келмеген. Бәсе, нан берсем жемейтін еді-ау! Аш болса, әрине, тамақ талғамайды». Бағданның бұл білгіштігі Болатты қуантып тастады. Әйтпесе, бұрын Ақтөстің мына үлкен қалада қаңғып қалғанына мазасызданып жүретін. Ақтөс кәрі жіліктің балбыраған етін жұлмалап болды да, бұларға разы қалыпта аузының айналасын қызыл тілін жылтындатып, жалап қойды. Артынша сүйекті кеміруге кірісті.


— Болат, давай, от жағайық, тоңып кеттім, — деді Бағдан тісі-тісіне тимей.
Ол інісінің бұл ұсынысына қарсы болмағандай, үйдің мұржасына карады.
— Сіріңке жоқ қой.
— Мен біреуден алып келем.
Үлкен көгілдір шатырдың астында құлдырандап барады. Болат оған жымия қарап тұрды да жаппаға қарай беттеді. Өткен қыстан қалған қарағай кесінділерін бір қолына каластырып алды.
Пештің іші күлсіз, таза екен. Апасы кірпияз, тазалықты сүйетін адам. Балаларының туфли, бәтеңкесі шаң, батпақ боп жүрсе де ұрсады. Кешке жатарда бәрін тазалаттырып қояды. Ол түгілі Ақтөстің итаяғының жағал-жағал боп тұрғанын ұнатпай, жуып жүретін. Осы үй бұрын бұлар ауылдан келіп, сатып алғанда ескі сарай сияқты сыны кетіп, мыжырайып тұрған еді. Апасы өзі де, өзгені де тыным таптырмай жүріп, сылап, ақтап, көрсе көз тоятындай етіп, жұтындырып қойды.
Үй демекші, бұның бұрынғы иесі Мария әжей еді. Жалғызілікті қартайған кісі екен. Балалы-шағалы қызы алыста, бір қалада тұратын көрінеді. Бұлар алғаш ауылдан көшіп келгенде, осы үйдің бір бөлмесін пәтерге жалдап тұрған. Апасы Мария әжеймен араласып кетті. Әуелгіде ол кісі өзіне тамақ әзірлеп әлек болатын. Ал апасы: «Тетя Мария, несіне әуре боласыз, одан да бізбен бірге дастарқанға отырсаңызшы. Өзіміз ғой», — деп күйіп-пісетін. Әжей басында әртүрлі сылтау айтып, қашқақтайтын. Ақырында ашық қолды, кең пейілді апасы жеңіп тынды. Бәрі бір дастарқанның басында арқа-жарқа отырып, үйдің сәні кіріп қалды.
Ал Мария әжейдің соңынан қайда барса да бір елі қалмайтын иттің аты Альфа еді. Бірақ апасы өздерінің бұрынғы төбетінің атымен Ақтөс атап кеткен. Оны осында көшерде бір шопан алып қалды. Дорба ауыз, тайыншадай болатын. «Қасқырға қарсы шабатын нағыз төбет екен», — деп, әлгі шопан оны жер-көкке сыйғызбай мақтаған.
Апасы итаяғына жуынды-шайынды құйып жүргесін бе, Альфа оның Ақтөс деп атағанына үйреніп кетті. Содан үй ішіндегілердің бәрі де солай дейтін болған. Альфа бірак Ақтөстей үлкен емес еді. Кішкене ғана қара ит. Бір қызығы төсі ақ. Аты тура тауып койылғандай. Бұрынғы Ақтөстей манғаз, марғау емес. Еркелегенді, еркелеткен-ді жаксы көреді. Ал Мария әжейді көзі шалса-ақ болды, алдарқатқаныңа еш көнбейді. Дүкенге де, базарға да оның соңынан жорғалап, домалаңдап еріп бара жатканы. Мария әжей де оны қара тұтып, әлденені күбірлеп жүргені. Сырттай қарағанда басын төмен салған, құлағы салпандаған ит оның сөздерінің бірін қалт жібермей тындап бара жатқандай көрінер еді.
Мария әжейдің кейінірек ыңқыл-сыңқылы көбейді. Мүлде төсек тартып жатып қалатын. Ондайда Ақтөс ешқайда жортақтамай, үйшігінде алдыңғы екі аяының үстіне басын салған күйі үйдің сыртқы есігінен көз алмай қараумен болады. Бір күні Мария әжейдің қызы келді. Ол осы қалада екі аптадай кідірістеді. Әжей жолға дайындалды: үйін бұларға сатты, оны-мұны заттарын контейнермен жөнелтті. Кетерінде: «Қайтейін, амал жоқ, өсіп-өнген үйді қимаймын, — деп көзіне жас алды,— бұны шалымыз екеуіміз өз қолымызбен тұрғызып, осында перзент сүйген едік. Бала өскен сон қиын екен, енді міне мені де көз көріп, құлақестімеген жерге алып барады. Қолымда бол дейді. Қайтейін, көнемін де... Денсаулык болса, мынау...» Ал Ақтөстің іші бір нәрсені сезгендей, Мария әжейдің етегіне оратылып, айналшықтап жүріп алды. Әжей еңкейіп, оны басынан сипап:
— Қызым, мынаны алып кетейік те. Өзі бір жақсы, ақылды ит. Көңіл-күйінді көзіңнен таниды, — деді қимай.
— Ит дегенің о жақта да жетеді, қайдағыны айтады екенсіз.—Қызы оймақтай айнадан көз алмай, опаланған мақтамен бет-аузын сүрткіштеп жатып, мырс етіп күліп қойды. — Енді жетпегені осы еді.
— Е, қызым-ай, сен не білесің. Әкең көз жұмғалы серік болған еді.— Әжей Ақтөстің жанында бір уыс боп отырып қалды,— Қалада адам көп болғанымен, бәрі бейтаныс. Таныстардың өз шаруасы, өз қызығы бар дегендей, бір түрлі жалғызсырайсың. Сондайда Альфаны қара тұтатын едім.
— Бәрібір оны самолетке алмайды. Амалы таусылған Мария әжей сонда Болаттың апасына:
— Қарағым, мынаны сендерге аманат етіп қалдырам да, қай-
тем енді. Босағаңнан куып жібере көрме. Жас құрақтай желкілдеп
өсіп келе жатқан балаларың бар. «Баланың бір қызығы ит» деген.
Бір-біріне еркелеп, бір-бірін еркелетіп өседі олар, солай, қарағым,
бас-көз бол, — деді салмақ сала сөйлеп.
- О не дегеніңіз, қайда қуам! Жүре берсін, балалар да
бауыр басып қалды, — деп, апасы әжейдің көңілін орнықтырып
жатыр,— Итті бізде, қазақта жеті казынаның бірі дейді...
Сонда апасы Болаттың көкейіндегі сөздерді айтып жатқан-
дай болды. Бағдан да Альфа — Ақтөсті Мария әжейдің алып
кетпейтініне, осында қалатынына қуанған.
Ал Альфа иесі шарбақтың қауынан шығып бара жатқанда,
кайта-қайта қыңсылап, қайта-қайта жұлқынды. Оны әжейдің өзі
соңымнан еріп жүрмесін деп ағашқа байлап кеткен еді.
Әлден уақытта қызынын шыр-пыр болғанына қарамай,
Мария әжей қалбалақтап үйге қарай келе жатты. Апасымен бірге
Болат, Бағдан — бәрі алдынан шықты.
— Қызым-ау, айтайын дегенім...— Әжей ентігін баса алмай,
ағашқа сүйеніп тұрып қалды,— Айтайын дегенім, анау Альфаның
қарғыбауы шешіліп қалып жүрмесін. Әйтпесе ит аулаушылар
тұқымын тұздай құртады. Иә, солай, қарағым, көз қырынды сала
жүр. Көптен бергі серігім еді, қайтейін...
14

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Мария әжейдің көзіне жас алғаны, буын-буындары қалты-
рап, әзер-әзер аяқ басып бара жатқаны Болаттың бүгінгідей көз
алдында.
Альфа — Ақтөс содан көпке дейін үйшігінен шықпай жатып
алды. Кей-кейде қарасын көрсетпей жоғалып кетеді. Бұларға
бірте-бірте үйренді. Ақтөсті еркелете басынан сипаған сайын
Болаттың көз алдына Мария әжейдің мейірімді жүзі, әсіресе
оның кетерде қайырылып кеп қайта-қайта табыстап тұрған сәті
елестейтін.
Есіктің сықырлай ашылғаны Болаттың ойын бөліп жіберді.
Жаңбыр әлі құйып тұр екен. Манадан бері жауынның үй шатыр-
ын сабалағанын қалайша естімегеніне таң қалды. Көкесі кітап
окып, не телевизордан кино көріп отырғанында өзі бір нәрсе
сұрай қалса, біраздан соң барып: «А, не дедің?» — деп, аңырайып
қарайтынына күлетін еді. Адам әлденеге қатты берілгенде
ештеңе естімейтін болғаны ғой, сірә.
— Сіріңке әкелдім, мә, отынынды тезірек жақ, тоңып кеттім,
— Бағдан «ищай» деп дірдек кақты,— Күз тым ерте түсті ғой, әрі
қыстағыдай суық мүлде.
Болат пештегі қарағай жаңқаларын тұтатып жатып:
— Биылғы жылды көкем қоян жылы деген. Суық болады, —
деп қойды.
— Ол не? — Бағдан қаластыра салынған қарағайлар шытыр-
лап жанар-жанбастан пештін ішіне кіріп кетердей итіне түсті.
— Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты дегенді білесің бе?
— Е, білем ғой, оқығам.
— Білсең сол, қоян жылы қыс қатты болады екен.
— Болат ә, қандай қызық ә, қалай тауып қойған, ә! — Бағдан
мұрнын тартып, қыза бастаған плитаға қолын төседі.— Коян
тәрізді жер аппақ болады, қар қалың жауады дегені ғой сонда, иә!
— Иә! — дей салды Болат жыны келіп. Бағданның әдеті,
бір нәрсенің шетін шығарсаң, ежіктеп сұрағы да, сөзі де
таусылмайды. Ал өзі болса, Ақтөстің жайын ойлай бастаған еді.
«Күшіктер мына суықта тоңып қалатын шығар. Өзіміздің киіміміз
15

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бола тұра от жағып, пешке тығылып отырғанымыз мынау. Әй,
тоңа қоймас...» Үйшікті өткен жылы көкесі жасаған. Көмір
сақтайтын жаппаның астында әр жерге жатып жүрген итке жаны
ашыған. «Обалдағы-ай! — деген көкесі бірде қысты күні үйге
кештете келгенде, — Көшенің тап ортасындағы дөңгелек жап-
па шойын темірлердің үстінен кейде бұйығып жатқан иттерді,
кейде мысықтарды көріп қалам. Айнала ақ қар, көк мұз. Ал
әлгілер қарайған темірдің үстін пана тұтады. Астындағы жылу
жүйелерінен әсті қызу тебетін болуы керек. Біздің Ақтөс те жетісіп
жүрген жоқ шығар».
Ертеңіне демалыс еді. Көкесі ерте тұрып кетіпті. Болат киініп
далаға шыққанда, оның тақтайлардың ұзындығын біркелкі
етіп, аралап жатқанын көрді. Жанына келіп, состиып тұрған
мұны да тыным таптырмады. Сәске ауа бірі үлкен, бірі кіші екі
үйшік дайын болды. Бірінің төбесі ашық. «Мұнысы несі, бір
итке біреуі жетпей ме?!» — деп, Болат іштей таңырқады, бірақ
көкесінен сұраған жоқ. Ол жұмыс істеп жатқанда, мазалағанды
жек көретін. Істің ақырын күтті. Екеулеп үлкенінің ішіне
кішісін салды. Көкесі оған әрі-бері карап тұрды да: «Дұрыс, бәрі
ойдағыдай!» — деп, шылым тұтатты. Үш-төрт рет құштарлана
сорып алды да, жаппаға қарай беттеді. Тағы да екеулеп жүріп,
қарағайдың майда ұнтақтарын екі үйшіктің аралығындағы қуыс-
қа толтырумен болды. Ара-арасында көкесі әлгі ұнтақтарды
нығыздап қояды. Үйшіктін төбесіне де бір қабат ұнтақ салып, үстін
тақтайлармен бастыра шегелеп тастады.
Үйшік дайын болғанда көкесінен бұрын өзі, сосын ұйқыға
қанып келіп, аяққа оралғы боп жүрген Бағдан қатты қуанды. Ал
Мария әжей үйшікке қарап-қарап қойып: «Ой, спасибо, сынок!
Ой, спасибо, сынок!» — дей береді.
Алайда Альфа — Ақтөсті үйшікке үйрету оңай болған жоқ.
Бұрын мұндайды көрмегесін бе, ішіне зорлап кіргізсе, артынша-
ақ зып беріп шығып кете береді. «Иттің ішіне сары май жақпайды
деген осы-ау!» — деп, көкесі күліп мәз. «Түу, дым білмейді
екенсіңдер ғой өздерің!» — деп, ақырында оның амалын апасы
16

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тапқан. Ішіне тамак құйылған бір ескі тостағанды әкеліп, үй-
шіктің арғы жақ түкпіріне қойды.
— Жүріндер, енді біз де дастарқанға отырайык, ол да тамағын
ішсін, — деген апасы үйге қайта кіріп бара жатып.
Содан қайтып Ақтөс жаңа орнын жатырқаған жоқ.
Пештегі қарағайлар тегіс жанып, шоқтары күлдене бастап-
ты. Манадан бері Бағдан далаға бір шығып, бір кірді. Оның
күшіктерді көре алмай діңкесі құрып жүргенін Болат біліп отыр.
Терезеден тысқа қарап еді, караңғы түсіп қалыпты. Орнынан
ұшып тұрды. «Үйдегілер іздеп жатқан шығар». Есіктің алдына
шыкканда байқады, жаңбыр басылыпты. «Ақтөс! Ақтөс!» — деп
еді, үйшіктің қарауытқан аузынан ештеңе көріне қоймады.
Еңкейіп үңіле берген Бағданның жеңінен тартты.
— Күшіктер тоңып қалады ғой,- деді ол соңынан ере түсіп.
— Тоңбайтын шығар...
Айтуын айтып қалса да, бұл сөзіне Болаттың өзі де сенімді
емес еді.
4
— Сабақтарыңа дайындалмай қайда жүресіндер осы? Біз
жұмыстан келгелі қашан. Әлі жоқсындар, жоқсындар...
Көкесі бұлар есіктен кірген бойда бұлқан-талкан ашуланды.
Сабақты нашарлау оқитын Бағдан қипактап калды.
— Актөс күшіктепті, — деді ол міңгірлеп,— Соған барып...
Көкесі сөзден тосылып, қапелімде не дерін білмеген сыңай-
лы. Мұны екеуі де сезді, енді кінәміз жеңілдейтін шығар деген
оймен сырт киімдерін шеше бастады.
— Ол жаққа барма дегенім қайда. Осы, Болат, сен-ак қойма-
дың ғой. Айтқан сөзді түсінбейсің бе, әлде ақпа құлақсың ба? —
Көкесі қалтасынан бір тал сигарет алды. Күйгелектеніп, ашулан-
ғандағы әдеті бұл,— Ақтөс күшіктепті! Не дейсің енді бұларға.
Көкесі балконға қарай беттегенде «Ол не, не дейді?» — деп, ас
үйден апасы шықты.
— Сүйінші! Ақтөс күшіктепті! — Көкесі мырс ете қалды.
17

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— А? Не дейді? Алда бейшара-ай! Мына күннің суығында...
Тамақ керек кой енді оған. Обалдағы-ай!
- Біз ет апарып бергенбіз, - деп, куана күлімдеді Бағдан.
— Қайдан?
— Тоңазытқыштан.
— Иә, сендерден бәрі шығады. Адамның ойына келмейтін
нәрсені істейсіңдер,— Апасы мұны зілсіз айтты,— Мұздай ет не
болады дейсің оған.
—Апа, — деді Болат еркелей.— Қандай тамак жасап жатырсың?
— Кеспе. Қарның ашты ма, немене, қазір піседі.
— Апа! — Болат өкшесін көтеріп, кұлағына сыбырлады,—
Содан апарып берейік.
— Тәйт әрі, осы жеті түнде ме!? Алдымен өзі дәмін татпай,
итке қазанынан тамақ құйып берген кімді көрдің.
— Ол Ақтөс қой.
— Ақтөс болса ше... Тамақтарынды ішіп алындар да, сабақ-
тарыңа дайындалындар. Ақтөсің бір жөнін табар, өлмес.
Екі баласының да кеспені құлықсыз ішіп отырғанын
байқап, апасы қатты кетіп қалдым ба деп мазасызданды. Өзінің
де тамағынан ас өтер емес. Көз алдына Мария әжейдің итін
қимай-қимай кетіп бара жатқан сәті елестеді. «Қызым, менің
Альфама көз қырынды сала жүр», - деген сөзі кұлақ түбінен қай-
та естілгендей болды. «Байғұс ит қанғырып айдалада қалғанда...».
Соншалықты дәрменсіз, соншалықты қорғансыз күшіктерді
аяды.
Әйелінін көңіл күйін көзінен танып отырған күйеуі тәрел-
кедегі кеспені тауысып ішпей, орнынан тұрып кетті. Диванға
жайғасып, телевизор көрген болды. Алайда ойынан Ақтөс кетер
емес. Кетпейтініндей бар еді.
Осы қалаға кызмет бабымен ауылдан көшіп келгенде ол
балаларының алданышы болған. Кен далада, көгал, шалғында
асыр салып, козы-лак куып, ат мініп, арба жегіп, одан қалды
велосипедтің құлағында ойнап, еркін өскен олардын аяғы
мұнда тұсалып қалғандай еді. Айнала көше, айнала зуылдаған
машина. Үйдің ауласы тап-тар. Бала түгілі үлкен адам бойын
18

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
еркін жаза алмайды. «Аулынды сағынсаң, міне мен бармын»
дегендей Альфа — Ақтөс балаларды жатсынған жоқ. Болат
пен Бағдан да оның жанынан үйіріліп шықпайтын.
Өзі де бала кезінде итпен көп ойнаған, әсіресе күшіктерді
жақсы көруші еді. Бір итті күшік кезінен асырап, аңшылыққа
баулығаны бар. Талабы текке кеткен жоқ. Иісшіл, куғанын киядан
шалатын алғыр боп өсті. Соның арқасында қанжығасы талай
майланған.
Тым-тым алыста қалған балалық шағын ойлап отырып:
«Иә, баланың аты бала, қайсысы да ит пен мысыққа үйір келеді,
қалайша қой дерсің», — деп қалды. Әсіресе бұлар осы жаңа
үйге көшкенде қиын болды. Ескі үйлердің орнына үлкен ғима-
рат салады екен. Оның айналасындағы үйлердің есік-терезе,
шатырын, кірпіш, тақтайларын қаланың сыртында саяжайлары
барлар әлдеқашан бұзып, ту-талақай алып кеткен. Бұлардікі
көрер көзге қораш, бәкене болып, одан кәдеге асар ештеңе
таппаған соң ба, әйтеуір, дін аман тұр. Ал бульдозер, экскаватор
ол маңайдың астан-кестеңін шығарып, қопарар күн туса...
Болат тұрғанда, Ақтөс ұмыт қалушы ма еді. Көшерде бар
жүкті машинаға тиеп болып, ал тарттық дегенде, оның: «Ақтөс
ше?» — дегені бар. Өзі діңкелеп шаршап тұрғанда жыны кеп
кетті. «Немене, итпен бірге жатайын деп пе едің? Қайда қоясың
оны? Әрі үйдің бесінші қабатында тұрамыз, білдің бе?» — деп
кейи жөнелді. Көшеде мойнына әр түрлі медаль, медальон
самсатып тағылған тайыншадай иттерді жетектеп жүрген
адамдарды көргенде іштей жақтырмайтын. Ал балконнан үріп,
арпылдаған иттерге қарап, бұлардың иелері қандай адамдар екен
деп ойлайтын. Ақыры бар айтқан сөзі зая кетті. Болат машинаға
мінбей қойған. Жаңа қонысқа Ақтөсін жетектеп түс ауа жетті.
Бәрі бөлме-бөлмеге заттарды жайғастырып жүргенде, ол итіне
жайлы орын іздеумен болды.
— Мына жерде жатса ештеңе етпейді ғой, көке, қарашы, жарай
ма, иә, — деді бір кезде Бағдан екеуі иемденген шағын бөлменің
есік жақтағы бұрышын көрсетіп. Үні жалынышты шықты.
19

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ит деген жылы үйде пысынап, биттеп кетеді,- деп көкесі
түсіндірмек болды.— Үсті-басынды бүрге қаптап, қышымаға
ұшырайсың, балам. Көрдін бе, әне, үстіндегі қалын жүнін.
Жұбайы: «Қайтесің баланың меселін қайтарып, үндеме»
дегендей қайта-қайта өзіне қарап қояды.
Болат қояр да қоймай жүріп, Ақтөске балконнын бір бұры-
шынан орын тауып берді. Дегенмен, ит оның бұл жаксылығын
қош көрген жоқ. Қайта-қайта ауызғы есікке барып, қынсылаумен
болды.
Болат пен Бағдан оны балконға апарып әуре. Болмағасын
байлап қойды.
Бәрінен бұрын үй иелері қоныс тойын жасаған күні катты
ыңғайсызданған-ды. Балкондағы байлаулы ит қынсылап, үріп,
«Құтты болсын!» айта келгендердің тынышын алған.
Оның үстіне бала бақшаға барып жүрген Ботагөз апасының
етегіне оралумен болды. О баста итті көрсе бақырып қоя беретін
еді. Енді Ақтөстің үйде жатқаны зәре-құтын алып, үрейін
ұшырғандай. Бірде көшеде қасқыр иттен қатты қорқыпты. Содан
бері Ақтөске де үйренбей-ақ қойды. Оның есесіне сабалақ жүнді
тарғыл мысығын жастыққа басы тиіп, көзі ілінгенше қолынан
тастамайтын. Ботагөзді көр де, тарғыл мысықты көр. Ол да
Ақтөспен араз. Қарсы кеп қалса, жон арқасын тікірейтіп, алдыңғы
аяғын көтере айбат шегіп, бажылдап тұрады да жалт бұрылып,
зымыраған күйі ағаштың басына шығып кететін. Ол қашқасын
ит те тарпа бас салып, жеп қоярдай тұра қуады. Бірақ ағаштың
түбінен амалы кұрып, тілі салақтап, кейін қайтатын. Сол тарғыл
мысық та тұздай көздерін Ақтөстен алмай, бөлменің бұрыш-
бұрышына ытқып жүрді.
— Бұрын балконнан иті үріп тұратындарды жек көруші едім,
біреуге күлме, өз басыңа келеді деген осы екен, — деп, қонақтар
алдында ақталған боп жатыр өзі. — Бала деген де айтқанын
орындатпай қоймайды... Болат-ай, ананы далаға алып кетші.
Баласы сәлден кейін: «Көке, Ақтөс қашып кетті», — деп,
ауладан қайтып келді. «Е, жақсы бопты!» — дейін десе, жылап
20

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
жібергелі тұр. «Е, қайда кетер дейсің, ескі үйге қарай тартқан
шығар. Барып алып келе ғой», — дей салған.
Содан Болат алып келуін қоймады, Ақтөс қашып кетуін
қоймады. Ит те болса үйреніп қалған жерін қимайтын шы-
ғар. Әрі онда мұндағыдан гөрі жайлы ғой. Ал Бағданның иттің
құйрығына шала байланғаннан бері оған құлқы жоқ. Ақтөстің
өзін ұната қоймайтынын біледі. Бір күні Болат үйге жылап
келді. «Ақтөс мені көре сала қашып кетті», — деп тұр. «Қой,
енді оған алан болма, кітабыңның бетіне кара», — деп ұрысқан.
Онда баруын сиреткен сияқты еді, енді міне, бүгін: «Ақтөс
күшіктепті!» — деп келді.
Апасы Болаттың мына түрімен сабаққа жөндеп дайын-
далмайтынын білді. Көңілі алаң боп отырып, не оқып жарытсын.
Қаламының ұшын көңілсіз тістелеп, есеп шығаруға құлықсыз
кіріскен баласының жанына келіп: «Ертең сабақтан келген соң
ана тамақтың қалғанын апарып бере ғой», — деп сыбырлады.
Болаттың қуанғанынан көзі күлімдеп сала берді.
5
Болат бүгін әдеттегіден ерте оянғанына таң қалды. Түнде
жатарда ұйықтап қалмасам жарар еді деп ойлап еді, мүмкін
содан шығар. Есіне Ақтөс түсті де, төсектен ұшып тұрды.
«Мектептен қайтып келіп, оған барып жүргенше, түу, қанша уа-
қыт!...» Жуынып жатып та осыны ойлаумен болды. Сөмкесін
алып, үйден шыккалы тұрғанда, кенет бір киын есептің шешуін
тапқандай қуанып кетті. Сосын дереу ас үйге кіріп, түндегі
тамақтың қалғанын банкіге құйып, темір қақпағымен мықтап
аузын жапты. Жатарда сүйек-саяқтарды қағазға орап қойған.
Әйтеуір, қолына іліккендерді сөмкесінін бір бүйіріне толтырып
алып, үйден атып шықты. «Міне, енді сабақтан соң Ақтөске тіке
тартуға болады» деп көңілі жайланғандай болды. Соның әсері
ме, алғашқы сабақтарда қатарынан бір «төрт», бір «бес» алды.
Бірінде мұғалім сұрады, бірінде өзі қолын көтерді.
21

ҚАЗАК,
балалар


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Қашанғы әдеті, үлкен үзілісте мектеп ауласына шығып,
балалармен асыр салып ойнап, бір бой жазып калатын. Бүгін де
терлеп-тепшіп сырттан келгенде бір топ бала мұны көре сала ду
күлді. Болат аң-таң. Жырқ-жырқ күлген Дәукен тоқпан жілікке
тамсана қарап қойып, аузына апара берді. Мұны күтпеген
Болаттың екі беті дуылдап, құлағына шейін қызарып кетті.
Кітап оқуға құлықсыз Дәукен мана бұл кластан шығысы-
мен есебін көшіріп ала қоймақ болып, сөмкесіне қол салған.
Ақтарып жатып банкіні көрді. Оған соншалықты назар аудара
қоймай, дәптерлерінің бірін алып, бірін салып жатқанда ораулы
қағаздың бір шетінен жіліктің басы сопаң ете қалды. Ал кеп
қара! Көп олжаға қарк болды. Табан астында караптан-қарап
ішек-сілесі қатып, екі бүйірін басып, қиқылдап-шиқылдап
қалған мұның жанына қыздар да, балалар да жиналған.
— Ол не, ол не?! — десті бәрі.
— Ой, ішегім-ай, өлдім-ау! — деген болды Дәукен — Солақай
сотқар шиқылдап жатып. — Мұның қомағай шорағай екенін
кім білген. Болатты айтам да... Бәсе, бәсе, «бес» пен «төртті»
бізге бұйыртпай жүргені осының күші екен ғой... Кемиегін мү-
жіп, майын сорғасын миы жүз процент жұмыс істейтін болғаны
ғой,- Ол «міне, мынаны көрдіңдер ме» дегендей тоқпан жі-
лікті басынан асыра бұлғап-бұлғап қойған. Содан бәрі Болатты
жерден жеті қоян тапқандай күле қарсы алған.
— Бер, менікі! — деді Болат тұра ұмтылып. Катты ызалан-
ғандықтан ба, аузына басқа сөз түспеді.
— Сенікі екенін білеміз, мә, мүжи ғой...
Солақай сотқардың жанындағылар тағы да күлкіге қарқ
болды.
— Мен, ме-ен... Ақтөс мүжиді.
— А! Е-е, түсіндім, Ақтөс екеуің мүжиді екенсіңдер ғой. Ол бір
басын, сен бір басын, иә... Онымен таласып қайтесің, сөмкенде
сүйек жетеді...
Кыздардан ұялып, кірерге тесік таппай тұрған Болат Солақай
сотқарға бас салды. Ол жілікті тастай сала қашты. Болаттың оны
қууға мұршасы келмеді. Екі беті өрттей жанып, бүгежіктеп төмен
22

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
қараған бойы сөмкесінің аузын жабар-жаппастан, қолтығына
қьісып алып, кластан атып шықты.
Есесіне «жерден жеті қоян тауып» жүріп, Болаттың дәпте-
рінен есеп көшіруді ұмытып кеткен Солақай сотқар «екі» алды.
6
Кластан қашып шыққандай болғанымен, Болат не істерін
білмей, мектептің маңында айналшықтап жүріп алды. Сабақтан
кетіп қалу деген әдетінде жоқ еді. «Ертең мұғалім не дейді, бұны
естісе апасы, көкесі не дейді». Осыны ойлағанда, қанша оқталса
да класқа қарай аяғы баспады. «Соңғы сабақ қой дегенмен...» —
деп өзін жұбатып қойды.
Көшеге шығып, беті ауған жаққа жүре берген. Көз алдынан
әлгі көрініс кетер емес. Қатты жәбірленді. Жоқтан өзгеге ыржа-
лақ қағып күле салатындарға ызалы. Қанша уақыт өткені бел-
гісіз, әйтеуір ұзақ сандалды. Көше қиылыстарындағы бағдар
шамдардың қызыл, сары, жасыл көздеріне карап қойып, бір
тоқтап, бір жүріп келе жатқанын біледі. Әлден уақытта қараса,
ескі үйдің жанына жетіпті. Бұған таңданып әрі қуанды.
Дереу қақпадан ішке еніп, қадамын жиілете жүріп келе жа-
тып, сөмкесінің аузын ашты. Ақтөстің басынан сипап, қағазға
оралған сүйектерді алдына тастады.
Қояр да қоймай іздеп жүріп, қалған-құтқан отынның ара-
сынан итаяқты әзер тапты. Бөшкеге жиналған жаңбырдың
суына жуып алысымен, банкідегі тамақты құйған. Ақтөс разы
болғандай, қызыл тілін жылтыңдатып іше бастады. Ол тойынып
алып, орнына қайта жатты. Болат үйшіктің ішіне үңілді. Үлкен-
дігі қолдың басындай ғана күшіктер қыбыр-жыбыр етіп, енесінің
бауырына ұмтылуда. Тыкыр жүндері жылт-жылт етеді. Болат
біраздан соң барып байқады: күшіктердің қыбыр-жыбыры те-
гін емес екен. Бәрі шапқа таяу соңғы емшекке таласып жа-
тыр. Әлдісі әлсізінен оны тартып алуға тырысады. «Емшектің
бәрі бірдей емес пе, қызық екен!» — деп езу тартты.
Кешеден бері ойын мазалап жүрген бір іске Болат бел
байлады. Үйдің есігін ашып, бөлменін бір бұрышына оны-мұны
23

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
жұмсақ нәрселер тастады. «Даладағы үйшіктен гөрі мұнда жы-
лы ғой» деп ойлады. Ақтөсті зорға дегенде орнынан тұрғы-
зып, екі күшікті әлгі жерге алып келді. Енесі соңынан қалар
емес. Тағы да екеуін, тағы да... Сөйтіп жүріп бәрін тасып болды.
«Бұлар соқыр болып туған ба?!» — деп, Болат көзін ашпаған
күшіктерді аяп кетті. Жаңа орынды қаламай тұрған Ақтөсті
зорлап жаткызғандай болды. Бауырына емшек іздеп, анталаған
күшіктерді үймелеткен соң-ақ орнынан қозғала алмады.
Үйдің сыртқы есігін аңқайта ашып, оны ағашпен тіреп
қойды. Болат: «Міне, бір үлкен жұмыс бітті!» деп, өз ісіне көңілі
толғандай болып, кетіп бара жатқанда да артына қайта-қайта
қарай берді.
Бірақ қызықты кешкісін Бағдан екеуі келгенде көрді. Сырт-
қы есікке жақындай бергенде, Ақтөстің әлденені аузымен тіс-
теп, үйшігіне кіріп бара жатқанын байқап, самбырлап сөйлеп,
жақ жаппаған Бағданның женінен үндеме дегендей тартып қал-
ған. Үлкен үйеңкінің тасасында тұрып, бақылай бастады. Ақтөс
көп кідірген жоқ, садып ұрып ескі үйге кіріп кетті де, тағы бір
нәрсені алып шықты. Анықтап қарағанда байқады, бір нәрсе
емес, кәдімгі сұр күшік. Желкесінен тістеп алыпты. Болатқа
енді бәрі түсінікті болды. Ақтөс күшіктерін үйшігіне қайта
тасып жүр. Ал көздері бақырайған Бағдан мұны қайдан білсін.
Ақтөс бұлардың келетін уақытын білгендей, күшіктердің
бәрін тасып алыпты. Әкелген тамаққа назар аудармастан, бір-
бірін кимелеп, бауырына тырмысқан күшіктерін жалап қойып
жата берді. Ақтөстің бұл қылығына Болат бір жағы ренжіп, бір
жағы таңырқаумен болды. «Үйшіктен үй жақсы емес пе?!» — деп
еді, Бағдан: «Әрине, жақсы!»- деп так ете қалды.
Ал үйге келген соң осы сұрақты көкесіне қойғанда, бірден
жауап бере алмады. Үзақ ойланып қалды. Сәлден соң барып:
«Күшіктерін қай жерде өсіріп, өрбітетінін Ақтөс бізден жақсы
білуге тиіс», — деген. Қатты шөлдегенде адам бір ұрттам суға
қанушы ма еді, сол сияқты Болат та үнсіз жалтаңдап қараумен
болды. Көкесі оның көкейіндегісін сезіп отыр. Барлық бала
24

К.АРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сияқты Болат та шапқылап, домаландап ойнап жүретін сүп-
сүйкімді күшіктердің талайын көріп, талайын қолына алып
еркелеткенімен, олар жайында жөнді ештеңе білмейтіні анық-ты.
— Күшіктердің көзі әзір көрмейді, балам, — деді көкесі аз
үнсіздіктен кейін, — жалпы олардың көзі туғаннан сон он күнде,
не екі аптадан кейін барып ашылады.
— Неліктен? Неге олай? Көке, айтшы,— Бағдан мұндайда
қалсын ба, еденге тізе бүгіп, екі қолын көкесінің тізесіне қойып,
алакандарын иегіне жастана қалды.
— Жаратылыс заңы солай, балам,— Көкесі әлдене есіне
түскендей оған күлімдей қарады. — Мына өзіңмен бір туған
қозы-лақтар ертеңіне шапқылап кеткенде, сен бесікте іңгәлап
жатқансың. Бір жылдан соң барып әзер қаз-қаз бастың. Әне
солай, балам!
Осы сәт Болаттың көз алдына үйшіктегі оқиға елестеп кетті
де:
— Көке, олардың бәрі, күшіктерді айтам, бір-бірін кимелеп,
бір емшекке таласып жатты. Неге өйтеді, ә? — деп, аңтарыла
қарады.
Әкесі мектептегі мұғалімдердей лезде жауап қайтара қойған
жоқ. Ойланып қалды.
— Мұны білмейді екем, балам, — деді іштей қинала, —
білетіндер болса, сұрап көрейін... Түу, сендердің-ақ сұрақтарың
таусылмайды екен, бар, сабақтарынды оқындар!
— Білмегендерінді бізден де, мұғалімнен де сұрап алындар,
сонда көп білесіндер дейтін өзіңіз ғой, — деп, күңк ете калған
Бағдан желкесін қасыған бойы бұрыштағы жазу үстеліне қарай
беттеді. Болат оның соңынан ерді.
Әкесі шағын ғана шайқалмалы креслода отырған күйі олар-
дың соңынан сүйсіне қарап қалды. Оған Бағданның қиқарлы-
ғы да, Болаттың сабырлылығы да ұнайтын. «Бала болған соң,
сұрағы таусыла ма, деп ойға берілді. — Өзіміз де бала кезімізде...
Енді міне аспаннан түсе қалғандаймыз. Әй, дегенмен қиналған
Жамбыл жері осы... Кейде бала сұрағы сауатыңды ашады». Әке
еріксіз езу тартты. Ол отырған кресло жайымен тербетіліп кетті.
25

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
7
Бір күні Болат пен Бағдан — екеуі бірдей тамағы ауырып,
үйден шыға алмай калды. Әсіресе Болаттың кызуы көтеріліп,
түнде күрк-күрк жөтеліп, сандырақтап шыкты. Күнде апасы:
«Балмұздаққа жоламандар, тамақтарыңның баспасы бірде бол-
маса бірде ұстап қалады», — деп, мектепке шығарып саларда қа-
дап айтуды, ал бұлар балмұздақ жеуді ұмытпайды. Ақырында
апасының айтқаны айдай келеді. Бұл жолы да солай болды.
Болат дәрі-дәрмекті өлердей жек көретін. Апасы кейде
ұрысып, кейде айналып-толғанып отырып, өз колымен әзер
ішкізетін. Бағдан болса, ондай емес. Түймедей дәріні аузына
қағып салып, бір жұтым сумен қылқ еткізеді. Мүлде ыржаландай
күліп, Болатты ызаландыра, дәріні күтір-күтір шайнайтынын
қайтерсің. Мұндайда ағасының жүрегі айнып, тез-тез басып басқа
бөлмеге кіріп кетеді. Сол жеңілтек Бағданның өзі де жастықтан
басын көтере алмай жатты.
Болаттың екінші күнгі дене қызуы сондай қатты болды.
Сандырақтап жатып «Альфа... Ақ-төс!» — деп әлденеше рет
айтты. Апасы баласының сол бір кішкене қара итке соншалық-
ты бауыр басып кеткенін енді сезінгендей еді. Ол дәріге қоса
шөп қайнатып, сары май күйдіріп беріп жүріп, аурудың бетін
қайтарғанына қуанды. Қара шайдан басқаға тәбеті болмай
қалған балалары тамақ іше бастады.
Сөйтіп жүргенде апасының өзі тұмауратып қалды. Ол
аузы-басын дәкемен тұмшалап, бұлардың маңына жоламауға
тырысты. Өмірі ас үйге кіріп, қазан-аяқ ұстап көрмеген көкесі
жұмыстан келе ет пісіріп, сорпа-су жасап әлек. Әшейінде
қуыршақтарына дәрігер болып, «укол салып» жүретін Ботагөз
бұл сәтте көкесіне әжептәуір қолғанат болды. Бойы әзер жететін
ыдыс шайғыштың жанына кішкене орындық қойып, оның
үстіне шығып алып, тәрелкелерді жуып жатады.
Бәрінен бұрын апасының тұмауратып қалғаны Болатқа
қиын болды. Ауруынан айығыңқырап қалған ол үйге сыймады.
26

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Дқтөсі есіне түскен сайын тыпыршып, бір орнында отыра
адмайды. Қанша жалынса да апасы сыртқа шығармады. «Қа-
зір қалада тұмау күшті, қайталап ауырсандар, сабақтарыннан
көп қалып қоясындар», — деп тыпыр еткізбеді.
Арада біраз күн өтіп кетті. Бірде апасы дүкеннен қант-шай
әкелгелі үйден шыққанда Болат апыл-ғұпыл киінді. «Қой, қал,
апам ұрсып жүрер», — дегеніне қарамастан, Бағдан да соңы-
нан ерді. Бұл қабақ түйіп шыр-пыр болса, ол ыржалақтай күл-
іп діңкесін құртты. Бірақ біраздан соң бұрынғыдай соңынан
салпақтап ермей, екі көшенің қиылысына жеткенде қалып
қойды. «Е, есің кірейін деген екен...» Болат көкесінің сөзін
іштей қайталап, еркінен тыс жымиды. Жалпы ол сөйлегенде де,
қылық, іс-әрекетімен де әкесіне ұқсауға тырысатын. Ал Бағдан-
ның мінезі өзгеше. Еркелеу, сотанақтау, пысық. Сөзі де, қимылы
да жылдам. Көкесі: «Бұл — біздің тұқымға емес, нағашыларына
тартып кеткен ғой», — деп, күліп отыратын.
Болат Ақтөске тезірек жетпек боп троллейбусқа мінді. Алайда
оның ырғалып-жырғалып жүріп алғаны шыдамын тауысты. Бір
мезетте троллейбустың ұзын «қолдары» электр желісін уысы-
нан шығарып алып, серең-серең ете қалды. От ұшқындары сау-
сау төгіліп, жан-жаққа шашырады. Бұл Болаттың алып-ұшқан
көңілін су сепкендей басты. Жаяулатып тарта беруге алыс.
«Көнсең де көндің, көнбесең де көндің», — деп мазақ
қылғандай троллейбус сәлден соң ыңыранып ала жөнелді.
Болат өзіне үйреншікті аялдамада асыға тұсіп, жүре бергенде,
біреуге соқтығысып қалды. Бір нәрсе ойлаған кезінде мойнын
ішіне тығып, екі көзін табан жолдан алмайтын әдеті. Жолдан
назарын тайдырып, кешірім сұрағалы әлгіге қарай беріп еді,
ыржалақтай күліп тұрған Бағданды көрді.
— Түу, саған дауа жоқ екен, — деді бұл таң қалғанын жасыра
алмай.
«Шынында, солай!» дегендей інісінің екі езуі екі құлағына
қарай жылжып бара жатты. Екеуі үйге жақындағанда Бағдан:
«Ақтөс! Ақтөс!» деп айқайлады. Бұл дауыска елең еткен Болат
271

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
көшенің арғы бетіне жалт қарады. Ақтөс мені кім шақырды
дегендей құлағы елендеп тұр екен. Бұларды көре салысымен бері
қарай салып ұрды. «Өзі бізді сағынып қалыпты...». Болаттың іші
елжіреп кетті, ауырып қалғанына өкінді. Қазір ол арсаландап
кеудесіне артылады. Құйрығын тынымсыз бұлғаңдатып, аяғын
иіскелейді. «Қайда кеттіндер, сонша көрінбей, әлде мені
ұмытайын дедіңдер ме!?» - дейді. Оны, әрине, ойлы да мұңлылау
көзімен айтады. Мұның бәрін әп-сәтте ойлаған Болат көз алмай,
оған қарап тұрды.
Осы кезде... Ол көзін жұма койды. Қорық-қанынан тізелері
қалтырап, жерге отыра кетті. Ал Бағдан көзі бақырайып,
қаққан қазықтай орнында тапжылмай тұрып қалды. Ол көше
бұрылысынан шыға келген қызыл «Жигулидің» Ақтөс жанына
жақындап қалғанын көрді. Мүлде ит оның астына кіріп кете ме
деп зәресі ұшты. Машина итті көлегейлей берді де өте шықты.
Ақтөс бір аяғын тістелеген бойы қаңқ-қаңқ етіп, бір орнында
шырқ айнала берді.
Болат тізерлеп отырғанда, көзін ашып калған. Сонда Ақтөстің
екпінімен машинаның артқы жағына соғылғанын көзі шалған
еді. Ол итке карай жүгіріп бара жатқан Бағданды көргенде барып
есін жиды. Қарадай әлі кеткен аяқтарын әзер басып, солай карай
ұмтылды. Қыңсылаған Ақтөс екеуін де маңына жолатар емес.
Көзінен еркінен тыс сорғалаған жасты колының сыртымен
сүрткен бойы Болат машина кеткен жаққа қарады. Анадай жерде
ол тоқтап тұр екен. Иесі — гүжбан қара есігінен басын шығарған
бойы әлдебір балағат сөздерді қарша боратып, өздеріне дәу
жұдырығын қайта-қайта түйді. Содан соң машина орнынан
жұлқына қозғалдыда, «дым көрмедім, дым білмедім» дегендей бір
бұрылысқа жете бере зым-зия жоғалды.
Ақтөстің тістелеген аяғындағы сорғалаған қанды көрген-
де Болат шыдап тұра алмады. Оңтайы келгенде итті мойнынан
капсыра құшақтап, көшенің шетіне алып шықты. Жаны қал-
май, о жағынан бір, бұ жағынан бір шығып, зыр қағып жүрген
Бағдан:
28

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
— Мен аптекке барып, бинт, йод алып келейін, — деп жүгіре
жөнелді. Жан қалтасына қолын сұғып, балмұздаққа деп жинап
жүрген майда тиындарын уыстап қойды.
Ол алғаш өзін кінәлі сезінді. Бұрын қиқарлығына басып,
менікі дұрыс деуден танбайтын. «Мана мен шақырмағанда ғой,
Ақтөс мұндай пәлеге ұшырамайтын еді». Өкіне ернін қатты
тістегені соншалық, ауырып кетті.
— Әй, балакай! — Бағдан ой үстінде келе жатып, оқыс дауыстан
селк ете қалды. Капоты ашық машинаның жанында тұрған ағай-
ды көрді.- Ана иттің мал болатын түрі бар ма? Жарақаты қалай,
былай...
— Бір аяғынан қан сорғалап... йод, бинт әкелейін деп...— Енді
болмаса жылап жібергелі тұрған Бағдан алды-артына қарамай
зытып берді.
Ол қайтып келе жатқанда, әлгі бейтаныс ағай мұны
байқамады. Еңкендеп машинаның моторын шұқылап жатыр
екен. Жанынан тез-тез басып өте шықты. Машиналарды да,
машина мінетіндерді де осы сәтте жек көріп кетті. Бұрын зу-
зу еткен оларға қызыға қарайтын. Көкесімен бірге таксиге
отырғанда бір масайрап қалатын. Енді ойлап қараса, көше
қиылыстарындағы бағдар шамның жанында, «тәртіп сақта» деп
тұрғызып қоятын да, асыққанда кезкелген жерінен қиып өтіп
бара жатқанында «байқа, балақай!» деп зәре-кұтын ұшырып,
жанынан зу ете қалатын да солар боп шықты.
Бұл келгенде пора-пора боп терлеген Болат қыңсылап,
жұлқынған Ақтөсті әзер ұстап тұр еді. Терден бе, әлде жастан ба,
беті айғыз-айғыз. Иттің артқы аяғынан аққан қан жеңін саталдап
тастапты.
Бағдан ойлағандай, жарақат жерге йод құйып, дәке таңу
оңай емес екен. Аяғын ұстай бергенде, Ақтөс арп етіп, қауып ала
жаздады. Екеуі не істерін білмей дағдарып тұрғанда, қастары-
на машина кеп тоқтады. Ішінен манағы моторды шұқылап
жатқан ағай шықты. Бағдан: «Бұл кісінін бізге бұрылып келгені
несі?» деп ойлады. Көздері жыпылық-жыпылық етті.
29

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ә, балақайлар, иттерің бір ажалдан қалыпты, — деді ағай
жандарына келіп, Ақтөске бір, онын аяғына бір қарап тұрып. —
Иә, мынаны таңу керек, әйтпесе қансырап қалады. Кәне, мен
басын мықтап ұстайын, сендер Айболит болып көріндер.
Болат алғашында бұл кісіні әлгінде Ақтөсті қағып кеткен
машинаның иесі ме деп іштей ызаланып тұр еді, мына сөзді
естігеннен кейін жібіп сала берді.
Айболит болу оңай емес екен. Бірі йод құйып, бірі дәке таңып,
біраз әуреленді.
— Жарайсындар, — деді ағай гүр етіп,— Бір іс бітірдіндер,
бірақ... Мынаның жіліншігі сынған болуы керек, кыңсылауы
жаман. Машина қаққан оңай дейсің бе... Қой, енді бұны үлкен
Айболитке көрсетпесе болмас. Жүріндер!
Ол Ақтөсті Болатқа берді де, машинасына қарай жүрді. Екеуі
тандана бір-біріне қарап, үн-түнсіз соңынан ерді. Машинаның
есігін ашып жатып:
— Отырындар, менің де сендердей күшіктерім бар, сол
пәтшағарлардың бірі итке әуес. Итаяғы бір десе де болғандай. Әй,
баладегенді қойсайшы... — деді өз-өзінен басын шайқап.
Машина зулап келе жатты. Ағай көңілдене ыңылдап қояды.
Бір кезде бұлар бір үйдің қасына келіп тоқтады. Есіктің жан-
ындағы шынылы жарнамадан көгілдір крест көрінді.
— Міне, үлкен Айболиттің үйіне де жеттік, — деді ағай
машинадан түсіп жатып,— Кәне, мен сендерді апарып
таныстырайын.
Ақтөс қыңсылауын үдетіп, тыпыршып, мазасыздана түсті.
Ал Болат пен Бағдан қуанышты еді. Екеуін бастап келген ағай
ақ халатты, көзілдірікті кісіні көре салысымен жарқылдай аман-
дасты.
— Оу, кұрдас, көптен бері көрінбей кеттің, әлде тентек күші-
гің ержетіп қалды ма? — деп күлді ақхалатты ағай.
— Қол тие бермейді ғой, құрдас, әйтпесе өзің айтқан тентек
барда бұл жерді ұмытушы ма едік. Айтқан уақытыңда тексертіп
тұрамыз ғой.
— Дұрыс, дұрыс!.. Иә, не шаруа?
30

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛ ЫҒАІІІТЫ Ң ҰЯСЫ
— Әй, кұрдас, — деді бұларды ертіп келген ағай, - құлағыңа
бір нәрсе сыбырлайын ба?!
— Иә, құпияң болса, айта ғой.
— Мен білсем, аналар сені танып тұр, жақсы адамды бала мен
ит қана біледі ғой.
— Олар сені де танитын сияқты... Әй, ақ жүрек Ақжолтайым-
ай! — деп мәз болды ақ халатты ағай.
— Ал, балақайлар, үлкен Айболит ағайларың, міне! Енді
қам жемендер! Ал, құрдас, тығыз шаруа боп тұр, мен кеттім,
көріскенше! — деп, осында алып келген ағай машинасына қарай
асыға басып бара жатты.
Болат осы сәт ол мініп жатқан машинаны да жақсы көріп
кетті. Бірақ қызыл «Жигули» мен жұдырық түйіп, бажылдаған
гүжбан қара бейнесі көз алдында көлбеңдей берді.
8
Ветеринарлық емдеу үйінің ұзын дәлізінде кезек күтіп
отырғандар аз емес екен. Көбісі өздері сияқты балалар. Иттің
не бір түрін көруге болады. Кейбірі тайыншадай үлкен, кейбірі
дорба ауыз, карағанда қауып алатындай сұсты. Болат пен Бағдан
бульдог, қанден, овчарка болмаса, көбісін біле бермейтін. Әсіресе
Болат қабаған, үлкен иттерді жек көретін. Ал Бағдан аузын
ашып қалды. Жоны жылтылдаған, алдыңғы аяқтары ұзын, апай
төс иттердің жанында өздерінің Ақтөсі мысықтың баласындай
ғана көрініп, көңілі толмай қалды. «Шіркін, анау менікі болса!»
деп ойлады бір баланың жанындағы аузында тұмылдырығы бар,
кеудесінде жалтылдаған салпыншак-сылдырмағы көп, үлкен
иттен көз ала алмай. «Шанаға жексең ғой, шауып ала жөнелгелі
тұр!». Оның ойын бір иттің арп еткені, мысықтың баж ете
қалып, терезенің ашық желдеткішінен сыртқа атылғаны бөліп
кетті. Сол-ақ екен, үлкен Айболиттін үйінің іші азан-казан
болды. Әлгі мысығынан абайсызда айрылып қалған кішкене
қыз жыламсыраған бойы сыртқа жүгіре жөнелді. Бағдан енді
31

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
байқады, мұның өзі Айболиттің үйі десе, дегендей-ақ екен.
Жанағы мысықтын бажылынан кейін әркімге бажайлап қарай
бастаған. Көпшілігінде ит пен мысық болғанымен, кейбірінің
қолынан қауырсыны мың құбылған тотыларды, қораздарды,
салпаң құлақ қояндарды, мүлде жылтыңап жан-жағына
қарағыштаған кішкентай маймылдарды да көріп қалды. «Міне,
қызық! Қаладағы барлық үйден осындай хайуанаттарды бір
күнде бір жерге жинаса, әжептеуір зоопарк болғалы тұр екен».
Мұны көз алдына елестетіп, еркінен тыс жымиған Бағдан бұл
ойын Болатқа айта бастап еді, ол құлықсыз тындады. Ақтөсті
құшақтаған бойы томсырайып тұрды да:
— Тыныш, үндеме, әне, әне бір қасқыр ит саған қарай құлағын
тікірейтті. Байқа, қауып алмасын! — деп қорқытып қойды.
Бір кезде ақ халатты, көзілдірікті ағай бөлмесінен қоян
құшақтаған бір баланы жөнелтіп жатып:
— Кәне, кезек қайсындікі, е сен бе едің?! Иә, тышқандарыңа
не болды? — деп, есіктің жанында отырған баланың жанына тізе
бүкті.
— Көрсетейін деп... Бақылаудан өткізетін уақыты болып...
— Е, солайде, өзін бір азаматекенсің, уәдеде тұратын... Дұрыс!
Осылай дер кезінде келіп тұр. Жүр бөлмеге, тышқандарыңның
денсаулығын байқалық.
Бағдан Ботагөздің ойыншығындай шап-шағын тордан ақ
тышқандарды көргенде күліп жіберді.
Енді байкады: біреу итті, біреу мысықты, біреу тотыны,
қойшы әйтеуір әркім әр нәрсені жақсы көреді екен. Ал өзі ше?
Сұрағына жауап іздеп, екі иығын қушита көтеріп тұрды да, жайлап
түсіре бастады. Бұл жөнінде ештеңе ойламапты. Бәрін жақсы
көретін, бәріне қызығатын сияқты, бірақ мына отырғандардай
ит жетектеп, мысық кұшақтап, не оларға тамақ бермепті. Ақтөсті
жақсы көрем ғой деп өзін алдарқатқысы келіп еді, алайда оның
мұны көрсе ырылдап, тісін ақситатыны бар. «Болат екеуімізді
татуластырар әлі», — деп, оның жаралы аяғына қарап, көңілі
жайланғандай болды.
32

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАПАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Бұларға кезек соңынан келді. Ақ халатты, көзілдірікті ағай
тыным таппай жүріп, ақырында өздерінің жанына кеп отырды.
— Ал бұйымтайларынды айтындар, балақайлар, — деді ол
мандайына сусыған ұзын шашын салалы саусақтарымен кері
қарай қайырып жатып.
— Мына Ақтөсті көшеде машина қағып кетіп... — Болат
булығып, сөзінің аяғын жұтып қойды.
— Аяғы қанап... йод құйып, дәкемен байладық,— Бардан
бұны мақтанышпен айтты,— Қауып алажаздады, сондада...
— Мыналарың жылы-жұмсақты төсеніп, үйде жүретін ит
емес, аула күзететіндердін тұқымынан ғой. Қаланың шетінде,
жеке меншік үйде тұрасындар ма?
Ағай байыптай көз тастап еді, Ақтөс тыпырши қыңсылауын
қойып, «ыр-р» ете түсті.
— Жоқ, ағай, Ақтөс ескі жай үйде, ал біз көп қабатты үйде
тұрамыз, — деп қалды Бағдан жылдам сөйлейтін әдетімен.
— Жарайды, жарайды. Кейін сөйлесерміз, әйтпесе мына
Ақтөстерің маған «сен Айболитсің бе, Айболит емессің бе, мына
жаракатымды қалай көрмей тұрсың?» деп ұрысты ғой. Жүріндер
бөлмеге, қазір іске кірісеміз.
Ағай бастап келген бөлменің іші ақ жұмыртқадай әдемі
екен. Мұндағы қабырғадан бастап, орындықтар мен үстелдер де,
сауыт-саймандар да — бәрі-бәрі аппақдесе болғандай.
— Ал, балақайлар, — деді ағай екі алақанын ысқылап қойып.—
Ақтөстерінді мына үстелдің үстіне жатқызындар. Тұмсығына
тұмылдырық салып, байлап тасталық, әйтпесе арандай тістерімен
өзімізге укол салып жүрер.
Ақтөске тұмылдырық кигізу оңай болған жоқ. «Ақтөс! Ақтөс!»
деп жүріп, бір мезетте Болат орайын келтірді. Сосын оны ақ
халатты ағай үстелге тыпырламайтындай етіп таңып тастады
да, аяғына ораған дәкені тарқата бастады. Жарақатты сипалап,
маңайын саусақтарымен басып-басып көрді.
— Ештеңе етпес, — деді содан соң Болатқа карап,— Сен өзің
тұнжырай берме, атың кім еді?
— Ол — Болат, мен — Бағданмын.

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Е, мына Бағдандай болсайшы... Ештеңе етпес, Болат
қалқам, тек бақайшығын ғана мыжып кетіпті. Машина қатты
қақса, сау қалмас еді. Бұл доңғалақ бақайшығын басқанда, тыпыр
ете алмаған болуы керек.
— Ағай, айтыңызшы, — деді Болат аптыға, — Актөстің аяғын
кесіп тастамайсыз ба?
Ол операция жасайды екен деп қатты корықты.
— Жоқ, ә! — Ақ халатты ағай тістері ақсия күлді,— Өзің
сужүрексің ғой деймін, әлде мына итті сондай жақсы көресің бе?
— Жақсы көрем...— Болат ұялыңқырап, бүгежектеп калды,-
Ағай, оның кішкентай күшіктері бар...
Айболит атанған ағай оған сүйсіне көз тастады да:
— Сен, Болатжан, маған қарашы, — деді қолын көзілдірігіне
апара беріп,— Е, өзің де әдемі бала екенсің ғой, оны, міне, көзің
айтып тұр... Күшіктері бар де... Бәсе, тыпыршып, қыңсылауы
жаман. Күшіктерінің болғаны мүлде жақсы, Ақтөсіңнің аяғын
қазір дәрілеп, мықтап таңып тастаймыз, сосын ештеңе етпейді.
Жазылып кетеді.
— Аяғын бірден баса ала ма? — Бағдан «мен де, міне, жақсы
баламын!» дегендей оған көздері жайтаңдай қарады.
- Жо-жоқ, қазір ол жарақат аяғын зорласаң да жерге тигізе
қоймас, сондықтан тез жазылады. Әзірге үш аяғымен де шоқақтап
жүре береді.
Айболит ағай «Тс-с!» дегендей сұқ саусағын шошайта көтерді
де, өз ісіне кірісіп кетті. Болат оның қолындағы құралдарға
үрейлене қарап тұр. Дәрігердің қолы иттің жарақатына тиген
сайын өзінің бір жері ауырғандай, жүрегі шым-шым ете
қалады. Тезірек болса екен, бітсе екен деп дегбірсіздене іштей
тілегенімен Айболит аға асығар емес. Бағдан болса, қабырғадағы
аң, құстардың түрлі-түрлі суреттеріне жайбарақат көз тастап
тұр. Ол інісінің қалам ұштап отырып, саусағын кесіп алса да,
шеге қағып жатып ұрып алса да қыңқ етпейтініне таң қалатын.
— Міне, бітті! — деді ағай жұқа резеңке қолғабын шешіп
жатып.— Әкелгендерің жаксы болған екен, әйтпесе микробтар
аяғын талап жеп қоятын еді.
34

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Бағдан мырс етіп күліп жіберді:
— Жеп қояды? Қалайша? Көкем де, апам да микроб, микроб
дейді, бірак оны өздері де көрмепті.
—Ал мен мектепте оны микроскоппен көрдім. Қыбыр-
жыбыр еткенде зәренді алады. Қорқынышты-ы-ы!..— Болат сөзін
аяктамай тітіркеніп кетті.
— Сола-ай, қорқынышты! — деп жымиды Айболит ағай,—
Адамды ауыртатын да, жаракатын ушықтыратын да солар...
Акгөстерін күшіктеріне асығып тұр, тезірек жеткізіңдер, ал...
— Рақмет, аға! — деді Болат Ақтөсті босатып, кеудесіне қыса
құшақтаған күйі есікке карай беттеп.
— Ракмет! — деді Бағдан да жарыса. Есікті аша бере Болат
ойланып тұрып қалды.
Содан соң көзілдірікті ағайдың жанына кайтып келді.
— Аға, бір нәрсе сұрайын деп едім, — деді күмілжіп, - күшіктер
неге арткы емшекке таласады?
— Баламысың деген, байқамайтындарың жок-ау...- Айболит
ағай пейілдене оны басынан сипап қойды.— Басқаларына
қарағанда ол сүтті келеді. Күшіктер туа салысымен соған қарай
ұмтылысып, бір-бірінен тартып алуға тырысады.
— Қызық екен, көздерін ашпай жатып, оны қалай тауып
алады?
Бағданның бұл сұрағы Болаттың да көкейінде тұр еді.
— Ол тіпті де қиын емес. Сүт қоректілерді білесіндер ғой...
Солардың, әсіресе ит пен мысықтың үсті толған локатор.
— Локатор!? — Бұл жолы Болат тандана сұрады.
— Иә, локатор... Түбіт-жүні, әсіресе мұрын-ауыз айналасын-
дағы ұзынды-қыскалы қылшықтар тым-тым сезімтал. Мұрын-
дары болса да иіс сезгіш.
Болат пен Бағдан бір-біріне карады.
— Ит мысыққа, мысық тышқанға өш, оны жақсы білесіндер.
Ал осылардың қайсысы түрлі түсті жақсы ажырата алады, е-е, міне,
мұны... Мысық қой мықтысы, ол алты түсті айыра алады. Тышқан
35

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сары, көкті жасылмен шатастыратын болса, ал ит ешкандай
түсті ажырата алмайды.
— Аға, иттің көзі жақсы көреді ғой, — деп қалды Болат.
— Дұрыс айтасың, алайда жапалақтың көзі керемет-ақ.
Оған тұнің күндізгідей. Биониктер олардың көзінің құрылымын
зерттеп...
— Биониктер?..— Бағдан аузын аша, сұраулы жүзбен Болатқа
қарады. Бұрын естімеген сөзі. Ол иығын қиқаң еткізді.
— Иә, биониктер, ә, олар ма, — деп сөзін жалғады Айболит
ағай, - олар - аң-кұстардың, жалпы хайуанаттардың дене құр-
ылымының ерекшеліктерін зерттеп, оны техниканы жетілдіруге
пайдаланатын адамдар.
— Қызық екен! — деді Бағдан үйреншікті сөзін қайталап.
— Иә, солар жапалақтың көзінің түнде көру сырын ашу
арқылы тамаша құрал ойлап тапқан.
— Қандай құрал, аға? Қызықекен!..
— Онымен адам қараңғы түнде кез келген нәрсені көре алады.
— Ғажа-ап! — Бағдан бұл жолы, неге екені белгісіз, үйрен-
шікті сөзін қайталамады,— Шіркін, соның бірін маған берсе ғой!..
— Ол тіпті де қиын емес.— Айболит аға жымиып, оны кекі-
лінен сипады. — Өскенде шекарашы болсаң, бұл тілегің орындала
қалады.
—Алақай, мен онда шекарашы болам, шекарашы!
— Өй, айбағар, біресе ұшқыш, біресе теңізші, космонавт...
енді шекарашы...
— Бұл жолы шын сөзім, өтірік айтсам төбемнің шұқырын
көрмейін.
— Бәрібір сөзінде тұрмайсың ғой...— Болат итіне қарап,
күрсініп қойды.— Қалайда жапалақ Ақтөске жетпейді, оның көзі
көргіш болса, бұл иісті жақсы сезеді.
Ақтөс тыпыршып, қыңсылап, үріп, оның қолын тістелей
бастады.
—Аяғың әлі ауырып тұр ма? Аға жазылады деді ғой...
-Жо-жоқ, тілін түсінбедің, - деп Айболит ағай қарқылдай
күлді.— Ол күшіктерімнің қарны ашып қалды деп тұр.
36

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Мұны естісімен Болат есіктен ата жөнелді. Күні бойы Ақтөс-
тін жарақатын уайымдап жүріп, күшіктер тарс есінен шығып кет-
кен еді. Бағдан алқын-жұлкын сонынан жүгіріп бара жатты.
— Алдағыжексенбіде келіп, аяғын көрсетіндер, — деді Айболит
ағай екеуіне қызыға қарап тұрып.
9
Жексенбі күні Болат стадиондағы күрес секциясынан шыға
салысымен жүгіріп жүріп Ақтөске жетті, оны құшақтаған бойы
асыға үлкен Айболиттің «үйіне» қарай тартты.
— Оу, батыр, өзің мына күннің суығында борша-борша
терлепсің ғой! Не болды? — деп ол әзілдей карсы алды.
—Өзіңіз кел деген соң, Ақтөстің аяғын көрсетейін деп...
— Е, онда көреміз қазір...
Айболит ағай оның мына кішкене қара итке бола соншама
әбігерленіп жүргеніне іштей риза еді. «Көздері айтып тұр ғой,
көздері... Акылды, жүрегі жұмсақ, мейірімді боп өсетін түрі бар»
деп ойлады.
— Отыра тұр, Болатжан, — деді ол Ақтөстің аяғын дәрілеп,
қайта байлаған соң,— Айболит ағаңа келушілер де саябырсып
қалды, мына балақайлардың шаруасын тындырған соң қолым
босайды. Содан кейін мен саған бір ертегі айтып берем, жарай ма?
— Ертегі?..
— Тс-с!..— Ол Болаттың құлағына аузын тақады,— Әнеукүні
сендер келіп кеткеннен кейін өзім ойдан шығарғам. Айболит
ағаң кейде Андерсен де боп кетеді. Тс-с! Әзірше ешкім естімесін,
саған ұнаса кейін басқа балаларға айтамын, жарай ма?!
Ертегі дегенді кітаптан ғана оқып жүрген Болаттың аузы-
на қапелімде сөз түспей, басын изеді. Өзі көп окитын. Кей-
де кітаптан бас алмай отырғанда, Бағдан телевизордың құлағын
әрі-бері бұрап жынын келтіретін. Сөйтіп жүріп ол мультфильм
не қызықты киноның үстінен түсетін. Ал енді оған қарамай көр!
Бәрі экранның бетіне телміріп отырғанда кейде сабакқа бара-
371

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тын, кейде ұйықтайтын уақыт боп қалады. Ал Болаттың ойында
кітаптағы шытырман оқиғалар тұрады. Ол калай аяқталады?
Міне, осыны білмек боп кітапты сабақ үстінде, болмаса апасы
ұйықтады-ау дегенде түнде жатын бөлмеде жарық жағып,
жасырын оқуға тырысатын. Бірақ мұғалім де, апасы да ойда жоқта
ұрлығының үстінен түсетін. Бұны оларға ұстап беретін өзге емес,
өзінің күлкісі. Кітаптың еріксіз күлдіретін жеріне келгенде-ақ
екі иығы селкілдеп ала жөнеледі де, мырс-мырс күліп жібереді.
Содан соң-ақ сауысқаннан сақ отырған Болат өз атын өзі
шақырған көкек боп шыға келеді.
Ол қалың, жұқа кітаптарды көп оқығанымен, бір ғажабы
осыларды кім жазды екен деп ойлай қоймайтын. Бұл каперіне
кіріп те шықпайтын. Оған қызық кітап болса, болды. Оқып
аяқтағанша ондағы көзге көрінбейтін, бірақ көзге елестете алатын
балалардың бірімен іштей «достасып» алады. Өзі сонымен бірге
жүргендей, бірге күліп, бірге ойнағандай сезінеді.
Бірде қызық болған... Кітапханада... Кітапханашы апай
оқыған кітаптарын түгендеп алып тұрып: «Біреуі, Қалмақан жоқ
қой», — деді. Бұл сөмкесін ақтарып, ештеңе таба алмаған соң
әбіржіп, «Апай, мен ондай кітап алған жоқпын», — деді көздері
жыпылықтап. «Алдың, — деді кітапханашы журналына карап, —
міне, Қалмақан Әбдіқадыров. «Қажымұқан», сенің карточканда
жазулы тұр». «Ә, «Қажымұқан» ба, оны оқып болған жоқ едім...»
— деп ұялып қалған. Содан бері кітаптың авторына көз салатынды
шығарды. Ал ертегілер... Ойлап қараса, оларды да аз оқымапты.
Араб, орыс, қазақ, өзбек, түркімен ертектері деп санай бастаса,
тауыса алмайды. Бәрі де халық ертегілері, бәрі де қызық. Оларды
да біреу ойынан шығарады деп күні бүгінге шейін ойламапты.
Жаңа Айболит ағай айтқан соң Андерсен, Пушкин ертектері есіне
түсіп, желкесін қасыған. «Айболит аға да ертекші... өзім ойдан
шығарғам дейді. Қызық! Ерте, ерте, ертеде...».
— Қалай, Болатжан! — Оның ойын Айболит ағаның дауысы
бөліп жіберді.— Мына Ақтөсің асықпай ма?
— Қайдам, үйренген сияқты, қыңсыламайды ғой...
38

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІН,
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ендеше, сен тында, мен айтайын. Саған айтпасам, болмас...
Бұл анада өзің: «Ағай, оның күшіктері бар...» — дегенде ойымды
козғап, туындаған ертегі.
— Менің сөзімнен кейін?! Қалайша?
— Оны өзім де білмеймін, Болатжан. Әйтеуір, қазак сөз сөзді,
ой ойды қозғайды дейді ғой. Сол рас-ау деймін. Иә, сонымен... ол
былай басталып кеткен:
Атам заманда Тауқұдірет деген бір адам өмір сүріпті. Оның
аяқ-қолы да, басы да, кеудесі де, өкпе-бауыр, жүрегі де тас екен.
Өзі алмағайып үлкен болыпты. Жүргенде аяқ-қолы сақыр-
сұқыр етіп, өзгелердің зәресін ұшырыпты. Жан-жағына мойнын
бұра алмайды, белін бүге алмайды. Тіке жүріп, тік тұрыпты.
Жолындағысының бәрін - кұрт-құмырсқа, жан-жануар, адам,
аң демей, жайпап, таптап кете беріпті. Тілі тас болған соң —
сөйлемепті, құлағы тас болған соң — естімепті, бірақ көзі мірдің
оғындай, қияндағыны көргіш болыпты. Ешкімге жаны ашымапты.
Оның бұл жүріс-тұрысынан қайғы-қасірет көрген, зардап,
азап шеккендер не істерін білмей, тығырыққа тіреліпті. Жер-
жердегі азаматтар бір күні жиналып, бес жүз жыл жасаған әулие
қарияға келіпті. Ол өзінің осынау ұзақ ғұмырында өмірдің алағай-
бұлағайын да, бозторғай қой үстіне жұмыртқалаған мамыражай
кезін де басынан өткеріпті.
— Уа, ақылгөй ардақты ақсақалымыз, мына Таукұдіреттен
бізді құтқара гөріңіз.
— Сөйлесіп, сөз ұқтырайық десек, құлағы тас.
— Таяқтап, тәубесіне келтірейік десек, денесі тас.
— Сөз де өтпейді, таяқ та өтпейді. Не істейміз?
Міне, осылай да осылай арыз-шағымдарын айтысып, жан-
жақтан жамырап қоя береді.
Ақ шашты, ұзын ақ қасы қалың қабағын басып, ақ кірпігіне
жеткен, қаба ак сақалы кеудесін жапқан қария аса таяғына
сүйеніп, ұза-ақ ойланып қалады.
— Е, балаларым-ай! — дейді бір кезде кеудесіне түскен басын
көтеріп алып, айналасына қырандай көз тастап. Мына мені —

1
ҚАЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
кәрі еменнің тамыры суала бастаған түбірін пана тұтып келіп
тұрғандарың бір жасартып тастағандай болды. Тәуба! Тәуба!
Қалғи бастаған акыл-санам оянып, кәрі кеуде ой шырағын
жаққандай.
— Айтыңыз, айтыңыз! — деседі бәрі куаныса.
— Қайдан білейін, қарақтарым, асыл — тастан, ақыл — жастан
деген. Алжасып, қайдағы-жоқты айтып, біреудің көз жасына
қалам ба деп те қорқам.
— Неге? Қалай? — деседі тағы да бәрі үрейлене.
— Бұл — Тауқұдіретке жасайтын соңғы амалымыз. Сондық-
тан қауіпті де қатерлі. Ал менен әзір ештеңе сұрамандар, айтқан-
ымды орындай беріндер.
Жиналғандар қариянын сөзіне тоқтап, тәуекелге бел бай-
лайды. Оның айтуымен Тауқұдіреттің келе жатқан жолына киіз
үй тігеді. Жол жарқабақты үлкен дарияның жағасында еді. Киіз
үйде еңбектеген баласы бар жас ерлі-зайыптыларды отырғызып
қояды. Көпшіліктің ұйғарымы бойынша олар тажалға түрлі-
түрлі емдік шөптің гүлдері мен тамырларынан қайнатылған
бір құмыра сусынды беруі керек. Міне, осы сусынды ішкенде
оның тас жүрегі жібіп, мейірім пайда болуы мүмкін.
Ерлі-зайыптылар Тауқұдіретті ұзақ күтті. Жүргенде аяқ-
қолының сақыр-сұқыр еткені зәрені алып, құлақты жарып
жібере жаздағанымен, ол күншілік жерде келе жатқан еді. Күте-
күте жалыққан екеуінің көзі үлкен құмыраға түседі. Сөйтіп
қараптан-қарап шөлдейді. «Тауқұдіретті мейірімді ететін бұл
өзі қандай сиқырлы сусын болды екен. Біз де ішіп көрсек қай-
теді? Бәлкім, бұрынғыдан да мейірімді бола түсерміз», — десіп,
сусыннан бір жұтады, екі жұтады. Өзі тәтті екен. Ішкен үстіне
іше түседі. Бір кезде денелері балбырап, маужырай бастай-
ды. Қаншама тырысса да жұмыла берген көздерін аша алмай,
ұйқтап кетеді.
— Тауқұдірет енді келіп қалмай ма, олар неге тезірек оянбай-
ды, аға? — деді үрейленген Болат.
40

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— ¥йқтап қалатынын білген жоқ қой, Болатжан, әйтпесе
ішпес еді, — деді Айболит аға күшіктерін емізіп жатқан иттің
суреті жапсырылған қарсы кабырғадан көз алмаған күйі. — Е-е,
тас жүректі жібітіп жіберетін сиқырлы сусын ішкен адамға оңай
болсын ба! Иә, сонымен...
Үйдін ішінде еңбектеп ойнап жүрген баланың бір заматта
қарны ашады. Қыңқылдап әке-шешесінің жанына барады.
Бәйек боп асты-үстіне түсіп жүретін екеуінде де үн жоқ. Бала
мазасызданып жылайды. Жылай-жылай дауысы қарлығады.
Сілесі қатып, өкпесі өшіп, өзегі талып, ол да ұйықтап қалады.
Қарны ашқан бала қай бір көп ұйықтай қойсын, сүт
пісірім уақыт өтер-өтпесте қайта оянады. Әке-шешесін әрі-
бері жұлқылайды, қыбыр етпейді. Ол енді үйді басына көтеріп,
бақырады. «Айналайын!» — деп, тұрып келіп бауырына басатын
сыңайлары байқалмайды. Бала бақырып жылаған бойы есік-
ке қарай еңбектейді. Табалдырықтан тырбандап өтіп, дарияға
қарай тарта береді. Үсті-басы шаң-шаң, беті айғыз-айғыз.
Осы кезде Тауқұдірет те үйге жетіп қалған еді. Ол еңбектеп
бара жатқан баланы көреді.
— Қоркам, аға, ар жағын айтпай-ақ қойыңызшы, — деді жүрегі
дүкілдеп қатты соғып кеткен Болат.
— Неге, Болатжан, ертегі әлі біткен жоқ қой?..
— Бітпей-ақ қойсыншы, әйтпесе ана Тауқұдірет баланы басып
кетеді, — деді Болат жыламсырап.
— Қорықпа, міне оны қазір білеміз. Мына ағаң тұрғанда
қорықпа. Иә, сонымен...
Еңбектеген бала әне-міне дегенше дарияның жарқабағына
таяп қалады. Сол сәтте дәл қасына келген Таукұдірет оған
қарай қолын созады. Баланың денесіне тигенде тас алақаны
жұп-жұмсақ боп кетеді. Табаны жердің жылуын сезеді. Құлағы
баланың жылаған дауысын естиді. Жылаған баланың дауысы тас
жүрегін жібітеді. Жүрегінен жүзім өскініндей қаулаған тамырлар
бүкіл денесіне таралады. Тіліне жан бітіп, «Айналайын!» деген
41

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сөзді айтады. Міне, содан соң ол баланы жерден көтеріп алып,
бауырына басады.
— Алақай! — деді Болат қуанғанынан орнынан ұшып тұрып.—
Аға, баланың әке-шешесі ше? Олар ұйықтап қалды ғой. Енді оян-
бай ма? Түу-у!
— Сабыр, сабыр, Болатжан! «Сабыр түбі — сары алтын» де-
ген. Сен әлде ертектердің куанышпен аяқталатынын білмеуші
ме едің? Ондағылардың бәрі ақыр соңында ылғи да мұратына
жетпеуші ме еді.
Болат оқыған ертегілерін есіне түсіріп, бір сәт ойланып қал-
ды да:
— Иә, иә! — деді көздері күлім қағып.
— Ендеше, мұндада сондай. Иә, сонымен... Тауқұдірет баланы
алып үйге келеді. Келсе әлгі екеуі әлі ұйықтап жатыр екен. Бала
әке-шешесін көре салысымен шарылдап жылап, тыпырлап, оның
қолынан сусып кетеді. Олардын кеудесіне еңбектеп шығады,
екеуі сонда да оянбайды. Баланың шырқырап жылағанына
шыдап тұра алмаған Тауқұдірет оны көтеріп алып жатқанда,
әлгілерге саусақтары тиіп кетеді. Сонда екеуінің де ұйқысы
шайдай ашылып, орындарынан тұрыпты. Бірақ Тауқұдіретті,
оның қолындағы ұлын көріп, зәрелері ұшыпты. Тауқұдірет
болса, көздерінен мейірім шуағы төгіліп, баланы әке-шешесіне
ұсыныпты. Мәмесін солқылдата еміп, мауқын басқан ол қайтадан
еңбектеп, Тауқұдіреттің алдына барған екен. Тауқұдірет болса,
оны аспандата көтеріп:
— Менің тас жүрегімді жібітіп, маған мейірім сыйлаған осы
бала, осы бала! Бала деген бақыт екен! — деп қуаныштан көзіне
жас алыпты.
Тауқұдіреттің бұл сөздерін аспан, жер жаңғырыға қайталап,
шартарапқа жеткізіпті. Мұны естіген адамдар жиналып келіп,
отыз күн ойын, қырық күн той жасап, мәре-сәре болған екен.
— Міне, менің ертегім осылай тоймен аяқталады. Ал сен
болсаң қорқып едің... қалай, ұнай ма? — деп, Айболит ағай оған
сынай карады.
Болат басын изеді.
42

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
— Аға, мейірім деген қандай жақсы еді! Ол болмағанда ғой,
бала дариянын жарқабағынан құлап кететін еді. Тауқұдірет тас
күйінде жер-дүниені жайпап жүре беретін еді.
— Иә, Болатжан, мейірім деген жақсы қасиет, ол жақсы
адамдардын бәрінде бар. Мына сенде де бар.
— Менде де?! Шынымен бе?
— Шын айтам. Мына Актөске, оның күшіктеріне жаныңның
ашып жүргені...
— Күшіктер... түу, көп отырып қалыппын ғой,— Болат Ақтөсін
құшақтаған бойы есіктен ата жөнелді.
Ертеңіне-ақ Айболит ағайдың ертегісі балалардың арасында
тарап кетті.
10
Жексенбі болса-ақ Бағдан Дәукеннің үйінің ауласынан
табылатын. Мұнда көңілді. Балалар көп. Ойын қызығы
таңертеңнен кешке дейін бір басылмайды. Доп қуалайсың ба,
белдесіп куресесің бе, қуыспақ, әлде тыныш бір түкпірде шахмат
ойнайсың ба, оны қалауың біледі. Ойынға тоймаған адамның
қарны ашушы ма еді. Бағдан да ойын десе ішкен асын жерге
қоятындардың бірі. Демек, қарны көнбіс, күн батқанша «жылай»
қоймайды.
Алайда бұл аула бүгін Бағданды көңілсіз қарсы алғандай
болды. Кеше жауған көбік қар жіпсіп еріп жатыр. Хоккей
ойнының ауылы әлі алыс. Дәукен, жанында бір бала бар, екеуі
даңғыр-дұңғыр еткен қалбырды теуіп, зерігіп жүрген сыңайлы.
Мұны көре салысымен:
— Сәлем, кезбе-жиһанкез! — деп, көзіне түскен кұлақшынын
көтеріп қойды. Шалың қайда? Актөс екеуі майлы жілік мүжіп
жатыр ма әлде? Өзі ылғи асығады да жүреді, асығады да жүреді...
Қайда барады? Айға ұшайын деп жұр ме?
— Құпия, — деді Бағдан бәлсіне, бір жағы сыр ашқысы
келмей.
43

1
ҚАЗАК,


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Құпия!? — деп, Дәукен елең ете қалды,— Сонда, немене,
бізге айтпайсын ба?
— Айтпаймын.
— Айтпасаң айтпа, сенсіз де білем,— Дәукен Бағданды
итеріп жіберердей төне түсті.— Шілмиген денесіне карамай ол
Қажымұқан болғысы келеді, білдің бе? Қүнде стадионға барып,
жаттығып әуре болып жүргені. Бар құпиясы — сол оның.
— Жоқ, басқа.
— Басқа? Айтпайсың ғой... Ендеше бізбен ойнамайсың. Бар,
шалыңмен үйінде отыр, — деді де Дәукен бұрылып жүре берді.
Ол Бағданның ең осал жерін тап басты. Жеті күнде бір
келетін жексенбіде ойынның түбін түсірмеген соң бола ма. Бұл
Бағдан үшін үлкен жаза. Болат Дәукен айтқандай шалдын нак
өзі. Үйден шықпайды, сабағын оқиды. Одан қалды, Ақтөсімен
әуре. «Жоқ, қызықтан құр қалар жайым жоқ» деп ойлаған Бағдан
Дәукендерге қарай қадам басты.
— Саққұлақ екенімді білесің ғой, айта бер, — деді ол бұған
назар аудармастан.
— Ақтөс күшіктеген... Қазір бәрі домалаңдап жүгіріп жүр...
— Бар құпияң сол ма?! — Дәукен көңілі толмағандай көзін
сығырайта карады да, кетік тістерінің арасынан сыздықтата жер-
ге шырт түкірді.— Жо-жоқ, бұның кұпияға жатпайды. Сен шын-
ынды айтпай тұрсың.
— Сенбесең кой! Шерлок Холмс болсан қайда жүрсің, — деп,
Бағдан да қыңырлығына бағып, теріс айналды. — Болат қайта
ешкімге айтпа деген.
— Ей, тоқта, кезбе-жиһанкез! — Болат «айтпа» десе көру керек
екен деп ойланып қалды Дәукен,— Күшіктер домаландап жүгіріп
жүр де.
— Макұл, онда барып қызығына батайық.
Бағдан өзіне күні бойы бір ойнайтын серік табылғанына
қуанып, келісе кетті.
Бұлар келгенде Ақтөс ескі үйдін күнгей жағындағы құрғақ
жерде көсіліп, күшіктерін емізіп жатқан еді. Өзінің әбден арық-
тап, ұсқыны қалмасада, күшіктері тойған қозыдай жұп-жұмыр.
44

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
Үйшігінін аузындағы итаяғының түбінде аздаған сорпасу
қалыпты. Жан-жағында сүйектер шашылып жатыр. Әсті Болат
келіп кеткен болуы керек.
Дқтөс бұларды көрісімен орнынан дүрк көтеріліп, жылыстай
жөнелді. Күшіктері дүркіреп соңынан ерді.
— Өздері шетінен сүйкімді екен. Ұстап көрсек қайтеді, ә?
— Қой, жолама, Ақтөс қауып алады, — деп, Бағдан шыр-шыр
етіп, Дәукеннің аяғын тұсағандай болды.
— Сол жаман иттен де қорқып... — деді екі ойлы боп қалған ол
батылдана.— Жүріндер!
Ақтөс үйді әрі-бері айналғанымен, қашып құтылмасын
білгендей. Ал күшіктерін ауладан тысқары ешқашан аттап бас-
тырған емес. Шарбаққа жақындағандары болса, сирағынан
тістелеп, кері қайтаратын. Ырқына көнбегендерін қауып та
алатын. Бұл жолы да оларды ауладан қия бастырғысы келмеді.
Алайда балалар жан-жақтан қаумалап, тығырыққа тірегендей еді.
Ақтөс қатты састы. Өзі зәбір көрген балаға күшіктерін ұстатқысы
жоқ. Тіпті болмаған сон қуғыншыларды алдаркатып жүрді де,
үйшігіне қойып кетті. Күшіктері соңынан топырлап кіріп жатты.
Үйшіктің аузына ентелей жеткен Дәукен не істерін білмей
аңырып тұр. Оған ере келген бала мен Бағдан да ентігіп қалған еді.
— Мына жаман иттің тапқан панасын қарашы, — деп, Дәукен
ызалана күліп қойды.
— Ақтөс біздің сөйтеді, иттің ақылдысы ғой, — деді Бағдан
қарап тұрмай.
— Иті ақылды адамның өзі де ақылды болуға тиіс, — деді
Дәукеннің серігі оны кекетіп,— Сен бір амалын тап, бір-бір
күшігін қолымызға ұстап, біраз ойнайық.
—Ойбай, ол мені қауып алады, анада құйрығына шала
байлағаннан бері маған жаман көзімен қарап жүр.
—Өй, сужүрек, өз итінен корқып... — Бойы сорайған Дәукен
оған менсінбей төбесінен карап, шырт түкіріп қойды. — Мен
өзім-ақ...
Ол жерде жатқан бір таяқты алып, үйшіктің аузына төне түсті.
Ақтөс ырылдап, тістерін ақситты. Дәукен әрлі-берлі жүгірткен
45 I

*
К.АЗАК,


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
таяқты бір мезетте ызалана тістеді. Таяқты қатты тартып қалған
ол шалқасынан құлап, жамбасын ауыртып алды.
— Кдп, бәлем! — Орнынан созаландай тұрып жатып, әдеттегі
дағдысынан жаңылмай, күлімсіреген болды.
— Мен бір амалын тапқандаймын, — деді де Дәукеннің серігі
ауланың түкпіріне қарай жүгіре жөнелді. Ол алма ағаштарын
аралап жүріп, ұзындау бір бұтағын сындырды. Оны бұтарлап,
жуандау екі ашасын қалдырды.
— Міне, мынаумен итті мойнынан итеріп, үйшіктін кенересі-
не қысып тұрамыз. Сонда тыпыр ете алмайды, — деді мәз болып,
— Сосын қалаған күшігінді ала бер.
— Әкел бері! — Дәукен қоқилана оның қолынан аша ағашты
жұлып алды,- Сазайын тартқызайық.
Солақай сотқардың соңғы сөзін іштей жақтыра қоймаса
да, аша ағашпен иттің мойнын қысқанды көру Бағданға бір
түрлі қызық боп кетті. Дәукен ырылдап айбат шеккен Ақтөсті
алдарқатып тұрып, бір оңтайлы сәтін тапты. Ит қанша бұлқынса
да, ұштары іргеге тірелген аша ағаштан мойнын шығара алмады.
— Әй, мынанын қарғыбауы әдемі, шешіп ал, күшіктердің
біріне тағамыз. Қызык болсын.
— Иә саған, Мария әжей шешпе деген...— Бағдан Дәукеннің
бұл сөзіне қарсылыкбілдіріп, шыр ете қалды.
— Шеш дедім ғой, шеш!
Батылы жетпей тұрса да қасындағы серігі Солақай сотқардан
сескеніп, қарғыбауды шеше бастады.
— Бол, тез! Күшікгерді сирағынан сүйреп, сыртқа лақтыра бер.
Бағдан күшіктерді аяғанымен жанындағы дөйден қорқып
тұр. Солақай сотқардың серігі тізесін бүгіп еңкейді де, үй-
шіктің ішіне қолын сұқты. Кұшіктерінің қыңсылы құлағына
шалынысымен Ақтөс төрт тағандай тартқыншақтап, ырылын
күшейтті.
— Бол, тез! Мынаның босанып кететін түрі бар. Бол!
Солақай сотқардың дауысы әмірлі шыққанымен, өзі үрейлен-
іп тұр. Көзі атыздай боп кетіпті. Ал жанындағы серігінің екі
46

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
тізесі дірілдеп, түкпірге тығылған күшіктерге қолын жеткізе
алмай жатыр. Әзер дегенде біреуіне саусақ іліктіріп, сүйреп
шығарды. Өзі Ақтөстен аумай қалған екен. Жат қолға тап бол-
ғанын сезгендей, қатты қыңсылады. Осы кезде Ақтөс арп етіп,
бұлкынып қалған еді, ағаштың ашасы айрылып кетті. Дәукен
қолындағысын тастай сала қашты. Оның серігі — Иінағаш
(бойы ұзын болғанымен оқтау жұтқандай түп-түзу емес, іші
түйілгендей имиіп жүреді екен, сондықтан Бағдан оны іштей
осылай атап алған) күшікті сирағынан ұстап, басын төмен
салбыратқан бойы ол да зытты. Алғаш аңырып тұрып қалғанымен,
іле жүгіргенде Бағдан екеуінен де озып кетті.
Жаралы аяғын сылти басып, сондарынан ерген Ақтөс қалар
емес. Әлгінде ызбарлана от шашқан көздері қазір мұңға толы
еді. Балалар қорқақтай артына қарағанда, күшігімді тастап
кетер ме екен дегендей кұйрығын болар-болмас бұлғандатып
қояды.
— Қой, мына пәледен құтыла алмаспыз, ана автобусқа мін-
бесек, — деді Дәукен аялдамаға жете бергенде.
Үшеуі топырлап мініп жатқан адамдардың арасында кы-
сылып-қьгмтырылып жүріп, автобусқа ілікті.
— Уф! Бір ерлік жасадық, — деді Дәукен тершіген мандайын
алақанымен бір сипап қойып.
— Болаттан таяқ жейтін болдым ғой, — деді Бағдан көңілсіз.
— Шалынды қойшы ей, сол... Өзі түк бітірмей, Болат дейді-
ей, одан бұрын менің мұқылашымды жей ғой, жарай ма! — Сола-
қай сотқар оны бүйірінен нұқып қалды. — Одан да Ақтөсіңнен
мына күшікті қалай тартып алғанымызды айтсаңшы.
— Бәсе десейші, қауіп-қатерге бас тіккен біз... Ал бұл маса-
дай ызындап...— Иінағаш бұны иығымен қағып қойып, Дәукенге
көзін қысты.
— Ары тұршы-ей, аяғымды басып кеттін ғой, - деп ол
кеудесінен итерді.
— Әй, балалар, қақтығысып-соқтығыспай тыныш тұрындар! —
деді бір әжей бұлардан көзін алмай,— Осы күнгінің балалары ма...
47

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Оны қостай жөнелгендер де, бұларға ара түскендер де табыла
кетті.
Бағдан жарылардай боп тұр. Есесін жібергісі жок, әттең, әлі
жетпейді. Екеуі де үлкен. Ол келесі аялдамада автобустың есігі
ашыла бергенде, күшікті ала қашуды ойлады. Ақсандай басып,
сондарынан ерген Ақтөс көз алдына келгенде мына екеуін мүлде
жек көріп кетті.
— Е, мен таптым! — деп, Солақай сотқар қаннен-қаперсіз
тұрған мұны иығынан салып қалды.— Бүгін жексенбі ғой,
жексенбі! Демек Сайтан базардың қазаны қайнап жатыр. Давай,
сонда тарттык! Онда мынадай иттің неше түрін көресің. Біреу
сатады, біреу алады. Бұл күшікті аталарымен таныстырайық.
Тарттық па?
— Давай! — Дәукен бастаушы, Иінағаш қостаушы.
Сайтан базарға Бағданның бір-екі барғаны бар. Өзі қала-
ның қиян шетінде. Мына мініп келе жатқан автобусының
соңғы аялдамасы да сонда екенін біледі. Апасы соған еріп барып
біреуден шетелдік дженси, кроссовка алып берген. Қайтып ке-
ле жатқанда: «Апа, мұны неге Сайтан базар деп атаған?» — деп
сұрады. «Мұнан іздегеніңнің бәрін қымбатына табасың. Мүлде
құстың сүтін де!» — деді апасы күрсініп.
Ал Бағдан онда иттің де сатылатынын Солақай сотқардан
алғаш естіп тұр. «Итті қалай сатады, ол жаңа иесін бөтенсіп
қауып алмай ма?» — деп таңырқады іштей. Ит сататындарды,
сатылатын иттерді көзімен көргісі келіп кетті.
Қалайша өзінің:
— Тарттық сонда! — дегенін де білмей қалды.
Солақай сотқар мен Иінағаш бір-біріне қарап, мұны
аркасынан қақты. «Жо-жоқ, онда бармаймын! Қарным ашты»,
— деп қарсылық білдіргендей, күшік қыңсылап, қызыл тілімен
аузының айналасын жалап қойды.
48

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
11
Сайтан базарда адам ығы-жығы. Қай тұсқа қарасаң да ине
шаншарға орын қалмағандай. Көздің жауын алатын күрте,
көйлек, қүлақшын, шәлі, әйтеуір не керектің бәрін қолдарына
ұстағандар қатар түзеп, өткен-кеткендерге үздіге қарап тұр.
Бағданға бұл онша қызық көрінген жоқ. Оның бар есіл-дерті
иттерде. Бірақ Солақай сотқар мен Иінағаш асығар емес. Мұнда
не үшін келгендерін мүлде ұмытып кеткендей. Адамдардың
арасымен қысыла-қымтырыла жүріп, бұлар бір кезде шекілдеуік
сатып тұрғандарға жетті. Қалталарын шемішкеге толтырып алып,
шырт-шырт шағысты. Екі ұзынтұра шемішкені атжалманша
шағып жүріп, жаймаларды асықпай аралайды, Бағдан олардың
сондарынан көлеңкедей ерумен болды. Мүлде зерігіп кеткен соң
Иінағаштан күшікті қояр да қоймай сұрап алды. Күшік тоңып
қалған ба, әлде айналадағы дабыр-дұбырдан, сапырылысқан
адамдардан қорқа ма, неге екені белгісіз, дір-дір етеді. Бағдан
күртесінің кеуде түймесін ағытып, оны қойнынатықты. «Ақтөстен
айнымай қалғанын қарашы өзінің! Карның ашты ма? Мен ғой
Солақайды... ертіп келіп... Сотқар ғой, бұзық, әйтпесе сенде
несі бар. Бүйтетінін білгем жоқ қой. Шамалы шыда, Ақтөске
де жетерміз әлі. Ит сататындарды көрейік, жарай ма?» — деді
іштей, күшіктің қарақаттай мөлдіреген әдемі көздеріне қайта-
қайта қарап қойып. Ол «Иә!» дегендей мұнын иегін жалап-жалап
алды.
Күшігіне алданған Бағдан қанша уақыттың өткенін білген
жоқ. Әркімге соқтығыса жүріп, жан-жағына мойын созғанымен
олардың қарасын көре алмады. «Иттің неше түрін көрсетеміз деп
бұлар мені базарға алдап алып келген шығар», — деп күшігіне
мұңая қарады. Ол көзін жұмып, бұйығып жатыр екен. Бағдан
үйіне қайтпақшы болып, базардың шетіне қарай жылыстай берді.
— Әй, бала, көзіңе қара!
Солақай сотқар мен Иінағаш көрініп қалмас па екен деп
айналасына алақтап келе жатып, шетке де жақындап қалған
491

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
еді. Мына гүжілдеп шыққан дауыстан шошып кетіп, алдына
қарағанда сымторда жатқан қояндарды көрді. Кәдімгі үй
қояндары! Оның жанында бір адам айдары қып-қызыл, қауыр-
сын қанаттары кемпірқосак тәрізді қүлпырған әтеш ұстап тұр.
Одан әрі көз салды. Басына түбіті бұрқыраған бөкебай тартқан
әжейдің қолындағы аузы ашық сөмкеден мысықтар мияулай-
ды. Базардың сәні келгендей, Бағдан сергіп сала берді. Тоңғанын
да ұмытқандай.
— Әже, мысығыныз қанша тұрады? — Солақай сотқардың
дауысы. Желке тұсынан шықты. Артына жалт қарап еді, ұшты-
күйлі жоғалған екеуі ыржалақтап кұліп тұр.
- Ал, балам, ал! - деді әжей, — Мен сатпаймын. Үйдегі
мысығым балалап, соларды өсіріп... Далаға қаңғыртып жібер-
сем обал бола ма деп, осында әкеп тұрғаным ғой. Көп адамның
бірі болмаса, бірі алар деп...
— Өй, сатып алмаған соң қызық бола ма?..— деп, Иінағаш
Бағданға көзін қысып қойды,— Бірақ мына әтешті тегін берсе,
алар едім.
— Кет, аулақ! Көргенсіз! — деді әтеш ұстаған адам қабағын
түйе айқайлап,— Қаңғығанша сабағынды оқымайсын ба одан да.
— Неғыласың жүйкеңді тауысып, бала ғой. — Әжей оған
басу айтып, тыныштандырғандай болды,— Ал, балам, ал! Түнде
пырылдап жаныңда жатады. Еркелегенді, еркелеткенді жақсы
көреді. Е, ит, мысықпен ойнамаған баланың қашанда бір қызығы
кем болады, қарағым.
Екі жаңғалақтың мысықты алар түрі көрінбейді. Бағдан-
нын үйінде Ботагөз жанынан екі елі тастамайтын сабалақ жүнді
сары мысық бар.
— Үйге қайтайықшы...
— Мынаны қара! — Дәукен өтірік күле шиқылдап, ішін басты.
— Мәмесін сағынып қалыпты. Бесіктегі баладай іңгәлайды
өзі.
— Емізік беріп қой, — деді Иінағаш.
— Шынында, мен оны тезірек сатып алайын, сен әлдилей тұр.
50

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Бағдан бұрылып жүре берді. Олардың сайқы-мазақсөздерінен
кұлағын ала қашты. Бұларға қосылып ойнайтынына алғаш рет
өкінді-
— Тоқта! — деді оны қуып жеткен Дәукен.— Сен ең қызықтан
құр қаласың ғой. Әне, анау жерде неше түрлі иттер бар. Көреміз
де қайтамыз.
Онын сөзін құлағына ілмей жүре берген Бағданның екпіні
«анау жерде иттер бар, көреміз де қайтамыз» дегенді естігенде
басылынкырап қалды. Осында сол үшін келгені ойына түсті.
— Көреміз де қайтамыз ба?..
— Иә, мені білесің ғой, айтсам қайтпаймын.
Ит сатып тұрғандар шоғыры да аз емес екен. Бірақ мұнда
келушілер некен-саяқ. Көбіне қызықтаушы - балалар. Осында
әкесін не шешесін ырықсыз жетелеп келетіндер де солар.
Жанына жақындай бергенде, иесі итін мақтай жөнеледі.
Мақтағанда да сөздің майын тамызады. Алайда әр ит өзінің
мінезін өзі айтып тұрғандай көрінді Бағданға. Мына қас-
қыр ит қабаған, әйтпесе тұмсығына тұмылдырық кигізбес
еді ғой. Ал анау кім көрінгенге кез келген жерде құйрығын
бұлғандатып еркелей кететін ит. Әнебіреу үйшігінің алдында
екі аяғын жастанып алып, былқ етпей жата беретіннің нақ
өзі. Кеудесінде тыпырлап, қыңсылаған күшігі ойын бөліп жі-
берді. Аталастарының иісін сезгендей, күртесінің ашық
өңіріне тырмысып қояр емес. «Ой, ақымақ, тыныш жат, олар
сені талап тастайды», — деп, басынан сипап, кеудесіне қарай
итеріңкіреп қойды. Жерге түсіп кетпесін деп күртесінің белдігін
қысыңқырай тартты.
— Келіндер, көріңдер! Міне, боксер, міне, кеп көр! - Бағдан
дауыс шыққан жаққа карай жалт қарады. Сақалы өсіп кеткен,
дудар шашты адамның жанында дорба аузының айналасы қат-
пар-қатпар, түрі қорқынышты, төртбақ келген ит тұр. — Өзі кір-
пияз, өзі көнбіс. Катыңқы қабағына қарап қорықпа! Балаңызбен
ойнағанда мінезі жібектей боп кетеді.
— Сен де боксер емессің бе? — деп Бағдан Даукенге, қарап
еріксіз күлді. «Мен боксермін! Боксермін!» — деп, Солақай
51

1
ҚАЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сотқар атанған ол кеудесін көтере айналасына қораздана қарап
қойды.
Бағданның сөзін дудар шашты кісінің кұлағы шалған еді.
Ол итін тағы да жер-көкке тигізбей мақтай бастады.
— Иә, бұл боксер, міне, түр-тұрпатының өзі де айтып тұрған
жоқ па. Міне, мығым аяқтары мынау, міне, апай төс кеудесі
мынау! Ұры-қары көрсе, боксердің сілтеп калған жұдырығындай,
серіппеше атылады. Сондықтан спортсмен ит дейді мұны, —
деді ол жиналғандарды еліктіре түсіп, — е-е, мұның арғы тегі он
тоғызыншы ғасырда Германиядан тараған. Бұл асыл тұқымды итті
алған да, алмаған да арманда.
— Өзің арманда каласың ғой... Несіне сатасың? — деп, мырс-
мырс күлді тұрғандардың бірі.
— Е, енді...— деп күмілжіп қалды иттің иесі.
— Бұл күні бойы сайрады ғой, енді мен айтайын, — деді
оның қасындағы ұйқысы қанбағандай көзі кіртиіп тұрған адам.
— Менін догіме ештеңе жетпейді жер бетінде, бұдан ірі ит жок.
Атақты Александр Македонскийдің өзі жорықта жүргенде
бұның арғы тегіне көзі түсіп, Европаға алып келген. Мал бак
десең мал бағады. Ал бұл барда үйіңці көп кілттерінді салдырла-
тып, құлыптап әуре болмайсың, ашық-тесік тастап кете беруіңе
болады. Аңшылыққа үйретсең бар ғой, қанжығаң майланды дей
бер. Атын да алдын ала айтып кояйын — Тоди-брэм.
Дене тұрқы бір метрге жуык, тықыр жүнді, бөксесі қара
теңбілденген иттік құлақтарын қайшылап, иесіне қарап қойды.
— Сен өзіндікін мақтап, басканың итін жамандамай, жайыңа
тұр, білдің бе! Менің итімнің де аты осал емес — Бамбинго! — деп
ашу шакырды дудар шаш.
Екеуінің кикілжіңі өршіп, дауыстары ащы шыққан сайын
иттері де «ыр-ыр» ете түседі. Бамбинго мен Тоди-брэм ақырында
бір-бірін алқымнан алып, таласып қалды.
— Койындар ей, әйтпесе иттерің енді өздерінді талайды,
— деп басу айтты олардың қатарында тұрған бір мосқал кісі,—
Менің Бар-барсым тұрғанда жақ ауыртып қайтесіңдер. Бұл
52

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
швейцария сенбернарының қасиетгі ит екенін екінің бірі біледі.
Бұлдегенің...
Бағдан швейцария сенбернары аталған итті алғаш көріп тұр
еді. Ауылдағы дүрдиген төбеттерден айырмашылығы шамалы.
Бірак жанағы кісі «екінің бірі біледі» деген қасиеттеріне қанық
емес екен. Бір жақсысы, оны иттің иесі айта бастады. Көп тұрып
зеріккеннен бе, әлде өзі сөзшең адам ба, әйтеуір өткен-кеткендер
тындасын-тындамасын, ара-арасына тамағын қырнап койып,
қасиетті швейцария сенбернары туралы әңгімесін жалғастыра
берді. Оны Солақай сотқар мен Иінағаштың өзі де аузын ашып
тындап қалды.
Бағданның түсінгені: Парижден онша қашық емес жерде,
иттердің қорымының ортасында биік тұғыр бар екен. Онда
жон арқасына бала жабысып, қарғыбауынан мықтап ұстап ал-
ған итке ескерткіш қойылыпты. Осы ит туралы екі аңыз бар
көрінеді. Тындаса, екеуі де қызық. Барри деген ит бірде тау
жолында адасып кеткен баланы тауып алады. Суыққа әбден
тоңып, кимылсыз жатқан баланың беті-қолын жалап, жылы-
тады. Сосын жанына жатып, оның арқасына мінуіне жағдай жа-
сайды. Содан шапқылап отырып, монастырьға келіпті. Оның
есігі жабық екен. Ақылды ит есік қоңырауының бауын тісімен
тартқылап, іштегілерді шақырады. Сөйтіп бала аман қалыпты.
Ал екінші аңызды естігенде Бағдан Барриды аяп кетті. Ол
шындығында боранда калып, шала-жансар жатқан қырық адам-
ды ажалдан құтқарған дейді. Сол жолаушылардың бірі — кырық
бірінші адам өзіне алқынып жете берген итті қасқыр деп ойлап,
атып өлтіріпті.
Осының бәрін ойша елестеткенде Бағданның көзі жасаурап,
жыпылықтап кетті. Кеудесіндегі тыпыршыған күшігіне қара-
ды. Ол қыңсылап, тоңып қалдың ба дегендей иегін жалап-жа-
лап алды. — Әй, тамыр, әкел итіңді, мен алайын,— Түлкі ты-
мақты бір кісі жан қалтасынан шақшасын алып, бір шөкім
насыбайды алаканына салды да, езуіне қыстырды. — Ит деген
жарықтық жеті қазынаның бірі ғой. Үйде екі-үш төбет бар. Қа-
53

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ланың шетіндегі анау совхозда шопанмын. Балаларым да бір
қуанып қалсын. Атын не деп ең әлгі?
— Бар-барс.
— Иә, біз енді Барыс дерміз.
Бар-барс өзінің саудаға түскенін қайдан білсін, құйрығын
бұлғаңдатып иесіне қарады. Иесі қарғыбауына қайыс жалғап,
түлкі тымақтыға ұстатты. Ит бөтен адамның жетегіне көнбей,
тартыншақтап бақты. «Жүре ғой, Барысым, жүре ғой», — деп, ол
жон арқасынан сипай бергенде, қауып ала жаздады. «Е, бұның
тұмылдырығын ұмытып кетіппін ғой», — деп, мосқал кісі жол
қапшығына қол созды.
Солақай сотқар, Иінағаш, Бағдан - үшеуі бірі тартқын-
шақтап, бірі сүйреген — ит пен түлкі тымақтыны қызықтап, біраз
жерге дейін сондарынан салпақтады.
Бағдан базарға келгеніне енді өкінген жоқ. Иттің не бір
түрін көрді. Олар тұқымына қарай бульдог, қанден, чау-чау,
ирландия терьері, болонка, доберман, пинчер, тазы, бигль,
бассет, лайка, сеттер деп аталады екен. Не бір қызық әңгімелер
естіді: дүние жүзінде жарты миллиардтан астам ит бар көрінеді.
Америкада әр адамға шаққанда бір-бір иттен келеді дейді. Осыны
естіген сәтте, неге екені белгісіз, Бағданның көз алдына кейде
соның бәрі бір-бір адамды қарлы боранда құтқарып жүрген-
дей, кейде бір-бір адамды талап жатқандай елестеді. Сонғы елес
денесін тітіркендіріп жіберді.
— Бәрің де, бәрің де күлак түріңдер! — Шіңкілдеген дауыс
Бағданның кұлағын жарып жібере жаздады. Артына бұрылып
қараса, қалың тонға оранған бір семіз адам қорбандай қолын
көтеріп тұр екен,— Маған өте қабаған ит керек, қабаған болғанда
да құтырынып тұрғаны...
— Е, оны қайтпексің? — деп, тан калды сөмкесіне үлкендігі
мысықтай ғана ит салып алған тәтей. Мана Дәукен айналсоқтап
қайта-қайта сұрағанда: «Бұл чихуахуа деген тұқым. Жер-
жиһандағы ең кішкентай ит — осы», — деген. Шіңкілдек дауысты
семіз адам:
54

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ау, ит деген үй күзетпей ме? Итің қабаған болса, көңілің де
жай, төрт құбылаң түгел, екі ұртың май, - деп қарқ-қарқ күлді.
Ол лезде у-дудың ортасында қалды. Арпылдап үрген иттер-
дің дауысынан құлақ тұнды. Күні бойы «менікі қойдан жу-
ас, қозыдан момақан» деп тұрғандардың біразының иті қа-
баған боп шыға келді. Шіңкілдек дауысты семіз адам таңдап-
тандап, ақырында тайыншадай неміс овчаркасына көз тоқтат-
ты. Бірақ онын карғыбауы әлгінде үріп, еліріп жүргенде үзіліп,
кәдеге аспай калыпты.
— Жо-жоқ, қарғыбаусыз алмаймын, — деп шіренді шіңкілдек
дауысты семіз адам.
— Қап, енді не істеймін. Өзі де терсінді боп әбден шіріп
бітіпті-ау! — деп қиналды иттің иесі айнала тұрғандарға алақтай
қарап.
Солақай сотқар манадан бері қызық кино көргендей көзі
кұлімдеп, екі танауы делдиіп тұр еді. Енді сол «киносы» аяқ-
талмай қалатын түрі бар. Сабырсызданған кезде ол жанкалтасы-
на қолын сүнгітіп жіберіп, ышқырлығын бір көтеріп қоятын. Бұл
жолы да сөйтті. Саусақтарына әлдене іліккендей болды. Алып
қарады да куанғанынан:
— Аға, менде бар, мә, алыңыз! — деп дауыстап жіберді.
Оның қол созып, ұсынып жатқан нәрсесін көргенде,
Бағданның көзі бақырайып кетті. Ақтөстің қарғыбауы! Сасқа-
лақтағаны сонша, үні шықпай қалды. Ол Солақай сотқарға
көпшіліктің арасымен жетем дегенше, шіңкілдек дауысты семіз
адам қарғыбау тағылған итті екі-ұш қадам жердегі машинасына
салып, жүріп те кеткен еді.
- Оның не? - деді Бағдан жыламсырай, Дәукенді өңірінен
ұстап жұлқылаған күйі.— Ақтөс қарғыбаусыз қалды ғой!
— Әй, балалар, шатаспандар, мә, қарғыбаудың өтеуі, лимонад
ішіп, кино көріндер. — Қасқыр итін сатқан кісі Солақай сотқарға
ақша ұсынды. Сосын мырс-мырс күлді. — Әй, дегенмен, әлгі
семізді қатырдым. Ешкімді қаппайтындай етіп, итімді дресси-
ровкадан өткізіп едім. Әй, қатырдым!.. Қап, әттегене-ай, атын
айтуды ұмытып кетіппін ғой!
55

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Бір емес, екі рет қатырыпсың! — деп, біреу оған қосыла
күліп, мәз болды.
— Итке обал ғой. Қабаған ит іздеп жүрген адам оны қайдан
аясын. Қаңғыртып жібереді ғой, — деп күрсінді сөмкесі мысыққа
толы әжей.
Бағдан базарға келгеніне қайта өкінді. Автобус аялдамасына
тезірек жетіп алмақ болып, ит сатушылардың маңынан ұзай
берген.
— Е-һей, тоқта! Қайда зытып барасын? Жүр, тирге!
Құмарымыздан шығайық бір, — деп, Солақай сотқар қуып жетті.
Бағдан оған бұрылып та қарамады.
— Айтқанды істемейсің ғой, ә! — деді ол қатарласа беріп,— Ал
ендеше...
Бағдан мұны күтпеп еді. Дәукен лезде қойнынан күшікті
жұлып алды да, каша жөнелді. Қуғанымен жете алмады. Иінағаш
пен екеуі базардағы қалың нөпірге сіңіп, көрінбей кетті. Әрі-
бері іздегенімен, оларды таба алмай, ұнжырғасы түсіп, үйіне
қайтты.
12
Ақтөс бір жамандықты сезгендей түні бойы ұлып шықты.
Аяғы қара қотырланып жазылып қалғандықтан ба, шым-
шым қышып, мазасын алды. Бір-біріне басын салып, бұйығып
ұйықтап жатқан күшіктерін мойны жеткенше құлақ-шеке, құй-
рықтарынан жалап қойды. Таң саз бере олар да қыбыр-жыбыр
етіп, емшегіне жармаса бастады. Содан алпыс екі тамыры иіп,
ұзақ жатты.
Күн сәске боп қалған. Бұл кезде күшіктер бой жазып, аулада
асыр салатын. Ойнақтап, бір-бірін тістелеп, бұлтың-бұлтың қуы-
сып, ана тұста да, мына тұста да қарды бұрқыратып жүргені.
Ақтөс болса үйшіктін күнгей бетіндегі қары еріген кұрғақ жер-
де көсіле түсіп, күнге қыздырынатын. Ауық-ауық күшіктеріне
марғау көз тастап қояды.
56

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
Бүгін ол әдетінен жаңылды. Бүгін емес-ау, кеше Дәукендер
бір күшігін ала қашқаннан бері маза жоқ. Мұңға толы көзін
шарбақ жақтан айырмайды. Сол аңғал, алаңғасар күшігі қазір-ақ
шапқылап жетіп келетіндей. Қазір-ақ солқылдата емшегін еміп,
құйрығын бұлғаңдата бауырында жататындай.
Кеше күндіз, кешкісін ел аяғы басылғанша аялдамаға кеп
тоқтаған автобустардың ашылып-жабылған есігін алыстан
торауылдаумен болды. Түнде жер иіскелеп әлденеше рет кеп кетті.
Ақтөс қолды болған күшігінің иісін аңсап, көзін жұмды.
Селк етіп, іле басын көтеріп алды, мойын жүндері тікірейді.
Күшігін алып қашып бара жатқан балалар көз алдына елестеп
кеткен еді. Соларды алғаш көргенде-ак қауіптенген. Ақтөс
жаман адамды да, жақсы адамды да бірден танитын. Құйрығына
шала байлаған Дәукеннен жақсылык күтпеп еді.
Күшіктерімен Болат та ойнайтын. Бірде ол итаяғына сорпа-
су кұйды да, ескі үйге кіріп кетті. Сәлден соң мұржадан түтін
будақтады. Болат сыртқа шықты. Ақтөс үнемі аяғына оратылып,
еркелеп жүретіндіктен күшіктері де одан кашпайтын. Болат
отыра қалып, олардың бірін тізесіне, бірін мойнына салып,
мәре-сәре болатын. Бұл жолы да сөйтті. Бірақ біреуін өзімен
үйге ала кетті. Үйді жатырқады ма, күшік әуелгіде қыңсылады.
Ақтөс құлағы елендеп, танданғандай басын әрі-бері қисандатып,
есік алдында тыпыршып тұр. Бір мезетте Болат күшікті сыртқа
алып шыкты да қоя берді. Күшіктің үсті-басын жалаған Ақтөс-
тің мұрнын дәмді иіс жарып барады. Иіс оның ауыз-тұмсығында
екен. Бұлардың тісіне тие бермейтін майлы ет жегенін бірден
сезді... Болат күшіктерімен солай ойнайтын. Кешегі сотанақтар
ол жокта келді ғой, әйтпесе сазайын тартқызатын еді.
Ақтөс орнынан тұрды. Аялдама жаққа бет алғанын өзі де
байқамады. Еркінен тыс бір күш солай қарай жетелегендей.
Күшігі домаландап алдынан шығатындай. Ауладағы бес күшігі
дүркіреп соңынан еріп еді, арс етіп жаскап тастады. Бұл «көшеге
шықпаңдар, қауіпті» дегені.
Үй иесіз қалған күні-ақ Ақтөстің көзіне мұң ұялаған. Есігі
ашылып-жабылып, балалары жүгіріп ойнап жүрмеген үй бір

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
түрлі суық тартқандай. Айдалада ұлып қалған жаман екен.
Әйтеуір, Болат пен Бағданның келіп-кетіп жүргені бір сергі-
тіп тастайтын. Оның үстіне күшіктегелі жалғыздықтан қүтыл-
ғандай болғаны бар. Алайда кешегі күн тұралатып тастаған-
дай. Көз алдында жүрген күшігінен айрылғаны жанына батты.
Қазір құр сүлдері келе жатқандай.
Үстінде темір торлы қорабшасы бар машина кілт тоқтай
қалды. Қаладағы көп гүжілдектің бірі шығар деп Ақтөс оған
назар аудара қойған жоқ. Кабинадан екі адам түсе салып, бұған
қарай жеделдете адымдады. Ақтөс оларға көзінің қиығымен
қарады да қойды. Көшеде асығып-үсігіп жүретіндер аз емес.
Ақтөс адамдардан емес, төрт доңғалақтылардан ғана қорқатын.
Әлгілер екі қапталынан шықты да жақындай түсті. Мұнда бір
өші бардай, түстері суық екен. Ақтөс сескеніп, зыта жөнелмек
болды. Сол сәтте сым тұзақ майып болған аяғына сарт етіп тиіп,
ауыртып жіберді. Қаңқ етті де, жалтара қашты. Екеуінің бірі
қарсы алдынан шығып, ол да қолындағысын сілтеді де, тартып
қалды. Бұл жолы аяғына дәл іліккен сым тұзақ тірсегін қиып
жібере жаздады. Қаңқ-қаңқ етіп, ауырған жерін тістеледі. Әлгі
адам өзіне төніп кеп калған екен, тістерін ақсита айбат шекті.
Сескенетін түрі жоқ, қолындағы кеспелтек темірін оңтайлы
ұстап алған. Бұған ызбарлана қарайды. Ақтөс бар пәрменімен
жұлқынып калды, сым тұзақ тірсегін дызылдатып жіберді. Жан
дауысы шығып, жанталаса қолындағысын көтере берген адамға
тісін ақситқанша болған жоқ, көзінің оты жарқ ете қалды да,
жарық дүние күңгірт тарта берді. Не жазығым бар еді дегендей
сылқ етіп кұлаған Ақтөсті әлгі ит аулаушы көтеріп алды да,
машинаның темір торлы қауына апарып, лақтырып тастай салды.
— Қап, әтегене-ай! — деді осы сәтте ит аулаушылардың екін-
шісі иесіз үй жаққа қадала қарап,— Жаны қалса, жібере салшы.
Әне, көрдің бе?
Бес күшік енесінің «қаңқ-қаңқ» етіп, жан дауысы шыққанда
осылай қарай салып ұрған. Алайда бұл екеуін көріп, құлақтары
едірендеп, қаз-қатар тізіліп тұрып қалған еді.
58

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
— Түу, сені-ай, — деді серігі жерге шырт түкіріп,— Осы бір
көңілшектігінді қоймадың-ау. Әр итті ұстаған сайын жүрегің
ауырса, нең калады? Одан да жоспарынды орындауға тырыс-
сайшы. Куанудыңорнына...
— Обал ғой, обал. Әлгі итті жібере салшы.
— Оның шаруасы біткен.
- Обалдағы-ай! Қой, болмас, бұл жұмыстан кетпесем енді...
— Жүр, анау күшіктерін де қалдырмайық. Бұл бір іздесең
таптырмайтын үлкен олжа болды.
Ит аулаушының жаландаған серігі екі иығы сөлбірейіп, ең-
сесі түсе ойланып тұрды да:
— Иә, сөйтсек сөйтейік. Енді аштан қатар бұлар. Одан да ит
питомнигіне апарып өткізгеніміз дұрыс болар, — деп соңынан
ерді.
Сәлден соң иесіз үйдің ауласы қаңырап бос қалды.
13
- Ақтөс! Ақтөс!
Екі беті аязға алмадай қызарған Болаттың қолындағы себет
қомақты еді. Кеше ауылдан туыстары келген. Кой сойып әкел-
іпті. Ет піскенде Болат та, Бағдан да, Ботагөз де құйкасы сыды-
рыла піскен бір-бір сираққа ие болып, жымың-жымың етіскен.
Сондықтан сүйек-саяқ себетте жетерлік. Бағдан оны итаяққа
төге салып: «Ақтөс! Ақтөс!» — деген. Күнде шарбақ қауынан ене
бере, аяқ тықырын естісімен алдынан жүгіре шығатын итінің
қара көрсетпегеніне өкпелеңкіреп, үйшіктің ішіне үңілді. Іле
мойнын бұрып, жан-жағына қарады. Жым-жырт. Ауланың ішін,
түкпір-түкпірді кезіп шыкты. Жым-жырт. Кейде Ақтөстің өзі
болмаса да, мұнда алты күшік домалаң кағып жүретін. «Бұнысы
несі? Әлде бұл жерден безінейін дегені ме?». Болат айнала
төңіректі шарламақ боп, көшеге шықты. Бода-бода терлеп,
аласұрып жүрген оны бір кезде көше сыпырушы токтатты.
— Балам, не іздеп жүрсің?
— Ақтөс те, күшіктер де жоқ...
591

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Алқынып тұрған баланы көше сыпырушы қарт аяп кетті.
Дегенмен, осы манда сенделіп кешке дейін жүре берер деген
оймен:
— Кеше бұл үйдің ауласында екі-үш бала жүр еді, таңертең-
гісін ит аулаушыларды көріп ем... — деп күдігін жасырмады.
Мұны естігенде, Болаттың жүрегі өрепкіп кетті. Мана
Бағданға: «Жүр, Ақтөске барып қайтайық», — дегенде, ол бүге-
жектеп, әлденені сылтауратып, міңгірлеген еді. «Не пәле келсе
де, содан, — деп ойлады Болат,— «Екі-үш бала жүрген» дейді...
Ол... олар...». Бағданның үнемі Дәукенмен бірге ойнайтыны есіне
сап ете қалғанда Болат көше бойымен дедектей жөнелді. Бұрын
кермегендіктен бе, ит аулаушылар қаперіне де кірген жоқ.
Көңілі әлем-жәлем боп, асығып-үсігіп жүрген Болат Дәукен-
нің үйіне қалай, қайтіп жеткенін де аңғармады. Подъездің
есігін серпе ашып, тепкішектермен тапырақтай жоғары көтер-
ілді. Бесінші қабаттағы Дәукендікіне жете бергенде, енсесін
көтерген. Есіктің кіре берісіне төселген алақандай кілемше-
нің үстінде дірдектей тоңып, бұйығып жатқан күшікті көрді.
Өзі иемденіп жүретін, Ақтөстін аузынан түскендей сүйкімді
күшігі! Дереу оны жерден көтеріп алды да, есіктің қоңырауын
безілдете басты. Іштен жабылатын екі құлыптың шығыршы-
ғы бірінен кейін бірі сыртылдай бұралды, есіктің шынжыр
баулы ілмешегі сәл керілді де міз бақпады.
— Ақтөс қайда, күшіктері қайда? — деді Болат түтіге.
— Білмеймін, біз мынаны ғана алғанбыз... Шын айтам...
— Ол кім? Не дейді? — Есіктің саңылауына Дәукеннің апа-
сы жетіп келді. Шөмеле шөптей қауқиған шашына бигуди
салыпты, қолында айна,— Ә, мына күшік сенікі ме еді? Айналай-
ын, бұдан былай итіңе ие бол. Мына жарымес кеше алып
келіп, қыңсылап, мазамызды алды. Түнде сыртқа лақтырып
тастағанбыз. Үсті толған паразит пе, кім білсін. Бұдан былай бұл
маңнан көрмейтін болайын.
Есік тарс жабылды да, кілттері сытыр-сытыр етті. Кеудесі
көріктей көтеріліп-басылып, долырып тұрған Болат не істер-
60

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ін білмей сәл аңырып тұрды да, есіктің қоңырауын безілдете
басып-басып, төмен қарай жүгіре жөнелді. Сыртқа шыға бе-
сәт Дәукенді емес, бұрын көрмесе де ит аулаушыларды сұмдық
жек көріп кетті. Олар көз алдына құбыжық сияқты елес-
теді. Дәукен сотанақ, сотқар болғанымен өтірік айтпайды деп
есептейтін. Ол «шын айтам» десе, сенетін.
— Қарның ашып қалды ма, мәме керек пе, сәл шыда, үйге
барған соң емізікпен сүт берем,- Болат күшікті жылы қойнына
тыкты.— Айболит ағаға барып тұрамыз. Сосын... сосын жаз шыға
ауылға, атама барамыз, жарай ма!..
Болат сол күні ескі үйге әлденеше барып қайтты. Ақтөс
домаландаған күшіктерін ертіп, арсаландап алдынан шыға
келетіндей елендеп жүрді.
Бір апта бойы үмітін үзбеді. Бір келгенінде бульдозер ескі
үйді қаусата бұзып, ауланын топырағын қопарып, әңкі-тәңкі-
сін шығарып жатыр екен. Мұны көргісі келмей теріс бұрылып
кетті.
Көңілі құлазып, сабағы да нашарлаңқырап жүрген Болат
бір күні ойланып келе жатып, табан астында қатты куанды. Сол
қуанышы қойнына сыймай, үйіне келе салып, күшікті Актөс
деп атады.
— Ақтөс! Ақтөс!
Сәлден соң бірі қашып, бірі куып, бала мен күшік аулада асыр
салып жүрді.

Марат
ҚАБАНБАЙ


(1948-2000)
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы Қараүңгір
ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыста бір
жылдай жұмыс істеді. 1966—1968 жж. аудандық «Достық» газетінде
корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1975 ж.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика
факультетін бітіргеннен кейін «Лениншіл жас» газетінде, «Жалын»
баспасында, Қазақ КСР баспа, полиграфия және кітап саудасы
істері жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеді. 1987—1994 жж.
шығармашылықжұмыста, 1995—1997 жж. «Анатілі» газеті редакторының
орынбасары, 1999 ж.-дан өмірінің соңына дейін «СолДат» газетінің
бас редакторы болды.
Марат Қабанбаев «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана»,
«Бақбақ басы толған күн», «Жиһанкез Тити», «Қала және қыз бала»,
«Еркін сабақ», «Сурет салғым келмейді», «Атлантиканың арғы жағы,
бергі жағы» хикаяттары, әңгімелерімен қатар «Кермек дәм», «Айшылық
алыс жол» романдарын жазды.
«Бақбақ басы толған күн» хикаятының негізінде «Он екі
жасқа толғанда» деген толық метражды телефильм түсірілді. Әр
жылдары балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың
республикалық жабық бәйгесінде жүлделі орындарды женіп
алған. Қазақстан Жазушылар одағының Мұхтар Әуезов атындағы,
Халықаралық Г.Х.Андерсен атындағы сыйлығының лауреаты.
Жекелеген туындылары украин, молдован, латыш, неміс тілдеріне
аударылды.
62

ПЫСЫҚБОЛДЫМ,


МІНЕКИ
А
уыл сырты... Жұмаштың басының қасқасынан ау-
майтын тақыр айра-жайра асық. Балақты тобықтан
түріп тастап, асық ойнап жатырмыз. Шешіп қойған
екі пар бәтеңке тақыр шетінде құлақтары ербиіп-ербиіп тұр. О
жалаңаяқтанып ап, асық ойнағанға жер үстіндегі бір де бір рақат
жетпейді. Май топырақ табан қытықтайды. Асықты жалаң аяқ
ойнағанның тағы бір тамашасы бар. Біз шетімізден жұлымыр-
мыз. Ал жұлымыр бала киген бәтеңке оңа ма, өкше желіне-желі-
не бірі оңға, екіншісі солға қисайып кеткен. Қисық табан бә-
теңке киген бала асықты да қисық көздейді. Ал қисық көздеп
көр, әп-сәтте-ақ барынды сыпырып алады. Сондықтан мана
тақырға іліге бере өңкей кисыктабан бәтеңкені атып ұрғамыз.
Үшбас, Үшекең — қасқабас Жұмаштың төбесіне көтерген
тұңғышы қояр емес. Мойнын қудай созып жіберіп, оң көзін қы-
сып қойып, құлжаны иіре атып жібергенде, тізіліп тұрған асықтар
бауырсакша шашылып, әр жерде тырайып-тырайып жатады.
Іш алай-дүлей. Өзек өртеніп барады. Мана қос қалтаны
асыққа лықа толтырып, бірдеңеден құр қалғандай тақырға қос
аяқтап шапқылап, жетуін жетіп-ақ келіп ем. Қазір екі қалта бос.
Үшбас егер осы жерде былбырап піскен қойдың басының
құлағына айнала қалса, олла-білле, түк ойланбастан кылғи
салар едім. Әкесі өлгендей осыншама ойсыратып ұтпаса, акысы
кете ме екен? Өзінің мойны да, қолы да тертедей ұзын. Еңкейе
беріп, созылып қалғанда, қандай алыс тұрған асықтьщ дөп
үстінен үңірендеп шыға келеді. И-ий, анау ойқы-шойқы бас
терісі неткен сыйықсыз! Құдай шіркін адамдарды жаратып келіп,
кезек Үшбасқа жеткенде қатты шаршап қалған білем, қалғып-
63

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
шұлғып отырғанда қателесіп кетіп, төбе деп шүйдені томпита
салса керек. Сосын Тілештің — шын аты ғой — өнделіп бітпеген
басын алай-былай біраз домалатып: «әй, төбе деген шүйдеден
алыс жатпаушы ма еді» деп, былқылдаған еңбекті шодырайта
қойыпты. Ол да үнамай, ақыры шүйде мен еңбектің арасынан
төбе шығарыпты. Бәрі де дұрыс. Ел жаманы, құдекең шүйде
мен еңбектегі кате кеткен екі томпакты жазып, жаймалап,
қалпына келтіруді апаш-құпаш қарбаласта тарс ұмытыпты.
Басы үшеу, төртеу әлде алтау бола ма, Тілеш оған пыс-
қырмайды да. Кластан класқа қатырып көшеді, асықты қатырып
ойнайды. Қысқасы, жалғанды жалпағынан басып жүр. Осы
тұрғанда: «Шіркін, менен кейін бір іні туа қалса, өзі Үшбастан
асқан қитар болса-а... — деп қиялдап қоямын..— Өсе келе
күндердің күні Үшбастын ішін кептіріп тұрып ұтар едім, бәлем!
Әйтпесе, жакын-жұрағаттардағы мұрынбоқтардың арасынан
сондай біреу шықса. Әттең, ондай бала жақын-жұрағат түгіл,
бүткіл Аққұмда жоқ, жоқ. Кішкентай бала атаулы шетінен
жайнаң көз пәлелер».
... Үшбас қампиған қалтасын сыртынан ұрып қалып еді, көп
асық: «Біз мұндамыз, төрт көз түгел, саспаңыз» дегендей күтір-
күтір ете қалды.
— Кәне, бар ма асық? Болса, таста! — Үшекең баяғысындай
жалақ-жұлақ етеді. Қитары да, түзу көзі де жұрк-жұрқ етіп,
өңменімнен өтіп барады. Ондайда өзінен біртүрлі сескеніп
каласың.
Қалтаны аударып ем, аш есектің құлағы құсап салбырай
қалды. Тек мамамның жанын қоймай: «Киноға билет алайын-
шы, балалар опыр-топыр кіріп жатқанда, мен ылғи сүмірейіп
тұрамын», — деп кыңқылдап жүріп сұрап алған елу тиын жарқ етіп
жерге түсті.
Үшбас мандайынан желкесіне дейін сыдыртып сипап өтіп
еді, алақаны сансыз ойқыл дөндерде қарғып-қарғып кетті. Жаны
ашығансып, бетіме бірер минут мүсіркей қарады. Мен оған
босаңси койғаным жоқ. Өтірік жаны ашып жүріп үптеп кететін
Үшбастың сырын кім білмейді!

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
— Қайтеміз? — Күрсініп салды,— әй, жағдайың қиын-ай, қиын.
Сұмдық! Бере ғой енді елу тиынынды. Әр асық — екі тиын!
Екі уыс асықты тақырға керенау шаша салды. Көбі менікі.
Әне, Ақтөс мүжіген — ақыры мүжіген екен, неғып қылғи салмаған
— сынық мұрт сақам көзге күйік болып, омпы түсіп жатыр.
Амал жоқ, мойнымды оң жаққа бұрып тұрып, сарымайдай
сактап жүрген тиынды ұстата салдым.
— Сдаш ертең! — деді тиын қалтасына түскесін Үшбастың
дауысы лезде қатайып. —Тіз асықты! Үтқан мен, әуелгі кезек
менікі!
Бүкеңдей жүріп, асықтарды тіздім де, шетке шығып, мың-
қылдаңқырап:
— Ал... ат! — дедім.
Үшбас құлжа сақаны үйіре лақтырып жіберіп, қағып алды да,
тұкіріп-түкіріп тастады әлгі жерде.
— Ә, кұдай, қанды басыңды бері тарт! Қақ жүретің тұсы деп,
ей, Досантай, өлер жерің осы деп...
Көзді жұмып ала қойдым. Сыптай тізілген асықтардың
келер секундта бет-бетіне ұшып кеткенін көргім жоқ. Мамамша
айтқанда, «нервім бұзылады». Бір, екі, үш, бес... он... қырық...
О, тоба, бақандай минут өтсе де, сақ еткен құлжа дыбысы
естілмеді. Таң-тамаша күйі көз ашсам... Үшбас тізесін құшақтап,
тақырдың ортасын ойып отыр. Бетін ауыл сыртындағы азық-түлік
дүкеніне беріпті. Мойын ішке кіріп кеткен.
— Әй, Тілеш, атпайсың ба?
Тілеш — Үшбас маған әрең бұрылды. Көзіндегі жарқыл сөн-
іпті.
— Досан! — деді бетін әрі салып. Үні әзер естіледі. — Досан,
арақ ішкім кеп тұр.
Шошып кетіп, шоршып түстім.
— Арак? Оның не? Қайдағы арақ?!
Шын-ей, зәрем қалмады. Арағы несі? Бұл Үшбас асык ой-
наймын деп, әбден бұзылған екен. Әнеукүні тақырдан шаң-
шаң күйі түнгі сағат онда үйге кіріп келгенде: «Е, балам, жа-

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
радың! Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар. Алған бетіңнен
қайтпасаң, осы екеуінің біреуінен шығып қаларсың», - деп еді
мамам. Сол азу мен тозудың аяғы арақ ішуге тіреліп жүрмесін.
— Ана магазиннің арағын айтамын да. Арақтың бәрін мен
ішіп қойсам, папама түк қалмас еді,—Үшбас орнынан әрең тұрып,
шалбарының шаңын қақпастан, аяғын сүйрете басып, ауылға
беттеді. Жүрісі тура Кәртеңбай ақсақал. Бір минутта қартайып
кетті.
Тілештің папасы — кассир Жұмаш, қасқабас Жұмаш дүкен
етегін баса өтіп, ауылдың арғы шетіне шығатын қасқа жолға
түскен екен. Аяқ алысы қызық. Бес-алты адымды адам сияқты
дұрыс алады да, әлдебіреуді көріп калғандай, жолдың оң жағына
теңселендей, тапырақтай ұмтылады. Кеуде, бас алда, аяқ артта.
Содан жол жиегіне шықты да: «Оу, жақсы дос, көре алмадым-ау
өзінді, жер жұтып кетті ме? Кайдасың, жаным, көрінші көзіме!»
— дегендей аңырып тұрып қалды. Басы қалт-құлт. Келер сәтте
жолды кесе тәлтіректеп, сол жақ бетке ентеледі. Аяғы мақта,
шүберек, резеңке тәріздес жұмсақ материалдардан жасалған
бірдеңеге айналған ба, бұралаңдап, бір-бірімен айқасып кетеді.
Ойхой, біздің ауылдағы жол атаулы көл-көсір кең ғой,
шіркін! Кеңдігі сондай, «ДТ-20», «Беларусьтен» бастап, алып
«Кировецтер», тіпті оң-солға тәлтіректеп, әлдекімді тентіреп
іздеп жүрген Жұмаш ағай да сыйып кете барады. Бәрін көтереді.
Ауылдағы әр шофер, трактористің қасқа жолға жанасалап
салып алған өз жолы, өз ізі бар. Автоинспектор алыста, аудан
орталығында. Кім калай жүргісі келсе, өз еркі. Жер жетеді.
Мәселен, қызыл тайынша «ДТ-20»-ға ие Қасен көк «Беларусті»
Семейханның ізімен өлсе де жүрмейді. Өстіп-өстіп біздің көше-
лер көше емес, он тракторды жарыстырып қатар салса, былк
демейтін кең де жазира, айдау қара жолға айналған. Сол неше
түрлі нән техникалар, он Семейхан мен бес Қасен тракторлары-
мен коса түсіп кетсе, қыңқ демейтін айдау жолға Үшбастың
папасы сыймай барады.
Бәтеңкемді аяғыма апыл-ғұпыл іле салып, Үшбастың соңы-
нан салдым.
66

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Сол минутта Семейханның көкқасқа «Беларусі», қызыл
жалауын желбіретіп, көшенің аяғынан «тыр-рт, тырт!» деп,
қакалып-шашалып, ойнақтап шыға бермесі бар ма. Семейхан
қьізыл жалауды капотқа биыл қадаған. Шөпті алды-артына
қарамай, бас көтерместен шаба беремін, шаба беремін деп,
хұрттың алдына шығып кетіпті. Трактор мұздай көк, жалау
қьізыл, несін айтасың, әпкеме жездем сай, келісіп тұр. Сол
көк, қызыл көзіне оттай басылды ма, Жұмаш кассир қос қолын
жоғары көтеріп, жолдың нақ ортасына талтайып тұра қалды.
Абажадай «Беларусь» жақындай келе жаксы дос әлде жақын
туысына ұқсап кеткен болу керек, секунд өткесін құшағын
айкара ашып, арқырап төніп қалған көк тракторға далбандап кеп
ұмтылды. «Бітті!» — дедім іштей.
Көк трактор қорқақ екен. Шошып кетіп, жол шетіне жалт
беріп еді, жиектегі телеграф бағанасын капотына іліп кете
жаздады. Семейхан қызыл жалауды бекерге қадап жүрген жоқ,
тракторды алай да, бұлай да ойнақтатып, бағананы әупіріммен
айналып өтті.
Бұл кезде Үшбас та әкесінің колтығына жармасып еді.
Балағым жалпылдап, мен де елеуреп жеттім қастарына. Қарап
тұрайын ба, шап беріп, кассирдің екінші қолтығына жармастым.
Жұмаш аға үндінің биші қызындай басын оң, солға былқ-сылқ
бұрып, Үшбас екеумізге кезек қарады. Көзі қанталап кеткен.
Сонсоң екі аяғымен тік тұрып билеген кенгуруді көргендей қатты
ежірейіп:
— Е-ей, — деп, сұк саусағын бетіме тақап, ауаға шым-
шытырық ою сызды. Әу баста: «Осы кісі мені сиқырлап тұрған
жоқ па?» — деп, сескеніп қалып ем, бақсам, саусақ безеген түрі
екен.— Ей, сен, сен... ағаш аяқтың баласы-сы... Іиа, іиа, — деп,
ықылықтап алды.
Күйіп кетіп, аш күзенше шақ ете қалдым:
— Болсақ, болармыз. Ал сіз кімнің әкесі боларсыз?
Жә деген бригадир көкемді ағаш аяқ деп кеміткені жанға
батып барады. Сау аяғын салып беретіндей қақылдай қалғаныны
қарай көр.
67

■>’
К.АЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Суырдың айғыры... Ағаш аяктың баласы деп кім айтар.
Бетін карашы, табактай... — Еңкейіп, кастрөлдің қақпағы се-
кілді жалпақ бетін көзімнің кақ алдында жайымен арлы-бері
дөңгелете бастады.
— Басқаның бетін басынызға жағасыз ба? Әуелі өз бетіңізге
қарап алыңыз, — деп, нақпа-нақтай бастап ем, біреу ойда-жоқта
кос қолдап кеудемнен итеріп қалды.
Шалқаманан түсе жаздадым. Ойнақши қалған өз осімді
әрең тауып, бой түзесем... Үшбас! Көкшіл көзі арғы-бергімнен
өтіп тұр. Жүзі ылжырап піскен бүлдіргендей канқызыл.
— Әй, не... — Шәңкілдей бастап ем, Үшбасты бүгін түлен
мықтап түртіпті, атылып кеп, кеудемнен және итеріп қалды.
— Сен, сен... құйысқанға кыстырылма! Шатағың болмасын
бізде! Әйтпесе бар ғой, әйтпесе...— Әйтпесе не істейтінін өзі де
білмейді екен, тұтығып, от алмаған трактордай қақалып-ша-
шалып қалды.
Үшбас түгіл, жетібасты жалмауызға айналып кетсе де, бір
сұрапылды бастап жіберейін деп едім. Әттең, көше ортасы
күш сынасатын ауыл сыртындағы ақ тақыр емес. Ақ тақыр, ак
тақыр, әй, тақыр-ай... Қадіріңді қазір біліп тұрмын-ау! Көше-
нін екі қапталындағы сынсыған қалың үйдің терезелерінен,
шарбағынан, есік алдындағы қаз-қатар орындақтардан бізге
кемі он пар көз құртын салып қарап отырғанын желке, арка,
иық, омырау, тіпті қарныммен сезіп тұрмын. Ол он шақтының
біреуі кластағы ұлдарды да, қыздарды да, өзін де ылғи тәртіпке
шақырып жүретін көзілдірікті Кәбира болмасына кім кепіл.
Күніге он достасып, он қастасып жататын қайран ақ тақыр,
аман бол! Тірі жүрсек, саған да бір жетерміз, сосын Үшбас шырақ,
әуселеңді көріп алармыз.
— Чао! — дедім Үшбастың күршек тұмсығын тістеп алардай
төне түсіп. — Чао, Үшбасик! — Кілт бұрылып, май топырақты есе
жөнелдім.
68

К.АРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Кассирдің жаңағы сөздері шымбайыма қатты батты.
«Суырдың айғыры... Ағаш аяқтың баласы деп кім айтар. Бетін
қарашы, табақтай...» Жүрегім айнып, кілкіп аузыма келе қал-
ды. Ауылдағы басқа балалар ыза қос өкпеден қыса жөнелсе,
щекісіп алады, қыздар жылап-сықтайды. Ал менің жүрегім
айниды. Сабақ екеш сабақтан екі алсам, жүректің тұсын басқан
күйі тысқа ата жөнелемін. Мұғалімдердің де оған әбден еті
үйреніп алған. Мысалы, тарихтан оқытатын Эра Екпініч екіні
қонжитар кезде оң қолыңдағы қаламды журналдағы тізімге тақай
беріп, сол қолымен шығар есікті нұсқайды.
— Жүгір, екі алдың, Атымтаев, жүгір, рұксат, рұқсат!
Баланы сабақтан қуып шыға беру қай мұғалімге ұнасын,
обалы не керек, екіні аз қоюға тырысады. Жүрек айнитын осы
қасиетім, бір есептен, сабақты жақсы оқуға септігін тигізіп
жүр. Төрт көзі түгел класс алдында лоқсу кімге абырой әпе-
ретін қасиет. Ал өйтпеу үшін екілік ауылына жоламаған жөн,
тақта алдында қамшы сылдырмау қажет.
Жұмаштың айтып жүрген «ағаш аяғы» — баяғы менің көкем
де. Ана жылдары «машинасынын есігін айнадай ғып», шофер
болып жүргенде қыста боранда қалып қойып, аяғын үсітіп
алған. Қазір шөпшілердің бригадирі. Қасен, Семейхандарды
бір шыбықпен айдайтын бастық. Көкемнін беті жалпақ екені
енді... жалпақ. Мен де бет жағынан ол кісінің аузынан тұсе
қалыппын. Ауылдағы біраз жақсы адамдардың беті жалпақ.
Жұмаштың өзінің беті де бес гектар. Ендеше, жаңағы мазағына,
ойбай, не жорық?
— Бө-оу!
Иіліп кеткен басымды жұлып алсам, қарсы алдымда Қара
Бонбы мойнын ішке ала айыр мүйізін тосып тұр. Ұзындығы
есік пен төрдей бұл оқтаудай жұмыр қара бұқанын ауылға
аңыз боп тараған шатақ мінезі бар: алдына көлденең келе
көрме, келсең, бітті, мүйізіне ілігесің, ілікпесең, бас-көз де-
69

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
мей, тапап жүре береді. Көлденең келмеген жанда шаруасы
жоқ. Танк секілді қызық-ақ жануар. Сол мінезіне сай ауыл
өзіне Қара Бонбы деп айдар таққан. Кассир Жұмашқа қаным
қайнап келе жатып, Қара Бонбыға көлденең келіп, әдепсіздік
жасаппын. Қайта, «Бө-оу!»деп ескерту жасағанын айтсайшы.
Шетке ырғып түсіп, қолымды екі мәрте жайқап, реверанс
жасадым. Қара Бонбын қос мүйізін аспандата көтерген күйі,
маған пысқырып қарамастан, тұяғы сыртылдап кете барды.
Реверанс жасағанға өзін бұқалардың королімін деп ұғып қалса
керек. Қара Бонбы баяғыдан король болғысы кеп, бұзылып
жүрген бұқа ғой. Әйтпесе, алдында кім тұр деп көз қиығын
салмай ма? ұлде бұл шіркін осы ауылдағы бір жас құнажынға
ғашық болып қап, миы ашып жүр ме?
Бұқа екеш бұқа да басынды.
Еңкейіп, балағымды сарт-сұрт қағып ем, балақтағы шаң
басынып, басыма шықты. «Не өзі? Мен қырсықпын ба, бүгінгі
күн қырсық па? Жұлдызым терісінен туды да тұрды. Қолты-
ғынан демейін деп кассирдің қасына шауып барып ең, алғыс
айтқанның орнына ит терінді басыңа қаптады. Қалтадағы бар
асықты қотарып, елу тиыныма дейін қағып берсем де, Үшбас:
«Құйысқанға қыстырылма!» — деп жекіді. Біреуге жақсылық
жасағың келсе, әлгі жақсылық өзңе жамандық болып тиіп,
шекенді ісіріп жүр».
Мен осы тұзы жеңіл баламын. Алдыңкүні Әйеш әп-
кеме жаным ашып: «Кинодан қайтқанда Қасен мен Семей-
ханды қақпаға дейін ертіп келмей, бұрылыста тастап кетсейші.
Мамам көріп қойса, кайтесің?» — дедім. Әйеш жүзін кұбылтып
жіберіп, қалың қара шашын құшырлана пытыр-пытыр тарап
тастады да: «Көрінген тесікке тұмсығынды сұға берме, жарай ма,
Досаник!» — демесі бар ма.
Санап тұрсам, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай үш адам
сүйдепті.
Әй, өзімде де бар. Оңтайлы тесік болса, тұмсықты сұғып
алғым кеп тұратыны рас. Осының кесірінен баяғыда мұғалімнен
сөз ести жаздағам.
70

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Сол күні Эра Екпініч Пуникалық соғыстарды түсіндірген.
Карфагеннің қолбасшысы Ганнибал Альпі асып, Италияға басып
кіріп, әбден еліріп кеткен легионерлерді қан-жоса қырса керек,
бәлем. Мұғалім Ганнибалды, онын қолбасшылық өнерін жер-
көкке сыйғызбай мактады да, римдіктерді сүмірейтіп салды.
«Римдіктерге осыншама өшіккені несі? Эра ағайдың жетпіс
жетінші бабасын римдіктер құлдықка айдап кеткен жоқ па екен?»
деген шатақ ой жылт-жылт ете қалды. Сол мұң, басымдағы
бір тетіктер қызып сала берді. Мен өзі сондай баламын, шатақ
ой ойласам бітті, басым қарадай қызып, ішінде бірдеңелер
бықсып жанып, әрі-беріден соң миым балқуға айналады. Тіл
ұшы дуылдап қышып, әлдекім құлағыма: «Ал сөйле, сөйлеп қал!
Демесең, ендігі ғұмырында кезек тиюі екіталай», — деп, жанығып
сыбырлай бастайтындай. Сонымен, бәрін айт та бірін айт,
әлгі сыбырға құлак салып отырып, қол шошайта койыппын.
— Ал сөйле, Атымтаев! — Мұғалім қаперсіз.
— ?!
— Сабақты толық түсіндін бе? Тақырып, бүгінгі тақырыптан
шықпай сөйле!
Мейлі, бүгін тақырыптан шықпай-ақ қоямын. Аузың барда
асап қал, Атымтаев!
— Сіз жаңа Ганнибалды мақтадыңыз. Ал Ганнибал тыныш
жатқан Италияға тиісіп, басып кірді. Ендеше, карфагендіктер
басқыншы емей...
Эра Екпініч әуелі Ганнибал табан астында тіріліп кеткен-
дей көзілдірік үстінен маған ежірейіп қарады. Жақсылап жауап
берген, жақсылап сұрақ қойған оқушыларға ол көзілдірігінің
үстімен қарайтын. Жұдырығына екі-үш рет жөткірінді.
Стол үстінде шалқайып жатқан кітап бетін судырлатып
аударып тастады. Сосын тағы маған қарап, «Адидау, дай-даду-
дау-даулап» ыңылдай берді де, кілт тынды. Көзілдірігін алып,
қайта киді. «Кһің!» деп:
— Оның өзі былай... Карфаген Римнің бәрібір түптің түбінде
тыныш қоймайтынын білген. Білген... Яғни екі кошқардың, —
71

1
ҚАЗАК,


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
мұғалім балалы үйрек, ортан терегін жоғары шошайтты, — басы
казанға сыймайды... Сыймайды... солай...— Екі қошқардың
басы сыймайтын қазанның аузы ма, сұқ саусақпен ауада шеңбер
сызды,— Сосын алдын алып, өздері шабуыл жасаған. Сосын
Ганнибал ұлы қосбасшы болған. Болған-н...— деп ыңылдап біраз
тұрып, Эра Екпініч сөз аяғын жұтып қойды.
— Ганнибал басып кірді ғой, кірді. Легионерлерге қоса
бейбіт халықты қоса қырды ғой, қырды, — деп, қосанжарласып
мен де қоймадым. «Бір пәле басталмай тұрғанда, ойбай, қоя
қой, қой!» деп сигналдар миымда жазылуын жазылып жатыр.
Әттең, бастың ішіндегі әлгі бір тетіктер әбден қызып, өз аузым
өзіме бағынуды қойған. Легионерлерге қоса бейбіт халықтың да
қатты қырылғанын кеше түнде тарих кітабынан оқып алғамын.
Мен тарих, әдебиет, география сияқты сабақтардан ылғи да
мұғалімнен бір тақырып алда жүремін. О, ол жатқан шылқыма
қызық! Кластағы барлық оқушы дым сезбей, көздері бақырайып,
мұғалімнің аузын бағып отырғанда, сен бәрін білесің, бәрін
алдын ала түсініп аласың. Ондайда әлгі көп білімнен сақинасы
суырылған гранатадай жарыла жаздап, әрең отырасың да, ақыры
шыдамай, қай-қайдағы сұрақтарды төбеден түскендей мұға-
лімге қойып кеп қаласың. Эра Екпініч кітапты тарс жапты да,
көзілдірігін саусақ ұшымен төбесіне қарай көтеріп жіберіп,
маған әйнектің тура астынан шақырайып қарады. «Екі» алған
балаға ол көзілдірігінін астынан қарайтын.
— Бұл сұрақтың сабаққа еш қатысы жоқ. Ол туралы мына
кітапта ештеңе жазылмаған. Жазылмаған... Ал оқулықта жаз-
ылмаған нәрсені мен, Атымтаев, саған қойнымнан суырып
бере алмаймын. Сен, Атымтаев, сен бар ғой, көп аптықпа.
Міне, мына қалың көгенкөз қоңырау қашан соғылады деп
тыпыршып отыр. Бірақ қаншама тыпыршығанмен, қоңырау өз
уақытында, 1-ден 5 минут кеткенде ғана соғылады. Күте білсен,
бәрі өз уақытында, өз орнымен келеді. Асығып-аптықсаң,
бірдеңені ақыр аяғы бүлдіріп тынасың. «Желіп келе жатқанда,
түсіп кеттім апанға...» Сол мақалды білемісің, әй? — деп, маған
тағы шақшиыңқырап қарады.
72

ҚАРЛЫ-ҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
«Түсіп кеттім апанға...» Апаны несі? ұй, апан деп тоқсан
қорытындысын айтып тұрмасын. «Байқа, тарихтан тоқсанды
«орташаға немесе «жаманға» аяқтап қалып жүрме, пысықсына
берме»дегені. Осыны ойлағанда, зәрем зәр түбіне кетіп, мандайым
суып сала берді. «Сізді жақсы, өте жақсы, өте жақсы түсіндім. Эра
Екпініч! Қараңызшы, міне, жуасыдым» деген қалып танытып,
мүләйімсіп төмен қарап, парта бетін тырнақ үшімен сызғылап
кеттім.
Эра Екпінічтің қай «апанды» мезгегенін бүгін ұқтым. Ол
қісінің айтқаны айнымай келді. «Бірдеңені бүлдіріп алма», — деп
еді, бүлдіріп тындым.
Кассир: «Суырдың айғырынша шақылдама!», Әйеш: «Көр-
інген тесікке тұмсығынды сұға берме!», Үшбас: «Құйыскан-
ға қыстырылма». ...Бүлдіру осы емей, немене. Үшеуі де жатым
емес, туыс, ауылдас адамдар. Бірдеңені білмесе, бүйтіп жанға
батырып айта ма. Әлекедей жаланып, әншейін ізденесің де
жүресің. Шоқ, шоқ, өзіңе де сол керек, Атымтаев!
Үйге келсем, мамам аулаға көлденең тартылған керме жіпке
кілемді асып қойып, велосипедтің насосымен сартылдатып
қағып тұр. Сілтеген сайын қалайы насос батып бара жатқан
кешкі күнге шағылысып, шақырайған ақ сәулесін көзге сұғып-
сұғып алды. Кілемнен анау айтқандай бұрқылдап ұшып жатқан
шаң жоқ. Ирең, ирең, иреңбай ою-айшыктары жаркыраған
осы кілем үйге кірген күні-ақ мамам аулаға шығарып қағып
алған. Сол қағып-соғу содан бері жиілемесе, сиремеді. Және де
мамам кілемді ел жұмыстан, мал өрістен кайтып, көшені мол
ию-кию алған кешкі мезгілде қағады. Әне, кілемді көше беттегі
шарбаққа асып жатыр.
— Досан-ау, ай қарап тұрмай, көмектессей. Кілемі құрғыры
зілдей екен, — деді. «Кілем» дегенде әндетінкіреп алды. — Көше-
көшеге қарай салбыратып іл!
Кілемнің құлағына жармасып жүріп:
73

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Мам десе, одан да ішке неге жаймаймыз? Қалың шаң кай-
та қонады. Ауладан қасқыр жеп кете ме? әрлі-берлі өткен сиыр-
лар жалмап тастаса, маған ұрсасыз, — жаманшылықты тақатып
қойдым.
Мамам жымиды да:
— Көп білсең, тез қартаясың, құлыным, — деп, жарылқап
тастады. Қызық, мен «а» десем, мамам «б» дейді. Білгені қалай,
тез қартайғаны несі? Оның кілемге нендей қатысы бар? әй, бұл
үлкендердің сырына кім жеткен.
Байқаймен, көшеден өткен адамдар шарбақты ерттеп мініп
алған кілемге көз салмауға тырысады. Шарбаққа жақындай бере
бастарын төмен тастап жіберіп, мойынды ішке алып, жылдам-
жылдам басып, тез өтіп кетіп жатыр. Қасқа сиыр ғана тоқталып,
кілемге зейін салып қарады. Жалтыраған көп айшық-оюдан көзі
шұбартып кетті ме, басын шайқап қойып, мүйізін тосып, бері
беттеді. Сол екен, мамам көшеге атып шықты.
— Өк, үй, өк! Мына карасан келгір кілем көрмеген бе. әй,
Досан, өкдеші! Кілемді мүйізіне іліп кетер, тәйірі!
Дәудіреп, қаска сиырды насоспен кақпалап, біраз жерге
тырқыратып қуып тастады.
Сосын аулаға кірді де:
— ¥лым-ау, неғып ұнжырғаң түсіп кеткен, не болды? — деді
мүлдем басқа үнмен биязы сөйлеп
Үшбас, кассир оқиғасын жасырмай, құлағынан тізіп айтып
бердім.
— Е, Жұмаш шіркін кәссінің буына шыдай алмады. Семіздікті
қой көтереді. Көйлек көк, тамақ тоқ. Тиынды кім санап жат-
сын. Қалың құмның қойнауынан айына, жылына бір келе-
тін қойшылар ақшаның кесегін калтаға басады, тиын-тебенін
тастап жүре береді. Жұмысына мықтысы мықты, тасаяқтай
қағыстырады. Мықтылығын қайтейін. Жұмеке, Жұмеке десе,
атынан домалап түсе калатын байғұс. Ішпесе, тәп-тәуір адам.
Ішсе болды, сығанның аты құсап ойнап шыға келеді, —деп, мен
үшін мағынасы бұлдыр сөздерді төгіп-төгіп тастады. Назалы.
74

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Жұмаштьг мақтап тұр ма, даттап тұр ма, айыра алмай, әбден
дал болдым.— Үшбасың: «Құйысқанға қыстырылма!» — десе,
қьістырылма! Қызып алған адамда не ақыл бар. Жазатайым қолы
бата тимесе, қата тиіп кетсе қайтесің. Әкеңдей адам. Үлкенмен
жағаласпа, тілімді алсаң,— Кәдімгідей кейіп тұр,— Жылтындама,
үйге бар. Қарасайдан бөле әпкең келген, сәлем бер.
«Жылтындайын деп тұрған ешкім жоқ» дегенді мамам
ажырата алмастай мұрын астынан мыңғырладым да, үйге
беттедім. «Үлкенмен жағаласпа, тілімде алсаң!» Ой, алла, бұл
Үшбастың манағы «Құйысқанға қыстырылма!» — деген сөзі
ғой. Ол төбеден түйіп қалғандай сақ еткізіп еді. Мамам тігісін
жатқызып, жылы-жұмсақтап жеткізіп тұр — айырмашылығы сол
ғана. Әйткенмен, мағынасы бір. Жұмаш, Үшбасы бар, мамам
бар бір кеште үш адам сөйледі. Соған қарағанда, мінезімде
кісіге жақпайтын ит қасиеттер бұғып жатыр-ау, бұғып жатыр.
Тұмсықта бар пәле. Сұғатын тесік қайсы деп ізденіп, етегі
желбірейді де тұрады. Еріксіз қолым мұрныма барып қалды.
Ұзармапты да, қысқармапты да, ежелгі тәипіш, таңқы қалпы,
тіпті жуық арады ұстата қойсын. «Жо-жоқ, пәле тұмсықта емес,
басқа жерде... Тұмсықта тұрған не бар, тұмсық оттегі тартып,
көмір кышқыл шығару үшін, таңқ-таңқ сіңбіруге, сүртуге, тымау
жұққызуға жаралған, оны кім білмейді» деген шартты-бұтты
ойға баттым.
Қара көлеңке ұйыған ауыз үйде аяқ астынан аз қауым сәт
соқыр болып қап, әлдене затты қағып ем, таудан тас кұлағандай
керемет каңғыр-күңгір басталып берді. У-шудан қашып, төр үйге
зып беріп ем, Әйеш айна алдында Қыз Жібектей керіліп тұр.
Айнаға қараған күйі:
— Аһа, аһа! Бұл қай торпақ екі кештің арасында оқыралап
жүрген? — деді жайбарақат қана. Қатырдым десе керек, айнадағы
келбетінен бір секунд та көз айырмастан, миығынан жымиып
қояды. Өзінің көзінде бір пәле бар. Ылғи ұйқысы әбден қанып,
төсектен жаңа тұрған адамның көзі секілді жып-жылы боп
жалтылдайды да тұрады. Осы Әйешім бұл күнде басқа Әйеш,
75

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
өзгерген Әйеш. Бұрын хал-жағдай сұрағыш еді. Күнде үзілген
түймемді түгендеп, күнделігімді ақтаратын. Қатырма жағамды
сөгіп, жуып, кайта тігіп беруші еді. Бас қатыратын есеп болса,
шашын шашыма тигізе катар отыра калып шығарып беретін.
Биыл мектеп бітіріп, ауылдағы кітапханаға орналасқалы оның
бәрі былай қалды. Әйештің баяғыдан бері бойжете алмай,
арманда жүретінін кім біліпті. Мектепті калай бітірді, - солай
сұмдық өзгерді. Сөзінің кемі тең жарымын айнаға телміріп қарап
тұрып айтады. Оның көбі және кекесін, мысқыл есепті. Түйме,
жаға жайына қалды. Айнаға қараса болды, бұл дүниені, Досанды,
әке-шешені ұмытады. Ондайда әлдене десен, оған түк катысы
жоқбірдеңені қойып қалады. Мысалы, кеше: «Әйеш, Әйеш десе,
отын жаратын балта қай жерде?» — дей қалып ем: «Бүгін кешке
өзі... қандай кино болады? «Махаббат маусымы» емес пе?» —
деп төбе шашымды тік тұрғызған. Әйтпесе, қойған сұрағыңды
екі-үш қайталатып барып, әрең жауап беретінін қайтерсің. Тас
естімей де қояды. Ал шауып ал, шамаң келсе. Мамам айтқандай:
«Осы жаман қызды сайтан түртіп жүр... Қыз Жібекше кергиді».
Бұл енді мамамның ептеп қулық жасап, қызын бізге білдірмей
астыртын мақтап алғаны. Енді ше! Кез келген кыз Жібекше кергіп
көрсін, қолынан келсе. Мамам бар ғой, мамам тегін адам емес.
Айтпайды, айтса, тура төбесінен түсіріп айтады. Әйештің жүзі-
не ұзақ тесіле қарасаң, шынында да, көзі ме, ерні ме, әйтеуір
бетінің бір жерлері фильмдегі Қыз Жібекке ұқсап тұрады. Мұндай
ұксастықтарды не деп атайтыны тіл ұшында тұрса да, желкесінен
нақ баса алмай, сенделіп жүруші едім, оны әнеукүні ойда жоқта
біліп қалдым.
Мектептен шаршап-шалдығып, әбден қажып шығып, қар-
ным щұрқырап келе жатыр еді, қолтоқпақтай қызыл трактор
бұрыштан атып шығып, соңыма түсіп берді. Рульде— жынды
Қасен! Сойған түлкідей тісін ақситып, ыржың-ыржын етеді.
Мені астық қоймасының бұрышына қуып тықпақ, сірә.
Мен де тегін адам емеспін, шыбын жан да қажет, оң бүйірге
жалтарып кетіп, қасымнан зу ете түскен трактордың артына
76

К.АРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сарт жабыстым. Қасен жан дәрмен тормозды басып қалып еді,
оңтайлы сәтті кұр жіберейін бе, баспен желкеден періп кеттім.
— Оның не, ей?! — деді желкесін ұстаған күйі ажырая қарап.
— Ал сенікі не?
Қасен ойланып отырды да:
— Әй, сенің әпкең әдемі осы. Паһ, паһ! — деп, тандайын так-
тұк қақты да, газды баж еткізіп, алға бір-ақ ытқыды.
Ой, жынды! Әйеш әдемі екен деп, мені трактордың алдына
салып, тауықтай тырқыратып қуа ма екен?! Әпкең әдемі бол-
са, көретін осындай да корлықтар бар-ау, ә? Әйештің әдемілігі
басын шын қатырып жүрсе, тракторының тегін рулін маған
беріп алмай ма. Ауылды айналып, айдарымнан жел бір есіп
қалар еді, шіркін!
Сол әдемі әпке кекілін талдап тарап:
— Тізе бүгіп, отырсай-ша-а, — деп ыңырсыды,— Ғайша-
ау, әлгі Досан деген қара қожалак ініміз осы бала. Көкемнің
атын шығаратын жалғызымыз, — деп ерніне қыстырған шаш
қыстырғышымен мені нұскады.
Сөйтсем, қара көлеңке бұрышта жұдырықтай қыз иіскеп
әлде жалап тұр ма, әйтеуір, Әйештің иіс суын бетіне тақап ұстап
тұр. Әйеш көкеме тартқан: ұзын бойлы, толық. Ондай палуан
қыздың қасында жұдырықтай Ғайшаға күн көру кайда, жау
қуғандай кіріп келген бетте өзін байқамаппын да.
Мен байқамасам да, бөле әпкем манадан бері мені бағып
тұрса керек.
— У-у, Досан інішек, сен бе едің? Айналайын, мен бөле
әпкеңмін, Ғайша деп атайды, біліп қой, — деп, ұмтылып кеп,
шұрқырап түсе қалды. Ретін тауып, жейдемнің жеңін бе,
өңірін бе, сипағысы келетін сияқты. Сәл шегініп, жалтарып
кеттім де:
— Неше атадан косыласың? - дедім мәселенің төтесіне көш-
іп. Мына кыз қазірден әлекедей жаланып тұр, кейін қай там-
тықты қалдырар дейсің. Жалпы, әпкелердің тым көбейіп кеткені
жақсылыққа бастамайды.
77

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ибай-ау, ибай, — деп қалды Ғайша, — мен білетін шығар
десем... Екі атадан қосыламыз. Осы үйдегі әпкеміз, сол бар ғой
менің мамамның туған сіндісі...
— Е, онда түбір астындағы әпке екенсің, — деп мекірендім
немқұрайды түрде.
Ғайша аузын ашып қалды.
— Түбір астындағы әпкең не, Досан-ау? Алгебраны бәріміз
де оқығамыз. Бүйректен сирақ шығармай, түсіндіріп айтпай-
сың ба былай, — деп, Әйеш ән бастады.
— Екі атадан шаршап қосылсақ, түбір астындағы әпке
болмағанда. Мысалы, Әйеш, сен бірге туған нағыз әпкесің, ал
тумаған сіз...— деп әңкілдей беріп, кілт тоқтадым. Ғайша мені
адамғасанап, құлақаспаса, тоқтамағанда қайтемін. Тап бір қашып
кетердей Әйештің білегінен қымқырып ұстап алып, шықы-
лықтап берсін кеп.
— Ойпыр-ой, Аққұм десе — ақ құм екен. Автобустан осы үйге
жеткенше туфлиім топыракқа лықтолды. Түу, қалың топырақтың
астында қалай көміліп қалмай жүрсіндер өзі?
Көңілім қатты құлазыды.
Әдемі Әйеш, әдемі емес Ғайша, қысқасы, қос әпке мені
мұрын шүйіріп, менсінбейді — әңгіме қайда?! Ғайша бет-бәден
жағынан Әйештен он шақырым алыс жатса да, бұ жағынан
екеуі құйып қойғандай. Әне, Аққұмның топырағының тарихын
түгеспей жатып, дереу француздың әтіріне, болгардың лагіне
ауысты. Өзі бүгін ортамызға қалай топ ете қалса, әңгімесі де сол:
тұрақжоқ, әр шөптің басын бір шалады.
Бұрын нағашы жұрт жайлы естігенім болмаса, мен де, Әйнеш
те ешбірін түстеп көрген емеспіз. Тек көкем көктемде совхоздан
сұранып: «Көрші облыстан бажамды Қарасайға көшіріп әке-
лемін», — деп, он шақты күн жоғалып кеткен. Көкем сол сапар-
дан оралғасын кезек мамама тиген. Көзіне жас алып отрып:
«Гүлдей әпкеден детдомға өткеннен бері көз жазып қалып
едім. Тауып берген гәзитке мың да бір рақмет. Е, түбің түскір
соғыс не істемеді?! Ағаны ініден, апаны сіңліден айырды. Уһ,
78
л

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
көкірегім карс айрылып барады, Хал-жағдайларын біліп, көрісіп
қайтайын», — деп қой сойдырып, бас-сирағын үйітіп, қоржы-
нын арқалап, Май мерекесін дәлдеп тартып отырған. «Гүлдей
тәте бізге бөтен бе, біз де ерсек...» — деп қыңқылдаған Әйешке:
«Жә, шошандама! Әуелі емтиханды мықтандар. Нағашы жұрт
жер шетіне ауып кетпес. Жазға қарай, көкең бар, үй-орманмен
ошарылып, ерулік алып барамыз», — деп тойтарып тастаған.
Апта өткесін жадырап, жасарып оралды. «Аман-сау бәрі
де. Бір қора жиеніміз бар. Әйеш шамалас Ғайша деген жиені-
міз қолқанатқа жарап қалыпты. Жездеміз де ағылып-төгілген
ақжарқын, жайдары адам екен. «Туған жердің пұшпағына ілігу-
ін іліктік. Біртіндеп жылжып, құдай қаласа, Аққұмға да жетер-
міз», — деп аңырап отыр. Әй, көкесі, естимісің өзің?» — деп, біраз
сырдың тиегін ағытқан.
Көкем аса ыждаһатпен тындаса да жақ ашпаған. Іле шөп-
шілерін ертіп құмға сіңіп кетіп, содан ұстатпай жүр. Мамам
Бірлікке арнайы барып, пұл-мата, көр-жер сатып әкеліп, әзір
отыр. Бір-екі тоқтыны күндіз-түні жемге байлап, жегенін алдына,
жемегенін артына қойғамыз. Енді көкем қашан шөптен келеді
деп, көзіміз төрт. Келсе болды: «Уа, Қарасай, уа, нағашы жұрт,
қайдасын?» — деп, дүр қозғалмақпыз.
Ғайша әпкем Қарасайда жатып ол итіс-тартысты қайдан
білсін. Ерулікті тосуға шыдамай, Гүлдей тәте көрші ауылға
қыдырып кеткенде, Аққұмнан бір-ак шығыпты.
...Түбір астына түсіп қалған әпкем Әйешпен алғашқы күн-
нен қоян-қолтық араласып, дос болып алғысы келді ме, әйтеуір
сөзшең, көңілді, қолды-аяққа тұрмайды. Айна алдында әлі де
айналшықтап кете алмаған Әйештің қалың қара шашын тарап,
кекілін әдемілеп әуре.
— Міне, бүйтсең, мандайың ашылып, кеңейе түседі. Өзің
сұлу екенсің. Осы Аққұмның адамдары біртүрлі. Күніне табақ-
тап қазы-қарта жеп, кеселеп қымыз ішіп жүргендей шеттерінен
қып-қызыл. Еһе, сенің алма бетінді маған берсе...— деп, Әйеш-
тің білегін аялай сипап қойды. Қаны тамып тұрған бетін сипауға
791

1
К.АЗАҚ


уі,.
БАЛАЛАР
и?
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
батылы жетпеді.— Қылаяғы Досан да қызыл шырайлы жігіт боп
өсіп келеді.
— Алдыңгүні мектепте парта сырлап жүріп бір сауыт қыз-
ыл бояуды іше салғамын. Бетім содан қызыл... — Қарап тұрайын
ба, Ғайшаны тірсектен қағып жатырмын.
— Немене, бетің қызыл болса, Қарасайдың мектебін тастап
кетер ме едің...— Әйеш сыңқ етті. Ой, ғажап, осы минутта мама-
ма қалай ұқсап кетгі өзі! Мамам да беталбаты сөйлемейді, ал
сөйлей қалса, тура түбін түсіреді. Бүрын аңғармаушы ем, әпкем
бойжеткен сайын мамама тартып келеді екен.
— Мектепті тастай қоймаспын. Бірақ бітіре сала шекесінен
шертіп тұрып, күйеуге тиіп алатыным хақ,— Түбір астындағы әп-
кем міз бақпады,— Рас айтамын, не жеп қып-қызыл боп жүретін-
деріңді білсем, бұйырмасын. Ауылдарың шылғи май топырақ...
— Қайдам, топырақ болсын, құм болсын, ешкімге жеріңнен
бөліп бере гөр деп жалынған жоқпыз.— Әйеш бетін сылап-сипап
жатып, Ғайшаға ондырмай шах берді.
— Шелекті төңкеріп, көлжайсаң ғып кеткен қайсың? Сен
бе, Досан? — Сөйлей кірген мамам Әйештің соңғы сөздерін ес-
тіп қойды ма, пластинканы аудара қойды,— Аққұмның ұпайын
түгендеп қайтесіңдер. Әйда, үйде омалып отырмай, одан да
кино-синоларыңа барындар. Ертең екеуің де Ғайшажанға еріп,
нағашы жұрггы көріп, аунап-қунап қайтасындар. «Жиендердің
бет-жүзін де білмейміз. Кәнекөлге шықса, келіп қайтсын. Сыбаға
сақтаулы», — деп өліп-өшіп, Ғайшадан сәлем айтыпты. Әлгі
кісі етекке түсе жатса, біз де іздерінді басып барып қалармыз. —
Самауыр көтеріп, сыртқа шығып кетті.
«Әлгі кісі» — көкем. Бұл күнде ауыл шетіне тиіп тұрған
қалың құмның арғы бетінен ойдан ойып, қырдан қырып, шөп
шауып жүр. Үйге оқта-текте соғады. Онда да, «ерігіп жүрген
ешкім жоқ», запас бөлшектер іздеп, шөпшілерге азық-түлік алып
қайтады. Соңғы жолы шөпке ала кет деп біраз қыңқылдағамын.
Көкемнің ауыл арасында жер сілкінсе қозғалмайтын шойын
адам деген лақап даңқы бар. Қарны шұрқырап ашып келді ме,
80

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК.
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
дастарқан басына қатты қабарып отырып, иісі танау қытықтаған
үнді шайына әбден қанғасын, мойнын, төсін түкті орамалмен
айкыш-үйқыш сүртіп тастап, маған аларынкырап бір қараған.
Басқа лебіз жоқ. Көкемнің сыры белгілі. Аларып қарағаны
жек көргені емес, қайта: «Е-е, қара шұнағым, аузым шайда,
құлағым сенде. Ұқтым, түсіндім. Ойласалық» дегені. Жаңағы
аларудан кейін мен қайтып тықақтамадым.
Ертеңінде оянсам, көкем жатқан орнында жоқ. Бозторғай
шырылынан тұрып, бригадасына қайқайып отырыпты.
— Мамасының тілін алып жүрсін. Қасқа сиырды кешке қарай
алдынан тосып алсын, жоңышқаға түсіп кетеді. Әйешті киноға
жалғыз жібермей, бірге барып, былай бас-көз болмай ма.— Осы
айтканынан шықса, келер аптада ерте кетемін деді әлгі кісі.
Мен шыбындаған аттай басты изеп-изеп жібергенмен,
іштей пырс-пырс күлемін. Жоңышқаны жақсы көретін қасқа
сиырға дауа жоқ. Ал Әйеш жайлы жаңағы сөзді көкем ешқашан
айтпайды. Көкем әпкемді баяғыда мамамның қарамағына
басы бүтінімен берген. Мамам әншейін жанынан шығарған
бұйрығын көкеме әдейі тағып отыр. Сөйтсе, Досан зыр жүгіріп
кетеді деп ойлады, мен тілін алмай жүргендей.
Көкемнің Әйеш екеуімізге деген бұйрық-тапсырмасын ма-
мама айтып кететіні рас. Ол мінезін мамам да барынша сарқып
пайдаланып бағады. Өстіп, өз бұйрықтарын көкемдікіне қосып
айтып жіберетін ұсақ кулықтары бар. Оны кім білмейді. Әуелі
десе, Әйеш те біледі. Бірақ білгішсініп, «Е-е!» деп бас изеп қоямыз.
Мейлі, мамам да өзін қу екемін, ақылды екемін деп мәз
болып қалсын.
Көз байланып, жұлдыз жамырады. Аула-ауладағы шелектің
салдыры мен сауылған сүттің күрпілі тынып, кейбір әпке мен
апалардың: «ұй, қарасан келгір, қораға кір деп қақпайласа,
далаға қашқаның не? Жыланың күні бойы жалмандағанда
қайтпады ма?». «ұй, Кобыланды, бұзауды байла дегенде, байла!»
репеттес шаң-шұң тынған шақ. Тұқымы түрлі-түрлі сиырлар
ыңыранып қойып, ауыз қисандатып, жаппай күйсеуге кірісіп
81

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
кеткен. Кешкі ауа өрістен қайтқан мал тұяғы көтерген шаңнан
арылып, жаңа сауған сүттің жұпар иісі саулай бастаған. Сұт
иісінен барлык шөптің иісі шым-шым сезіледі. Дәу де болса
өрісте қырт-қырт жұлған шөпке ілесе қоныз, құмырсқа, жарты
уыс құм аузына қоса түсіп кетсе керек.
Нағыз әпкем, түбір астындағы әпкем үшеуміз қоңыр қаздай
тізілген күйі сондай жарасып, клубқа беттеп келеміз.
Аққұмнын клубын кешке қарай біз түгіл, ауылға алғаш кел-
ген адам көзін жұмып жүріп тауып алады. Сағат сегіз болса бітті,
клуб мандайына қадалған ақ шелек репродуктордан киноме-
ханик Тұрсын: «Біс, екіс, үс...» деп ысылдай бастайды. Онысы
— репродуктордың бұзық-түзігін тексергені. Ал ысылдайты-
ны — киномеханиктің тісі кетік. Күрек тісінің жартысын қай
жерде жоғалтқанын қайдам, әйтеуір, біз ес білгелі Тұрсын
сөйлесе, ысылы қоса шығады. Ашу қысып, яки керісінше
желпініп, қатты сөйлеп жіберсе, ептеп ысқырыңқырап та
жіберетіні бар.
Көп ұзамай Тұрсын тамағын кенеп: «Бүгіс клубтас
«Бриллиантовая рукас» фильміс көрсетілес. Сеанс сағас тоғысса
басталас», — деп, құлақтың кұрышын қандырып тастады. Іле
«Гәкку» шырқалды. Әнеукүні Тұрсын «Бони М» деген зіркіл-
дек ансамбльдің әнін телевизордан жазып алып, ертеңінде
алдымен соны қойып жіберіп еді, сол күні кырсыққанда киноға
рабочком ағай да бара қалыпты. Ертеңіне Тұрсын рабочком-
ның кабинетінен мойнынан су кетіп, жүдеп шығыпты. Содан
бастап репродуктор жөніне көшіп, пісмілланы халық әндерінен
бастап жүр.
Үшеуіміз клубқа тіке шығатын көшеге түскесін әр бұрыш-
тан ақ көйлектер көрініп қалды. Менің самайым ептеп ыси бас-
тады. Әйешке еріп киноға барсам, ақ жейде мен қара шалбар-
дан көретін болдым көресіні. Бәрі де күнде көріп жүрген ағайлар
осы ауылдағы. Күндіз көшеде көбі баж-бұж еткен машина,
тракторды ойнақтатып жүріп, басып кете жаздайды. Ап кешке
таман шеттерінен ыздиған, сыпайы. Тілдерін тістеп сөйлеп,
82

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
менің хал-жағдайым, алған бағамды сұрайды. Мектеп дирек-
торынан бетер асты-үстімді жездей кақтап біткесін, Әйеш жакка
өнмендеңкірей карап, ыстығы көтерілген жан құсап, бірдеңені
мінгірлей бастайды. Оларға қой деп жүрген Әйеш жоқ. Қайта
жымиып күледі. Әйештің орнында мен болсам: «әй, Досеке, тезі-
рек жүрейікші, кинодан қаламыз», — деп, аяғымды тез-тез алып,
алды-артыма қарамай, клубқа кіріп кетер едім.
Ақ жейде, қара шалбардың бірер пары әлден уақытта бізбен
қатарласа қалыпты. Кім дейсің, баяғы Қасен мен Семейхан.
Ұзынтұра Семейхан оң жақты алды. Қызыл жалаулы «Беларусі»
құсап екі иығынан демалып, ыс-ыс етеді. Ал саман кірпішке
ұқсас төртбақ Қасеннің қай уақытта киіп кеткенін қайдам,
Әйеш пен менің арама түсіп үлгеріпті.
Семейхан қызыл жалаулы «Беларусін» күндіз көшеде бір
ізден аудырмай, калай түп-түзу жүргізсе, өзі де сондай тәртіппен
санап басып, баяу адымдап келеді. Мандайына кұлаткан қою
шашын уқалап қояды. Ал Қасен касқа өзінің астындағы «ДТ-
20», яғни ауыл қызыл тайынша деп атап кеткен трактор секілді
пыт-пыттап, ауыз жабар емес.
— Паһ, паһ, Досеке, осы күн санап серейіп өсуінді қашан
қоясың, ей? Жігіт, жігіт, оһоу, нағыз жігіт! Қыз іздеп, клубқа
қарай желіп келе жатқанын қарашы, — деп, менің астыма көпшік
тастап қойды. «Иә, шікін, өтірігіңе береке бергір, өзің шығар қыз
іздеп қымындап келе жатқан!» — деп, күбір еттім. Абырой бол-
ғанда, ешкім естімеді. Шылғи жағымпаздық бәрі де. Серейіп
кеткенім шамалы — кластағы тайпақтардың бел ортасындамын.
Бесенеден белгілі қулық та. Әуелі мені мақтап алады. Соған сене
қоятын мені ақымақ деп ойлай ме екен? Сосын Әйешке сық-
сия қарап, құлаққа кірмейтін болымсызды айтып, қауқылдап
күле бастады.
Семейхан тамағына тары тұрып қалғандай:
— Ы-х, — деп жөткірініп қойды.
— Досан деп өзіңізді айтып келе жатқан жоқсыз ба? — Түбір
астындағы әпкем дес бергенде аяқ астынан тіріле қалды. Қасен
83

1
К.АЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
оны естімеген сыңай танытты, Әйеш жакқа мойнын созың-
қырай:
— Әйеш, биыл қай оқуға барасың? — деді.
— Қай оқуға баратынында не қақыңыз бар? Оқуға түсірейін
деп пе едіңіз? — Түбір астыңдағы әпкем Қасеннің ізіне шам алып
түсті. Бұл қарекет Семейханның жанына жағып кетті ме:
— Иә, Әйеш, — дей беріп, әзірлеп қойған сөзін үмытып қалды
білем, — иә, іһм, іһм, — деп акыры божырап, айдалада калды.
Молодец, түбір астындағы әпкем! Екі-ақ сөйлеп, Қасеннің
аузына екі уыс құм құйды. Өзін түбір астында бұқтыра бермей,
шығара салсам ба? Әйткенмен, көз қиығыммен жүзіне қарап ем,
әлгі ниетімнен жат та жерідім. Қарасайдан келген әпкемнің көзі
әншейін құйқылжып күліп тұр. «Сөйлендер, қыздыра түсіндер
әңгімені, біз дайын» дегендей жылтындап екі жігітке кезек
қарайды. Әйеш үнсіз. Сөйтсе де, Әйештің үнсіздігінің өзі сөйлей
ме, екі жігіт соның аузын бағулы. Клубка тақағанда ғана Әйешке
тіл бітті:
— Семейхан, байқа, арыққа түсіп кетпе!
Сол мұң, Семейхан ғажап өзгеріске ұшырады. Баяу, салмак-
пен санап басып келеді деген Семеш Ертістен қарғып өткендей
адымын оғаш тастап, секіріп-секіріп түсті. Түбір астындағы
әпкем күліп жіберді. Қысылып қалды ма, Семейхан еңкейе
калып, туырлықтай балағын тарсылдатып қаға бастады. Әлден
соң желке жактан:
— Рақмет, Әйеш! — деген өлшеусіз мейірімге толы дауыс
естілді.
Қасен де калыспай:
— Әйеш, Бірліктен кеше жаңа пластинкалар сатып әкелген-
мін. Ертең күн демалыс, келіндер, тындайық, — деп суырыла
жөнеліп еді, Ғайша қошуақ бола қалды:
— О, жаксы болды. Барамыз!
Қасымызға жаңа жеткен Семейхан да:
— Пластинка?! Ғажап! Ғажап! — деп жатыр.
84

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
АНТОЛОГИЯСЫ
Нак осы жерде айла-амалды асырмасам, мына «Пластин-
ка?! Ғажап! Ғажап!» пен қыт-қытқа қосылып, қазір киноға
қіретінімізді, клубта жарасып қатар жайғасатынымды, онымен
қоймай, тізіліп үйге дейін бірге қайтатынымды біле қойдым.
Қыт-қытты қойшы, оған онсыз да жұлдызым қарсы. Семейхан
да одан асып тұрған жоқ: «О, ғажап! — ғажабын!» бас-көз демей,
кез-келген жерде төпелей береді. Клубқа кіріп фильм көріп
отырып: «О, кино! Ғажап! Ғажап» — деп салмасыма кім кепіл.
Екі минуттан соң әлгі айла баста қайнап пісті. Шекесіне
электр шамын ілген клубқа да ентелеп келіп қалған екеміз, енді
қимылдамасам, кеш. Нағыз кұланның касуына мылтықтың
басылуы дейтін оңтайлы сәт! Дереу сол жақ шетке ырғып түсіп,
бақ ете қалдым.
— Ойбай!
— О не?
— Онысы несі? Не болды?
Төртеуінің табан астын нұсқап:
— Жылан! Жылан! — деп, байбаламға басып жібердім.
Әбден қартайып, алжыған жыландар ма, ауыл шетіне
дейін емпеңдеп кеп, мойнын соза құлайтын құмның саржолақ
иреңбайлары кейде көшеге кіріп кететін. Ауылдағы көп маубас
бұзаудын бірі аптап ыстықта бүйідей тиген бөгелектен бас
сауғалап жүріп, бас жібін жоғалтып алған ба, әйтеуір, төртеуінің
аяқ астында ала арқанның үзігі шұбатылып жатыр еді.
Қыздар шыңғырып жіберіп, клубқа карай ешкіше ыршыды.
— Тас, тас тап! Байқа, шағып алмасын!
— Ғажап! О, ғажап!
Аласұрған екі жігіт әлгі жерде жер тырнап, оң-солға секіріп,
әлек-шәлегі шықты. Жоқ жыланмен арбасып жатқан оларда
шаруа канша, кұйындатып, қос әпкемнің сонынан салдым. Қасен
мен Семейхан бұзаудың бас жібін тастың астына алып, «өлтіріп»
келгенше, мұртымнан күлген мен әпкелерді алға салып, киноға
кіріп те кетіп ем.

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Әйеш бойжеткелі мені ой мен уайым басып кетті. Әпке
деген әпке емес, барып тұрған пәле екен. Ал әпкең Әйештей
әдемі болса, құйрығыңа қоңырау байланды дей бер. Қай інге
кірсең де әлгі коңырау: «Мен Әйештін інісімін, қарап қалыңдар,
жарандар!» — деп шылдыр-лайды да тұрады. Әйекең бойжетпей
тұрғанда уайым да, қайғы да жоқ, өз бетіммен ойнап, тыныш
жүре беретін ем. Қиқу Әйеш оныншы класқа көшкесін басталды.
Түк көрмеген Қасен адыраңбай қыт-қытпен шыбын-шіркей
қуатын болды. Семейхан мүлдем керісінше, көшеде кездесе
қалса, тракторын бұрып, жол береді. Тоқ етері, тірліктері тірлік
емес. Үйде амал жоқ, үйден тыс клуб, кино, би деген пәлелі жерде
Әйештен бес шақырым аулақ жүрейін десем, мамам: «Әпкеңнің
ізін бақ. Қім көп, көшенің қағылған-соғылғаны көп бұл күнде.
Сенен басқа қорғап-қолпаштайтын қай аға, қай інісі бар?» —
деп, шошына қалады.
Бір әпкеге қалай ие боламын деп әңкі-тәнкім шығып жүрген-
де, көзі, қасы ойнап тұрған Ғайша үстемелеп қосылды. Құнандай
қос қыздың қай жағына шығып, қалай қайырамын сонда?
Мөңкісең де, өкірсең де міндет біреу — екеуін де қанаттыға
қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмау қажет. Ал біздің ауылда
қанатты да, тұмсықты да жыртылып айрылады.
...Клубтан шыққасын өкше көтеріп, мойын созып, төрт
құбылаға төніп қарап ем, қос әпкеме қызығып тұрған ешкім
шалынбады. Екеуінің ойында түк жоқ, қолтықтасып алып:
— Никулин пәле екен!
— Светличная қасын қай тушпен бояды екен, а? — деп әңгіме
соғып, бырт-бырт басып, еш алаңсыз кетіп бара жатыр. Туфли
тақасы біздің ауылда тарсылдамайды, май топыраққа толарсақтан
батып, жай ғана быртылдайды.
Қос қыз біздің көшеге бет тұзей беріп еді, мен қой қора-
лайтындай құлашты жайып жіберіп, қарсы алдарына дік етіп тұра
қалдым.
86

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Тоқтандар!
— Оның не, Досаник?
— Осы бала қайтеді өзі?
— Сырт көшеге түсейік, Әйеш!
— Сырт көшеде ат басы алтын жатыр деп кім айтты? — деп
Ғайша кадала қалып еді:
— Жол ұзартып кайтеміз, Досаник. Үйге тезірек жетейік,
— деп, Әйеш те қостады. Әншейін монтансып тұр. О, Әйеш
ұндемей жүріп бәрін де іштей тоқып жүреді. Неге сырт көшеге
бүйрегім бұрып тұрғанын сезеді ғой, сезгенде кандай. Әлгі бір
ұзын, бір кысқа қазір бізді бас жіп жатқан жерде тосып тұрмаса,
Досан атымды баска қойсын. Білемін, тосып алғасын олар дереу
жаңағы көрген кинонын оқиғасын қайта езіп баяндап, өтірік-
шынды танданып, бас ауыртып, ми ашытады. Үйге жете бере кино
хикаясын кенет шорт үзіп: «Досан, ұйқың келген жоқ па? Сендей
кезімізде ұйкының басын ісіруші ек. А, Досеке?» — деп, мені
арбайды. Мен Әйешті үйге сүйресем, ана екеуі бірдеңе дәметкен-
дей жоқ-барды айтып, жуық арада кете коймайды. Ол итіс-тар-
тысты Әйеш білмей тұрған жоқ. Бірақ соны өзі ептеп кызық
көре ме, немене? Әйтпесе, інісі ақылмен жүр деп тұрғанда әпкесі
шауып кетпей ме?
Бір минут ойланғасын, ақыры екеуін алдыма салып беретін
амалды таптым:
— Жылан жатқан көшемен барғыларың келсе, жол әне. Жеті
рет кессе де, жыланның кесірткелік әлі бар. Бәлем, башпайла-
рынды тістеп алсын. Ана екеуі жыланды өлтірген де жоқ, бет-
бетіне қаша жөнелген,— Қылтия қалғансып, сырт көшеге карай
салдым.
Әпкелер сыбыр-күбір:
— Шын болып жүрмесін.
— Сол аты жаманнан қорқатыным-ай!
— Қой, ендеше, пәледен машайык қашып құтылыпты!
Соңымнан ерді. Мен мәзбін. «Атымтаев, жарайсың, әй, моло-
дец, Атымтайчик! Қазір ғой Қасен, Семейхандар: «Әйеш пен
87

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тандайы тандайына тимей тақылдайтын қара қыз осы шығар»,
— деп, клубтан шыққан әр бойжеткенді бір куып, қараңғыда
көлеңке аулап жүрген шығар. Жолда жатқан тегін қыз жоқ, солай,
жезделер!».
«Қараңғыда қасқыр құтырады» деуші еді мамам. Қараңғы
түссе, жігіттер құтырмаса да, мықтап желігеді екен. Және өздері
біреуі екеуге, екеуі төртеуге көбейіп кетеді. Қос трактористі жер
қаптырып, құтылып кеттім деп желіп келе жатқанда, қосалқы
көшеден екі ақ жейде, қара шалбар қылт етті. Ішім шұрылдап
сала берді. Алшаң басып, қаңғыр-күңгір сөйлеседі. Алғашында
Қасен, Семейхан ба деп, жүрегім су ете қалып еді, жоқ, жақын-
дай келе байқасам, ұзын, қысқа емес, бой жағынан қарайлас
жігіттер.
— Ертең шатырды осы ауылға жақын әкеліп тігейік. Бүгінгі
қоныс ауыз судан алыс екен,— Бұл кісі, бері алғанда, ферма
меңгерушісі, ары алғанда, совхоз директорынша салмақпен
сөйледі.
— Қарасайда өзі... бұлақ көп еді. Мына село жалғыз артезиан
құдығына қарап отыр,— Екіншінің үні бәсең. Алдыңғыға қара-
ғанда дене тұрқы анағұрлым жіңішке.
Қарасай дегенде түбір астындағы әпкем ұшып кете жаздады.
Әлгі қаңғыр-күңгірге «Саржайлауды» тындағандай құлақ салып
тұрды да:
— Бетім-ау, гидрологтарды қара! — деді.
— Қайдағы гидрологтар?
— Қарасайдың суын өлшеп-пішіп жүрген гидрологтар...—
Ғайша өкшесін көтеріңкіреп, бұған дейін оның аузынан мен
естімеген сыбызғы үн шығарып: — Ир-ла-ан аға-а-оу! Сіз бе, сіз?
- деді.
Ақ жейде мен қара шалбарлар қалт тоқтады.
— Болсақ, болармыз. Хе-хе... Ақ жүзі атқан тандай бұл қай
періште? — деді біреуі ауаны дірілдете күркіреп.
Зәрем кетті. Мынау күркіреуік Қасен, Семейхандарды үш
орайтын қауіпті де құдіретті жау білем. Сөзін көрмейсің бе,
сөзін: «Ақ жүзі атқан тандай бұл қай періште?» Мұндай нәзік әрі
88

К.АРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
нойыс сөзді Әйеш екеумізге Аққұмның ешбір жігіті батылы жетіп
айтқан емес. Ғайша ғой жатқан жыланның құйрығын басқан.
Бас аман, қос әпкемнің төрт көзі түгел тұрғанда тезірек бұл
маңайдан табан жалтырату керек. Ғайшаның қолынан тартып:
— Ғайша әпке, кеттік үйге! — дедім ысылдап.
— Ой, қойшы, өзің аяққа оратыла бермей! — деді әпкем
жаман көзімен жалт қарап. Қолымды қағып жіберді ме, қалай?
Сосын мені таң-тамаша қалдырып, әлгі әуезді үнге қайта көш-
ті:— Танымадыңыз ба, Ерлан аға? Мен Ғайшамын, Қарасайдағы
Ғайшамын...
Әпкеге өкпелі іні былай істесе дұрыс-ау деген оймен бір
шетке ойысып кеттім. Қарап тұрайын ба, жұлдыз санадым. Ой
әр тарапты шарлап жүр. Несін айтасың, кейінгі кезде айтақта-
ған итім кері шауып жүр. Бүгінгі кеш пен түнгі оқиғалар солай
дейді. Үшбас-Төртбас кеудеден итеріп, шалқадан түсіре жазда-
ды. Кассир Жұмаш: «Бетің табақтай!» — деп, жер-жебірге жетті.
Түбір астындағы Ғайша жаңа ғана жекіп алды: «Аяққа оратыла
берме!». Бас жіпті жылан деп жер соқтырғаным үшін Қасен,
Семейхан да күні ертең бастан сипап, арқадан қаға қоймас.
Кейде осы байыпты бала болайын, зыр жүгіре бермейін деп,
оңашада өз-өзімді қағып-сілкіп аламын. Мамам айтқандай-
ын: «Аш құлақтан тыныш құлақ». Әй, қайдам! Бір оқиғаның
құлағы қылтиса бітті, әлгінің бәрін таза ұмытып, етекті белге
қыстырып, білек сыбанып, қақ ортаға түсіп кетіп, шыркөбелек
айналып жүргенімді білемін. Ішімде бір түрт-түрт сайтан бар
— ол анық. Ондайда тілім ұшы қышып, қол-аяғым жосықсыз
ербендеп сала береді.
Бір мысал. Былтыр тамыз айында Кәртеңбай ақсақал таяғы
тарсылдап, тал түсте қарсы алдымнан шыға келді. Үшбастың
інісін жетегіне алыпты. Әлгі қарадомалақтың көзі былаудай,
беті кір-қожалақ. Бір шатақтың басталып келе жатқанын сезе
қойдым. Сол мұн екен, тілім қышып, қол-аяғыма діріл жүгірді.
Тақ алдарына тұра қап, сартылдай жөнелдім:
— Ата, жол болсын, қайда барасыз?
89

1
К.АЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Мына Жұмаштың жүгірмегі... Ойбу, белім! Содан тал түсте
аз қарбызға жаудай тиіп... Алла, сегізкөзім! Соны мұғалімдеріңе...
Шандарын қақпасам... Оу, қу жан-ай! — деп, біраз жерге барып
алды да, көзін қалқалап, дәп қасында тұрсам да, бетіме үңірейіп
кеп үңілді,— Шырамыта алмадым, карағым, қай баласың? Олла,
жаным!
— Мектеп директорын білуіңіз бар ма? Сол үйдің баласы
боламыз, — дедім бетім шылп етпей. Салтақ бетке: «Дымың ішінде
болсын!» дегенді ымдап, көз кысып қойдым. О да іштен оқып
туған бала ғой, қорсылын тыя қойып, түйме көздері жылтырай
қалды.
— Ә, Қабылқақтың қарғасымын де. Хош, хош! Ол үйден
өрген балалар өңкей көргенді деп естігем. Содан, жанып тұрған
кұдайдың мына күнінде жүгірмекпен жарысып... Алла, белім!
Кәртеңбай ата осындай. Алласын аузынан тастамай жүріп,
көктемде қарбыз егеді, жаз бойы колонкадан шлангімен су
жетектеп, түн ішінде суарады, күзде қып-қызыл қарбызды жай-
ратып жарып сап, дәнін қағып жеп отырады. Бір қап қарбызы
сосын бір-бір тоқтыға айырбасталып, шаш етектен пайда түсіреді.
Аллалап жүріп, Үшбастың інісі секілді желаяқтарды ретін тауып
қолға да түсіреді.
— Ата, — дедім әлгі жерде аңқылдап, — атажан, мына ыстықта
бұл баламен алысып қайтесіз. Бала емес, пәле ғой өзі. Мен
апарайын мектепке.
— Қабылқақтың қарғасымын де...— Атай мықтап ойланды.
Қарбыз жарғыш немені мұғалімдердің қолына тапсыра алатын
қарғамын ба, жоқ па, соған миы жетпей, су боп тұр. Ақыры:
«Алла, сегізкөзім! Қой, деректердің қарғасына сенбегенде,
кімге сенемін», — деп шешсе керек:— Қарағым, Қабылқақтың
өз қолына тапсыр. Ел қой құрттаса, менің қарбыз кұрттайты-
нымды білесің... Ала жаз қанатыммен қалақтап су тасимын... Уһ,
жаным-ай! — Кемсендегісі келді ме, кемиектеніп тұрып-тұрып,
кері бұрылды. Таяғына еріп, үйіне беттеді.
Былай шыққасын, Үшбастың інісі өкіріп жіберді.
90

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Әй, саған не жоқ? — дедім өтірік танырқап.
— Аға-оу, бақшаға түспеймін. Пионерлік сөзім...
— Шын ба?
Үшбастың інісі үдей түсті. Ішін тартып, өксіп-өксіп жібер-
генде, төбе құйкам шымырлады. Көзін укалаған колын тартып
қалып ем, сізге өтірік, маған шын, кірпігіне тамшы жас ілінбеп-
ті. Жағамды ұстадым. Үшбастын інісі оған айылын жимады.
Қайта:
— Шын емегенде, — деп, концертін кайта бастай беріп еді:
— Бар, ендеше. Кәртеңбайдың қолына, менің көзіме кайтып
түспе! Түссең, дәденді колыңа беремін! — деп, май құйрықтан
башпай үшімен сүйкеп жібердім. Ол шу қарақұйрық деп, көшенің
аяғынан бір-ақ шықты.
Қаншама рет құйысқанға қыстырылыппын, сонда алай-
былай есептеп байқасам, онын игілігін Үшбастың інісі ғана
көріпті. Қалғаны өзіме де, басқаға да қып-кызыл зиян болыпты.
Мен тұгіл, Эра Екпініч түсіндіріп бере алмайтын бірдеңе әйтеуір...
...— Ал қарындастар, қарлығаштар, шығарып салайык сіз-
дерді,— Төртеуі қаз-қатар тізіліп, бек жарасып, бері беттеді.
Ойбу, мен ойға батып, жұлдыз санап тұрғанда екі жігіт, екі
қыз біраз жерге барып қалыпты. Үзынтұра жіңішкесі Әйешті
иектеген. Сонда бағусыз жатқан мал бар дегені ме? Кімді
басынғаны? Мұндай қорлыққа біз шыдай алмаспыз. Қол-аяғым
селкілдеп сала берді. Келе бергенде ұзынтұра немені иығыммен
қағып жібердім де, Әйеш екеуінің ортасына түсіп алдым.
— Оһо-пай, бұл қай батыр? — деді түбір астындағы әпкемнің
арғы қанатындағы дәу түбі түскен шелектей дәңгірлеп. Үрдіс
шабуыл есін тандырып, тіл-аузын байлап тастаған ба, ұзынтұрада
үн жоқ.
— Досан атты ініміз — осы жігіт. Клубқа бір ізбен әкеліп, бір
ізбен қайтаратын мықтыңыз осы кісі, — деп, Ғайша қолтығыма су
бүркіп жатыр.
— Оһо-һо! Онда тарс-тұрс танысып қоялык. Мен Ерлан дейтін
ағаңмын! — ұлгі дию ағаға зар боп тұрғандай күректей алақанын
91

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
қолтыққа ма әлде бүйірімнің бір жеріне ме, тықпалап жатыр.—
Анау арықша ағаң — Мұрат. Ол да сен сияқты бойдақ батыр.
Гидрологпыз. Қастарыңа бүгін көшіп келіп, қаужандап жатқан
жай бар. Жә деген құдайы көршіміз. Ертең ерулік әкеліндер, —
деп, алай бір, былай бір кетіп, арқырасын кеп.
— Неге алдыдан самсап шыға келдіндер? Неге қорқыта-
сындар? — дедім шәңкілдеп. Артынша орынсыз тиіскенімді сез-
іп, тіл тістедім. Амал не, айтылған сөз — атылған оқ. Қорқытып-
шошытайын деп жүрген бұлар жоқ. Түбір астындағы әпке ғой,
«Гидролог аға-оу!» деп, шақыра қойған. Е, қайтемін. Кинодан
қайтқан сайын Әйешті шыр-пыр қорғаймын деп шаш ағар-
ды. Біздін ауылдағы ағалар да қызық. Бір-бірлеп, былай сы-
пайы тілдесу қайда, Әйеш жеп қоятындай екі-ұштен келеді.
«ұй-ұй!» деп, бір-бірін қағыта едірендеп, іздене бастайды сосын.
«Биыл қайтсе де оқуға түсеміз, қалада көмектесетін аға-жаға-
мыз бар», — деп, бет алды даурығады. Атам заманда бітіп кеткен
бір қырғын төбелеске тамсанып, кеңк-кеңк күледі. Көбіне әң-
гіме аяғы дауға айналып, сол арада кеу-кеулесіп қалып қояды.
Біз жайымызға кетеміз. Былтыр тормозы ұстамай қалып, біз-
дің үйдің бұрышын періп кеткен Қасеннің тракторына ұқса-
ды өздері. Әйешке жуып кетсе, кең дүниелері неге тарылып
сала беретінін қайдам!
Әйеш кітапханасын тастап, күндізгі оқуға кетіп қалса,
құлақтан қиқу кетер еді. Әпкеме жігіт жолатпаймын деп клуб,
кинодан шықпайтын болдым. Оқуға кетсе, клубтан қол босап,
таза сабақ, асықпен айналысар едім.
... — Оу, Досеке, таста ашуды. Бізде жазық жоқ. Кинодан
шыққасын құдай деп, қарын сипап, қара қос қайдалап, желіп бара
жатқамыз. Ғайша қарындас қой шақырып алған.
Осы Ғайшаға не жоқ, қап-қараңғыда ағалап қиқу салатын-
дай?!
— Ой, ағай, сіз де...— деп қалды Ғайша бұртиғансып.
— Жо-ға, Досекеңе шекіспейік, мәмілеге келейік дегенім
де. Менің де қалада саған қарайлас інім бар. Семья бар. Ал
Мұрат ағаң — практикант-студент. Аз күн қонақпыз, кел, тату
92

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
болайық, — деп, Ерлан терте сияқты ұзын қолын ұсынды. Сөзі
жылы. Күмпілдеген қою үнін есепке алмаса, жаман кісі емес,
шамасы. Ашу тарқай бастады. Практикант-студент Мұрат та
қыздарға қақтықпай-соқтыкпай, жырқылдап күлмей, анда-
санда жайлап сөйлеп қояды. Ерен калың шашы желді күнгі
шөмеледей бобырап тұр. Әлде қараңғыда шаш қалың әрі қап-
қара боп көріне ме? Соңына таман көріп отырған адам қалғып
кететін киноларда тәртіпсіз қылығы жоқ, ақыры оқып-оқып,
үлкен ғалымға айналатын жігіттер болушы еді, Мұрат аға анык
сол сорттан. Студенттігі ұнап қалмаса, Әйеш мұндай жуас жігітті
аяғына отырғыза коймас. «Біздің Әйеш үндемей жүріп жатыпатар
ғой. Бір қараса, бітті, кімнің ішінде не жатқанын біліп қояды», —
деп ойлап ем, марқайып қалдым.
Ерлан, Мұрат ағалар шынымен Аққұмның асты-үстін
жездей қақтап, су табу үшін жер түбінен келген гидрологтар
екен. Ауданда мал мыңғырып көбейіп барады. Қарасайдағы аз
бұлақты санамаса, бұл өлке басқа су көзінен ада. Қарасудың
борсыған суын жылқы түгіл, есек те ішпейді. Баяғыда әр ауыл
сайын қазылған колонкалар ауыз судан артылмайды. Егер Ерлан,
Мұрат ағалар осы жолы көп-көп жер асты суларын тауып қайтса,
келешекте төрт түлік мал судан кенде қалмайды.
Су табылса, біз де қарқ болар едік. Шіліңгір ыстықта жалғыз
колонканың басына араша үймелегенше, әлгі көп артезианды
бір-бірден басыбайлы иеленіп алмаймыз ба. Бүгін ғана Үшбас-
тың інісін Кәртеңбай ата колонка басынан қуалап жүрген.
«Бір-біріңе су шашып, қалың ел қарап отырған кұдықтың ба-
сын борсыған батпаққа айналдырындар. Уһ, сегіз көзім!» — деп,
шыж-быж. Түн ортасында бүкендеп, шлангімен қарбыз суаратын
Қәртеңбайдың да суға деген сұғы қайтар еді.
...— Үй, міне, ағайлар. Шығарып салдыңыздар, көп рақмет!
Әйештің мақпал түнге астасқан биязы үнін естігенде барып
бойымды жинадым. Су туралы әдемі әңгімені тындаймын,
қиялдаймын деп, сақтықты тас ұмытыппын. Түшіркеніп кетіп,
практикант-студентті көзбен қолма-қол тінтіп іздеп ем, әйтеуір,
93

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Әйештен оңаша тұр екен. Тұрмай көрсін, бәлем, табан астын-
да шатақ шығарайын. «ұйтсе де, капы калма, Досан! ұңгімені
ұйытып қызық айтады екен мына Ерлан дәу. Сен екеш, сен
де сауысқандай сақтығыңды ұмыта жаздадың. Екі шоқып, бір
қара, Досан!» — деп, ойша өзімді қамшылап алдым да:
— Қайта беріңіздер, мамам әлі жатпаған шығар, — деп
тақатыңқырап қойдым.
Түбір астындағы әпкем студентке таман ығыса түсіп:
— Қазір жарқырап ай шығады, — деп, әр қиырға салмақ еді,
мен:
— Ақтөс, Ақтөс! Бар, орныңа жат, қой деймін! Бұл кісілер қазір
кетеді, — деп бақылдадым. Жарқырап шығатын айды тосатындай
ине жоғалтқан жоқ.
Ақтөс шіркін айқай шықса, құлпырып сала береді ғой, қораға
қасқыр түскендей сол секундында арсылдай абалап, шынжырын
үзіп кете жаздады.
Гидрологтар асығыс-үсігіс қоштаса бастады.
— Досан-ай, итіңе қазы-қарта беріп асырайсың ба, тәйірі?
Қарқыны жойқын екен. Қой, кайтайық. Жұмыс бастан асады.
Ерте жатайық, — деп, Ерлан аға дәу тұлғасын арлы-берлі қозғап
қойды. Практикант-студент менің алақанымды жіберіңкіремей:
— Досан, бізге соғып тұр. Алыс емес. Қарасудың жағасына,
сиыр базына қос тіктік. Кешке қол бос. Гидрологтардың аспабын
көрсетемін. Жақсы кино қойылса, айт, біз де келіп тұрайық
клубтарыңа, — деп қиылды.
Сонымен, астыңғы ерні қыбырлап, үстіңгі ерні жыбырлап,
студентке де тіл бітті. Әй, қылмиып жүріп, кусың-ау, Мұрат аға!
Былай қарағанда сөзін маған бағыштап тұр. Түн жасырады дей
ме, Әйеш жаққа жапа-жапақ қарап қояды. Қараңғыда менің
мысыктай көретінімді қайдан білсін. Әйеш мектеп сахнасында
ән салып тұрған кішкене қыз құсап, қолын алдына ұстап
алыпты. Сынықсып тұр. Екі шокып, бір емес, бір шоқып, екі
кара, Досан! Мыналар ма, мыналар Қасенге де, Семейханға да
ұқсамайды. Аузыңды артыңа қаратып кетпесін. Мұрат колымды
94

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
К.АРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
жібермей: «Кешке қолымыз бос. Соғып тұр!» — деп қиылғанда,
маған іші елжіреп тұрған жоқ. Артына келгенді теуіп, алдына
келгенді тістеп, аласатып тұрған Досан қыршаңқыны қайтсін.
Қос әпкеге: «Келеміз. Тосындар» деген ым да. Бытықы-шытықы
ойлар басымда киноленташа сырғиды. Осы жігіттер жолап
кетсе болды, Әйешті ешкімге қимай, қызғыштай қоритыным
қалай? Жайшылықта оның бірі жоқ. Шармаяқтасып, керек десе,
өкпелесіп те қаламыз.
Білмеймін, білмеймін...
Студент қолын Әйешке соза беріп еді, әпкемнен бұрын
ұмтылып барып ұстап алып, сілкіп-сілкіп жібердім.
— Сау тұрыңыздар! Сау тұрыңыздар! Біздің ауылдың иттері
үндемей келіп етектен ала түседі. Ел жата бәрін шынжырдан
босатып коя береміз. Бөтен адамдарға керемет өш, тура көшеден
көшеге қуалап жүріп кабады, — дедім саңкылдап.
Екеуі кетуге айналды. Әйтсе де:
— Қош айтыспаймыз, қарындастар!
— Көрісіп тұрамыз...— деп қояды.
— Ауыл арасы жақын, ұмытып кетпеңіздер! — Екі атадан
косылатын әпкем олардан асып түсіп жатыр.
Қақпаны қан қақсатып жылатып аулаға кіре бергенде, кері
бұрылып:
— Мұрат, ей, ертең Әйеш, Ғайша үшеуіміз Қарасайдағы
нағашыға барамыз. Бір ай сонда боламыз, — деп, кайдан шықса,
одан шыксын, періп қалдым. Біліп койсын, Ғайшаның да,
Әйештің де жуық арада өздеріне жок екенін. Ай жүретініміз
өтірік. Апам мана ары кетсе апта деген. Адамды алдау жақсы
емес. Бірақ Мұрат та жаңа «аспап-маспап көрсетемін» деп, мені
алдаусыратты. Ендеше, есеп 1:1!
— Бала емес, пәле ғой! — Ерлан ағаның дауысы.
Қос саусақты ұртқа тығып, жер-дүниені жаңғырыктыра ыс-
кырдым кеп. Онымен коймай:
— Айтак, айтақ, Ақтөс! — деп, айқай-сүренді салдым. Бала
емес, пәле болсам, пәленің көкесін көрсін, бәлем!
95

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Алжып қалған екеу-үшеуін есептемесе, Аққұм иттері айқай
шықса алақайлап, аттандап кетеді. Ал ысқырықты естімесін де.
Естісе, төбе шашы, жо-жоқ, аза бойы қаза болып, әр тал түгі тік
тұрады. Айтқандай абалаған, шәңкілдеген, арпылдаған сан түрлі
аусар үн қабаттаса шығып, Аққұм лезде азан-қазанның астында
қалды.
— Неге айтақтайсың? Неге ысқырасың, өй, бала? — Ғайша
білегімнен мыти ұстап, жұлқып қалып, ішке енгізіп жіберді.
Етпеттеп түсе жаздап, бүкендей жүгіре түсіп, әрең бой түзедім.
Мына қыз кайтеді, әй?! Қаршадай болып күштісін өзінін.
Әйеш ондай-ондайда бұрын сыңқ-сыңқ күліп қоятын.
Әйтпесе: «Тентек болма, Досаник. Бері жақындашы, жағаң
қисайып тұр, жөндеп жіберейін», — деп, қасына шақыратын. Бұл
жолы үндеген жоқ. Жеңіл күрсінді де, үйге беттеді.
Сыртта өтірік күйбендеп жүріп алдым. Құрығанда екі
әпкемнің біреуі: «Досан, үйге кір де, тамақ ішіп, жата қал,
ертең ерте жол жүреміз, ұйықтап қаларсың», — дейтін шығар,
іні екенім рас болса. Үн жоқ. Ақтөсті шынжырдан босатып ем,
керіліп тұрып дүр сілкініп еді, үстінен бұрқырап ұшқан шаң
өкпе қапты. Қақпаны ашқанда дуалдан бір-ақ қарғып, көшедегі
кұрбы-құрдастарын іздеп кетті. Күнде әуелі еркелеп, кедеме
асылушы еді. Бұл жолы кұйрықта бұлғандатпады.
Жаман жалғызсырадым.
Кәртеңбайдың шифер шатырлы үйінің төбесінде отырған
біреу шеті жемтір-жемтір қызғылт қоңыр нанның жартысын
әлпештеп жоғары көтеріп отыр.
Жоғарылаған сайын әлгі жартыкеш таба нан қызғылт коңыр
түстен айығып, кәдімгі аппақ сары айға айналып келе жатты.
Ауыл сыртынан шыққан «Аһ!» деген бір апайдың ащы дауысы
әуелде қатты шошытып еді, іле сақылдаған күлкіге ауысты. Айды
мандайға жапсырып алып, шексіз ойға баттым. Әйешті өкпелетіп
алдым. Әй, өкпеледі, өкпеледі. Үндемеді — өкпеледі. Өзім де
қағып кеткендей қатты елірдім бүгін. Ерлан, Мұрат ағайлардың
бетінен алыппын. Қасен, Семейхандарды алдадым. Білгенімді
істеппін. Енді Әйеш өкпелі ме, жоқ па, оны маған апта өткесін
96

ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
днталогиясы
білдіреді. Онда да сылап-сипап қана қағытып, сыпайы сөйлейді.
Жалпы, өкпелесе, керемет сыпайы бола қалады. Мысалы:
«Біздің Досан кей кезде әпкелерін ағаш атқа мінгізіп жібереді.
Солай ма, Досан?» Сол сыпайылығы өлтіреді мені. Одан гөрі
Ғайша кұсап ойындағысын ірікпей, салдыр-күлдір ақтара
салсашы. Бойжеткен сайын, қызык болып барады біздің Әйеш.
Бұрын өкпесі қаншама қатты болса да, бір-екі күнге жетпей-
тін. Бойжетіп алғаннан бері бәлсініп-сәнсінуі аптадан асатын
болды. Және бетіңе тура айтпайды. Кекейді. Бүйте берсе, екі-
үш жылдан кейін ішімдегіні тап дейтін таза тымпиға айналатын
шығар.
...Темір шелектің тұтқасын шиқылдатқан екі қыз үйден
шығып, қақпаға беттеді.
— Ішке кір, Досан. Сорпа столда. Іш те, жата бер.
Айттым ғой, Әйеш әпкем суып бара жатыр деп. «Ішке
кір де жат» деп дүрс-дүрс етеді. Әпке ініге бүйте ме? Мұндай
сөздерді кез келген бойжеткен қыз айта алады. Жаңа ғой Ерлан,
Мұрат ағалардың алдында майыса қалды. Қыздардың сыры-
на түсініп көр. Бұрын мені, «Қорқамын», — деп, колонкаға ала
кетуші еді. Бұл жолы тоса тұр демеді. Әй, енді ме, енді Әйешті
Қасен, Семейхан, Мұраттардан шыр-пырым шығып қорғасам,
Досан атымды басқа қойсын. Сыйға сый, сыраға бал, әпкетай!
Болды, бітті — еш тесікке тұмсық сұқпаспын, кез келген
құйысқанға бет алды қыстырылмаймын. Бадырақ көз, сен
тимесең, мен тимен. Не болар екен, оны да көрейік. Бұдан былай
Атымтаев ылғи да пас, достар және әпкелер!
Үйге кірсем, стол үстінде майлы сорпасы меймілдеген тә-
релка, нан, қасық, кесе, айран дірілдеп тұр. Өздері тыңқиып
алса керек. Әйеште мұндай қылық жоқ еді. Шүңкілдесек те,
күнкілдесек те, асты әпке-іні құсап бірге ішетінбіз. Маған
көрсеткен кыры ма сонда? Ерегіскенде, ілгекті салып қойсам ба?
Екеуі сосын, амал жоқ, есік қағады. Мамам оянады. «Неге кеш
жүрсіндер?» — деп кейіп алады. Әй-әй, бұл барып тұрған қастық.
Есе алудың басқа бір әділ әдісін қарастыру қажет.

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Сорпаға жуығамын жоқ. Оң жақ бөлмеге өттім де, төсекке
құлай кеттім.
Сәлден соң анық дүние бұлдырап, кішірейе келіп, кірпік
астына тығылды. Кірпіктің әр талы бір-бір сырық. Әлдекімнің
көрінбейтін алақандары қос құлағымды басып, дыбыс атаулы
әлсіреп бара жатты. Шелек салдырлады. Шалғай өлкеде есік сарт
жабылып, ілгек сырт етті.
— Суларың кермек татиды ғой, Әйеш? Минералды судан
айнымайды.
— Қайдан білейін. Аққұм суы баяғыдан сондай.
Тып-тыныш...
— Еһе-һей, қызықты қара!
Сол көзімді ашып, онын өзін де сығырайтып карасам, түбір
астындағы әпкем мен шалқалап жатқан орындықтың арқалы-
ғына үңіліп тұр.
Ғайшадан қалысамын ба, түзеліп отырып, ұзыннан-ұзақ
қағылған арқалық ағаштарға мен де шұқшидым. Е, Аққұмның
алты жасар баласынан алпыс жасар шалына дейін белгілі көне
жазулар: «Жанар + Алик = любовь!». «Алмас Қожабергенов.
2/5. 1979 ж.» «Прощай, Аккум! Канаф...» Бәрі де бәкі жүзі, шеге
үшімен ыстықтан бояуы шатынап кеткен көлденең ағаштарға
қиқы-шойқы ойылып жазылған. Жанар, Алмас — бәрі де аққұм-
дықтар. Кейінгі ұрпақ біле жүрсін деген бе, аттарын аямай
жазыпты. Бұл орындық, бір есептен, ауылдың Құрмет кітабы
секілді. Ку өздері. Қайдағы қиыр шетте елеусіз қалатын жөпшенкі
орындықтар емес, күніге жүз адам құйрық басып демалып,
жүз адам көретін аялдамадағы орындыққа жазып салған.
Осыны айта қояйын деп, «А-а!» деп ауыз аша беріп ем —
«Аққұмның адамдары» демек ем — Ғайша төтеден киіп-жарып
жүре берді:
— Аққұмның балалары көргенсіз екен,— Қызық болғанда,
Ғайша да сөзін «А» әрпінен бастады. Әпкемнің сартылдаған сөзі
198

К.АРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ңе, жүріс-тұрысы ма, әйтеуір, маған тартқаны тартқан. Оған
қарағанда, қайта Әйеш екеуіміз мінез жағынан алыстау жа-
тырмыз. Бөле де жазбай ұқсай береді екен,— Жап-жаңа орын-
дыкты қиқалап, бүлдіргені неткені?
Жыбырлаған жазулар тістеп алардай екі қолын арқасына
ұстаған күйі тізесін ұршығынан кейін майыстыра түсіп, еңкейіп
тұр.
«Оған сенің нең шықты?» деп қала жаздап, өз-өзімді әрең
тежедім. Қонақ екемін деп Ғайшаның тізгін тартатын түрі жоқ.
Төр түгіл, басқа шығып барады. Аққұмның балаларын орындық-
тағы жазуларға бола көргенсіз деп жазғырады. Көрші ауылдан ор-
ындык түгіл, үй қабырғаларына сызылып қалған ұят жазуларды
көргенбіз. Досекең де жұмақта тұрған жоқ. Аққұмда дүниеге
келіп, өскен, ендеше, Ғайшаға салса, мен де көргенсіз екемін.
Әлде байқамай сөйлеп қалды ма? Ғайша аңғал сөйледі дегенше,
аспандағы ай жерге гүрс кұлап, быт-шыты шықты деген дұрыс.
— Өзіңіз не деп тұрсыз? Аққұмның тарихын неге мазақтайсыз?
— Қалай дауыс көтергенімді байқамай қалдым. Ұйқы қан-
бай, қалғып-мүлгіп отырған кезде бұрын да қалай болса, солай
сөйлей салушы ем. Дауыс көтеруін көтергеніммен, іштей
аз-мұз қысылдым да.
Әдепсіз сөз айтып қойғандай Ғайша бетіме бажырая қарады
(егер қысық көз бажыраяды деп есептесек).
— Тарихы несі?
— Тарих па? — Ол — мынау! — Түрегелдім. Жайлап басып,
анадай жерде жатқан талдың қураған бұтағын алдым. Орындық
қасына келдім. Сол қолымды арқаға қайырып тастадым да,
өкшені көтере шәниіп тұра қалып, шаңқ еттім. Эра Екпініч сөй-
тетін. Әсіресе соғыс туралы тақырыпты өткенде қатты шаң-
қылдайтын,— Мәселен, мынаны алсақ...— Бұтақ ұшы «Жанар +
Алик = любовьтің!» «любовін» тырнап тұр,— Мұны еріккен біреу
жазды деп ойламаңыз. Көк қақпалы үйде тұратын Жанар апай мен
ұлмағамбет ағай ойған. Әне, өзі де шықты!
Көк қақпаны айқара ашып, Әлекеңнің шыға келгені рас
еді. Ғайша шошаң етіп, Әлекең таптап кетердей, кейін секіріп
99

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
түсті. Әлекең айтулы нән кісі-тін. Ұзыннан да, көлденеңінен де.
Шара беті қып-қызыл. Иегіне қарай екі тарам боп салбыраған
калың қара мұрты бар. Қазір ұлпа мұрт ептеп желбіреп тұруға
тиіс, өйткені қыза бастаған құм жақтан ыстық леп леки
жөнеліп еді. Жел желпісе, желбірей қалатын ондай ұшқалақ
мұртты біз шалғы мұрт дейміз. Әлекең бізді қаперіне алмастан,
еңірете есінеп еді, мұрт ұштары етті келген ернінің астынан
қосыла қалып, етпеттей жығылған «С» әрпінен аумай қалды.
Сосын бағана басына қонақтаған репродуктордың «Раз, два,
три!» деген командасы бойынша отырып-тұрып: Аһ-үһ!» -
деп, ырсылдап кетті.
- Әртіс екен! — Ғайша миығынан күлді. «Өзінің аузын ашып,
тілін көрер ме еді, — деп ойлай қалдым,— Тілінің қотыры бар
шығар».
- Әлекең де жігіт болған. Өзі Жанар апайды қатты ұнатып-
ты. Оны көп уақыт бойы айта алмапты. Бір күні түнге қарай
өрістен қайтпай қалған сиырды Жанар апай сатырлатып қуып
келе жатпай ма. Бір бұрылыста апайдың соңынан Әлекең түсіп
береді. Шошып кеткен Жанар апай қалтырап-дірілдеп: «Сол-
лай ма?» — депті. Сиыр жайына қалыпты. Әлекең әлгі жерде
қуанғанынан қалтасынан бәкі шығарып, жаңа орнатылған
орындыққа осы жазуды ойып...
Ғайша лыпылдай жөнелген мені бел ортадан үзіп тастады:
— Бізді адам ғұрлы санасайшы. Әртістігімен қоса, бақытты
жан, ә? Бақыттылар ғана басқаға назар аудармайды.
Сол екі ортада көк қақпаның ар жағынан:
- ұй, шал, көп күшене берме. Мыктылығыңды аулаға кіріп
көрсет. Елден ұят болады, — деген сызылған үн шықты. Жанар
апай да. О кісі басқалармен адам сияқты сөйлеседі. Ал ұлмағамбет
ағаймен өстіп сызылып сөйлеседі. Секундтан соң апайдың әні
сәл қатайды,— Сапар, түрегел енді! Сиырды шешіп, табынға қос!
Жұлқынып тұр, бас жібін үзіп кетер.— «Ие-е, дәл со-о-олай!»
дегендей, сиырдың азан-қазан үні қоса шықты,— Анар, шай
қойып жібер! Папаң бүгін Бірліктің базарына барам деп, күшейіп
100

%
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тұр. Гүлге су құя қойшы, Шынаржан! Екі күннен бері тамырына
тамшы су тимеді, қурап кетер. Әй, Данияр, көзінді кідбите
бермей, аш, кәне. Өтірік ұйықтап жатқанынды кім білмейді.
Анар апайың, әне, саған қаймақ қатқан шай қайнатып бермек.
Бетті шай да, отын жарып бере ғой. Ойбу, менің Айнұржаным
мүлдем былқ-сылқ, әкем. Телевизордағы биші апайларынан
аумайды мына Айнұрка! Кәне, бір, екі, үш, жастар — алып күш,
тұра сал енді, папасы ең жаксы көретін қызымның бетінен сүймей
базарға бармаймын дейді. Мен Аманды емізуге кеттім. Әне, өзі де
қынкылды бастады...— Аманға келгенде апай қайта әндетіп кетті.
Ғайша күліп жіберді.
— Сапар, Анар, Шынар, Данияр, Айнұр, Аман... Ағамыз
Жанар апайды шынымен жақсы көреді екен.— Көк қақпаға жылы
ұшырай, дұрысы, қызыға қарады. Әлгі жерде: «Түбір астындағы
әпкем мектеп бітіргесін күйеуге қашса, қашып кететін шығар», —
деп ойладым.— Досан, өзі сонда не? Мына орындык Әлекең мен
Жанар апайдың қыз-жігіт кезінен қалған орындық па? Орындық
тозбай ма, сынбай ма?
— Қайда-а... Одан бері неше орындық сынып, неше орындық
жаналанды.
Ғайша ан-таң.
— Сынған орындықпен бірге жазу қоса кетпей ме? Жазу қалай
сақталған?
- Жана орындық орнатса бітті, ертеңіне бәрібір «Жанар +
Алик = любовь!» жазылып қалады. Кім шыт жаңа күйі ойып жаза
қояды, өзіміз де білмейміз.
— Кызық екен... Ал мыналар ше?
Ғайша «Прощай, Аккум! Канаф...» деген жазуға төніп тұр.
— Е, бұл ма? Бұл әскерге аттанып бара жатып Қанафияның
жазып кеткені.
— Қанафияң дұрыс делік. Канафиы несі?
— Автобус дүрілдеп келіп қап, аяққы «ия» буынын, ай, күнін,
жылын жазуға үлгермепті. Қанафия сондай бала. Ылғи бірдеңеден
кешігіп, бірдеңеге үлгермей жүреді.
101

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Еһе, түндегі Алмасты қара! — Ғайша «Алмас Қожабергенов-
тің» жанында тебітіп тұр,— Маймақ Алмас қой.
Сөйтті де, тізесін майыстыра сәл бүгіп, кере адымдап,
орындықты айналып шықты. «Алмас Қожабергеновтің» буын-
буынына серіппе салып қойғандай, еңкілдеп, елпілдеңкіреп
жүретіні рас еді.
Ғайша сайқымазақтың түбін түсіреді екен. Секектеп қасыма
келді де, имиген күйі итініп тұра қалып, саусақтарынын басын
бүрістіре құдитып ұсынып, көзін ежірейте:
— Омонсоздар мо, корондостор? Тоносоп қоялоқ, Олмос, -
деді күңгірлеп.
Менің ішек-сілем қатты.
— Сол, сол, Олмос — сол.
— Түнде танысып еді. Оригинальный жігіт.
Қастарынан қарға адым шықпап едім, бұл ку әпке Алмаспен
қашан танысып үлгерген?
— Аққұмның жігіттері шынымен оригинал. Шеттерінен
таудай-таудай. Міне, мынандай! — Құшағын жазып, бес-алты
қапшық ауаның көлемін көрсетті.— Қыздары да ірі. Қызық...
Ірі қызы — Әйеш, әрине.
Кімді айтса, сол келеді. «Оригинальдың» бірі — Қасен қызыл
тракторынын соңынан шанды шұбата сүйретіп, бұрыштан атқып
шықты.
— Геу-геу! ұй, қарындас! ұй, қу бала! Екеуіңе де привет,
привет! — Қолын көтерді де, газды баж еткізіп еді, қыт-қыт қатты
шамырқанып, тоңкаң-тоңқаң оқыралай жөнелді. Біз аппақ
шаңның астында қалдық.
— Фи! — Ғайша үстін қаққыштап, әлек-шәлегі шығып
жатыр,— Аққұм, Аққұм дегенде алдыңа жан салмайсың. Не ағаш,
не су жоқ. Аткөпір май топырақ. Ит байласаң тұрмайтын жер.
Жігіттері де әулекі, ылғи ғашықтық қысып, қитығып жүрген
біреулер.
Бойды буған намыс қалшылдатып жіберді.
— Бір Аққұмға екі Қарасайыңды айырбастар ма екеміз біз.
Ал қайтесіз? Жаңа ғана жігіттердің бәрін оригинал деп мақта-
102

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
балалар
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ғаның қайда? Апайларымыздың да бетінен қан тамып тұр. Ал
қайтесіз.
— Қойдым, қойдым. Ашуланба! Өзің маған тартқансың-
ау! — Ғайша түзулеп қиған кекілімді сипағысы келіп, колын
созып еді, жалтарып кеттім. Сипай қоятын тегін басты тапқан
екен,— ұй, қойшы! Жер, кұм, тау деп бөлінбейді. Туған жер,
жат жер, әне, солай бөлінеді. Аққұмды жаратпасам, Қарасайды
сағынып қалған шығармын. Жә, қойдық! Сен де, мен де,— Ары
қарап, аузын көлегейлеп, есінеп алды,— Әйешті айтамын да.
Қазір ғой ұйқының жағын айырып жатыр. Әйеш бүгін қулығын
мықтап асырды.
Мамам мана таңертең мені тұрғызып алып: «Бар, оят әп-
келерінді. Екеуінің түндегі күбір-сыбыры жаман еді, күзеттен
келгендей қатып қалыпты», — деген. Төр үйге кіріп барсам,
орын жетпегендей Әйештің төсегінде екеуі айқара құшақтасып,
ұйқыны соғып жатыр.
Екеуі де менен үлкен. Ендеше, керісінше, бұлар ерте тұрып,
мені оятуы керек еді. Түндегі көрсеткен қорлықтары әлгі
жерде және еске түспесі бар ма. Ұйқымның қанбағандығын
ойлап едім, аяқ астынан жыным келіп, жамылғышқа жат та
жармастым. Бастарын жұлып алып, ұйқылы-ояу күйі, жылжып
бара жатқан жамылғышқа мысыкша жабысты.
— Тұрындар кәні! Түске дейін ұйықтап, милары шайқалған
ба деп ұрсып жатыр мамам, — дедім дікілдеп. Өзінін көзі жоқта
маманың беделін алға салып, қоқиланып алатын әдетім бар еді,
аянайын ба, соған бастым.
— Құлдық, тақсыр! Кругом марш, ары қарап тұр! — Ғайша,
обалы не керек, төсектің серіппесін сықырлатып жатыр. Көп
ұзамай жып етіп сыртқа шығып кетті.
Әйеш көзін аша алмай уқалап отырды да, бір уақытта
жастықты құшақтап қайта құлады. Жамылғышқа қолды тағы
салдым. Әйеш басын жұлып алып, тесіле қалып еді, ойпыр-
ай, көзі шатынап тұр. Сескеніп қалып, еріксіз шегіне бердім.
Оллаһи, бүйтіп ашуланғанын биылғы жаңа жылдан бері көріп
тұрғаным осы.
103

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Сен, сен..,— деді тұтығып.— Сен қашан қоясың осы әде-
тінді?
— Қай әдет?
— Қай әдет? Жамылғышты неге... Мені бесінші класта оқитын
шүрегей қыз деп пе ең? Көзінді ашып қара! Мектеп бітірдім,
кітапханашымын. Мамама айтып, жыныңды қақтырып алайын
ба осы?
Әйештің аялы көздері боталап тұр. О тоба, онысы несі?!
Мектеп бітірдім дейді. Кітапханашымын дейді. Маған салса,
Әйеш сол баяғы Әйеш. Өзгерген ештеңесі жоқ. Бесінші класта
да, жетінші класта да Әйеш болатын. Қазір де сол Әйеш. Әлде
он жеті жыл бойы бір маған әпке бола беру әбден жалықтырып,
әпкеліктен таза-тақыр құтылғысы бар ма? Құтылып көрсін,
мамам, көкем болып, әуселесін көріп алайық. Кітапханашымын
деп, танауды осыншама көтеруге бола ма? Әпкеге, онын ішінде
туған әпкеге мен еркелемесем, кім еркелейді?
Алғашында мықтап абыржысам да, соңғы ойлар маған ғажап
күш берді.
— Кітапханаң өзіңе. Неге тұрмайсың? — деп, едірендей беріп
ем (ішім, әрине, Әйештай деп, бәрібір елжіреп тұр ғой), Әйеш
жамылғышты тұмшалай оранып алды да, төсекке тағы етпетінен
түсті. Жамылғы астынан әлдене деп бұрқылдап жатыр.
- Не?
— Не, не? Ауырып жатырмын. Басым...
Сол мезетте кіріп келген мамам:
— Екеуің жұмыртқаны жаңа жарып шыққан шөже құсап,
шекісіп жатырсындар ма? Ғайшадан ұят емес пе? — дей беріп еді,
Әйештің кетеуі мүлдем кетті.
— Ой, мама-оу...— Үні мүлдем әлсіз.
Мамам бірден жуасыды.
— О, не Әйеш? — Қасына тыпындап жетіп барды. Әйешім
әлгі жерде керіліп-созылудың мың түрін бастап жіберді. Әуелі
мұрны пысылдап, мырсылдап жылады. Онысы өтірік енді.
Сәлден соң жамылғыш астынан білегін шығарып, қолын созды.
104

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
I — Мам, ә, мам... Алақанымды ұсташы. Жанып тұр ма? Басым
айналады. Денем ап-ауыр...
— Алла, алла! Не болды, Әйешжан? Не жаздық? — деп, мамам
шыбын жанын қояр жер таппап еді, осы айтқаным ып-рас, Әйеш
өз өтірігіне өзі ұялды ма, дауысын жайлатып:
— Қойшы, мам! Түк емес, жай әншейін. Кеше кинода...
желдеткіші ашық терезенің тұсына отырып едік... Мам деймін...
Бүгін Қарасайды қойсам қайтеді? Ана Досан барсын, — деп
қоңырсытты.
Еһе, бәрі белгілі болды...
— Иә, өтірік ауырып...— деп сыпсыңдай беріп ем, мамам:
— Тәйт, салғыласпа! Сырқат адамның бір аяғы жерде, бір
аяғы... Тһе, тһе, тілім тасқа! Қайдағыны айтқызып... Қіші еке-
мін деп аласаратын күнің бар ма сенін? Түймедей болып, түйе-
дей әпкеңнің жағасына жармасасың да жатасың, — деп, маған
қиғылықты салды. Әйеш жайына қалды. Амалым таусылып, сүтке
тиген күшіктей сүмірейіп, сыртқа зыттым.
Аула ортасында тұрып, қапа болдым әбден. «Өмір әділетсіз!
Әйеш секілді мияу-мияу жалқау қызды маған әпке қылған
дүние қырсық. Тұңғыштығын бетке салық етіп, онды-солды
пайдаланып бітті. Қашан тұрады, Қарасайға барады, бармайды,
өзі біледі. Қенжеліктің күні құрысын. Бәрі ақыл айтып, ұрсып
алғысы келіп, тілдері қышып тұрады. Аға болып, кәдімгідей
кісімсініп, ұрсып, зекіп, құрыс-тырысты жазып алатын іні де жоқ.
Үшбастың үйінде шапқылағанда шаң борататын, Кәртеңбай-
дың бақшасына тиісетін көп іні менің мандайыма жазылмаған,
ал қайтесің».
Таңертең бітіп кеткен іс осы.
...Тістеніп, төңірекке қарадым. Ғайша анадай тақыр жерде
туфлиіне түйір шаң жолатпай, ешкі секілді сексиіп тұр. Күн
қамшы сабы көтеріліпті. Ауылдың әр тұсынан трактор дарылдап,
от алып жатыр. Әлекең ауласынан «Қырғ-қырғ!» деп, бір қора қаз-
үйрек қырып тастардай уралап, қиқулап, шұбырып шыға берді.
Іле көк қақпаның ар жағынан шиқылдаған шөжелерін ерткен
105

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
құрқылдақ ақ тауық та едірендеп көрініп қалды. Бірінің ізін бірі
басқан қаз, үйрек ауыл ортасындағы колонкаға тіке тартса, ақ
тауық шөжелерін шоқтай иіріп, үй іргесіндегі қалақайға беттеді.
Әлекең қақпасы бір ашылса, жуық арада жабылмайды екен. Көп
ұзамай Сапар, Шынар, Данияр көрініп, алдыңғы екеуі сиыр мен
бұзауды ауылдың екі шетіне қуалай жөнелсе, Данияр велосипедтің
үзеңгісіне аяғы жетпей, есік алдындағы орындыққа шығып,
тырбандап жатыр.
Мен еңірете есінемек оймен ауызды Ніл крокодилінше кере
беріп ем, ту сырттан:
— Ойбу, әне, аузыңа шыбын кіріп кетті. Жап кәне, бол тез!
— деген дауыс шықты. Сасқанда жақ қарысып қала ма, неме-
не, сол сәтте шықшытымнын бір жері тырс етіп, керілген ау-
зымды жаба алмай қор болайын. Біреу иегімнің астынан нұқып
қалып еді, тісім тісіме сақ ете қалды. Қарасам — Үшбас!
— Ғй, сеғ қайдағ дүрзің? Даң атпай? — Шықшыт әрең
қозғалып, аузыма кішігірім жұдырықтай ащы құрт салып сорып
тұрғандай әрен сөйледім.
— Кеше сені маядай бақыртып, елу тиын ұтып алғанымды
білесің ғой. Бірлікке барып, соны саудаға саламын.
— Жо-жоқ, сен қылжақтамай, шынынды айт, — деп, өзеуремек
болып ем:
— Басқа қандай шындық керек, — деген Үшбастың жаңа
ғана ойнақшып тұрған қарашығы қата қалды. Баяғы заманда бұл
өзі қылжақбас, ойынпаз бала еді. Әкесі ішкелі бері жаңағыдай
қылжақты бастауын бастап алады да, орта жолда кілт өзгеріп,
шытынап шыға келетін ауру тапқан.
Қой, ілініспейік. Кеше түнде басқаның ісіне бет алды
кіріспеймін деген серт және бар. Сөз деген көмейімде лықылдап,
кептеліп тұр. Әйткенмен, амал жоқ, серттің аты серт.
Аққұм, Қарасай совхоз да, Бірлік — осы екеуінің ортасын
ойған үлкен поселке, аудан орталығы. Автобус патрубкасынан
әлсін-әлі бірденені парт та пұрт атқылап, Бірлікті мандайға
алды. Артқы орындықта Үшбас екеуіміз екі жаққа бедірейіп
қарадық та отырдық.
106

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Е, бедірейе берсін. Оған менің нем кетті. Әділетке жүгінсек,
ол емес, менің бедірейгенім жөн еді. Кеше асықты таза-тақыр
сыпырып алды — бір. Әкесінің қолтығынан сүйей бергенімде
кеудемнен итеріп қалды — екі. Елу тиын көзден бұлбұл ұшып,
ол кетті — үш. Сөйтіп тұрып маған өткізіп қойғандай қодыраяды
қеп. Әкесі Жұмаш та кешеден бергі екеуіміздің қылығымызды
есепшотқа салса, сөз жоқ, мен жаққа шығар еді. «Есеп білмеген -
есек» деген осы.
Автобус тоқтап еді, үстінен бұлт ұшып өткендей іште бір сәт
қара көлеңке орнай қалды. Бұл бізді Бірлікке дейін собаландап
куған, бірақ мойнын қанша созып қуса да жете алмай, жер қапқан
автобус шаңы еді. Тұра беріп ем, Үшбас кенет бүйіріме біз сұғып
алды.
— Өй, не?
Шошып кетіп, үдірейе қарасам, жоқ, біз емес, бас бармақ
пен балалы үйректің арасына қыстырып алған тиынмен түртіпті.
Үшбастың сан қилы сотанақ қылығы зәрезеп еткен менің өзіме
қос көрініпті.
— Елу тиыннан сдаш! — деді тиынды соза түсіп.
— Керегі жоқ. Бәрібір ертең ұтып аласың,— Әдейі алмадым.
Әкеміз уыс-уыс ақша санаған кассир болмаса да, «елу тиыннан
қалған сдашқа» қарап қалмағанымды біліп қойсын.
— Қол сүймен сатып аламын. Біздін ауылдың магазинінде
жоқ. Соған жетпей тұр еді.
Үшбас басын ішке алып, міңгірлеп сөйледі. Суырдың
айғырындай шақылдайтын шақарлығы қайда қалған? Бірденені
бүлдірейін деп жүрмесін осы бала.
— Сүйменді қайтпексің?
Үшбас едәуір қипақтады.
-Керек... Шарбактоқиыкдепем...Соныңсымынбұраймын.-
Суық шалғандай жауырыны аспанға шығып, соңына бұрылып
қарамастан, автобустан түсіп кетті.
Әрі-сәрі ойға кеттім.
«Шарбак тоқиық деп ек...» Өтірігіңе не ақы аласын,
Үшбасым! Қожанасыр болмаса, жаз ортасында есі дұрыс адам
107

1
ҚАЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
шарбақ тоқушы ма еді. Қәжекеңнің өзі де байқап-байқап барып
тоқыр. Онда да тоқи алса... Сүйегі қатып кеткен талдан шарбақ
тоқимын деу не, сымнан өрмекшінің өрмегін саламын деп
жынығу не, екеуі бір. Үшбас қырсықтықты қатырса да, ғұмыры
өтірік айтпайтын. Ендеше, жаңағы қипағы мен өтірігі не?
Түбі шикі.
Автобустан түсе куып жетіп: «Әй, өтірік айтып, сені не қара
басты» демек болып, біраз толқыдым да, үлкен қатеге ұрына
жаздағанымды артынан аңғардым. Кеше өз-өзіме берген серт
қайда? Айтқан сөз — атылған оқ. Үшбасик, бадырақ көз, сен
тимесең, мен тимен, өтірік айтпақ түгіл, айға ұшып кет, менің
шаруам жоқ.
...Автобустың патрубкасы бастырмалатып, үсті-үстіне
партылдап алды. Әлдекім автобустың әбден қызған картеріне
уыстап жүгері салып, қуырып жатқан секілді. Ыңыранып қозғала
бергенде, алғы орындықта шашын төбесіне секситіп түйіп алған
сары қызбен әңгімені желдей гулеткен Ғайша жалт қарап:
— Досан-ай, мықтап ұста деймін, мұрныңды соғып алма! — деп
көсемсіп, ит жынымды келтірді. Автобус-тағылар маған тесіле
қалды. Бетімнің оты шықты. Ызадан жарыла жаздап, тұтығып
қалдым. Ай-күннің аманында аркалыққа мұрын соғатындай
Досанды тәй-тәй басқан бала дей ме. Не дейсің, баяғы, жолау-
шыларға: «Көрдіндер ғой інішекті қалай-қалай қысып ала-
тынымды» деген бөспелігі де. Әпке деген осы. Өтірік қамқорсып,
қайда өткізерін білмей жүрген ақылдарын өстіп іске жаратып
алады. Қарасайдағы нағашы жұрттың бәрі Ғайшадай болса, қап-
қап ақылдан Аққұмға ішім кеуіп қайтар.
Қол қусырып, алдыңғы орындықтың астына көсіліп жіберіп,
ешкімге есесі кетпеген адамша көзді ежірейтіп отырмын.
Туғаны бар, түбір астындағысы бар, әпкелерге деген өкпем
қара қазандай. Ол өкпені ешкім қаперіне алмағасын, «Алла-ай,
бүйтіп неге бүліндің, жарқыным» деп мүсіркеп сұрамағасын,
қайнап-қайнап суы таусылған самауыр құсап, ақыры қояды
екенсің. Әлгі екі арада желкесі тарта қалған басым жазылсын-
108

К.АРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
шы деген оймен мандайды әйнекке тіреп ем, көзім көкжиектің
қақ үстінде қалқыған іркес-тіркес көшті шалып қалды. Кір-
пікті жыпылықтатып жіберіп, қайта айналып қарап ем, көш
емес, автобус ышқынып ызғыған сайын, бой көтеріп, зорая
түсіп, ұдайы биіктеп келе жатқан тау сілемдері екен.
— Оһо! — Өкпені ауаға толтырып алып: — О-о! — дедім.
— Оһо! Мен «О-о!»-ны Аққұмға қайтқанша кемі он рет
қайталайтын шығармын. Семейхан айтпақшы: «О, ғажап!».
Шоқы таулар қаз-қатар тізелей шөгіп, күйсеп жатқан түйе-
лерден аумайды. Бойлары көк тіреген жасыл түйелер... Төскей-
төскейде ұйысып тұрған қарағайлар етекке таман сирей түсіп,
Үшбас секілді қыңыр бірен-сараны ауыл шетін жиектеген сай
табанын ала ағып жатқан өзенге ентелеп келіп, жарқабақ шеке-
сінде шаншылып қалыпты. Шоқылардың нақ ортасын дөңге-
лек ауыл алған. Әр үйдің жаны көкпеңбек ағаш. Уатылған әйнек
шашып тастаған секілді көше-көшеде әлдене жылтырайды. Сөйт-
сек, су қуалаған арықтар екен. Бір үйір бала өзен жағасындағы
тостаған тоспада топалаңды салып су шашысып, айран-асыр.
- Қалай біздін ауыл, Досаник?! — деді Ғайша Аққұмнан
туфлиіне толтырып ала шыққан топырақты төгіп жатып. Жы-
мындаған жүзі, қымындаған көзі: «ұуселеңді көрейін, ку бала!
Мақтамай көрші!» — деп тұр.
— Ничево...— дедім жұмыртқадай жұмыр тасты теуіп қап,—
Ничево...— Келер секундта кілт өзғеріп, жерден жеті қоян
тапқандай салдыр-гүлдір дәңгірей жөнелдім.- Әпке деймін, бар
ғой, әнеукүні телевизор Алатауды көрсетті. Өзі Алматының дәп
қасы екен. Шалғыны, міне, мына жерден! — Алақаннын қыры-
мен белімді орап түстім,— Ой-ой, тауы сондай биік! Медеу мұз
айдыны ала жаз ерімей, тас қатып жатады екен. Түк болмағандай
коньки тебе бересің. Во, жер десе, жер! Жұмақ! — Бас бармағымды
көзімнің деңгейіне әкеп, шошайта қойдым.
Бөле әпкемнің көзіндегі қымың өше берді.
109

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Білеміз, білеміз. Алатау мен Аққұмға бұ дүниеде жер
жете ме? Айтпағың сол ғой. Мақтауың бітсе, кеттік! — деп, алға
түсті. Өкшесі аттаған сайын тықылдап, барабандатып барады...
Аққұмда ғой мына туфли толарсақтан топыраққа батып, ты-
қылдамақ түгіл, әрең алынушы еді. Ақшатаудың тасына дейін
теуіп қалсаң дедек қағып, әудем жерге жүйткіп жетіп баратын
жүйрік екен.
...Айнадай ғып сыпырылған аула ішінде колындағы шөрке-
ні шыркөбелек ойнатып, шотпен тық-тық шауып отырған бір
жапырақ жігітке сәлем бердім. Ешкі бас жігіт ернін қыбырлатты
да, Ғайшаға ысқырынып берді:
— Келдің бе? Жоғалттық деп отыр ек. Мына қалканқұлақ
қараң кім?
«Ешкі бет кісі жей ме?» — деп ойладым.
— Досан деген жиенің осы болады, көке.
Жігіт қолынан шот түсіп кетті. Шөрке тұмсығымен жер
сүзді. Елп етіп ырғып түсіп, қасыма келді, екі самайымнан қос
алақанымен қысып алды. Сонда байқадым, жігітім жүзі ши-
май-шимай шал екен. Алыстан әжімдері көзге шалынбағасын,
жасарып көрініпті. Маңдайымнан сүйді.
— Қайтсін, кара тартып келген ғой. Шыдамаған да. Бір
жағанын кірі, бір көгеннің төлі... Ұлдай балдыздың, бажаның
дені-қарны сау ма? — деп, көрген-көрмегені бар, біздің жақын-
жұрағаттарды он минут бойы қүлағынан тізді. Тоқтала ма деп
ем, шалда шаршау жоқ екен, ағыла берді,— Шалтай жездең мен
боламын. Досан балдыз сен екенсің, — деп тастады да, үйге
жетектей жөнелді,— ЕІісмілда, табалдырықты оң аяғыңмен атта!
Ғайша, көрпе сал! Барынды ас! Жас та болса, Досантай жолы
үлкен қонақ. Балдыздарға бағыштап, белгі тағып, жемге байлап
отырған тоқтымыз бар. Кешке қол-аяғын байлап, бәлем, алып
ұрармыз, — деп қауқалақтап, көп ұзамай басталып кететін мол
берекенің шетін шығарып қойды.
Жезде табылса, балдыз болу рақаттын рақаты. Әмыры
шығып көрмеген төрге жамбас тиді. Іштей ептеп қысыламын.
110

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ойда жоқта төрге шығу үздік оқушының партасына рұқсат-
сыз отырып қойғанға тең бірдеңе екен, астымнан су шыққандай
қозғалақтай бердім. Жаңа ғана шөркенің қасында мыжырайып
отырған жездем қолтығына қос қанат байлап алып ұшып жүр.
Аузында тыным жоқ:
— Әлгі Гүлдей туған жердің шетіне іліккесін, шылауышын
сыпырып тастап, бәлду, бәлду қыз боп кетті. Туыс-туған да бір
ру екен, көшіп келген күні қай затымыз кімнің қолында кеткенін
білмедік, тәйірі. Түн ортасы ауа төр үйден тауып, түгендеп алдық.
Міне, бір айдың жүзі, Гүлдей кебісін шешуді қойды. Балқан
таудың басынан бәленше, Тескен таудың қасынан түгенше
туысы табылады да тұрады. Мана: «Ғайша Ұлдайдан қайтқанша
Қайқандағы құдашама кіріп шығайын», — деп, балаларды алдына
салып, қуып кеткен. Шал шын керек болса, қайда кетер дейсің,
бір оралар, — деп көзін қысып қойды.— Жылап көрісетін нағашы
жұрт жақпады ма, Ғайшажан? Қайдам, баруыңнан қайтуың тез
болды, аһа-аһа...
Аһа-аһалап күліп тұрып, өзінше кағытқаны.
— Ой, көке, аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтініңіз-ай...
Ырғалып-жырғалып, кейін келеміз деп отыр. Жездей дүрілде-
ген бастық екен, әзірге бұйрық-жарлықтан мұрнына су жетпей
жүрген көрінеді. Еруліктің басы деп, мына қоржынды өңгеріп
жіберді,— Ғайша автобустан үйге дейін мені мықшындатып,
қара терге түсірген тоқ бүйір рюкзакті бұрышқа дүрс еткізіп
тастай берді,— «Қалың балдыздың басы осы, мықты болса,
асты-үстіне түсе берсін», — деп, мына Досанды ертіп жіберді.
Төрде томпиып отырып, таң-тамаша болдым. Қызы әкесіне,
әкесі қызына қалай аумай тартқан, әй! Екеуі бір қалам, бір сия,
бір оқушының қолымен жазылған көркем жазу дәптерінің екі
жолы сияқты айнымайды-ау, айнымайды. Екеуі де жұдырықтай.
Сөйлегенде алдарына жан салмайды, жүргенде аяқтары аяғына
тимейді.
Ашық қалған есіктен көріп отырмын, Ғайша самаурын
көтеріп дедек қақса, жездекем шырпы ұсақтап әуре-сарсаң.
111

1
ҚАЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Көргенділік танытып, сыртқа шығып, жездекем қолындағы
балтаға жармаса кетсем деп, талпындым да: «ұй, қойшы, асатпай
жатып құлдық деп, сыр білдіріп алмайынға» көштім.
Бір келісінде Ғайша басыма жастықтастап кетті.
— Автобус соғып тастаған шығар, көз шырымын ал, Досантай.
Іш жылып қалды. О баста апы-күпі көрінгенмен, өзі мей-
ірімді қыз екен. Мәселен, Әйештің аузынан Досантай деген сөз
сирек шығады. Ол мұндайда кергіңкіреп: «Ұйқтамаймысың...»
— деп, қас қайшылайды. Арғы жағын қалай ұқсаң, солай ұқ
— ұйықтайсың ба, жоқ па, — өзің біл, жарқыным. Ғайша әпкем
көңілі түссе, ағыл-тегіл екен. Ашуланса, адам кұсап қатырып
тұрып ашуланады. Кеше түнде білектен мытып ұстап тартып
қалып, етпетімнен түсіре жаздап еді, бүгін басыма жастықтастап,
шыр-пыр. Соған қарағанда, қайтуы да шапшаң-ау. Өзін түбір
астында бұқтыра бермей, түпкілікті шығарып жіберсем бе?
Жо-жоқ, сабыр түбі — сары алтын. Әзір қоя тұрайын.
Байқастайық. Жастықтастап, кұрақұшса, қонақпыз. Кейін алда-
жалда ұрсысып қалсаң, бір шығып кеткен түбір астына қайта
кірмей, шатақ шығарар.
«Түбір асты, түбір асты, түбір, түбір...». Көз алдыма буалдыр
перде тартыла бастады. Арғы жағы ақы берсеңіздер де есімде
жоқ.
...— Хи-хи-хи!
Біреу қиқылдап күледі кеп, күледі. Көзі жалтыраған дәу көк
кесіртке құйрығын арлы-берлі бұлғандата сүйкеп, табанымды
тынымсыз қытықтайды. «Кіш! Кет, ей, әрі!» — деп куып тастауға
әл жоқ, қол-аяғым қара жерге шегеленіп қалыпты.
Ғайша қайда жүр, мына кұтырған кесірткені қуып тастамай?!
Оң аяғымды бауырға жинап алдым бір кезде. Көтере беріп,
жылмандаған кесірткені бастан теуіп қалып ем, риза болып кетті
ме, су-су тілін табаныма жапсыра қойды.
112

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ғайша! Әпке! — Айқайға басып ем, кесіртке зып берді.
Көзімді аштым. Тас төбеде электр шамы жарқырап тұр. Яғни
төрде қол-аяғым төрт жаққа кетіп жатыр екенмін. Шынтақпен
жер тіреп, бас көтерсем, аяқ жағымда сылқылдай күліп Ғайша
отыр. Киіз үсті көлжайсаң: айран ба, қымыз ба, ақ төгіліпті.
Анау жерде обсерваторияның күмбезінен аумайтын кәрлен
кесе жантая кұлап жатыр. Даудырай сөйлеген Шалтай жездекем
ішке кіріп келеді:
— Аттан салған кім? Не бүлінді?! — Көзі алақ-жұлақ. Қатты
көтеріліп алыпты.
Ғайша сылқылдап:
— Атандай ақырып, атып тұрған мына балдызыңыз... Оятайын
деп... табанын қиякпен қытықтап ем... кәрлен кесені қымы-
зымен қосып теуіп жібергені. Нервісі тозған, құдай біледі...
асау екен балдызыңыз, — деп, жетісіп жатыр.
— Ғайшажан, өстіп те ойнай ма? Даусы жаман шыкты. Ол
түгіл, сыртта жүрген мен шошып кеттім. Жүрегі жарылып кетсе,
қайтесің? Ондай да болған. Жүр, Досантай, сыртқа шығып, өз-
өзіңе кел! — Жездекем күңкілдей жүріп, төрде мылжа-мылжам
шығып отырған менің қолтығыма жармасты.
Ғайша атып тұрды. Иегін кағып еді, кекжие қалды. Онсыз да
қиық көзі мүлдем бітіп, қос сызыққа айналды. Тік шаншылған
күйі сыртқа беттеді.
- Қытықтаса не? Жат емес, жау емес, бөле. Ойын көтере алмай
ма? Қытықтан зиян шекпеген секілді. Бастығырылып, малдай
бақырып жатқан жерінен оятып алдым. Несі бар, Қарасайда
қақыратып армансыз бір бақырдым деп Аққұмға айта барсын.
Етікті босағаға тарс лақтырып еді, төбедегі шам шайқалды.
— Мына қыз ба, мына қыз кісі өлтіреді, — деп ақ көйлек,
ақ көңіл Шалтай жездем селдір сакалының ұшын саусағына
орағыштап отыр.
«Ендігәрі қытықтап көр, малдай бақыратын мен бе, сен бе,
көрейік, кәні!» — деп, жағаласа кетсем бе? Қой, қой, қоя тұр.
Келмей жатып, ши шығармайын. Ғайша кеше түнде салған
113

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
шатақтарымды ұмыта алмай, егесіп жүр, одан басқа не дейсің.
Ал қияқпен табанды қытықтады. Онда тұрған не бар? Әпке, іні
болып ойнайын деген шығар. Кілтипан басқада. Мен тап қазір
өз-өзімнен шошимын да. Бала атаулы табанын қытықтаса,
сақылдап тұрып күледі. Ал мен маядай бақырып, жер-дүниені
басыма көтеріппін. Және ұйқы үстінде бақырыппын. Тегін емес.
Бұл дегенің қабырғаға сүйеп қойған велосипед қоңырауын ешкім
баспаса да шылдырлап коя беретіні секілді төтеннен келген пәле
ғой. Ғайша айтса, айтқандай, нервім тозған. Әнеукүні емтиханға
жатпай-тұрмай дайындалып ем. Соның шалығы тиді ме? Е, оқу
расымен инемен құдық қазғандай екен. Аталарымыз қалай біліп
айтқан. Сыңайы оқу оларға да оңай тимесе керек.
Жер бетіндегі неше түрлі шөптің иісі бөлмені кернеп алған.
Танауды тартып-тартып көрсем, киізге төгілген қымыз жақтан
жымысқыланып жетіп тұрған сияқты.
— Қап, қап! Рәсуа, рәсуа! Обал. Қасқа құлынның аузынан
жырып, тандай жібіткен қымыз еді. Жә, Ғайшаны жібере қояйын.
Жуып, сүртіп алсын. Досантай, сен сыртқа шығып, бой жазып
қайт. Көп ұзамай куырдақ, шай да келіп қалар.
Шалтай жездем, кәрі жездекем қалай лып етіп кіріп келсе,
солай лыпылдай шығып кетті.
«Жездекем, ой, жақсы кісі, — деп ойладым төбеден сал-
быраған шамға қараған күйі есінеп. Оңашада өстіп еңірете есінеп
алмаса бола ма,— Дәптердің жазу түспеген, сия тамбаған таза
бетіне ұқсайды». Тәуір теңеу тапқаныма қуанып кетіп, атып
тұрып, ұйқы ашар жаттығу жасадым. Алғашында буын әлде
сүйек, әйтеуір тізе, тобық, жамбас, иық, шынтақтарым шытыр
еткесін шошып қалып ем, сәлден кейін велосипедтің солидол
жақкан подшипниктері құсап аяқ-қолым зыпылдай бастады.
Көңіл сергіді. Аяғымды көтере басып, сыртқа шықтым.
Аула ортасында жез самаурын Олимптің отын көтерген
С.Белов құсап, жалын тілі жалақтаған қара мұржаны аспандата екі
иығынан демалып тұр. Қазан асылыпты. Ғайша мұржа өңешіне
әлсін-әлі ұсақ жаңқа тастайды. Ашық жатқан қақпа есігінен
114

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
аулаға бір взвод ақымак кой барқырап кіріп келіп еді, Ғайша
алдынан жүгіріп шығып, қораға карай икемдеп, қақпалай жөнелді.
Табанымды армансыз қытықтамағанына өкпелі ме, тіл жоқ. Еркі
өзінде. Жәпілдесе қоюға мен де құмартып тұрған жоқпын. Бұл
әпкемен байқап-байқап ойнамасан, ойыным осылып қалатынын
кеше сезгемін.
Бейтаныс көшеге едірендеп шауып шыға келуге дәтім
шыдамады. Есі бар пионер готовальня сатып аларда ең алдымен
ашып-жауып, түгін қоймай тексеріп алады. Мен де шарбаққа
сүйеніп, Қарасайдың көшелеріне таңсық көзбен барлай қарай-
мын. Аркасына қолын айқастырып алған жездей касымнан
өте беріп, өзіне ме, маған ба:
— Түйе шалды шақырып келейін. О кісі — өздігінен
қозғалмайтын қара тас. Отырса, тұра алмайтын, тұрса, отыра
алмайтын кәрілік ит-ой! — деп кұбірлеп, қақпа сыртына шықгы
да, көше бойын қуалап кетті.
Тайпалған бұзауды жайдақ мінген он бір, он екідегі паң
патшазада және оның шашбауын көтерген кәкір-шүкір бала
сандалдары сартылдап, қиқулай жарысып өтті. Ішіндегі ен
талтағы жүгіріп бара жатқан күйі маған бет-аузын тыржита
койды. «Іші толып жүретін Үшбасқа тартқан пәлесің-ау!»
— деп қойдым. Іле жаңағы кәкір-шүкірге мұрын ба, көзі ме,
қысқасы, бір мүшелері ұқсас ересек балалар велосипедтерін
бұлт-бұлт қиқалақтатып, алдына салған сиырларды қорқыл-
дата қуып кете барды. Тоқал қоңыр құнажынның құйрығын
ұстаған жалақсары кірпішаш көзін қысып қалды. Онысы: «Дос
болайық, яки есебін тауып, сені де күндердің күнінде жалпаңнан
түсірермін» дегені ме, дәл айыра алмадым.
Тіркемесі салдырлаған екі-үш «Беларусь», қаз-қатар тістері
жарқыраған шынжыртабанын көшенің көк тасына қашыр-
қашыр қажатып «ДТ» төңіректі басына көтеріп кетті. Касен
шіркін біздің кақпаның алдынан өте калса, тракторын ұзақ-
ұзақ бажылдатпаса, іші ауыратын. Жалпы, қызы бар үйдің
қақпасын көрсе, қаны басына шауып жүре береді. Ал ақшатаулық
115

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ағайлар ондай әулекіліктен ат бойын алыс ұстай ма, тракторды
бажылдатпай, бакыртпай, ыңырсытып кана өтіп жатыр. Сол екі
арада көрші үйдегі бойжеткен қақпа алдына шығып, жақтау-
ға сүйеніп, сүзіліп тұра калмасы бар ма. Өзі Әйештен аумай-
ды. Тек көзі үлкен. Көзін әрең көтеріп, жақтауға сүйеніп тұр.
Сол мұң, көргенді ағайлар оңай бұзылды. Гүріл атаулы күш
алып, трактордың алдынан да, артынан да көк түтін аткылады.
Саңқылдаған сергек дауыстар шығып қалды:
— Ғалия, хал нешік?
— Оқуға қашан жүресің?
— Кешке клубқакел. Во, катқан кино! «Темір маскалыадам...».
Тәкаппар кыз жауап қатқан жоқ. Қаптаған калың парад-
ты қабылдаймын деп әбден шаршап қалған қолбасыдай жай
бұрылып, аулаға кіріп кетті. Телевизорда қолбасы парадтың
сәлемін алушы еді. Ғалия апайдын мінезі қолбасыдан қиын
ба, шын жүректен шыққан көп жылы лебізді кұлағына ілмеді.
Ой, алла-ай, айны қатесіз Әйеш!
Ей, мына Қарасайға Аққұм ұқсай мадеймін. Сиыр қуып, бұзау
мініп тепендеп өткен балалар, үлкен көзін көтере алмай тұрған
Ғалия апай, оған сұрақ пен сәлемді қарша жаудырған ағайлар...
Ұқсас, оллаһи, ұқсас...
Сол екі арада, «Біраз ойға батқандықтан басың ауырған
шығар, бала. Ептеп таза ауа жұт, бой сергіт!» дегендей, өзен
құмыға гүрілдеп жатқан сай аңғарынан салқын самал леки
жөнелді. Жаңа жылда мектеп залына орнатылатын жасыл шыр-
шаның жұпар иісі: киізге төгілген жаңағы қымыздың танау
қытықтайтын иісі дейсің бе; Бірліктің базарында стақандап са-
тылатын баданадай бүлдіргеннің иісі бар, әйтеуір, кәусар да әдемі
ауа кеңсірік жарып, басымның есік-тесігін ашып жібергенде
тұншығып қала жаздадым. Кәусар ауаға да тұншығады екенсің.
Әйештің сан түрлі әтірлері сыңсып тұратын айнасынын тұсынан
өткенде бір сәтке басым айналып калушы еді. Ақшатаудың
ауасы Әйештің әтірінен асып түспесе, кем соқпады.
Қарсы беттегі жасыл түсі жуылып, қара өң ала бастаған
қалың қарағай арасынан сауысқан жанығып шықылықтап еді,
116

ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
«сенен қалысам ба?» дегендей, жындысүрей бір қарға онды-
солды қарқылдап, тегі, қарқ болып қалды. Кешкі таза ауа
дьінылдап, ән салып тұр.
«Ойбой, — дедім қайта бұзылып, — ойбой, қалай айтсаң,
олай айт, тау тау да, құмның аты кұм екен». Көңілім құлазыды.
Дққұм тау, сыңсыған ағаш, бұлақ, өзені бар Карасайға қарағанда
біраз касиеттерден құр қалып қойыпты. Аккұмның меншік
малы кешкі өрістен қайтқанда кілегей шаң кілкіп тұрып алушы
еді. Шаңның көкесі сан қилы тракторлар көшеге ырылдап кіріп
қелгенде көтерілетін. Үшбас тәрізді алкеуде біреу шалқадан
жығып салып, көз бен танауға топырақты себелеп тұрғандай
сезілуші еді ондайда. Әйеш клубқа барарда бет-қолын бір,
клубтан қайтқанда екі жуып, әлек-шәлек болып жататын.
Мамам да су мен сүттің бетін дәкемен жауып, кілемін әр апта
сайын аулаға шығарып, қағып-сілкіп жатқаны. Қаптаған қой-
ешкінін көшеге шұбырып кіре бере жамырай маңырайтыны да
содан. Қою шан көз бен кірпік, тұмсықты қоса қабат тұтып алға-
сын: «Ойбай-ай, ойба-ай, мынаны қайттік, қайттік-о-ой!» — деп
азынай беретін болса керек.
Қарасайдың көшелері, керісінше, тастақ, тақыр. Мал тұя-
ғынан түйір шаң сетінеп ұшпайды. Сиырлары көп өкіріп мөңіре-
мейді де. Сырбаз, тәртіпті солдаттар кұсап, тұяқтары сыртылдап,
ара-тұра әдеппен «М-мм!» деп ыңырсып, қақпаларға кіріп
жатыр. Түк-түгінің арасын шан алып, жанын көзіне көрсетіп,
қышыта ма, біздің сиырлар онсыз да шықпа жаным, шықпа
деп, әрең қалқайып қара көрсетіп тұрған шарбақтарға сүйкен-
іп, жапыра жаздайды да, ақыры онды-солды ұшқан таяқ пен
тас тиіп, зорға бас сауғалайтын. Біразының Қара Бонбы секілді
сүзеген, нервісі жұка болатыны сол себептен бе екен? Және өздері
үстеріне қалың шаң мен топырақ қонып алғандықтан, ылғи
сұр түсті көрінетін.
Қарасайлық балалардың велосипед екеш, велосипедіне
дейін ағы ақ, көгі көк, жарқырап тұр. Біздін су жаңа деген
великтердің подшипнигі көпке шыдамайды. Құм жеп қояды.
117

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Педалі босқа айналып, көшенің қақ ортасында қақиып тұрып
қалып, онсыз да аз абырой айрандай төгілетін. Бұл жақтың
великтері сыпылдап, зуылдап өтіп жатыр. Ауа мөлдір, салқын.
Мөлдірлігі соншалық, саусақ ұшымен шертіп қалсаң, ауадан
сыңғыр-сыңғыр үн шығаратын сияқты.
Ежелгі пысықтығымнан Қарасайға келгелі көз жазып қал-
ғандаймын. Қара албасты екі иықтан басты. Басқан емей не-
мене, қағынып, кәрлен кесені теуіп, қымыз төктім. Қарасайлық
балалармен қоян-қолтық араласып кете алмай, ағаш қоршаудың
ішінен телміріп, міне, сыртқа көз сатып тұрмын. Қоян-қол-
тықты былай қой, әнеу талтақ пен кірпішаш жалақсары мазак-
тап кетті. Аққұмда Досан кімге есесін жіберуші еді. Мәселенки,
кеше түнде сан қилы айла жасап, Қасен, Семейхан, Ерлан,
Мұраттарды тақыр мұзға отырғызып кеттім. Тек Үшбасқа
амалым жүрмеді. Кейінгі кезде қабағы ашылмайды, ал ашушаң
адамға амал жасау қиын, айла асырып, арбамақ түгіл, қасына
жолауға корқасың.
Аққұмда қалпақты алшысынан киетін Досан, енді, міне,
Қарасайда сүтке жарымаған бұзау құсап аула ішінде жаутандап
тұр. Ендеше, ерегіскенде бұзауша тұмсықты көтеріп тастап, «Мө-
өуу!» деп мөңіреп те салар ма едім, кім білсін.
Аққұм қайдасың деп тартып кеткім келді. Араға күн салмай
жатып, өліп-өшіп сағына қалады екем деп кім ойлаған? Мына
Қарасай шыт жаңа, бөтен, жат. Кілең жарқыраған, бірақ қандай
заттар екенін өзін білмейтін жиһазы самсап тұрған бай магазинге
кіріп кеткендейсін. Бөтен, бөтен, жат...
Сиырлары сиыр құсап азан-қазан мөңіремейді. Кіл үндемес,
мойнын ішке алған монтаны, қу секілді. Подшипнигі шашы-
лып қалған великті алып ұрып, көше ортасында жөндеп жаткан
ешкім көрінбейді.
Шаң дейсің, Аққұмның қалың шаңы әлі талай кереметті
шығарып жүрмесін. Шаңы темір татыса, кім біледі, Аккұм астына
кілең темір мен алтын-күмісті басып жатқан шығар.
Ой-ой, бас ауырды, ауырмақ түгіл, қатып кетті.
118

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Түй аға, Ұлдай балдыз бен бажаның үйінен қолақпан-
дай өкіл келіп отыр. Тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға
қактырмай отырған жалғыз ұлы. — Нән біреудің қолтығына асы-
лып келе жатқан Шалтай жездекем. «Па, шіркін, айта түс! — деп
ойладым,— Ие, саған, тұмсықтыға шоқыттырмайды! Миымды
ен алдымен өздері шоқып қоятынын жездем, тегі, білмейді-
ау». — Жиендердін жолашары Гүлдей келгесін жасалады. Бү-
гін жай ырым. Ауылдың төбесіне әспеттеп көтеріп отырған
ақсақалы өзіңіз, төрді толтырып отырыңыз бір. Қомсынбаң-
ыз. Бала болса да, Аққұмдай іргелі ауыл, калың туыс арасынан
суырылып келіп отыр.
Қауқылдаған жездем жетелеген әлгі нән жақындай бере:
— Ассалаумағалейкум! — деп, мақамдап тұрып, сәлем бердім.
Жонылмаған, кедір-бұдыр жуан таяқты тықылдатқан түйедей
қісі тіл қатпады.
Жездекем, обалы жоқ:
— Әлгі Досан балдыз...- деп, алдын орай беріп еді, шал:
— Іһм-мм...— деп, сарылдап-гүрілдеп, тамак қырды. Жезде-
кемнің аузы жабылды. Түйекең жерден көзін алмаған күйі
таяғымен табалдырықты бір ұрып, үйге кіріп кетті.
Қарасайлық шалдар шатак па деймін.
— Ішке кір, Досантай! Ана кісілер іздеп қалар.— Қазан-аяқпен
алысып жатқан Ғайша самай шашын саусак ұшымен қайырып
қойды.
— Кірем қазір. Мына дәу кісі кім?
— Онысы кім тағы? Е, Түйе ата ма? Қарасайдың пайғамбары.
Жасы жүзге жетекабыл. Айтпақшы, өзі сендер жактан. Бәйбішесі
қайтқасын, Қарасайдағы балалары қолына көшіріп алыпты.
Аққұмның адамдары не жеп семіріп жүр дегенде, осы Түйе атаға
қарап айтқамын. Ойбу, әңгіме бұзау емізеді, бұзау таяқ жегізеді.
Тықылдамай, үйге баршы өзің. һаһ-һуп! — деп, тасып, кенерінен
асып, отқа пышылдап төгіліп жатқан сүттін бетін үргілеп кетті.
Таулы жердін түні тым тез түседі екен. Тас төбені мол
етегімен түгел бүркеп алып, жерге үңілген аспанның қара көк
119

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
шапанының өңірі жыпырлаған қалың жұлдыз. Орталық жақтан
репродуктор: «Клубқа тез кіру сұралады. Казір фильм басталады»,
— деп гүмпілдеп жатты. Ауа жаңа сауылған сүт аңқиды, түтін
сасиды. Балқұрақ шөпке қоса ет пе әлде ішек-қарын, бір сөзбең
айтқанда, малға жолап кетсең, кеңсірік жаратын қолаңса
иістер қым-қиғаш араласып кеткен. Ыздиған екі пар қыз-
жігіт әдеппен күліп, түзу басып, клубқа беттеп барады. Ауыл
шетінен ойын соққан балалардың у-шуы естіледі. Ұқсайды,
расында да Қарасай түні Аққұм түніне ұқсап тұр. Жалпы,
түннің қара алақаны жаққан қошқыл бояу біраз өзгешеліктерді
сылап-сипап, жымдастырып, жоққа айналдырып жібере ме
деймін. Әйтпесе, Аққұмнын Қарасайға үш қайнаса сорпасы
қосылмайды ғой. Ал қазір жұлдыздары жымыңдаған аспанына
дейін аумай қалыпты.
Тек Аққұмды шыр айналып, желдей есетін жусанның кермек
иісі Қарасайдан таптырмай тұр.
Жусанға арналған аңсау Әйеш, көкем, мамам, ең аяғы
Үшбасты да еске түсірді. Ақтөстің барқылдаған арпылы қайда?
Елендеп, қалқайған екі кұлағым тас төбемде тұрған маған
әлдекім: «Әй, Досан-н, қойсайшы-ы...» — деп естілер-естілмес
сыбырлап кетті. Оңға бір, солға бір қарасам, тірі жан жоқ. Әлде
жел ме? Жо-жоқ, Әйеш, анық Әйешканың биязы үні. Көлденең
сұлап жатқан қырат-тауларды қарғып өтіп, құлағыма қалай жете
қалды, ә? Әйештай, менің жан дегенде жалғыз туған әпкемді
Қасен, Семейхандар сұмдық тәкаппар қызға санап жүр. Ал
шындығында тек сәл-пәл тұйықтау, ойын ә дегеннен ашып
айтпайды — бар болғаны сол. Мәселен, менің Әйешті өкпелетіп
алатын қылықтарым аз емес. Ол соның бәрін құлағынан тізіп,
қазымырланып жатпайды. «ұй, Досан-й, қойсай...» — деп, соза
салады. Арғы жағын қалай түсінсең, солай түсін. Ол «ұй, Досан-
ай, койсайдың» не мағынада айтылғанын сан сұрақты сатылап
қойғанда барып білесің. Мен: «Әйеш, жаңа нені қой дедің?». Ол:
«Тентектікті қой, мамамның тілін алмапсың». Мен: «Иә, өтірікті
соқ, қай жерде?». Ол: «Су әкелмепсің»... Енді бар ғой, аяғына
120

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
жеткенше ежелеп, өліп кете жаздайсың. Сондайда ыза буып
тұрып: «ұй, Әйеш, өзі Қасен мен Семейхан — екі дүрдің қайсы-
сына тиесің; созбай, қыска айтшы!» — деп салғың келетіні бар.
Айтып көр. Әйеш көп те емес, аз да емес, бір жыл бойы тілдеспей
қойсын. Қасен мен Семейханның басы күні-түні қатып жүрсе,
оған, бір есептен, Әйеш кінәлі. Біреуіне мөлдіреп тұрып, тура
қарап: «Сені ұнатамын», — деп айтып салмайды. Ал менің жаңағы
әдісіммен ежелеп сұрауға ана екеуінің не батылы, не ақылы
жетпейді. Осының кесірінен әлі күнге дейін елге күлкі болып,
кұр боска далбақтап жүр.
Әйеш... Сол әпкем бүгін бізден неге қалыс қалып қойды?
Мұратқа еріп, киноға барып қойып жүрмесін. Өтірік ауырғаны
тегін емес...
Әйештен бастап, орындык арқалығына жазылған «Жанар +
Алик = любовьқа» дейін көргім кеп кетті. Өкше көтеріп, мойын
созып, Аккұм жакқа асатын жол сорабына көз майын тауысып
қарап ем, түк көрмедім. Алып жоталар асу бермеді.
— Досан, көкем шақырып жатыр!
Самурынның ыстық буына бет шарпытқан Ғайша үйге қарай
дедектеп барады.
Ет желінді, шай ішілді. Бетін оң жағына бұрып, тіс шұқыған
Шалта жездем қайдағы бір батырлардың тарихын қазбалап,
Түйе атаны сұрақпен сабап отыр. Атамыз Түйе десе, түйе екен.
Төрді жалғыз жайлап, сорайған екі тізесі иегіне тиеді. Жездем-
нен, мәселен, бір жарым есе биік. Бет пішінін олақ мүсінші
онша қиналмай, ағашты балтамен шауып-шауып жасай сал-
ған секілді. Сөйлегісі кеп ауыз ашса, көмекейі сар-гүр, кыр-р
деп, адамды қорқытып жібереді. Сақал, шашы аппақ, әжімдері
сай-сай. Бетінің ұшында ұйып қалған солғын қызыл бар.
— Түйе аға, жау көрсеңіз, найза үңілтіп, тырқыратып қуа-
лай жөнелетін шынжыр балақ, шұбар төс батыр атаныпсыз кез-
121

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
інде. Құм арасында үш бандымен жалғыз алыып, бәрін байлап-
матап, бір арқанға көгендеп, тізіп әкеліпсіз. Сол рас па? —
деп жездем сөзді жаңалап пілтелейді.
Түйе ата қақырынды. Тізесіне жайып қойған көлдей
орамалымен мандайын жалғыз-ақ сыпырып, шыпылдап
шыққан терді жоқ қылды. Сақалын екіге айырып, қос қолдап
саумалады. «Қазір, бәлем, хикаяның көкесі басталып кететін
шығар», — деп, екі көзім шоқтай жайнап мен отырмын. Көз,
кұлақ, желке, жон арқаны кім көрген, бірақ иегі ілгері кетіп,
ортаға таман итініп отырғаныма қарағанда, екі көзім шоқтай
жайнауға тиіс.
Түйе ата біраз минутты алға салып барып, күректей алақан-
ын жаялықтай құлағына тосып:
— Не сөз, бала?
«Бала» — Шалтай жездем тізесімен оюлы киізді егей түсіп,
жылжып барып, Түйе атаның мұздатқышта көп тұрып қалған
тұшпара секілді быт-шыт құлағына айқайлап жатыр.
— Баяғыда үш бандыны байлап-матап тастапсыз...
Атай көп ойланды. Мүмкін түкте ойламауы. Біраздан соң:
— Болған шығар, — деді жайбарақат. Жүзінде түк өзгеріс
жоқ. Сол үш банды атайдың есінен Николай заманында
шығып кеткен-ау немесе Түйе ата ол үш есерсоқтан басқа да
көптеген бандылардың түбіне жетіп, есептен жаңылып отырған
болу керек.
Жездекем оңайлықпен берісер емес:
— Кім еді... Қызылқияны жастанып жатып, мың жоңғарға жүз
сарбазбен қарсы тұрған қас батыр кім еді? Тіл ұшында тұрғанын
қарашы.
Шай жасап жатқан Ғайша:
— Ой, көке, атаны сонша қуалайтындай батырларда қай
ақыңыз кетіп еді? Батыр керек болса, отыр ғой карсы алдыңыз-
да, — деп салды. Зілсіз, наз ретінде айтты. Жездекемнін алдын-
да Ғайша өзін бастауыш кластың мұғалімі сияқты ұстайды екен.
Жездей кайтпады:
122

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Өткен соғыста батыр атанған Нұржан Ақбердин де осы
төңіректен екен. Жалғыз өзі көкболат танкке қасқайып қарсы
шығыпты.
Жездекемнің батырлық дегенде қанбай қалған бір шөлі бар
секілді. Біздің ауылдың тыртиған әлжуаз балалары спорт десе
ерні еріндеріне жұқпай, пулеметше сақылдап тұратын. Жездейдің
бойында да сол шамалас қызық қасиеті бар екен.
Ал соғыста Отан үшін ерлікпен қаза тапқан Нұржан ағаны
жақсы білеміз. Жеңіс күні туған-тумалары мектепке келіп, кез-
десу өткізген.
— Жезде, ол кісі Аққұмнан, біздің ауылдан. Соғыс қарсаң-
ында көкемдерге сабақ беріпті, мұғалім болыпты.
Шалтай мені елемеді. Екі көзі Түйе атада. Сұраншак көздің
сұғына батыр ата ақыры шыдамады, іркіліп-іркіліп сөз бастады:
— Е, Қаймекең патша ағзаммен арыстанша алысты, жол-
барысша жұлқысты... Аққұмның қойнауында желбіретіп ту
тігіп, ақырып атой салғанда...— Ауыр қозғалып, мүдіріп қалды.
«ұ, бере гөр, Қаймекең патша ағзамның әскерін қан сасытып
қырып салатын шығар, бәлем» деген есек дәмемен жүрегім лүпіл
қағып, айқұлақтана қалып ем, Түйе атадан: «Е, заман-ай!» — деп,
сай-сүйекті сырқыратқан күрсіністен басқа ештеңе шықпады.
Сонымен тамам.
— Аққұм қойнауы дейсіз. Нұржан Ақбердин — Аққұм,
Қаймақ батыр — Аққұм, сіз де Аққұм топырағында туып-өсіпсіз.
Аккұмда батырларды бағып-қағатын ферма бар ма, немене?
— деп жездекем шалыстау сөйлеп, маған көзін қысты. Сосын
Ғайшаға еңсеріле түсіп:
— Қызым-ау, бүгін Аққұмды көріп келдің. О жақтың адам-
дары не жеп, не ішеді екен, байқамадың ба? — деді көлгірсіп.
Ғайша иығын қиқаң еткізді:
— Байқайтын несі бар? Біз не жесек, олар да соны жейді.
Бал қосылған сары майға арда құлынның етін қуырып жеген
ешкімді көрмедім. Бірақ тамақ десе, төңкеріліп түсе қалатын
қомағай екен. Алдына келгенді сыпырып-сиырып соға береді.-
123

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Төбе құйқам шымыр етті. Жалғыз сөзбен сілейтіп салды мына
Ғайша. Жаңа неге ғана аштан келгендей табаққа қолды жиі
соза бердім екен,— Есікті кеудесімен соғып ашып, соғып
жабатын еңгезердей біреулер. Бәрі жабылып, бір колонкадан су
алады. Суы кермек пе, ащы ма, әйтеуір, тандайымататымады.
Ғайша бізді мақтап әлде даттап отыр ма, соған миым жет-
пей, дал болдым. Мақтады десем, алдымызға ас тоқтатпайтын
жалмауыз екеміз. Даттады десем, есікті кеудемен соғып, ашып-
жабатын нән болдық. Ішетін суымыз темір татиды. Түсініп көр енді
Ғайшаны!
Мақтаса да, даттаса да, сөзінің жаны бар.
Расында да, біздің адамдар ірі десе, ірі. Мысалы, Семейхан...
Әлмағамбет ағаның өзі жарты тұйенің етіне жетіп қалады. Көкем
де ешкімнен қалысайын деп тұрған жоқ. Аласа Қасеннің өзі
төртбақ. Аудандық жарыстарда Н. Ақбердин атындағы мектептің
балалары іштен шалып жығып салатын қазақша күрестен,
періп жіберетін бокстан алдына жан салмайды. Әбден қаусап,
жетер жеріне жетіп отырған Түйе атаның өзі қазір жездекем
үстіне жығыла кетсе, кұдай біледі, тырп еткізбейді.
Басымның ішінде бірдеңелер дүбірлеп шаба жөнелді. Бұл -
ми істей бастады деген сөз. Біздің ауылдың топырағында бір сыр
бар, бар... Ол не сыр? Тоқта, тоқта...
— Е, — деді Түйе ата бата қайырып, бет сипағасын, — темір
етікті теңге, темір таяқты тебен қылған қайран жастық қайтып
бізге оралар ма? — Оқыс шыққан дауыс бәрімізді жалт қаратты.
Атай тіріліпті. Бүгілген белі жазылған. Таяқты қос қолдап
ұстап, қақ алдына найзаша шаншып отыр. Сөйлеген сайын
өші қалғандай сырмақ бетін нұқып қояды,— Құлдырап қашқан
желаяқ заман-ай! Ақкұмның бір кесе суы қамшы сабындай
қалған қысқа ғұмырымда қайтып бұйыра ма, жоқ па! Батыр-
батыр деп ұлардай шулайсындар, сол батырдың бәрі Аққұмның
жеті қабат жер астындағы зәмзәм суын ішіп ержеткен көзелдер.
Әт-тең, Бағилаш бұ дүниеден бақи кешпесе, Қарасай аяқ басар
жер ме еді. Ыбылыс суын ұрттап төгіп, сасық кеңірдек болған

*
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
балалар
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
түр мынау... Сүйегім Аққұмның топырағына бұйырса деп,
қарс ұрған қайран арман?!
Ары карай зындан түбінен шыққандай күңгірлеп тақпақтап
қетті:
Балалық өлді, білдің бе ?
Жігіттікке келдің бе ?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе?
Боталы туйе секілді,
Корадан шықпай өлдің бе ?
Танау жыбырлап сала берді. Аққұмның кешке таман қара
бұлтша қаптайтын ұсақ та күлгін шіркейінің бір данасы кіріп
кетсе, өстуші еді. Амал жоқ, мойнымды қайырып, басты артқа
тастап жіберіп, көзді алартынкырап, «Аһ-аһ, а!» деп әңкілдеп
тұрдым да... түшкіріп салдым.
Ғайша жаман көзімен қарады.
Сөз үзілді.
Шалтай жезде мүдіріңкіреп:
— Алла қуат берсін! — деді.
Түйе ата отырған жерінде қор ете қалды.
¥ят, ұят! ¥ят та болса, қайтемін. Тұмшалап тастаған үйге
шіркей қайдан кіруші еді. Қайдан жетіп келгені белгісіз, жусан-
ның ашқылтым исін сезе қалмасым бар ма. Қарасай жусаннан
ада. Жусан иісін әлде Аққұм жактан маған арнап жел айдап
келді ме? Ал Аққұмның жусаны танауға бір жетсе, түшкіртпей
қоймайтын духи жусан. Жүз шакырымның түбінде жатқан
жерден қалай жетіп келді екен, ә?
— Мен білсем, келініңіздін асказанында бір пәле бұғып жа-
тыр, Түйеке. «Аққұмға іліксем, таза-тақыр құтылар ем», — деп,
күніге жарапазан соғады. Суы ма, топырағы ма, бір киесі бар
болса, бар шығар. Мына немереңіз адамдары шетінен алып деп,
аузын ашып, көзін жұмып отыр ғой,— Жездем көсіле шаппақ
болып, қолтық жаза беріп еді, Ғайша ауыздан қақты:
125

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ой, көке, өзіңіз кіп-кішкенесіз, сосын енгезердей десе,
етпеттеп түсе қаласыз. Көргенімді айтамын да,— Сосын ма-
ған қарап жымиып қойып, қисайыңқырап келіп, құлағыма сы-
бырлады. — Өстіп алдына тосқауыл қоймаса, көкем кейде көкіп
кетеді. Ал Аққұмның суы киелі. Осыны есіңнен екі елі шығарма,
Досан. О, киесі бар! Біле білсең, Досаник, біздің көршілер Түйе
ата Аққұмнан ауып келгелі күрт кеміп кетті десіп жүр.
— Е, — деді Аққұмнан келген Түйе ата үш бандыны көріп
отырғандай бұрышқа қаһарлана қарап. Оянып кетіпті. Шөл
қысып отырғандай ернін жалап қойды. Жездейдің онсыз да
қаймақ еріні бүрісе түсіп, мойнын созыңқырай, ортаға ойқастап
шығып еді, Түйе ата қос алақанын көтеріп, біріктіре қойғаны
мұң, пілдің табаны сияқты аумақты бірдеңе жасала қалды,—
Үбір-шүбір балдарыңның қызығын ұзағынан көр, Шалтай
қарағым! Төрт көзі түгел, дені-карны сау болып, жауға найза,
досқа қайла болсын! Аллау әкбар! — Ата әлгі пілдің табанымен
көл-көсір бетін сипай салды. Ет жеп, табақты қайырар
алдында өстіп тағы бата жасағаны есінен шығып кетіпті.
Атаны сүйемелдеп, сыртқа шықтық. Әуенің қара қазанын-
да жыпырлаған жұлдыздар қайнап жатыр. Әнеу ең үлкені қол
фонарь құсап өшіп жанады, өшіп жанады. Алыстағы плане-
тадағы біз секілді бір бала маған: «Досан, хал қалай?» — деп
белгі беріп тұрмасына кім кепіл! Одан кішіректері алты-
бақан құрып, әткеншек теуіп тұр ма, кейбір кездерде мидай
араласып, сапырылысып кетеді. Қайқыбас шөміштен аумайтын
жетіқарақшы тас төбеде асылып тұр. Қыз-жігіттер ауыл сыртында
жарыса шуылдап:
Лйна/гдьш, ақмаңдайлым,
Ақылдым, бал таңдайлым, —
деп ән салып, бір белгісіз апайдын асты-үстіне түсіп мақтап
жатыр.
Қақпа сыртына шыққасын жездекем:
126

ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ал Түйе аға... Досан балдыз Аккұмнан автобус сабылтып
кеп отыр. Бірдеңе демейсіз бе? Туған-тумаға сәлем айтсаныз...-
деп қалды.
Түйе ата таяғын көтеріп-ақ алып еді, байқамай көктегі
ілулі тұрған жұлдыздың біреуін қағып кетті ме, зу етіп ағып түсті.
— Қақ бастан салып кеп жіберейін бе осы?
Шалтай жездем шошып кетті. Менің алдыма тұра қалып,
құшағын жайып жіберіп:
— Батыр, батыр, не жаздық? Қымызға қызып қалдыңыз ба? -
деп шырылдады.
Батыры кеңк-кеңк күлді:
— Ойнағаным ғой. Батыр өстіп ойнайды. Шалтай карағым,
туған-тумаға сәлем деп тантисың. Одан да туған жерге үшбу сәлем
айт десең, аузың қисайып кала ма?! Жә, әзіл. Кәне, жакында
бермен, Аққұмнан абтыбс айдаған бала!
Атай тап әзірдегідей окыс ойнап қоя ма деп, қорқа басып,
қасына бардым. Атай мандайдан сипады. Алаканы бұдыр-бұдыр
мүйіз екен, бетімді жыртып кете жаздады.
— Не атайын? Қартайғанда туған жерден қаңғалақтап жүріп
адасып қалған ғаріптен Аққұмға дұғай-дұғай сәлем айт! Ат-көлігін
аман барғасын Аққұмның бір шелек суын Қарасайға қаратып
жамырата сал! Түйеге тие берсін де. Аумин!
Бетімді сипалап еді, осы үйдің ауласын жалап, дөңкиіп жат-
қан ұзын бел қарағайдың қабығы секілді қатқыл бірдене бетіме
тағы сырды. Алақанынан жусан иісі шым-шым сезіледі.
Жездей Түйе атаны шығарып кетті. Ғайша жастықтарды
томпылдатып, іште төсек салып жүр. Қора жақта сиыр ыңы-
ранды. Дәу де болса түс көріп, түсінде іргелес қашаға қамалған
қоңыр бұзауын әукім, әукім, әукешім деп қойып, мекірене жа-
лап жатыр. Иттер әр тұстан жарыса арпылдады да, аздан соң
әркалай әуенге көшіп, таласып, қаңқылдасып, жеке-жеке, кызыл
шеке боп кетті. Қарасай да Ақтөс секілді алыпсоқ төбеттерден
кенде қалмаған тәрізді.
Аккұм демекші, Әйеш киноға барып қойса қайтемін? Ылғи
күлегеш, суқаным сүймейтін дос қыздар жағы Әйеште жетерлік.
127

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Онсыз кино мен бидің сәні келмейтіндей әпкемді клубқа сүйреп,
сық-сық күліп, чзыбырласып жүргендері. Мың жерден дос
болсын, оларға сеніп болмайды. Кеше Ғайша да Әйешті қата-
рына қосып алып, Ерлан, Мұраттармен қыдыра қойғысы келді
ғой. Апайлардың басы қосылмасын да, қосыла қалса, әсіресе
кешке таман қосылса, бірденені бүлдіріп тынады. Былтыр МТМ
бастығы Ораштың қызын Аққұмның бойжеткендері бір түнде
күйеу асырып жіберді. Ертеңінде мамамның қабағы жазылмады.
Кинодан кеш кайтқан Әйештің бас-аяғын сүзіп шығып, сүйінгені
не күйінгені белгісіз: «Өй, түріңнен... Кет әрі, көзіме көрінбей!»
— деп салуын салса да, іле: «Бері келші!» — деп, Әйешті кеудесіне
басты. Әйеш бұратылып майысуды қатырып жіберді, әлгі жерде
сүтке тойған мысықша көзін ашып-жұмып, мүлдем бітіп қалды.
Ақыры өкше көтеріп, мамамның құлағына сыбырлаған. Мамам:
«Тәйт!» — деп, итеріңкіреп, қас қайшылап, ашу шақырып еді,
одан түк шықпады. Өйткені Әйеш күлмесін де, күлсе бітті, небір
ызақордың ашуы тарқап кетеді. Ал мамам екібастан буыны
босап, тіптен балқып, тәлтіректеп қалады. Әпкем бөлмесіне кіріп
кеткесін ғана есін жиып, басын шайқап: «Жаман қыз бойжетіп
қалыпты. Асықпен алыса бермей, бір мезет әпкеңе көз қырын
сала жүр», — деген. Кейін Әйештен: «Мамамның құлағына не
сыбырладың?» — десем, «¥рса берсеңіз бар ғой, биыл күйеуге
тиіп кетем», — деп зәресін алыпты. Меніңше, күйеуге қашып
кету секілді жойқын ерлік Әйештің қолынан келмейді. Сөйтсе
де сақтықта қорлық жоқ. Ылғи ғашықтық қысып жүретін
Қасен қызыл көз кешкі тоғыздан таңғы бес аралығындағы
кез келген минутта Әйешті алып қашуға сақадай сай әзір. Ол
қасқа, Әйеш көне қалса, әпкемді тапа-тал түсте қыт-қытына
тендеп, Тескен тау өтіп кетуге бар.
Алла-ай, алла-ай! Неше түрлі адамдар жүр ғой арамызда.
...— Досан, кел, кір де жата бер. Көкемді тосып, әуре болма.
Түйе атаны сөзбен жығып тынбаса, оған бүгін ұйқы жоқ. Мамам
тезірек келсе екен өзі.— Бұрылып қарасам, шашын тарап тұр.
— Әпке, маған төсекті сыртқа салып берші.
128

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Неге? Үйге жатсаң, астыңнан су шыға ма?
— Үй ыстық.
— Байқа, таудың түні салқын.
— Тоңбаймын, қымтанып жатамын.
— Өзің біл.
Ғайша екеуміз көрпе-төсекті қолтыққа қысып, қораның
төбесіне үйілген ескі шөптің үстіне тырмысып шықтық.
— Қазір ұйқыны соғып жатқан болар.
— Кімді айтасың?
— Әйеш те.
Ғайша күліп жіберді.
— Қызыл бет әпкенді күн өтпей сағына қалдың ба? Қасқыр
жемес. Әпке іздесең, тақ алдында тұр емеспіз бе?
— Жоға, мен әншейін...— Ұялып қалдым,— Әпке, суық су бар
ма?
— Ауыз үйдегі шелекте. Жаңағы ет қой сені қаталатып жатқан.
Анау айтқандай каталап бара жатқаным шамалы. «Батыр,
батыр деп ұлардай шулайсыңдар, сол батырдың бәрі Аққұмның
жеті қабат жер астындағы зәмзәм суын ішіп ержеткен көзел-
дер... Ыбылыс суын ұрттап төгіп, сасық кеңірдек болған түр мы-
нау». Түйе атаның сөзі басымнан шықпай қойды. «Шындық
салыстырудан шығады», — дейтін Эра Екпініч. Қарасайдың да
суын ішіп, Аққұммен салыстырып көрелік. Қайсысы су, қайсысы
у екен, байқайын. Мың ойланып-толғанудан тындырып тастаған
бір іс артық.
Төр үйден сызаттап түскен сәуленің қиығы шөміш толы су
бетінде қалт-құлт жүзеді. Жалбыз иісі сезіледі. Біздің колонканың
суы иіс-миістен таза болатын. Шөміш шетіне ерін тигіздім. Дәм,
тұзы жоқ, кәдімгі су. Мейлі ащы, мейлі тұщы болсын, не нәрсенің
өз дәмі болғаны жақсы. Сонда есінде қалады. Ал Аққұмның суы
дәл сондай — темір татыса да дәм, қасиет бар. Соны он үш жыл
бойы кеселеп, шөміштеп, шелектеп ішіп жүрсем де білмеппін.
Ауыл адамдары да «неге олай?» деп ойланып көрмепті. Сырт
көз сынағыш, Аққұмның суы ерекше екенін Ғайша меңзеді.
1291

I-
К.АЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ұшқалақтығын есепке алмаса, тәуір әпке тауып алған түрім
бар. Әйтсе де, оның сөзіне шылғи сене беру де киын. Жалпы,
үлкен қыздар өз ойына көбіне кері сөйлейді. Әйешке әнеукүні
совхоздағылар: «Қолды-аяқтай баласың көз алдымызда өскен,
мына жалғыз кітапананы жүдетпей, өзің ұста», — деп қолқа
салғанда: «Көп кітаптың қалың шаңын қағып қайтем, ылғи
көзім бақырайып жалғыз отырам, көңілсіз», — деп бұлданды.
Жем-жемге келгенде жып етіп, тез орналасып алды. Қазір
Әйеш басқаша сөйлейді. «Ой, жақсы екен, мама, бүкіл ауылдың
адамдары алдыңнан тізіліп өтеді. Кітап атаулы қол астыда, оқуға
мықтап дайындалатын болдым».
Тоқсан жасты артқа тастап, мүлгіп отырған Түйе ата
да Аққұм, Аққұмның суы дегенде тілі шығып, сайрап сала
берді. «Ат-көлігің аман барғасын Аққұмның бір шелек суын
Қарасайға қаратып жамырата сал! Түйеге тие берсін де». Тоқсан
сөйлемес, сөйлесе, тегін сөйлемес.
...Шөпті сытырлата аунап түсіп, жұлдыздардың себелеген
сәулесіне бет жуып жатырмын. Жүрек қалыптағыдан тез-тез
соғады. Құйысқанға қыстырылар алдында өстіп маза қашатын.
Атама, құйысқаны құрысын. Кеше түнде қайтып еш кұйысқанға
қыстырылмаспын деп серт бергемін. Қыстырылсан бітті, басың
пәлеге қалады. Әлде қыстырыла салайын ба? Бастағы маған
бағынбай, сылқылдап бос жүрген бір асау ойлар: «Есің барда
араласып қал, аузың барда асап қал!» — деп, түрт, сайтан, түрт
десе, еһеу, енді қыстырылмасқа амал жок.
Ой атаулы қайыру бермей, бет-бетіне қашып, бытыса бас-
тады. Ит ұлыды. Жұлдыздар әлі де ашық жатқан қарашығыма
үніліп, кірпік арасында жылтылдап жосып жүр. Көз жұмып
ем, жым болып, әр тарапқа қашты. Әлуетті біреу мені көтеріп
алды да, атшаптырым алақанына салып, жайлап тербете бастады.
Жанның рақаты...
130

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
***
Көзімді ашсам, аула ішінде кызыл әтеш қылғынып кеп
шакырады. Жаһұт көзін адырайтып алған, айдары шөткі-
щөткі. Көрпе жер шарының етегін басып жайғасқан Австралия
құсап ысырылып, аяқ жақта жатыр. Суық ауа қолтық, құлақ,
танау тәрізді санылауға салқын саусақтарын жылмандатып,
сұғып-сұғып алады. Жұлдыз сөнген. Шығысты тұтас алған жота
иығынан велик дөңгелегінің су жаңа кұміс шабақтары тарам-
тарам жарқырап шығып тұр. Бір айналып қарасам, қайдағы
күміс шабақ, шеті қылтиып үлгермеген күннің аспанға созған
күміс саусактары екен.
Әйеш айтатын: «Таңертең мамам сирағымнан суырып ал-
ғанда, «Ұйқы, ұйқы, ұйқышым, неткен тәтті едің! Шіркін, әлі
де жұмсақ төсекті жаншып жата тұрса!» деген ойлар араша та-
лайды». Оны айтқан Әйеш емес, Әйештің жалқаулығы да. Мені
талаған аралар басқаша. «Суық, өй, суығын-ай!». Дірдектеп жүріп,
шашылып жатқан жейде, шалбарға қазан бас пен аяқты сұғып
жібердім де, шөп үстімен сырғанап төбеге, төбеден басқыш-
тың сатыларын санап аулаға түстім. Қолжуғыштың шүмегінен
аққан мұздай су алақанымды тесіп жібере жаздады. Құдайға
тапсырып, бетті шайып ем, ұйқы шайдай ашылды. Бас сартылдап
жұмыс істеп кетті.
Ұрыста тұрыс жоқ...
Есікті сықырлатпай үйге кірдім, ауызғы бөлмеден өтіп, одан
ортанғысында аяқ суытып тұрып, стол үстінде жатқан дәптерді
аштым. Алғашқы ак бетіне: «Жезде, Ғайша әпке! Аққұмға кеттім.
Іздемеңіздер. Бәрін кейін түсінесіздер. Әлі-ақ көкем, мамам,
Әйеш болып келеміз. Досан» деп айдақтатып жазып салдым.
Сенекке шықтым да, сөре астына қол сұғып едім, саусағым
бөтелкенің салқын бүйірін сипады. Ғайшаның: «Көбейіп кетіпті,
ертең өткізе қояйын», — деп, жатар алдында салдыратып жуып
жатқанын көріп қалғамын. Шегеде салбырап тұрған торкөзді
алдым да, бөтелкенің бес-алтауын соған сүңгітіп жібердім.
1311

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Қақпаны ашып, кері айналдым да, қол көтердім: «Чао,
әтештай!». Мойнын қылт-сылт бұрып: «Өзің кімсің?! Ұры
емеспісің?! Жер-дүниені жаңғырықтырып, шақырып кеп
жіберейін бе осы?!» дегендей, үдірейіп тұрған әтеш ыршып түсіп,
қанатын қағып-қағып жіберді: «Қоо-оқ!» — деді. Өз тілінде:
«Жоғал әрі! Керегің шамалы. Чао болсаң, чао!» — десе керек.
...Автобус ұсақ тастарды дөңгелегінің астынан пышыр-
пышыр ұшырып, пыс-с тоқтады. Білегімдегі Әйештен қалған
кішкене сағатқа қарасам, алты. Ғайшаның: «Автобус таңертең
алтыда келеді», — дегені рас екен.
Орындыққа жайғасқасын, арқалыққа басымды сүйей салып,
қанбай қалған ұйқының есесін алуға кірістім...
***
Иығымнан біреу түртіп қалды.
— Ай, бала, келдік, түспейсің бе?
Шофер екен төніп тұрған. Тәтті ұйқыны бөлгеніне рен-
жіп қалып, рақмет те айтпастан (менің ондай әдетім де бар),
мойынды керенау бұрып, сыртқа қарап ем, аялдамадағы әлгі
ағаш орындық көзіме оттай басылды. Туған ауылымды топырақ,
шаңы, үй-мүйі, сидиған телеграф бағаналарына қосып құшақтап-
құшақтап алғым келді. Қос қолымды созып ем, шаң-шаң әйнекте
алақанның табы қалды.
— Ай, бала, ұйқынды аш!
Тордағы бөтелкелерді таудан домалатқандай бір-біріне со-
ғып салдыратып, автобустан түсе беріп ем:
— Ойбу, біргәдір қайнымның жаман ұлын қара! Таң ат-
пай бөтелке тасып, не күн туды, жаркыным? — деп нән сөмке
сүйреген, ұртында қарақаттай қалы бар дәу қара апа етегімнен
ала түсті. Әлекең үйіндегі палуан әжей. «Таң атпай өзіңіз қайда
жыбырлап барасыз? Біргәдір қайныңыздың жаман ұлында не
шұғыл шаруаңыз бар? Жатпайсыз ба...» — деп бетінен алып
тастағым келді де, тілімді тістедім. Оның аяғы жақсылықпен

К.АРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бітпейді. Палуан әженің ат үстіндегі кісіні жұлып алатын адуын
мінезі Аккұм түгіл, ауданға мәшһүр. Жас кезінде сан той-
томалақта талай апайтөс жігітті іштен шалып, атып ұрып, қыз
палуан атаныпты. Қазір де көңіліне жақпаған жанды астына
басып, жаншып алмаса да, кіл ажарлы, айдынды сөзбен айпап-
жайпап жібереді. Шама келсе, тезірек жақсылықпен құтылған
дұрыс. Сосын:
— Келдір кеше қалдыр Қарасайға балдыр бардым. Солдыр
содан шалдыр шаршап келдір келемін, — деп төгіп-төгіп тастадым
да, қолтығының астынан зу етіп өте бердім.
— Ойбай, не деп кетті мына мұндар? Айтындаршы, халайық?!
— Палуан апа төңірегінде тірі жан жоқ болса да аттанды аямай
салып жатты.
Уақыт тығыз. Үйге де мойын бұрмадым. Барсаң, белгілі.
Әуелі мамам үстіме шұрқырап түсе қалады: «Не болды? Неге
ерте келдің? Біреумен жанжалдасып қалған жоқсың ба, апы-
рым?!». «Досан-н, бұл қа-лай...» — деп Қыз Жібекше есіліп Әйеш
әндетеді. Екеуіне түсіндірем, екеуінен құтылам дегенше екі сағат
зыр етіп өте шығады. Бүгін біз бүйтіп еріге алмаспыз.
Әне, Әлекеңнің ашық тұрған көк кақпасынан бір рота үйрек,
қаз қаңқылдап шыға келді де, балапандарын сапқа тізіп, ауыл
ортасындағы колонкаға беттеді. Әлекең үш аяқгы мотоциклдің
құлағында қопандап, жұмысқа тартып барады. Тап бүгін маған
Әлекеңнің де, мамамның да, Әйештің де қызметі керегі жоқ,
маған керегі мына кіл маймак үйрек-қаз.
Айналайын үйрек, қаз жанылыспады, колонканың нак
түбінен шығарды. Біздін ауыл әлемдегі колонканың бәрінің
шүмегінен су күн-түні тынбай, толассыз шұрылдап ағып тұрады
деп есептейді. Өйткені Аққұмдағы колонка ғұмыры токтап
көрген емес, мұрны құрғамайтын бала құсап, имек шүмегінен
су сыздықтайды да тұрады. Сол жылап аққан судың есебінен
колонкадан таяқ тастам ойықта шағын көлшік жиналған. Үйрек,
қаз көлшікті көрісімен дыбыр-дыбыр шабысты үдетіп, сол
екпінмен тоспаға қойып кетті, есепсіз шаттықтан естері шығып,
133

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
мұхиттар мен теңіздерде жүзіп жүргеннен қатты: «Қаһ! Құһ!», «Га-
га!» деп шуласты. Мен ай қарап тұрмадым, бөтелкелерді кезек-
пен нгүмек астына тығып, аузы-мұрнынан шығара шүпілдетіп
суға толтыра бастадым.
Алғашқы бөтелкені басыма төңкере салдым. Кенезем әбден
кеуіп қалыпты, аяқ астынан қыса қалған нендей кесепат шөл,
өзім де білмеймін, әйтеуір, бір шөл бар; Аққұмның суын мұқым
сағыныппын; арада күн өтпей жатып сайтанша сап еткен бұл
неткен сағыныш, білмеймін, әйтеуір, түбіне дейін тамшы
қалдырмай, сарқып іштім. Дәмін білмек оймен ұзақ талмадым.
Шекер емес, бал емес, тіл ұшын сәл шымшып, темір татып
тұрған кәдімгі су. Бал татысын, темір татысын, ата жаумен
алысқан Қаймақ, Түйе, Нұржан Ақбердин батырлар шөл басқан
киелі су бұл.
Судың екінші бөтелкесін: «Түйе атаға тие берсін!» — деп
күбірледім де, Қарасайға қарата ылдилата шашып жібердім.
Бөтелкелердің аузына Қарасайдан ала шыққан газетті бұрап
тықтым. Сосын торды иығыма салып, Қарасуға шығатын көшеге
түстім.
Міне, ғажап! Жолым болатын жігітпін ғой, жеңгем алдымнан
шықты. Семейханнын көк «Беларусі» қызыл жалауын желпіл-
детіп, көлденеңдей берді. Қол көтердім. Әйештің жар дегендегі
жалғыз інісі кол көтергенде қарамауға күш қайда, Семекен
тракторын қырылдатып, ырылдатып, тормоздатып тоқтады. Ұзын
сирактарын сидитып, жерге түсті.
— О, Досан! Сен қайдан? Бөтелке не? Су не? О, ғажап! — деп,
торға бір, маған бір карады.
Мен төтеден салдым:
- Семейхан аға, маған жезде болғың келе ме?
Қуаныштан кепкісін аспанға лақтырып, секіріп-секіріп түсе
ме деп ем. О, ғажап! Шошып қалды батырың. Сыпайылық өтіп
кеткен жігіт қой. Тек көзі ұясынан шыға бақырайып, басынан
май-май кепкісін сыпырып алып, сол екі арада мандайына бөртіп
шыға келген терді сүртті.
134

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ғажап! О, ғажап! Жезде... Кім жезде? Мен бе? Ол қалай? —
деп, оң-солға бұлғақтап, шаруасы шалқая бастап еді, мен жалғыз
ауыз сөзбен жөнге салдым:
— Әйеште үмітің болса, дәл қазір мені Қарасуға жеткізіп
тастайсың. Саспа, Әйеш екеуіміз ертең кешке киноға барамыз.
Сен де кел.
Семейхан сол жерде серейіп қатып тұрған күйі шексіз ойға
баггы. Оның әдеті сол, тым ойшыл. Және үй демей, көше, клуб
демей, жүріп те, тұрып та ойлана береді. Әйешті шығарып салып
келе жатып та қалың ойға белшесінен батады. Шығарып салуға
қандай ой керек екен? Әйтпесе, Семейхан Қасен — қызыл көзден
көш ілгері жігіт. Озат десе, озат. Сырықтай бойы бар. Бірақ тым
көп ойланады. Осы жолы сөйлеп ойланып тұр:
— Қарасу... Үш шақырым... Барып келемін — алты шақырым...
Ғажап, ғажап! Жұмыс болса, карап тұр... Шөп күйіп барады. Әр
минут — алтын. О, ғажап!
Құрып кетсін, үнсіз ойланған сөйлеп ойланудын касында
рақат екен. Есебі, кім болсын үнсіз ойланған жөн білем.
— Ей! — Қолды бір сілтеп, тарта жөнелдім. Семейхан көңілді
сұмдық қалдырды. Кешке: «Семейханды маңға жолатпа; көрші
ауылда уәде байласып жүрген қызы бар екен», — деп, Әйешті
шошытып қояйын. Енді ше! Күні ертен: «Махаббат... Екі жыл...
айналдыруы, кұда түсуі бар — үш жыл... О ғажап! Жұмыс болса,
қарап тұр», — деп аузына келгенді көкіп, өзімен қоса Әйешті
арылмас ұятқа қалдырса, қайтеміз. Шөбін шауып, әлі де біраз
ойланып жүре тұрсын.
О, ғажап! Көшенің аяғына шыға бергенде, жол үстінде тұрған
қызыл қыт-кыт көзіме жылы ұшырай берді. Төртбақ Қасен
еңкендеп, тоңқандап, бакке жанармай кұйып жатыр. Қайдан
шықсаң, одан шық, қыт-қыттың қасына жетіп бардым. А деп
ауыз ашқанша болмады, мені көрген Қасен аппақтістерін жарқы-
ратып, арқырап күле салды:
— Геу, геу! Сәлем, сәлем, бала! Бөтелке көбейсін! Қай қызды
қуып, безектеп барасың?
135

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Қасен аға, маған жезде болғың келе ме?
Қасекен ұшып кете жаздады:
— О, айналдым, балдызжан! Аузыңа — май, астыңа — тай!
Болғанда қандай! Қашан? Қазір ме? Мен дайын! Қасекеңнің
бесінші кластан басын қатырып жүрген мәселесін бір минутта
шешіп бердің. Рақмет, рақмет! — Лезде қызыл тайыншаның
сауырынан сыпырылып түсе қалды.— Қане, сол балдыз, жезде
жайын қалай реттейміз, кел, ақылдасайык! Геу, геу!
«Ой, нағыз жезде ғой мына Қасен! Неғып осыған дейін
білмегемін».
— Кейін, кейін ақылдасармыз. Уақыт тығыз. Әр минут —
алтын, — деп семейханшылап кеткенімді аңғармай қалдым.Жаман
әдет жұккыш деген осы.— Алдымен мені Қарасуға жеткізіп таста!
— Әйда, отыр! Қарасу дедің бе? Балқан таудың басына
жеткізіп тастайын. Ал аянып калма, қызыл тұлпарым! — деп,
капоттың сауырын алақанымен салып қалды,— Сенен аяған
қызыл тайыншаны қасқыр жесін. Еті сенікі, сүйегі менікі. Тек
әлгі сөзіңнен тайма, тас бол. Қалғанын маған бер. Қайда, қайда,
Қарасу, кәне нұсқа!
«Ай-ай, жақсы жігіт, алтын жігіт! — Қарасуға қарай ирендеп
қашқан қара жолдың сорабын қуалай қос аяқтап шапқылаған
қыт-қыттың кабинасында төбем көкке екі елі жетпей отыр,— ұй,
Әйеш-ай! Осындй жігітті жолатпай... Неге жолатпайды, бірақ
Қасен шіркін Әйеш: «Қа-асен-н-ауу...» дегенше қолтығына
жармаса кетіп, үркітіп алады. Жолатады, Қасен, мен, Аққұм,
қызыл тайынша аман болса, әлі-ақжолатады. Қайда кетер дейсің.
Айға ұшып кетпесе, жолатады».
Бір уақытта сайтан күлкі қысып, ық-ық дей жөнелгенім. Екі
қолы руль мен жылдамдық ауыстырғыштың арасында ербендеп,
алма-кезек ойнаған Қасен жалт қарады:
— Не болды, балдызжан?
— Сау басын саудаға салып жүргенімді Әйеш білсе ғой.
Қасен де кеңкілдеп күліп жіберді:
— Сене қойдым саған... Досанның дегеніне Әйеш, пішту,
көне қояр. Ол өз ақылы өзіне жететін қыз. Маған не? Жеткізіп
136

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сал дедің, жеткіземін. Үшбас досың жеткіз десе де, құстай
ұшып апарып тастар едім. Ерігіп жүрген жоқсың, оны өрт
сөндіргендей әлем-тапырық жүзіңнен сездім. Жә, қой. Өстіп,
балдыз, жезде болып ойнап, әзілдесіп тұрайық, ей, Досан! —
Аюдың табанындй алақанымен арқамнан салып қап еді, қарсы
алдымдағы амперметрді мүйізіме іліп кете жаздадым. «Алтын
жігіт, алтын, алтын... Нағыз жігіт! Арқадан салып қалу, рапайсыз
кеңкілдеп күлу секілді уақ-түйек кемшілік кімде жоқ».
Қарасудың арғы қабағындағы сиыр базы қылан бергенде,
Қасен:
— Балдызжан, сен мына жаңалықты естідің бе? Магазиннің
құлыбын түнде біреу сүймен салып сындырып, тонап кетіпті, —
деді жол танабынан көз алмаған күйі жайбарақат қана.
— Қалай? — дедім жалт қарап.
— Қалайы бар... Қызығын қарап қой сен әуелі. Сабақ жіп
алмапты. Екі жәшік арақты жерге соғып қиратыпты да, тайып
отырыпты. Сөреге сойдақтатып: «Арақ жойылсын!» деп ақ
бормен және жазыпты. Дүкенші: «Иттің баласы-ай, ақыры құлып
сындырып, есік бұзған екен, құрығында бір кілемді көтеріп кетпей
ме? Растраттың бәрін соған жабатын», — деп басы-көзін төпелеп
ұрып отыр дейді. Қай сайтан екен, ә?
«Қай сайтан екен?» Бүйрегім бүлк етті. Сүймен іздеп, кеше
«Бірлікте» түсіп қалған Үшбас есіме сарт ете түсті. Тіл ұшы
дуылдап қышып, шыдатпай барады. Әңгіме магазинге қайталап
тірелсе, ашқан аузымды жаба алмай қалатынымды сездім де,
ілгері қарай саусақ шошайтып:
— Тоқтар жеріміз анау ақ шатыр! — дедім өтірік саңқылдап.
Сиыр базасының іргесінде трапеция сияқты ақ шатыр
төрт тағандап, жер бауырлап жатыр еді. Краны қоқайған авто-
машинаның қасында екі-үш қарайған қыбырлап жүр. Әнебір
еңкіштеу келген ұзыны, сөз жоқ, Мұрат.
Бетінде жасыл теңбілдер қалқып жүретін, борсыған суы
балдыр, бака, батпақсасып жататын өзенді шашырата қақжарып,
арғы бетке аман-есен өттік.
1371

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Қызыл тайынша тоқтар, токтамастан қарғып түстім де,
бөтелке лықа торкөзді арқалаған күйі, қолына кілт ұстаған
Мұратты бетке алып, ентелей бастым. Ол маған аңырып қарап
тұрды да, бұйра шашын уқалап тастап еді, шөмеле шашы лезде
көпене шашқа айналды. Ұзын қолдарын созып:
— Оу, Досан! Кел, кел! Хал калай? — дей бергенде, бөтелке
толы торды бастан асыра көтеріп:
— Су! Аққұмның зәмзәм суы! — деп айқай салдым.
...Кранның мол көлеңкесін жамбаспен жаныштай, ығын ала
жайғасқан біздің жарты сағаттық абың-күбің әңгімемізді Ерлан
аға былай түйді:
— Әлбетте, Досан пионерге лайық іс жасады. Әлбетте,
туған жердің әр түйір топырағынан касиет іздеу, әр тал шөбіне
үңіле білу азаматқа лайық іс. Ал мына суды, — деп, қасымызда
қырқай түсіп жатқан көп бөтелкені иегімен нұсқады, — облыс
орталығындағы лабораторияға жібереміз. Тексеріп, сапасын,
құрамын анықтасын. Карасайдың бірен-саран шалы Аққұмның
суы шипалы деп айтқан бізге де. Сол жел сөз шынға айналуы
мүмкін. Аққұмның суы шипалы болсын, болмасын, әңгіме
Досан інішектің ізденгіштігінде, төңірекке жіті көзбен карап,
әр оқиғаға үңіле жүретінінде. Аққұм суынан гөрі бұл бала-
нын осы қасиеті мені қатты куантып отыр. Ал Досан, қал-
ған хабарды облыстан күт! — Ұмтылыңқырап келіп, иығыма
қолын салды.
Жұрт жабылып мақтап жатса, бедірейіп тұрмай, ептеп ұялып-
қысылғанның ырымын жасаған жөн. Ұяты бар әдепті бала сөйтеді.
Төмен қарап, желке шашымды сипалай бердім.
— Ой, жігіт! Жарайсың! Ой, балдыз! Абай атамыз айтпақтай,
болыс болдым, мінеки, пысықболдым, мінеки, бала!
Ерлан ағаның сөзіне менен артық қуанып отырған Касен
арқамнан салып қап еді, Мұрат, неге екенін қайдам, қызараңдап,
көпене шашына бес саусағын сұғып жіберді де, бұйралап-бұй-
ралап тастады.
138

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Оқу жылы басталар алдында облыстан хат алдым.
Аузыма тығылып, дүкілдей жөнелген жүрегімді баса алмай,
бұзау қораға кіріп кетіп, конверт шетін жырттым.
«Қадірлі Атымтаев Досан жолдас! Гидрологтар жіберген суды
жан-жақты тексеруден өткіздік. Аққұм суынан асқазан, бауыр
ауруларына шипа болатын микроэлементтер табылды. Судың
құрамы мынадай:
Кальций — 329,9
Бром — 4,0
Натрий — 803,5... тағысын тағылар.
Бұл жаңалық бізді бек қуантып отыр. Тиісті ұйымдар Аққұм
төңірегінен емдеу орындарын ашу жөнінде жоғары жақты
құлақтандырып жатыр...».
***
Ауылдағы алпамсадай жігіттер мен қызыл бет қыздардың
сыры осылай ашылды. Атамзаманнан бері бүкіл Аккұм: «Темір
татиды, ей, өзі!» — деп қойып, кальций — 329,9 бром, — 4,0,
натрий — 803,5% тағы басқа біраз микроэлементтері бар суль-
фатты хлор-кальций-натрийлі суды електеп, шөміштеп, кеселеп
сыңғыта беріпті. Шаң-топырақ, бөкпе құм деп жүрген туған
жер бәленше ғасыр бойы білдірмей ғана аққұмдықтарға пайда-
сын сұмдық тигізіпті. Су екеш суына дейін Қаймақ, Нұржан
Ақбердин батырлардың, Түйе атаның бойына күш-қайрат болып
құйылыпты.
Бар болғаны осы.
Жағдай жақсы. Аққұмның минералды суын ішіп, дүркі-
реп өсіп жатырмыз. Магазин, сүймен оқиғасы анықталған.
Тілештің өзі участковый ағайға барып, мойындапты. Құлыпты
сүйменмен сол сындырған екен. Әкесі бөтелкелеп іше беретін
арак атымен кұрысын деп сындырыпты. Участковый өзіне көп
139

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ұрыспапты. Жұмаш кассир екі жәшік арақтың кұнын дүкенші-
ге төледі. Төлепті де: «Әуелі, ел-жұрт, сонан сон балдарымның,
балдарымның шешесінің, туған-туысқандардың бетіне онсыз
да қарай алмай жүр едім. Татпағаным арақ болсын!» — деп екі
қолын төбесіне қойып серт айтыпты. Асқазаны да ептеп сыр
бере бастаған екен: «Ақкұмнан келешекте салынатын санато-
рийге жатып емделмесем...» — деп, болашаққа үміт артып жүрген
көрінеді. Тілеш — Үшбас бұрынғыдай ызақор емес. Асықты да
байқап-байқап мөлшермен ұтады және ақшаға айырбастамайды.
Кеше баяғы қарыз елу тиынды беріп кетті. «Алмаймын!» деп жер
тепкілегеніме қарамады. Ептеп өкінемін. Әнеукүні Бірлікке барар
жолда: «Сүймен саған не керек?» — деп сұрақты жаудырсам, бір
күні шекісіп, екінші күні бекісетін дос емес пе, шынын айтып
салар еді. Шынын айтса, магазин құлыбын аяғына жығыл-
сам да сындыртамын ба! ұлде сынғаны, бір жағынан, дұрыс па
деймін. Құлып сынбаса, әкесі арақты қояр ма еді, қоймас па еді.
Жалпы, анау-мынауды сылтауратып, құйысқанға қыстырыл-
маймын деп, таза кісі киік болу жақсы емес. Оған көзім анық
жетті. Мәселе жөнімен, ретімен қыстырылуда жатқан сияқты.
Өткен аптада жезделер жайын түпкілікті шешіп алмақ
болып, Әйеш оңаша қалғанда шатып-бұтып әңгіме бастап ем,
Әйеш өмірінде алғаш рет қатты ашуланып: «Жап аузынды!
Құйысқанға кыстырылма!» — деп, бөлмеден айдап шықты. Түйіп
жібере ме деп, өзі, жаман қорқып қалдым. Әйеш, Әйеш дегенге
танауын көтеріп, көкиіп кеткен қыз ғой. Жуықта Мұрат аға
оқитын қаладағы институтқа сырттай түсуге кетті. Семейханды
содан бері мүлдем ой мендеп алды. Табақтай суреті аудан-
дық газеттің бірінші бетіне шыққан күні: «ұр секунд — алтын,
шөп болса қурап барады», — деп, біраз адамға сыр ашыпты.
Қасен кездескен сайын: «Ана жолғы уағданы ұмытпа! Ой,
балдызжан, мә трактор, сенен аяғанды ит жесін, бір айналып
кел!» — деп жарылқап тастайды. Әттең, осындай жаны жайсаң,
жомарт жігітке түс жылытпай жүрген Әйеш те қырсық. Әйештен
басқа тағы бір запас әпкем болса, басқа ешкімге емес, бар
пысықтығымды пайдаланып, тура Қасенге көндіріп берер едім.
140

ҚАРЛЫ-ҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Қарасайға жуықта артынып-тартынып барып келгеміз.
Гүлдей апам: «Аққұм жақсы жер ғой. Әне, суына дейін киелі.
0 баста көшіп бару ойда жүрген іс еді. Бірақ Қарасайға бауыр
басып қалыппыз. Жердін жерден несі кем. Аққұм да, Қарасай
да туған жердің екі пұшпағы», — деп карап отыр. Ғайша әзірге
күйеуге каша қойған жоқ, аман-есен шауып жүр.
Айтпақшы, Қарасай сапарында Түйе атама арнап бес-алты
бөтелке су ала барғамын. Су атаға бұйырмады. Апта бұрын
ауырмай-сырқамай жүріп бірден жығылып, сол күні қайтыс
болыпты. Кетер-кеткенше: «Аққұм, Аққұмның бір қалақ суы...»
— деп жатқан көрінеді. Сонда ғана Түйе атаның анау жұлдызды
түні: «Аққұмның бір шелек суын Қарасайға каратып жамырата
сал! Түйеге тие берсін де», — деп толғанып тұрып айтқан сөзінің
астарын ұқтым. Көкем, мамам, жездекем, Гүлдей тәтеме еріп,
жас қабір басына бардым. Екінші күні жалғыз келіп: «Түйе ата,
Аққұмның киелі суын сағынып, ерніңіз кезеріп жатқан шығар. Сіз
аңсаған суды ұмытпай, ала келдім. Тие берсін, батыр ата!» — деп,
бөтелкелердегі суды біріндеп мола басына сыздықтатып төктім.
Киелі суды кебе бастаған қара қошқыл топырақ лезде жұтып
алды...
Құйысқанға қыстырылатындай басқа оқиғаның кұлағы әзір-
ге көрінбейді. Әйеш, көкем, мамам, Қасен, Семейхан, Ғайша-
лар осы ғасырда жер басып жүрсе, ондай оқиғаның кездесіп
қалатынына еш шәгім жоқ.
Бәрі де болады.
Тек ауыл, Аққұм аман болсын!
141
1

Кәкен
ҚАМЗИН


(1949 ж. туған)
Алматы облысы, Үйгентас ауданының Қарлығаш ауылында дү-
ниеге келген. 1973 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің журна-
листика факультетін үздік бітірген. Қазақ мемлекеттік телера-
диокомитетінде, «Жазушы» баспасында, «Вечерняя Алма-Ата»
газетінде, «Парасат» журналында қызмет істеді, «Қазақ мемлекеті»
республикалық газеті бас редакторының бірінші орынбасары міндетін
атқарды. Қазір ҚазМУ-дің журналистика факультетінің оқытушысы.
Филология ғылымының докторы, профессор.
«Жұлдыздар жылай ма?», «Біздің ауылдың жігіттері», «Тымықтүн»
атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы шыккан. 2002 ж. «Ә.П.Михаэлис-
тің журналистік қызметі» атты монографиясы жарық көрді.
Бірқатар туындылары орыс, неміс, карақалпақ тілдеріне аударылған.
Кәкен Қамзиннің бүл шығармасы 2008 ж. «Хһег-8и» корпо-
рациясынын балаларға арнап жариялаған халыкаралык әдеби кон-
курсының Бас бәйгесін жеңіп алған.
142

АЙ НАБҮЛАҚҚА МА?


АЙНАБҰЛАҚҚА...
1
Б
іріне-бірі іркес-тіркес жалғанған сіріңке қораптар-
ындай темір жол составының соңғы буыны байыр-
ғы кинохроникадағыдай ұсақтай-ұсақтай ұзай береді.
Ақырғы вагон есігінен дірілдеген бозамық сұлба негативтей
қарайып барып жоғалады. Бір-екі адырдың арғы жағында кәнігі
темекішінің хоркорындай будақ-будақ, ұбақ-шұбақ із ғана
қалады. Шөкімдей-шөкімдей сұйықтүтін әлден кейін ауаға сіңіп,
көгілдір аспан ажары шайдай ашылады. Тап қасыңнан бөлек
бір тіршілік, өзгеше бір дүние көсіліп-жосылып өте шыққандай.
Қарап кеп қалсаңыз, пойыздың алыстап бара жатқан соңғы
вагонында адам баласының ет жүрегін шым еткізер мөлт-мөлт
еткен мұң бар сияқты. Қайта оралмас шақтардың қызығы мен
ызыңы сол бұлаң еткен вагонғажармасып, үдере-үрке қашып бара
жатқандай. Ал, тоқтай қалған тепловоз — керемет, ғажап қуаныш.
Шат-шадыман. Пыс-пыс етіп деміге: «мен келдім, мен келдім!» -
деп, жарқын-жария шырай танытады. Төлеген сондайда алыстан
алқынып келген тепловоздардың мандайнан сипап, бетінен
сүйгісі келеді. Амал не, кіп-кішкене бойы бар, бып-быртық.
Темір жол стансасынын бастығы болып істейтін әкесі бастабында
Алматыда оқисың, ағаңның қолында тұрасың дегенде, бұл оның
сөзіне онша мән бермеп еді. Енді дәміл-дәміл осы пойызбен
үлкен қалаға тартады, доңғалағы дік-дік еткен осы пойызбен туған
мекені — Айнабұлаққа қысқы, көктемгі, жазғы демалысында, екі-
үш күндік мейрамдарда қайтып оралады. Несін айтасыз, осы күні
кос қапталды болат жолдың кәнігі жүргіншілерінің бірі болып
143

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
алды қаршадай ғана Төлеген. Сескенетін де дәнеңесі жоқ, мұнан
шығарда шешесі ұялы телефонымен үлкен ұлына хабарлап қояды,
ана жақтан қайтарда апасына Бөлеген көкесі телефон соғады
немесе 8М8-ка жібереді.
Қала тіршілігі әсер етті ме, әлде әрі-бері өткен жолаушылар-
дың әңгіме-дүкені пісіріп тастады ма, әйтеуір, алтыншы сыныпта-
ғы кіп-кішкене Төлегеннің мінезі де өзгеріп барады. Әлден, бес-
іктен белі шықпай жатып-ақ байсалды, байыпты, ойлы. НІешесі:
«Осы қарағымды қарғадайынан тентіретіп қалаға жібердік, өз
колымызбен жатбауыр қылдық, шөре-шөре боп қайда барып
оңар екен енді», — деп орамалымен көзі мен мандайын сүртеді.
Әкесі болса: «Тентіреткені несі? Туған ағасы мен жеңгесінің
қолында. Олар жаңаша тәрбилейді. Мұхамеджан Тынышбаев
ағамыз сықылды барлық ғылымды қатар жеккен энциклопедист
болмағаннан кейін, мен сияқты жыл — он екі ай темір жолға
телмірудің қажеті не. Баланың бағын байламау керек дейтін өзің
емес пе? Қазір кос мекенділердің заманы. Кенжеңнің екпіні
қатты. Бұл Бөлеген секілді Мәскеудің Бауманкасымен тоқта-
майды. Санкт-Петербургің де бұйым емес. Көр де тұр, Кембридж
бен Сорбоннаның бірінен бір-ақ шығады. Осы бастан ағылшын,
француз тілін жаттай бер, бәйбіше. «Сһагтапі, топкіеиг!» — деп
француздарды, «Ехсизе ті!», — деп саксондарды шалқасынан
түсіретін боласың әлі-ақ, — деп миығынан күледі.
Бірінші кластан Алматыға бауыр баса бастаған Төлегенді
ә дегенде, екі-үш орам жердегі мектебіне ағасы, кей кездері жеңге-
сі жетектеп алып барып жүрді. Бір айдан кейін жүріс-тұрысты,
қалай барып, қалай келуді өзі де үйреніп алды, ересектердін
әлсін-әлі көмегін ерсі санайтын болды. Бірақ екі-үш кластасын
ата-аналары жеңіл мәшинемен жеткізіп, сабақтан кейін сол
көлікпен алып кетіп жүргенін талай байқады. Олары несі екен,
тым келеңсіз ғой: әлде тұратын жерлері алыс па, әлде адасып
кетуден корқа ма деп те ойлады. Өзімен қатар отыратын Жақсы
бергеннен оның мәнісін сұрап еді:
— Мықтылардың мұрагерлері. Ана Кинг Конгтың әкесі ке-
деннің дөкейі, мына қысық көз сары Банзайдың шешесі банк
144

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бастығы. Олар балаларымызды жымқырып кетеді деп үрейлері
ұшады. Кинднепинг деген пәле өршіп тұр. Ана бір жылдары
«Казпотребсоюз» төрағасының немересін ұрлап кетіп, бүкіл ішкі
істер қызметі аяқтарынан тік тұрған. Ондай баскесерлер қалада
баршылық. Содан кейін бір миллион бакс берсең, баланды
қайтарамыз, әйтпесе оның өлігін көресің деген шарт қояды
әлгілер, - деп жауап берді,— Сенің әкең кайда жұмыс істейді?
Крутойлардың бірі емес пе?
— Жоқ. Әкем теміржолшы, Айнабұлақ деген жерде станса
бастығы,— Төлегенніңжауабы мүдірінкіреп шықты. Жаңатанысы
Жақсыберген келемеждеп жүрмесе етті деді. Жоқ, ол күлмеді,
қайта, иығынан қойып қалып:
— Статусымыз тете екен. Менің шешем көрші мектептің
директоры. Ешкімнен ықпа. Осы класта мені жеңетін ешкім
жоқ, біреу тиіссе — мұрнын бет қыламын. Келістік пе? Онда
жолдас болайық, — деп, қарап отыр. Содан бері Жақсыберген
екеуі айрылмастай дос. Алты жыл бойы бір партада отырып
келеді. Сабақтан әмісе бірге шығады, Жақсыберген оны ертіп
алып шешесінің мектебіне тартады. Сол жердің асханасынан
тамақ ішеді, оған зауықтары соқпаса, іргедегі спорт алаңында
балалармен футбол ойнайды. Жақсыбергеннің үйі де сол мектеп
маңында. Ауласының балаларының барлығы дерлік осы мектепте
оқиды, бәрі Жақсыбергенді біледі, ол да барлығын таниды.
Ол парталас досы Төлегенді бірінші кластан бері таңдан-
дырумен келеді. Мектеп директоры болып істейтін шешесі қазақ
емес, әзербайжан. Әкесі физкультура институтында прорек-
торлық қызмет атқарыпты, ертеректе, бұның алты жасында
жол апатынан қайтыс болыпты. Қазір мамасы, қарындасы -
үшеуі бірге тұрып жатыр. Шешесі орыс мектебінің директоры.
Жақсыбергеннің айтуынша, әкесі көзі тірісінде ұлымды міндет-
ті түрде қазақша оқытам депті. Әкесінің сол өсиетін шешесі бұл
жытпай орындапты.
Бүгін де екеуі оңаша келе жатыр. Тротуарда жем теріп жүрген
торғайларды үркітеді, гүр-гүр еткен көгершіндерге шекілдеуік
шашады. Қысы-жазы бір орнынан тапжылмай, не өспейтін,
145

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
1
не қыбыр етпеитін нәрестесін құшақтап отырған қаиыршыға
бұлар қазір тіптен назар аудармайды. Бастабында Төлеген тиын-
тебен тастап жүруші еді, Жақсыберген: «ендігәрі соқыр тиын
беруші болма, олар жалған қайыршы, көпшілігі Тәжікстан-
нан келген сығандар. Өтірік мұсылмансиды. Олар бізден
ауқатты тұрады», — дегенді қадап тұрып айтты.
Шиқ-шиқ етіп төртінші трамвай тоқтай қалды. Бұл жал-
ғанның, қала транспортының жер-жебіріне жетіп, әлемдегі
жұртшылықтың барлығын іске алғысыз етіп қара көзәйнекті екі
кемпір түсті әупірімдеп. Оларға салса, ертеректе бәрі керемет, бә-
рі тұрлаулы, бәрі арзан болған. Қазіргі заман — кері кеткендердің,
ұры-қарылар мен жылпостардың заманы. Қарапайым халыққа
қалаулы тіршілік жоқ. Ділгерліктің кілті тек алпауыттар қолын-
да. Әйтеуір, таусылмайтын сарыуайым, әйтеуір, төбеден төнген
заманақыр, жер тақыр. Оларға мына ұш-төрт айда бой көтеріп
жатқан зәулім ғимараттар да, мөлдіреп аққан бұлақ та, көкке
бой созған еңселі теректер де, Мұқан Төлебаев пен Мұқағали
Макатаевтың ескерткіштері де керек емес. Аттары өзгеріп жат-
қан көшелерге де тіксіне қарайды, бұрынғы атаулары естерінен
кетпейді. Өйткені көз алдарында көкке мойнын созған қуатты
крандар — судай жаңа тіршіліктің нақ өзі, өткен дәуірдің көзі
емес, оларға бұл өзгеріс мүлде жат. Қазір кешегідей көсемсіп,
өткендегідей өктемсіп: «ты!» — деп те тіл қата алмайды. Бірақ
осы қариялардың бір уәжіне құлақ қоюға болады. Қалада каптап
кеткен жарнамадан көзің қарығады, ағылшындардың, немістер-
дің, француздардың, қытайлардың тауар насихатынан аяқ алып
жүре алмайсыз. Оны кім түсінеді, қазақ пен орыстың бәрі демде
шет тілінде сайрап кетті деймісіз. Бұл қазақ тауық шакырмаса
да күннің қай жақтан шығатынын жақсы біледі.
Күн де сол баяғыша шығыстан көтеріліп, батысқа
барып ұясына конады. Алашұбар бұлттар да сол ертедегідей
батыстан шығысқа қарай жөңкіледі. Алматы арықтарындағы
ағын су да Алатаудың етегінен төмен қарай құлдырандай
құлайды. Арлы-берлі ағылған халық та бағдаршамнан басқаға
146

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
аялдамайды, ығы-жығы, бірін-бірі жыға танымайды. Зу-зу еткен
мәшине, ағыл-тегіл жөңкілген нөпір.
Кока-кола жарнамасы ілінген үйдін бұрышында екі-үш
қыз портфельдерін үйіп қойып, шымқай қызыл бормен әдемі-
Леп сызылған класс-класын ойнап жүр. Одан әріректе сақалар-
ьін сайлаған ер балалар. «Кәти, кәти!» — деген дауыстары тіптен
өктем. Дауласып жатқан болу керек.
Тротуардың қақ ортасына біреу туфли қорабын лактыра
салыпты. Жақын мандағы аяқ киім дүкенінен шыға салған әлде-
кім жаңа бәтіңкесін дереу аяғына іліп алған ба дерсің. Қазір
қалада қоқыс көбейіп кетті, келе жатып қолындағыларын
қалай болса солай тастап жүре береді. Әй дейтін әже, қой
дейтін кожа жоқ. Ағасы Бөлеген айтады: ертеде Алматының
көшесінде көлденең қылтанақ жатпайтын, бәрін бүлдіретін
өзіміздің ағайындар. Қиыншылық жылдары ана жақтан да,
мына жақтан да жүмыс іздеген халық шұбырып кеп осында
топырлады.Олар озық дәстүрмен қоса, тозық мінез-құлықтарын
ала келді. Әрине, қалада қазақтың көбейгені жақсы, бірақ
ауылдағы күл-қоқысты, шылық пен былықты Алматыға тасудың
қажеті не?
Төлеген алғашында ағасының сөзіне құлақ қойып жүрді,
бәріне өзіміз кінәліміз, есіктегі құл мен күнді неге төрге
шығарып, төбемізге көтереміз дегенді жақтап бакты. Келе-келе
қол арба сүйретіп, нәпақа тауып сабылған, қара базардын кара
жұмысына қытай рикшаларындай жегіліп, қайқаң-кайқаң ет-
кен ағаларын көргенде, жүрегі сыздады. Нарықтың жақсылығы
осы болса, бұты бес тиын. Бөлеген көкесі айта беретін Адам
Смит теориясының да, Доу Джонс көрсеткішінің де атасына
қырық нәлет. Қазір ол толығымен әкесінің жағында. Әкесі нарык
әдісі, нарық тетігі адамға қызмет етуі керек, бізде адам нарық-
қа малай болып жүр. Мемлекет нарықтық жүйеге араласпаса,
«көрінбейтін қол» дәнеңемді бітірмейді дейді.
Арқасындағы рюкзагын бір ырғап алып, тротуарда жатқан
әлгі картон қорапшаны шіреніп тұрып теуіп кеп қалды. Аһ!
Жаны көзіне көрінді. Ішіне кірпіш салып койыпты. Оң ая-
147

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ғын көтеріп ойбайлап жүр. Қарап жүріп мазаққа ілікті. Ұзьщ
үйдің іргесінен тұншыға шыккан күлкі де кімдікі екенін ща.
малайды. Осыны істеп жүрген — құдай біледі, Жақсыбергең-
нің қарындасы — Эленора. Шешесі де, ағасы да — ешқайсы
бетінен қақпайды. Әбден шолжандатып жіберген.
— Я вас развела. Мен сені қатырдым, Төлеген. Аңқау, аңқау
Төлеген! Жақсыберген екеуің маңына жоламаймыз деген Кинг-
Конгтың туған күніне барыпсындар. Сонда хореграфия учи-
лищесінің қыздарымен түні бойы билепсіндер. Менімен бірге
операға да барғың келмейді. Енді билеп көр. Сол керек өзіңе
— деп сықылыктай секендеп барады. Артында зілі жоқ харекет-
ке бұл қалай ашуланар, бұдан соң Төлегеннің бір апта аяғын
баса алмай қалатыны ана кыздың қаперіне қайдан кіріп-шығар.
Бар болғаны басын шайқап, саусағын безегеннен әрі бара
алмаған Жақсыберген досын үйіне ертіп апарып, оның күп боп
ісіп кеткен башпайына дәрі жағып, ақ дәкемен таңып тастады.
Түк болмағандай ұшып-конып қастарында қарындасы жүр.
— Ауыра ма, шын ауыра ма? — деп әдейі сұрай ма, әлде
шынымен жаны аши ма — екі көзі шарасынан шығып кеткен.
— Ауырғаны несі, қытығым келіп жатыр, — дейді терісіне
сыймай тырс-тырс еткен Төлеген. Үшеуі де жарыса, көздерінен
жас аққанша күледі. Әшекейлі терезеден әуестене сығалаған күн
сәулесі дөңгелек айнаға шағылысып, қабырғаға көлбендей ойнап
бір кетеді. «Аққу көліндегі» кішкене аққулар кұдды. Трә-трә-
трә, тә-тә-тә. Мын картина америка фильмдеріндегі «ІіГе кіогу»-
ден бірде-бір кем емес. Мәре-сәре, жөн-жосықсыз жарқылдаған
бұларға терезе жақтауындағы түсі суық мексика кактусы мұртын
тікірейтіп, жақтырмай көз тастайды. «Өздеріңе де сол керек», -
деп, Жақсыбергеннің бөлмесіндегі әйгілі салыстырымдылық
теориясының иесі Альберт Эйнштейннің суреті бұларға тілін
шығарады. Бұйра бас Мағжан ақын көзінің астымен мұңая
да, мұнарлана қарайды. Эленора пианино пернелерін кербез
басып, өзі қош көретін Кенжебек Күмісбековтің вальсін сырбаз
дөңгелетеді. Төлеген мына сырқат, мына ауру тым ұзаққа созылса
екен, ең болмаса, анда-санда қайталанып тұрса екен дейді.
Айнадағы балбыраған өз жүзі бал-бұл жанады.
148

қарлы ғ ашты ң ұя с ы


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
2
Жоғары кластарға қазақ әдебиетінен сабақ беретін ди-
кторлары жақында мектебімізге өзіміздің белгілі жазушылар
конакка келеді. Телевизияның, газет-журналдардың қызмет-
керлерін шақырып қойдық. Ұятқа қалмайық. Орта сыныпта-
ғьілар да жақсылап дайындалсын, белсене қатыссын деген еді.
Содан бері мектеп мұғалімдерінде ес қалмады: күнде ала шап-
қын, көркем сөз оқитындарды, ән салатын вокалистер мен
күйшілерді де әбден мезі қылды. Ат-тонын ала қашқан ересек
балаларға әлдері келмесе, бар салмақты бұларға салады. Өзде-
рінің әттегенайларын жуып-шайып, меймандарға, қайта, жас
өскіндерді көрсеткеніміз өтімді болады деп ақталады. Өткен ап-
тада сен не орындайсың дегенде, Жақсыбергеннің меңзеуімен
бұл Пушкиннің бір шығармасынан үзінді оқимын деп айта сал-
ған. Төлегенге мұғалімдердің бәрі сенеді, қапы қалдырмайтынын
біледі. Бұның бес жасында Мәскеуден каникулға келген сту-
дент ағасы Бөлеген қызық үшін ұзақ өлең үйреткен. Сол қазір
де есінде, анада Жақсыбергенге судыратып оқып берген. Ол
сонда бұның бетіне бажырайып ұзақ қараған. Жаңа көрген кісі-
сіндей қадалған, сені жаңа қырыңнан байқадым деп мақтаған.
Сюрприздің көкесі сеңде екен ғой, мен сені қазақтың болашак
Эйнштейні ме деп жүрсем, сен физик емес, лирик екенсің ғой деп
бір қағытқан. Жәй жаттап алған дүнием ғой дей салған оған.
Ақыры бүкіл мектеп күткен сол межелі күн де келді. Қас
қылғандай Алматының төбесіне қарақошқыл бұлт жұмарлан-
ып, аласапыран жаңбыр құйып кеп кетті. Тозығы жеткен те-
мір шатыр ежелгі қаңғыр-күңгіріне басты. Аспанда жын
ойнақтап, әлдекімдер апан кеңірдек кернейін гүрілдетіп, ар-
ынды дауылпазын дүңкілдетіп жатыр. Малмандай су болған ақ
қайындар жапырақтары қырық буынды күміс сырғадай төгіле
салбырайды. Жылт-жылт. Тырс-тырс. Кейде жылдам, кейде баяу.
Жазушыларды сыртта қарсы аламыз деген мектеп директорының
нұсқауы енді жайына қалды. Бүкіл мұғалімдер мен оқушылар
149

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сипай көлкіген терезеден сығалай сыртка қарайды. Әнеки, жеңіл
мәшинеден шатыр көтерген төрт кісі түсе-түсе қалды.
Көзілдірігі қиядағыны шалатын орыс әдебиетінің мұғалімі
директорға:
— Смотрите, Жалиля Жангазиевна, пожаловал сам
Алимжанов! — деп жатыр екі көзі шоқгай жанып.
— Ну, что же, Гульсайра Ильясовна, как говорится, по одежде
встречают, по уму провожают. Посмотрим, — деді жайбырақат
қана,- Айтқандайын, қазақ жазушыларына қазақша нөмір-
лер, орыс тілді Әлімжанов сияқтыларға орысша шығармалар
дайындағанымыз қандай көрім болған. Ол бір ауыз қазақша
білмейді. Шет елден шықпайтын турист дейді ғой оны осындағы
біздің жігіттер.
Мұндай қабылдауға меймандар да, қабыл алушылар да дән
риза. Жөн-жөнімен, рет-ретімен ән айтылды, күй тартылды,
би биленді. Тіпті джаз-бэндтің саксофоны қырық құбыла
құйқылжыды.
— Қазір Төлеген Бекқожиев орыстың ұлы ақыны Александр
Сергеевич Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан үзінді
оқып береді. Ал, Төлеген, заулат! Побольше драйва! — деді
мойнындағы қызыл көбелегін түзеген Жақсыберген конферансье.
Бұл тамағын кенеп, екі-үш қабат жөткірініп алды да Бөлеген
ағасы үйреткен өлен жолдарын төге жөнелді.
Увы, на разные забавы
Я много жизни погубил!
Но если б не страдали нравы,
Я балы б до сих пор любил.
Люблю я бешенную младость,
И тесноту, и блеск, и радостъ,
И дам обдуманный наряд;
Люблю их ножки; только вряд
Найдете вы в России целой
Три пары стройных женских ног.

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ах!Долго я забыть не мог
Две ножки... Грустный, охладелый,
Я всё их помню, и во сне
Они тревожат сердце мне.
— Болды! Достаточно! Әрі қарай оқымай-ақ қой! Осыларға
орыс тілін өз сорымызға үйретіппіз, — деп орыс әдебиетінін
мұғалімі қолын ербендетіп орнынан атып тұрды. — Извините,
Ануар Турлыбекович. Это я недосмотрела, это моя вина.
Несносный мальчишка!
— Успокойтесь. Не надо смущаться. Это же превосходно!
Классика емес пе, еш сөкеттігі жок, әрі қарай оки берсін, —
деп, күлкісін тия алмай, көз жасын сүрткен Әнуар жазушы,—
Продолжай, пожалуйста. Но не так скоро.
Когда ж и где, в какой пустыне,
Безумеи,, их забудешь ты?
Ах, ножки, ножки! Где вы ныне ?
Где мнете веіиние цветы ?
Взлелеяны в восточной неге,
На северном, печальном снеге
Вы не оставили следов:
Любили мягких вы ковров
Роскошное прикосновенъе.
Давно ль для вас я забывал
И жажду славы и похвал,
И край отцов, и заточенье ?
Изчезло счастье юныхлет,
Как на лугах ваш легкий след.
Дивны грудь, ланиты Флоры
Прелестны, милые друзья!
Однако ножки Тернсихоры
Прелестней чем-то для меня.
Она, пророчествуя взгляду
Неоцененную награду,

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Влечет условною красой
Желаний своевольный рой.
Люблю ее, мой друг Эльвина,
Под длинной скатертью столов,
Весной на мураве лугов,
Зимой на чугуне камина,
На зеркальном паркете зал,
Уморя на граните скал.
Зал сілтідей тынды. Директорда өң-түс жоқ. Қыздар жағы
бірін-бірі түрткілеп жымың-жымың қағады. Жазушы қауымын
бастап келген, өзін Әнуар Әлімжановпын деп таныстырған адам
орнынан тұрып:
— Әрине, мектеп қабырғасында, Конституция күні
қарсаңында Отан, туған жер туралы жыр оқыған жарасар еді.
Ондай өршіл өлеңді біздің Ғафандар қарша боратып жазып-
ақ жатыр. Иә. Солай. Бірақ бір нәрсе естеріңізде болсын,
айналайындар, Пушкин орыстың ғана ақыны емес, ол — әлемнің
ақыны. Сондықтан қазақтың да ақыны деуге әбден болады. Ұлы
адамның шығармасын терең білу — үлкен өнер. Сол туындыдағы
ел айта алмайтын жолдарды тандап алу — талғампаздықтың
белгісі. Біз неге Венера Милосскаяны пір тұтамыз, Гүлфайруз
Исмаилованың қыл қаламынан туған қазақ қыздарының
бейнесін неге тамсана тамашалаймыз? Классикалық балетке
неге құмармыз? Олардын бәрінде сұлулық, көркемдік бар. Өзі де
көркем, сөзі де көркем Сәкен Сейфуллинде де осы тақылеттес
өлең жолдары бар, керек десеңіз. Жер бетіндегі тіршіліктен
әдемілік іздеу — адами қасиет Ал, сол қара жерді тық-тық басып
жүрген аяқтар, әдемі аяқтар туралы өлең оқыған мына Төлеген
інімізге негеренжиміз, қайта, рахметімізден басқаайтарымызжоқ,
Эстети кан ы ң көкесі ғой. — деп сөзін жыл ы жымия бітірд і таза қазақ
тілінде. Елдің бәрі таң-тамаша. Әсіресе директорымыз:
— Телеоператорлар жұмысын бітірсе, енді бәріміз жиылып
суретке түсейік, тарихи оқиға ғой. Сіздер күнде келе бермейтін
конақсыздар, — деп ұшып-қонып жүр.
152

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Жарқылдаған блиц, алай тұрындар мен былай тұрындардың
фотосессиясы. Күлкі мен қуаныш. Аспан мен жерді көктей
өткен өткінші. Бәрі де өтеді, бәрі де өзгереді. Бәрі де өткінші.
Бәрі де баянды, бәрі де тұрақты.
3
Шаштараздан әлгінде ғана жасанып шыққан бикештердей
бой түзеген жөке ағаштары. Хош иісі жан-жүрегінді елжіретіп,
буын-буыныңа түседі. Пошымдары да біп-бірдей. Абай даңғыл-
ындағы тротуарларды бойлап кетіп барады, қатар-қатар ұзап
барады. Троллейбус терезесіне жабыса қалсаңыз, сап құрап алған
сары шеріктер сияқтанады. Олар мына арлы-берлі жөңкілген
халыкты қалт етпей бағып тұр. Өз аялдамасынан түсіп калған
Төлеген балалар бағына қарай жаяу аяңдап келеді. Осы тротуар-
мен қайшы алысқан елге араласып жүріп отырғанды ол, неге
екені белгісіз, жақсы көреді. Көгілдір бассейндегі шымырлаған
суға сүңгіп кеткендейсің. Физик мұғалімі айтқандай, броундық
қозғалыстың бір түрі осы көшелердегі жүргіншілер ме дейді.
Физик-оқытушының айтуына қарағанда, судың информация-
ны есіне сақтау, ақпаратты бір тараптан екінші тарапқа тасымал-
дау қабілеті жақсы екен. Әсіресе тұма суы, таулы өзен суының
жады керемет. Крандағы су — өлі су. Ал, жас бала ағзасының
тоқсан тоғыз пайызын су кұрайды, ересектерде бұл мөлшер
жетпіс пайыз, қарт адамның бойындағы су елу ғана пайыз
екен. Ана Беляев деген жазушының суда да, кұрлықта да бірдей
өмір сүре алатын амфибия-қосмекенді адам туралы жазылған
фантастикалық романы судың құдірет-күшіне негізделген.
Сондықган суы биофизикалық тұрғыдан байытылған бассейнге
көбірек барындар. Жапон ғалымы Масару Эмотаның еңбектерін
оқысандар, соған көздерің анықжетеді. Менің ойымша, тау суын,
тұма суын ішіп өскен балалардың қабілеті ерекше болады. Бұл
— менің теориям деген физик ағайлары. Онда, қала балаларына
қарағанда, ауыл балаларының тума мүмкінгі көбірек қой деп
153

ҚАЗАК.
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ойлады Төлеген. Осыған байланысты статистикалық мәлімет
бар ма екен, осы мәселені зерттеп жүрген казак окымыстысы
бар ма екен ендеше?
Бак іші абыр-сабыр. Ит жетектеген егде әйелдер. Таяқтарын
тық-тық еткізген қарттар. Компьтер клавиатурасының тырсылы-
на ұқсайды... Қол ұстасқан балабақша бүлдіршіндері осы бақтан
шыкпайды. Тазша бала ескерткішінің бөрігіне, алшысынан
тұрған алып асыққа қайта-қайта қайырыла қарап, дабырласып
барады. Қарағайдың ана бұтағынан мына бұтағына өңмендей
ұмтылған ұзын құйрық, ала қанат сауысқанның шықылығы —
жоқ іздеп жүрген жолаушының назалы жалынышы.
Қаракерей Қабанбай көшесінің бойында ірілі-ұсақты көлік
кептеліп тұр. Қыбыр-жыбырмен қашанға ұзайды. Азар бол-
са, бір сағатта жиырма шакырымға жылжыр. Кинг Конг пен
Банзай да осы мәшинелердің бірінде отырған болар шыртиып.
Бөлеген ағасының «Лэнд крузері» де тұрған шығар осындай
кептеменің бірінде. Бақтың бергі бетіне жақында ғана қойылған
Тұрмағамбет шайырдың ескерткіші осы автомандарға тосыр-
қай да тұнжырай қарап қалған. Оның тұғыр тасына сүйенген
кезбе мұндар қоңырқызыл сұйықты өңешінен өткізе алмай,
кақалып-шашалып әуре. Кішкене бақтағы ғаламат тіршіліктін
сан қыры Төлегеннің — көз алдында, көз алдынан осылайша
көлбендеп өтіп жатыр, көшіп жатыр.
Он минуттан кейін осы араға Жақсыберген келу керек. Екеуі
Орталық стадионның қасындағы жүзу бассейніне, физиктің
сөзінен кейін делебелері козып, жазылып қойған. Денсаулығың
туралы анықтамаң, ай сайынғы жарнаға ақшаң болса болғаны
екен. Қазір екі сағат суда емін-еркін малтып, емін-еркін
кұлаштарын жазып алады. Одан кейін сабақ та сіңімді болады,
оны өздері байқап жүр.
— Бізде, жүзуден, қазақтан жеңімпаз бар ма осы? Әлжан
Жармұхамедов деген Өзбекстанның қазағы баскетболдан
Мюнхен олимпиадасының чемпионы болған. Жақсылык
Үшкемпіров Мәскеу олимпиадасының чемпионы атанды. Оны
154

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК.
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
білем.— деді Жаксыберген бұған карап,— Жүзуден тіпті Қазақстан
біріншілігін жеңіп алған қазақ бар ма? Интернеттен шықпайсың.
Бір білсең, сен білесің.
Бұл басын шайқады. Осы күнге дейін спорттың бұл түрінен
атағы шыққан қазақ бар дегенді естіген де, оқыған да емес.
— Ендеше, сол казағың мен боламын. Көр де тұр, әлі-ақ
Жаксыберген Райбаев деген фамилияны барша газет-журнал
жарыса жазып жатады, телевизиядан мен туралы репортаждар
беріледі. Сен сонда бір лабораторияда имиген көзілдірігінді
түзеп қойып, бұл менің жолдасым деп шіренетін боласың. Әлде
өйтпеймісің?
Төлеген күліп жіберді. Дәл қазір чемпион тұғырында
тұрғандай сөйлеуін. Еңалдымен жеңіп алсыншы сол атакты. Бірақ
Жақсыберген спорт шебері болам десе, болады. Айтқанынан
қайтпайды. Бойындағы әкесінің қаны шығар ширықтырып
жүрген. Қайсарлығында бір мін жоқ. Расында да, салған жерден
елу метр қашықтықта жүзуді жаңа бастағандардың бәрінен
дельфинше бұрқыратып, озып келді. Содан кейінғой жаттықтыру-
шылардың көзіне түсіп жүргені.
Алматы осы мезгілде бірде жабығып, бірде жадырайды.
Мамыр айында масайрай кететін жаратылыс өкпешіл баладай
қылт-сылт ете қалады. Кейде баяу бүркектеген жаңбырдың арты
қарға айналады. Ондайда елдің біразы саяжайларына жүгіреді,
гүлдеп келе жатқан өріктерін, шиелерін қымтайды. Түнімен түтін
түтетеді. Бір-екі рет Төлеген де барған жиырма шақырым жердегі
ағасының саяжайына. Мәшинемен қия бетке әзер шыққан.
Түнімен қураған жапырақтарды бықсытып, полиэтилен жамыл-
ғылармен төрт-бес ағашты орап ағасы мүлде ұйқы көрмеді. Бұл
үйге кіріп алып,таза ауада ұйқысын әбден қандырды. Танертең
тұрса, ағасы күйбендеп әлі сыртта жүр, екі көзі кіртиіп, қып-
қызыл болып кеткен. Сонда ол ағасын қатты аяп, өз қылығынан
өзі ұялған. Анадай жердегі ашаны ала салып, лып-лып мазда-
ған жапырақтардың үстіне тағы да еселей жапырақ тастай бас-
таған. Сондағы ағасының бұған сүйсіне, мейірлене қарағанын ол
ешқашан ұмытпайды. Жаңа да Жақсыбергенге:
155

1
ҚАЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Сен чемпион болсаң, алдымен елдің алды болып мен
қуанамын. Шляпамды аспанға атам. Саған қатырып тұрып пиар
жасаймын. Телевизия мен газет журналистеріне сені көкке
көтеріп насихаттаймын, сұхбат беремін, — дегенде, оның көзі дәл
ағасының көзіндей боталап кетті. Бұрылып алып жүгіре жөнелді,
алға біраз озып барып тоқгады.
Батыс жақтан желе-жортып, еңкілдей келіп қалған түй-
дек-түйдек бұлттың беті қатты, әбден сыздап алған. Әнтек түр-
тіп қалсаң төгіп-төгіп жіберейін деп тұр. Төксе, төксін-ақ. Боз-
дағы шыққан асфальттың беті жуылсын, ылғал аңсап тұрған
гүлзарлар мен ағаш біткеннің мейірі қансын. Су деген жарықтық
жердің де, елдің де дауасы ғой.
4
Жазға салым, каникулы кезінде Төлеген жол жөндеуші
Бұқпанбайға ілесіп арлы-берлі көшіп-қонып жүруді ұнатады.
Далиып жатқан жусанды даланы тілгілеп жалтыраған аппак
қос параллель өтеді. К,ыр-қырдағы кызғалдақтар жел лебімен
бұйралана ағып бара жатады. Будкалы мәшинемен тел жар-
ыскан рельсті бойлап келе жатқан бұлардын басшысы Бұқаң
айғайлап әнге басады. Қайда барса да қасынан тастамайтын
тарғыл мысығын масаттана, мекірене мандайынан сипайды.
«Тойға барса да ертіп барады», — деп осындағылар оны сылтың
қылады. Ол күй талғамайды, әнді тойда айтады, ойда да айтады.
Күркіреген кең тынысты дауыстан ен дала жаңғырығады. Сом
темір балдақтарды тоқпактаған балғалардың шыңылы оған
өзін сүйемелдеген сифониялык оркестрден еш кем көрінбейді.
Шпалдарды қарап, рельстердіауыстырыпжүріп-ақол мысығымен
кәдімгі адамша тілдеседі. Біз мына шаруаны бітіргенше ойнап
келе ғой деп, өзі айткандай, минижолбарысын бетімен жібереді.
Бір сағаттан кейін осы жерден табылатын бол деп тағы дауыс-
тайды. Дәп бір мысығының кол сағаты бардай. Осы кісі расын-
да да кызық. Стансаға аялдай қалған пойыз жолаушылары-
на караптан-карап сүйкенеді, түсе-түсе қалып, қаннен қапер-
156
-

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сіз шылым шегіп тұрған орыс жігіттерінің есін шығарады.
Бірде Барнаул бағытындағы алтыншы вагоннан шыққан үрпек
бас бозбалаға:
— Хлопчик, случайно, ты не мой сын? — дегені.
— Не-не, что вы, батя...— сасып қалған жігіттің аузына сөз
түспей әлек-шәлек.
— Ну-ну, смотри. А то в годы службы в Советской Армии я
в Сибири порядочно наследил, — деп қарап тұр. Осы оқиғаны
Төлеген әкесіне айтып беріп еді, ол көзінен жасы аққанша күлді.
— Одан шығады, одан шығады. Шешең, бәріміз бір мектепте
оқығанбыз. Ол нойыс әрмиядан кейін Ноғайсібірден қайтпай
қала жаздаған. Әпкесі үйге келіп жылап отырып алған соң,
өзім командировка алып әдейі бардым. Әке-көкелеп әзер
қайтарғанмын. Әлгі бар ғой, Шоқан Уәлихановтың Аполлон
Майковқа айтып берген «Емшанының» сюжетінен бір аумайды.
Төлеген кашанда әкесіне тәнті. Бұл дүниеде білмейтіні
жоқ. Қай салаға салсан да қиналмай сөзге араласа кетеді.
Айтқанда, мөрін айқындап, қисынын келтіріп жібереді, кісіні
иландырмай қоймайды. Енді, міне, он тоғызыншы ғасырдағы
орыс ақынының жусан туралы балладасын алға тартып сөй-
лейді. Ал, тап қазір жоғары математика, сопромат, теориялық
физика жайында бір нәрсе сұрай қалсаң, оған да жауабы дайын.
Транспорт академиясын ғана бітірген станса бастығының өт-
кен жолы орыстарға Пушкиннін «Станционный смотрителін»
әңгімелеп отырғанын Төлеген өз құлағымен естіген. Дулат
Бабатайұлын, Абайды, Әубәкір Кердеріні түгелге жуық жатқа
біледі десе, тіптен қателеспейді. Оның және бір құп көретіні:
орта мектепті ғана бітірген әйелінің — Бөлегені мен Төлегенінің
анасының сөзін өмірі жерге тастамайтыны. Бірде Төлеген тұрып:
— Тәте, сен неге әкем секілді оқымағансың? — деп сұрай
қалсын.
— Қарағым-ай, екеуміз де балалар үйінде өстік. Қолтықтан
демейтін ағайын-туған да аз. Сондықтан ол окысын деп, мен
мектепті бітірісімен қара жұмысқа араластым. Кейін Бөлеген
туды, оның алдындағы екі баламыз шетінеп кетті көші-қон-

1
К.АЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ның әуресінен. Одан соң кең Құдай бізге сені берді. Оку қайда
қашады деп жүргенде, уақыт шіркін зымырап өте шықты, —
деп бұған салмақты жауап берді. Содан бері Төлеген шешесін
онан сайын жақсы көріп кетті, әкесінің анасын неге өбектеп
күтетінін жанымен де жүрегімен де ұқты...
Міне, бүгін де теміржолшыларға ілесіп Төлеген Сарыөзеке
қарай тартып келеді. Сарала киімді жігіт-желең саймандар-
ын тиеген қорапты мәшине үстінде гу-гулесіп отыр, ал тарғыл
мысығын бауырына басқан Бұқпанбай әдеттегідей өз орнында,
кабинада. Жүз елу бірінші шақырымдағы тозған рельс пен
шпалдарды ауыстыру керек. Бұл бұрын мүлде назар аудармапты,
қазір түзу жолдың бәріне бетон шпал төселеді екен де, ал бұры-
лыстар мен иіндерді қара май сіңген ағаш шпалдармен бекіте-
тін көрінеді. Оның мәнісін жолшылар бригадирі Бұқпанбайдан
сұрап еді, ол:
— О-о! Ол үлкен проблема, — деп сұқ саусағын шошайтты.
Бұлтиған өндіршегін бір сипап қойып, — Экономика, так сказать.
Қазақстанда ағаш материал аз, бұл — біріншіден. Екіншіден,
бұрылыстардағы шпалдар пойыз өткен сайын ары-бері қозға-
лысқа түседі. Ондай деформацияға бетон шыдамайды, жарылып
кетеді, ал ағаш төзімді болады.
Төлеген Бұқпанбайдың білгірлігне қайран қалды, сондай
қарапайым нәрсеге миым жетпегені ме деп іштей өзін сөгіп-
мінеп алды. Ондай кезде міншіл жанға Бұқпанбайдың әуенінен
өткен ем жоқ. Әсіресе қазақтың халық әндерін әуелеткенде,
оның өзі де, әні де мына кең далаға сыймай кетеді. Маңғаз сақара
оның Салғараның «Жиырма бесін» «жалған-ай!» деп, күнірене
қопарғанына елітіп, мүлгіп қалады. Шырқау биікте жағы сембей
безілдейтін бозторғай бейшара қанатын кеңге жаза алмай, бір
орнында ноқаттай қатып, үн шығара алмайды.
Межелі жерді діттеген кезде ызғытып келе жатқан мәшине
де ыздия тоқтайды, барлығы лып-лып етіп түсе-түсе қалады.
Сар даланың ауасы қандай. Сіміре бергің келеді, жұта бергің
келеді. Аласа бойың биіктегендей болады, аспанға қыран
158

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
құстай самғай ұшқың келеді. Кұрыс-құрысын жазып, керіліп-
созылған Бұқпанбай да мысығына әдеттегідей:
— Нурик, тышқан аулап келе ғой. Бір сағаттан кешікпе,
— деп бұйрык береді де, жұмысқа кірісіп кетеді. Станциямен
сөйлесіп алған соң, жігіттерге бүлінген төрт-бес шпалды алғызып,
оның орнына жол бойында үйіліп жаткан бетон шпалдарды
бекіттіреді. Жапырылған рельсті келесі пойыз өткенше оның
бригадасы автокранмен алып та, салып та үлгереді. Сонан кейін
барып, рельс арасын өлшейтін арбашаны екі-үш рет жүгіртіп
алады. Осының бәрін Төлеген әр келген сайын көрсе де,
қолдары қолдарына жұқпай лыпылдаған жігіттердің әбжіл қи-
мылынан әсте жалыққан емес. Цирктегі сиқыршылардың фо-
кустарынан мыналардың ісі бірде-бір кем емес, әлде бұған солай
көріне ме, қайдам.
Шаруаларын тамамдаған бригада құрал-саймандарын жинас-
тырып, түгендеп алғаннан кейін көк шалғынға тамаққа жайға-
сады. Бұқаң барлық құрал-жабдықты тізім бойынша сан қайтара
тексереді. Оныңыз қалай деп бұл тағы сұрайды.
— О-о! Ол үлкен проблема, — деп тельняшкасының жең-
ін түріп, манағы сұқ саусағын шошайтады. — Мына біздін жұ-
мысымыз адамға операция жасайтын хирургтің жұмысынан
артық болмаса, сынық сүйем кем емес. Ол мүлт кетсе, мисалы,
адамның ішінде скалпель қалып қойса, бір адам жан тапсыра-
ды дейік. Ал, біз кателесіп, алда-жалда жол бойына темір құрал
тастап кетсек, жүздеген адам мерт болады. Әне мәселе қайда жа-
тыр. Сондықтан мұндай жауапты учаскеге анау-мынауды басшы
ғып қоймайды.
Қаужандап отырған жолшылардың барлығы да бастарын
шұлғиды. Бастықтарының беделін көтергендері ме, әлде жұ-
мыстарының аса күрделі екенін тағы бір рет сездіріп өту ме — ол
арасы бимәлім. Осындай жаппай қостаудан кейін Бұқаң және бір
жаңа әңгімесін маздатады.
— Мына жастар білмейді, білгісі де келмейді. Білсін деп
айтып отырмын. Мен анау жылдары Ібір-Сібірде службада
болдым. Ракетчикпін ғой. Частьіміз Новосибирьде тұрды. Сақ
159

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
жүресің, әсіресе шет елдің шпиондарынан абай болу керек.
Қыстың күні увольнениеден қайтып келе жаткам. Апақ-сапак.
Ол жақта ымырт ерте үйіріледі. Аязы қатты. Жылдамдатып келем.
Ойламаған жерден:
— Бука, Бука, помоги! — деген ту сыртымнан біреудің жан
дауысы шықты. Бұл кім болды екен, бұл қалада мені танитын
жан-пенде жоқеді. Іле-шала:
— Ойбай, Бұқашжан, қайдасың?! — деген қазақы айғай құла-
ғыма шақ ете қалды. Тани кеттім. Өзіміздің Өмірзақ. Ол сол
кезде Новосибирьдегі академқалашықта Марчук деген акаде-
миктің қарамағында жұмыс істейтін. Екі-ақ ырғып қастарына
жетіп бардым. Ұзынтұра Өмірзағымды екі бандит алқымы-
нан алып, езгілеп жатыр екен. Екеуін екі каққаннан калдыр-
мадым. Жұлындай ұшырдым. Ол кезде қылшылдаған жігітпін,
каратэмен айналысам, қара белбеудің иесімін.
— Өмірзағым қай Өмірзақ? — деді Төлеген қарап отыр-
май. Ол жақтырыңқырамағанси Төлеген жаққа алара екі қара-
ды.— Қай Өмірзақ болушы еді, қазақта бір ғана Өмірзақ бар,
ғылым академиясының президенті болған кәдімгі Сұлтанғазин
Өмірзақ. Академик, математик. Бөтен елде қазақ бір-біріне туыс
боп кетеді, сол жерде жүргенде танысқанбыз. Мен қашанғы
қасыңнан табыла кетем, енді, ізінәр, бейсауат жүрме дедім.
Айтқандайын, сені осы есеп-кисапка жүйрік дейді ғой, апарып
таныстырайыншы. Адам боп кетесің, — деп Бұқпанбай Төлегенді
бір жарылқап тастады.
— Ойбай, Бұқа, мысығыңыз зытып келеді, — демегенде
жұмысшының бірі, ол әлі талай әңгіменің басын қайырар еді.
Барлығы апыр-топыр орындарынан қарғып-қарғып тұрды. Ра-
сында да тарғыл мысық бұта-бұтаны сағалап құйғытып келеді.
Нақ төбесінде қанжардай тырнақтарын арбитқан құладүн
қайқаң етіп олай шығады, қайқаң етіп былай шығады. Ала алмай
жүр. Кенет шалқалай жата қалған тарғыл мысық тағы құсты
тырнағымен шауып жіберді, ана бейшараның кеудесіндегі ма-
мығы бұрқ-бұрқ ете түсті. Қалбан-қалбаң еткен құладүн басымен
қайғы болып, жайына кетті. Есі енді ғана кірген Бұқпанбай:
160

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Әне, көрдіндер ғой. Бүркітке бой бермеді. Ол тәсілді өзім
үйреткем. Ана әңгімені аяқтай алмай қалғаным-ай. Бұл мысық
па, бұл мысық сұмдық мысық, сирек кездесетін тұқымнан.
Уссури жолбарысының сарқыты. Қай бір жылдары ғарышқа
ұшырмақ болған екеудің бірі. Осыны маған Өмірзақ досым бер-
ген, — деп көз алдарында болған алабөтен оқиғаны өткен та-
рихпен әп-сәтте жымдастырып жіберді. Әңгіме тігісін әдемілеп
жатқызып тастады..
Қас қарайып барады. Құбыладан қылпылдап самал еседі.
Айнабұлақтың шуылдақ бақалар капелласы дүрілдей бас
көтеріп, до, ре, миге басады. Қос мәшине фараларын сіберлетіп
Айнабұлақ қайдасың деп тартып келеді. Мұндайда мәшиненің
де жүрісі өнеді, заты темір болса да, ол да үйреншікті гаражын
сағынантын шығар. Жансыз демесең, жанды жаратылыстан несі
кем. Әбден қалжыраған Төлеген осыны еміс-емістей отырып
көзі ілініп кеткенін де, Бұқпанбайдың озін көтеріп әкеліп
төсегіне жатқызғанын да сезбейді. Оның түсіне жер апшысын
қуырып келе жатқан тепловоз, аспаннан көгілдір парашютпен
ағып түсіп, тұрпаты жаман құбыжықпен аяусыз айқасқа түскен
тарғыл мысық кіреді. Гүл жайнаған маң даладағы үлбіреген
сарғалдақтар қолтықтаса ырғала әсем әнге басады. Жап-жасыл
пойызға мінген Төлеген алыс сапарға, сырлы да сымбатты
бір қиырларға аттанып барады.
5
Өмірі шаруасы шаш етектен, НАНОтехнологиялар бизне-
сіне бел шеше кіріскен Бөлеген ағасы мен қаладағы оныншы
емхананың жетекші терапевті Шағи жеңгесі сәлем-сауқаттарын
сықап берген. Екінші Алматының вокзалына әкеліп салып тұрып
ағасы мен жеңгесі бұған баяғы бірінші кластағыдай:
— Абай бол, жүктеріңе ие бол, — деп сан тапсырады. Пойыз
орнынан қозғалып кеткенше перронда қыдырыстап жүріп
алады. Әрине, Төлегеннің шешесінің тапсырысы дейік-ақ,
бірақ Төлеген десе, ағасы мен жеңгесі ішкен астарын жерге
161

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
қояды. Соңынан ерген жалғыз інісі боғандықтан ба, қатты
еркелетпесе де, өмірі мандайынан шертіп көрген емес. Кіші
ұлын анасы әлі ойын баласы санайды, әлденеге алаңдап тиісті
стансасынан жазатайым өтіп кете ме, күтпеген жерден бір пәле-
ге ұрынып жүре ме — ана жүрегі секемшіл, екі-үш сағатқа жетер
жетпес жолға шыққан баласын тосып, станса басына екі бар-
ып, екі қайтады. Дегбір таппайды. Станса ішіндегі кабинетінде
Төлегенінің әкесі отырғанын да ұмытады.
Екі-үш күндік мейрамда елге барып қайтайын, әке-шешеме
көзайым болайын, Бұкпанбай бастаған жол жөндеушілерге
сәлем берейін деген Төлегеннің өзінің де ниеті бар еді. Жол
алыс емес — бір жарым сағатта зыр етіп, жетіп барады. Купедегі
көршілері — ерлі-зайыптылар да тыныш, биязы жандар сиякты.
Байкап отыр, келіншектің аяғы ауыр. Осындай мезетте, күздің
қара суығында жолға шығып несі бар дейді іштей. Тондырып
алса қайтеді. Ата-анасының өздерінен бұрынғы екі баласы
осындайдан шейіт болыпты ғой.
Пойыз доңғалақтары тык-тықтап келеді. Ақырын-акырын
ырғала шайқалады. Анда-санда тепловоз көмекейден самарқау үн
шығарып ыңыранып-ыңыранып алады. Іште май тоңғысыз болса,
терезе сырты шыңылтыр. Қарып түседі.
Жолаушы жігіт бұның осы ойын анық сезгендей. Жолсерік-
тен барып екі жылы көрпе сұрап алып келді де, әйелін кымтап
тастады. Онан соң бұған карап:
— Бауырым, атың кім? Бір көрген — біліс, екі көрген — таныс.
Қайда барасың? — деді қара мұртын бір сипап қойып.
— Атым Төлеген. Айнабұлақтан түсем. Жакын қалды.
— Айнабұлақ, Айнабұлақ. Қай жерден құлағым шалып еді?
Бір жерден естігенім анык. Біз, жалпы, пойызбен жүрмеуші едік.
Автобуспен қатынайтынбыз. Мына жеңгеңнің аяғы ауыр болған
соң, жұмсақ вагонға жалындық.
Купе терезесінен тоңазып жатқан кең далаға, каққан қаз-
ықтай қаздиған бағандарға, сонадайдан қылаң берген жатаған
төбелерге көз жіберіп отырған ол:
162

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Айнабұлақта Түркістан — Сібір теміржолы түйіскен.
Мұхамеджан Тынышбаев салған шойын жолды айтам. — деді
әкесінен естіген мәліметтерін жайып салып.— Ана Ильф пен
Петров деген орыс жазушыларының «Алтын баспақ» деген
романындағы оқиғалардың бірен-сараны менің стансамда өткен.
— А-а... Иә. Енді есіме түсті. Қазіргі балалар Гарри Поттерді
ғана оқиды деп жүрсем, сен өзің пәле екенсің. Мұхамеджан
Тынышбаевты қайдан білесің? Жаңа сен айтқан Илья Ильфің
мен Евгений Петровың бұл жерге маңайлаған да жоқ. Сырттай
жаза салған. Олар қайдағы бір шөлейт даланы, Түркменстанның
құмдарын суреттейді. Қазақтың жеріндей қайдан болсын. Ал,
Мұхамеджан ағамыз қайталанбас керемет тұлға ғой — ол кісіні
білгенін жақсы,— деп Төлегенге іш тарта қарады.
— Ол кісі менің атамның жақын туысы. Біз де байырғы
теміржолшымыз, — деді Төлеген әңгімені жалғастыра түскісі
келіп.
— Ә-ә, анау болдым де. Мен де сол анаумын. Туған жерге ат
ізін салмағалы не заман, Шығыска тартып барамыз.Айтпақшы,
менін атым Жобалай. Жеңгеңнің қыз кезіндегі аты Толғанай,
мен Ай деймін.Институт бітіргеннен кейін Қызылорда жакта
тұрактап қалдым, мамандығым гидрогеолог. Ана қапшықтағы
домбыраны көрдің бе, қол жалғап жіберші. Азды-көпті
термешілікті сол жақтағы ағайындардан үйрендім.
— Уай-уай-ей! — деп Жобалай өз кұлағын өзі бұрап-бұрап
алды. Құлжабас шанағын қағып-кағып жіберіп, «Қыз Жібектегі»
мына термені сапарлас боп келе жатқан Төлегенге арнадым деді:
Найзасы аумай қолынан,
Желі түрып оңынан,
Ай мүйізді қошқардың
Бөрі тартар қоңынан.
Төлеген сонда жөнелді
Кеткен Жібек соңынан.
Түлпардан туған Көкжорға ат
Орңояндай секірді.
163

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Қаршыгамен ілесіп,
Атқа қылды өкімді.
Ертеңгі кун бесінде
Жібек қыздың ізімен
Келе жатқан секілді, —
деп домбырасын тастай салды. Оны лып еткізіп қағып алған
Төлеген жыраулар мәнеріне салып, оң кұлағын бұрап-бұрап
жіберіп: «Уай-уай-һей!» — деп алды да:
Алмас қылыш сартылдап,
Алтын жуген жарқылдап,
Көқжорға тулпар қырланды
Екі көзі жалтылдап.
Өмілдірік сом алтын
Омырауда алқылдап.
Солқылдайды қара жер,
Көкжорға ат басса былқылдап.
Төрт туяқтан шыққан от
Шақпақ тастай жылтылдап.
Қулақ салсаң, дауысы
Тау суындай сылқылдап.
Қолтығынан аққан тер
Тебінгіде сылпылдап, —
деп, домбыраны сүйей салды. Жобалай мен келіншегі бұдан көз
айырмай қарап қалыпты. Жолаушы жігіт орнынан атып тұрып,
Төлегенді бауырына басты:
— Бар бол, бала, бар бол, бауырым! Алдыңнан жарылкасын.
Күдер үзгендей едім, сенбеуші едім. Қазіргі жастардын ортасы
өзгеріп, оңға бет түзеп келеді екен. Сенің мәнерің пойыздың
ырғағына сай келіп тұрғанын байқадың ба? Ризамын. Біз Аякөзге,
Баян сұлудын еліне кетіп барамыз. Ер жеткенде сол жақты бір
аралап шық, біздің жұртта әлі де талай Баяндар бар. Маңдайынан
164

ҚАРЛЫҒАИІТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
щертіп жүріп алып қайтасың. Мына жеңген Бари Алибасовтың
жакын қарындасы, біліп отырсың ғой. Білесің. «На-На» тобы.
— Мен он бес минуттан кейін түсем, аға. Жолдарыңыз болсын,
- деді Төлеген жүктерін ыңғайлай беріп.
— Төлеген, айналайын, мен саған бір сыр айтайын. Осы
өліарада Қызылордадан Аякөзге не іздеп бара жатырмыз?.. Оның
ұлкен себебі бар. Әлбетте, мен Қызылдорданы жат санамаймын.
Бірак менің өндірім өзім туған жерде дүниеге келуі керек.
Сонда ғана ұрпақ үні үзілмейді, сонда ғана ол кіндік кесіп, кір
жуған жерін аңсап тұрады. Осыны көкейіңе түйіп ал. Ал, саған
қатты разы болдым. Сондықтан мына домбыраны саған тарту
етем, қолымды қайтарма. Ағаңның көзіндей көр. Әлі талай
кездесеміз, — деген Жобалайлар вагон ішінде қалды, сәлден кейін
Күншығысты бетке алып олар да тартып кетер-ау.
Қолына қаптамалы домбыра ұстап, артынып-тартынған
ұлын станса перронында шешесі күтіп алды. Әкесі аяқ асты-
нан Астанаға жиналысқа кетіпті, қазір темір жолды асты-үстіне
түсіріп тексеріпжатыр дейді. Мың жерден тексере берсін, әкесінің
сүттен ақ, судан таза екенін басқа емес, Төлеген жақсы біледі.
Сәл-пәл аялдаған состав шақұр-шұқыр етіп жылжып кет-
ті. «Машинист әлі тәжірибесіз, жұлка тартады, мұндайда бап-
пен жылжу керек, — дейді Төлегеннің әкесі.— Ақырын жүріп,
анық басқандардың басына ғана бақ кұсы қонады. Жақсылық
та соларды жебеп-желеп жүреді». Төлегеннің әкесінің айтқаны
келсе, кесапаттың ғұмыры ұзаққа бармайды, жер-жаһанды тек
жақсылық жайлайды, тек Жобалай сияқты ақжүрек азаматтар
мына шарапаты кең дүниеде алшаң-алшаң басып жүреді...
6
— Сен ғылым акедемиясын білесін бе? — деді кала мате-
матика олимпиадасынан шыққаннан кейін Жақсыберген
бұған қулана карап. — Бұл жарыстан бірінші орын алдың.
Математикалық мектептердің де алдына түсіп кеттің. Енді
күндеушілер көбейеді. Сондықтан саған білікті менеджер керек.
1651

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ол менеджер мына мен боламын. Әзірше ақысыз-пұлсыз жұ-
мыс істеймін. Алда-жалда данышпандардын катарына косылып
кетсең, еңбегімді процентімен қайтарып аламын.
Жаксыбергеннің ойыны кайсы, шыны қайсы — тап басып,
ажырата алмайсың. Төлеген, әйтеуір, оқушылар сарайына жолда-
сын қолдап келгеніне дән разы. Соның өзі неге тұрады.
Бірге оқитын жиырма төрт баланың ішінен жалғыз өзі кел-
іп, комиссияның қорытындысы шыкканша есік аузынан тап-
жылған жоқ. Жолдас деп осыны айт.
Енді бұдан академияның қайда екенін сұрап тұр. Өзі де
жақсы біледі, әдейі сүйтеді. Оны қайтеді екен? Қазір төмен
қарай кез келген автобуска мінсең, ғылыми орталықтың
қасынан түсіріп тастайды. Ана бір кезде ойда-жоқта Медеуге
сүйрелеп апарды. Жаздын күні мұз айдынында сырғанак тебеміз
деп. Көгілдір қарағайлары нақ төбеңнен сүзілген стадионда
жексенбі күні танертеңнен кешке дейін сырғанақ тепті, ана
жерден де, мына жерден де асамалап майлы кәуап жеді. Осы
Алматыдағы шашлык сататын курдтар мен әзірбайжандарды
Жақсыберген түп-түгел білетін боп шықты, араларына судай
сіңіп, тастай батады. Олар да бұны көргеннен-ақ:
— А, Жак, кел мұнда, кел мұнда! - деп құрақ ұшып жатады.
Бұлардың барлығын қайдан танисың десең, шешемнің бауыр-
лары ғой деп ұяндау жымияды. Конькиді де ақысыз-пұлсыз
алады — оны да өзінше түсіндіреді: барлығы әкесінің жора-
жолдастары немесе шәкірттері.
Төлегенге Медеудің мұзынан гөрі ауасы жақты, жатып
алып шөміштеп ішкің келеді. Ылас қаланың жөні бір басқа,
мына таулы аймақтың жөні бір бөлек. Алматының тамам халқы
демалыс күндері шыршасы мен қарағайы, шоқ-шоқ қайыңы
қаптай өскен қайқандарға неге асығады десе, осындай қасиеті
бар екен ғой. Төлегеннің сонда ойға түскісі келмегені-ай. Енді,
міне, тағы құлдилап келеді. Жарыстан кейін әбден зыкысы
шыққан Төлегенді Жақсыберген ғылым академиясына несін
сүйреп барады? Әйтеуір, Төлегеннін білетіні — касында Шоқан
1166

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
ҚАРЛЫҒАІІІТЫҢ ҰЯСЫ
АНТОЛОГИЯСЫ
Уәлихановтың ескерткіші бар зәулім ғимарат. Өткен ғасырдың
елуінші жылдары Қаныш Сәтбаев салдырыпты. Енді ол кісінің
өзі де техникалық университеттің алдында мәңгілік ескерткіш
болып тұр.
Қөздеген жері — Шевченко көшесіне жеткен кезде екеуі
автобустан түсе-түсе калды. Жақсыберген тумысынан қалада
өскен, қалтарыс-бұлтарысты жақсы біледі, үй-үйлердің арасымен
Төлегенді қолынан ұстап, жетектеп келеді.
— «I һаұе а бгеат», — дегенді көп айтушы ең, сенің арманың
осының ішінде. Сен, әрине, Мартин Лютер Кинг емессің, бірақ
сені одан еш кем де санамаймын. Алға! — деп қояды Жақсыбер-
ген.— Үрпақтарым, күндерің не болар екен деп Шоқан атамыз
қарап тұр біз жаққа. Ұлы бабамыздың аруағы жебесін бізді.
Шаһарда жаңа бой түзеп жаткан он алты, жиырма бір кабатты
үйлерге қарағанда, жатағандау, ескі, классикалық стильде
салынғаны болмаса, айбынды, қияпатта екен мына ғимарат.
Адамды сұсы басады. Мұнда тек алтын бастылар жұмыс істейтін
шығар. Есігінің өзі сом алтындай.
Есік аузында отырған күзетші кіріп келген бұларға:
— Қайда барасындар? Бүгін палеонтологиялық музей жұмыс
істемейді, — деп бұларды ызбарлана қарсы алды. Жақсыберген
сасқан жоқ, қасына барып оның құлағына бірдеңе деп сыбыр
ете түсті. Мундирлі кісінің жүзі жылып, ондай болса, үшінші
қабаттағы кабинетке көтеріліндер деп жікжапар болып жатыр.
Асқак та зерлі баспалдақтармен көтерілген бұлар көздеген
жерлеріне де жетті. «Қабылдау бөлмесі» деген есікті Жақсыберген
еркін ашты. Бұл араға күнде келіп-кетіп жүргендей. Хатшы кыз
жылы жымиып орнынан атып тұрды:
— О, Жак, жәй келдің бе? Сәл отыра тұрындар, ол кісіде
академик Абдуллин отыр, сол ағамыз шыға салысымен,
сендерді кіргізем. Мына журналға жазып қояйын: не жұмыспен
келдіндер? Мінеки, Жақсыберген Райбаевжәне кім?
— Ресми шаруа деңіз. Болашақ ұлы математик Төлеген
Бекқожиев және оның менеджері Жақсыберген Райбаев десеңіз
болғаны, — Жақсыберген журналға осылай жаздыртты. Төлеген
167

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ұялғанынан жерге кірейін деп отырса, ол айылын жияр емес. Тура
көкесінің үйіне келгендей аяғын айқастырып тастаған.
Қолына әдемі таяқ ұстаған бурыл басты, көзілдірікті адам
ізетпен бас изеп шығып кеткен соң, хатшы қыз бұларды ішке
шақырды. Абдуллин деген академик осы кісі болу керек. Ішке
аттай беріп, төр жақтағы ұзын үстөл басында отырған адамға
Жақсыберген:
— Ассалаумағалүйкүм аға, — деп сәлем берді. Төлеген де
дауысын шығарып амандасты. Бойы екі метрге жуық көзілдірікті
кісі жедел орнынан тұрып келіп, бұлардың қолын алды.
— Жак мырза, ресми келіпсің, бұрын бүйтпеуші едің.
Шаруанды айта отыр. Қазір кофе мен кәмпит алдырамын, — деді
ұзын бойлы адам.
— Өмірзақ аға, кофеңізге рақмет. Бірақ біз кәмпит жейтін
жастан өтіп кеттік. Қазір алтыншы класта окимыз. Мына
жолдасымның аты Төлеген. Мықты математик. Физика мен мате-
матика есептерінің халыкаралық компьтерлік бағдарламасын
жасауға қатысқан. Әдейі сізге алып келдім. Осы жаңа ғана қа-
лалық математиктер олимпиадасында бірінші орын алды, —
Жақсыберген өз қатарымен сөйлесіп отырғандай үлкен адамша
тіл қатты.
Үлкен кісі сылқ-сылқ күліп алды да:
— Сенің өсіп қалғанынды ескермеппін. Күні кеше ғана емес
пе еді, марқұм әкен барлығымыз сенің апыл-тапыл басқан-
ынды тойлағанымыз. «Қолда өскен құлынның тай болғаны біл-
інбес», — деген осы. Сендей кезімізде академик тұрмақ, ғылым
кандидатының үстіне батып кіре алмайтынбыз. Әр ұрпақ өзінше
жол салады. Сол дұрыс шығар, — деді салалы саусағымен қара
шашын бір қайырып тастап.
Кабинет қабырғасы кітаптан көрінбейді. Бір жақты тұтас-
тай Қазакстанның экономикалық картасы алып тұр. Глобустың
өзі екі түрлі: бірі кәдімгі жердің моделі, екіншісі аспан жұл-
дыздарының үлгісі. Терезе перделерінің өзінен де тарихтың
иісі аңқып тұрғандай. Қазіргі ысырмалы жұқа переделер емес,
крахмалданған ақ бәтес перделер. Дәстүр жалғастығы осындай
168

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
АНТОЛОГИЯСЫ
ұсак-түйектен де аңғарылады. Қол созым жердегі вазадан жарты
құлаш георгин гүлдерінің басы қылтияды. Мана байқамаған
екен, кіре берістегі сол бүйірге көк тақта ілініпті.
— Ана тақтаның қасына бар, қолыңа бор ал. Есептің мыса-
лын жаз. Болдың ба? Жарты сағат уақыт берем, шығарып үлгер, —
деді Өмірзақдеген кісі енді Төлегенге назар аударып.
Төлеген көк тақта тылсымының ішіне кіріп қана кетер еді,
боры да тақылдайды, жүрегі де лүпілдейді. Өзі білетін амал-
дарды әрі қолданды, бері қолданды, бірақ есебі құрғыр икемге
келер емес. Қай жерінен мүлт кетті? Терлеп-тепшіп әбден әлекке
түсті. Бәрі бітті, енді шығара алмайтын шығар. Кофе ішіп отыр-
ған бойшаң кісі тақта жаққа әлсін-әлсін қарап қояды, шәкірт
баланың қатты қиналғанын сезсе керек:
— Новичоктардың барлығы интегралдан сүрінеді. Колмогор-
овтың формуласын қолданып көр. Білуші ме едің? — деді де
Жақсыбергенмен әңгімелесіп кетті.
Білмегенде ше? Бөлеген ағасына рахмет. Оған қоса нағыз
математиктің өн бойы, пиғылы таза болу керек, сонда ғана
есептің беті бері қарайды деп үйреткен. Үсті-басын қағып тастаған
Төлеген төте жолы табылған есепті енді зырылдатып қағып
тастағанын өзі де сезбей қалды.
— Тұп-тура жиырма жеті минут. Мұндай есепті жоғарғы курс
студенттеріннің өзі шығара алмайды, кейде аспиранттардың
өзі малтығып, әуре-сарсаңға түседі. Сенің мына жолдасында
дарынның ұшқыны бар екен. Бәсе, Жак тегін адамды маған
әкелмесе керек-ті. Бауырым, атың кім дедін? Мына кітабыма
саған қолтаңба жазып берейін. Мәнеки, академик Өмірзақ
Сұлтанғазиннен.
Төлегеннің буын-буыны құрып, көз алды қарауытып, денесі
дірілдеп кетті. Құдай бар екен. Сұрай салсам ба деп бір оқталды.
Бір көрген кісіге пәленді білесіз бе деп жабысып жату да ың-
ғайсыз шығар. Ал, Бұқпанбайдын кейде лепіртіп жіберетіні де
өтірік емес. Қолындағы қалың мұқабалы кітаптың бетін сипаға-
ны болмаса, ашып көруге де именіп отыр. Есесіне жағы сембей
Жақсыберген сөйлеп отыр.
169

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Өмірзақ аға, жаңа өзіңіз айттыңыз, мен көрінген қазақты
сіздің алдыңызға әкелмеймін. Осы Төлегенге көз қырыңызды
салыңыз дегім келеді. Алда республикалық олимпиада бар,
одан өтсе, халықаралық деген сықылды. Біреуді әдейі кұлатып,
досыма жүлде алып беріңіз де демеймін. Тек біреулер қараулық
жасап жүрмесін дегенім ғой.
Төлегеннің екі беті шоктай жанып барады. Біреуге жал-
пылдап жалынғанға, шаруамды істеп бер дегенге оның отбасы
әманда құлықсыз еді. Енді Жақсыберген досы көпе-көрнеу
арандатып отыр. Бұл колын ербендетіп, ернін жыбырлатып
карсылығын білдіріп жатыр. Оған қарайтын Жақсыберген бе,
қайтсе де сөзін өткізбек.
— Рас, бізде арғымақтың орнына жабы түсіп жатады.Тілегінді
теріс дей алмаймын. Өсіп, ержетіп қалыпсың — көрініп тұр. Үлкен
проблема көтеріп отырсың, жас таланттарды қолдау, қорғау
керек. Сенің әкең, жаңылмасам, Ақтөбе жақтың қазағы емес
пе еді? Ешкімді жат санамайтын. Батыспысың, шығыспысың,
теріскеймісің, түстікпісің. Әкеңе аумай тартыпсың. Соған қуанып
отырмын. Дегенмен мына жігіт кай жақтыкі? Жерлесің емес пе?
Өзі көп үндемейді, ұялшақ па?
Осы жолы тіл катпаса, осы жолы үндемей қалса, өзін-өзі өмір-
бақи кешірмейді. Оның үстіне Жақсыберген де Төлегенді көзімен
қузап отыр.
— Әкем темір жолда істейді. Транспорт академиясын біт-
ірген. Өзі Талдықорғанның Сарқант деген жерінен, өзім мы-
на Айнабұлақ стансасында туыппын, — деді Төлеген қысыла-
қымтырыла,— Өмірзақ аға, айып етпесеңіз, бір нәрсе сұрайын.
Орнынан тұрып терезе жакка таяған академик балалар жаққа
бұрылып басын изеді. Сұрай бер дегендегісі.
— Өмірзақ аға, Сіз Бұқпанбай деген кісіні білесіз бе?
Даңғарадай терезе алдындағы ұзынтұра адам жалт карап,
күлімдеп қоя берді.
— Буканы, Бұқашжанды ма? Білмегенде ше, білгенде қандай.
Арынды жастық шақты Новосибирьде бірге өткізгенбіз. Ол —
170

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
АНТОЛОГИЯСЫ
армияда. Мен — доктарантурада. Бар ма өзі? Ептеп бөсіңкіреп
адатыны бар еді. Бірақ кара күшке келгенде, алдына жан сал-
майтын. А-а, мына тұрған Айнабұлақта тұрады де. Өзім бар-
ып сәлем беріп шығам, оған солай де. Сен өзің ақжолтай бала
екенсің, көптен көрмеген, сағынып жүрген жолдасымнан ха-
бар айттың. Жатсынбай келіп тұр. — Беделді де белді мекеменің
есігінің аузына дейін шығарып салған академик бұлардын
арқасынан қақты. Жақсыберген дәнеңе болмағандай үйреншік-
ті әуенінен айнымай, әр нәрсені айтып, күнделікті қылжағына
басып келеді.
Несін айтасыз, Төлегеннің төбесі көкке екі елі жетпей қал-
ды. Мұндайда досқа не деуші еді. Аузына жөнді сөз де түспейді.
Көкке бір, жерге бір қарайды. Әбден езіліп қалыпты.
Шоқан ескерткішінің қасындағы орындықтарда әңгіме-дү-
кен кұрып, несібелі күндеріне малданған қарттардың отыры-
сы қандай тамаша. Көкке шапшыған фонтан суынан себездеген
әсем бір әуен тарағандай. Аспанда акробаттардай аударылып-
төңкерілген көгершіндер қалықтайды, қара жерде қаз-қаз бас-
ып, балабақша бүлдіршіндері қырықаяқтай қыбырлап бара-
ды. Аймалай соққан қылтың-сылтың самалға екі дос бетте-
рін тосады, тротуарға сыймағандай иық қағысады, кітап толы
рюкзактарымен бірін-бірі койғылайды.
Мына кызығы мол кең дүниедегі бүгінгі той, бүгінгі қуаныш
тек Төлегендікі сықылды.
171

Бейсенбай


СҮЛЕЙМЕНОВ
(1951ж.туған)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Ш.Ділдәбеков
атындағы кеңшарда дүниеге келген. 1968 ж. «Мақталы» кеншарын-
дағы А.П.Чехов атындағы орта мектепті бітірді. 1973 ж. ҚазМУ-
дың журналистика факультетін тамамдап, «Жезқазған туы» газетіне
қызметке келді. 1975—1976 жж. Киров ауданындағы «Шұғыла» газетін-
де әдебиет және мәдениет бөлімінің меңгерушісі кызметін атқарды.
1976-1989 жж. республикалық «Қазакстан пионері» (қазіргі «Ұлан»
гезетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас
редактор қызметтерінде болды.
«Кечуа тайпасының үндістері», «Қуанышты күн», «Бес ғасыр
атылмаған садақ», «Жолдасбек Сүлейменов», «Тентектер», «Күннен
келген адам» атты хикаят, әңгіме-ертегілері, естелік-эсселері бала-
лардың сүйікті кітабына айналды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президенті
сыйлығынын лауреаты.
172

ХАН ШАТЫРЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ


немесе ертегілер әлеміне саяхат
ЕРТЕГІГЕ БАРАР ЖОЛДА
Тазша бала мен Күнікей қыз
С
оңғы кезде Тазша баланы өзге түгілі өзі де түсінбей
жүр. Күніне мың ойланып, жүз толғанады. Күлуі де
тез, ренжуі де оңай. Сырт көзге түсініксіздеу көрінеді.
Бірақ... онын жанын ұғатын тек қана бір адам бар. Ол...
— Таптым, таптым! — дейді Тазша бала ұялы телефонымен
Күнікей қызға хабарласып.
— Не болды саған? Ең болмаса, тан атып, күн шықсын да.
— Оған уақыт жоқ! Достарымның бәрін шақыр. Ешкім қалып
қоймасын.
— Сенің кімдермен араласатынынды қайдан білемін?
— Бәрін шақыр дедім ғой. Керкұла атты Кендебайды. Шар-
шамайтын Толағайды.
— Шық бермес Шығайбайды ше?
— Әрине!
— Көрші ауылда тұратын, қысы-жазы ұйықтай беретін,
сөйлеуге де, ойнауға да, ойлауға да ерінетін, есінеуден жал-
ықпайтын Жалқаубекті де ме?
— Иә, иә!
— «Баунтиын» тығып жейтін, «Сникерсін» көрсетіп, мақтана
беретін Қомағайды да ма?
— Иә, бәрін дедім ғой.
173

'4
К.АЗАҚ


балалар
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Сонда олармен не істемекшісің? Өңкей «ығайлар мен
сығайларды» жинап алып?
— Ол әзірше құпия. Оны тек саған айтайын. Ешкімге тіс
жармаймын деп уәде бер!
— Келістік. Менің сөзге берік екенімді жақсы білесің, — деді
Күнікей қыз әлгі «құпия» тапсырманы білуге асығып.— Айтсан-
шы тез!
— Ертегілердің досы, бәріміз жақсы көретін Фарабиді
туған күнімен құттықтауды жыл сайын ұмытып кетеміз. Ол
бізді көрген сайын еркелетіп, төбемізді көкке жеткізеді. Өткен
жолы маған бейсболка алып берді. Төбеңнен күн өтпесін деп.
Ал, биыл ол он үшке толады. Мүшел жастан шығады. Ертеде
қазақтар туған күнін жыл сайын емес, әр мүшелден өткенде ғана
тойлайтын. Сол дәстүр ұмыт қалып бара жатыр, — деді Тазша
бала,— Мұнымызға ренжімес.
— Ым-м... Мүмкін, әлем ертегілеріндегі кейіпкерлерге
хабар берерміз. Соларды шақырсақ!
— Жарайсың, менің Күнікей құрбым! Сен болмасаң... есіме
осы идея түсер ме еді? Әкелші, жел сүймеген бетіңнен!..
— Менің бетімді күніге ару Күн ғана сүйеді, — деді қыз наз-
дана, өзінің шынында да әсемдігіне ақылы сай екендігіне шаттана.
— Кереметсің!.. Бірак ең алдымен келісіп алайық. Шетел-
ден келетіндердің жарасы жеңіл. Оларға хабар жетсе, келеді дей
бер. Ең қиыны: өзіміздің бауырлар. Бірінің келетінін екіншісі
білмесін. «Сені ерте, мені кеш шақырды», — деп салғыласып,
ренжісіп, келмей қалып жүрер. Білесің ғой, біздің қазекенді. Бір
атым насыбайды сылтау етіп, томпия қалуға дайын тұратынын...
— Қой, қарап тұрғанша хабарласа берейін. Африкада кім
бар еді?
Қара бала, қара бала,
Би билейтін дара бала.
Доп қуалап, зыр жугіріп,
Тақпақ айтар дана бала.
Тазша баланың қуанышы қойнына сыймай, әндетіп жүр.
174

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАПАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— О, есіме түсті. Қара бала, биші бала ше? Иә, ол келсе керемет
болады.
Тазша ұялы телефонын кайта қолына алды.
— Алло, алло, Африка ма?
— Иә, Африка.
— Маған Қара бала керек еді?
— Бұл жерде олар дегенін миллион-миллион. Онын кайсы-
сын?
— Ең сұлуын!
— Бізде бәрі сұлу. Бірінен-бірі өткен. Тез айтыңыз, уақыт өтіп
жатыр.
— Онда маған, маған... биді ең жақсы билейтін баланы
қосыңыз.
— Бізде бәрі де тамаша билейді, жарқыным. Мұнда тек өлең
айтатын, допты ұршықшаиіретін, қаншажүгірседе шаршамайтын
балалар ғана тұрады. Бұл Африка ғой!
Тазша бала ойланып қалды.
— Шынымен бе? Онда...
— Алло, Тазша, сендерде Олимпиадалық ойындардан жар-
ыс өтейін деп жатыр ма? Жоқ, әлде чемпионат па? Спорттың
қандай түрінен? Егер футболдан болса, онда камерундықтар
барады. Ал, жеңіл атлетикадан — Нигерия. Төбелесуден Кения
алдына жан салмайды. Ұмытып барады екенмін, сұлу қыздар-
дың байқауы өткізілсе, онда Жибути бойжеткендері бас бәйге-
ні алады дей бер. Мұнда әлем мойындаған ару қыздар тұрады.
Бірінен-бірі өткен. Басын айналады! Айт тез!
— Жоқ, мен қонаққа шақырайын деп едім. Туған күнге.
— А-а-а, қонаққа ма?.. Біз туған күнге барғанды жақсы
көреміз...
— Алло!
— Алло!
— Онда Африка балаларының ең сүйкімдісі Зизаға хабар
береміз. Оның қолы бос, ұзақты күн сенделіп жүргені. Қай жерде
жұмыс — Зиза сонда. Кімге көмек керек, бауырларымен бірін-
ші болып сол келеді. Өзінің тұзы жеңіл, сый-құрметтен үнемі
1751

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
кенде қалады. Ал, мерекеге, тіпті жәй ғана шай ішуге Зизаны
шақыруды ұмытып кетеміз. Ұят-ақ! Сол барсын. Балақайдың
көңілі бір көтерілсін.
— Келістік. Тек кешікпесін.
— Жок, ол ұқыпты да елгезек. Бүгін-ақ тауып алып, хабар
беремін. Кідірместен жолға шығады. Айтпақшы, Тазша бала, сен
сыйлық алғанды ұнатасың ба?
— Иә, бірақ менің емес, Фараби деген керемет баланың ту-
ған күні. Оны бір көргеннен-ақ ұнатасындар. «Сегіз қырлы, бір
сырлы».
- Сонда қандай? Түсінбей тұрғаным...
— Ол жағын сөзбен айтып жеткізу қиын. Келген соң
көрерсіндер.
— Әлгі «Сегіз қыры, бір сыры» бар бала қандай сыйлықты
ұнатады?.. Тазша, қысылма, ойындағыны айта бер. Бол тез!
— Білмеймін. Фарабидің талабы да, талғамы да жоғары.
Ол жағын ойламаппын... Бірақ туған күн жайлы Фарабидің өзі
білмейді. Біздер, оған құпия-сыйлық жасамақпыз.
— Бұл ойларың керемет екен. Нағыз достық деп осыны айт!
Ал, туған күнге, мынандай балаға сый-сияпатсыз бару ұят-ақ.
Бізде, Африкада сауға деген жетеді. Ауылдан бес қадам шықсаң
болды. Теп-тегін. Кеше Чомбоның туған күніне түйеқұстың екі
шөжесін, Камилге керіктің ботақанын тапсырдық. Кысылма,
айта бер!
— Онда үлкен пілдің кішкентай, аппақ баласын...
— О-о-о! Бізде, Африкада ақ піл өте сирек ұшыраса-
тын құбылыс. Жүз жылда бір-ақ рет кездеседі. Өткен аптада
Зимбабведе ме, жоқ, әлде Кенияда ма, бір піл аппақ піл туыпты
деген сыбысты естігенбіз. Корольдың немересінің көзіне түсіп,
не «крутойдың» ұлы алып қойып жүрмесе... Көрейік, уайымдама,
бір мәнісі болар. Фарабиге сәлем айт!..
Жағымды жаңалыктан соң, Тазша баланың көңілі көтеріліп
қалды...
Осы бір куанышты хабар лезде-ақ «қара маржан» құрлықты
шарлап кетті.
Африка ән құшағына бөленді...
176

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
БІРІНШІ ЕРТЕГІ
Баобаб, баобаб...
Африка. Алпыс алты градус ыстық. Төбеде күн прожектор
жарығындай сәуле-нұрын шашып тұр. Айналада ұшқан құс, не
жүгірген аң байқалмайды. Ауыл маңындағы өзенде тек шалшық
су ғана қалған. Тартылған, қалғанын аң-құс ішіп бітірген. Енді
жақын күнде жауын жаумаса, аймақты құрғақшылық жайлап,
аштық болары сөзсіз. Сол шалшық суда ағайынды алты бала
шомылып жүр.
— Ұялмай-кызармай тобықтарыңнан келетін суға ойран
салуларын қарашы! Ендігі жетпегені сендер едіңдер. «Болар
бала боғынан» деген. Жұрттың ұл-қызы орманға кеткелі қашан.
Папая жұлып, отын жинап жүр. Кокос жаңғағының сүтін
ішіп...— Бұл — Зизаның шешесінің ұрысқаны.
Кенет, кенет... Аспанды қара бұлт қаптады. Күн тұтылғандай.
Ал, одан соң нөсер жауынның шелектеп құймасы бар ма? Жаңа-
ғы бір әзірде шалшық судан нәр татуға беттемей жүрген жану-
арлар легі өзенге қарай лап қойды.
Ағайынды алты тентектің құдайы берді де қалды. Ұзақты күнгі
көңілсіздік жайына қалды. Шешелерінің де реніші су сепкендей
басылды. Ойна! Ех, шомыл суға! Бұл көрініс он, мүмкін жиырма
жылда бір-ақ рет келетін құбылыс. Ал...
Қайдан шыққаны белгісіз, бүкіл «қара маржан» құрлықтың
аңдары анталап келіп, көлге бас қойғаны. Жануарлар шөлдеп
қалыпты. Бас көтермей, қарындары қампиғанша су ішті. Одан
соң жас балаша шомылмасы, аунамасы бар ма? Айнала азан-
қазан. Ағайынды алты батыр үнсіз. Оларды адам екен деп те елеп
жатқан ешқайсысы жоқ. Бір кезде... әлемдегі ең үлкен аң — Үлкен
Піл балаларды көрді де, үн-түнсіз тұрып қалды.
Сол бір тыныштық сәтті көп көргендей табиғаттың дүлей
күші қайта басталды. Бағанағы күшті жел, нөсерлі жауын мұның
қасындатүкемес екен. Ештеңе көрінбейді.
177

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Жүріндер, баобаб ағашына барып паналайық, — деді
ағайындылардың үлкені Анри.
Олар бір-бірінің колдарынан ұстап, осы бір алып ағаштың
панасына келді. Ішкі куысына кіріп, үнсіз жайғасты. Баобаб
ағашының қыр-сырын ауыл балаларының бәрі біледі.
Баобаб — ғасырларды ғасырға жалғастырған алып ағаш.
Жергілікті тұрғындар ағаш-үй деп те айтады. Өйткені, оның
жуандығы қырық метрге, биіктігі жиырма бес метрге дейін
жетеді. Ең карт ағаш бес ғасыр өмір сүріпті деседі. Бұл —
әлемде сирек кездесетін құбылыс. Ол құрғақшылыққа төзімді,
табиғаттың колайсыз кездеріне шыдай береді. Көктемде бүршік
жарған кезде кос алақандай жапырағын жайып, жауын суын
ұстап қалады да, оның бір тамшысын жерге түсірмей, бойына
сіңіреді. Кереметі сол, жинаған су қоры алпыс градустық аптап
ыстықта да, жылға тарта созылатын қуаңшылықта да ағаштын
емін-еркін көктеп тұруына септігін тигізеді.
— Бағана баобабтың пісіп тұрған жемісін байқағанмын, қазір
соны алып келейін. Маймылдар көрсе бас салар, — деді ағасы.-
Сендер отырған орындарыңнан қозғалмандар! Адасып кетесіндер.
Анри ағаштың куысынан шықты да, лезде жоғары қарай
өрмеледі. Маңайдағы маймылдардың барлығы осында екен.
Әкелерінің үйінде отырғандай, емен-жарқын. Екеуара бір табак
дегендей, баобабтың қауын сияқты үлкен жемісін шетінен кертіп
жеп отыр.
— Кетіндер ары! Бұл — біздің ағаш-үйіміз.
Шеткерірек отырған бір маймылдың жейін деп отырған
қауынын алдынан жұлып алды. Оған шамданған ересектеу
маймыл балаға тұра ұмтылды.
— Жақындама, тұмсығыңнан бір перемін! — деді Анри сес
көрсетіп.
Ол қауынды қолтығына қысып алды да, айналаға көз сал-
ды. Кар жауып тұр. Кандай керемет! Африкаға жүз жылда ке-
летін құбылыс. Бағанағы салбырап тұрған жасыл ала қамқа-
дай жапырақтар жиырылып, жаюлы алақандай болыпты. Бір
178

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
керемет, іші тола су. Мөп-мөлдір. Жапырақтар діріл қағады.
Бірак ішіндегі су төгілер емес. Анри асықпай бір жапырақты
жұлып алды да, ішіндегі суды сіміріп салып, төмен қарай секіріп
түсті. Ағаларының олжалы келгеніне інілері қуанып қалды.
— Таласпандар, бәріңе де жетеді.
Әлден уақыттан соң дала тынышталып, айнала жарық бола
бастады.
— Сыртқа шығайық! — деді ағасы інілеріне бас-көздік таны-
тып.
Ағайынды алты баланың баобаб ағашының қуысынан сыртқа
шыкканы сол еді. Кенет...
- А-а-а!!! У-у-у!!!
Африканың ең үлкен жануары бар дауысымен айқайға басты.
Ұзын да үрейлі тұмсығын керіле созып, ұзак күркіремесі бар ма.
Сол-ақ екен, бүкіл пілдер дүр сілкініп, балаларға қарай ұмтылды.
— А-а-а!!! Үлкен Піл тұмсығымен ең кішкентай баланы
нұсқады. Шеткері тұрған піл баланы тұмсығымен орай көтеріп
алды да, арқасына өңгерді.
Көзді ашып-жұмғанша, әлгі пілдер тобыры белгісіз бағытқа
қарай жөңки жөнелді. Олар бірте-бірте алыстап бара жатты.
— Зиза-а-а!!!
Ағайынды бес бала аңырып тұрып қалды.
— Анамыз ұрсатын болды, — деді үлкені.
— Құрыдық! — деді екіншісі.
— Бәріне сен кінәлісің. Дауыл басталмай тұрып кайтуымыз
керек еді, — деді ортаншысы.
— Тағы бірдеңеге ұрынбай тұрғанда үйге қайтайық!
Ауылға баратын қысқа жолдың ұзақтығы-ай! Жетіп болмады.
Жапалақтап жауған қар Африканы ак ұлпаға орады.
Қара домалақ балалар ақша қармен асыр салып ойнады.
Қолдарын, кеудесін, бетін қармен қайта-қайта ысқылап қояды.
Өздерінше, міне, міне, ағаратын сияқты...
179

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Африканың ержүрек пілдері
немесе ғасырларға жалғаскан қүпиялар
Пілдер өкпелерін қолына алып, жеті күн, алты түн жүгірді.
Пора-порасы шығып, қара терге шомылды. Бірақ ешкайсысы
«шаршадым», «шөлдедім» деп тіс жармады. Сүрінгендері аяғын
сүйретіп жүрді, — үйірден қалған жок. Табанына кірген шөңгені
алуға мұршалары да келмеді. Жүректеріне сына болып кадалса да
елемеді.
— Біз бұлай жүгіре берсек, ұрпағымыздан айрыламыз.
Жазылмас дертке ұшырауымыз мүмкін. Сондықтан тында,
үйір! - деді Үлкен Піл,— Жарақат алғандар мен аксақалдық
жасқа жеткендерге осы жерде қалып, еркін қоныс тебулеріне
рұқсат беремін. Қимас досым, айнымас серігім едіндер, қала
койындар енді. Тұз-дәм бұйыртса, әлі кездесерміз, іштегі шерді
таркатармыз. Бірақ естерінде болсын, мына бала бүгіннен бастап
бәріміздің әміршіміз. Оның үлкен жүректі азамат болып өсуіне
Африканың әрбір адамы, аң-құсы жауапты, борыштар! Енді сол
асыл мақсатта жұмыс істеуіміз керек. Естеріңде сақтандар, бұл
аң патшасы — Арыстанның, қара күштің иесі — піл мен мүйіз-
тұмсықтың, желаяқ — жез киіктің емес, Алланың әмірі! Жер-
Ананың қалауы! Табиғат-Ананын тілегі! — деді Үлкен Піл,— Үмы-
тып барады екенмін. Келер айдың ең ыстық күнінде, ең мазасыз
түнінде, құмырсқаның илеуі түтін сасығанда, жеті жыл, жеті күн
бұрын туған баланың ақыл тісі сыздап, шығуға сыр бере бас-
тағанда мына баланы Қазақстанға шығарып салуымыз керек.
Африканың барлық бас көтерер аң-құсына тапсырма. Ақ піл-
дің күн тимеген аппак баласын қайткенде де табуға міндеттіміз.
Оны Фараби баланын туған күніне тарту етеміз. Еңкейген шал-
дан, еңбектеген балаға дейін аманат. Барлық орманды кезін-
дер, Саваннаны шарлаңдар, ханның қорығына да білдірмей «ұр-
лыққа» түсуге рұқсат етемін. Қайткенде де табындар!!! Оны мен
айтқан кезде Хан тауының етегіне жеткізесіндер. Үмытпандар!
Ал, сол күні тағы да бір өте құпия, асқан жауапты тапсырма
болады, оны кезінде есітесіндер!
180

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Үлкен Пілдің сөзінен соң піл біткеннін бәрі тізелерін
бүгіп, казан бастарын изеді. Екі қолшатырдай нән құлақтарын
желпіді. Бұл — келіскендіктің белгісі еді...
Африканын алып жануарларының арасы сиреп, жорыкты
жалғастыруға шамасы келгендері ғана жолға шықты. Ең алдын-
да шаршаса да қалжырағанын білдірмей, жүрегінің сыздағанын
сездірмей, қарттықтың ауылы жақындағанын мойындамай кө-
сем, Үлкен Піл келеді. Иә, бұл пілдің көрмеген корлығы, азап-
сыз өткен күні жоқтың қасы. Өйткені, ол жеті кат жер астында
буырқанып жатқан мұнайдың қай жерде екенін, алтын-күм-
істің, жақұт-алмастың қай төбенің қатпарында жасырынғанын
жақсы біледі. Біледі де тіс жарып ешкімге, жан баласына айт-
пайды. Өйткені отыз екі тістің арасынан шыкқан сөз отыз рулы
елдің құлағына жетеді. Бұл — соғыс деген сөз! Тыныштықтың
бұзылатын күні. Ғасырлар бойы мүлгіп жатқан елдің шаңы-
рағы шайкалатын сәті. Сондықтан, Үлкен Піл әзірге үнде-
меуі керек. «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» деген. Мына
алмағайып заманда көп білгенің де зиян.
Пілдер тоқтаған жоқ. Баланы кезек-кезек арқаларына ау-
ыстырып, желді де отырды. Артта майлы топырағымен Мали,
өмірі жауын көрмеген, шаңы шыққан, қу мекиен бетпақ дала,
құс ұшса қанаты күйген, аң жортса тұяғынан айрылған Саванна,
күн төбенді тесер Сенегал қалды. Енді қанша жүретіндері бел-
гісіз. Бейшара бала әбден қалжырап бітті. Жамбас еті сызда-
ды, сүйек біткеннің барлығы қақсай бастады. Бірақ Зиза мықты
екен, бәріне де шыдап бақты.
Килиманджаро тауының етегіне келіп жеткенде күн де
еңкейіп үлгерген еді. Одан әрі жол жоқ. Қой тастар тарыша
шашылып жатыр. Пілдердін мұнан әрі аяқ басуына рұқсат
жоқ. Енді жолбарыстың жетегіне ерді. Әйтеуір, келетін жерге
жетті-ау. Бұл жер — Африка, Африка атанбай тұрғанда мекен
еткен көне тайпалардың атақонысы.
— Бұл жерде Африканың бетке ұстар ақсақалдары түгел
бас қосыпты. Мынау Бамбера, Кпелле, Тонга, Шона, Овамбо,
Хауса, Джерма-сонгай, Сукума, Нилот, Банту және Пигмен
181

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тайпаларының көсемдері. Барлығы да сенің құрметің үшін
жиналды, — деді Баланта тайпасының көсемі.
Ол баланы басынан аяғына дейін бір шолып өтті. Өзі де
қап-қара, күнге одан сайын әбден қақталған, қара терге мал-
мандай шомылған, қабырғасы бүйірін тесіп шығардай ырси-
ып көрініп тұр. Тек жүрегі дүрсілінен жалығар емес. Жанары от
шашқандай. Мұның бәрін байқаған көсем:
— Қайран балам, балалығыңмен ерте қоштасатын күн келді.
Ендігі өмірің арпалыспен, от-жалынның кұшағында, тұлпардың
жалында, еліңнің азаттығы жолында өтетін болады. Пешенеңе
Алласолайдепжазыпты, балам. Шыдайсың, көнесің. «Басқатүссе
баспақшыл» деген! — деді. Бірақ қуанышын да жасыра алмады.
— Қош келдің, құлыным менің! Сені күткеніме бақандай
отыз жыл болды. Енді босаңсуыңа, тізгінді жіберуіңе болмайды.
Африка деп таңың атады, Африка деп күнің батады. Жүрегің-
нің дүрсілі осы жалын континент деп соғады. Ұғып ал, балам!
Саған үлкен жауапкершілік жүктелмекші. Бүгіннен бастап спар-
тандық өмірді бастан кешесің. Шыдап бақ, балам! Қазақстан-
ға бару, Фарабидің туған күніне қатысу бүкіл Африкадан са-
ған жүктелмек. Ең негізгісі, сен жер шарының жүрегі іспет-
тес, жалын құрлықтың атынан қатысасың. Халықта: «Африка-
ны Алла жаратқан!» деседі. Сен сол Алланың перзентісің. Ең
негізгісін ұмытып барады екенмін. Ол жақта өтірік айтпа.
Ешкімді алдама. Басынды кесіп алса да шындық үіпін өл.
Қазақтар жүрегінде жалыны жоқ, жігерсіз баланы жаратпайды.
«Шіріген жүмыртқа» дейді. Абыройды тырнақтап жинар болар.
Одан айрылу лезде-ақ. Ұғып ал!..
Зизаның тек қана бас изеуге шамасы келді.
— Бүгін демалсын. Таңертеңгі алагеуімде кокос жаңғағы-
ның сүтіне шомылдырындар. Қүніне төрт мезгіл авакадо же-
місін жегізіндер. Одан сон бір күн аң патшасы — Арыстанның
арқасына, екінші күні Жолбарыстың бауырына байландар.
Қасқырмен бірге таласып тамақтанатын, Керікпен желдей
жарысатын, Түлкімен еркін сырласатын, Сусиырдың үстінде
емін-еркін ұйықтайтын болсын. Табиғаттың тал бесігінде жа-
182

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
байы өмірмен тыныстасын. Ал, осы сынақтардың бәрінен сүр-
інбей өтсе, онда суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін
нағыз Африканың ержүрек ұлы атанады! Менің арманым сонда
ғана орындалады. Жүрегім жай табады. Бұл өтініш емес —
бұйрық! Іске кірісіндер!..
Көсем айтты, басқаларда жан бар ма? Жаңа ғана сүттей ұйып
тындап тұрған халык бытырадай шашылып, өз тапсырмаларын
орындауға кірісті.
Ақсақалдар ақылдаса келе Би-Би жазығына хабаршы жі-
беруге шешім кабылдады. Бұл жерде жұмбак құстар мекен ете-
тін-ді. Солардың арасында касиетті, кербез, сұлулығын сөз-
бен айтып жеткізе алмайтын, жүзінде күн күлімдеген Қоқиказ-
дар жүреді. Олар жылына бір рет жылы жақка, Атамекендеріне
ұшып барып, сонда балапандап, өсіп-өркендеп, кері кайтады
екен. Ендігі іс — сол құстан жөн сұрау, жол сұрау, өсиетін
тындау. Олар бүкіл әлем көз тіккен Қазақстан деген елдің қайда
орналасқанын білетін шығар?
Қоргалжынын сағынған коқиқаздар
Арадағы бір айдың ішінде Зиза әжептәуір өсіп, бұлшык ет-
тері бұлтылдап, шымырлана, қап-қара өңі жылтырап, сұлулана
түсіпті.
— Міне, енді нағыз жігіт болдың, — деді көсем.
— Иә, иә, — десті калғандары.
— Жүріндер, Би-Би жазығына. Зизаны алыс саяхатқа шығар-
ып салар уақыт жетті.
Олар уәделескен жерге де келіп жетті. Неткен керемет!
¥шы-қиырсыз «Кұс базары». Канатын керген биші кұстарың да,
мойнын созған әнші құстарың да осында. Өздері батыл-ақ, үрку,
жатырқау, қорқу дегенді білмейді.
— Бізге әлемдегі ең сирек кездесетін Қоқиқаздардың
Қоқиқазы керек! — деді Баланта көсемі бар дауысымен.
Бұл хабар лезде-ақ құстардын кикуымен Көке Кокиқазға
жетті.
183

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Мен, — деді әсем де кербез құс ағасы. Қызғылт тартқан
қанатын керіп, қауырсындарын дірілдетіп еді, бүкіл айнала
кызғыш түске бөленіп, құлпырып сала берді.-Төрлетіндер,
алыстан ат арытып келген түрлерің бар. Тізе бүгіндер, тұз-дәм
татындар.
— Рақмет, — деді Баланта көсемі олардың қонақжайлығына
ризашылығын сездіріп.
— Біз сіздерді әлі құрметтей алмай жатырмыз. Кешірім
өтінемін. Ал, егер біздің атамекеніміз — Қорғалжында, Теңіз
көлінде болсаңыздар, онда әңгіме мүлдем басқаша.
— Ол қай жерде? — деді Зиза.
— Соны да білмейсің бе, үп-үлкен болып. Қорғалжын,
Қорғалжында ғой! — деді бала Қоқиқаз.
— Қазақстанда, Астананың маңында. Жүз жиырма шақы-
рымдай жер. Қанатынды бір жазып, шекең терлеп үлгермей-ақ,
адамдардың тілдерімен айтқанда, екі сағаттық ұшу жолы,— Көке
Қоқиқаз балапан құстың сөзін түзеп қойды.
— Онда мәселе шешілді, — деді Баланта көсемі.— Біздің мына
«аппағымызды» сонда ала кетіндер. «Фарабидің туған күніне
барамын» деп сарсаңға түсіргені кашаннан. Оның үстіне Тазша
деген біреу күнде мазалап болды.
— Иә, — деді Көке Қоқиқаз,— Біз бәріміз, мынажүрген құстар,
Қазақстаннанбыз. Туып-өскен, канатымыздың қатайған, есіміз
кіріп, етегімізді жиған жеріміз, құт мекеніміз сол Қорғалжын
қорығы. Онда әлемдегі ең қасиетті де керемет кұстар — Тырна-
лар мен Бірқазандар мекен етеді. Бір-бірімен сән-салтанат
кұрады. Балапан басып, қанатын қатайтып басқа жаққа, жер
шарының түкпір-түкпіріне ұшып кетеді. Қорғалжын — күс біт-
кеннің алтын бесігі, жұмақ-жәннаты. Өйткені ол жердің жазы
жайлы, күзі қоңыр салқын. Қысы қатты. Бірақ біз мекендейтін
жердің ерекшеліктері көп. ¥шқан күстың қанаты қатып, көзі
ашылмай қалатын небір аязды-борандарда көлге мұз қатпайды.
Сирағың тоңып, балтырың сыздамайды. Ал, бір кереметі:
балықтары аузыңа өзі келіп түседі. Сондықтан да Қорғалжын
мен Теңіз көлінде құстардың үш жүзге тарта түрі мекендейді.
184

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Әлемде қара бауыр қасқалдағы көп жер осы. Кейбір қанаты
қатпаған, науқастан көзін ашпаған, не ұшуға ерінген құстар осы
жерде қысы-жазы мекен етіп қала береді. Шіркін, танауынды
«жарып», көкірегінді ашар жусанын айтсаңшы! Осы бір қасиетті
шөпті ес білгелі өзіммен бірге алып жүремін. Оның шипалық
қасиетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Біз баратын жерде Қазақ деген Ұлы халық мекен етеді.
Олардың мандайына күн сәулесі қонақтаған. Жүздерінен мейі-
рім шуағы анкып тұрады. Ах, ах, пай-пай, шіркін!!! Жергілікті
тұрғындардың құс біткенді алаламай жанындай жақсы көретін-
дігі соншалықты, еркелетіп: Қоқиқазын «қоқиым», Тырнасын
«кербезім», Бірқазанын «қомағайым», Аққуын «еркетайым» де-
седі. «Қанаттыға — қақтырмай, тұмсықтыға — шоқыттырмай»
өсіреді. Кенже ұлындай, немересіндей еркелетеді, аялайды, мә-
пелейді. Бесік жырын айтып, тербетеді...
— Алланың нұры жауған, мәңгі жаз елі Африка ма десем,
басқа да жер жәннаты бар екен ғой, — деді Баланта көсемі аузы-
ның суы құрып.— Қол тисе бір барып, тамашалап, аунап-қунап
қайтатын жер екен.
— Солай, қария. Мен әлемнін талай жерін араладым.
Оңтүстік Америка, Орталық Азия, оның Шығыс жағалауы,
Кариб, Багам аралдары, Еуропа елдері, Балтық бойы... айтып
жеткізе алмайсың. Дәл мұндай қасиетті, аялы алақан жылуын
еш жерден көрген жоқпыз! Ғасырдан ғасырға жалғасқан құс
өмірде біз не көрмедік. Тіпті, үш жарым мың шақырым жол
ұшып өтіп, қыстың қақаған аязына тап болдық. Якутияда
аппақ қар кұшқанымыз бар. Сондағы қырылғанымыз әлі күнге
дейін көз алдымда. Қаншама боздақ көз жұмды. Қоштасу әнін
айтуға да шамамыз келмей қалды. Біз не көрмедік! Мылтықпен
атып жайратқандар да, таяқпен ұрып есімізді тандырғандар да,
қанатымызды қайырғандар да болды. Сағымызды сындырды.
Намысымызды жер қылды. Етімізді тамсана да таласа жеді. Ал,
бойжеткен Қоқиқаздардың алақандай тілінің дәрілік, емдік қа-
сиеті бар екенін білген соң халіміз тіпті мүшкілдене түсті. Дәулеті
тасығандардың кербез келіншектері, тәмпіш қыздары біздің тілі-
185

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
мізді тамсана да таласа, қуырып та, асып та жепті! Осы күнге
дейін бағалы болып келген етімізді жалшыларына беріп, иттерін
коректендірді. Бала кұстардың төс ұлпаларын кұшырлана жұлып
жастықетті, қауырсындарын сындырып бөстек, төсекетті. Ойына
келгендерін істеді. Қорлады. Бірак басымызды имедік, тіземізді
бүкпедік. Жерұйығын іздеген Асанқайғыдай біз де жер жәннатын
іздеумен келдік...
Қанатымыз талып құлаған сәтіміз, тандайымыз кеуіп жы-
лаған кезіміз талай болды. Аяқ-қолымызды жазуға икемделе
бергенімізде, мылтығын кезене ентіге жүгіргендерді, иттерін
айдап салып, миығынан күлгендерді көрдік. Соньщ бәрін ек-
шей, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені саралай келіп, біз
Қорғалжын қорығын атамекеніміз деп шештік. Теңіз көлін туған
үйіміз деп есептедік. Шомылсаң айналанда сексен көлі, басың
ауырып, балтырың сыздаса тұзды көлі, не керек, өсіп-өркендеу
үшін барлық жағдай бар. Қасиетті Есіл-Нұра өзендерінің
бойында «Тоғанастың тоқсан екі көлі» бар. Суы бал татиды. Міне,
сондықтан да біз Қазақстанды Отанымыз дейміз. Осы мындаған
кұстардың бәрі Қорғалжын, Теңіз көлдерінде дүниеге келгендер.
Тәй-тәй басты, балық ұстауды үйренді. Әсіресе, сол бір тұзды
көлді мекен еткен балыктар — тұқы, мөңке, алабұға, аккайран,
жыртқыш балық — шортанның дәмін айтсаңызшы! Ал, сыңсыған
қамыс арасында еркіндікті аңсаған құс — шағаланың шаңқылдаға-
нын естісек, бір жасап қаламыз. Қасиетті құс — қаскалдақ
жұмыртқа басады, сұқсыр үйрек, коңыр қаз, түнімен ән салып
шығатын — әупілдек, карадегелек, аққұтан, қалбағай, безгелдек,
ақбас тырналар, тоғай ішінде мекен ететін жыртқыш құс — саз
құладыны айтсаңшы! Араб шейхтары мен сұлтандары арманда-
ған, күндіз есінен, түнде түсінен шыкпаған дуадақтың бөтегесі
ше? Құстар — біздің қуанышымыз. Жыл сайын, ерте көктемде
— «Құс базарында» кездесіп, әңгіме-дүкен кұрып, маукымыз-
ды баса, іштегі шерімізді бір тарқатып аламыз. Бұл — асыға,
сағына күткен арманымыз. Құс бакыты деген осы емес пе!
Біздің бойымыздағы ана сүтімен дарыған барлық асыл
қасиеттер, ізгілік үміті сол жерде, атамекенде калыптасты. Алла
186

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
маған кәрілікті бұйыртса, соңғы тұрағым Қорғалжын өңірі болса
деймін. Өйткені туған жерден ыстық, өскен жерден қымбат
жер жок!
Көке Қоқиқаз толқып кетті. Жанарына тығылған сағыныш
жасын жасыра алмады...
— Ең негізгісін ұмытып барады екенмін. Сол жерді Қазақ
деген керемет халық мекен етеді. Олар біздің тыныштығы-
мызды сақтаумен келеді. Сонау халық басына туған нәубат
жылдарда да, ашаршылықтың ащы дәмі татылғанда да, ел
басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары да тыныш өмірімізді
бұзған емес. Балығымызға кол салып, суымызға шомылған
да емес...
Көке Қоқиқаздын көнілі одан сайын толқыды. Онын ойын
ешкім бөлген жоқ. Баланта тайпасының көсемі де үндемеді. Тек
әлден уақыттан соң үзіліп қалған сөзін өзі қайта жалғастырды.
— Үйірімізбен ұзақ жолға дайындалып жатқанбыз. Сөзіңіз-
дің төркінін түсіндім. Байкауымша, мына кара бала Қазакстанға
барғысы келеді ғой, ә?
— Иә, дұрыс айтасыз, Қока. Астанаға Тазша шақырыпты.
Фараби деген баланың туған күні екен. Көрмеген ел, барма-
ған жер, қырық ру ел. Адасып кетіп, не шалыс басып жүрсе.
Аманат, Зизаны сізге тапсырдым. «Еті — сіздікі, сүйегі — біздікі!».
— Уа, Астанаға ма? Жақсы болды ғой. Кел, достасайық, — деді
шеткерірек жүгіріп жүрген кішкентай бала Қоқиқаз.
— Ақсақал, қалдырыңыз. Құс — тіршілік өмірді көрсін,
құрдастарымен таныссын. «Кемедегінін жаны бір» деген. Алыс
сапарға шықпас бұрын серігіңмен бірге шындалмай, жақын
тартпай, бауыр басып, дос болмай ұзақ жолға аттануға болмайды.
Өйткені, көкке самғаған соң, күнге бет алған керуендей өмір
кешесің. Бағыттан ауытқуға, не кешігуге жол жоқ. Айлап нәр
татпай, көз жасыңмен ернінді жібітіп, аспанмен сырласуға
тура келеді, — деді Көке Қоқиқаз,— Ал, енді мына «аппақ»
баланы батпаққа аунатындар! Күніне төрт мезгіл тұзды суға
шомылдырындар! Өкпесі өшкенше шалшык судан шыкпасын,
187

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сонда ұйықтасын. Әтеш Қоқиқаз, саған тапсырдым, бауырыңа
бас, жатсынба, өзін сияқты ержүрек етіп тәрбиеле!
Бір топ Қоқиқаз баланы суға қарай жетектей жөнелді.
- Әлі-ақ үйреніп кетесің. Қорықпа, балақай!
— Шашың керім бұйра екен, ұстап көрейінші!
— Еріндерің қандай үлкен, әдемі, сүйіп көрейінші!
— Тістерің аппақ, маржандай тізіліпті, шұқып көрейінші!..
Бойжеткен Қоқиқаздар әзілдеуден жалығар емес.
Айдын көлде қаңқылдаған сазды әуен айналаны ән-думан-
ға бөлеп жатты. Мыңдаған құстардың тіршілігіне әлі үйренісе
алмай, өгей шешеден туған жалғыз ұлдай болып, араларында
қап-қара балақай жүрді. Жүгірді. Батпаққа аунады. Бір-біріне су
шашып ойнады. Жарыса жүзді...
Зиза анадан жаңа ғана туғандай сезімде еді...
***
— Ұмытып барады екенмін. Мына қағазды Астанаға барған
соң Зизаның қолына берерсіз. Жұмбақ бала — Фараби мен
Тазша баланы Африкаға шақырмақпыз. Қазақтарды арнайы
шақырып, қолына хат бермесең келмей қалатын, ренжи салатын
әдеті бар деседі.
— Иә, «Бір атым насыбайға бола ренжісіп, ат құйрығын
кескендер» де бар, — деді Көке Қоқиқаз.
— Енді көңілім орнына түсті. Бұл хабарды алған соң, Күннен
келген халықтың ұлдары біздің елге міндетті түрде ат басын
бұрады. Күтеміз оларды, - деді Баланта көсемі.
Жаңа таныстар бір-бірімен ескі достардай қимастық сезім-
мен қоштасты...
Қарт көсем өмірінде дәл бүгінгідей шаршамаған шығар...
Көке Қоқиқаз өмірінде дәл бүгінгідей рақаттана марқайма-
ған шығар...
Бала Қоқиқаздардың куаныштары қойнына сыймады. Олар
күн батқанша тыным таппады, шаршағандарын да ұмытып кет-
188

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ті. Қанаттары талғанша, сирақтары сыздағанша биледі. Дау-
ьістары қарлыққанша қаңқылдап, ән салды. Сағынышқа толы
сазды әуен Африканы тербеп тұрғандай еді...
Ай сәулесінің жарығы жарқырай түскенде ғана тәтті ұйқы
құшағына берілді...
Туған жерге оралу
Ертең туған жерге оралатын күн. Одан аскан қуаныш бар
ма? Қоқиқаздар қайта шүйіркелесті. Күнде көріп жүрсе де айтар
әнгімесі әлі таусылмағандай. Неге екені белгісіз, олар бір-
біріне аса сыйластық сезіммен, іңкәр көңілмен, мейірім шуағы-
мен қарасты. Төс тоғыстырды, қанат қағысты, тұмсық түйіс-
тірді. Бұл рәсім — аса жауапты да салтанатты сәтте жасалатын
дәстүр, құрмет. Осындай сәтте жыл бойы көңілде сақталған
реніш, түсінбестік — бәрі-бәрі кешіріледі. Таңертеңгі Көке
Қокиқаздың қаңқылынан кейін жаңа өмір басталады деген сөз.
Ал, бүгінгі жағдай — соған дайындық, жан тазалығы мен рух
қайсарлығын шындау.
Қоқиқаздар ұзақ жолға деп жинаған, бабына келтіре қақта-
ған балық-бақаларын, құрт-шаяндарын бір-біріне көрсетіп, мақ-
тана бастады. Араларында бұл сапарға шығуға жүрексінгендері
де бар. Олар Көке Қоқиқаздың қасына келіп, ақыл-кеңес
сұраудан жалығар емес. Мұндай сәтте көсем құстың тәжірибесі
жеткілікті-ақ.
— Қорқу дегенді естен шығарыңдар. Мұхиттың үстінен
ұшқанда төмен қарамандар. Бастарың айналып, жүректерің
көтерілуі мүмкін. Ондай кезде жүзбасыларының қасына жақын
жүріндер. Олар сендерге көмектеседі, қорықпаңдар, — деді Көке
Қоқиқаз.
— Сонда қалай, шаршағанның бәрін арқалап жүре ме? — деді
Зиза қасындағы серігінен сұрап.
— Біздің ұшу тәртібіміз бар. Ең алдында, оқ бойы ұзап Көке
Қоқиқаз ұшады. Ал, тізбектің шетінде аға Қокиқаздар кез-
189

1
К.АЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ектесіп, шаршағандары орын ауыстырып кезекшілікте жүреді.
Олар артта қалған, калғып кеткен күстарды шұкып, жолға сал-
ып, жігерлендіріп отырады. Айдауға көнбегендерін «тәртіпке»
шақырады. Көк-ала қойдай етеді, — деді бала Қоқиқаз.
— Сонда аямай ма?
— Жоқ. Бізде спартандық тәртіп. Тек күштілер, мықтылар
ғана жол бастайды. Оларға барлық құрмет.
— Ұзақ жолға жарамай, не шаршап, әлде ауырып қалса ше?
— Ондайларға көмек көрсететін арнайы топ — »дәрігерлер»
бар. Біз еш уақытта, қандай қиын жағдай болсын, бір-бірімізді
жарты жолда тастамаймыз. Бұл — заң. Жазылмаған, тек жүректе
сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр.
«Жолдасынды жолға тастама!», «Бөлінгенді бөрі жейді!» — деген.
Досымызда көп, дұшпанымызда жетерлік. Сақболмасақ, абайлап
жүрмесек болмайды. Жұрт бізді «Бір шұқып, екі қарайды», — деп
мазақтайтыны да сондықтан. Олар біздің біреуіміз тамақтансақ,
екеуіміз қарап, бақылап тұратынымызды байқамайды. Бізді
қазақтар еркелетіп — «Қоқиқаз», шет елдегілер қызыл қанат құс
«Фламинго» дейді. Ал, Оңтүстік Американың үндістері «сарбаз
құс» деп те атайды.
Зиза бұрын-сонды мұндай алыс сапарға шығып көрмеген.
Ата-анасының арқасында, ағаларынын аялы алақанында жүріп,
әбден еркетотай болып өскен. Оның үстіне аспанға бірінші рет
ұшуы. Сұрақтарды жанбырша жаудырып жатқаны да сондықтан.
— Қорықпа, достым, — деді бала Қоқиқаз,— Менің қасымнан
бір елі де ажырама. Ағалардың ұсақ-түйекпен мазасын алма.
Өзімнен сұра. «Көш жүре түзеледі» дейді қазақтар.
— Сенің жанымда болғаның қандай жақсы, — деді Зиза
қуанышын жасыра алмай.
— Ап, біздер үшін, сенін касымыздан көрініп, бірге ұшаты-
ның неткен керемет! Кішкентай да болсаң адамсың ғой! Жол-
жөнекей жылы жаққа ұшып бара жатқан құстармен аспанда
кездесіп, қанат түйістіреміз. Қысқа мерзімге аялдаған кезімізде
жерде жыртқыш андар да кездеседі. Сол кезде олар сені көріп
сескенетін, ал бізге қарап танданатын болады. Бұл дегенің -
190

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сыйлағандык. Саған бүкіл қокиказдар, көрші-колан, ак қалпак
тырналар да, комағай бірқазандар да куанып жүр.
— Шынымен бе? — деді Зиза.
— Рас болғанда қандай, — деді барлық Қоқиқаздар бір
дауыспен, кызғылт қанаттарын кере. Сол кезде бүкіл әлем
қызылды-жасылды бояуға шомылғандай еді... Ал, күс ұшатын
биіктен төмен қарасаң, тіпті керемет! Әр қоқиқаз жерде өсіп
түрған қызғыш-қоңыр лилия гүлі сияқты көрінеді.
Мұндай сұлулықты Зиза өмірінде көрмеген еді. Неткен
көркем, ғажап әлем!..
— Ертең ұзак жол, тезірек ұйықтандар! — деген кезекші әтеш
Қокиказдың дауысы қатқыл естілді.
Сағынышқа толы түс — аппақ армандар
Қара бала өмірінде бірінші рет аппақ түс көрді. Ең алдымен,
ақ ұлпа бұлттар, аппак кардан ақ калпақ киген заңғар шындар,
ак шекпенін жамылған алып таулар, ақ көбік шашып ал-
қынған, бір-бірімен сеңше соғысқан ак толқындар. Шаңкылдап
ән салған ақ шағалалар... Бәрі де аппақ. Арман сиякты. Сол
тәтті қиялдардың кақ ортасында әлем көз тіккен, бір көру-
ді арман еткен, Қазақтардың ару қаласы — Астана көз тарта-
ды. Оның қақ төрінде, Есіл өзенінің жағасында ак мәрмәр тас-
тан өрнектелген Хан ордасы — Акорда қол бұлғағандай. Осы
бір тәтті сезім біртіндеп-біртіндеп қуанышқа, шат күлкіге
ұласып бара жатты...
Сол арман қаланың қақ ортасында бір топ бала аппак
арғымақтарға мініп, бұл көрмеген кызықты ойын ойнап жүр.
Олар орталарындағы ак серкені жұлқылай тартып, мықтыла-
ры тақымына қыса, мәреге қарай алып қашуда. Қалғандары
арттарынан киқулай қуалай жөнеледі. «Көкпар, көкпар, салымды
казандыққа лактыр», — деген даустар естіледі. Зиза ак пілдін
үстіне мініп, қызыға тамашалауда. Әрегіректе бір бала ойнак-
шып тұрған аппақ ламасын тізгіндеумен әлек. Ойын тәртібі
бұзылмаса да төреші ысқырығы шалынды.
191

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Тоқтаңдар! Бізге басқа елден қонақтар келіпті. Әттең,
байқамай қалыппын. Соларды да көкпарға қосайық. Өзіміздің
ойнай бергеніміз ұят болар.
— Келіндер, бірге ойнайық, — деген дауыстар естілді.
Зиза шыдап тұра алмай, пілін камшылай ортаға атып шықты.
Ал, әлгі үндіс баласы да аппақ ламасына мініп, бір бүйірден
қосылды.
— Айт, шуу!
— Ех-ех, ей!
Аланды қоршалай тұрған көрермендер шапалақ ұрып,
олардың алаңға шыққанына қошемет көрсетуде...
— Бұл бір керемет ойын екен, — деді Зиза өзі сияқты қонақ
балаға карап.
— Иә, — деді кішкентай үндіс. — Бұл ойын менің жүрегіме
жакындау. Әйтеуір бір кезде ойнаған сияқтымын... Әлде атам
айтты ма екен... Бірақ есіме түспей тұрғаны...
Ат, қарсы бетте түйенің аппақ ботасы ақ жүннен өрнектей
тоқылған жасауымен ұзатылатын бойжеткендей көз тартады.
Қасында ақ қалпақ киген бала тұр. «Мүмкін, Фараби осы болар»
деді Зиза өзінен-өзі.
Ақ жаулықты әже қымыз сапырып отыр. Шөлдеген көк-
паршы балалар кезек-кезек барып, бір тостаған сусынды сіміре
ойынды қайта жалғастыруда...
...Таң сәрі. Күн сәуле-нұрын, шапағын шашып үлгермеген
кез. Мүлгіген тыныштық. Тәтті ұйқының бал-шырын сәті. Ға-
жайып түстін ең қызық жеріне келген мезгіл. Аспаннан әрі
самсап тұрған миллиондаған жұлдыздар. Олар әлі жасырынып
үлгермеген кезде қоңыраулы сағаттың ащы дауысындай Көке
Қоқиқаздың қаңқылдаған күміс үні естілді.
- Қиқу, қиқу!!!
Бұл тұруға, алыс сапарға аттанайықдеген белгі еді.
— Зиза, рақат өмірмен қоштасар сәт келді! Тұра ғой, балақай!
— Бұл — әлгі кезекші аға Қоқиқаздың мейірімді үні.
— Ендігі ұйқы — құс ұйқы болады. Үйрен соған!
192

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫ-ҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
Кенет айнала күңіреніп кеткендей болды. Зиза Үлкен
Пілдің алдыңғы аяғымен жерді дүрсілдете тепкенін сезді. Аң
алыбы аса қауіпті жағдай туғанда, табиғаттың дүлей күші — жер
сілкінісі кезінде, не орман өртенгенде осылайша жан-жануар-
ларды құлақтандырып, дабыл қағатын. Әдетте мұндай байбалам
жиырма шақырым жерден естілетін.
— Сәл аялдай тұрайықшы, Үлкен Пілдің белгісі ғой! — деді
бала.
Барлығы аңтарылып тұрып калды...
Алыстан «Тоқтандар!» деген күркіреген дауыс еміс-еміс
естілді. Қарап еді, өз көзіне өзі сенбеді. Үлкен Піл үйірін түгел
ертіп келе жатыр. Зиза алыстан әке-шешесін, туған бауырларын
көргендей, қуанышын жасыра алмай алдарынан жүгіріп шықты.
Көсем Пілдін тұмсығынан құшырлана құшақтады. Көңлінің
босағанын, сарыла сағынып қалғанын білдірмеуге тырысты.
Африка құрлығына ұқсаған кішкентай жүрегі дүрсілдей соқты.
— Туысқандарынды көріп, көзайым болдың ба? — деді Әтеш
Қокиқаз кекесінді үнмен.
— Иә, — деді Зиза көңілін мақтаныш сезімі кернеп.
— Мен сені жігіт болды ма десем... Құшакта, құшырлана сүй,
мауқынды бас...
— Асықтырма баланы, — деді Көке Қоқиказ,— Біз де жас
болғанбыз. Туыстың қандай екенін жақсы білеміз. Қоштасып
алсын. Бес-алты минутта тұрған ештеңе жоқ.
— Ал, мынау қай пілдің баласы? Өзі сүп-сүйкімді екен.
Аппағын қарашы!
— Бұл — маған келген қонақ, — деді Зиза. — Бізбен бірге жүреді.
Тазша баланың тапсырмасы бойынша Фарабидің туған күніне
арнайы дайындалған бәсіре.
— Бәсіре!!!
Құстар тына қалды.
— О, қандай әдемі ботақан! — десті бала Қоқиқаз тыныштық-
ты бұзып.
— Үстап көрейінші, ойыншық емес пе екен? — деді ересектеу
біреуі.
193

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Сен оны жалап көр! Мүмкін ак түске бояп қойған шығар! —
деді Әтеш Қоқиқаз күжірейе.
Бала Қоқиқаздар әлгі пілдің баласын шұқып та көрді, жалап
та көрді. Енді біреуі ұзын сирағын көтеріп, тырнамақшы бол-
ып еді, пілдің баласы ашуланып, тұмсығын аспанға көтере бай-
баламға басты. Тамашалап тұрған бала Қоқиқаздар тына қалды.
— Беліне арқан байландар. Жеті Қоқиқаз көтермесе болмас, -
деді Көке Қоқиқаз.
Зиза аға Қоқиқаздың жауырынына жармасып алды. Түсіп
қалатындай тақымын қайта-қайта қысады.
— Бүйірімді тесесің, аяғыңнын тастайын...
Бәрінен де пілдін баласы мықты екен. Сыр берген жоқ, шы-
дап бақты.
— Көштің басын Атамекенге бұрындар! — деді Көке Қоқиқаз,-
Ақ жол! Аман ұшып, жайлы қонайық! Кеттік!!!
Қоқиқаздар ондап, жүздеп аспанға көтерілді. Жерде әлі
де кезегін күтіп, мындаған құстар шуласып жатты. Тыраулап
тырналар қалды. Жарыса қаңқылдай бірқазандар үн қатты.
Айдын-көл бірде сыңсып, енді бірде перзенттерінің аман-есен
жылы жаққа аттанғандарына куанып, мәре-сәре болып жатқан-
дай еді...
***
Тазша бала Күнікей қызға тапсырманы үйіп-төгіп берді.
Күніге тексеріп отыратынын айтты. Ал, дос қыздан әр сағат сайын
атқарған жұмыстары жайлы хабарлауды өтінді.
— Өзің Тазша бала емес, бейне бір Сұлтан бала болып бара
жатырсың. Мен сенің хатшы қызың емеспін ғой! — деді Күнікей.
— Кешір, әрине. Мен сені өзімсініп тұрмын.
— Онда, онда, — деді Күнікей қыз.— Маған, маған... бір
«Твикс», жоқ, «Кит-кат» алып бересің?
— Қалауың білсін!
Тазша бала қалтасынан ұялы телефонын алды да, ұзак
сандарды тере бастады.
194

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
— Дымбілместің телефоны өшірулі тұр. Ол да бір орнында
отырмайды. Құйрықты жұлдыздың соңынан ілесіп кеткен бе,
өзі. Ал, енді баскасын көрейін...
— Алло, Карлсон, сәлем, сенсің бе?
— Мен емей, кім дейсің?
— Ызылдай бермей қоншы бір жерге. Естілмей тұр...
— Қазір. Құлқын сәріден маза бермеген кімсің өзі? Сағат әлі
алты ғой!
— Мен, мен Тазша баламын. Кешір, бізде шаңқай түс.
— Тазша... Мейлі енді, тұрайын. Үйге кіруге ерініп, шатырда
жата салғанмын... Енді ұйқы болмас. Сен мектепте география-
ны нашар оқыған сияқтысың. Есіміңді бір жерден естіген сияқ-
тымын. Қазір, ойыматүспей тұрғаны.
— Мен саған Қазақстаннан, Астанадан хабарласып тұрмын.
— А-а-а, білем, білем. Менің ұшу саяхатымды екі-үш күнге
кешіктіретін, Байқоңыр деген жұлдызды қалашықтарың бар жер
ғой?
— Тура таптын. Сені біздің елге қонаққа шақырмақпын.
Фараби деген менің досымның туған күні, кел!
— Келістік. Әлбетте, барамын. Бірақ ол баланың өзі неге
шақырмайды?
— Қолы тимей жатыр. Маған тапсырған, — дей салды Тазша
бала. Шындықты айтса, түсінбей қалуы мүмкін.
— А-а-а! Онда мейлі. Келемін.
Тазша бала Карлсонды тапқанына куанып қалды. «Ал,
ендігі хабарласатыным кім еді?..» Буратино қауға сақал Қарабас-
барабасымен... Қожанасыр...
«Ух!», — деді Тазша бала. «Қонақтарды шақырып жатыр-
мын, келуге тілек білдірушілер әлі де көп. Кімді ұмыттым?..».
«Айтпақшы, Маугли қайда екен?.. Ал, ержүрек Чингачкук ше?
Солардың біреу-міреуі менің шақыруымды естіген шығар...».
Тазша бала «Қазпочтаның» байланыс бөлімшесіне барып, әлем-
нің түкпір-түкпіріне жеделхаттар жібере бастады.
Міне, бір кезде Тазша баланын қолындағы ұялы телефоны
шырылдап, безек кақты.
— Алло, алло!
195

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Тазша бала, сенсің бе? Мен саған Анд тауларының ең биік,
өте биік шындарына шығып, хабарласып тұрмын. Төменде ұялы
телефон ұстамайды.
— Сенің есімің кім? — деді Тазша бала.
- Мен Домингомын, Чингачкуктың немересімін. Атам бізге:
«Қазақ деген елдің отанына барып қайтатын мезгіл келді. Біреу-
ің барып қайтасындар», — деген-ді. Атамның сөзіне қарағанда,
біз ағайын халық екенбіз. Сен маған аға бол!
Тазша баланың көңілі босап кетті. Сонау алыс жерден бауыр
табамын деген ой үш ұйықтаса түсіне де кірмеген.
— Тазша ағатай, — деген дауыс естілді трубканың арғы
жағынан.
— Доминго, тындап тұрмын. Айта бер!
Тазша бала бұл сөздерді айтса да, жүрегі әлі қобалжулы еді.
Оған осы күнге дейін ешкім «аға» деп те, «көке» деп те айтқан
емес. Әшейінде Тазша, Тазша, дейді. Ал, Тазша бала десе де
әжептәуір куанып қалады.
— Алло, Тазша аға, сізге не болды?
— Көңілім босап, жылағым кеп тұр...
— Мен де... Аға, күтіңіз, Фарабидің туған күніне келемін.
Үлкен атамыз — Чинга ата үндістер тайпасын жинап алып, ата-
мекенге баратынымызды айтты. Енді сіздерге керемет сыйлык
әзірлеуге кірісіп жатырмыз...
— Пип, пип...
— Қап, байланыстың үзіліп кеткені-ай! Енді... қайда келеті-
нін біле алмай әбігерге түспесе. Баламысың деген. Ол мейлі,
бала ғой. Ал, маған не көрінді? Үп-үлкен болып, қай елге, қандай
қалаға келетінін түсіндірмей. Сыйлық әкеліп әуре болмай-ақ
қой деп айтуым керек еді. Бүкіл елді әуре-сарсаңға салып...
Күнікей кызға да жұмыс табылды. Қолындағы телефонына
тыным жоқ. Сөйлей, сөйлей дауысы карлықты.
— Тазша, Тазша, өте куанышты хабар... Туған күнге шакыр-
ылғандардың бәрі келетін болды. Тілек білдірушілердің саны
қаншама. Оларды қайтеміз?
— Білмеймін, өзің шеш.
196

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
— Онда жарайды. Бәріне де келе беріндер деймін. Жауабын
еНді өзің берерсің.
Күнікей қыздың мұндай іскер сәтін Тазша бала бұрын-
сонды көрген емес.
— Қалай байкамағанмын, хор қызының дәл өзі екен ғой!-деді
жай ғана.
ЕКІНІПІ ЕРТЕГІ
Чинга — үндістер көсемі
Тұн. Мүлгіген Анд таулары ұйқы құшағында. Ит тұмсығы
өтпейтін ну орман күндегіден де капырық, тұншыға жаздайсың.
Кенет, кенет күн күркіреді. Бұл мезгілде табиғат мұндай
тосын құбылыс байқатпайтын... Найзағайдың жарқылы қою
қара түнекті тілгілеп өтті. Чингачкук (Чинга) ес білгелі бері,
тіпті ғасырмен түйдей құрдас, данагөй Үлкен Атаның өзі де
мұндай сұмдықты көргені былай тұрсын, естімепті де. Одан
соң салқын самал, жоқ, тропикалық суық жел өнменіңнен
өтердей ысқырып, жүздерін шарпи жөнелмесі бар ма... Артын-
ша шелектеп жаңбыр құйды. Айнала тобықтан, жоқ, тізеден
келетін топан су. Олар бірте-бірте көлшіктерге айналып, өзенге
кұя бастады. Өзен арнасынан асып, джунглиге жайылуда.
Аң патшасы арыстаннын күңіренгені естілді...
Шықылықтай жылаған маймылдардын зарлы дауысы
шықты...
Әшейінде керіліп тұратын түйе кұстар басын қай бұтының
арасына жасырарын білмей әбігерге түсті...
Әнші құстар да, әңгімешіл тоты құстар да, қай бұтаны
паналағаны белгісіз. Үнсіз, тамақтарына қылтық қадалғандай...
Қарт үндіс, Чингачкуктің атасы үстіне шекпен-панчосын
жамылып, көне-көз мүштігін ермек етіп, темекісін тартып
отыр. Әлгі табиғаттың дүлей күші үндістер ауылын ұйқысынан
оятқаны қашан.
197

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Жер шарының бір түкпірінен келген әлгі бір қуанышты
хабардан соң Табиғат-Ана да дүр сілкінгендей. Үндістердің ұлы
өзені — Солтүстіктегі Миссисипи, тіпті Оңтүстіктегі Амазонка
арнасынан шыға бастады. Суда мекен еткен жыртқыш балық -
пиранья шылбырынан босанған ала төбеттей айналасына ойран
салуда. Шөпті шалғыша орды, ағашты суырша кемірді...
Қарт үндіс — Үлкен Атаны балалар қоршап алыпты. Олар-
дың ақыл сұрай келгенін бағана аңғарған болатын. Әдейі үндеген
жоқ. Үсынысты өздерінен күтті.
— Үлкен Ата! — деді ең кішкентай Доминго,- Тазша баланың
туған күніне кімдер барады? Өзіңіз айтпасаңыз, біз түнімен
таласып, бір-бірімізбен шекісіп шықтық. Бірінің шекесі жар-
ылды. Екіншісінің көзі көгерді. Бірақ ешкім жылаған жок, ата.
Жұмбақ елге бәрінің де барғысы келеді.
Үлкен Ата ұландардың сөзін бөлген жоқ. Тындады. Тағы да
тындады...
— Ал, енді жұмыстарыңа кірісіндер. Тойға кім баратынын
уақыты келгенде өздерің шешерсіңдер. Барыңдар енді!
Балалар Үлкен Атаның әрбір сөзін, қас-қабақ қимылын ой
елегінен өткізді.
— Мен түсіндім, — деді ең кішкентай балақай.
— Айт онда!
— Болсайшы тез! — десті басқалары.
— Ата ұзақ жолға жарамайды, шаршап калады. Сондықтан
Фарабидің туған күніне Чингачкук көке мен біздін біреуімізді
жібермекші.
— Олай болса, айтар еді ғой.
— Жоқ, — деді сотқар бала Эрнандо. — Атамның Қазақстан
былай тұрсын, кенгуруі секірген Австралияға да, пингвині биле-
ген Антарктидаға да барып, қонақтап қайтуға күші де, қауқары да
жетеді.
- Иә.
— Иә.
— Фарабидің туған күніне біреуіміздің барарымыз сөзсіз. Ал,
кім екенін Үлкен Атанын өзі айтар. Бірақ қай-қайсымыз да ұзак
сапарға дайын тұруымыз керек.
198

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Таласабергенше, одан да Фарабиге, Тазшабала мен Күнікей
қьізға әлемде жоқ, ең әдемі сыйлық әзірлейік.
— Дұрыс! Бірақ нендей сияпат жасаймыз?
— Біз үндістерміз ғой! Ұят болмасын. Олар біздің қандас, рух-
тас туыстарымыз, — деді танауы едірейіп, мұрты тебіндеп шығып
келе жатқан ересектеуі.
— Шынымен, Тазша бала бізді өзімсініп шақырып жатыр.
Балалар тау бөктеріндегі жазық жерге жиналып, бағанағы
ұзіліп қалған таластарын қайта жалғастырды. Олардың не
шешкені, қандай сыйлық беріп жіберетіні әзірше құпия-тын.
Одан қарт үндіс — Үлкен Ата да, үндістер көсемі — Чингачкук те
хабарсыз еді...
Қарт та, мәңгі жас үндіс қапырық тұнекке оранған джунглиге
күрсіне, ұзақ қарады...
Арнасынан аса жаздап, Үндістердін ұлы өзені — Амазонка
буырқана ағып жатты...
Көз ұшында, қою бұлттар белбеуіндей болып, Анд таулары
мүлгіп тұрды...
Үлкен Ата және жетпіс жеті арғымак
Бізде түн болғанда жер шарының екінші жартысында күн
күлімдеп тұрады. Ал, қылышын сүйретіп қыс келгенде, ол жақ-
та жаздың жайма-шуақ күндері. Бұл — табиғаттың алма-кезек
кұбылысы, өмір заңы.
Үлкен Ата балаларын іздеумен әлек. Оларды ұзақты күн
көрмейді. Кайда жүргені, не істеп жатқаны белгісіз.
— Чингачкук, — деді ақсақал,— Құлындарымды көрмейтін
болдым. Қайда жүр өздері? Маған айтпай, сен оларға құпия
тапсырма бергенсің ғой, ә!
— Жоқ, Үлкен Ата! Оларды мен де жоғалтып жүрмін. Өзеннің
жағасын түгел аралап келдім. Тау бөктеріне де бардым. Ешкім
көрмепті. Енді джунглиге адам жібермекшімін.
— Асығып-аптығып не болып қалды? — деді ақсақал,—Одан
да ешкім жоқта екеуіміз ақылдасып алайық. Оңаша сөйлеспегелі
де көп болды.
199 |

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Иә, сіз сонау Орта Азияда мекен ететін біздің туыста-
рымыз жайлы айтпақшысыз ба?
— Дәл таптың, ұлым. Онда Қазақ деген қайсар халық
туралы. Олар — өзіміздің ежелгі туыстарымыз. Қыз алысып, қыз
беріспесек те еншімізді бөліскен емеспіз. «Шақырған жерден
қалма, шақырмаған жерге барма» деген ата-бабаларымыз. Балам,
бауырларыңның ауылына тұлпар тұяғын бұратын мезгіл жетті.
Тарихта бір болған оқиға ерте ме, кеш пе қайталанады. «Ат бір
баспаймын деген жерін үш мәрте басады...».
— Үлкен Ата, есіңізде ме, сонау бір сұрапыл жылдарда,
Беринг бұғазы Америка мен Үлкен жерді жалғап жатқанда,
жылқының жалында, түйенің қомында өмір кешкен замандарда,
қазақтың кең даласы пешенемізге тарлық қылғандай жаңа
қоныс іздеп, үйір-үйір жылқымен көшпенділердің алғашқы
легі осы жерге келіпті ғой.
— Иә, иә, көне көз қариялар сол бір касиетті жерді Атамеке-
німіз дейтін. Қазағым, қайран жұртым, бауырым деп, сағынып,
хабар-ошарды сарыла күтіп отыратын. Сол қуанышты жаңалық
араға ғасырлар салып жетті, міне. О, тоба, осы күнге жеткізгеніңе
мың да бір ракмет!
Үлкен Ата көзіне жас алды. Жүрегі алып-ұшып, шаттығы
қойнына сыймай:
— Халқыңнан сүйінші сұра! Инк империясының орталығы
атанған Куско қаласынан екі күндік жерде, биік тау басында
қасиетті, әрі жұмбак Мачу Пикчу бекінісі орналасқан. Ол жерде
бүкіл үндіс халқына қымбат, инктердің қас шеберлері тастан
қашалып жасалған Үлкен Күн сағаты тұр. Сол Үлкен Күн сағаты
өзінің күнге табынған ұрпағын ғасырлар бойы асыға, сағына
күтуде. Ал, төменде Амазонканың бастауы — асау Напо өзені
буырқанып, ақ көбік шашып алқына ағуда. Бұл — құрылтай өтетін
жер. Үндіс көсемдері сонда жиналсын! — деді...
Жағымды жаңалық «сымсыз телефонмен» ауылдан қалаға,
қаладан — далаға жетті. Әр тайпаның бетке ұстары күндіз «аттың
құлағында» ойнап, түнде ер-тоқымында көз іліп Мачу Пикчуды
бетке алды...
І200

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Келісілген уақытта үндіс көсемдерінің төрт көзі түгел
хиналды.
Осы жаңалық келген күннен бері тыным таппаған дауыл-
паз үні тынышталды. Үндістердін ең қарт ақсақалы — Үлкен
Ата Күн Сататтың қасына келіп, алақанын тасқа тигізгені
сол еді, жүзіне қан жүгірді. Ғасырдан да ұзақ өмірдің куәсі
болған, әжімдері әбден қатпарланып, шиыршық тартқан бет-
маңдайы жіпсіп, әрлене бастады. Өңі адам танымастай өзгере,
құлпырып сала берді. Бойын керемет бір күш билеп, сұңғақтана,
нұрлана түсті. Оны көрген үндіс біткеннің барлығы іштерінен
тына қалды. Үлкен Ата — жігіт ағаға ұқсап бара жатты. Ол
сабырлы қалпымен айналаны бір шолып өтті. Жер қайысқан
өрендерін көріп, керемет марқайып қалды.
Чинга Үлкен Атаның дәл бүгінгідей бақытты сәтін бұрын-
сонды көрмеген-тін. Тек қана мерекеде, не маңызды кездесулерде
киетін алтынмен апталынған, күміспен көмкерілген киімі
бірден көз тартады. Өзіне жарасып-ак тұр. Картайғанда саған
аманат етіп тапсырып кетемін деген асыл канжарын, бала
бүркіттің қауырсынынан жасалған тәж-қанатты қалпағын киіп
алыпты. Кауырсындары қанатынан кеше ғана жұлғандай жалт-
жұлт етеді. Тек Үлкен Атаның темекі тартатын мүштігі дәл сол
қалпында. Сыры кеткен, аздап мүжілген. Осы бір салтанатты
сәтте үндістер көсемі үнемі қарапайым да, сабырлы жүретін,
бойына бүкіл үндіс халқының құпия-сырын арқалап келген
ақсақалдан көз алмады. Оның әр қимылын, қуанғанын да, қуана
тұрып қобалжығанын да байқады. «Қайран, Үлкен Ата! Сенің
қасыңда жүріп, өзімді үнемі бала сезініппін. Бірақ кұдіретің-
ді де білмеппіз, бағаламаппыз. Сөйтсем, ғасырларда бір туар
Ұлы бабалардың аманатын арқалап жүрген, ұрпағыңа қамқор
болған асылдың сынығы сен екенсің ғой!» — деді ішінен.
Чинганы бір тылсым күш баурап алғандай болды...
— Тыңда, елім, құлақ сал, жұртым! Үлкен жерден, Ұлы
елден, біздің ең жақын бауыр-туыстарымыздан келген бұл
хабарды ата-бабамыз, бабамыздын бабасы сарыла күткен еді.
Осы оқиғаның, әйтеуір, бір болатынын біліп, ешкімге тіс жар-

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
май бабалар аманатын аркалаумен, кұпия-сырды сақтаумен
жүрдім. Міне, сол сәлемдеме де келіп жетті. Бүгін ақ ламаның
қарны жарылатын күн! Бүгін — ренжіскеннің табысатын, жо-
ғалғанның табылатын, қара ниет, арам ойдың тыйылатын кү-
ні! Бүгін — бүкіл үндіс тайпаларының ғасырлар бойы аңсаған
арманы бір арнаға тоғысатын, достық көңілдердің қауышатын
күні! Ана сүті ернінен кетпеген жеті ак ламаны кұрбандыққа
шалатын мезгіл де келіп жетті...
Үлкен Ата осы сөздерді айтты да, үнсіз тұрып қалды. Оның
ойын ешкім бөлген де, «сөйле» деп асықтырған да жоқ. Бұл
— үндіс халқының үлкеннің сөзін бөлмейтін әдеті, әдебі. Ана
сүтімен бойына дарыған асыл қасиеттерінің діңгегі еді!
— Бабаларым аманат етіп кеткен үлкен жаңалықты бүкіл
үндіс тайпаларының көсемдері білсін! Ал, енді бірің солтүстікке
— Майя, Аппачи ұрпақтарына, Миссисипи өзенінің жағалауына,
бірің - Анд тауларына, Ұлы Инк империясына, Кечуа, Аймара
тайпаларына, Галапагос аралдарына барындар! Үндістердің Ұлы
өзені — Амазонканы бойлай жүріп, жар салыңдар. Джунглиді
бел шешіп араландар. Сельваның «жылауық» табиғатынан тай-
салмандар. Осы жаналыкты барлық үндіс туыстарымыз естісін!
Куансын, Аллаға күлшылық етсін. Ұмытпандар, ұландарым,
келер айдың отыз бірінші жұлдызында «Ана Лама» ойпатында,
жеті карақшы жұлдызы күн еңкейе қылаң берген сәтте тағы
да кездесеміз! Сол күні Үлкен елге кімнің баратыны, нендей
сыйлық апаратынын білесіндер! Іске сәт, аман барып, сау
қайтындар! Мен айтарымды айтып болдым. Жүрегімде сакта-
ған бабалар аманатын сендерге жеткіздім. Уһ!.. Ал, енді ғасыр-
лар бойы жалғасқан, бірақ соңғы кезде ұмыт қалған рәсімді -
тасаттық шалуды бастандар!
Дауылпаздар үні қайта жалғасты. Айнала күңіреніп кетті.
Адам да, сыңсыған ағаштар да, мүлгіген тау да тына қалды...
Көзді ашып-жұмғанша орталық алаңға жеті лама әкелінді.
Ұлттык киім киген, мұрттары енді ғана тебіндеп шығып келе
жатқан ержүрек үндіс жігіттері малды ұстап тұрды. Ортада-
ғы үлкен тастың үстіне тасаттыққа шалынатын ламаны біртін-
202

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
деп шығарып, осыдан он ғасыр бұрынғыдай ата-бабалардан
калған дәстүр бойынша әлгі жануардың қарнын қанжармен
осып жіберді де кеудесінен жүрегін тірідей жұлып алды. Қан
шапшыған жүрек әлі дүрсілдей соғып, тулап тұр.
— Міне, енді сендерге үндіс көсемдерінің әруағы риза бол-
ды. Олар біздің біліп, білмей жасаған күнәларымызды кешір-
ді. Енді жолымыз да, бағымыз да ашылатын күн жақын қал-
ды! — деді Үлкен Ата.— Ал, енді малдың қанын тастың үстіндегі
қашалып жасалған арықша арқылы төмен қарай ағызындар.
Жерге тамсын. Жер-Ана дәмін татсын!
— Жаса, елім! Жаса, ұрпақ!!! — деген дауыстар Американың
Оңтүстігі мен Солтүстігін тербетіп тұрғандай еді...
Мереке жеті күн, жеті түнге жалғасты...
Отыз ғасырға шегініс.
Мачу Пикчу кұпиясы
— Ал, Чинга, саған арнайы тапсырма бар, ер соңымнан...
Үлкен Ата көптен бері Чингамен жеке, жүрек сырын аша
сөйлеспеген еді. Үндістер көсемі әкесіндей болып кеткен Үлкен
Атадан мұндай тосын мінез күтпеген-ді.
— Чинга, жақсы көрер, арқа сүйер, үндістердің көсемі бол-
саң да, ренжіме мына кәрі шалға. Қолыңнан қаққан, жолың-
нан қалдырған кезім болмап еді. Есінде ме, сонау сенің бала
кезіңде жүрген жерімде барлық үндіс балаларын жинап алып,
үнемі жеті қарақшы жайлы ертегі айтушы едім ғой.
— Иә, ата, бәрі есімде.
— Бүгін сол ертегінің жауабын шешетін, Алтын Орданың
құпия орнын көрсетер кез келді. Ренжіме, үндістердің көсемі
болсаң да, көзінді қара орамалмен байлауым керек.
Үлкен Ата жанарының сәулесі бәсеңсіп, саусағы діріл қакса
да бар күшін жинап, Чинганың көзін мықтап байлады.
— Жүр, абайла. Айналаңның бәрі тас, сүрініп қалма. Сенің
балапан кезіндегідей арқалап алғым-ак келіп тұр. Бірақ олай етуге
шамам жоқ, тек жетектеп алайын. Ренжіме.
203

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Үлкен Атаның сөзі көсем көңілін елжіретіп жіберді. «Шалға
не болған осы, кешелі бері көңілі босап, мейірімі түсіп жүр.
Ауырып қалмаса жарар еді», — деді іштей үндістер көсемі.
Олар шамамен кырык кадамдай жер жүрді. Қария бар күшін
салып, үлкен тасты орнынан козғалтты да, Чинганы еңкейтіп,
үңгірдің ішіне жетектеп кіргізді.
— Енді көзіңді ашуыңа болады.
Чингачкук қайда тұрғанын, өңі ме, әлде түсі ме екенін білмей
аңтарылып тұрып қалды. Ак шаңқан — он сегіз қанат киіз үйдің
ішіндей бөлме. Жап-жарық, қай жақтан сәуле түсіп тұрғаны
белгісіз. Алтыннан құйылған үндіс көсемдерінің мүсіндері.
Жанарларынан от шашып тұрғандай. Жүздері мейірімді, күлім
қағады. Тура тірі дерсің.
— Тағзым ет, амандас бабаларыңмен! — деді Үлкен Ата.
Чинга тізерлей отырып, оң қолын жүрегінің тұсына қойды.
Айнала көздің жауын алардай әшекейлі заттар. Алтын, жакұт,
гауһар... Тағы да басқа ол көрмеген жылтырақ бұйымдар. Не
керек, бәрі бар. Аяғының астына карап еді, еденнің өзі күміспен
көмкерілген.
— Мынау ержүрек үндіс көсемдері — Майя, Жоғарғы Инк,
Кечуа, Аймара, Аппачи, Каиова... Ал, мына тұрған бейкүнә бала-
ларды көрдің бе? Он екіде бір гүлі ашылмаған. Оларды бейкүнә
дейтінім, сол балалардың басына үлкен жауапкершілік — Жоғар-
ғы Инк Әміршісінің арнайы тапсырмасы, бүкіл елдің тауқы-
меті түскен. Ел басына туған ауыр киыншылық — табиғат апа-
ты, куаңшылық жылдары сол балалар тасаттыкқа шалынған. Бір
ерекшелігі — жеткіншектер арнайы дайындықтан өткен, ерекше
күтімге ие болған. Тағамның ең тәттісін, киімнің ең әдемісін ки-
ген. Ал, ең қиыны, сол балалардың тасаттыққа шалынатынын
ата-анасы да, өздері де, өзгелер де білген. Бірақ үндістер елінің
ержүрек ұландары осы рәсімді ерлікпен қарсы алған. Еркімен
бас иген. Сондықтан да олардың жаны жәннатта. Ал, анау басы
салбырап тұрған, жанары жер тесуге сәл-ақ қалған, кап-қара
тас мүсін — Инктер империясының соңғы көсемі, халқын испан
отаршылдарына сатып кеткен, су жүрек...
204

К.АРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Чинга соңғы көсемге тіктеп қарап еді, әлгі тас мүсін жанарын
төмен салғандай болды...
— Міне, бізді қорғап, қолдап жүрген бабаларың. Олар осы
жерде тұрып-ақ сенің, бүкіл үндіс тайпаларының тұрмыс-тір-
шілігін көріп, бақылап отырады. Есіңде ме, кешегі табиғаттың
дүлей күші, нөсерлі жауын, найзағайдың жарқылы! Осының бәрі
Үлкен елден, Атамекеннен келген хабардың жаңғырығы. Әруақ-
тар маған түнімен аян берді! Күш, қайрат берді! Жігерлендір-
ді. Мен Алланың алдындағы аманатымды адал орындадым.
Үндістердің бар байлығын, құпия-сырын көзімнің қарашығындай
сақтадым.
Үлкен Атаның көңілі толқып кетті. Куаныштан ба, жоқ әлде
қарттықтың белгісі ме, жүрегі алып-ұшып тұрды. Сәл үнсіздіктен
соң үзіліп қалған сөзін қайта бастады:
— Анау төрде тұрған Аптын Адам — ер жүрек Сақ жауынгері.
Бізді жаңа құрлық — Америкаға бастап келген де сол. Алмас жүзді
алтын қанжарын жақсылап көр. Дәл осындай қару ұстаған Сақ
қолбасшысы, Үлкен Алтын адам Қазақстанда, Есік деп аталатын
қорғанының маңында жерленген деп естігенбіз. Қазақтар ол
бабаларын осы күнге дейін тауып алып, кастерлеп жүрген де
болар. Тағы да қайталап айтамын, Американы ең алғаш ашқан
біздің бабаларымыз. Ал, кейбір білгішсымақтар осыдан бес жүз
жыл бұрын Америго Веспуччи, не Христофор Колумб ашты деп
әлемге жарсалуда. Оттапты! Олар саяхатшылар! Екіншісі Индияға
баратын төте жол іздеп, адасып, өле жаздап осы жерге жеткеніне
қуанып, аман қалған. Үндістерге жалынып-жалбарынып, пана
іздеген. Кейін Испан отаршылдарын ертіп келіп, біздерді, бейбіт
халықты қырып-жоюға тырысқан. Біздің жерімізді басып алып,
мәдениетімізді жермен-жексен еткен сол отаршылдар. Есіңде
сақта, ұлым! Сен баратын Қазақстан деген жерде Қазақ деген
кемеңгер халық тұрады. Олар асқар таусыз, ен даласыз өмір
сүре алмайды. Арғымак мініп, үлкенді сыйлап, кішіні кұрметтеп
өскен халық. Мандайына біткен ақбас Алатауы, Каратауы,
Қазақ халқының тарихын, елдігін растайтын, ғасырлар бойы
205

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сақталып келе жатқан ел таңбасы, ру таңбасы қашап жазылған
Ұлытауы бар. Ащы көл — Арал теңізі, асау Каспийі, момақан
Балқашы, тұщы көл — Алакөлі бар. Ұлы өзендері — Сырдария,
ерке Ақ Жайығы, асау Ертісі бар. Қазақ еліне барғанда сонау
Ұлытауға арнайы ат басын бұр. Мүмкін, сол тастарда біздің де
таңбамыз бар шығар. Мұқият ізде, көне көз қариялардан сұра!
Ол таңбаларды таппай қайтпайтын бол! Ал, егер кездестіре ал-
масаң мұңайма, жүнжіме. Ғасырлар өтті, мүмкін жанбыр шайып,
тастары мүжіліп, өшіп қалған шығар. Сол Үш жүздің таңбалары
қашалған тастардың ең төменгі жағына біздің ел таңбамызды
қашап жаз. Бабалар рухы қауышып, мерейі асқақтап жатсын!..
Біздің де, инктер тілімен айтқанда мыс тауымыз —
Кордильер немесе Анд тауларымыз, әлемдегі ең биік, әрі тұщы
көл — Титикакамыз, тұзды көл — Поопомыз бар. Ат — біздің де
қанатымыз. Қазақтардың басқа халықтан бір ерекшелігі — олар
Күннен келген халық. Біз — Күнге табынған халықпыз! Міне,
ұқсастық қайда жатыр. Түрік тектес халықтардың ішіндегі ең
ақылгөйі де, ақжарқыны да, алақаны ашық, жүрегі ояуы да — осы
қазақтар. Туысымен енші бөліспеген де осы халық. Қазақтар-
дың құдіреті де, қасиеті де, бақыты да сондықтан. Біз олардан
еншімізді алған жоқпыз. Демек, бәріміз ағайынбыз, туыспыз.
Арманымыз да бір, мақсатымыз да бір, ол — Еркіндік. Олар —
аға баласы! «Ағасы бардың жағасы бар» деген осы. Жолы да,
жоралғысы да үлкен. Туысқанның тойына қайткенде де баруы-
мыз керек. Дос бар, дұшпан жетерлік, ерекше сый-құрметіміз-
бен, өзіндік жоралғымызбен келуіміз керек! Бұл — заң, Ата Заңы-
мыз!.. Ұлы бабаларымыздың барлық аманатын енді өзіңе табыс
етемін, балам. Халқыңа егелік жаса, салт-дәстүрін сақтай біл,
ділімізге де, дінімізге де адал бол! Ал, ең негізгісі — болашағы-
мыз балаларды батыл, ержүрек етіп тәрбиеле. Маңдайынан
қақпа. Еркелет. Соңғы кезде олардың да балалық, бал шырын
күндері азайып барады. Ең соңғы тілегім — менің ең кішкен-
тай шөберем Домингоны Фараби баланың туған күніне алып
бар! Бұл — бұйрық! Түбінде сенің ұрпақ алдындағы аманатың-
206

ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ды сол бала жалғастырады. Енді менің армансыз өле беруіме
болады! Ух-х!..
— Жоқ, Үлкен Ата!
— Иә, балам, солай, солай!
Баба үндіс көсемдер аруағынын шырақшысындай, табал-
дырықтың алдында тас мүсін болып қатып қалды. Кенет ақ-
сақалдың мандайында жарық жұлдыздың сөнбей қалған бір
ұшкынындай болған алау сәл жанып тұрды да, біртіндеп өше
бастады...
— Ата-а-а!!!
***
Туған күн жақындаған сайын Тазша баланың қобалжуы
қөбейе түсті. Фараби де әлі күнге дейін бұл оқиғадан бейха-
бар. Екеуі кездескен сайын Тазша қысылып, жанын қоярға
жер таппайды. Мұндайда туған күн иесі де досының арқасынан
қағып, ыстық ықыласын танытады. Ол одан сайын қызарақ-
тайды...
— Саған не болған, шешесінің тығып қойған кәмпитін ұрла-
ған бала сияқты, — дейді Фараби досына қарап.
— Жоқ, әшейін, — дейді Тазша бала түк білмегендей.
— Осы сендер, Күнікей екеуің бір нәрсені менен жасырып
жүрсіндер.
— Койшы, мені қоспа Тазшаға. — Күнікей ат-тонын ала
қашады.
— Бәрібір түбінде біліп аламын, — дейді Фараби достарына
еркелеп...
Көптен бері хабарласа алмаған Маугли да, Тарзан да үн-
түнсіз. Оларға шақыруы әлдеқашан жеткен болуы керек.
Кенет оның ұялы телефоны безек қақты. Қарап еді, ұзақ
сандар, миллионнан асып кеткен цифрлар. Алыстан, өте алыстан
екені әліпті таяқдеп білмейтін балаға да белгілі.
— Алло! Алло! Тазша бала, мен Маугли ғой. Сенің хабарынды
өткен аптада алғанмын. Хабарласуға қолым тимей... бүгін реті
келді...
207

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Сәлем, Маугли, досым менің!
— Чауо!.. Ренжіме, Тазша!
— Бізде реніш деген болмайды. Өзінді көптен бері іш тар-
тып жүремін. Сондықтан, біз бір-бірімізді көрмесек те айнымас
достармыз, — деді Тазша бала.
— Рақмет, саған! Менің таныстарым, шынында да, өте
көп. Әлемнің түкпір-түкпірінде. Бірак соңғы кезде ешкім ізде-
мей-ақ қойғаны. Соған ренжідім де адам аяғы баспаған ну ор-
манға кетіп қалғанмын. Бүл құпияны тек саған ғана айтып
отырмын. Жан баласына тіс жарушы болма. Бір жаман адамдар
менің жекеменшік, әрі айнымас досым, ержүрек барысымның
күшіктегенін естіп, андумен жүр екен. Соларға көрсетпей Күн-
нің сәулесі, Айдың жарығы түспейтін, ешкім, еш уақытта таба
алмайтын жерге апарып тығып келдім. Барыстың күшігіне (оны
алан дейді) ат қойып та үлгерген жоқпын. Кішкентайлығына
қарамай өзі бір керемет сүйкімді, ақылды, сотқар. Айтар сөзінді
ерніңнің қимылынан түсінеді. Тағы бір ғажабы, мандайында
аппақтаңбасы бар. Тура ай сияқты. Қолмен салғандай!
— Онда аланның аты Айтұмар болсын!
— Айтұмар! О, керемет есім екен. Ойыңа қайдан келді?
— Біз үшін барыс өте киелі, қасиетті аң. Бірақ бір өкініштісі,
біздің жеріміз кең байтақ, аң-кұстарға бай болса да барыс деге-
нің жоқтың қасы. Арагідік Алтайдын ну орманынан, Алатау-
дын адам аяғы тимеген шатқалдарынан кездесіп қалады. Ал,
сонау ерте заманда біздің елді сол бір қасиетті андар еркін жай-
лап жүрген деседі. Бертін келе жаман адамдар оларға тыныштык
бермепті. Мылтыкұстағанның нысанасына айналыпты...
Тазша бала осы сөздерді айтса да іштей мұңайып қалды.
— Достым, неге үнсіз қалдың? Ренжіме, келер көктемде,
нөсерлі жаңбырлар жауып өткенде өзінді, Күнікей қызбен бірге
қонаққа шақырамын. Сонда қалаған нәрсенді аласың. Бізде аң
біткеннің бәрі бар!
— Маугли, шынымен бе?
— Иә! Джунглиде екі сөйлегенің — өлгенің.
— Рақмет!
208

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Сенің шақырғаныңцы Шер-Хан айтты. Өзі қасымда тұр.
фарабидің туған күніне барамын деп дес берер емес. «Қалмай-
мын, шақырмаса да келемін», — дейді. Білесің ғой оны, әлі бая-
Ғьі сотқарлығы. Жасының ұлғайғандығына карамастан аңның
сұлтаны.
— Мейлі, ертіп кел. Қонақ келсе қуанатын ата дәстүріміз ғой!
— Естігенмін, естігенмін, әлемде қазаққа жетер қонақжай
халыктың жоқтығын да білемін.
— Рақмет!
— Сәлем, Тазша! Мен Шер-Хан ғой!
— Сәлем, Шәке! Бірге келіндер, күтеміз.
— Мен де барайыншы, — деді аю Балудың немересі, кішкентай
қонжық.
— Ал мен ше? — деді маймылдың баласы.
— Жұмыс болса, әрине біз... Ал, тойға тек сендер ғана
барасындар. Біз де көрейік те, атақ-даңқы жер жарып жаткан
қазақ деген халықты. Не бәрі — он алты-ақ миллион! Миллиардқа
жетсек те әлемге жар салып, той жасап жатқан жоқпыз ғой! -
Ата Бөрі көптен бері салбырап жүрген құлағы тікірейіп, ренішін
жасыра алмай тұр.
— Бәріміз қыдырып кетсек, мына джунглиге кім егелік
қылады?! Қаншама жаман адам көз тігіп жүр. Жетеді! — деді
Маугли ашуланып. — Ендігі жолғы кезек сенікі. Қасыңа қалаған
аң-құсынды ертіп барасың.
— Сөзіңді ұстаймын! А-уу, — дедіАта Бөріазутістерін көрсетіп.
— Келістік!
— Алло! Алло! Осы ұялы телефонның керек кезінде естілмей
қалатыны... Ыңғайсыз болды-ау!..
Тазша баланың көңілі тағы да қобалжып сала берді...
209

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҮШІНШІ ЕРТЕГІ
Маугли, Шер-Хан және қарт Қолтырауын
Тазша баламен сөйлескеніне Маугли де, Шер-Хан да куанды.
Бірақ көзге түртсе көрінгісіз караңғы түн құшағына алысымен,
жаңағы көтеріңкі көңіл күйі су сепкендей басылды...
— Біз әлі жайбарақат жүрміз. Фараби баланың туған күніне
үш-ақ ай қалыпты ғой! — деді Маугли.
— Үш ай дегенің үш күндей, ал үш күн үш сағаттай өте шығады.
Енді не істейміз? Келер аптадан қалмай жолға шығуымыз керек.
«Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма» дейді екен
қазақтар.
— Оны қайдан білесің? — деді Маугли.
— Сен джунглиде, әлгі жаман адамдардан тығылып жүргенде,
керек болып қалар деп Қазақстан жайлы мағлұматтарды жиыс-
тыра бастағанмын.
— Жарайсың, Шәке, онда мені де хабардар ет.
— Маугли, Тазша бала туған күнге шақырды. Оны өз
құлағыңмен естідің. Той жақындағанда мені алдап тастап
кетпейсің бе? — деді Шер-Хан алаңдап.
— Шыным, тастамаймын.
— Джунглидің серті ме?
— Иә. Алдасам аспаннан алмас қылыш түссін. Тілімді кесіп
түссін!
— Әкел қолынды!
Екі дос ну орманды бірге аралады. Сағынысып қалыпты.
Олар өздерін торуылдап жүрген жаман адамдарды байқаған
жоқ-ты.
Ал, жаман адамдар джунглидің нағыз достары — азулы аңдар
мен қанатты құстардың оларды көзден таса жібермей бақылап
жүргенін де сезген жоқ...
210

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Кеш бата джунглидің тыныштығы қайта бұзылды. Бір тік-
ұціак аспанда ұзак калықтап, жүріп алды. Даусының сүйкімсі-
зін-ай! Түтінінің будақтап, тұншықтыра жаздағаны-ай!
— Бұл тегін емес, — деді қарт Шер-Хан,— Олар Айтұмарды
қолдарына түсірмей тынбайды. Айтып едім ғой саған, тіс жарма
деп. Мақтанып, жер шарының жартысына жар салдың. ¥ялы
телефоның пәле болды. «Джунглидің ерке барысы мандайында
жарық жұлдызы бар күшік тауыпты. Сол күшік — алан жүрген
жеріне кұт-береке әкеледі. Адамдары бакытка, елі дәулетке, жері
сән-салтанат сәулетке кенеледі екен» деген әңгіменің шығуы
тектен-тек емес. Жаңағы ниеті түзу емес пенделердің дүрлігіп
жүргені сондықтан болар.
— Ол менің аланым, ешкімге бермеймін! — деді Маугли
ашуланып.
— Мау, әрине бермейміз, бірак енді не істейміз? Соны
ойластырайық,— Шер-Хан сасайын деді.
— Бір мәнісі болар. Бүгін демалайық. Ал, таңертеңнен бастап
Айтұмарды құтқару операциясына кірісеміз. Ұйықтайық. Жол
ұзақ.
Екі дос көз ілмегені қашан. Ұйықтағанның кейпін киіп,
дөңбекшумен жатыр.
— Шер, айтшы, күшікті тауып алса қайтеміз? Тікұшақтары
бар, қолдарында автоматы. Ентелеп жүрген біреулер. Ештеңеден
тайынбайды. Айтұмарды Англияға ма, Америкаға ма алып кетпек
ойлары бар. Олай болса, құрыдық.
— Маугли, саспа. Сен оны жан баласы таба алмайтын, ойына
да келмейтін жерге жасырдың ғой.
— Иә, Бананды алқабына. Адам баласы аяқ баспаған жер.
Итпен іздесе де таба алмайды, — деді жәй ғана кұлағына сыбыр-
лап.
— Қайта оны «Ма-Ка-Ка» ойпатына апару керек еді.
— Неге?
211

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Өйткені онда маймылдар көп. Олар адам баласының иісін
алыстан сезіп, байбалам салады.
— Тсс! Ол жерді тісіңнен шығарушы болма. Түнгі дыбыс
алысқа жетеді.
— Кешір, Шер. Ұмытып кетіппін. Айтұмарды көрмегеніме
екі-ақ күн болса да, сағынып қалыппын.
— Мен де солай.
Алыстан бұтақтың сылдыры сезілді. Керзі бәтеңкенің дүр-
сілі естілді.
Джунглидің қарауылы - ұзын құйрық сауысқанның
шықылықтаған зарлы дауысы шықты...
— Айттым ғой, қатты сөйлеме деп. Ояттың бәрін. Ал, жаман
адамдар сөзімізді естіп қойған да шығар.
— Онда құрыдық. Жоқ, біздің жата бергеніміз дұрыс болмас.
Кеттік! Айтұмарға!
Алыстан тікұшақтың гүрілі естілді...
Маугли Шер-Ханның солып қалған құлағын көтерді де:
«Банандыға кеттік!» — деп жәй ғана сыбырлады.
Тікұшақ та сол жаққа қарай бет алғандай болды.
— Үлгермейміз.— Әшейінде тау қозғалса да былқ етпейтін
Шер-Хан сасайын деді.
Маугли ағаштың басында баласын құшақтап, ұйықтап отыр-
ған маймылды қасына шақырды да, құлағына әлденені сы-
бырлады. Оны естісімен әлгі маймыл баласын жылағанына қа-
рамастан бір бұтаққа іле салды да, джунглидегі ең биік ағаштың
басына қас-қағым сәтте өрмелеп шықты. Зарлы дауысымен қайта-
қайта: «Аттан! Аттан!», «Джунглиге қауіп төнді!..» — деп шыңғыра
жөнелді.
Тәтті ұйқы құшағында мүлгіп жатқан орман лезде азан-
қазан болды. Маймылдар бұтақтан бұтаққа секірді. Аю Балу азу
тістерін көрсете ақырды. Қабылан Багира желмен жарысты.
Ал, ұшы-қиырсыз орманды алқапта тек қана Панда айналадағы
дүрбелеңнен бейхабар еді.
— Каа, Каа, айтшы, не болды?
212

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ештеңе де емес, ұйықтай бер. Біз екеуіміз осы жердің
қарауылымыз. Бұл — Мауглидің тапсырмасы, — деді Каа. Ол
сығырайған көзін ашуға да ерініп, үлкен ағаштың жайлы жеріне
мыктап оранған күйінде жата берді.
— А-а-а-а, ондай болса, мейлі. Мен орман өртенді ме деп
калғам,- деді де Панда қайта қорылға басты.
— Осындағы ұйқысы шала мен ғана, қарттық па, жоқ әлде
жүйкенің тозғаны ма? — деді Каа біраздан соң өзіне-өзі жай ғана.—
Ал, енді ұйықтап көр!
— А-а-а-ууу!
Маугли Бананды алқабына қарай кұсша ұшты. Ағаштан
ағашка секірді. Ұзындығы бір шақырымға дейін жететін лиана
ағаш-арканынан ұстап, өзеннің арғы бетіне өтті. Артта өзіне
әбден таныс, балалық шағы өткен, сыңсыған орманды алқап
қалып бара жатты. Соңында өзі күніге шомылатын, достарымен
асыр салып ойнаған өзен-көл қалып бара жатыр. Ол шаршағанын
да сезбеді. Таң атып, түс болғанын, кеш батып, айналаның қою
түнекке оранғанын да білген жоқ. Көз алдында барыстың күшігі —
Айтұмар тұрды. Момақан, аңғал, сүт ауыз.
— А-а-а-а! Маугли, шаршасаң менің аркама мін, — деді аю
Балу.
Маугли үнсіз аюдың үстіне карғып мінді. «Айналайын,
джунгли, маған осындай сенімді серік бергеніңе рақмет!». «Айт,
шу, досым, тездет!».
— Бар жүгіргенім осы, бұдан әрі шамам келмейді, — деді аю
Балу.
— Жоқ, рақмет саған!
***
Орманның арғы бөлігіндегі тыныштық бұзылып, тікұшақ-
тың гүрілі естілді.
— Енді қонатын жер тауып, іздестіруді ертеңге қалдырмасақ
болмайды, — деді тікұшақтың командирі, бадырақ көз Джексон.
213

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Жоқ! Шаршайын дедің бе, мақтаншағым. Егер штурвалды
ұстауға әлің келмесе, айт, қалаған жеріңе түсіріп кетемін, -
деді жалтыр бас мандайынан сорғалаған терін сүртіп жатып.~
Қайткенде де Банандыға әлгі боқ мұрыннан бұрын жетуіміз кереқ.
— Ол бала біздің шаңымызға да ілесе алмайды, сэр! Мен Жер
шарын бір айналып ұшсам да, не қырық мың шақырым жол
жүрсем де шаршамаймын, сэр! — деді ұшқыш,— Маугли аюды
құшақтап, Кааны жастанып, ұйықтап жатқан болар.
— Білем ол баланы, шақар, айтқан бетінен қайтпайды. Өт-
кен жолғысы есінде ме, қолымды ондыртпай тістеп алғаны. Ал,
анау кәрі қақпас, жылан — Каа барып тұрған ақылгөй, даныш-
пан. Жеті қат жер астындағыны сезеді. Ұйықтап қалса да бір
көзі сығырайып, толық жұмылмайды, айналаны бақылап жата-
ды. Біз ең алдымен соны кұртуымыз керек еді... Мына джунгли-
дің қапырық ауасы да жүйкеме тиіп бітті. Одан да «топырақ
шашкан» Сахарам артық па деймін. Ендігәрі аяқ баспаспын...
джунглиіңе...
— Жанармай таусылудың алдында. Қонбасақ болмас.
— Осы сенің аузыңнан қонудан басқа сөз шықпай ма? —
Жаман полковник ашулана бастады.
Джунглидің аты — джунгли. Оған шақырусыз келген қо-
нақтың әбігерге түсетіні қашаннан. Өмір бақи. Өйткені таби-
ғат-Ана кімнің кім екенін, ақ ниетпен келді ме, жоқ, әлде қара
пейілмен бе — бір көргеннен біледі... Кенет, аспан айналып
жерге түскендей болды.Тікұщақ биіктен төмен қарай құй-
ындата құлады. Ішіндегі отырғандардың жан айқайы шықты.
Бәрі есікке қарай ұмтылып, жан сауғалауға кірісті. Олар да ит
жанды екен. Биіктен құлап бара жатып, бірі ағаштың бұтағына
жармасты, енді бірі аю тісін шұқитын тікенектің үстіне түс-
іп, байбалам салуда. Ал, полковник ұлкен ағаштың бұтағына
балағынан ілініп қалды. Жақын маңнан арыстанның акырған,
жолбарыстың күркіреген, түлкінің шәуілдеген, жарқанаттың
қиқылдаған дауысы шықты... Қорқақ адамның жаны тәтті екен,
көзін жұма қойды...
214

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Өмір гүлі
Шабақты көлдің жанына келгенде, бишара аю Балудың өк-
песі өшуге сәл-ақ калды.
— Ух, — деді ол,— Өмірімде мұндай қара терге түспеген
іпығармын.
— Иә, бұл қара тер емес, арам тер, — деді жақыннан бақылап
-гұрған, ұзын құйрық Сауысқан. — Сенің жүгірген жерінді мен
кұніне мың өтемін.
— Ал, Сауысқанжан, джунглиде не жаңалық, маған біліп
берші? — деді Маугли. — Бұл жерде сенен көреген, ақылды ешкім
жоқ.
Тұрған жерінен тік ұшып көкке көтерілді де, қалықтап бір
орнында ұзақ тұрды.
— Болсайшы тез, — деді аю Балу қырылдаған дауысымен.
— Маймылдар ауылының маңында бір нәрсе өртеніп жатыр.
Абайламаса, тездетіп сөндірмесе, өрт орманға шапшуы мүмкін.
Онда бәріміз құрыдық! Аштан қаламыз.
— Тағы не көрдің? — деді Маугли.
— Ол жерде ешқандай еркек кіндік байқалмайды. Өңшең
бала-шаға, — деді ұзын құйрық Сауыскан. — Қазір, казір, міне,
дұрліге жүгіріп жүрген қара киімді, автоматтарын асынған, екі
аяқты бірнеше адам...
— А, олар әлгі жаман жандар ғой! Тікұшактары апат болып,
сазайларын тартқан екен пәтшағарлар. Аю, сен тез арада сол
жерге бар да, өрт сөндіруді ұйымдастыр. Бала маймылдарға бас-
көз бол. Біреу-міреуі күйіп қалып жүрмесін, — деді Маугли.
Сол кезде екі танауынан едірейе дем алып, Қолтырауын да
келіп жетті.
— Маугли, джунглиде не болып жатыр? Түсінсем бұйыр-
масын. Айнала абыр-сабыр.
— Қолтыр, жүр кеттік. Мән-жайды жол-жөнекей түсіндіремін.
Джунглиге қауіп төніп тұр. Асығайық!
Маугли Қолтырауынның үстіне секіріп мінді.
215'

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Тездет. Бар күшінді сал. Біз қайткенде де Бананды алқабына
жаман адамдардан бұрын жетуіміз керек.
Қолтырауын «Шабақты көлде» еркін жүзіп келеді. Қайтсін,
ес білгелі бері осы көлден ұзап көрген емес. Мылқау балықтары
мен әнші бақаларын ұстап, тауысып бітіргелі қашан. Осы бір
мерекеге толы айдын көлдін де «Шабақты көл» атануы тегін-
нен-тегін емес. Ендігі қорегі — шөп-шалам, өзенге су ішуге кел-
ген аңқау аң-құс. Егер ақсақ-тоқсақ, науқас, не өзі сияқты кәрі-
құртан ірі жануар келіп қалса, онда құдайының бергені. Бір
апта тұяқ серіппей ұйықтайды. Қойшы, олар да қазір сақ болып
алған. Оңайлықпен күрек тісіңе ілінбейді.
Қолтырауынның бар өмірі Мауглидің көз алдында өтті.
Осы көлде асыр салып ойнағаны, бойжеткен Қолтырауындар-
ды ентелей куғаны — бәрі-бәрі есінде. Ал, міне, өзен-көлдің
егесі, ақылгөйі атанған су тағысы да қартайыпты.
— Мені қара басты ма, жоқ әлде кәріліктің белгісі ме, шар-
шайтынды шығардым. Алдыма тайрандай келген жолбарыс
алпыс төрт тісімді көргенде, құйрығын артқы аяғының арасы-
на жасырып, көзіме енді түспеуге тырысатын. Еліктің ерке-
сін, қабанның кампиғанын тыпыр еткізбейтінмін. Ал, балык-
тың тобырын бір шақырым қашықтықтан сезетінмін. Қайран
менің Қолтырауын жігіт шағым! Енді қолым қалтырайтын,
көзімнің алды бұлыңғырланып тұратын болды. Адамдардың
мені қолтырауын деп атайтыны сондықтан шығар...
— Жоқ, — деді Маугли.— «Жыланды үш кессең де, кесірткелік
қауқары бар», оны жұрттың бәрі біледі. Сенің қайратың да,
қаһарың да әлі де жетерлік. Мұңайма, осы бір маңызды шаруа-
ны бітірейік. «Арыстан артына қарап ақырмас» деген... Одан соң
өзіңді арнайы іздеп келіп, «Сасық көлге» ертіп барамын. Ол жерге
әліге дейін тұлпардың тұяғы, адам баласының табаны тимеген.
Сазан балығы сегіз қарыс, жайын балығы екі құлаш.
— Рас па? — деді Қолтырауын сөнуге сәл-ақ қалған жанарына
от жүгіріп.
— Шын болғанда қандай, майға піскен нандай.
— Нан?! Ол не? Бірінші рет естуім.
216

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ол, ол... дүниедегі ең керемет нәрсе. Адамзаттың ойлап
тапкан асыл асы. Білесің бе, әлемдегі ең бағалы, қатты дәнді
ак бидай мен бара жатқан Қазақстанда, Тазша баланың елінде
өсіріледі екен.
— Ух, — деді Қолтырауын.— Маугли, сол елге барған соң
көтергеніңше бір дорба нан алып келші, жарай ма?
— Менің бір білетінім, ол елде нанның жүздеген түрін
пісіреді екен. Қазақтың әр анасы пісірген нан бір-біріне ұқ-
самайды. Тәттілігін айтпа, балдай! Жая мен жалдай! Тіліңді үй-
іреді, көңілің сүйінеді. Ал, ауылдағы ошаққа, шоқтың арасына
салып пісірген таба нан — әлемдегі ең тәтті нан.
— Менің таба нан жегім келіп кетті, — деді Қолтырауын.
— Менің де.
Екі дос әңгімеге алданып келе жатып, көлдің жағасына да
жеткендерін байқамай қалды.
— Ұмытып барады екенмін, Қазақстанда жиналған миллиард
пұт астық бүкіл дүние жүзінің халқын екі ай асырауға жетеді
екен, — деді Маугли.
— Миллиард дегенің қанша?
— Ол, ол дегенің өте көп. Бір пұт — он алты кілә. Шама, шама
бір ананас, не алты банан — бір кілә. Енді есебіне жетіп көр.
— О-о-о! Өте көп екен. Оны салыстыруға джунглидің барлық
жемісін қоссаң да жетпейді.
Қолтырауын шекесін қаси бастады.
— Оны санауға білгіш деген Шер-Ханның да шамасы жет-
пейді.
— Маугли, мені де алып кетші! Барайыншы. Осы шалшық
судан басқа еш жерді көрген жоқпын.
— Тазша бала достарыңнын бәрін ертіп кел деген. Шер-
Ханды алып баруды ұйғардым. Тайпа көсемдерінің де шешімі
сол. Қазақтар әлемдегі ең қонақжай халық екен деп, бәріміздің
шұбырып барғанымыз ұят шығар.
Маугли одан соң Қолтырауынның маңдайынан сипады.
Арқасынан қақты. «Қасқам, сен де бала көңіл болып қалып-
217

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сың ғой! Мұның — қарттықпен қауышқандықтың алғашқы
белгісі...».
Маугли жардан жарға, ағаштан-ағашқа секірді... Барар жер
әлі ұшы- қиырсыз. Неткен алыс еді.
— А-а-а, ууу!
— Маугли аға, тсс!.. Жаман адамдар жақын жерде. Ұзай қой-
ған жоқ,- деді маймылдың баласы.
— Сен неге жалғыз жүрсің, адасып кетесің?! — деді Маугли
жаны ашып.
— Мен арттарынан андып жүрмін. Қалған балалар оларға
апельсин лақтырып, жолдарын бөгеуде.
— Сен нағыз қайсар маймыл екенсің!
— Рақмет, аға! Мен өскенде сіз сияқты ержүрек боламын, -
деді әлгі маймылдың баласы.
— Есімің кім?
— Марра!
— Жарайсың, Марра! Енді маған Бананды алқабына баратын
төте жолды көрсет.
— А, онда мына жаққа қарай жүресіз. Бұл жол қиын дегені
болмаса, елу шақырымдай қысқа.
— Рақмет, балақай, ересек маймылдар қайда?
— Әкем достарын ертіп, төте жолмен кеше сіздің хабарың-
ызды алысымен жолға шыққан. Қазір баратын жеріне жақындап
қалған болар.
Маугли жүгіріп келеді. Шаршағанын сезгенжоқ. Қайтабарған
сайын жүрісі үдей түсті. Енді, міне, Бананды алқабы көрінді.
Қызық. Тып-тыныш. Масаның ызылы, шыбынның ұшқаны
естілмейді. «Бұл неткен тыныштық...».
Көзі бозарып, жұмған аузын аша алмай, шалшық суда
бір Қолтырауын жатты. Оған ешкім көңіл де аударған жоқ.
Қолтырауын құрлы көрмеді. «Бәлем, — деді ол.— Әлі бәрің
218

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ракмет айтасындар. Сонда сендердің алғыстарынды алмай
қоямын. Қазірше мен есепте жоқпын, санакта жоқпын. Сәлем де
бермедіндер. Жо-оо!..».
***
Іс насырға шапты. Джунглиде бұрын сонды адам естімеген
оқиға болды! Аю Балу жылағанда етегі көз жасына толды.
Маймылдар бір-біріне тіл қатпай, ағаш басынан түспей қойды.
Банандар желінбей қалды. Қабылан Багира отырған жерінен
қозғалмады. Ал, қарт піл Хатка болса, теңселіп жүрді де қойды.
— Енді қайттік, — деді Шер-Хан басын ұстап.
— Құрыған жеріміз осы болды! — деді енді біреуі.
Кааның бойына ыстық қан жүгіргендей еді. Жүрегі дүрсілдей
соқты.
— Сенің ыстығың көтеріліп бара жатыр, — деді Маугли Каа-
ның белінен кұшақтап.
— Есінде ме, сонау бір жылы джунгли өртенгенде, жан-жануар
көк түтінге тұншыға жаздағанда... дәл осындай болғанын.
— Иә, — деді Шер-Хан қоңыр үнімен,— Тында, джунгли!
Каа жазылмайтын дертке шалдықты. Жылан-жылан болғалы
миллиондаған жылдар өтті. Сол уақыттан бері жылан біткен-
нің қаны жылымаған-ды. Жүрегі дүрсілдей соқпаған-ды. Енді
барыстың аланын іздеуді тоқтатамыз да, өмір гүлін табуға
кірісеміз. Ол гүл джунглидің қай бұрышында, қай өңірінде
өсетінін ешкім білмейді. Бірақ қайткенде де соны іздеп табуы-
мыз керек! Ұғып алындар, өмір гүлі жеті гүл шешегінен тұрады.
Кемпірқосактың түсі сияқты. Жаңбырдан кейін шығады да,
күн ыси бере солып, қурап кетеді. Оны сол кезде бас салмасақ,
кұрығанымыз. Қайтып таба алмаймыз...
Андар не ренжірін, не жыларын, не күлерін білмей аңтарыл-
ып тұрып қалды.
— Барындар! Құтқарайық, Каа досымызды. Енді екі күннен
соң өз мекенімізде кездесейік!
219

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Шер-Хан айтты болды. Қас-қағым сәттен сон барлығы
джунглиді шарлап кетті...
Жаман адамдар не істерін білмей сарсаңға түсті...
Маугли Шер-Ханды ертіп, Кааны жетектеп, өз мекендеріне
қайтты...
Араға бір апта салып, әлгі Қолтырауын Мауглидің соңынан
жетті. Ұртына Айтұмарды жасырып алыпты...
— Мен шынымен ауырып қалдым ба деп ойладым, — деді Каа.
— Сен отқа салса күймейтін, таспен ұрса өлмейтін нағыз
доссың ғой! — деді Шер-Хан.
— Бәсе, — деді Маугли.— Мен сеніп қала жаздадым...
— Тазша, — деді Күнікей қыз,— Осы жұртқа таң қалам. Кіммен
сөйлессем де туған күн кешіне келуге құштар. Барамыз дейді.
Жеделхаттарды оқып, жауап жазып үлгере алмай жатырмын. Ал,
сен болсаң көмектесейін деп те ойламайсың.
— «Қарындасы бар — қолқанат қарлығашы бар!» — деген.
Сенің туған күнінде мен де жүгіремін. Барлық жұмысты бір өзім-
ақ атқарамын, көр де тұр, — деді Тазша бала,—Қазірше тіс жарушы
болма, Фараби естімесін...
— Уәде, уәде. Ал, саған қандай рақат, қырық қатпар көй-
легінді өтектеп, шаштарынды мың құбылта тарап жатпайсың.
Алтын тастармен өрнектелген сәукеле де кимейсің.
— Маған тарақтың да, қымбат киімдердің де керегі жоқ. Әр
кез қарапайым жүргенді ұнатамын. Өйткені, ен даланың еркін
перзентімін! — деді Тазша бала.
220

ҚАРЛЫ-ҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ТӨРТІНШІ ЕРТЕГІ
Қағаз тырналар, әуелеп ұшындар...
Тыраулаған тырналарым,
Сәл аялдай турыңдар.
Өздеріңсіз — жырлағаным,
Өзекжарды сырым бар:
Ассаңдар да талай белден,
Ұшсаңдар да тым биік, —
Біздің елдей қарсы алды кім,
Қарсы алдыңнан Күн куліп ?!
Қазақтың кең даласындай
Дала — қандай бар елде ?
Жер ждннатын ддл осындай
Көрдіңдер ме длемде ?!
Адамдары ақ пейілді
Көрдіңдер ме ддл мундай ?
Айдын көлдер шықты алдыңнан,
Қанатыңды талдырмай.
Қалай қиып барасыңдар
Мына байтақ өлкемді?
Қайдан, айтшы, табасыңдар
Бул өлкедей көркемді?
Елді жайсаң,
Жерді майса —
Белінде ырыс ырғалар
Қайдан енді...
Қайдан енді
Табарсыңдар, тырналар?!
221

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
...Тазшаның хабарынан соң, жұмбақ біреудің туған күні-
не баратындарын естігенде, Жапон балалары камыс қалпақ-
тарын аспанға лақтырды. Қыздар әсем киманоларын киді. Қарт
самурайлар айнаға қайта-қайта қарап, алмастай өткір қан-
жарларымен шаштарын шыбын тайып жығылардай етіп та-
қырлап алды. Бұл — олардың жауапты да актык кездесуге барар
алдындағы дайындық-рәсімдері.
Күншығыс еліне әдетте күн нұры бірінші түседі. Балалар
сол бір сәтті күтіп жүріп, орталық алаңға жиналды. Жұмбақ ел
-Қазақстан жайлы, оның бақытты балалары туралы ойларын қа-
ғаз беттеріне түсіре бастады.
— Не деп жазамыз? Біз әлі Тазша баланы, Күнікей қызды, той
иесін де танымаймыз ғой, — деді шеткеріректе тұрған кішкентай
кыз жұмылуға сәл-ақ қалған көзін қаттырақ ашып.
— Танымасақ танысамыз, — деді екіншісі.
— Қызық екен, бізді білмесе де білетіндей, танымаса да көз
көрген сыйласындай туған күніне шақырып, құрмет көрсетуі
көптің қолынан келе бермейді.
— Нағыз жігіт екен. Біз оны бала, Тазша бала деп жүрсек,
нағыз бауырмал, дархан көңіл иесі екен.
Осы сөзді естіген сәтте Жапон бойжеткендерінің жүздері
нұрланып, хор қызындай құлпырып сала берді. Жұмбак, қазақ
баласын көруге деген құштарлық әркайсысының көңілінде
орындалмас армандай сайрап тұрды. Бірақ, бірақ, олар бір-біріне
көз токтатып, кербездене, кішкене сөмкелеріне салып жүретін
алақандай айналарын алып, бал-бұл жанған жүздеріне қарай
бастады. Қасы-көздерін керіп, әдемі, жарасымды кимоноларын
нәзік саусақтарымен сипалай бастады.
— Қыздар, қыздар, сендерге не болды? Аспаннан жерге
түсіңдер!
— А-уу! Біз мұндамыз!
Таңқы мұрын балалар мәз-мейрам. Бірі күлкіден ішек-сілесі
катып, орнынан тұруға да әлі жоқ. Енді бірі көзінен пор-порлап
шыққан жасты сүртумен әлек...
222

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Жетеді енді. Бітірген түгіміз жок,. Көрген жүрттан үят-ақ,
іске кірісейік.
— Ең алдымен өзіміз жайлы айтайық, — деді Юнико.
— Келістік, келістік! — десті бозбалалар.
— Неге, неге?! — десті қыз балалар.
«Біз Күншығыс елінің ұландары Қазакстан жайлы әлі көп
білмейміз. Бір естігеніміз: дүние жүзінде ең алғашқы болып,
атом бомбаларын сынақтан өткізетін Семей полигонын жауып-
сыздар. Бұған куанамыз. Өйткені біз атом бомбасының зар-
дабын жанымызбен сезінеміз. Сонау 1945 жылдың 6 және 9 та-
мыздары аралығында Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом
бомбасы тасталды. Оны кім істегені, сынақты не үшін жасағаны
— бәрі де бізге белгілі. Сол сұрапыл жарылыстың зардабы-
нан тек Хиросима қаласында қырык мың үй кирап, үш жүз елу
мың тұрғынның жүз қырық мыңы сол сәтте-ак көз жұмды.
Қалғандары жазылмайтын дертке шалдыкты. Өмірінің соңғы
күндеріне дейін азап тозағында болды. Жарылыс кезінде ауа-
ның температурасы үш жүз мың градусқа бір-ақ көтеріліп, от-
ты шар жер бетін тозакка айналдырып жіберді. Осы бір сұрапыл
оқиға осыдан алпыс жылдан астам бұрын болса да оның зарда-
бы әлі күнге дейін сезілуде. Кемтар ұрпақ дүниеге келді, әлі де
келе бермек.
Біз, жапондықтар, қатты табиғат апаты — жер сілкінісінен,
жағалауды шайып кеткен жойқын цунамиден сескенбейміз.
Біз атом бомбасының жарылысынан қоркамыз. Сендер тіпті
ержүрек екенсіндер. Қазақстанның картасын карап отырсақ,
атом бомбасы жарылмаған жер қалмапты. Оңтүстікте де,
Солтүстікте де, Орталық Қазақстанда да, тіпті Батыста да. Ал,
Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтардын туып-өскен жері -
Семей елі шұрық-тесік. Жер-Ананың жүрегі жаралы. Оның
айығуына ғасырлар да жетпеуі мүмкін. Жер үсті, жер асты төрт
жүз жетпіс жарылыс болыпты. Қазақ жерінде жасалған барлык
атом бомбасының жиынтык қуаты елу мегетоннадан астам екен.
Бұл дегенің бүкіл дүние жүзін есеңгіретіп тастайтын жарыл-
ыс. Тағы бір айта кетері, сендердің елдерінде атом бомбасының
223

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
барлық түрі — термоядролық, сутегілік, тағы да басқа жарыл-
ыс қуаты, зияндық әрекеті әлі күнге дейін белгісіз жарылыс-
тар болыпты. Сендер соның бәріне шыдай да, төзе де білдің-
дер. Күресіп келдіндер. Ақыры полигонды жапқыздыңдар. Бұл
қандай қайсарлық!
Біз Қазақстанды атом бомбалары бар баллистикалық раке-
талардан бас тартқан тұңғыш Ел ретінде де жақсы білеміз.
Бұл ерлік әлі күнге дейін ешкімнің қолынан келген жоқ. Сол
үшін батыр елдің дана да көреген Елбасына рақметімізді ай-
тамыз! Ал, атом бомбасын қайта шығаруға талпынып жатқан
мемлекеттердің саны қаншама! Сондықтан да біздер ержүрек
қазақ халқының алдында басымызды иіп, достық қолымызды
ұсынамыз! Сәлеммен, Жапон балалары».
Тыныштық. Ешкім тіс жарып ештеңе деген жоқ. Тек Күн-
шығыс елі ұландарының жүрек дүрсілі бірге соғып тұрғандай еді...
Жапон балалары бір-бір парақ ақ қағаз алды да, оған өз
тілектерін түсіре бастады. Хат жазып болғандары қағаздарынан
кішкентай тырна жасады. Әп-сәтте бейбітшіліктің мәңгілік
символындай болған миллион қағаз-тырналар да дайын болды...
Осы бір көңілді, әрі көңілсіз сәтте бүкіл Жапон балаларының
пәк сезімі бір арнаға тоғысты. Ол — бейбітшілік-тін. Сол асыл
аманатты Юнико есімді қыз арқалап, Қазақстанға аттануға
дайындалды. Күншығыс елінің аспаны есебіне жете алмайтын
қағаз тырналарға толып кетті. Теңізден ескен қоңырқай жел сол
тырналармен қоса Юниконы көгілдір аспанға көтеріп, жұмбақ
елге, арман елге, Тазша балаға, Күнге карай ұшырып әкетті...
— Сау бол, Юнико!
— Қазақ балаларына бізден сәлем айт!
— Тез кел, сағына күтеміз!
Ашық аспан төрінде ертегі қыз біртіндеп алыстап, көзге
көрінбей ұшып бара жатты...
Ол миллиондаған жапон балаларының аманатын арқалап,
Күнге, Күн елінен келген халықпен жүздесуге бет алғандай еді...
Оның алдында — мың өліп, мың тірілген қазақ елі, атом
бомбасынан әбден зардап шегіп, шаршаған қазақ даласы жатты.

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
Құшақ жая қарсы алар, бүкіл түркі халқы үшін ең қасиетті
жер, Түркі Қағанаты дәуіріндегі Орхон-Енисей бойындағы
I қүлпытастар, міне, міне, көріне де бастады. Ескерткіштегі
«Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары жазылған таңбалы
I тастар ап-анық көз тартады... Күлтегін (684-731 жж.) - Түрік
Қағанатының әйгілі қолбасшысы, ержүрек батыры. Тоныкөк
(Тоңұкык 651—721 жж.) — түрік Қағанатының ақылгөй данасы,
рухани абызы, қытай еліндегі ақсүйектерге арналған оқу ор-
нынан білім алған өз заманының озық ойлы ғұламасы. Тұң-
ғыш біріккен түрік әскерін жасактаушы. Бұл — сегізінші ғасыр-
дан бүгінге дейін жеткен асылымыз да, мақтанышымыз да еді.
Тұла бойы тұнған тарихымыз да...
«Ағам қаған болып,
Туркі халқын көтере тусті,
Көтерді.
Кедейді бай қылды,
Азды көп қылды,
Ағам қаған болғанда,
Өзім тардуш халқына шад
болдым.
Ағам қағанмен бірге ілгері —
Жасыл өзеніне,
Шантуң жазығына дейін аттандық,
Кері — Темір қақпаға дейін
Аттандық...»
•кк-к
«Туркі халқы ушін
Тун уйықтамадым,
Кундіз отырмадым.
Інім Култегінмен бірге,
Екі шадпен бірге
Өліп-тіріліп улғайттым.
225

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Біраз улгайтып,
Біріккен халықты от-су
(Өштестірмедім, тату еттім)
қылмадым...»
«Сөйтіп тэңірі жарылқады.
Бағым болғандықтан,
Сәті тускендіктен
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тоңды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым...»
Юнико осы бір ерлік пен елдіктің ғажайып дастанын қай-
та-қайта оқыды. «Әттең, уақыттың аздығы-ай, жаттап алып,
жүрген жерде балаларға оқып беретін асыл мұра, тамаша жыр
екен», — деді өзіне-өзі. — Мен қазақ халкының ұлылығын, да-
ла мәдениетінің даналық ілімін, ауызша тарихнамасын бойы-
на сіңіріп өскенін енді ғана түсінгендей болдым. Әрбір қазак
өзінше бір жұмбақ әлем, жазылмаған дастан, ашылмаған құпия,
сыр екен...
Юниконың ендігі аялдаған жері — жиырмасыншы ғасырдын
ядролық қасіретін арқалаған, дүниені қырык екі жыл дүр сіл-
кіндірген Семей өңірінің Қарауылтөбесі еді. Адамзаттың үш
бірдей Ұлы ойшылын — Абай мен Шәкәрімді, Мұхтарды өмірге
алып келген, барлық қазаққа қымбат та қастерлі жер бұл! Юнико
Абайды көп естіген. Осы бір қаршадай қыздың ұзақ сапарға
аттанар алдында Күншығыс елінің ақ сақалды қариясы оған
арнайы тапсырма берген-ді. Бүкіл қазаққа қымбат жердің әр
226

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тасы мен гүлін қастерлеуге, ондағы мекен етіп жатқан барлық
қайсар халыққа ең алдымен бас иіп сәлем беруді ескертті.
ЦІынында да, бұл өңір Юникоға бір көргеннен-ак ұнады.
Бір кереметі, бұл жердің кез келген ұланы шет елден келген
қонакты кұшақ жая қарсы алады екен. Балалар Жапон қызы
өмірінде көрмеген аспап — домбырамен Абайдың әнін шырқады.
Желсіз түнде жарык, ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гурілдеп.
Қалың ағаиі жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Кулпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, эн қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа ?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып.
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шоиіып.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі.
Түрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?
Бір кезде Юниконың кішкентай қол сөмкесінен шырылда-
ған дыбыс естілді. Алғашқыда ұялы телефоным екен деп қалған.
Сөйтсе, атом радиациясын өлшейтін кұралы. Шырылдағанын
қояр емес.
227

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Мен, мен тезірек кетуім керек, — деді Жапон кызы. -
Сендер калай шыдап жүрсіндер? Бұл жерде кауіпті ғой!
— Біз оған әбден үйреніп алғанбыз, жылқының етін жейміз,
кымыз ішеміз, — деді кара домалак балақай.
Юнико балаларға әкелген сыйлыктарын тез-тез берді де,
жылдам қоштасып, аспанға кайта көтерілді.
«Неткен қайсар халық! Өжет балалар!» деді ішінен.
Бірак, қыз-баланың құлағында балалардын күміс күлкісі көп-
ке дейін сыңғырлап тұрып алды. Ал, жаңағы бір әзірде салынған
Абай атаның жан тебірентер әсем әуені күлактан да, көңілден де
кетпей қойды!..
«Ғажап-ақ, әттең, әттең!.. Енді асығу керек».
Астананың әр зәулім ғимараты Жапон қызына патша сарайы
сияқты көрінді. Өз қолтаңбасын қалдыруға әлем сәулетшілері
таласқан қала, әлемдегі ең жас қала осы екен ғой! Айтпакшы,
менің жерлесім Кишо Курокава салған ғимараттар қайсы екен?
««Хан шатыры» қайдасың?» — деді Юнико.
***
— Тазша, Тазша, саған Дымбілместен хабар келді, — деді
Күнікей қыз куанышы қойнына сыймай.
— Дымбілмес дейсің бе?
— Иә, иә, дәл өзінен.
— Қайда жүр екен, батырым? Менің шақыруымды естіпті ғой!
— Марстан жаңа ғана оралып, Кара теңіздің жағалауында,
халықаралық «Артек» балалар лагерінде демалып жаткан көрі-
неді. Үлгеріппіз. Сәл кешіккенімізде, Айға қайтадан сапар шек-
пекші екен.
— Онда не ұмытыпты? Жуырда ғана барып қайтпап па еді?
— Ол карап жүрмей бір керемет жеміс өсіріпті. Оны жеген
адам балалық шағына оралатын құсайды. Сол жемістің пісетін
уақыты жақындап қалыпты. Тағы бір суаруы керек екен. Соған
асығуда, — деді Күнікей.
228

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Жарайсың, менің бейқам досым! Сол өсімдіктің көшетін
біз де алдырайық. Дымбілмеспен сөйлескен кезде менің есіме
сад, сұрауды ұмытып кетпейін.
— Иә, айтқаның қандай жақсы болды. Атам ауыра береді, ал
әжем шалына алаңдап, үйден шыға алмайды. Әсіресе, қарттарға
таптырмайтын ем екен.
— Күнікей, сенін-ак күйбелең тіршілігің таусылмай койды.
Ал, қаңбақ бала — Карлсоннан хабар бар ма? Соны айтшы!
— Жоқ. Жұрттың бәрі келуге таласып жатқанда, оның үнде-
меуі түсініксіз. Бір нәрсеге ұрынып қалмаса жарар еді.
— Көр де тұр. Бәрінен бұрын жетеді. Өйткені ол конакка
барғанды жаксы көреді. Карлсонға арнап арнайы бір тәтті тағам
дайындатып жатырмын. «Мен жемеген бұл әлемде тәтті тағам
жок», — деп жар салудан шаршамайды ауылкөшім. Ал, мен
дайындаған тағамды ол жеген де жоқ, еш жерде көрген де, естіген
де жок.
— Ол нендей дәм? — деді Күнікей қыз сұраулы үнмен. — Айт-
шы, тез! Ертерек білмесем жарылып өлермін.
— Ешкімге айтпайсың ба?
— Иә, иә. Шыным.
— Тында онда. Бұл бір керемет тағам. Оны әжесі бар әрбір
қазақ баласы жақсы біледі. Алып бара жатқан кұпиясы да жоқ,
кәдімгі тары талқан. Тарыны келіге салып, қауынның кағымен
бірге түйеді. Әбден араласқан соң, дәмі бал татитын тағам
дайын болады. Ал да жей бер. Әлі есімде, әжелеріміз ораза
тұтқанда, таңертең күн шықпай тұрып, таңғы сәресісін ішетін.
Сол кезде осы тағамды сүйсіне жейтін. Әжемнен оның себе-
бін сұрасам, күнімен қарның тоқ жүреді екен. Мен сол тағамды
жеу үшін ерте тұратынмын. Ұйықтап калған сәттерімде әжем
мандайымнан сипап, құлағыма: «Құлыным, тұра ғой», — деп
сыбырлайтын. Тағамның тәттілігі соншалык, дәмі әлі күнге дейін
тілімнің ұшында. Жей бергің келеді.
— Ух, — деді Күнікей қыз. — Біздің жақта не қауын, не тары
өспейді. Менің білмейтінім сондықтан екен ғой. Бәсе.
— Асықпа, Фараштың туған күнінде қалағаныңша жейсің.
229

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Күнікей қыз жас балаша куанып, ойлана саусақтарын санай
бастады.
— Әлі қырық бір күн күтуім керек. Түу, асықканда әр күнің
апта сияқты өтетіні...
ЕКІНШІ ЕРТЕГІНІҢ ЖАЛҒАСЫ
Жаңа таныстың ескі кұпиясы
Алыста, өте алыста Америка атты үлкен құрлықтың Оңтүс-
тігі мен Солтүстігін мекен еткен байырғы халық — үндістердің
көптен бері енсесі түсіп жүрген-ді. Енді міне, олардын көше-
леріне, әр шаңырағына мереке келді. Көзге көрініп жатқан еш-
теңе болмаса да, осы бір қуанышты хабар — тойға, туған күнге
шақыру барлық үндістердің ой-арманын, асыл мақсатын бір ар-
наға тоғыстырғандай еді. Әңгіме өзегі — сонау бір атам заман-
да, адамзаттың сәбилік дәуірінде өздері мекен еткен, еншісін
алмай бері қарай қоныс аударған жылдар, сол жерде қал-
ып, әлі күнге дейін мекен етіп жатқан қазақ деген Ұлы халық,
Қазақстан атты құт мекеннің барлығы бәрін де толғандыру-
да еді. Міне, міне, енді санаулы күндерден соң сол елге, Тазша
баланың шақыруы бойынша үндістердің өкілдері аттанбақшы.
— Бұл елдің шақыруына немқұрайлы қарауымызға бол-
майды. Өйткені Қазақстан - біздің Атамекеніміз. Ал, қазақтар -
біздің өз ағамыз. Туған бауырымыз, — деді үндіс көсемі.
— Иә, иә! — десті қалғандары.
— Менің есіме түспей тұр, ол елдің астанасы қандай қала
еді? — деді көсем.
— Орынбор! — деді ең қарт ұндіс.
— Жоқ, Қызылорда!
— Алматы, — деді сұңғақ бойлы жігіт ағасы,— Онда әлемге
әйгілі, биік тау шатқалына орналасқан, қысы-жазы сырғанақ
тебетін «Медеу» мұз айдыны, ғаламда жоқ ақ ұлпа қарымен
ерекшеленген Шымбұлақ шатқалы бар. — «Мен таптым» деген-
230

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
дей миығынан күліп,— Мүмкін... Олар еркіндік сүйген халық
кой! Ұзак уақыт бір жерде коныстанып тұра алмайды... Бір жағы
__ Длтай, бір жағы — Кап тауы, енді бір шеті — Сібір дегендей,
осы бір үлы Далада салтанат құрып жүріп жатқан болар... «Еділ —
үйдін бесігі, Жайык — үйдің жапсары, Түркістан — үйдің төрі», —
дегендей...
— Иә, — деді Доминго,— Сендер жаңалықтын бәрінен кенже
калыпсыңдар. Он шақты жылдан бері Қазақстанның астанасы —
Дстана қаласы.
— Солай ма? — десті жиналған жұрт.
— Даминго, қарағым, бері келші қасыма. Сен болмасаң ұятка
қала жаздаппыз. Фараби баланың тойына Чинга атаң екеуің
барасындар.
Үлкен Ата бұл өмірмен қоштасар алдында маған аманат етіп
тапсырып кеткен болатын, — деді Кіші Ата сөзге араласып. — Мен
бүгін сол аманатты сендерге жеткізуге міндеттімін...
— Біздің де барғымыз келеді, — десті балалар жағы шуласып.
Жиналған жұрт тына қалды. Сәлден соң:
— Жоқ! Бұл — шешілген мәселе. Мен айттым, болды! — де-
ді ақсақал.— Ал, ұзақ жолға дайындалындар. Көзімнің кара-
шығындай сақтап, баптап жүрген сәйгүліктерімнің ішінен жетпіс
жеті арғымақты жолға әзірлендер. Жалын тарап, тұяғына алтын
таға қағындар! Амазонканың суына әбден шомылдырындар.
Сағынып қалмайтын, көрмеген жердің шөбін жатсынбайтын,
суын иіссінбейтін болсын!
Қарт үндіс ұзақ үнсіз тұрды. Әлдеқашан сөніп қалған теме-
кісін қайта тұтатты. Күн нұрына шағылысқан, атақты мүштігін
қайта-қайта тартты. Ауыр күрсінгеніне жөтелі қосылды.
— Менің сендерге айрықша тапсырмам бар. Жол-жөнекей
Сирия деген елден өтесіндер. Сол жерде адамзаттың Ұлы даныш-
паны, ғұламалардың ұстазы, қазақ халқының аяулы перзенті
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлат әл-Фараби жатыр.
Ол Отырарда әскербасы отбасында дүниеге келіп, Шығыстың
шырайлы шаһары - Отырарда медреседе дәріс алып, кейіні-
рек Шаш, Самарқан, Бұхара, Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад
231

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
шаһарларында білімін жалғастырған. Жетпіске тарта тіл білген
деседі. Ол игермеген ілім, сусындамаған білім, зерттемеген
ғылым қалмапты. Ал, жат жерде жүріп ел басқарған, аса ірі
әскери және мемлекет қайраткері, Мысыр сұлтаны Бейбарыс
та — біздің бабамыз. Түркі тектес мәмлүктердің басын косып,
ел билеген кезінде де, қан майданда жүріп, жеңіс дәмін тат-
қан сәттерде де туған жерін ұмытпаған. Алты Алаштың бала-
сына елші жіберіп, Мысыр мен туған жері - Алтын Орданың
арасында елшілік орнатып, дипломатиялық тығыз байланыс
жасатқан. Бұл - біз білетін ғұламалардың бірі ғана. Ұмыт қал-
ған, зерттелмеген данышпандар қаншама! Міне, біліп алыңдар,
жүректеріңнің төрінде сақтандар. Олар сендердін де бабаларың.
Мұндай сәттілік бола бермейді, қабіріне арнайы соғып, тағзым
етіңдер! Үнемі күреспен, азаттықты аңсаумен келе жатқан үндіс-
тердің аманатын жеткізіндер! Әруағы риза болсын. Қазақтар:
«Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді. Ұқтыңдар ма?
— Иә!
- Иә!
Әкелі-немерелі үндіс оң қолын жүрек тұсына қойып, тізелер-
ін бүкті.
— Жортқанда жолдарын болсын! Бабалар әруағы қолдап,
қорғап жүрсін! Адассандар жолға салсын, сүрінсеңдер қолдан
алсын. Тіл-көзден сақтасын. Атамекенге аман барып, сау қай-
тындар!..
Қарт үндіс осы сөздерді айтқан сайын жігерлене түсті. Көзі-
нің жанары жалын атып, әжім тартқан өңіне қан жүгірді. Жүзі
нұрлана, шуақ шашып тұрды.
— Әумин!..
Барлық үндіс балалары Домингоны қоршап алды. Мақтаныш
сезіммен ақ тілектерін айтып жатыр.
— Доми, мына қанжарды ал. Алмас жүзді. Оны маған
ержүрек атам Виннету берген. Көзіңнің қарашығындай сақтап
жүр деген.
— Менін айбалтамды ал. Өзі жеңіл. Қарашы, әсем жасалған.
Күнге шағылысқанда оның айбатына шыдайтын ешкім жоқ.
Міне, көрші, құлаштап лақтырсаң болды, дәлдеген жеріңе өзі
барып бір-ақ қадалады, - деді көрші тайпадан келген ержүрек
жеткіншек,- Алшы, өтінемін!
— Аға, мынаны қарашы, темір-ағаштан өзім жасағанмын.
Иілімі, жебесінің жүзінің ұшқырлығы. Шірене атсаң темірге де
қадалады. Ағаш қалқандарынды тесіп өтеді. Сізге деп арнайы он
күн көз ілмей, балалармен бірге жасадық.
Бейтаныс бала Домингоға садақты ұсынды. Нағыз үндістердің
қаруы. «Әттең, осындай садактар көп болғанда ғой! Онда
отаршылдар түк те істей алмайтын еді» деді іштей Доминго.-
Әкеліндер, бәрін де аламын! Тазша балаға, оның достарына
беремін. Бұдан артық сый да, күрмет те жоқ...
— Ал, менін сендерге беретін бағалы сыйлығым жоқ, —
деді көзілдірікті бала,— Сендер мені бәрібір танымайсындар.
Кускоден жаяу келдім. Бірак ол калада Латын Америкасын-
дағы ең үлкен кітапхананың бар екенін білмейсіңдер. «Үндіс-
пін» деп жар салғанға шеберсіндер. Сол жерден үндістер мен
қазак халқының туыстығын растайтын мағлұматтар таптым.
Өте көп. Оқып та, көшіріп жазып та үлгере алмадым. Қазірше
тапканым мынауғана.
Әлгі үндіс бала қойын дәптерін ұсынды.
Доминго тез парақтап, оқи бастады:
- Күн, білім, бояу, бу, бай, ақ, шығу, ике (екі), кату, өкше,
тоқпак, сат, түр, кел, балдыз, іш, өш, күш, құл, шабу, мол, аңшы,
бақа, ипа (апа), көк, уага (аға), тата (әке), аз, ары, қу...
- Бұл сөздерді неге тізіп жазғансың? Оларды бәріміз білеміз
ғой, — деді балалар шуласып.
- Бұл Майя мен Кечуа тайпаларының тілінде кездесетін
сөздер. Дәл осы сөздер Қазақ тілінде де осылай айтылады екен.
Мағынасы да бірдей. Доми, сен әлі түсінген жоксын ба? Енді
Қазақстанға барғанда саған аудармашының керегі жоқ. Өзіміз-
дің тілде сөйлей бер! Бір-бірлерінді түсінесіндер!..
— Ух! - деді Доминго,— Енді керемет болды ғой. Олармен
қалай әңгімелесемін деп, уайымдап жүр едім.
233
232

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Біраздан соң үндіс үландары қуаныштарын жасыра алмады.
Олар бір-бірімен өз ана тілдерінде, жо-жок, қазақша сөйлесіп
жатты...
Чинга мен Доминго қарт үндіс айтқан тапсырманың барлы-
ғын бұлжытпай орындады. Әл-Фараби мен Бейбарыс сұлтан-
ның мавзолейіне соқты. Бабалар әруағы оларға қайтадан жігер
берді. Көңілдерін мақтаныш сезімі биледі!..
Арғымақтар алға карай арыстанша айбаттана, жолбарысша
жұлкына ұмтылды. Шаршап, шалдығу дегенді білмеді. Барған
сайын екінші тынысы ашылып, қанат біткендей өршіп отырды.
Желмен жарысты. Күн шықты, кеш батты. Қайтадан таң атты...
БІРІНШІ ЕРТЕГІНІҢ ЖАЛҒАСЫ
Жусан иісі мен дәрмене дәмі
Африка, шынында да, күнге жақын құрлық екен. Зиза
жерде жүріп ештеңе байқамапты. Аспаннан, кұс қанаты талатын
биіктіктен, қауырсындары діріл қаққан жерден бәрі ап-анық
көрінеді екен. Күркіреген пілдер, жорытқан зебралар, мойнын
аспанға, талдың жапырағына созған кербез керіктер, күнге
қыздырына, рақаттана пырылдап ұйықтап, анда-санда бір
көзін еріне ашып жатқан қолтырауындар ап-анық, алақанында
тұрғандай. «Неткен, ғажап!» — деді бала. «Жерде жүріп, онын
қадір-қасиетін білмеппін ғой!..».
Алтыншы күн дегенде Көке Коқиқаздың асығып жүріп, піл-
ге жем-шөп алуды ұмытып кеткені есіне түсті. Бұл жарықтық
та шыдамды екен. Тіс жарып ештеңе деген жоқ. Тек анда-сан-
да көзінің қарауытқанын, тілі салбырап, оған шыбын-шіркей
жабыса бастағанын, бүйірінің бүлкілі үдей түскенін, қарнының
шұрылдағанын айтты.
234

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Менің де басым айналды, — деді Зиза бала Қоқиқазға
сыбырлап.
— Біз ұшу бағытымызды сәл өзгертеміз. Негізгі топ
Түркістанға, қасиетті хандар мен билердің жерленген жеріне ат
басын бұрып, тағзым етіп кетпесек болмас. Ал, жігіт Қоқиқаз,
саған арнайы тапсырма! Қасыңа бір топ достарынды ертіп,
қасиетті Отырарға, Арыстан баб кесенесі арқылы бет алындар.
Соған жақын маңда әлемдегі ең керемет дәрілік шөп өседі. Қазір
гүлдеп, тұқым байлайтын кезі. Алыстан-ақ бірден көздеріңе
іиалынады. Түсі сап-сары. Ол шөпті әлемнің қай түкпірінен
қанша іздесең де таба алмайсың. Өйткені бұл өсімдік жер
тандайды. Небір кұнарлы аймаққа отырғызып, қаншама күтіп-
баптасаң да шықпайды, өйткені жерсінбейді. Ол дәрмене шөбі.
Дәрілік, емдік қасиеті жағынан бұл өсімдікке тең келер ештеңе
жоқ. Мына пілдің баласы әбден тышқақтап бітті. Бұл түріміз-
бен оны жеткізе алмай, ұятқа қалуымыз мүмкін. Сондықтан
Отырарға тартыңдар да, жүз кілә дәрмене шөбін әкеліндер.
Африкада күніне елу кілә тамақ жеп үйренген жануар. Біздің оған
мұнша көлемде беретін шөбіміз жоқ...
Айналайын, Отырар! Шіркін, Сығанак! Қасиетті Сауран!
Ұлы Жібек жолы бойына орналаскан осы калалар өз алдына
бір мемлекет сияқты еді. Ал, сол шағьарлардың ішінде Отырар
ерекше-тін. Мәдениеті мен әдебиеті, сәулеті, әлемдегі ең үлкен
кітапханасы, ғылым мен білім ордасы дамыған қаланы көру,
онда білім алу кімнің де болса арманы болатын. Бұл қаланың
тағы бір ерекшелігі, Шыңғыс хан әскеріне алты ай бойы беріл-
мей, жойқын күшіне тойтарыс бергені. Жеңе алмайтынын сезген
Шыңғыс хан Қытайдан арнайы қамал бұзатын зеңбірек тек-
тес қару алдырған деседі. Соғыс күндіз-түн демей жалғасып,
қала халқы ерлікпен шайқасады. От құшағында қалады. Азық-
түлік, су таусылады. Отырарлықтар сонда да берілмейді. Бірақ
Хорезмнен көмекке келген он мың әскердің қолбасшысы бір
235:

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
түнде кала кақпасын ашып, жау жағына өтеді. Міне, осы бір
оқиғаны ұтымды пайдаланған қарсы жақ қалаға кіріп, оны
жермен-жексен етеді. Түркі-монғол әскерін баскарған Шыңғыс
ханның ұлы Шағатай сатқындык жасаған Қараша Қажыпты әс-
керімен коршауға алып, түгел қырып жібереді. Өз одақтаста-
рына опасыздык жасаған әскербасы баскаға — жауға да керек
емес еді.
Отырар қаласын басқарған Қайыр хан ең соңғы жауын-
гері қалғанша шайқасады. Оны жау тұтқынға түсіріп, көмейіне
балқытылған күміс құйып өлтіреді. Бұл он екінші ғасырдың
жиырмасыншы жылы болатын...
***
Көке Қоқиқаз оң аяғына қыса ұстаған белгісіз бір шөпті
алды да, ең алдымен Зизаға, одан соң пілге иіскетті.
— Тыныстарың тарылып, бастарың айналып барады екен.
Енді қолмен алғандай басылады. Бұл туған жердің ең қасиетті
шөбі — жусан.
- Жусан!!!
Қандай керемет иіс! Айналаны тылсым бір күш билегендей
болды. Жаңа ғана әлсіреп, қөздері қарауытқан қонақтардың
жүздеріне қан жүгіріп, көңілденіп сала бермесі бар ма!
— Көке, маған тағы да иіскетіңізші! Жаным кіріп барады, -
деді Зиза.
— Маған да?
— Бізге ше?
Басқа бала Қоқиқаздар да шуласа бастады.
— Айналайын, қоқиларым, шыдаңдар, бәріңе де жетеді. Ең
алдымен қонактар қанағаттанып алсын дегенім ғой!
Қоқиқаздар үйірі лезде көңілденіп сала берді...
Дәрмене арқалаған жігіт Қоқиқаздар да келіп жетті.
Піл өмірінде мұндай дәмді, құнарлы шөпті жеп көрмеген-ді.
Бұл шөпті тек Африканың ғана емес, басқа құрлықтардын
мүйізі карағайдай қасқалары да көрмеген, ешқашан жемеген еді...
1236

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Құстар Түркістан маңында үш күн демалды. Туған елді
сағынып қалыпты. Бүл жерден Қорғалжынға дейін қол созым.
Не бәрі екі күндік кішігірім бәйге-жарыс. Олар кезектесіп, Қожа
Ахмет Иассауи мавзолейінің үстінен айнала ұщты. Күн нұрына
шағылысқан әсем күмбездері жігер береді, мақтаныш сезімін
оятады.
Түркістан — екі дуние есігі ғой,
Түркістан — ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңір берген нэсібі ғой...
— Бұл жерде қазақ халқынын елі мен жері үшін қан төккен,
бүгінгі ұрпақтың бақытты болашағы үшін арпалысқан асыл
перзенттері жатыр. Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай
хан... Қаз дауысты Қазыбек би, қанжығалы Бөгенбай ба-
тыр... және ондаған атақты билер мен шешендер осында жер-
ленген. Түркістан әруақты қала, ол — сондықтан да мұсылман
халықтары үшін екінші Мекке. Біз де сол қазақ халқының
бір тынысы болғандықтан Түркістанды мақтан тұтамыз. Ес-
терінде сақтандар, ұрпақтан ұрпаққа өнеге етіңдер. Жылда
осы жерге оралған сайын, бабалар әруағына тағзым етіп, оның
бір тал жусанын иіскеген сайын мың жасап қаламын. Анадан
жаңа туғандай күн кешіп, кайратыма қайта мінемін...
Сен үшін бабам жүлқысқан,
Сен үшін бабам алысқан.
Аяулым менің Түркістан,
Алқынып жеткен алыстан...
Көке Қоқиқаз осы бір сөздерді айтты да, жас балаша шатта-
на куанып, ен даланың қасиетті топырағына аунады. Тағы да,
тағы да. Оны көрген бала Қоқиказдар көсемнін істегенін қай-
талады. Қикулап ән салып, бойларын бір сергітіп алды. Одан
соң төс тоғыстырды, қанат қағысты, тұмсық түйістірді...
237

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Мен де аунайыншы, — деді пілдің баласы,— Әйтпесе,
жауырыным қышып, денемнің сау жері қалмады. Жара болуға
айналды.
— Аунай ғой, ботам, бұл топырақ — қасиетті топырақ. Ал,
дәрмене шөбінен ауыз тиген соң бойыңа жайылған барлық
дерттен құлан-таза айығасың, шаршағандығың су сепкендей
басылады.
Көке Қоқиқаз екі кұлаш келетін сұңғақ бойын тік ұстап,
канатын керіп, рақаттана бой жазды. Оның қызғылт тартқан
қанаты айналаны қызылды-жасылды түрге бөлеп, кұлпыртып
жіберді. Қауырсындарына күн шағылысты.
Зиза осы бір кереметті көріп, қайран қалды. «Кемедегінің
жаны бір» дегеннің шындық екеніне, Қоқиқаздарға әбден бауыр
басып қалғанына көзі жетті. Енді оларсыз өмір сүре алмайтындай
болып көрінді...
Піл баласының бойына қан жүгіріп, қайраттана түсті.
Тұмсығын көтеріп, бар дауысымен айқай салғысы келді. Қом-
паң-қомпаң етіп, ебедейсіздеу биледі. Оның дәл мұндай көңілді
сәтін Қокиқаздар түгілі көсем Үлкен Піл де көрген жоқ еді...
Ертеңіне таң қылаң бере Көке Қоқиқаз бала Қоқиқаздар-
дың барлығын ертіп, Қорғалжынға, Теңіз көліне тартты. Бұл —
жылдағы дәстүр. Қонақ бала мен баға жетпес сыйлық — аппақ
пілді өздерімен бірге ала кетті. Жігіт Қоқиқаздар мен бойжеткен
Қоқиқаздар кейіндеу келеді. Көсем құстың аттанарда айтқан
сөзі туған жерге деген сағынышқа толы болды.
— Атамекенге немерелермен бірге, олардың күміс күлкі-
сін арқалап, бірінші барған қандай ғанибет! Табиғат-Ана да,
көрші-қолаң да біздің осы бір керемет дәстүрімізге ғасырлар
бойы қайран қалумен келеді. Дала аруындай құлпырып жүр-
месек, дос-дұшпанды тан калдырып, тамсандыра білмесек,
біз әлемдегі ең сұлу, ерке құс — Қоқиқаз боламыз ба! Ал, өрен-
дерім, енді көп кешікпендер. Бір-екі күн серуендеңдер, мау-
238

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ыктарынды басындар. Қанаттарынды сілкілендер, сыланың-
дар, кауырсындарынды тарандар, қас-көздерінді мөлдіретіп
бояндар. Атамекенге келдіндер! Біз сендерді Теңіз көліндегі Ай
нұры айдынында күтеміз!..
Бұл құстар да өмір-бақи жаугершілікпен өткен қазақ жау-
ынгерлері сияқты. Қолдарына қылыш ұстап, садақ асынбаса
да жыл сайын туған жерге сағынышпен оралып, бейбіт тірші-
лікке сән-салтанат, қуаныш сыйлауының өзі бір ғанибет емес
пе?! Ал, еркіндік пен әсемдікті жанындай жақсы көретін қазак
халкы үшін бұл көріністер өмір заңы, табиғат құдіреті, қысқасы,
қарапайым ғана күнделікті тіршілік сияқты көрінеді...
— Мүмкін, олар біздің жүрек жылуымызды сағынғандықтан
келген болар, — деді Тазша бала.
— Әлде олар қазақ қыздарының табиғаттағы егіз-құрбысы
шығар, — деді Күнікей қыз.
***
— Міне, сенің асыға күткен Астанаң. Қандай керемет! Күн
санап бой жеткен арудай кұлпырып келеді. Дайындалындар,
қай жерден тастап кетейік. Әсем Бәйтеректін маңынан ба, жок
әлде ерке Есілдің жағалауына ма? Ойланындар, тезірек. Лезде-
ақ ұшып өте шығамыз. Жоқ әлде, бізбен бірге Қорғалжынға
барып, ауылымызды көріп, аунап-қунап қайтасындар ма? -
деді Көке Қоқиқаз.
— Жүр, бізбен бірге, - деді бала Қоқиқаздар шуласа.
— Алдымен Тазша балаға соғайық. Шақырған сол. Тағатсыз-
дана күтіп жүрген болар. — Зиза осы сөздерді айтса да, достарын
қимады. Оларды ренжітіп алудан қорықты.
— Онда айтындар, Тазша бала сендерді қай жерде күтуі керек
еді? — деді көсем кұс.
— Хан шатырында!
239

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Хан шатыры... Біз ол ғимаратты әлі көрмеппіз, — деді Көке
Қоқиқаз.
— Осы жерден қалдырып кете беріңіздер. Сұрастырып
табармыз.
— Өздерің біліңдер. Хан шатырын кез келген бала білетін
шығар. Адаспассыңдар.
Қоқиқаздар қимастықсезіммен қоштасып жатты.
— Мереке біткен соң Қорғалжындағы Теңіз көлінің Ай
нұры айдынына келіндер. Күзге карай Африкаға қайта ұшамыз.
Қаласандар алып кетейік, — деді бала Қоқиқаз. Өзі шамалы күннің
ішінде әжептәуір өсіп, ширап қалыпты.
— Рақмет, жағдайға қарап көрерміз. Сау болындар,
кездескенше күн жақсы!..
Зиза мен пілдің баласы томп-томп етіп жерге секіріп түсті.
Астана аспаны қимастық сезіміне, құстардың әсем де сазды
әуеніне толып кетті...
БЕСІНШІ ЕРТЕГІ
Дымбілместің жаңылысуы мен Карлсонның адасуы
Ертегілер елі кашан да өз алдына бір ғажап әлем ғой! Сол
ғажап әлемді нұрландырып та, құлпыртып та жіберетін адам-
дар. Басты кейіпкерлер үнемі түзу жолмен жүре берсе, одан да
жалығары сөзсіз. Ал, мен жазушы ретінде кейіпкерлерімнің
кейде қисықтау жүргенін, адасып, аптыққанын, арасында сүрі-
ніп те кеткенін қалаймын. Бұл ойым, оларға қырын қараған-
дық емес, қайта жақсы көргендіктің, оқырманның зерікпеуі-
не деген кұштарлық. Бұл жолы Дымбілмес пен Карлсон дәл
сондай күй кешті...
Фарабидін туған күніне «екі дос» бірге келуге уәделескен
болатын. Күйбелен тіршілікпен жүріп, бұл келісім Дымбілмес-
тің есінен шықты, Карлсон ұмытып кетті. Естеріне түскен кезде
екеуі де Үстірттің үстімен ұшып келе жатты.
240

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ах! — деді Карлсон,— Осы менің есіме не көрінген? ¥ят
Волды-ау...
Ол жалма-жан ұялы телефонын қолына алып, Дымбілместің
нөмірін тере бастады.
— Дымбілмес, маған кешірімді, жайбасарлығымды бүкіл әлем
біледі. Ал, сен пысық та ұқыпты едің ғой. Есіме салып, қадағалап
тұруың керек-ті.
— Нені? — деді Дымбілмес.
— Біздің Қазақстанға баратынымызды.
— Мен ұмытқан жоқпын. Жарты жолда келе жатырмын.
— Қай жердесін, кездесейік. Екеуіміз бірігіп, адам сияқты
туған күнге бірге барайықта.
— Тазша бала мен Күнікей қыз шақырған соң бұрынырақ
барайын дегенім ғой.
— Осы сен де, өзің дегенде өзгелерді ұмытып кететінің.
— Ренжіме, достым, Карлсон, қонаққа бара жатырмыз ғой, —
деді Дымбілмес.
— Ұмытып кетіппін, сенің есімің Дымбілмес екенін, — деді
Карлсон ашу-ызадан булыға жаздап.
— Иә, менің есімім солай аталғанымен өзім білгішбекпін.
Әлемде менен асқан саяхатшы жоқ. Балалар да жақсы көреді.
— Ал, мені бүлдіршіндер былай тұрсын, олардың ата-анасы
да тағатсыз күтеді. Қазір бұрынғыдай шатырдың астында емес,
ас бөлмеде, неше бір тәтті шырындарды, «марс» пен «твиксті»
кұшақтап жатып ұйықтаймын. Жегенім алдымда, жемегенім
қалтамда.
— Онда сен мықты екенсің ғой. Бір жерде кездесейік. Менің
қарным ашты. Шөлдедім, — деді Дымбілмес.
— Иә, мен білсем сен ащы теңіз - Аралдың маңында ұшып
барасың, — деді Карлсон.
— Қалай біліп қойдың, білгішбегім?
— Оны бала да анғарады. Бүкіл әлем көз тіккен жер ғой!
— А-а-а!
Болашақ екі дос салғыласып жүріп Қазақстанның жазық
та жазира жерінің үстінен ұшып бара жатқанын байқамай қал-
241

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ды. Кенет, күңірене шыққан қобыз сарыны естілді. Ен далада
ғасырлар қасіретінің, аласапыран өмірдің куәсіндей, жер жән-
натын іздеген Қорқыт Атаның көзіндей болып, қарт қобызға
орнатылған ескерткіш тұрды. Таяқ лақтырсаң не әншіге, не
жыршы-термешіге тиетін жер ғой бұл. Абыздар мен арыстардың
ізі қалған, үні калған қасиетті мекен... Сол кезде катты жел тұрып,
аспанда найзағай өрнек салды.
— Әне, — деді Карлсон,— Ғарышқа тағы бір кеме ұшырылды.
Жақындау барып көрейік!
— Кеттік! Тек күйіп қалмайық, — деді Дымбілмес.
— Жанынын тәттісін қара, басқа нәрсені білмесе де...
Конақ балалар Байқоңыр ғарыш айлағын еркін аралады. Түс
ауа ғана Арқаның кедір-бұдырлы жотасын бетке алып, Астана-
ға тартты. Бүгінгі көрген тамаша көріністерді әңгімелей жүріп,
жаңа қаланың оңтүстік жағынан бір-ақ шығады.
— Қайда қонамыз? — деді Дымбілмес.
— Алыста, көз ұшында «Үш аю» деген елді-мекен көрінді.
Мүмкін, сонда барармыз?
— Жақсы болды ғой. Аю бар жерде бал да болады.
Кенет Карлсон қуанышын жасыра алмай айқай салды:
— Ана жерде кішкентай, кіп-кішкентай ертегі ұшак тұр.
Әсемдігін айтпа! Көрдің бе? Айналасында желмен жарысқан
сәйгүліктерде есеп жоқ. Сонда конайық. Не де болса, бір мықты
қазақтың ауласы сияқты.
Саяхатшыл достардың аяғы жерге тигені сол еді, бойларын
керемет бір күш билеп, жаңа бір әзірдегі шаршағандары су
сепкендей басылды. Олар әлемнін қанша жерін араласа да,
ғаламның жеті кереметін тамашаласа да дәл мұндай көңіл күйде
емес еді... Олар арғымақтардың кербез де ерке жүрісіне, сұлу
мүсініне қайран қалысты. Үстіне қарғып мінсең болғаны, ала
қашуға дайын тұрғандай-ты.
— Карл, кел жарысайық! Мына сәйгүліктердін ойнакшуын
карашы, — деді Дымбілмес.
— Бізге еркелеп тұрғандай! Кеттік онда. Жігіт болсаң, куып
жет!
242

ҚДРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


ракатгана
ойнакшып
ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ертегілер әлемінен келген балалар кең ауланың ішінде
бой жазды. Барған сайын арғымақтар кібінесіп,
алға ұмтылуда. Шаршау деген, жатырқау деген
ойларында жок.
— Қандай керемет сәйгүліктер! Әттең, менің дәл осындай
атым болса ғой. Онда аспанда ұшып әуре болмай-ақ, жерде жүрер
едім, - ДеДІ Карлсон.
— Жарайсындар, жігіттер! — деген дауыс гүрілдей естілді.
Балалар дауыс шыққан жаққа жалт қарасты. Өзен жақтан
сұңғак бойлы, иығына екі кісі мінгендей, Сақ жауынгеріндей
айбатты, тұлғалы, жұзінен күн күлімдеген кісі келе жатты.
— Аға, кешіріңіз, біз еркінсіп, арғымақтарыңызды көрген соң
шыдап тұра алмадық, — деді қонақтар қатарласа ақталып.
— Бұл аттарды сендер сияқты қадірлі меймандар келгенде
мінсін деп қойғанмын. Есік ашық, төр дайын, тек сәйгүліктің
құлағында ойнайтын, желмен жарысқысы келетін адам болса,
- деді үй иесі,— Сендер қай бала болдындар? Біздің ауылдың
«тентектеріне» ұқсамайсыңдар ғой!
— Біз — Тазша баланың шақыруымен Фарабидің туған күні-
не келдік. Арқаның арқарлы желі қаңбақ шалдай ұшырып, сіз-
дің аулаңыздан бір-ақ шығарды. Мен Карлсонмын, ал мынау —
Дымбілмес.
— Егер сен мен білетін Карлсон болсаң, онда арқаңдағы
зырылдауығың қайда? — деді аға әзілдеп.
— Алыс жолға шыдамай, жел тұрса майысып, күн ысыса
былқылдап әбігерге түсірген соң шешіп қойғанмын, — деді
Карлсон.
— Өзіміздің еркетайлар екенсіңдер ғой! Әкел бетті. Айна-
лайын, келгендерің қандай жақсы болды.
Бейтаныс аға екеуін де бауырына қысып, маңдайларынан
иіскеді.
— Аға, сізді бір жерден көрген сияқтымын? — деді Дымбілмес.
— Мен — Тоқтар Әубәкіровпін!
— О-о! Бәсе, көзіме жұлдыздай жылы ұшырастыңыз! Енді
есіме түсті, мен сіздің суретіңізді Айдан көргенмін! Иә, иә, Айдан.
243

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ол жердің бір кереметі: әр халықтан шыққан тұңғыш ғарыш-
кердің бейнесін үлкен етіп салып, іліп қойған. Сіздің суретіңіз
бәрінен де әдемі көрінеді екен. Өйткені нұрға толы жүзіңіз
мейірім шуағын шашып тұр! Бір көргеннен-ақ өзіңізге баурап
алдыңыз. Тағы бір ерекше есімде қалғаны: сіз тек казақ халқы-
ның ғана емес, бүкіл түркі тектес халықтардың арасынан шық-
қан алғашқы ғарышкер екенсіз. Кешіріңіз, аға, бірден танымай
қалғаныма.
— Оқасы жоқ, ондай-ондай болады.
Тоқтар Әубәкіров өзіне тән қарапайым да шуақты күлкісімен
езу тартты.
— Аға, — деді Карлсон,— Сіздің кездескеніңіз қандай жақ-
сы. Мүмкін, басқа біреудің ауласына түссек ренжіп, көкемізді
танытып жүрсе...
— Жоқ, — деді Тоқтар,— Казақтар кұтты қонақ келгеніне, оның
үстіне сендер сияқты сарыла күтер сыйлы достың табалдырықты
аттағанына қуанады. Ал, ауылға барғандарыңда тіпті тамаша
болар еді.
— Ауыл!
— Иә, ауылға. Нағыз қазақты көру үшін сонда бару керек.
Қуаныштың көкесі сонда. Ел іші дегенің таусылмайтын бір қа-
зына ғой!
Жаңа достар қайта қауышты...
— Сіз Гиннестің рекордтар кітабына жиырма рет еніпсіз.
Әскери ұшқыш-сынақшысыз, ғарышкерсіз. Авиация саласын-
дағы әлемдегі ең мықты деген адамдардың арасында ондыққа
кіресіз. Дыбыстан жылдам ұшақтарды сынадыңыз, тізгіндедіңіз.
Су жаңа, әлі ешкім мінбеген, дыбыстан жылдам ұшақта бірінші
болып аспанға көтерілу, оны алғашкы сынау, барлық жерде
де бірінші болу қорқынышты болған жоқ па?- деді Дымбілмес.
Батыр аға күлді.
— Иә, қуаныш пен қорқыныштың қатар жүретіні рас. Өйт-
кені алдыңда белгісіздік, жұмбағы мол, құпиясы жетерлік жұмыс-
тар. Бәрін де білуің, жеңуің керек. Біз барлық жылдамдықты
қас қағым сәтпен есептейміз. Ал, қас қағым сәттің оннан бір
244

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бөлігіндей уақытта салқын қанды шешім қабылдап үлгеруін
қерек! Ойлап көрші, сынақшы-ұшқыш деген өмір мен өлім-
нін ортасындағы сәттілік! Менін бар ерекшелігім, сол сәттілікті
ұстай білдім. Кррқуға қақым жоқ. Өйткені, соңымда тіреу, демеу
болып бір үлкен халық — Қазақ халкы тұрды! Жәй емес, аман-
дығымды тілеп, жанын шүберекке түйіп тұрды. Мені ерлік-
ке итермелеген, барлық кезде де жеңіспен оралуыма себепші
болған да сол халқымның ақ тілегі...
— Өмір жолыңыз қызықты оқиғаларға толы екен. Әр бас-
қан қадамыңыз аңыз. Біз сол жағын білгіміз келеді. Ертең өз
елімізге қайтқанда сіздің өмір жолыңызды үлгі етсек дейміз.
Сізбен кездескенімізді балалар естісе, сұрақтың астына алары
сөзсіз, -деді Карлсон.
— Шынымен, Тоқтар аға, бұл сияқты ғажайып кездесулер
тек ертегілер елінде ғана кездеседі. Біз сол әлемде жүрміз, — деді
Дымбілмес серігінің сөзін қоштап.
— Иә, есімің Дымбілмес болғанмен, білмейтінің жоқ екен,
- деді ғарышкер. - Бірақ сендер біздің елде, шындық өмірде
жүрсіндер. Мына бізді қоршаған қүбылыстың барлығы тірі
тіршілік.
— Біз тыныштықты аңсаған Тынық мұхиттың, буырқанып,
қойнауына сыймай жатқан Атлантиканың үстінен талай ұш-
тық. Суының өзі үрей тудырады. Толқындардың астынан жеті
басты айдағьар шыға келетін сияқты. Бірақ біз ұзындығы жарты
шақырым келетін соғыс кемелерін көрдік. Одан дірілдей ұшып,
әрен қонып жатқан ұшақтарды талай тамашаладық. Ал, сіздің
ұшағыңыз кішігірім ауладай ғана жерге емін-еркін қонып,
шаң шығармай қайта көтерілді. Оны көзінмен көріп тұрсаң да
әрең сенесің. Басқа біреулер айтса, ертек сияқты. Сонда дос-
тарыңыз қуанды, дұшпандарыңыз қызғаныштан жүректері
жарыла жаздады, — деді Дымбілмес тандана.
— Ух! — деді Карлсон.— Мен мұның бәрін кинодан көрдім бе
деп жүрсем...
— Иә, ондай жағдайдың болғаны рас, — деді ғарышкер. —
Бірақ әлемдегі тендесі жоқ, ғажап техниканың мүмкіндігі шек-
245

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сіз. Оның дыбыстан да жылдам ұшатынын айтсаң. Егер тоқта-
май ұшсаң, жарты тәулікте жер шарын бір айналып шығуыңа
болады. Тек жанармай жетсе болғаны! Мұндай ұшақтың салма-
ғы шамамен, Африканың ең үлкен деген он пілінің салмағы.
Немесе, өздерің жақсы білетін әлемдегі ең алып жануар — көк
киттің салмағындай.
— Жұрттар ойлайды, бірінші болған оңай деп. Мен мынау,
қол созым жерде тұрған Айға жол тартканымда каншама қинал-
ғаным есімде. Оңай болса, қазір неге бармасқа! — деді Дымбіл-
мес мақтана, қасындағы досына көз киығын сала,— Кейбіреулер
шатырдан шатырға ұшқанына, биік тал басына қонғанына, әр
үйден жеген тәтті-шырынына мәз.
— Бұл маған тиісіп жатыр, — деді Карлсон бойын ашу-ыза
кернеп.
— Жоқ. Екеуің де кереметсіндер. Сендерді барлық балалар
бірдей жақсы көреді,- деді Тоқтар төрелігін айтып.
Олардың сөзін кербез де әсем арғымақтың кісінеген дауысы
бөлді. Батыр аға қасына еркелей келген сәйгүліктін мандайы-
нан сипады. Екеуі тұмсық түйістірді. Бір-біріне деген еркеліктері
жарасып тұр.
— Сәл көрмесек бір-бірімізді сағынып қаламыз, — деді де
жан қалтасынан аппақ шақпақ қантты алып, арғымақтын аузына
салды.
— Аттың тұяғын қарашы, әйнек сияқты мөп-мөлдір, — деді
Дымбілмес.
— Ғажабын-ай! — деді Карлсон,— Жүзінді көріп, шашынды
тарауыңа болады. Мұндай да керемет кездеседі екен. Егесімен
үнсіз түсініскен жануарды бірінші рет көруім.
— Бұл — жылқылардың ішіндегі ең киелісі. Онымен үнемі
сырласып, іштегі шерімді тарқатып тұрамын. Менің ақылшым
да, жанымды ұғатын да осы арғымақ. Үйге кеш оралсам ат
қораға соқпай кетпеймін. Жарықтықтың тағатсыздана күтетінін
сеземін. Әр кез кірпік ілмей, ойнакшып, кісінеп, ысқырынып
тұрады. Күтеді, — деді ғарышкер.
246

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
***
Ертеңіне қоштасар сәтте Тоқтар аға қонақтарды қимай
щығарып салып тұрып:
— Міне, үйді көрдіндер. Біздін ауыл осы. Ұмытпай, қалаған
кездерінде келіп тұрындар. Қазақта: «Қуыс үйден кұр қол
шыкпа» деген. Мына арғымактардың ұнағанын мініп қайтындар.
Сендердікі. Ағаларыңның көзіндей көріп жүріндер! — деді.
— Рақмет, аға!
Дымбілмес пен Карлсонға бұл сөздер ғарыштан айтылған
бұйрықтай естілді...
Екі дос көпке дейін жаңағы бір әзірдегі тамаша кездесудің
ьістық әсерінен арыла алмады...
— Қазақстан деген ғажап ел екен, — деді Дымбілмес,— Тоқтар
аға — сол халықтын барлық ізгі қасиетін бойына сіңіре білген
ерекше жан. Бүкіл қазақтың жүрегі — Тоқтар Әубәкіров деп соғып
тұрғандай! Ал, ғарышкер ағаның жүрегіне бүкіл ғалам сыйып
тұрғандай!..
АЛТЫНШЫ ЕРТЕГІ
Олимп тауынын, құпиясы
немесе үш жүз спартандықтын біреуі
Екі құрлықты — Еуропа мен Азияны қатар мекендеген ға-
жайып елде өтетін дүбірлі туған күннен арнайы шақыру алмаған
Олимпиада отаны — Афины ғана еді. Оған кінәлі, әрине, Тазша
баланың өзі-тін.
— Көтере алмайтын шоқпарды беліне байлаған «батырым»,
егер үлгермейтінінді білгенде маған неге айтпадың?
— Қара басып, ұмытып кетіппін. Кешір, Күнікей, — деді
Тазша бала шын жүрегімен ақталып.— Есесіне барлық жермен
хабарласып үлгердім.
— Грек балалары бізден шакыру күтпей-ак өздері келуге
уәделесіпті. Ұят болды. Қызбысың деген, досының анғалдығы-
247

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
на ренжіп жүр. Бірақ өз қолынды өзің кесесің бе? Оның үстіне ең
жақсы көретін досы ғой!
— Мейлі, — деді Күнікей қыз.— Бәрі ойдағыдай аяқталды.
Кеш те болса, Афиныға хабар беруіміз керек. Ренжімесең, өзім
хабарласайын.
Күнікейдің қолы жеңіл екен. ¥ялы телефонының түйме-
шелерін тергені сол еді, арғы жақтан сөйлесуге таласқан бала-
лардың дауысы естілді.
— Мен!
— Жоқ, мен!
— Асықпаңдар, — деді қыз,— Ең алдымен саламатсындар ма?
— Калиспэра, калиспэра! — десті грек балалары өз тілдерінде
амандасып.
— Ағылшынша кайсың білесің? — деді Күнікей қыз.
— Жоқ, біз шет тілін енді ғана үйреніп жүрміз.
Бір-біріне жағаласып айтқан сөздерінен ештеңе ұқпаған ол:
— Мүмкін, орысша білетін шығарсындар? — деді.
- Жоқ!!!
— Онда қалай сөйлесеміз?
— Біздің арамызда Қазақстаннан көшіп келген бір «қазақ»
бар. Қазір, шақырамыз. Стас қайда?
Әшейінде кез келгені мүйіздеп жүретін бозбаланы қоше-
метпен іздестіре бастады.
— Сенімен туысқаның сөйлесемін дейді.
— Болсайшы тез, меніңше, хор қызының дәл өзі. Даусы
сыңғырлап тұр. Жолың болатын болды.
Анастас пен Күнікей қыз ұзақ әңгімелесті. Ақыры бірін-бірі
қимай қоштасты.
— Не айтты, түсіндірсейші? Бол!
— Қазір, — деді бала. — Ойымды жинақтап алайын... Бізді
қонаққа шақырып жатыр. Есімін сұрауды ұмытып кетіппін,
әйтеуір, бір жұмбақ баланың туған күні екен.
— Иә, білеміз, бұл оқиғаны. Қазір бүкіл Эллада шулап жүр.
— Эх, барар ма еді. Әттең...
248

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
***
Ғасырлар қойнауында неше бір қанды соғыстарды, жеңіс
пен жеңідістерді, қуаныш пен реніштерді ой елегінен өткізген
қарт Акрополь тұнжырап тұр. Бұл не көрмеген Акрополь! Жаң-
быр шайып, мәрмәр тастары мүжілген, азынаған желге тосқау-
ьіл бола шытынаған, ыстық күнге қақталып, жарылған, сон-
да да сырын берсе де сымбатын, айбатын бермеген Акрополь.
Бірак, бірақ сол қасіреттердің бәріне шыдаған, — акыры жең-
іп шыққан, бүгінгі ұрпақтың көзайымына айналған да сол
Акрополь! Ал, осы бір таңғажайып қалашықтағы үлкенді-кіші-
лі ғимараттар — кезінде кұдайлар мен патшалардың, олардың
уәзірлерінің тұрған үйлері. Сән-салтанат кұрған мәдени ошақ-
тары, әкімшілік орталықтары. Сол Акропольдың ең керемет
те, биік жерге орналасқан ғибадатханасы — Парфенон қашанда
қөз тартады. Оны көрген де, көрмеген де арманда...
Әрбір гректің ойламаса да есіне түсетін, ұйықтаса түсіне
кіретін ұлы кұрылыстың маңында бір топ баланың асыр салған
айқай-шуынан айналаның шаңы шығып жатыр.
— Төбелесейік, жеңген барсын, — деді сотқарлау біреуі бұл шық
еттерін ойнатып.
— Жоқ, — деді екіншісі,— Жаяу жарысайық. Озып шыққанды
жіберейік.
— Пифагордың шешімін таба алмай кеткен есебін жарысып
шығарайық,- деді кішкентай көзілдірікті бала.
— Қойшы сені, каникулда сабақ оқып...
Кұн ұзақ таласып, «ит жығыс» шешімге келген олар ең
соңында жеребе тастауға келісті. Ойламаған жерден қуанышты
сөз жазылған қағаз Анастастың қолына түсті.
— Бұл әділдік емес, қайтадан тартамыз, — деді ересектеуі.
Ашу-ызасы бетіне теуіп, танауы едірейе.
— Бұл баланың ата-анасы Қазақстаннан көшіп келген. Сонда
қалай, өз атамекеніне бармақшы ма?
249

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Шынында да, біз оны: «Қазақ, қазақ, аяғың неге балпақ,
бұтың неге талтақ?!» деп бекерден-бекер мазақтамаймыз ғой!
Жоқ!
— Кіндік шешесі де қазақ әйелі көрінеді. Оны екінші Анам
дегенін талай естігенмін.
— Бәсе, мұның есімі неге Анастас деп үлкен әріппен жазыл-
ған десем,— Бұл көрші деп жүрген Папандополонын сөзі. «Мен
сені айнымас дос па десем, нағыз сатқынның өзі екенсің ғой!..».
— «Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені» деген. Мейлі, барсын. —
Бұл — әлгі көзілдірікті «доцент». Өзі әліне қарамай әділ-ақ.
— Жоқ, әкел бері жеребені, кайта тартамыз!
Анастас тілдей қағазды қолына қысып алды да, қаша жөнелді.
— Ей, қорқақ, бері кел! — Бұл сөз баланың жүрегіне шегедей
қадалды.
— Жоқ! — деді ол,— Мен сендердің малайларың емеспін! Мен
— спартандықпын!
— Көрсетейін, бәлем, үлкенді сыйламағанды. — Ересектеу
біреуі ашуланып, орнынан атып тұрды. Ашу-ызадан құлағына
дейін қызарып кетті.
— Ұстандар, қақпаның бағанасына байлап қояйық.
Қарай көр, өзін! Сотқарлығын, — деді кекетпесе тілі, соқтық-
паса алақаны қышып тұратын, көрші ауланың баласы. Қал-
ғандары, жел қай жақтан тұрса, солай қарай иілуге әзір жүретін
Хапсалистер.
Алаңның шаңы қайта көтерілді. Анастас Акропольды ай-
нала қашып келеді. Қуғыншылар қалар емес. Міне, міне, қолға
түсуге сәл-ақ қалды... Енді қай жаққа... Ұсталса, «сазайын тарта-
ры» сөзсіз. Ол Акропольдың бағанасына өрмелеп, ғимараттың
үстіне шықты.
— Қап, бәлем, көр де тұр! Ұстап алсақ сыбағанды аямай
береміз.
— Қайда барады дейсің, шаршаған соң түседі, — деді екіншісі.
— Біраздан кейін төбесінен күн өтеді. Шөлдейді, қарны
әбден ашқан соң жалынып-жалбарынады. Сонда ерінбей мыңға
250

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
дейін санап, кешірім сұратамын, — деді мұрнының үстіне тағы
бір мұрын жапсырғандай үлкендеу біреуі.
Көрші көшенің соткар балалары айналсоктап кетпей-ақ
қойды. Шынында да, Анастас әбден қалжырады. Шөл қысты.
Қарны ашқаны соншалықты, тамақжегісі де келмей қалды. «Қазір
кдраңғы түседі. Анам іздеп жүрген шығар. Бұл қылығымды әкем
көрсе...». Бала осылайша ойланып жатып, талықсып ұйықтап
кетті. Түсінде... Түсінде... Тура өңі сияқты...
— Ей, балақай, саған не болған? Екі кештің арасында дені сау
адам ұйықтаушы ма еді! - деген дауыс естілді.
— Ағатай, мен қорқып жатырмын. Егер түссем, балалар ұс-
тап алады да, алақандарының қышуы қанғанша төмпештейді.
Онымен қоймай келемеждеп, маза бермейді. Олардың бүйткен
қорлығына шыдағанша, тас мүсін болып қатып қалғаным
жақсы. Төбелесейін десем әлім жетпейді. Қолымнан келер басқа
амалым жоқ...
— «Басқа түссе, баспақшыл» деген. А, қорлыққа көнбегенің
дұрыс-ак екен. Жігітсің, жігітсің!..
— Аға, сіз кімсіз? — деді бала ұйқылы-ояу.
— Мен — спартандықпын. Естуің бар ма еді? Сені Грек
құдайларының құдайы — Зевс ертіп кел деп арнайы жіберді. Тұра
ғой енді.
— Зевс?!
— Иә, дәл өзі.
— Ол кісі мені танымайды ғой.
— Жоқ, Зевс барлығын біледі, көзге көрінбесе де жоғары-
дан байқап отырады. Әсіресе, балаларды жанындай жаксы
көреді. Ал, сені «қазақ» деп орынсыз мазақтайтынын өз құла-
ғыммен естідім, — деді спартандық,— Жүр. Таң атқанша жетуіміз
керек.
Олимп тауы көзге жақын көрінгенмен біраз жер екен.
Ержүрек спартандық жауынгер баланы жетектеп алып, та-
биғаты керемет, Күн нұрының шуағы мәңгі төгілген жерге карай
бет алды. ¥зақ жүрді. Демалуға да мұршалары келмеді...
251

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Олар Олимп тауына да жетті. Аспанды тіреп тұрғандай көр-
інген зәулім ғимараттын ішіне кірді. Үлкендігі ат шаптырым-
дай сарайдын әшекейі көздің жауын алғандай. Аппак мәр-
мәр тастар бөлменің ішін нұрландырып жіберіпті. Ал, піл
сүйегінен жасалған патша тағының иіндеріне мықты болсын
деп Сусиырының екі карыс келетін азу тісін шегеше қағыпты.
Төрде, сол тақтың үстінде грек құдайларының құдайы — Зевс
отыр. Жоғарғы Әмірші қалың ой құшағында. Қолында — ал-
тынмен апталған, гаутьармен әшекейленген әмірші таяғы. Жалт-
жұлт етеді.
Арнайы шакырылған қонақтар сәл ілгері жүрді де, кібіртік-
теп тұрып қалды.
— А-а, кіріңдер, қысылмаңдар, — деді Жоғарғы Әмірші,-
Көптен бері Акропольдің ауласында балалардың сыңғырла-
ған шуақты күлкісін естімеп едім. Бұл — қасиетті де қастерлі
жер! Соны түсінгендіктен бе, осында келгендер бір-бірімен
сыбырласып сөйлеседі. Кейде достык рәуіште айтқан әзілдерін
көтере алмай ренжісіп жатқандарын көргенде кынжыламын.
Меніңше, бұл жер ашық ойдың, достық құшақтын қауышатын
ордасы болуға тиіс. Қашаннан да солай-тын...
Бала да, көпті көрген қайсар спартандық та жанарларымен
жер шұқығандай төмен қараған күйі үнсіз.
— Жасыма, балам, басыңды көтер! Сен ержүрек спартан-
дықтардың ұрпағысың. Бұдан былай ешкімге, ешқандай жағдай-
да да тізенді бүкпе, басыңды име! Кіммен сөйлессең де, мейлі
ол үлкен, не кіші болсын көзіне тіктеп қара, жасқанба. Егер
жанарыңды сәл тайдырсаң — онда жеңілгенің. Әділетсіздіктің
өзі үстемдік құрып шыға келеді, — деді Зевс өктем сөйлеп,— Ал,
әке-шешеңнің Қазақстан деген жерден көшіп келгенін мен
жақсы білемін. Тағдырдың тауқыметі солай болған-ды. Оған
кінәлі емессіңдер. Ұрпақтың басынан — бақ, алаканынан дәу-
лет кеткен заманға ұшырадындар. Сол кезде сендерге, мындаған
Эллада ұландарына Қазақстан пана да, кұшағын жайған Ана
252

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
да бола білді. Иә, ол елді жақсы көретіндерінді, онда тама-
ща бауыр-достарыңның калғанын түсінемін. Адам баласы бы-
лай тұрсын, бүкіл жан-жануар, аң-кұс, тіпті сөйлейін десе тілі
жок, жүрейін десе аяғы жоқ балықтар да туған жерін сағынып,
аңсайды екен. Сен әлемнің қай бұрышында өмірге келсең де,
бәрібір Грекияның ұланы, мына спартандықтардың ұрпағысың.
Бұнымен мақтануың керек!..
Осы сөздерді естіген бала да, қасындағы ержүрек спартандық
та бойларын тіктеп ұстап, иектерін жоғары көтерді. Беттеріне қан
жүгіріп, жүректері алып ұшты.
— Ал, спартандық, саған арнайы тапсырма бар. Мына
баланы Атажұртына абыроймен аттандыруға дайындал. Әке-
шешесінің, өзінің туған, кіндік қаны тамған жерін, тай-құлынша
тебісіп өскен достарын көріп қайтсын... Өзің сияқты ержүрек
жауынгер етіп тәрбиеле. Ұлы Грекияның алтын дәуіріне, оның
бай да қайталанбас тарихына саяхат жасат. Акропольде өт-
кен салихалы жиындарды тындасын, Амфитеатрда қойылған
қойылымдарды тамашаласын. Троян соғысын, спартандық-
тар көтерілісін, үш жүз спартандықтың ерлік шайқасын сыр-
тынан бақыласын. Бәрін көріп, жүрегіне жалын ұялаған соң
кайта жолығармыз. Қалған әңгімені сонда айтармын, арнайы
тапсырманы сонда ғана берермін!
— Иә, — деді спартандық.
— Онда барыңдар!..
Спартандық Анастасты қолынан жетектеп, оны шаршаған
кезінде көтере, өз баласындай әлпештеп, тарих қойнауына
еніп бара жатты... Біздің дәуірімізге дейінгі екінші, үшінші
мыңжылдыкка, жоқ, бесінші мыңжылдыққа аяк басты...
Алыстан, бірде жақыннан көңілді әуен естілді. Қыз-жігіттер
сертаки биін билеп жүр.
253

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ережесі бар ережесіз төбелес
...Біздің дәуірімізге дейінгі жеті жүз жетпіс алтыншы жыл.
Грекия. Афины. Акрополь. Алғашқы Олимпиадалық ойындар-
дың алауы жанып тұр... Жаздың ең ыстық күні — маусым айы.
Қала мереке құшағында, әсем гүлдердің көптігі соншалық, ас-
паннан алқызыл гүл дестелері жауған сияқты... Жарысты тамаша-
лауға келгендер легі толастар емес. Олар - көршілес Сицилия-
дан, Италия мен Африкадан, Кіші Азия елдерінен келгендер.
Ал, мынау бір керемет дәстүр — Олимпиада алауы жанып тұрған
бес күн бойы елдегі дау-жанжалдар, қанды соғыстар тоқтайды
екен. Алып-сатарлар да әділ сауда жасайды. Қиылып сұра-
са, қалаған затын тегін-ақ бере салады. Әшейінде соқтығы-
сып, көшеде жүргізбейтін «қалта қағарлар» да ұрлықтарын қой-
ып, сыпайы бола қалыпты. Осы зандылықты бұзғандар, мейлі,
дәулеті тасыған бай, не тақыр кедей болсын, көп мөлшерде
айып төлеген. Ал, ойынды тамашалауға алыстан келген жан-
күйерлер грек құдайларынын патшасы — «Зевстің қонақтары»
атанып, ерекше қамқорлыққа алынған. Осы бір көріністі көре
салысымен: «Қандай керемет, әділдік дегенің осында екен
ғой!» — деді Анастас қуанышын жасыра алмай.
— Иә, әлемдегі ең керемет ел — біздің ел. Ғылымы ғаламға
тараған, мәдениеті мен әдебиеті тандай қақтырған, ұлдары ең-
бектеп жүріп, әріп таныған, ал, жеті жасынан қанжар ұстап, са-
дак тарткан, қысқасы, ержүрек атанған ел едік, — деді спартандык
балалық шағын есіне алып.
— Сонда сіз жас кезіңізден-ақ нағыз ержүрек жауынгер
атандыңыз ба? — деді Анастас.
— Грекияға кімдер көз тікпеді. Тоғыз жолдың торабында —
Еуропа мен Азияға, Африкаға баратын, Батыс пен Шығысты
жалғастыратын, төрт теңіздін төсі түйіскен жол айырығында
тұрдық. Үлкенді-кішілі мың аралымыз, сыңсыған мандаринді
бағымыз болды. Соғыстан соғысқа жалғасқан замандарда жетіге
254

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
толған әрбір баланы ата-анасынан айырып, спарта мектебіне
алатын. Оларға талап ересектермен бірдей-тін. Найза лақтырып,
садак атып, ұзакты күн соғыс өнерінің құпияларын үйрен-
дік. Қайран, баламысың деген, өкпелерінің өшкеніне қарамай
жүгіретін. Құлап қалса, не сүрінсе, оларға ешкім қол ұшын бер-
мейтін. Өзің тырмысып, тұра салысымен қайта жүгіретінсің. Ал,
спарта мектебіне жарамай, үйіне кері кайтқан балалар шіріген
жұмыртқа саналып, өмірінің соңғы күндеріне дейін бейшара тір-
шілік кешетін. Мен мындаған грек ұландары сияқты спартаның
ерлік мектебінен өттім...
Бала спартандық ағаны одан сайын жақсы көріп кетті...
— Көрінген нәрсеге көңіл бөлме. Әділдік пен әділетсіздік кай
заманда да катар жүрген, — деді спартандық,— Одан да, мұндай
мүмкіндік бола бермес, жарысты жақсылап көріп алайық. Тарих
қойнауына саяхат жасау, оның бел ортасында жүру, аса жоғары
құрмет. Бұл — ең алдымен саған көрсетілген марапат.
— Аға, кешіріңіз! Әділетсіздікті көргенде шыдай алмаймын.
Мен дүниеге келген күні кіндік шешем құлағыма сыбырлап:
«Әділ бол, кешірімді, қайырымды бол. Үлкенді сыйла, ананды
ардакта, кішіге қамкорлық жаса!» — депті. Сол сөз менің санамда
сакталып, жүрегімде әлі күнге дейін сайрап тұр.
— Оның дұрыс-ақ екен. Бірақ біз қазір тек көрерменбіз.
Тарихтың өткен күндеріне түзету енгізуге хақымыз жоқ. Ме-
нің қаншама дос-туыстарым сол әділдік үшін құрбан болды. Бү-
гін соларды іздеп жүрмін. Мүмкін, біреу-міреуін кездестіріп
қалармын...
...Дауылпаздардың тарсылдай соғылған дүрсілі, күміс сыр-
найдың саңқылдаған үні қайта жалғасты. Жарыс басталып та кетті.
Жанқиярлықпен төбелесіп жатқан екі спортшы ап-анық
көрінді. Әбден шаршаған, өздері анадан жаңа ғана туғандай -
тырдай жалаңаш. Таңертеңнен кешке дейін жұдырықтасқанға
ұқсайды. Жігіттер бір-біріне дес берер емес. Үстері малмандай
су. Денелерінің терлегені соншалық, жұдырықтары тисе

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
терлері су бүркігендей шашырайдьі. Топырағы аспанға шығып
жататын аядай ғана алан жаңбырдан кейінгі көшедей малмандай
батпақ. Тайып жығылардың аз-ақ алдында. Ойыннын шарты
бойынша бірін-бірі ұрып жыққанша төбелесуі керек.
— Ах, — деді бала,— Мынау тіпті дұрыс емес қой! Төреші неге
ойынды тоқтатпайды?!
— Мен байқамай қалдым, не болды өзі? — деді спартандық.
— Анау боксшының қатты соққыдан тістері опырылып түсті.
Қаны саулап, тоқтар емес. Ал, ол болса, түкіріп тастаудың орнына,
түскен тістерін ешкімге көрсетпей жұтып қойды.
— Иә, олай етпеске амалы жоқ. Егер төреші байқап қалса, онда
ойынды тоқтатады, — деді аға,— Өзі бір қайтпас қайсар. Нағыз
спартандык.
Ойын кас қарайғанша жалғасты. Әйтеуір әлгі жігіттің жүйкесі
де, қажыр-қайраты да мықты екен. Женіп шығып, Олимпиада
чемпионы атанды...
42195... немесе марафон жарысы
...Парсы патшасы Дарий бірінші Грекияның кала-
ларына өз елшілерін жіберді. Ондағы ойы: «Мен патшалардың
патшасымын. Бүкіл грек елі менін ашсам — алаканымда, жұм-
сам — жұдырығымда болуы керек», — дегенді түсіндіру еді.
Шындығында да, парсы әміршісінің қаһары сонау Индиядан
Жерорта теңізіне дейінгі аралықты мекен еткен халықтардың
барлығына аян-тын. Оған қоса күні кеше ғана Дарийдің әскер-
лері бас көтерген гректерді аяусыз талқандаған. Жақсы жабдык-
талған парсы жауынгерлеріне қарсы төтеп беру, шындығында
да, тозаққа өз еркіңмен барғанмен пара-пар еді. Бірақ, сонда
да, Грекияның екі қаласы жауға оңайлықпен берілмейтіндігін
ашықган-ашық айтыпты. «Енді жерлерің де, суларың да біздікі»
деп масайрап келген елшілерге спартандыктар: «Сендерге жер
керек болса, мә, жендер!» — деп ауыздарына топырақ құйыпты.
256

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Одан соң «суды өздерің ішіңдер», — деп тірідей құдыққа тастапты.
Сөйтіп, Афиныға келген барлык елшілер өлтіріледі.
— Маған күніге, түскі астың алдында Афиныны есіме салып
тұрындар! — деді патша ашу-ызаға булыға.
— Иә, иә, бұл сұмдықты ойдан шығаруға болмайды, әміршім,
- десті уәзірлері.
— Афинылықтар Кіші Азия гректеріне көмекке жиырма
бес соғыс кемесін жібергенін де естен шығармаған жөн, — деді
екіншісі.
— Ертең-ақ бәрін, бәрін тұншықтырамын. Акрополін жер-
мен-жексен етемін. Амфитеатрын көміп тастаймын, — деді жоға-
ры әмірші қаььарланып. Елшілердің бастан кешкен тағдырлары
есіне түссе: «ішкені у, жегені желім» сияқты көрінді.
Арада бірнеше күн өткен соң жақсы жабдықталған парсы-
лардың соғыс кемелері Грекияға аттанды. Бірақ ауа райы күрт
бұзылып, теңізде алты құлаш толқын көтерілді. Сөйтіп, кейін
қайтуға мәжбүр болды. Жол-жөнекей ең мықты деген кемелері су
түбіне батты. Мұны естіген патша жындануға сәл-ақ қалды.
— Маған Датис пен Артафенді шақырындар! Гректерге қар-
сы соғысты енді олар басқарады. Ал, кемелерді құртқан қор-
қақтарды майданның ең алдыңғы шебіне жіберіндер. Жалаң
аяқ, жалаң бас жүрсін. Қолдарына найза емес, таяқ ұстатындар!
— деді патша қақалып-жөтеліп,— Көрсін, менің мақтаған әскер
басыларымның су жүрек екенін...
Иә, Афиныға, шынында да, қауіп төнді. Үлкен жерден кө-
мек сұрауды ұйғарды. Жаушылар жолға шықты. Олар құсша
ұшып, екі күн дегенде спартандықтарға жетті. Болған жағдайды
толық баяндап, қаһарлы жауға төтеп бере алмайтындықтарын
айтты. Көмек сұрай келгендерін де жасырған жоқ. Бірақ спар-
тандықтар қазір жәрдемге бара алмайтындықтарын ескертті.
Жаушылар салдары суға кеткен балықшыдай кейін қайтты.
Ендігі шайқастың оңай болмайтыны белгілі еді. Ес білген
азамат қолына қару алды. Бір айта кетері, бұдан бұрынғы соғыс-
257

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тарды қолбасшылар кезектесіп басқаратын. Ал, бұл шайқастың
бар жауапкершілігі тек Мильтиадқа жүктелді. Жаңа қолбасшы
әскерлерін қаладан қашықтау марафон жазығына алып келді.
Біздің дәуірімізге дейінгі төрт жүз тоқсаныншы жылдың
он үшінші қыркүйегі. Бұл — марафон жазығындағы ұлы шайқас
басталған күн...
— Жүр, тезірек! Марафон жазығына бәрінен бұрын баруы-
мыз керек, — деді спартандық. Әйтпесе, жойқын соғысты көре
алмай қаламыз.
— Кеттік!
Екі дос кан майдан шебіне жеткенде соғыс әлі басталмапты.
— Мен өз жолдастарымды іздеп жатырмын. Мүмкіндік
болып тұрғанда көріп алайын. Сағынып кеттім...
Спартандық баланың қолынан жетектеп алды да, жауын-
герлерді аралап өтті. Барлығы тура кешегідей көз алдында. Мы-
нау спарта мектебінің түлектері ғой! Қайсарлығына күмән жоқ.
Білектері құрыштай мықты. Бастарында дулыға. Сол қолда-
рында үлкен қалқан да, оң қолдарында сабы ұзын, жүзі өткір
найза. Бірақ неге екені белгісіз, бәрі жалаң аяқ. Жердегі тіке-
нек шөптерді, үлкенді-кішілі үшкір тастарды елер емес. Аспанда
кейде көңілді, кейде мұңға толы әуен қалықтайды...
Кенет, ойламаған жерден соғыс басталып та кетті...
— Анау төбенің басына шығайық. Абайсызда қаңғыбас жебе-
лердің бірі тиіп, құрбан болып жүрерміз, - деді спартандық.
Екеуі алды-арттарына қарауға шамасы келмей жүгіріп келе-
ді. Айнала қыран-топан шайқас. Кісінеген ат, күңірене шыққан
дауыс. Кенет, жау жебесі қарша борады. Анастасқа алғашқыда
бәрі де қызық көрінген. Бірте-бірте жиіркенішті бола бастады.
Төмен қарап еді, жаралы жауынгерлерден аққан қан тобыққа
жетіп қалыпты.
— Жоқ! — деді бала.— Неткен қатыгездік! Кетейікші, көргім
келмейді. Қорқамын!..
— Сәл шыда! Мен достарымды әлі жолықтырған жоқпын.
Ең болмаса, біреуін тауып алайын. Көрейінші! — деп өтінді
258

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
спартандык- ~ Әне, анау — біздің батальон. Есімдері есімнен
Піығып калыпты... Ал, анау, жүгіріп бара жаткан мен сиякты
екен. Ен шеткісі...
Бала одан әрі майдан даласына қараған жоқ. Биік төбеге қа-
рай жүгірді.-
***
...Шыбын жанын шүбірекке түйе, екі өкпесін қолына алып,
жүгіріп келе жатқан адам көрінді. Денесінде жараланбаған сау
жері қалмаған. Аппақ жейде-күртешесі қып-қызыл қанға боян-
ған. Еріндері бір-біріне жабысып калғаны соншалық, жол-жө-
некей кездескендерге тіс жарып ештеңе айтуға да, тіпті көзінің
алдына үймелеген көк шыбынды кағуға да шамасы жок...
— Жүр, көмектесейік, қазір кұлап калса, онда орнынан тұра
алмайды, — деді бала спартандыкка қарап.
— Жоқ, — деді ол,— Оған ештеңе жасай алмаймыз. Бәрібір
бізді көрмейді, сөйлеген сөзімізді ұқпайды да. Бұл — осыдан
жиырма бес ғасырдай бұрын «жеңіс» деген хабарды алып,
толарсақтан қан кешкен майдан даласынан Афиныға, әкімші-
лік орталыққа жеткізуге асыкқан ержүрек грек жауынгері ғой.
Оның бар мақсаты — қуанышты жаңалықты елге алып бару. Одан
соң өле берсе де арманы жоқ...
Әлгі жауынгерге қол ұшын бере алмағандарына кынжылып,
қатарласа жүгіріп отырды. Жолдың да ұзақтығы-ай, Афины-
ға жету мұң болды. Алыстан әйелдердің зарлы жоқтауы естілді.
Балалар әлгі жауынгердің алдынан шықты. Ол сонда ғана
еркінсіп, бар күшін бойына жинап «Жеңіс!» деген сөзді айт-
ты да кұлап түсті. Бейшара 42195 метр жол жүріп өтіпті. Халық-
тың қуанғаны соншалық, бір-бірінен сүйінші сұрап, ақыры
думанды мерекеге ұласып кетті. Бірақ әлгі жауынгер сол жатқан
жерінде елеусіз қала берді...
Грекия аспанында сертаки әуені қайта қалықтады...
259

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Осы бір ерліктің куәсіндей болған марафон жарысы әл|
күнге дейін жалғасып келеді... 42195 метр...
***
Ержүрек спартандық пен бала Акропольдің маңындағьі
Амфитеатрдың қасына келді. Онда бір топ ақсақалдар қойылым
тамашалап отыр екен. Арасында Аристотель, Сократ, Гомер,
Пифагор, Геродот, Софокл, Эврипид, Демокрит, Платон... кілең
ғұламалар. Солардың ішінен грек құдайларының құдайы Зевс
ерекшеленіп тұрды. Ол әлгі екеуін өзіне шакырды да, касындағы
ғұламаларды таныстыра бастады.
- Мен қателеспесем, Қазақстанға баратын бала ғой, — деді
көңілді де қоңыр үнімен Аристотель.
— Иә, — деді Анастас қуаныш сезімін жасыра алмай.
— Қалай, Грекияның өткен тарихы ұнады ма?
— Рақмет, тұнып тұрған аңыз, керемет екен. Бірақ менің
спартандық досым өз жолдастарын іздеп таба алмады. Сол жағы...
— Ер жүрек жауынгерлердің жаны көгершін болып, әлдека-
шан аспанғаұшып кеткен. Оларды сонан іздендер! — деді мандайы
жазықдаладай адам.
— А-а-а...— Бұл Сократ болуы керек, — деді бала ішінен.
— Ең алдымен, барар елдің ұландарына біздін достык
сәлемімізді жеткіз. Фараби баланың туған күніне Олимпиада
алауын алып барындар! Ерте ме, кеш пе, ол елде әлем көз тіккен
нағыз Олимпиадалык ойындар өтеді, — деді Зевс жайдары үнмен.
— Рақмет, сізге! Айтқан сөзіңізді жеткіземін, — деді Анастас.
— Білем, сенің нағыз қайсар бала, жігіт екенінді. Ал, Қазак
елі үлкен спорт додасын өтізуге әлдеқашан дайын. Мен біле-
тін, мен естімеген күш атасы ол жақта қаншама! Сонау Арий-
лер, Сақтар, Ғұндар, Түркілер, Қазақтар... олар өз дәуірлері-
нің қайсар да жауынгер перзенттері, озық ойлы ғұламалары
емес пе еді! Еділ патша... тіпті кейінгі деген Қобыланды батыр,
260

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ
ддпамыс батыр, Қамбар батыр... Барлығы шетінен қағьарман,
қүміс көмей әнші, қысқасы, Ұлы даланың дархан мәдение-
тін бойларына сіңіріп өскен дана халық. Солардың: «Ұлық бол-
сай, кішік бол!» деген қарапайым ғана сөзінен көп нәрсені
үйренесін, ұғасың. Менің бір-ақ тілек-арманым бар! Ол спорт
пен бейбітшілік мерекесінің символы — Олимпиада алауын көзі-
нін қарашығындай, кіршіксіз ар-намысындай сақтасын. Көр-
піі елден тамашалауға келген құрдастарына көрсетіп, мактанып
жүрсін. Бұл алауды мен Қазак балаларына арнайы жіберіп
отырмын!.. Әттең, кейде адам баласы да қызық қой! Адамзаттың
ен алғаш кіндік қаны тамған, тәй-тәйлап аяқ басқан жерін
ұмытып кететіні. Мен ұмытпасам, Жер кіндігі сонау Қазығұрт
тауынын басында емес пе еді?
«Қазығурттың басында кеме қалған,
Болмаса ол әулие неге қалған...» —
деп, Қазақтар бекерден-бекер жырламайды ғой. Соның сыры-
на әлі күнге дейін толық мән бермей келеміз. Көр де тұр, егер
сол Қазығұрттың бөктеріндегі аткылап жатқан бұлақтардың
түп тамырын, екінші арнасын іздесең тура жер шарының арғы
бетінен шығады. Судын құрамы да, тіпті дәмі де, мөлдірлігі де
дәл сондай болары сөзсіз... Естеріңде сақтандар, Қазығұрттың
маңынан, «Ғайып Ерен, Қырық Шілтен» деген қасиетті жерден
өтесіндер. Оған кіре берісте бұлак ағады. Суының дәмінің өзі
үш түрлі: оң жағында — дәмді, ортасында — кәдімгідей, ал бер-
гі шетінде — қышқылтым. Осы құдіретті судан нәр татындар!
Оның бір ғаламаты сендерге өмірлік күш-қуат беріп жүреді...
Зевс күш атасы Гераклді шақырып алды да:
— Сен Олимп тауындағы Олимпиада алауының ең үлкен
ұшқынын мына балаға бер. Ол сол алауды Астанаға жеткізсін.
Көп емес, күніге 42195 метр жүгіріп отырындар. Бұл бабалар-
дан қалған, солардың асыл арманын жалғастырып келе жатқан
261

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
қасиетті сан! Қадағала, көмектес, шаршаса арқалап ал, тоңса
жүрегіңнін жылуымен жылыт, қорған бол! Бұдан былай баланың
мандайынан ешкім қақпайтын болсын, байқа, басыңмен жауап
бересің!!!
Зевс сөзін шегелеп айтқан соң, күш атасы Гераклде қауқар
бар ма? Болды. Алып адам жас балаша томпаң қағып жүгірді...
***
Шынында да, Геракл ақ жарқын жан екен. Тек, үлкен,
ебедейсіздеу демесең, жүрегі елжіреп тұр. Жайылып төсек,
иіліп жастық болуға дайын. Ол Олимп тауының биік шыңына
шықты да, Олимпиада алауының ең үлкен жалынын жұлып алды.
— Мынау жарай ма? — деді Анастасқа көрсетіп.
— Жетеді! — деді бала.
— Онда мықтап ұста, бұл — сенің алауың! Фарабиге өз
қолыңмен тапсырасың.
Үш жагьанкез бір үйдің, Ұлы Грекияның ұландарындай ұзақ
жолға аттанды. Белгіленген келісім бойынша күніге 42195 қа-
дам жүгіріп отырды. Алда оларды қиын да қызықты, шытырман
оқиғалар күтіп тұрды...
Алда жұмбақ елдің жұмақ жері, ғажап Қазақстанның ерке
ұландары күтуде еді...
ЖЕТІНШІ ЕРТЕГІ - ШЫНДЫҚ
Сен туған күн...
Фараби бүгін де достарымен берге Хан шатырын тамаша-
лады. Керемет құрылыс. Ішіне бүкіл жер шары сыйып тұрған-
дай. Астанадан бір қадам аттап шықпай-ақ әлемдегі ең ғажап
деген табиғат құбылыстарын — көктем мен жазды тамашалай
262

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІН,
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
аласын. Мұхиттың асау толқындары, Күннің мейірімді шуағы —
бәрі, бәрі көз алдында, алақанында тұрғандай!
— Бүгін күн қандай жақсы! — деді Фараби.
— Ал, ертең одан да керемет, шуакты болады, — деді Күнікей
қыз.
— Оны қайдан білдің? — деді Тазша бала.
— Өйткені — Фарабидің туған күні.
— А, а-а, сенің туған күнің келіп қалыпты ғой. Мүшел жас-
тан шығасың. Жігіт болды деген осы! — деді әкесі.
— Үйге кімдерді шақырдың? Дайындалуымыз керек, — деді
анасы.
— Жоқ, ана. Әлі ешкімге айтқан жоқпын. — Фарабидін жауа-
бы көңілсіз шықты.
— Кешір, Фараби. Сіздер де, көке, апа, кешіріңіздерші мына
бізді. Өткен жылы біз Күнікей екеуіміз зерігіп жүріп, Фарабидің
туған күніне әлем ертегілерінің барлық кейіпкерлерін шақырып
қойып едік, — деді Тазша бала.
— Жоқ, кінә менен. Сол кезде өзіңмен ақылдаспаған, — деді
Күнікей кыз.— Тек ренжімеші!
— Біз дәл мұндай болады деп ойлаған жоқпыз. Сөйтсек, бәрі
келуге тілек білдіріпті, — деді Тазша,— Міне, енді бір сағаттан сон
алғашқы қонағымыз келе бастайды.
Фарабидің әкесі аң-таң. Оқиғаның толық мән-жайын
түсінбей тұр.
— Бәсе, кешелі бері Қаңбак шалдың амандасуы жиілеп
кетіп еді. Көрінбейтін Керқұла атты Кендебай да жүрген, — деді
анасы.
— Ым, әшейінде шақырып келтіре алмайтын Жалқаубек пен
Шық бермес Шығайбай да осында. Ей, патшағарларым-ай! —
деді әкесі.
— Олар өзіміз ғой. Ал, шетелдің дүрлігіп жатқанын қайтеміз?!
Карлсон мен Дымбілместі келді деп естідік. Қазір Тоқтар аға-
ның үйінде екен, — деді Тазша бала.
263

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Үндістер кеше кешке жетіпті. Қазір қала маңындағу
Тайтөбеде арғымақтарын суытып жатқан көрінеді.
— Айтұмарын кұшақтап Маугли де, Жапон кызы Юнико,
Африкадан... Олимптауынан... Көршілер ше?.. Қалғанынұмытып
қалдым...
Тазша бала мен Күнікей қыз тоқтар емес. Сабаққа жақсы
дайындалып келген оқушы сияқты...
— Қой, біздің бұлай тұра бергеніміз жарамас. Сен базарға
жүгір, мен Рамсторға барайын, — деді анасы,— Тойдың бәрі біздің
үйде екен ғой.
Тазша бала мен Күнікей қызда үн жок. Үрлық жасаған
мысықтай жан-жағына жалтақтай қарайды.
— Отағасы, тұра тұрыңыз, — деді Алдар аға. — Бұл енді
бүкілхалықтық мереке. Сондыктан, көзайым жаңалықты ең
алдымен Аса Жоғарғы Мәртебелі Хан иеме жеткізейік. Елімен
бірге қуансын, халқымен бірге тойласын!..
«Осы Алдар ағаның тапқырлығы-ай! Іздеген кезде қасың-
нан табылатыны, қиналған сәтте көмегінің дайын тұратыны», —
деді Тазша бала Күнікей қызға сыбырлап.
Кенет, кенет, Фарабидің жүзі нұрланып сала берді...
Сол сәтте бүкіл әлем құлпырып кеткендей еді...
***
Үндістерді күтіп алуға Фараби, Тазша бала мен Күнікей қыз
Астана маңындағы көне қаланың орны — Тайтөбенің қасына
келді. Бұл қорған — Сақ дәуірінен қалған қасиетті жер-тін. Қадірлі
қонақтар оларды көріп, қуанып қалды. Фараби жетпіс жеті
арғымақты аралап шықты. Жалынан сипады, мандай түйістірді.
Аттар кісінесті, түсіністі. Жарықтық жануарлар бәйгеге түсер
сәйгүліктердей ойнақшып, билеп тұрды. Тұяқтарындағы алтын
тағалары от шашады...
— «Жылқы — ер жігіттің қанаты» дейді халқымыз. Бұдан
артық құрмет те, сый да жоқ. Рақмет! Енді, Чинга көке, мына
арғымақтарды еркіндікке жіберейік. Ен даланың ерке дүлдү-
264

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
лі болсын. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, сарыла
күткен еркіндігінің куәсіндей азат өмір кешсін. Тағаларын
алындар! Сарыарканың төсінде ойран салып, ақ бөкендерімен
харыссын. Өр Көкшенің сексен көліне рақаттана шомылсын.
Қаспийдің асау толқындарын тамашаласын. Тынық, Атлант
^іұхиттарын есіне алсын, сағынып қалған шығар! Үстірттің
хотасымен армансыз, тұяғының құрышы қанғанша шапсын.
днд тауларының бөктерін сағынып қалған шығар! Алтайдың
ару маралдарымен достассын. Қызылқұмның Күннен нәр алған
құмына аунап, Жер-Ананың жүрек жылуын сезінсін. Сексеуілдің
гүлдерін теріп жесін. Алатаудың асқар шыңына көз тігіп өссін,
құлындарын ерлікке, өрлікке баулысын!..
Доминго Фарабидің бұл шешіміне шексіз қуанды.
Чингачкук те қаршадай баланың мына ерлігіне тандай қаға,
сүйсіне қарады. «Менің немерем де осындай өжет, ақылды болып
өссе екен!» — деп, Алладан мың жалбарына тілеп тұрды.
Бұл арман үндістер елі — Оңтүстік Американы да шарлап
жүрді!
Кенет Астана аспаны миллиондаған қағаз тырналарға толып
кетті. Оған өзіміздің ақ көгершіндер қосылды.
— Күнікей, — деді Тазша бала,— Бері келші. Онаша ақылдаса-
тын өте құпия әңгіме бар.
— Енді не боп қалды? Осы сен-ақ бір нәрсені бүлдіресің де
жүресің. Шыдасайшы, той бітсін де...
— Жоқ, шыным, еш нәрсеге ұрынған жоқпын! Казір айтпасам,
ішім жарылудың алдында. Тыңдашы?.. Жаңа ғана жеделхат кел-
ді. Австралиядан. Біздің шақыруымызды кеш алыпты. Конаққа
өздері шақырып жатыр. Барайық!
— Тазша бала, Күнікей қыз, — деді Фараби. — Сендердің
құпия сөйлескендерің маған ұнап тұр. Бәлелерім... Мені тастап
кетпеңдер. Не болса да бірге барайық.
— Әрине! — деді екеуі жарыса.
265 |

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Сендер нағыз доссындар! Енді мына кереметке қарандар-
шы! Екеуіңнін жұмбақтап, ұйымдастырып жүрген, сарыла күткең
қонақтарың да келді! Ал мынау неткен көп, өте көп тырналар!
«Тырау, тырау!».
Астана аспанында әсем, өте әсем кемпірқосақ көрінді. Тіпті,
табиғат Ұлы суретші болып кеткендей! Қандай ғажап, неткен
көркем! Қолмен салғандай!!!
— Алақай, біздің елге бақ құсы келді, мерекені ала келді!..
Сол күні жұмбақ планетадан шақырылмаған қонақ келіп,
Астананы бір дүрліктіріп тастады. Хан шатырының алдына
әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған саяхатшылар тандана да,
тамсана қарасты. Оларды алғаш көргендер көшпелі театрдың
сайқымазақтары шығар деп қалыпты. Бір кереметі ғарыш
кемелері де, одан түскен екі адам да ерекше еді. Көздері көп-
көгілдір, өңменіңнен өте жаздайды. Шаштары шыршанын ине
«жапырақтары» сияқты тікірейе өскен. Ал, қалқиған кұлақтары
күнге шағылысқан әйнектей жалт-жұлт еткен басынан ап-анық
көрінеді. Оларды байқаған ересектер жағы таңырқаса, жас балалар
шулағанын лезде коя қойды.
— Менімше бұлар басқа ғаламнан адасып келгендер, — десті
алғашкы тіл каткан білгіштер.
— Жоқ, — деді әлгілердің біреуі. — Бізге Тазша бала, не Күнікей
қыз керек,— Сөзі мірдің оғындай.
— Менмін, ал мынау Күнікей қыз. Сендер, сендер кімсіндер?
Танымадық қой! — деді Тазша.
— Ыңғайсыз болса да айтайын. Туған күнге шақырып, әлем-
ге жар шалғандарынды естідік. Ат басын бұрғанымыз да сон-
дықтан. Біздің елде туған күнге шақырмайды. Нағыз доспын
дегендер, не дос болғысы келгендер өздігінен келе береді.
— Оған ешкім ренжімейді. Бейтаныс адам неғұрлым көп
266

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
келсе, той иесі соғұрлым қуанады, — деді екінші тікенек бас сері-
гінін сөзін костап. Сөйлегенде тандайы тандайына тимейді.
— Біздің планета тура Күннің арғы бетінде. Ешбір жан
баласына көрінбейді. Тек, жылына бір рет, Наурыз айында,
күн мен түн теңескен кезде тепе-тендік бұзылып, кас қағым
сәтке айналу өсінен ауытқиды. Дәл сол мезгілде сендердің ұялы
тедефондарыңның хабарын ұстап алдық.
— Қысылатын ештеңесі жок, келгендерің қандай жақсы
болды, — деді Фараби,— Жаңа қонақтарға еркін, өзімси сөйлеп.
Олар ескі достарша амандасып, жөн сұраса бастады.
— Шынында да жол ұзақ екен, шаршап қалған жоқсындар ма?
Жүріндер үйге, шай-пай ішейік, — деді Күнікей қыз.
- Шай!
— Пай!
Үнсіздік...
— Иә, — деді екеуі сәлден соң бірдей күрсіне,— Шайларынды
түсіндік, пайларынды ұкпай қалдық?.. Мейлі, кейін білерміз.
— Біз сендердін планеталарынды көп зерттедік, - деді ка-
сындағысының сөзін қайта сабақтап екінші саяхатшы. — Өйт-
кені, адам тіршілік ететін планета бұл ғаламда саусақпен са-
нарлық. Солардың ішінде ең кереметі де, келбеттісі де сендердің
Жерлерің екен.
— Ух, осы ғаламда жалғыз біз шығармыз ба деп жүрсем, —
деді Алдар көсе,— Сыйластығымыз саяхатқа жалғасатын болды!
Жаңа бір әзірде бірін-бірі жатырқап тұрған балалардың жүзі
жадырап сала берді. Көңілді күлкілер достық шуағына ұласып
жатты.
— Біз мекен еткен планетаның өзіндік таңғажайып құпиясы
бар. Онда адамдар мәңгі жасайды. Ал, жан-жануарлар, өсімдік-
тер, басқа да тіршілік көздері караңғылықтүсісімен ұйкыға кетіп,
тас мүсін болып, қатып қалады. Таңертең күннің нұрлы шуа-
ғымен жарыса тіршілік көзі кайта жалғасады. Ағаштар бүршік
жарады, гүлдейді, жемістері піседі. Қысқа ғұмыр, рақат өмір
267

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
кешке дейін ғана жалғасады. Осы көрініс күн сайын қайталана
береді, жалғаса береді. Бірак ең киыны бұл емес, түнгі тіршіліқ-
ті. Өйткені, сол тас мүсіндердің арасында сеңше соғыса, бо-
тасын іздеген інгендей өмір кешеміз. Тіршілік біткеннің әр-
бір сәтін куана да шаттана аңсайтынымыз сондықтан. Мөлдір
табиғатпен қайта қауышқан кезімізді ең бақытты, адами кезіміз
деп есептейміз...
— Ал, сендерде бәрі де керемет екен, — деді екінші жиььанкез.
Жұмбақ елден келген адамдардың әңгімесі де құпияға то-
лы еді. «Оны барып көрмесек түсінбейді екенбіз», — деді Тазша
бала Фарабидің құлағына сыбырлап.
— Біз Жердегі тіршілікті көп зерттедік. Түсінген сайын ұқ-
падық, тұңғиыққа тірелдік, — деді ересектеуі серігінің сөзін жал-
ғастырып,— Осындай таңғажайып әлем — Жер планетасы, ға-
рыштан керемет әдемі көрінгенмен, жақындаған сайын үрей
құшағына алады. Қою қара түтіннен, улы газдан тұншыға
жаздайсың. Көзің бұлыңғырланып, басың айналады. Біз қайда
қонарымызды білмей әбігер-сарсаңға түстік. Көзімізге алғаш
түскені ақ көбік шашып, алқынып жатқан мұхиттар болды. Көк
киггердің күңіренгенін, акулалардың еркіндікті аңсағанын ұқ-
тық. Ақ аюдың мұз құшақтап өкіргенін көрдік. Ормандардың
өрте н ген ін, пана таппай зарл аған аң- құстард ың мұңл ы дауыстары н
естідік. Жүрегіміз ауырды...
— Немерелерін айналайын деген әжелерді тек осы маңнан
ғана кездестірдік. Сондықтан да ат басын сендерге бұрғаны-
мыздың екінші себебі осы,- деді кіші бала.
— Табиғат Ананы ренжітіп алыпсыңдар...
— Бізді ұрысу үшін келді деп ойламаңдар. Осы Жерде жөн
тұсінетін де, үлкенді сыйлап, кішіні мандайынан шертпейтін де,
ата дәстүрдің ұлы қасиеттерін сақтап қалған да, бір атаның, да-
на ананың баласындай ұрпақ тек сендерсіндер. Пейілдеріңе ка-
рай бай өлке еншілеріңе тиіпті. Болашақтарың жаркын, өмірле-
рің шуақты екен. Тек, екеуіміз айтқан жаңағы ұсыныстарды
ескерсендер болғаны. Келген себебіміздің түп тамыры осы!..—
Бұл әлгі ересек қонақ баланың сөзі.
268

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
— Бәріне жауапты сендерсіндер! Біз Қазақтарды Күннен
келген халық деп білеміз! Ал, сендер сол халықтын тікелей
ұрпағысындар!!! Сондықтан бәріне де жауапты сендерсіндер! —
Бұл кішкентай деп менсінбей жүрген баланың айтқаны.
Үнсіздік...
Ұзақ үнсіздік...
— Иә, — деді Тазша бала. — Мұндай ақылды бізге көптен бері
ешкім айтпап еді...
— Орынды, — деді Алдар аға бес тал сақалын саусактарымен
тарап...
— Бұл ақылды баланың сөзі. Айтқаны дұрыс. Осы бір аталы
сөзді бабалардан талай естіп едім. Рас екен ғой. Орындауымыз
керек.
Фарабидің сөзінен кейін ешкім тіс жарып, ештеңе деген
жоқ...
***
Сол күні Астанада түн болған жоқ. Өйткені, мереке
қызықтарының таңғажайып сәттерінің көптігі соншалық, Күн
де ұясына қонуды ұмытып кетіпті. Сөйтіп, Америкада екі түн
қатар болыпты-мыс деседі. Оған мұхиттың арғы жағындағы
балалар ренжімепті де. Ал, Жұлдыздардың жерге жақындай
түскеніне қуанған жұрт тәулік бойы көз ілмепті. Салтанаттын
шаршатпайтыны қашаннан!
Сол күні әлем ертегілерінің кейіпкерлері сағынышпен орал-
ған жыл кұсындай, Күннен келген халыктың перзенті - Фараби
баланын туған күніне ағылып келіп жатты...
Сол күні Тазша бала мен Күнікей қызды, барлық ұландарды
құттыктауға Бақыт пен Қуаныш, Береке мен Бірлікте келіпті!!!
269

Арасанбай


ЕСТЕНОВ
(1953 ж.туған)
Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келген. 1956 ж. атамекені —
Қазақстанға оралған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналис-
тика факультетін бітірген. Ұжымшардың кұрылысшысы, аудандық газет
корректорының көмекшісі, Қапал аудандық «Қапал еңбектері» газетінің
аудармашысы, әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы
қызметтерін атқарған. 1985 ж.-дан бастап баспа саласында қызмет
атқарып келеді. Қаламгердің «Шырғалаң», «Ауыл таңы», «Баянжүрек
баурайында», «Тасжарған ерте көктейді», «Айжаңғырық», «Жансауға»,
«Шырмауық» атты әңгімелер мен хикаяттар, «Әліппемен қоштасу»,
«Мектептегі мейрамдар», «Жеті саны киелі», «Періштелер патшалығы»
сынды балаларға арналған кітаптары жарық көрді. «Наурыз тойы»,
«Үйлену тойы», «Жігіттің үш жұрты» жинағын құрастырған.
Республикалық «Жалын» баспасы өткізген жабық бәйгелердің екі
мәрте жүлдегері.
270

СЫРЛЫ ДҮНИЕ


БАСТАУ ЯҒНИ АЛҒЫ СӨЗ
Б
із: Жұлдыз, Кәрім, Канат, Күмісхан, Әлім, Серік —
бәріміз интернатта окимыз. Достарымның бәрі де
шетінен өнерлі. Мәселен, Жүлдыз — мың бұралған
биші, Канат — күйші, Серік өте тапқыр, ойшыл бала. Бәріміз
бірге тұрып, бірге окып жүргендіктен, интернат өмірі өте кызык.
Ол кызыктар жайын білгілеріңіз келсе, Жұлдыздың күнделігін
окып көріңіздер. Әнеугүні оған еліктеп мен де күнделік жазбақ
болғанмын. Калың дәптер сатып алып, күнделікті бастауға
отырғанда, тағы бір көлденең ой сап ете түсті. Күнделікті қайтемін.
Акыр жазған соң көркем шығарма ғып неге бірак жазбаймын?
Расында, достарымныңкүнделіктіжүріс-тұрыстары мен бір-біріне
мүлдем ұқсамайтын мінез-құлықтарының өзі дайын кітап емес
пе? Сонда не жазам, роман әлде повесть пе? Жоқ оларды жазуға
әлі ертерек, әлім де келмес. Ең шағыны әңгімеден-ақ бастауға бел
будым. Және бәрін бірдей бытпырактатпай, рет-ретімен, жеке-
жеке дәптерге бір-бірлеп қана жазғаным жөн. Міне, былай:
Бірінші дәптер
АРМЫСЫҢ, АРАЙЛЫ ЖАЗ!
Сарыбелге сапар. Атты әскер және көкпар ойыны. Корықшы
атай. Өткен күндер өкініші. Ер жүрек командир. Бәрін білгім
келеді.
— Отряд! Алға! Ұстандар бір-бірден!
271

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Өзен жағасында көлеңкелеп тұрған бір үйір есекті көргең
Әлім қуанып, солай қарай тұра «шапты». Қолбасшымыздаң
бұйрық алған біз де андағайлап жүгіріп келеміз.
— Қоршандар! Асан, сен ар жағынан шық! — деп, танауланған
Әлім шәңк-шәңк етіп жүр.
Айтпақшы, оны командир қойған да ешкім жоқ. Тек
пионервожатыйымыз Зүлфия тәтей лагерьден шығарда, бас-
шыларың сол болады деген. Серейген бойына қарады ма, кім
білсін. Ол өңеш жыртып, «отря-ад!» — дейтіндей сонша көп те
емеспіз. Бар-жоғымыз бесеу-ак. Қанат, Кәрім, Серік және Әлім
екеуміз. Бәріміз бір класта окығанмен, Әлімнің бірер жастай
үлкендігі бар. Соныкі ме, бар балаға өктемсіп, бұйыра сөйлеп,
билеп-төстей жүру — оның ежелгі әдеті.
Сабаудай-сабаудай бесеуіміз жан-жағынан шыққан соң,
есектер де қайда қашсын. Ар жақтарында өзен. Суға түскілері
келмейді. Әп дегенше бір-бірден ұстап, мініп те алдық. Бет
алысымыз осы өзеннің төменгі сағасындағы Сарыбел жазығы.
Онда интернаттың картобы бар. Тапсырма — сол картопты суарып
қайту. Жаяу жүргеннен гөрі мынау рақат болды. Астымызда бір-
бір «боз жорға», қара жолдын шаңын бұрқыратып, жарысып
келеміз. Әлім есектің де жүйрігін тандай білетін болуы керек,
ешқайсымызға жеткізер емес.
— Әй, рақат болды! — деді ол көзді ашып-жұмғанша картоп
басына жетіп келген бізге маңғаздана сөйлеп. Осы тұрысында
өзін біз қатарлы оқушы емес, мың-сан сарбазды аузына
қаратқан ұлы қолбасшыдай сезініп түрған болуы керек.
— Картоп суару деген сөз боп па? Қазір мына суды бұра салсақ
болғаны, сарқырап, атыздың аяғынан бір-ақ шығады. Дабай,
Кәрім, аш мына байланған тұсты.
Командиріміздің бұйрығымен бір құлақ суды танапқа құ-
лата салған біздер қайтадан асығыс «атқа» конғанбыз. Қолы-
мызға бір-бір шыбык — қылыш ұстап, айналамыздағы қапта-
ған қалың «жау» — ермен, қурайлармен біраз сайысып, май-
данға айналған үйдің орнындай жердің әп-сәтте ойран-топыр-

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ын шығарып, «жауды қырып» тастадық. Бұл ойын жалықтыра
бастаған кезде, Серік «көкпар» тартуды шығарған. Есекпен
көкпар тартқаннан кызығы жоқ екен. Лағымыз — бір құшақ боп
буьілған кызыл мия. Тақымға бас та, тарта бер. Әттең, есегіміз
жайдак. Баудың екінші ұшына қолы жеткен біреу сілки тартса,
сыпырылып түсіп қаласың, не амалсыз көкпарды қоя беруге
мәжбүр боласың. Бір жақсысы жерден іліп алуға оңай. Әлімнің
есегі типындаған жорға. Жып ете түссе болды, жеткізбейді.
— Менің мәрем — қорықшы атайдың күркесі. Солай тартамын.
Дл сендер былай, — деп, алдында шарттасып алған ол мана-ак
аққан бойда келіп, «лақты» күрке алдына лақтырған.
Бұл осы егістікті күтіп, күзететін қорықшы Сәлім атайдың
балағаны. Әлгінде құрал-саймандарды осыннан келіп алған-
быз. Атай жоқ екен. Ауылға кетті ме, әлде өзен бойындағы тоғай
ішінде жүр ме, білмейміз. Онда шаруамыз канша. Қара жердің
шаңын шығарып, көкпар тартып жүрсек, оны ойлауға мұр-
ша кайда? Сүт пісірім уақыт алақандай ғана жерді шиырлап,
күркеден ұзап шыға алмай-ақ қойғанымыз. Енді ғана біреуіміздің
қолымызға көкпар тиіп сытыла берсек, Әлім жылпос атгатпай-
ды. Өзінің сирағы мұндай ұзын болар ма? Салақтап, аяғының
ұшы жер сызып жүр. Өзінді жұлып түсіреді.
— Жоқ, бұл болмайды. Сен есектің ең жүйрігін тандап ал-
ғансын, — деп, бәріміз оған наразылық білдіріп, ойыннан бас тар-
та бастадық. Расында, бір адамның жеңе бергенінің несі қызық.
— Ал, дабай, Кәрім екеуміз айырбастап мінейік. Онда тұрған
не бар?
Келісе кеткен Әлім мініп еді, манадан бері мың салса бір
баспай жүрген Кәрімнің қара мәстегі де аяк асты атырылып шы-
ға келді. Тағы да Әлімнің тасы өрге домалап тұр, дес берер емес.
Тағы да біз үшін ойынның сәні кете бастады. Жеңіле бергенді кім
ұнатсын.
— Карандар... атай!
Сыныкқа сылтау таппай тұрған біздерге Кәрімнің бұл
сөзі желеу болды. Мәстектерімізді «тайпалтып», көкпарды
273

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тастай бере солай қарай тарттық. Қай уақытта, қай жақтац
шыға келгені белгісіз, Сәлім атай манағы біз су салып кеткец
атыз бойын жағалап, қолындағы кетпенмен түртінектеп жүр.
Аяғында қонышты рәзеңке етік, басында күн көзіне оңып, ақ
жемделген көнетоздау қалпақ. Әр түптің төңірегіндегі үйілгец
топырақты қопсытып, жылап аккан суға жол ашады. Манағы
біз сияқты емес, бір кұлак суды үшке бөліп, үш бораздаға сал-
ып қойыпты. Бізбен шаруасы жоқ, қаннен-қаперсіз, өзімен-өзі
мұрнының астынан ғана ыңылдай жүріп, баппен қимылдайды.
Жүзі күнге жарқ-жарқ еткен кетпені де лыпып тұр.
— Ассалау-маға-лей-күм, ата! Бізді Зүлфия тәтей сізге кө-
мекке жіберді.
Әлімнің сөзіне мырс еткен атай кетпеніне сүйене тұрып, қан
сорпамыз шыққан біздерге миығынан күле карайды.
— Көріп тұрмын, сарбаздар! Әлгінде тәтейлерің де айтқан.
Ойын шіркін жақсы-ақ. Тек бір құлак суды бір атызға салып,
кішкентай ғана білместік жасапсындар. Мен келмесем, бораз-
даның бәрін жырып кеткендей екен.
Жүйектің бас жағындағы бірнеше түптің астыңғы жағы
орылып, көр тышқанның ініндей үңірейіп жатыр. Кей тұстан
тіпті түйнектеген аппақ картоптардың да бүйірі көрінеді.
Оларды ақсақал қайтадан дымқыл топырақпен жауып әлек.
Картопқа ағынды судың пайдасынан зияны көп екен. Саркырап
өте шығуы тез болғанмен, көп судан топырақ канып нәр ала
алмайтын секілді. Ал аз су баппен, жайлы ағып, жерге жаксы
сіңеді дейді. Ондай суды топырак та ұзак сіміріп, әбден керегін-
ше қанып ішеді, әрі жүйек жырылып, бүлінбейді де. Атайдың
ақылын бәріміз ұйып тындадық. Шынында, оны кім білген.
— Ал, балалар, бұл су осылай жата тұрсын. Жүріңдер, оған
дейін менің лашығымды көріндер, — деп, Сәлім атай бізді көк
құрақтан жасалған күркесіне бастаған.
Күркенін іргесіне үйілген көк шөптің асты толған сап-
сары торлама қауын болып шықты. Атай көзіміз тұнып, жұт-
қыншағымыз бүлкілдей түскен бізге кауын тіліп бере отырып,
274

ҚАРЛЫҒАІІІТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
әлдеи уакытта біздің шөліміз қанды-ау деген заматта бар-
шешіле сөйлей жөнелді. Сәлім атайдың әңгімесін тындап
көрсен ғой. Ол кісі сөйлеп кеткенде, аузыңнын қалай анкайып
қадғанын білмейсің. Әй, өзінің көрмеген, білмегені де жоқ-
ау, сірә. Атай бұл жолғы әңгімесін де өзі бастан кешкен бір
окиғадан бастады.
ЕСТЕН КЕТПЕС ӨКІНІШ
Соғыстың кезі болатын. Мұздай қару кұрсанған фашистердің
аш қаскырдай анталап, тұс-тұстан лап-лап қойған шағы. Бір
деревнядан соң бірін басып алып, әбден аш көзденіп кеткен
немістер қара құрттай қаптап, алға анталауда. Бір хутордан кейін
бірі түтін мен қап-қара күлге айналып жатыр. Біздің әскерлер
тас табандап қанша тірессе де, сан жағынан да, күш жағынан да
әлдеқайда басым жауыздар шыдатар емес. Әуеден де, жерден
де гүрс те гүрс, зырқ та зырқ мина мен бомба, снаряд жарылып,
жер бетінің астан-кестені шығып, біреуді-біреу біліп болмас
дүние. Қанша жерден жаудың тұмсығын тасқа тіреп, ойсыра-
та соккы берсек те, қара құзғындай қаптаған иттерді тауысып
болар емеспіз. Осылайша тас табандап бірер күн, кейде тіп-
ті бір жұмадай теке тірескен біздер, бұдан соң бекіністі тас-
тап, лажсыз кейін шегінуге мәжбүр боламыз. Әрине, шегінудің
өзінің мәні, әскери әдіс-айласы болады. Себебі ол бет алды бас
сауғалап, лағып қашу емес қой. Кезекті елді мекен мен бекіністі
уақытша жау қолына қалдырып шегінген жауынгерлер екінші
бір ұрымтал тұстан жауға өлтіре соққы беріп, сағын сындыру
үшін, жақсы бекініс жасап алуы тиіс. Ол үшін уақыт керек пе,
керек! Негізгі күшті алғы шептен тегіс шегіндіріп, кейінгі шептегі
бекініске орналастырып алғанша, анталаған жаудың бетін
қайтара тұратын алдамшы күш қажет болады.
Бірде кезекті қиян-кескі ұрыстан кейін жауды тоқтата тұ-
ру біздің взводка жүктелді. Жер жағдайын пайдалана отырып,
275

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
мүмкіндігінше көбірек бөгеп әрі шығынсыз бірте-бірте шегі-
не келіп, батальонға қосылуға тиіспіз. Бұйрық солай. Ал комаң-
дирлер үшін әр жауынгердің өмірі қымбат. Әрқайсысы үшің
басымен жауап береді.
Біздің взвод командирі де басқа туған қысталаң жағдайға
қарай шұғыл да ұтқыр шешім кабылдауға бейім жанның бірі
еді. Бірден сәл ғана дөңестеу үстіртке біткен шағын тоғайға
бекініп, өкшелей ентелеген жауды қарсы алдық.
Жер-әлем күңсіген иіске толып, жарылған снарядтан зырқ-
зырқ тітіреніп жатыр. Жараланған жігіттер болса керек, ыңыр-
сыған үндер де естіле бастады. Осылайша шағын ғана қолмең
жаудың бетін жасқап, бірер сағаттай жатып алдық. Майданның
шешуші шебі үшін бұл аз уақыт емес еді.
Жау жақ біздің осы аумағы ат шаптырымдай ғана үстірт-
ке бекінген шағын күш екенімізді сезіп қойса керек. Енді шеп-
ке тікелей шабуылдауды қойып, екі қапталдан орағытып өту-
ге көшті. Бұл қауіптің төнерін күні бұрын ескерген команди-
ріміз өзімізге бөлінген жалғыз машинаны әлгінде осы тоғайдың
ту сыртына жасыртып қойған.
— Кейін! Кейін! Маши-на-ға! — деген взвод командирі-
нін саңқылдаған өктем үнінен соң, жан дәрмен солай қарай ұм-
тылдық.
— Жаралыларға көмектесіндер! Тезірек, жылдам!
Бұйрык орындалды. Ендігі мақсат аман-есен батальонға,
негізгі күшке қосылу. Бар үмітімізді «темір тұлпарға» артқан
біздер жау танкілері алдымызды орағанша, тоғайдан шығып
жүйткіте жөнелдік. Тоғайдың ту сырты мидай жазық дала екен.
Тек көз ұшында ғана қалың орман түнереді. Оған дейін кемінде
он шақырымдай жер. Бәріміздің үмітіміз сол орман жақта бол-
ып, қорғанымыздай қарауытқан калың нудың шетіне ілінгенше
асық болып келеміз. Жараланған жігіттер де біршама екен. Жол
үсті оларға көмек көрсеткен болып жатырмыз. Машина солқылы
ауыр-ақ. Бірак оған қарар шама қайда.
Түнерген қалың орманға бір ілінсек, әрі қарай қауіп бұлты
сейілер еді. Қалың жыныс ішін қуалай қашып, адастырып
276

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
кету Де киын емес. Арамызда бұл маңайдың ұңғыл-шұңғылын
бес саусағындай білетін жігіттер де бар. Олардын бірі ко-
мандиріміздің өзі. Сірә, комбаттың тосқауылға қалдыруға оны
дайык көруінің себебі де теренде жатса керек. Сенген шығар.
Орманға бес-алты шакырымдай ғана калған. Кенеттен:
— Самолет! Жау! — деп баж ете қалған үрейлі дауыс бәріміз-
ді селк еткізді. Төбемізден қара тажалдай төніп келіп қалған
үш бірдей жау самолетін көргенде, төбе кұйкам шымырлап,
арқамнан сан мың құмырсқа жорғалап өткендей болып тітірен-
іп кеттім. Тағы да зырк та зырк жарылыс басталып жүре бер-
ді. Манағы манағы ма, машинаның жүйріктігін енді көрдік.
Құйындай ұштыртып келе жатады да, шүйілген жау самолеті үс-
тімізден төне берген сәтте, қалт тұра калады. Бар екпінімізбен
алға жапырылып, бірімізді-біріміз басып-жанши ағаш қорап-
тың жақтауына соғыламыз. Осылайша бірде алдымыздан, бірде
соңымыздан құлақ тұндыра гүрс-гүрс жарылған бомбаларды
дарытпаған машина тағы да құйғыта жөнеледі. Орман шетіне
ілігуге де көп қалған жоқ. Бар-жоғы екі-үш-ақ шақырым ғана.
«Иә, сәт! Жолымызды оңғара көр!» — деп біз отырмыз.
Осы сәт әлгінде дөп бастырмай, бұлт-бұлт ойнап, өзін ма-
зақ еткендей болған жердегі «кара қоңызға» өшіккен самолеттің
бірі кері қайтып үлгеріп еді. Енді, міне, бізді мазақ қылғандай,
жер бауырлаған күйі қарама-қарсы беттесуге келе жатыр.
— Жатындар! — деген бұйрық естілгенше-ақ, машинаның
айналасын ысылдаған ып-ыстық қорғасын оқ бұршақтай осып
өтті де, машинамыздың екпіні баяулап, кілт тұрып қалды.
Жапа-тармағай кабинаға ұмтылдық. Алдыңғы әйнектің кұл-
паршасы шығыпты. Кабинаның төбесі де шұрқ тесік. Шофер
жігіт рульге асылған күйі сұлық түскен.
Өрімдей жап-жас шофер жігіттің бетін қан жауып кетіпті. Сол
жақ иығын қолымен басып, ауырсына көтерілген командирдін
сауалы салған жерден:
— Араларында шофер бар ма? — болды. — Кім машина айдай
алады?
277

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Сауы бар, жаралысы бар жиырма-отыз адамнан машинаның
тілін білетін бір жан шықпады.
— Машина айдай алатын кім бар деймін?! — Жау самолеттері
кеткен жаққа өшіге бір қарап алған командир бәрімізді отты
көзімен ішіп-жеп, тағы да сұрады.
— Жоқ, жолдас командир.
Алыстап кеткен жау самолеттерінің үні тағы естіліп, сабыр-
ымызды сарқып барады. Төніп келіп енді бір жайпап өтсе, тү-
гіміз қалмас: Не істеу керек? Мына тажалдан құтылар не амал
бар? Машинаны жүргізер бір жан шықса ғой, ендігі қалың нуға
сүңгіп те кетер едік. Одан соң тауып көрсін.
Топқа басшылық етуді аға сержантқа тапсырған коман-
диріміздің бұйрығы да қысқа болды.
— Орманға тартындар! Ауыр жаралыларды алып кетіндер.
Жауды мен бөгей тұрамын.
— Жолдас командир! — деп оны өлімге қиғысы келмей тұрған
аға сержантқа командиріміз ақырып жіберді.
— Баста! Бұл — бұйрық! Жылдам. Жігіттердің ендігі тағдыры
сенің қолында!
Аға сержанттың бұйрықты орындамасқа амалы қалмады.
Біздің топ қол созым жерден түнерген калың орманға қарай
жаралыларды сүйрей жөнелді де, қол пулеметін алып, кішкен-
тай жыраға бекінген командиріміз жаумен жекпе-жек қалды.
Әне-міне, дегенше-ақ төне жеткен жау «құзғыны» қаңтару-
лы қалған машинаны жайына тастай беріп, тым-тырақай ан-
дыздап бара жатқан біздін ізімізге түскен. Пулемет оғын себе-
летті дейсің бір. Айнала астан-кестен болып, қап-қара түнекке
айналды да кетті.
Бір жыраға жетіп құлағаным сол еді, кенет самолет үні
алыстап бара жатқандай болды. Көзімді ашсам, әуеге біздің
истребительдер де көтерілген екен. Жаңағы қара құзғындар
енді бізге шүйілмек түгілі, өз жандарымен қайғы болып кетіпті.
Орманға ілініп-ақ қалған екенбіз. Енді бір ышқынсақ болғаны.
Бірақ айнала тым-тырыс. Қыбыр еткен жан көрінбейді. Неде
278

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
болса сол қалың нудың ішіне кіріп құлау керек. Жан ұшыра
хұгіріп, шеткі дәу самырсынның түбіне жете бергенімде,
бір қапталдан: «Саша!» деген үн естілді. Аға сержант екен.
Қасында жаралы болуы керек, қолы иығына асылған тағы бір
хауынгер бар.
— Кеттік! Қалғанымыз осы-ақ болар. Асықпасақ, болмайды.
Әне, жау тағы да қаптап келеді.
Соныма бұрылып, өзіміз өткен жазыққа қарасам, дала беті
құжынаған қара құрым фашистерден көрінбей кеткен екен. Ішім
удай ашып, командиріміз қалған жаққа жалтақ-жалтақ қарай
беріппін.
— Қайтпексің, соғыстың аты соғыс, - дейді менің жайымды
түсінген аға сержант та ауыр күрсініп. — Ердің ері дегенің осындай-
ақ болар!..
Жау қаптап келе жаткан жазық жақтан толассыз тарылдаған
пулемет үні жетті. Ол фашистерді қарсы алған біздің командир
еді...
...Міне, балалар, арамыздан машина жүргізе алатын бір адам
шықса ғой, соншама қанды көйлек достарымыздан айрылмас
та едік. Одан кейін де каншама қырғын ұрыстар мен сұмдык
өлімдерді көргенбіз. Бірак осы бір оқиғаның жадымнан шықпай-
ақ қойғаны. Есіме алсам, күні бүгінге дейін ішім удай ашиды.
Машина жүргізе білмегенім үшін, өзімді үнемі кінәлі сезінемін де
тұрамын. Бұл да бір орны толмас өкініш.
Демек, білгеннің зияны жоқ. Егін суару да — атадан келе
жатқан қастерлі кәсіп. Оны үйренгенде, білгенде тұрған еш
сөкеттік жоқ. Әр істің ыңғайын, ебін білу, біріншіден, өзіңе
жеңіл, екіншіден, ырысын артып, мерейің тасиды. Ал машина,
трактор дегеннің тілін білмей болмайды. Бабаларымыздың
«білгеннің артықтығы жок» деген мәтелі осыдан қалса керек.
Себебі өмірде бірде болмаса бірде, әйтеуір, сол білгеніңнің септігі
тиеріне дау жоқ.
279

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
***
Әңгімені тындай отырып, қоламтаға көмілген картопқа да
тойып алдық. Далада жегендікі ме, сондай дәмді екен. Бұдан соң
ұзыннан-ұзақ созылған тағы екі-үш боразда суғарып, атайдаң
атызға ылғал жаюды үйрендік.
Лагерьге күн кешкіре бір-ақ қайттық. Онда да кешкі ас ішетің
уақыт таяған соң, «тәтейлерің іздеп қалар» деп қорықшы атай
асықтырған. Әйтпесе қолбасшымыз Әлімнің өзі атайдың қасынан
шыққьісы жоқ. Өзіміз мана «тұтқынға» алған есектерге де еркіндіқ
беріп, бәріміз жаяу қайттық. Өзен бойы қандай рақат. Сап-
салқын. Тымық ауа қаулай өскен көк пен жалбыз иісіне тұнып,
балқып тұр.
Екінші дәптер
ШЫҢБҮЛАҚТАҒЫ ШЫТЫРМАН
Класкомның кулығы. Азимут. Сатқын болғым келмейді. Мен
қалай өзімшіл атандым? Құтыдағы жылан және Зүлфия тәтей.
Бүгін лагерьде айрықша күн. Апамдардың сөзімен айтқанда,
торғай шырылдағаннан төсектен тұрған біздер әлі жиын-терін
болып, жолға шыға алмай жатырмыз. Біздер деп отырғаным -
екінші отрядтың пионерлері. Ал біздің бүгінгі «бәсекелестеріміз»
— бірінші отрядтың балалары жым-жылас. Күн ұясынан шық-
пай-ақ тұрдық десек те, олардың орнын сипап қалғанбыз. Еш
сыбыстарын білдірместен тайып тұрыпты. Сірә, таңғы бозаланда
шығып кетсе керек. Олай болса, ендігі Шыңбұлақтың, төменгі
құйылысына іліккен де болар.
Дала салқын екен. Тау жақтан көлбей түскен қызыл жалқын
күн сәулесі бақ ішіне әлі тарала қоймапты. Тек зәулім теректердін
ұшар басында ойнап, жапырақ біткенді қызыл нұрға малып
280

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК.
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тұр. Таңғы желмен тербелген ағаш бастарына жапырақ емес,
сары алтын толып кеткендей. Көзімді тырнай ашып, есіней
экүріп Жұлдызды ойладым. Кәдімгі өзімізді тақырға отырғызып
кеткен бірінші отрядтын командирі, сүп-сүйкімді кара торы кыз
Жұлдыз. Әй, өзінің де білмейтін бәлесі жоқ. Бұл айланы да ой-
лап тапқан сол шығар. Шынтуайтына келсек, мен де Жұлдыз-
дын отрядынанмын. Бірақ кешелі бері Күмісханның өтінішімен
Зүлфия тәтейіміз мені екінші отрядқа ауыстырған. Күмісхан осы
отрядтың командирі, әрі класкомымыз. Екі беті доп-домалақ,
өзі де жұлынып тұрған қыз. Сөйлеген сөзі мірдің оғындай. Бізге
ұқсап, тәрбиешілер мен пионервожатыйлардан да қаймығып
көрген емес. Олармен тура терезесі тең адамша сөйлеседі.
Бар бала сырттай Күлмесхан атап кеткен, одан қыздар түгілі,
ұлдардың өздері ығып жүреді.
Сол Күмісхан дружина Советінің отырысында мені өз
отрядына қосып алған. Айтуынша, балаларды отрядқа бөлуде
әділдік болмапты. «Пионерлерді бөлгенде олардың қабілетте-
ріне қарай екі отрядта да өнерлі, тапкыр, жақсы спортшы бала-
лардың бірдей болуына назар аудару керек еді. Ал оған бізде мән
берілмеген. Бірінші отрядқа кілең «күшті» балалар бірыңғай
іріктелініп алыпты. Бұл дұрыс емес», — деп, басын шайқаған
класкомымыздың сондағы қалағаны мен болып шықтым. Әрине,
мені бір керемет спортшы, болмаса мықты өнерпаз екен деп
қалмаңыздар. Білмейтіні жер астында жататын Күмісханнын
мені қалауының да мәні бар. Өйткені біз Жұлдыз екеуміз осы
биыл көктемде бір топ жоғары класс оқушыларымен бірге жас
туристердін аудандық байқауына қатысып, біздің команда онда
екінші орынға ие болған-ды. Демек, менің жер жағдайын бағ-
дарлап, карта бойынша көрсетілген нүктелерді дәл таба білуден
ептеп болса да хабардар екенімді біледі. Сондықтан оған менен
артық жолбасшынын керегі де жоқ. Бірақ... Иә, оның тағы бір
жағы бар. Жарайды, әзірге оны айтпай-ақ коя тұрайын. Әйтеуір,
мені іш тартып жақсы көргендігінен алмағаны белгілі.
— Әй, Беков! Ыбылжып әлі жүрмісің, сен. — Әне, сонадай
жерде, жалаулы тұғыр түбінде сапқа тізілген пионерлердің ал-
281

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
дында кайқайып Күмісхан тұр. Қарап тұрсын ба, тілімен шағып,
елдің көзінше бір қағытып тастады.
Онсыз да көңіл-күйім хош болмай тұр еді, мына қыздың
сөзінен кейін тіпті кежегем кейін тартты. Өз отрядымда-ақ
жүре бергенім тыныш еді. Ылғи бір бүйректен сирақ шығара-
тын да жүретін осы қызды ма. Бірінші кластан бері жұбымыз
жазылмай, бір партада отырып келе жатқан Жұлдыз екеуміз-
ді де: «Жақсы оқитын үлгілі оқушылар нашар оқитындардың
жанына отыруы тиіс. Сабақ үлгеріміне көмектеседі», — деп,
бөліп жіберген де осы қыз. Сөйтіп, Жұлдыз былтыр жыл бойы
Әлімнің қасында отырды.
Енді, міне, сол Күмісханмен иық түйістіре қатар келеміз.
Сол жағымда — ол, оң жағымда - пионервожатыймыз Зүлфия.
Мені тамам ұлдан бөлектеп, екеуі орталарына алған. Соңы-
мыздан шұбырған сарбаздардың қолбасшысы тәріздімін. Ана-
ны-мынаны айтып сампылдап келе жатқан Күмісхан ғана.
Ондағысы жолға шыққаннан бері тұнжырап келе жатқан менің
көңілімді сергіту секілді.
— Неменеге сонша қынжыласың, Асан, ойын біткен соң-ақ
өз отрядыңа қайта қосыласың ғой. Тек бүгін жеңіп шықсақ бол-
ғаны. Зүлфия апайға мақтауыңды асырып жеткіздім. Ол кісі тіп-
ті сенің өнеріңе тан қалды. Байқа, мені өтірікші қылып жүрме, -
деген жолға шығарда.
Терең сай аңғарымен құлдилай келіп, қалың ну тоғайдың
ішіне кірдік. Ағаш іші әрі салқын, әрі көлеңке. Үндерін мың
құбылтқан түрлі құстар мен аяқ астымыздан жыртылып-айрыл-
ған шегірткелерде тыным жоқ. Шығы әлі кеуіп үлгермеген
көк шалғын мен күміс жапырақтардың иісі араласқан тымық
ауада жан сарайынды ашып, бой сергітер дымқыл леп бар.
Айналамызға жіті көз салып, тартып келеміз. Манағыдай емес,
енді тоғай ішіндегі жалғыз аяқ жолға түсіп, тек бір-бірден ғана
шұбауға көшкенбіз. Алдыда — Күмісхан. Аузында тыным жок.
Өзіне спорт киімі де жараспайды екен. Спорт киімінің өзіме
де онша жарасып келе жатпағанын ішім сезеді. Шидей қол-
282

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
аяғымды одан сайын сидитып, инеліктей ілмитіп көрсететін
шығар деген оймен арагідік күн көзіне шыға қалғанда, алдыма
түсіп, ербендеген көлеңкеме көз салып коямын. Мұнда спорт
киімі кереметтей жарасатын Зүлфия тәтей ғана екен. Көгілдір
костюмі денесіне құйыла кеткен вожатыйдың тұла бойы тіп-тік,
әрі жұп-жұмыр. Күмісхан сияқты быртықта, мен сияқты ілмиген
де емес, тығыншықтай сұлу, сымбатты. Кас шебердің қолынан
құйылған сұлу мүсіндей.
Ойын тәртібі бойынша, біз алдымызда кеткен бірінші от-
рядтын ізімен жүріп отырып, олар болған, тыныс алған жерлерін
табуымыз керек. Олар ондай жерлерге кұпия деректермен өз
бағыттарын нұскайтын жұмбак карталар қалдырып отырулары
тиіс. Сол белгілер арқылы өкшелей қуып, қайткен күнде
үстерінен түсуге міндеттіміз. Сөйтсек қана жеңіс біз жақта
болмақ. Әттең, өз отрядым болса ғой, бұл іске құлшынып-ақ
кірісер едім. Ал мына алдымдағы қызға тек амалдын жоқтығы-
нан ғана еріп келе жатқаным-ай! Мұндайда ынта да, құлшыныс
та қайдан болсын. Бар есіл-дертім ойында емес, сол алдымыз-
дағы отрядта болып келеді. «Жұлдыз қай жерде кетіп барады
екен? Моншақтай кара көздері тұна калып, үлбірек жұп-жұ-
қа еріндерін жымқыра түсіп ойланған кезінде, өзі тіпті сүйкімді
болып кетуші еді. Дәл қазір осы терең сайдың бір тұсында сөй-
тіп ойланып тұрған шығар-ау. Әлім сумақай бұрымына шоңай-
на лақтырып, болмаса құлағының түбінен жапырақ жарып,
зығырданын қайнатып бара ма».
— Асан, саған не болды? Мынаны қара деймін.
Қарсы алдымда Күмісхан тұр. Колында бір парақ қағаз. «Ас -
адамның арқауы», — деген бір-ақ ауыз мәтел жазылыпты. Демек,
ерте жолға шыккан Жұлдыздын отряды осы маңның бір жеріне
тізе бүгіп, таңертеңгі астарын ішкен. Сол жерді тауып, әрі қарай
жүрер жолдың бағытын нұсқар негізгі белгіні іздеуіміз керек.
Селсоқ қалыпта жалғыз аяқ жолдың қағаз ілінген оң жағына
шықтым. Бұл ойынды Зүлфия тәтей де жақсы білетін сияқты.
Дабырласа, тоғай ішіне жамырай лап берген топ баланың ал-
283

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
|И ' П
дында кетіп барады. Шынымды айтсам, менін тіпті карта тап-
пак түгілі, іздеуге зауқым жоқ. Маған салса Жұлдыздың жеңгені
жақсы. Өздері тауып жатса көрермін, әйтпесе жұтынып нем бар.
Шыңбұлақ деп аталатын бұл терең сайдың бас-аяғына
шығып болу да оңай емес. Жасыл таудың тік қабак шатқалынан
басталатын сай ащы ішекше шұбатылып, ирелендей барып,
сонау көз ұшындағы көкжиектен мұнартқан Күреңбелге тіреледі.
Сол тұйыққа шейін екі қапталын күн көзіне тотыққан қызыл
күрең қайрақ тасты биік-биік шоқылар мен адырлы жондар
қуалап отыратын сайдың іші тұнып тұрған мәуе бақ. Қызыл
шие, қара шие, алма, өрік, қара бүлдірген, қой бүлдірген дейсің
бе, сан алуан жеміс-жидектердің де түр-түрі осында. Етекке құл-
дилаған сайын тал теректер қатары да қоюланып, шоғыр-шоғыр
тоғайлар ұйысып, тұтаса түседі. Сайдың табанын куалай сыл-
дыраған мөп-мөлдір бұлак суы да, жол-жөнекей кездескен кай-
нар бастауларды өзіне қосып алып, шатқалдан ұзаған сайын
молая келе, Күреңбелге жетер түста жаяу адамға өткел бермес кі-
ші-гірім өзенге айналады. Басын шатқалдан алған бұлакдың суы
мөп-мөлдір, әрі шілденін қандай аптабында да тастай. Сәске түсте
каталап келіп бас койсаң, мұздай суы шекеңнен бір-ақ шығады.
Алғашқыдай емес, барған сайын биікке өрлеген күн көзі
жан шыдатпай барады. Келе-келе ағаштар да корған бола алмай
қалды. Себебі соқпақ жол олардың екіге жарыла өскен ашык
алаңқай тұстарынан өтетін-ді. Шаршап-шалдығып, жүрісіміз
де мандымай, балалар дамыл-дамыл суға жүгіре берген соң,
тынығуға отырдық. Арқамыздағы жолқапшықтар да зілқара тас
боп, иығымызды қиып бара жатқан соң, бауын ағытып, біраз бой
жазып алмақпыз.
— Бұлар қайда кетті сонша?
— Шаршамайды-ақ екен өздері де.
— Ә, ана кара тәмпішке салсаң ендігі олар Күреңбелде
отырған шығар, — дескен балалар алдымызда кеткен отрядка
тістерін қайрауда. Қара тәмпіш деп отырғандары — Жұлдыз.
Шаршап-шалдыққан оларды ашу қысса, менің керісінше
284

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
терім кеңіп, рақаттана түсемін. Өйткені мына түрімізбен енді
оларды таппак түгілі, карадарын да шала алмаспыз. Қазірдің
өзінде шаңқай түс болды. Адам түгіл қара тастың өзін күйдіріп,
ьіп-ыстык жалын шарпып тұрған күннің аптабы енді үш-төрт
сағатқа дейін басылмайды. Бұл — оган шейінгі жүріс те өнбейді
деген сөз. Жүргіншілердің жаздыгүні таңғы алагеуімнен жолға
ціығатыны сол. Біз болсак, күн шыққанша шалжиып жатып,
ұйкыны соқтық келіп. Мені қойшы, бұлардың арасында жүрген
«шпионмын» ғой. Мысықтілеулі адам шпион емей, кім?
Өз ойымнан өзім қуыстанып, Күмісхан жаққа жалт карап-
пын. Екі беті одан сайын ісініп, ішінде бұрк-сарқ қайнаған
ашу-ызадан терісіне сыймай, жарылып кетуге шақ отырған
сиякты. Кімге ызаланып отырғаны белгісіз. Ізін де сипатпай та-
қырға отырғызып кеткен Жұлдызға ма, тымырайып жақ ашпай
қойған маған ба, жоқ әлде ыбылжыған әлжуаздығымен жынын
ұстатқан Кәрімге ме? Әйтеуір, осы үшеуміздің бірімізді іштей
ішіп-жеп, жүндей түтіп отырғаны анық.
— Жиналындар! Сапқа тұрындар!
Сапка тұрғызу командиріміздің кәріне мініп, ашуын кімнен
аларын білмей аласұрған кезіндегі бізді жазалау тәсілі. Класс
болса класта, клуб болса клубта бүкіл класты шырқ иіріп, қаздай
тізіп алып, зікір салып тұрғаны.
Міне, казір де ол топ баланы күн шекеден өткен үй орнын-
дай ашық алаңға жинап, қақитып сапқа тізіп қойды. Бәріміз бұл
жазадан кұтқарар вожатыйымызды іздегенбіз. Жақын маңнан
Зүлфия тәтей көрінбейді.
— Зүлфия тәтейсіз қайда барамыз?
— Ол кісі демаламыз деді ғой?
Тұс-тұстан жамыраған сауалдар Күмісханнын оң қолы жо-
ғары көтерілісімен, сап тыйыла қалды.
— Вожатыйымыз, әне, жол шолып жүр, — деп оң жақ қап-
талдағы биік шокыны нұсқады. — Ол кісіден жанымыз артық
па біздің, немене? Кашан қарсыласымызды тапканша, тынығу
дегенді ұмытуымыз керек!
2851

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
‘.М
АНТОЛОГИЯСЫ
Расында, терең сайдың оң жақ қапталындағы сия көқ
жалама тастардан тұратын биік шоқының басында тас мүсіндей
шаншылып Зүлфия вожатыйымыз тұр еді.
Өзіміз көріп жүрген кинолардағы жауынгерлердің бастан
кешкен қиындықтарын тағы бір рет есімізге салып, жігерімізді
біраз жанып-жанып алған Күмісхан колма-қол отряд жиы-
нын бастап кеткен. Күн тәртібінде бір ғана мәселе. Әрі қа-
рай не істеуіміз керек? Бұл салпаңбай жүріспен біз оларды та-
ба алмайды екенбіз. Демек, көп болып, ақыл қосып, ұтқыр ше-
шім қабылдауымыз керек. Осыны айтқан командиріміз ортаға
сауал тастады.
— Кәне, кімде қандай ұсыныс бар?
— Менде, — деп көп үндемейтін Қанат алға шықты. — Мен-
іңше, біз былайша қаздай тізіліп жүре берсек, ештеңені де таба
алмаймыз. Олар тіпті қол созым жерде, бір бүйірде қалып қоюы
мүмкін. Сондықтан төрт топқа бөлініп, екі топ осы өзеннің
қос капталын, калған екі топ екі жақ қырқаны бөктерлей жүріп
отыруға тиіс.
— Дұрыс! Дұр-рыс! — дескен ұлдардың дауыстары өктемдеу
шығып кетті.
Тезірек саптан құтылуға асыккан олар үшін бұл керемет
ақыл еді. Сап бойынша отрядты тендей төртке бөлген коман-
диріміз:
— Кеттік, алға! — деп бұйырды. — Тек бір-бірлеріңнен алшак-
тамай, белгі беріп отырыңдар.
Қандай қызық өзі. Түсінбеймін. Бәрін де өзім ғана жеңсем,
өзім ғана бірінші болсам деп, жан алып, жан беріп жүрген біреу,
әйтеуір. Ешқашан жеңілгенін мойындап та көрген емес. Өз
қателігін, жеңіліс тапқанын білмейді емес, білетін де болар. Бірак
соны өмірі сездіргісі келмейді.
Дәп қазір де ол өзінің бәсекелесі Жұлдыздан әлдеқашан
үтылып қалғанын іштей болса да сезіп келе жаткан шығар.
Әйтсе де әлдеқандай бір өркөкіректік, бір беткейлік дес бермей
жанталастырып, алға қарай сүйреп келеді. «Қайтсем де жеңуім
286

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
қерек», — деген сол бір беткей менмендік намысын қайрап,
зьіғырданын кайната түсуде.
Жана білдім. Оның өзім мен Жұлдызды неге жақтыр-
майтынына енді көз жеткізгендеймін. Иә, Күмісхан оқуда да
алдына жан салғысы келмейді екен-ау. Ал Жүлдыз болса -
біздін класс кана емес, күллі мектептің оқу озаты, үлгілі пионер.
Менін де кінәм, баяғы сол жаксы оқитындығым. Оның үстіне
бірлі-жарым өлеңім (өнделіп болса да) пионерлер газетіне
басылған, мектепте ақын санатындамын. Өз класымыздан бас-
Тап, мектептің мұқым қабырға газеттері менің қолымда. Соған
қарамастан, әйтеуір, бірдеңеге ілік-шатыс болып, командирі-
міздін кәріне тап болып жүретінім бар. Тіпті өзіме жай ғана
ойын сияқты болып көрінетін әрекетімнің Күмісханның көзімен
тәртіп бұзушылыққа айналып кетерін қайтерсің.
Тіпті үзіліс арасында мектеп алдына шығып ойнай калсаң да:
«Әй, терезені сындырып тынғалы жүрсіндер ғой. Іштерің кеуіп
бара ма бес минутқа», — деп кісімсіп тұрғаны. Қарсы дау айтып
көр. Қоғам мүлкіне жаны ашымайтын барып тұрған каскөйдің өзі
болып бір-ақ шығасың. Немесе аула ортасындағы белдеме темірге
асыла қалсаң да, оған: «Биіктен құлап тобығынды шығарып, не
жұлының үзіліп, ажалыңнан үш күн бұрын өлгелі жүрген» бір
сұмпайы болып көрінесің. «Жазатайым сүйтіп кетсең, кім жауап
береді, бүйтіп кетсең, кім жауап береді», — деп заманақырды
орнатып, бар жаманатты төбеңе үйіп-төгеді де жүреді. Тура біздін
әр ісімізге жауап беретін қарауыл сияқты.
Өткенде лагерьде тамам ұл бақ ішінде жасырынып, көпірге
тұруды үйреніп жүргенбіз. Ондағы ойымыз әбден машықтанып
алған соң бір-ақ көпшілікке көрсетіп, қыздардың тандайларын
қақтыру. Бірақ ойламаған жерден бұл құпиямыздын да сыры
ашылып қалып, Күмісханнан бірер сағаттық ұрыс естігеніміз
бар. Құпияны ашуға себепкер болған — баяғы осы Кәрім. Оған
тіпті үйреткен ешкім жок. Ұлдарға еріп келіп, аузы анкая карап
отыратын Кәрім бір күні бізден көргенін жасаймын деп, төбесімен
шаншыла құлап, тілін ондырмай қыршып алған. Күмісханша
287

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
айтқанда: «Миы аузана түсіп, олай-бұлай болып кетсе, кім
жауап береді» деп, төбе шашымыз тік тұра, іштен тынғанбыз. Бір
зыпылдак командирімізге жеткізіп қойыпты. Бар бәлені бастап
жүрген мен екенмін. Күмісханға керегі де Беков. Отряд жиынына
салып, «Қайдағы жоқ бәлелерді үйретіп, ұлдарды бұзып жүргенім»
үшін, қатаң ескерту берілді. Оны дажұмсақтатқан — Зүлфия тәтей.
Күмісханға салса, одан зорғысын арқалатып жіберуден тайынбас.
Дәп сол түста екі отряд арасында жарыс өтіп, үш-төрт ұл
болып акробатикалық өнер көрсеткен біздер Күмісханның
тобындағылардың аузын аңқайтып, шаң қаптырып кеткенбіз.
Енді, міне, мына сынақта да біздін отрядтан секем алғандықтан,
алдын-ала мені олардан бөліп тастап отыр. Жер-көкте жоқ бәленің
бәрін ойлап табатын мен деп сезіктенеді. Демек, Бековсыз ол
команданы қалпақпен ұрып ала салмақ. Жұлдыздын менен он
есе тапқыр екенін мүлдем мойындағысы келмейтін секілді. Оған
жол көрсетіп, бәрін үйретіп жүретін мен деп түсінеді-ау, шамасы.
Керісінше екенін қайдан білсін.
Топ-топ боп андыздап, Шыңбұлақтың аңғарын түк қал-
дырмай сұзіп келе жатқанымызбен, бәлендей із кесе қойған
жоқпыз. Тек бір-екі рет биік шокы бастарынан жұмбақ жазулы
кағаздар тапканбыз. Оның бірінде алға қарай бағыт сілтенген де,
екіншісінде «360-180=?» деген жұмбақ жазу бар. Әрі ойлап, бері
ойлап басымыз катканмен, мұның неғылған цифр екенін таба
алмай дал болыстық. Байқауымша, Зүлфия вожатыйымызға бұл
құпиянын сыры мәлім сияқты. Сан алуан алып қашпа шешімдер
мен болжамдар айтып даурығысқан балаларға қарап, бір жымың
етіп алып, сөз бастады:
— Күн болса кешкіріп қалды. Сендер анау бір тұмсыққа дейін
шолып қайтындар. Мен осы жерде отыра тұрайын. Сосын бәрің
осында жиналындар.
Біз тұмсыққа ілінгенде, жер шарындай дөңгеленген шар-
табақ күн батыс көкжиекке қарай құлдилап, терең сайдың
ішін сап-салқын көлеңке жапты. Сай ішін дабыр-дұбырға тол-
тыра жұріп, тұмсықты айнала шолып шықтық. Еш белгі жоқ.
Кдйтар жолда Зүлфия тәтейге қарай төтелей тартуды жөн көр-
288

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
геН Канэт екеуміз тік беткейді көктей биікке көтерілгенбіз.
Бізден қалыспауға тырысып Күмісхан келеді.
— Қарашы, Асан, күнді қарашы. Суға батып бара жатқан қып-
қызыл доп сияқты, ә!
Қанат иегімен меңзеген батыс көкжиекке қарап, аңтарылып
тұрып қалыппын. Көгілдір сағымға жартылай ғана батқан күн
мен оның ортан белінен түп-түзу сызық тарта көлбеген көкжиек
айнымаған алып транспортир — сызғыш болыпты да қалыпты.
Иә, кәдімгі сызу, геометрия сабақтарында қолданылатын
транспортир. Тоқта-тоқта! Транспортир есіме оралуы мұң екен,
манағы бір жұмбақ цифрлар көңіліме сап ете қалды. Үш жүз
алпыс градустық шеңбер сол белгі ілінген шоқының табаны.
Келе жатқан бағытымызбен әлгі шоқы табанын жүз сексен
градусқа айналсақ, қайтадан лагерь қалған жаққа бет түзейміз.
Демек, олар әлдеқашан кері қайтып кеткен болды. Сұрақ белгісін
қойғандары: «осылай етсеңдер, бағыттарың қай жақ болмақ»
дегені екен. Әй, Жұлдыздың да таппайтыны жоқ-ау. Адамның
ойына кіріп шықпайтын шеңбер өлшемдерін қалай ойлап
қойды десеңші. Қай тұстан бұлт етіп сытылып кетті екен?
Күні бойғы еңсемді басқан бір зілдей қорғасын ойлардан
жеңілдеп, мәз-мейрам болып келе жатқаным сол еді, Зүлфия
тәтейге жете бергенде, асығып-аптыққан Күмісхан қуып жетті.
Самай шаштары қобырап, мұрнының үсті шып-шып терлеп
кетіпті. Әбден щаршап, қалжырағаны байқалып тұр. Онсыз да
түксиген қалың кабағы одан әрмен түйіліп, келе маған дүрсе коя
берсін.
— Ал, әулие, дегеніңе жеттің! Бар, жүгір, сүйіншінді сұрай
бер, — деп тепсініп түр. — Өз басыңнан басқаны ойламайтын
өркөкірек өзімшілсің. Білгенінді достарыңа айтуға бәлсіндің ғой.
Ол өзімшілдік емей немене? Өзің ғана білгің келеді!..
Булығып әзер тұрған Күмісхан өксіп-өксіп жылап жіберді.
Не істерімді білмей, қатты састым. «Не білемін мен? Неге өзім
ғана білгім келеді? Шынымен өзімшілмін бе? Жоқ, мүлдем олай
болмауға тиіс. Рас, іздескім келмесе, ол өйткені өз отрядым, өз
достарым».
289

АНТОЛОГИЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
— Не боп қалды? — Күмісханның дауысын естіп, орнынаң
ұшып тұрған Зүлфия тәтей де бізді елендей қарсы алып, долдана
өксіген командирімізді бауырына басып, жұбатып жатыр.
Мені жерден алып, жерге салған Күмісхан болса, күллі
балалардың көзіне түгімді қалдырмай сүмірейтіп, іске алғысьіз
етіп тастады. Қылығым пионерге лайық емес, мені барысымен
дружина Советіне салып, тәртібімді қарамақ болып бұрқырап
жүр. От пен судың ортасында қалғандай, не істерімді білмей
мелшиіп мен тұрмын.
Осы бір ыңғайсыздыкты ар жақ шеттен шыңғыра ыршып
түскен қыздардың ащы дауысы бөліп кетті. Шоршып-шоршып,
Зүлфия тәтейге карай ығысқан қыздардын ар жағынан қолында
шөлмегі бар Қанат шыға келген. Аузы ағашпен тығындалған
құмыраның ішінде қарандаған бірдеңе көрінеді. Сұп-сұр жылан
екен. Әлгінде ол бір түп ұшқаттың түбін түртінектеп қалып
қойып еді. Қайтіп ұстағанын қайдам, айраннан босаған шөл-
мекке салып алыпты. Осы беткейдің топырағы түстес сұр жылан
құмыра ішінен шыға алмай жанталасып жүр. Кіп-кішкентай
айыр тілін жалаң-жалаң еткізіп қояды.
— Оның не, жанын қинап. Жібер, қоя бер, Қанат!
— Неге? Лагерьге алып барайықшы, тәтей.
— Жоқ. Ол да тірі жан иесі ғой, қинауға болмайды. Бұған
еркіндік керек, — деген Зүлфия тәтей жыланы бар шөлмекті
қолына алды. Қыздарға ұқсап үрейленудің орнына ирелең-
деген жыланға сүйсіне қарап қалыпты,— Қарандаршы, міне, көзі
қандай әдемі!
Солай деп, вожатыйымыз әрірек барып, құмыраның тығы-
нын жұлып алды да, шырқ иіріліп жүрген түсі суық мақұлыкты
жерге жібере салды. Бостандыққа шыққан жылан зып беріп,
алдындағы қалың шөптің арасына ирелендеп кіріп, әп-сәтте
көзден ғайып болды.
Бұл кезде ымырт үйіріле бастаған. Соңғы рет қызыл
шоқтанып, талаураған батыс жақ та күреңіте түсті. Сай іші тіпті
қара күреңітіп кеткен. Ағаштардың арасы үңірейген түпсіз
290

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ
^ұнғиык секілді суық көрінеді. Дәл жаңағы жыланнын көзі іс-
петгес. Ал Зүлфия тәтей болса оны қандай тамаша дейді. Несі
тамаша, несі әдемі екенін кім білсін? Әне, келер түннің белгі-
сіндей мөп-мөлдір аспан күмбезінен күлім көз жұлдыздар сыға-
дай бастады. Кешкі самал ескен шоқы басына жайғасып алып,
оларды жарыса санай бастадық. Біреу, екеу, үшеу...
— О, менің жұлдызым көп!
- Жок, менікі көп!
Мен ешкіммен таласпадым. Себебі менін Жұлдызым жеке
дара, жалғыз ғой. Зүлфия тәтей ән бастады. Даусы әдемі екен.
Мөп-мөлдір бұлақ толқынындай баяу ғана дірілдей шығып,
аяғы шалқыған дарияға ұласып кеткендей. Өзі жанарын сай
ішінен алмайды, түпсіз тұңғиық кара түнек ішінен әлденендей
бір елес іздеп отырғандай.
Күндізгі аптаптың ізі жоқ. Таудың түні қандай салқын. Күні
бойғы шаршағанымызды ұмыттырып, жанымызды бір саумал-
дай рақатқа бөлейді. Жұп-жұмсақ алаканымен дүние біткенді
аймалай тербетіп тұрған түн осы сәт маған күллі тіршіліктің
мейірбан анасына қатты ұксап кетті. Бірінен кейін бірі жылт етіп,
жарыса мен мұндалаған жұлдыздар көк күмбезінде жыпырлай
бастады. Тіпті кол созым жерде тұрғандай көрініп, барған
сайын айкындалып, барған сайын тым-тым жақындап келе
жаткандай.
Ән әлдеқашан аяқталса керек. Жұлдыздар әлемінде сағым-
дай қалқып жүрген қиялымды Зүлфия тәтейдің үні бөлді. Даусы
үлкен сандық тастьщ ар жағынан шығады.
— Жоқ, Күміс, Асан жаман бала емес. Өнерлі, ойлы. Тек
сол қасиетін асыра әспеттеп, баланы тым менменсітіп алатын
өзіміз, мүғалімдерміз. Асанды да, меніңше, тәрбиешілерің тым
менменсітіп жіберген. Ондай бала тек өзі ойына алған ісін тап-
тұйнактай етіп орындайды да, ал бөгде біреудің ыркына көне
бергісі келмей тұратыны рас. Оны түзету түк емес...
291

АНТОЛОГИЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
Үшінші дәптер
МЕН ӨЗІМДІ ЖЕК КӨРЕМІН
Қанат қалай су патшасы атанды? Картоп — өз ырысымыз.
Өзен бойындағы өрт. Әдімнің қорлығы. Өкініш.
Мен үшін, (бәлкім, барлық балалар үшін де) ең есте қалар
күн — ол бірінші қыркүйек. Бұл күнді сағына күтпейтін бірде-
бір бала жоқ шығар. Тіпті нашар оқитын балалардың өзі бұл
күні өздерін айрықша қуанышты сезінеді. Әрине, каникул да
жақсы. Бірақ соның өзі биыл тым ұзаққа созылып кеткендей.
Тамыздың аяққы күндері тіпті тас табандап жылжымай-ақ
қойған. Пионер лагерінен келісімен, алғашқы он-он бес күн-
нің ішінде-ақ жайлаудын бар қызығын тауысып тастағандай
болып, әлденеден ішім пысып, елегізе бастадым. Енді жай-
лаудан гөрі лагерьде өткен көңілді күндерім көбірек есіме
орала беретінді шығарды. Жалғыздықтан зеріккеннен болар,
кластас достарымды жиі ойлап, олардың бір-біріне ұқсамайтын
әртүрлі мінездері мен күлкілі қылықтары есіме түсіп, оңашада
еріксіз езу тартамын.
Оку жылы басталып, мәре-сәре болып қалғанымызға бір
жұмадай өткен. Екі-үш айдың ішінде көрген қызықтарымызды
айтып тауыса алар емеспіз.
Қазір де алғашқы екі-үш сабактан сон мектеп формасы
деп аталатын су жаңа костюм-шалбарымызды ойын киіміне
ауыстырысымен, ұзын ағаш отырғышқа келіп жайғасқанбыз.
Класс жетекшіміздің айтуымен, қазір бар бала картоп қазуға
барамыз. Машина күтіп отырған бетіміз. Әнгіменің төресі — Әлім
сөзге қонак берсін бе.
— Ой-хо-ой, биылғы екінші маусымның қызығын айтсаң-
даршы. Мың түн айтып тауысып бітіре алмаспыз, — деп, жұрттың
делебесін қоздырып бір қойды.
Екінші маусым деп тұрғаны — лагерьдегі өзіміз болған кез.
Тағы не айтқысы келіп тұр екен деп елен ете қалыстық. Әліміміз
аспанға қарап, көзін жұма тамсанып алып:
292

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Үндемей ғана тымпиып жүретін Қанаттың бір-ақ түнде
су патшасы Сүлеймендей шыға келіп, бәріміздің жүрегімізді
ұціыра жаздағанын айтсаншы. Имандай шыным. Адамның жүрегі
ұщатыны рас болса, әй, сонда-ақ ұшып кетер еді.
Әлімді тамсантып отырған оқиға пионер лагеріндегі екін-
щі маусымның бас кезінде өтті. Бірінші күні әдеттегідей аса
кӨп бала жинала қоймапты. Ойдан-қырдан басымыз құралған
он шақты баланың кешкі ас-суын реттеп, жатар орынға жай-
ғастырған тәрбиеші Жұман ағайымыз өзіне бөлінген жалғыз
машинамен киноға кетіп қалды. Дәп соны андып тұрғандай,
қалын тоғайдың ар жақ шетінде тұратын күзетші шал да қас
кдрайысымен, жарық беретін моторды өшіріп тастаған-ды.
Бензин аз дейді. Қалың бақтың іші болғандықтан ба, жоқ әлде
бүгінгі түннің өзі сондай қою ма, әйтеуір, төңірек біткен көзге
тұртсе көргісіз тас қараңғы еді. Зәулім теректер көк тіреген
алып бағандардай қарауытса, шоғыр-шоғыр боп ұйысқан қалың
жыныстың түбінде біздің әрбір ізімізді андып адам жалмағыш
жойқын айдаһар жатқандай. Күндізгідей емес, ол жаққа қарасаң
болды, бойың тітіркеніп, сананды үрей билейді.
Тас түнек жалғыз маған ғана емес, балалардың бәріне осы-
лай әсер етсе керек, ақ шатыр алдына жайғасқан біздердің
әнгімеміз жүйесін таба қоймады. Не айтсақ та, соңы келіп
қайдағы бір қорқынышты жайттарға тіреле береді. Кенет
сөзіміз кілт үзіліп, тағы да үнсіз қаламыз. Содан кейін Әлімнің
ақылымен жылы төсекке кіріп алғанбыз. Бірақ ұйқы қайда.
Бір-бірімізді көрмегелі бір айдың жүзі, айтар әңгіме де көп-
ақ. Мұндайда әркімнің есіне қай-қайдағы адам нанғысыз
қияли ұғымдардың орала берері тағы бар. Іштегі үрейімізді бір-
бірімізге сездірмес үшін, кейде тіпті сондай үрейлі әңгімелерді
әдейі қозғап қоятындаймыз.
— Жапандағы үйдің иесі болады деген рас па осы?
— Атамның айтуынша, әр нәрсенің өз иесі болады. Бірақ
көзге көп көрінбейді дейді.
— Иә, олар осындай тас қараңғыда ғана, жұрт шырт ұйқыда
жатқанда шығады екен. Үнемі ақ кебінмен көлендеп, елес боп
қана шалынады. Мына бақтың да иесі бар ма екен?
2931

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Бар шығар.
— Бар болғанмен, олардың адамға еш залалы жоқ.
Осындай сан-сапалак қорқынышты ойларды талдауға көщ-
кен балалардың дауыстары бір түрлі тұншыға шығып, демдерің
ішке тартып жатқаны байқалады. Есіме Досбол қарттың айтқан-
дары оралып, денем жылынбай, қалтырап мен жатырмын. Маң
далада жападан-жалғыз көп жүретін карттың әңгімесі ылғи бір
шайтандар мен осындай құбыжықтардың елесінен тұрушы еді.
Тас қараңғы түнде Досбол қарт жолаушылап келе жатса, алдынан
жылтыраған ошақ көрінеді., «шаршап келе жатқанда жақсы
болды, осы үйге түнеп аттанайын деп», — ат басын солай бұра-
ды. Әлгі от көпке дейін жеткізбейді. Жоғалып та кетпей жыл-
тыраған күйі алдында мен мұндалап тұрады. Әбден қалжырап
біттім-ау деген кезде, киіз үйдің де қарасы көрінеді, әйтеуір.
Анадай жерде жылтыраған ошақ. Оты да өшірілмепті. Сірә, әлі
ұйықтай қоймаған болар деп, атынан түскен Досекең тас қараңғы
киіз үйдің есігін іздеп, қамшымен түртіп қалуы мұң екен, әлгі
үйі қара тасқа айналып шыға келеді. Кәдімгі дәу тас үй дейді.
Әлгіндегі ошақтың орнында аппақ сөңкедей қураған әлдененің
бас сүйегі жатыр. «Шырақ дегенімнің шайтан екеніне сонда көз-
ім жетіп, атыма қарғып мініп, әйда кеп қаш!» — деп бітіруші еді
Досбол қарт әңгімесін.
— Кімнің су ішкісі келді? — деді осы кезде төр жақтан біреу.
— Мен.
— Тағы кім?
Су деген сөзді естісімен, аңқам кеуіп, шөлдеп жатқанымды
жаңа білдім.
— Мен.
Келе-келе су ішуге баратындар төрт-бесеу болдық. Ауыз
су алар бастау іргемізде сылқылдап жатқан мына өзеннің арғы
жағасында. Оған ас үй жақтан шығатын жалғыз аяқ жолмен жүр-
іп отырып, төменгі көпір аркылы ғана өтуге болады. Көпір деге-
ні бір-біріне темір кұрсаумен косақтай салған қос бөрене ғана.
Өзеннің суы тайыз болғанмен, бұл тұста тым жайылып ағады.
294

ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Байқандар, — деді әлдекім білгірленіп. — Түнде суға барған
адам су патшасы Сүлейменнен дауыстап тұрып рұқсат сұрауы
қерек-
— Не деп? — Кәрімнің үні жер астынан шыққандай күңгірлей
жетті.
— Су патшасы Сүлеймен, су алуға рұксат бер! — деу қажет.
— Немене, бәрің бүгін діндар болып кеткенсіндер ме? Кай-
дағы бір арамза молдалардың сандырағын көкіп. Жүріндер!
Бак өзіміздікі, су өзіміздікі. Корқатын несі бер? - деп жұлқы-
на алға шыққан Әлімнің бұл батылдығы бәрімізге мысқал-
дай болса да дем бере түскендей. Ептеп өзімізге өзіміз келіп,
«айбынды» қолбасшымыздың соңынан ердік. Расында, сонша
үрейленгенімізге қысылып келеміз. Бәсе, Әлім осындай болса
керек-ті.
Түн әлі тастай қараңғы екен. Төбеден төнген кара бұлттай
түксиген бақ іші тым-тырыс. Шырылдауық шегірткелер де, әнші
құстар да әп-сәтте жер бетінен ізім-қайым жоғалып кеткендей.
Тіпті ағаштың жапырақтары да қимылсыз. Айнала қап-қара,
мелшиіп қалған тілсіз, жансыз, меңіреу, мылкау дүние. Бойға
еріксіз үрей үйірілтіп, денені қалтыратар тас түнек, суық әлем.
Құлаққа шалынар жалғыз дыбыс өзеннін сылдыры ғана.
Бір-бірімізге сыр алдырмастан үн-түнсіз шұбап, қыл көпірге
де тірелдік. Алда — Әлім. Шатырдан шыққаннан бері ол да тіс
жарған жоқ. Суынын суықтығы шекеңнен өтер мөлдір бастау
осы көпірден өткен тұста. Бұлақ басы атты кісі бойлай алмайтын
көкпеңбек жасыл құрақ. Айнала қалың жыныс. Қос бөренеден
салынған қыл көпір басында сәл ғана кідіріс жасап, жүрек
тоқтатқан соң арғы жағадағы тұма басынан ештеңе көрінбей ме
дегендей, алғы жақтан көз алмаймыз. Жүрегімнін тарсылдағаны
сонша, қабырғамды дүрс-дүрс қағып тұрғаны анық байқалады.
Қол-аяғым да дірілдеп, денем мұздап бара жаткандай көрінді.
Әйтсе де сыр бермей, Әлімнің соңынан еріп келемін. Менен кейін
Кәрім. Одан тіпті сыбыс жок. Тіл-ауыздан, демнен айрылып, құр
сүлдері ілбіп келе жатқандай. Тек, әйтеуір, қыбырлайды.
295

1
ҚАЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Көпірден уһ деп өтіп, тұмаға да таяп қалдық. Әлімнің менің
қолымнан қалайы кружканы алып, бастауға еңкейе бергені
сол еді, тұма басындағы бал құрак судыр ете қалғандай бол-
ды. Сөйткенше болған жоң, судыраған қалың құрақ ішінен
шұбатылған аппақ сүлде серең етіп шыға келді. «Пері!» Үсті-басы
аппақ, аузынан қып-қызыл жалын шашып тұр.
Төбемнен жай түскендей. Мына сұмдықтан есімді жиып
үлгергенше, алдымнан бірдеңе зу ете қалды. Қарасам — Әлім,
Алды-артына қарамай, ұшып барады. Маған да жан керек.
Қанат біткендей ал кеп зымыра. Қыл көпірдің аузына тығыл-
ған алдымдағы екеу бір-бірімен соқтығысып, екі жаққа ұшып
кетті де, маған жол ашылды. Суға түскендер де тобықтан асар
жайдақ суды шалпылдата кешіп, безіп келеді. Қалысар емес.
Сыртымызда тасұр-тұсыр, ырс-ырс еткен үрейлі дыбыс. Жү-
рек тоқтатып, мойын бұруға шама жоқ. Өкпемізді қолымызга
алып аққан бойда, шатырға қойып-қойып кеттік.
Аман-есен шатырға жетіп, көрпе астына кіргенімізге әлі
толық сене алмай, жаңағы бір қас пен көздің арасындағы елес-
тен кейін, өң мен түстей күй кешіп, демігіп жатырмыз. Сөйлеу-
ге шама жоқ. «Бұл не сұмдық? Не қылған елес? Қорыққанға
қос көрінеді деп, әлде... Жо-жок, мүмкін емес. Олай болған
жағдайда бәріміздің көзімізге бірдей елестер ме еді? Ап-анык.
Тіпті қозғалғанына дейін көрдік емес пе? Шұбатылған ұп-ұзын
сүлде. Ырсиған аузынан қып-қызыл жалын шаша ысылда-
ғаны да ап-айқын естілді ғой. Сонда қалай, соның бәрі шындық
болғаны ма?»
Әлден уақытта шаршылай қағылған арқалық сырықтарға
керілген кенеп шатырдың іргесі сусып кеткендей болды да, іле
сол бұрыштағы Қанаттың қиқылдап күлгені естілді. Бірте-бірте
сол жақ шеттегі үш-төрт ұл тегіс кұлкіге көміліп жатқандай көрін-
ді. Шыдай алмады білем, көп өтпей әлгілердің бірі қарқылдап,
ішек-сілесі қатты. Сөйтсек, әлгінің бәрі бұрышта жататын, қой
аузынан шөп алмас Қанаттан келіпті. «Үндемегеннен үйдей бәле
шығады» деген осы. Бізді үрей қысып, шатырдан топталып әзер
296

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
щнккаиымъіэды көрген оның ойына бір қулық сап ете қалады.
Манадан бергі әңгіменің ұзын ырғасын көңіліне тоқып, үнсіз
жаткан ол батырсынған Әлімді бір қатыратын сәттің туған-
ын сезіп, бір іске бел буады. Сөйтеді де, ешкімге сыр білдірмес-
Тен шатырдан жайлап шығып, тас қараңғы түнде ну жыныс-
тын ішімен бұлақ басына төтелей тартады. Өзен суын кешіп
өтіп, бізден әлдекайда бұрын келіп, бал құрақ арасына бұғынып
отырыпты. Біздің қарамыз көрінгенше, қолындағы әдейі ішін
кеулей үңгіген шошқа жаңғағын тұтатып, шатырдан ала тпық-
қан ак жамылғыға оранып дайын тұрады. Ішін бізбен үңгіген
кәдімгі шошқа жаңғағының бір басын шырпымен тұтатып,
екінші жағын ауызға тістеп тұрып ышқына үрлесе, қып-қызыл
шок болып қоздарын кім білген. Шоқтың жалкын сәулесімен
оны үрлеген адамның аузы апандай үңірейіп, тістері ақсиып,
бір сұмдық құбыжық кейпіне енеді екен. Ойлап таппайтындары
болсашы.
Болған-біткені осы. Жеті қараңғы түн ішінде бастауға
рұқсатсыз қол созған Әлім батырымызға кәрлене тап берген
су патшасы Сүлеймен өзіміздің Кднат болып шықты. Осы
қүннен бастап, балалардың мазағына айналғанбыз. Екі-үш
күн бойы таңертеңгі өзімізге тиесілі майымызды беріп жүріп,
балалардың бас-аяғы жиналғанша, бұл жайсыз оқиғаны жан
адамға айтпауға оларды көндіріп-ақ едік. Амал қанша, «жау»
өзіміздің ішімізде екен. Аузына сөз тұрмас Әлімнің ойланбас-
тан өз абыройын кезекті бір қызық хикаяның құрбаны ете
салғаны бар. Енді келіп бүкіл класка жайғаны мынау. Класка
жайылды дегенше, бүкіл интернатқа таралды дей бер.
Әлімнің әңгімесінін соңын ала бере, үстеріне жеңіл спорт
киімдерін киіп қыздар да келіп жеткен. Көп кешікпей қорапты
көк машина да келе қалды. Дәп бір тойға барардай-ақ, таласып-
тармасып кораптың үстіндегі ағаш орындықтарға жайғастық.
Жол-жөнекей Зүлфия тәтейді алып, одан әрі Шыңбұлаққа
тартамыз. Бұл — класс командирі Күмісханның әмірі. Тәрбие-
шілер жоқ кезде, басшымыз — сол. Интернаттың картопты алка-
2971

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бы Шыңбұлак өңіріндегі Сарыбелде. Иә, жаз бойы өзіміздің
лагерь тұратын Шыңбұлак өңірінде. Лагерьдегі кым-қуыт ойың-
дар мен көңілді жарыстардың арасында ұлдар кезекпе-кезеқ
сол алқапты суғарып, арам шөптен арылтып, қорықшы атайга
қолғабысымызды тигізгенбіз.
Шіркін, қарсы алдыңнан екпінді жел естіріп, тақтайдай
жол үстімен жүйткіген ашык машина қорабында коңыр қаздай
тізіліп, бір-біріңе иық тірестіре отырып, көңілді әнге басқан-
ға не жетсін. Зулаған машина екпіні дауысынды мың құбыл-
тып, бұрынғыдан да әсерлендіріп, әсемдетіп жібергендей. Мой-
ныңа жанындағы сүйкімді қыздың тентек желмен ойнаған
жұп-жұмсак майда шашы оралып, тұла бойынды беймәлім бір
ыстық сезім шарпиды. Қос капталда дөңгеленіп қалып жатқан
алтындай кұлпырған сап-сары дала. Төбенде ұршыктай үйірілген
көкпеңбек нілдей аспан.
Картоп егілген танап басында бізден да баска екі-үш класс
бар екен. Жоғары кластың балалары жүйектерді қазып, біз кар-
топ теруге кіріскенбіз. Ал қыздар картопты сұрыптап жатыр.
Айтпақшы, жазда лагерьде танысқан Зүлфия тәтей біздің
интернатқа мұғалім болып келген. Географиядан сабак береді.
Оқуды бітірген беті осы екен. Қазір біздің класс жетекшіміз әрі
тәрбиеші. Күмісханның айтуы рас болса, ол кісі біздің класты
директордан өзі сұрап алыпты.
Дымқыл топырақтың иісі мұрын жарып тұр, домаланған
картоп қара барқыт жер үстінде шашылған алып ақ моншақ-
тардай.
— Өй, анау не?
Тау боп үйілген картоп жанына тізе бүге бергенім сол еді,
Әлімнің ұрейлі үнінен кейін орнымнан ұшып тұрдым. Қыртысы
айрылған қара жерден бас алмай шұқшиып жүрген бар бала да
елең етісіп, белдерін жазып ала қойыпты.
Назарлары өзен жақта. Сол түстан болар-болмас шудадай
есілген ақ шулан түтін көрінеді. Осы сәт лашық ішінен екпіндей
шыққан қорықшы атай бүкшендеп солай қарай жүгіре жөнел-
298

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ді. Қолында күрегі бар. Біз жаққа қолын бұлғап, бірдеңе деп
дауыстай айқайлап барады. Солай қарай лап қойдық.
— Шелек, күрек ала жүріндер! — деген Зүлфия тәтейіміз
алға түсіп, күстай ұшып келеді.
Біз жеткенде, киіз үйдін орнындай жердің бал кұрағы
қап-қара күлге айналып, қоңырсып бықсып жатыр еді. Қайта
тал-шіліктерге жете қоймапты. Сәлім атай бастаған бар бала
топырак, су шашып, сумандай алға жылжыған отты сөндіріп,
әлекке түсуде. Келе біз де кірісіп кеткенбіз. Тамам бала жан
сала қимылдап, абжыланның тіліндей жалаңдаған тілсіз жауды
сөндірдік-ау. Көңірсіген курай мен бықсыған түтін иісі болмаса,
қызыл жалын жаландауын қойған.
— Балалар аман ғой, атай? Бұл не қылған от?
Жаңа байқадым, бетінен нұры төгіліп тұратын Зүлфия тә-
тейіміздің жүзі әлем-тапырық болып кетіпті. Көзіндегі үрей ұш-
қыны да әлі өше қоймапты. Сәлім атайға бір түрлі қорқынышпен
қарайды.
— Е, жаңа бір-екі бала жүрген осы манда. Айнала қурап
тұрса, бұлар ойнағысы келеді.
— Айтпақшы, балалар, біздің Кәрім қайда? Ба-а-ғана су ішіп
келуге кетіп еді.
Өртті сөндіріп болып, өзенге бет алған бізді тәтей сұраулы
кейіппен тегіс шолып шықты. Ешқайсымызда үн жоқ. Зүлфия
тәтейдің түрі тіпті оңған шүберектей болып, бозарып кетті.
Үнемі күлім қағып тұратын шуақты көздері ұшқынсыз.
Жерден жеті қоян тапқандай айқай салған Күмісханның:
— Әне, тәтей, Кәрім әне! — деген ащы дауысы бәрімізді елең
еткізді. Кейбіріміз тіпті селк етіп, класком қыздың сұқ сауса-
ғы шошайған жаққа үрпиісе қарасып қалыппыз. Кәрімнін ау-
зы-басы күйелеш-күйелеш. Мұрнын қорс-қорс тартып қой-
ып, тұқиған күйі басы салбырап, Зүлфия тәтейдің алдына кеп
тоқтады.
— Не болды, Кәрім? Амансың ба, әйтеуір?
— Кешіріңіз, тәтей... Картоп көміп...
299

г
К.АЗАК,


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Сүмірейген Кәрімнің амандығына көз жеткізген тәтей
оның сөзіне мырс етіп күліп жіберді. Сол-ак екен, мөп-мөлдір
жанарларына бұрынғы шуақты ұшқын қайта теуіп шыға келді де,
жүзі жайнап сала берді.
— Осы ғой, өрттің иесі. Сіріңкені қайдан алдың? Темекі тар-
тып жүрген боларсың? — деп зілдей сұрақтарды боратып, тепсініп
келе жатқан Күмісханды тыйып тастаған тәтей:
— Қыздар, сендер жұре беріндер, — деді.
Бар бала: «Тәтей қазір оңаша алып қалып, көресісін көзі-
не көрсетер» деп ойлағанбыз. Бірақ Зүлфия тәтей өйтпеді. Ал-
дымен аспай-саспай кұлімсірей тұрып, Кәрімнің әңгімесін
тындады. Әр сөздің басын бір шалған Кәрімнің міңгірінің ұзын-
ырғасынан түйгеніміз мынау: Серік екеуі қойны-қоныштар-
ын картопқа толтырып алып, су бойына келеді. Әрине, Кәрімге
бұны үйреткен де Серік. Содан екеуі от жағып, қозаға кар-
топ көмуге кіріседі. Отқа көмілген картоптан дәмді ас болсын
ба? Кәрім екеуі күйген картопқа таласып жүргенде, от бетімен
жайылып, ұзын-ұзын шырпылардың ұшын жалап, судырап
тұрған қу шөпке тиеді де, сумандап ала жөнеледі.
— Иә, өрт — тілсіз жау дегенді халық текке айтпаған, — деп
Кәрімнің иығына қолын салған Зүлфия тәтей әлденені есіне
түсіргендей, ойланып қалды. — Оттан жаман қорқамын. Кішкен-
тай кезімде өзімнен үлкен бауырым отқа күйіп, көз алдымда
сұмдық қазаға тап болып еді. Үсті-басы лаулай жанған карша-
дай баланың жан адамға, тіпті аттылы кісіге жеткізбей шырқы-
рай қашканы күні бүгінге дейін көз алдымнан кетпейді. Байка-
маса болмайды. Балалықтың сондай кесепатқа ұрындырып жүр-
меуін де ойлаған жөн. Мезгілсіз келген қазадан ауыр бақытсыз-
дық жоқ. Жаңа ғана көктеп, гүл жарғалы тұрған кездерің ғой.
Жаманаттың бетін ары қылсын, әрине.
Зүлфия тәтейдің манағы өртті көрген заматтағы түсінің
кереметтей бұзыла қалуының себебін жаңа ұққандаймын. Бар
бала ол кісінің аузына қарап, үнсіз келеміз.
Сөйтіп, Кәрім мен Серік класымыздың атын тағы бір шы-
ғарып, бүкіл интернатты шулата жаздады. Шыңбұлақтың бағын
300

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
өртеп алғанда, шудың көкесін сонда көрер едік. Тәтейдің еш-
бір ашусыз, зілсіз байыппен айтылған сөздері, өзгені қайдам,
мені біршама есейтіп жібергендей. Санасына сөз қонбайтын
Элім ғана. Зембілді бірде жұлки тартып, бірде екпіндей алға
бастырмалатып зыкымды шығаруын қояр емес. Бір-екі рет
алаканымды ағаш жаңқасы да жырып кетті. Оның бәрін қой-
щы. Ал дәл мынасы енді қорлау секілді көрініп, зығырданым-
дьі қайнатты. Қыздарға таяна бергенде, зембілмен соңымнан
екпіндей итеріп, тау боп үйілген картопқа сүріндіре етпетімнен
түсірмесі бар ма. Сүріне-қабына басқан аяғым жүп-жұмыр кар-
топтардың үстінен тұрақ таба алмай, тұп-тура Жұлдыздың алды-
на сұлап түскем. Тұра сала қолыма іліккен картоптың бірін ала
салып, жіберіп ұрып едім, бұлталақтай қашып, тигізбей кетті.
Тисе, бәлкім, ашуым басылар ма еді. Қайткен күнде қуып жетіп,
келістіріп тұрып бір ұрғым келді де, екі қолыма картоп алып,
соңына түстім. Қу түлкідей жылмандай қашқан ол да оңайлықпен
дарыта қояр емес. Соңғы картопты салмақтай ұстап, ышқына
қуып берейін. Жоқ, манағыдай емес, тақап-ақ қалдым. Қос
жауырынның тұсы деп жіберіп ұрғаным сол еді, сөйтсем, Әлім
қу көзінің бір қиығымен көлеңкеме қарап келе жатса керек,
шөкелей отыра қалғаны. Ызакорлана сілтеген картобым дәл
осы кезде біз жакка жалт караған Зүлфия тәтейдің шекесіне сарт
ете түссін. Тұла бойымды сұп-суық тер жуып кетті. Масқара-
ай! Ішімде манағы тұнық көлдің орнында балқыған ып-ыстық
өкініш жатыр. Өзегімді күйдіріп, қолқа тамырымды суырып
барады. Ашу ма, әлде күйініш пе білмеймін, тамағыма өксік
тығылып, кеңсірігім ашып, жанарымды жасауратады. Оңбай
тиді-ау. Анау көксокқанға солай тисе ғой, айызым қанар еді.
Картоп бір жақ көзін ала тисе керек, тәтей сол жак кабағын
алақанымен басқан күйі отырып қалған.
— Кешіріңізші, тәтей, кешіріңізші!.. Мен, мен... Әлімді...
Ызакорлығым, бәлкім, Әлімге деген қара қазандай қайна-
ған ыза-кегім болар, бұдан әрі шыдап тұра алмадым. Енді бір
секунд кідірсем, ағыл-тегіл жылап қоя беретін болған соң, өзен
301

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
жаққа қарай ұша жөнелдім. Ұяттан екі бетім мен екі құлағым
дуылдап күйіп барады. Өзегім удай ашып, Зұлфия тәтей үшін
іші-бауырым езіліп келеді. Қап! Ол кісі мен туралы не ойлап
отыр екен? Оңаша бак ішінде ағыл-тегіл болып, ал жыла келіп,
жыла. Дүниенің бар нұры мейірлі көздері мен қас-кабағында
ғана тұрған секілді көрінген тәтейімді ренжітіп алғаныма
күйініп, өксіп-өксіп қойып жылаймын.
Төртінші дәптер
КӨҢІЛСІЗ БІТКЕН КАНИКУЛ
Бәрібір Әлім батыр бола алмайды. Шырша тойы. Зүлфия
тәтей, атам және мен. Қанаттың атасы. Суыт сапар.
Картоп қазу, Октябрь мерекесіне дайындық деп абыр-са-
бырмен жүргенімізде, қоңыр күздің де сынаптай сырғып өте
шыққанын білмей қалыппыз.
Мерекеге дайындық кезінде де отряд пен отряд, класс пен
класс арасында жарыс басталады. Әр отряд сапқа ұстап шығатын
әдемі гүл немесе плакат, стенділер жасап, музыкалық компози-
ция көрсетеді. Қызықты концерт әзірлейді. Оны қойшы, ол өз
ішіміздегі жарыс қой. Ал мына көрші орта мектепті айтсаңшы.
Біздің интернат негізінде солармен жарысады. Былтыр Жұман
ағайлар жасаған «Аврораны» саптың алдымен жүргізіп, бүкіл
ауылды таң-тамаша қалдырғанымыз бар. Иә, кәдімгі жүк ма-
шинасының үстіне керме тақтайлар қағып, оған кенеп тартып,
сұр түске бояп тастаған соң «Аврора» боп шыға келген. Биыл да
жақсы өнер көрсетсек деп бас қатырып жүргенбіз. Мұны алды-
мен өзіміз ойласып алғанды жөн көрдік. Ол үшін күн сайын бос
уақытта демалыс бөлмесіне жиналып, отряд жиынын өткіземіз.
— Маған бір ой келіп жүр, — деді бір күні Серік аяқ астынан.
Бәріміз елең етістік. — Аса қиын да емес. Тек рұқсат етсе екен.
302

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ол не, айтсаңшы енді тезірек. — Сәл мүдіріп қалған оны
сұрак астына алып, тұс-түстан жамыраған балалар жанын қояр
емес.
— Айтсам, бізде, интернатта екі ат бар емес пе? Бірі — ақ
боз да, екіншісі — кара қасқа ат. Ақ боз атқа мініп, қолбасшы-
нын киімін киген бір бала Чапаев болады да, қара қасқа атты
екіншісі қызыл әскер Петька болып киінеді. Малақайының ман-
дайына тілдей қызыл шүберек байлап алып, атпен саптын ал-
дында жүріп отырады. Ал өзгелер қызыл әскерлер туралы әндер
шыркап, саппен еріп жүреді.
Серіктің тапқырлығы бәрімізді бір желпінтіп тастаған.
Отряд командирі Жұлдызға да қатты ұнаса керек, ол бір-
ден әр пионерге жеке-жеке тапсырма беріп, батырдың буркасы
мен сеңсең бөркін тігу қыздардың еншісіне тиді. Ұлдарға қызыл
әскер киімін табу жүктелді.
Интернаттағы екі аттың күтімі жақсы болғандықтан, түк-
тері жылтырап көздің жауын алатын. Ондай сұлу атқа мініп,
қолбасшы болып, үлкен саптың алдында жүру — бәріміздің де
арманымыз. Сондықтан әрқайсымыз өзімізге шақ әскери киім
іздеуге кіріскенбіз. Серіктің бұл ойын Жұман ағай да қолдапты.
Тек Петьканың орнына Аманкелді Имановты лайық көрген
екен. «Екеуі туысқан екі елдін батыры, Октябрь мерекесінде тізе
түйістіріп, қатар жүрсін», — деді. Сөйтіп, Серіктің өзі Чапаев,
бізге қарағанда бойшандау Әлім — Аманкелді батыр болып ки-
ініп, екеуі екі арғымағын ойнақтатып, мерекелік шеруге біздін
сапты бастап шықты. Ак боз аттын үстіндегі «қара мұртты, ка-
ра буркалы» Чапаев — Серіктін төбесі көкке екі-ақ елі жетпей
келеді. Көзі күлімдеп, бізге қарап жымың-жымың етіп қояды.
Мәз. Бәрінен де Зүлфия тәтейіміздің қуанышын айтсаңшы.
«Жарайсындар, балалар», — деп арқамыздан қағып жүр...
Қазір, міне, күз де өтіп, кыс келген. Екінші тоқсанды да
аяқтадық. Кеше шырша тойы өтті. Өте қызық болды. Оған
дайындық кезінде де отряд-отряд, класс-класс болып жарысқа
түскенбіз. Ең көп костюм әзірлеген біздін класс интернат
бойынша бірінші орынға ие болды. Жұлдыз бен Серік —
303

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
космонавт, Әлім — шайтан, Кәрім — перғауын болып киінді.
біз Қанат екеуміз Жұлдыздың ақылымен вьетнам жауынгер-
лері болғанбыз. Бет-аузымыз өрттен шыкқандай әлем-тапырық.
Дулығаның астынан шекеміз таңылған дәкенің шеті көрінеді.
Қолымызда қару, бізді көрген «е мыналар, расында, майданнан
келген солдаттар ма» деп қалғандай еді. Сондай әсерден болар,
Қанат екеуміз костюмдердің бас жүлдесін жеңіп алдық.
Көңіл деген айран-асыр. Ертен — каникул! Мана, түс қайта
ат шанамен зырылдатып атам келген. Әне, отыр. Сақалының
ұшын саусағымен тарақтап қойып, сан түрлі шырағданның
нұрына малынған жасыл шыршаға қадалып қалыпты. Ертең таң
атысымен, оның ат шанасымен тауға, қойлы ауылға тартамын.
Жалғыз мен ғана емес, балалардың бәрінің көңілі дәл осылай-
ша суша тасып жүр. Класс іші гу-гу, көңілді әңгіме мен күлкі-
ге толы. Дәлізден көңілінді қиянға жетелеп әуезді музыка әні
шалқиды. Үлкен шамдар сөндіріліп, оның орнына жаңа жыл-
дық шырша шырағдандары жағылған ала көлеңке класс іші де
бір түрлі, біздің алып ұшкан көңіліміздей алабұртып тұрғандай.
Тек осы бір асып-тасқан, шат-шадыман дүниеден тыс қалған
жалғыз Қанат кана. Оны бұл шаттық, бұл қуаныш селт еткізер
емес. Кейде сәл-пәл көңілденіп, ойнап-күлгендей болады да,
әп-сәтте қайтадан тұнжыр қалпына түседі. Бір жұмадай болды,
атасы ауыр наукастанып, ауруханада жатыр еді. Соны ойлайтын
сияқты. Соңғы парталардың біріне шынтақтай жайғасып алып,
дәу терезеден сырттағы тым-тырыс қою түн тылсымына телмір-
іп отырған досымды қатты аяп кеттім. Қара түннен көңіліне
әлденендей медет іздегендей.
— Асан, бері келші. — Зүлфия тәтейдің жұп-жұмсақ үні
мені еріксіз селт еткізді. — Асан, — деді тәтей мені дәлізге ертіп
шығып, — Қанатпен бірер жылдан бері бір партада отырып
келесің ғой. Оның сырын сенен артық түсінетін бала жок.
Солай ма? (Мен басымды изеймін). — Ендеше, досыңды өзің-
мен бірге қойлы ауылға ала кетсең кайтеді? Өзің білесін,
оның жалғыз атасынан басқа ешкімі жоқ қой. Ол кісі болса
304

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сыркат Екеуің бірге ойнап-күліп, каникулды бірге өткізсендер,
қөніді сергір...
Мен куанып кеттім. Көңілім алып-ұшып, дәл қазір Қанатты
щанаға отырғызып ала жөнелердей:
— Жарайды, мақұл, тәтей, мақұл. Бұл тіпті жақсы, — деп жүгі-
ре жөнелмек едім, тәтей қолымнан шап беріп тежеп қалды.
— Асан-ау, сен асықпасаңшы. Алдымен қазір барып атаңмен
сөйлес. Ол кісі келіссе, Қанатқа өзім айтармын...
Ертемен тұрып алдымен ауруханаға соққан соң, атам, Қанат
үшеуміз ат шанамен тауға тарттық. Зүлфия тәтей бізді қақпаға
дейін шығарып салған. Байқауымша, бұл каникул Қанатты аса
қуанта коймағандай. Кеше кешкілік тауда не істеп, не коярымыз-
дьі айтып, оны қатты қызықтырғанмын. Қолға үйретілген ақ лақ
пен Майлыаяқтың адам нанғысыз қылықтарына таң-тамаша қал-
ған Қанаттың қойлы ауылға тезірек жетіп, соның бәрін тезірек
көргісі келгендей еді. «Шын ба, тіл біледі, ә?» — деп сөзіме шүбә-
ланған жерінде тақымдап сұрап та қояды. «Шын, бәрі де шын».
Бірақ бүл әңгімелерімнің әсері де ұзаққа барған жоқ. Әсіресе
бүгін атасына кіріп шыққан соң, көңілі нілдей бұзылды. Не
бізге барарын, не бармасын білмей, әрі-сәрі бір күйде меңірейіп
тұрып калған. Бірақ қайда бармақ? Осыны ойлаған болуы ке-
рек, кенет құлықсыз ілби басып келіп, шанаға шықты. Екі көзі
аурухананың үлкен терезесі жақта. Төсек тартып жатқан атасын
ойлап отыр. Жаны ашиды ғой. Қимайтын да шығар. Мен де
атамды... Денемді сұп-суық ызғар қарып түскендей, өз ойымнан
өзім тітіреніп, тіксініп қалдым.
— Беу, Жақаң нағыз темірдең түйін түйген ісмердің өзі ғой...
Біздің көңіл-күйімізді көтергісі келгендей, атам ұзақ сонар
бір әңгіме бастады. Жақаң деп отырғаны Қанаттың атасы. Аты
- Жақсылық екен. Атамның айтуына қарағанда, Жақаң өмір
бойы ұста болып өткен адам көрінеді. Колхоздың алғашқы
тракторларын жөндеген де осы кісі болыпты. Ол кезде бөлшек,
басы артық тетік деген қайдан болсын. Дәнекерлей салатын
қазіргідей құралдар да жоқ. Тракторшылар сынған бөлшектер-
305

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
ЦТу'
АНТОЛОГИЯСЫ
ін осы ұста Жақсылық атайға әкеледі. ¥ста айнытпай әлгі
бөлшектерін қолдан соғып беріп, көпті риза ететін дейді.
Қанаттың атасы, міне, осындай ісмер адам болыпты. Айтып
отырса көрмеген қиындығы, шекпеген азабы да жоқ көрінеді.
«Бірде аш, бірде жалаңаш қар төсеніп, мұз жастанып күнелт-
кен сол бір тауқыметті кезеңдердің зардабы шығар бұл кесел»,
— дейді атам. Бәлкім, солай да шығар. Біз сияқты уақытымен
ұйықтатып, уақытыментамақтандырып, киімін бүтіндеп, жаңалап
отыратын кімі болды олардың? Аянышты-ақ. «Жақаңның
артынан ерген жалғыз тұяқ де». Атам Қанатты осылай атаған.
Жалғыз! Неге? Ол кісінің өзге балалары болмаған ба? Қанат
мен сияқты атасының немересі емес пе? Олай болса оның өз
мамасы мен папасы қайда? Әлде...
Жауабы қиын есептей бұл сұрақтар мені каникул бойына
қинаумен болған. Бірақ бәрібір түйінін таптырмады. Ендігі
бар мақсатым, әйтеуір, досымның көңілін жасытпау. Шамам
келгенше еңсесін ауыр ойдан сергітіп, бәрін ұмыттырып жіберу.
Қойлы ауыл Қанатқа бірден ұнады. Қыстауды айнала қор-
шаған ұштары сүп-сүйір, аппақ шыңдарға таңырқай қарайды.
— Еһ, шіркін, ана таудын басынан төмен қарай зулатсаң ғой
шанамен.
— Зулатамыз. Қанат, әлі зулатамыз, — деп көңіліне қанат
біте бастаған досымды желпінтіп қоямын.
Қанат Майлыаяқпен тез достасып кетті. Қайда барсақ та
жанымыздан бір елі тастамаймыз. Теріскейін қалыңдығы кісі
бойы қасат қар басқан тік шыңдардан шаңғымен де, шанамен
де зулап, соңымыздан шаңытқан түтек боран есіп, мамық кар-
ға аунап, ойран-асыр салып жүрміз. Байқауымша, Қанаттың да
көңілі әлем-тапырық. Мынау кіршіксіз аппақ әлем, қарсы ал-
дыңнан ызғар естіре зулаған қанатты шаңғы, желмен жарысқан
Майлыаяқ өзге дүниенің бәрін мүлдем ұмыт калдырғандай. Қүнде
ертемен отарды өріске шығарысымен, ауылда қалатын азын-
аулақ арық-тұрақ қойларға шөп салып, су береміз де, күн ұзақка
түрлі ойын ойнаймыз. Қыстыгүні аппақ қар жапқан далада ойын
деген таусылмайды екен.
306

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Бар-жоғы он-ақ күннен тұратын каникулдың соңы көрін-
іп-ак калды. Таңертеңгілік шабалана үрген иттердің дауысынан
оянып кеттім. Есік алдын дүсірлетіп, үйге таяп келген аттылы
біреу дауыстап атамды шақырды. Жүрісі суыт жан сиякты. Атам
қора жакта мал жайғап жүрген секілді. Асығыс киініп сырт-
қа шыксам, сақал-мұртына аппақ қырау қатқан біреу әрірек-
те атаммен сөйлесіп тұр екен. Жүзі сынық, сөзі тым салқын
сезілді- Бейсауат салт атты қалай асығыс келсе, солай суыт
аттанып кетті. Тері қолғабын шешіп, қос алақанымен бетін
сипаған атам күбірлей сөйлеп үйге кірген. Мен сырттан кел-
сем, тәтті ұйқыда жатқан Қанатты оятып, жолға жиналып жүр
екен. Үй іші аяк астынан абың-күбің бола қалыпты.
— Асан, — деді атам, — әлгі Әлдихан бүгін де жоқ. Оның
келуін күтіп отыра берсек, демалыстарың бітіп кетер. Мен мына
Қанатжанды атасына апарып келейін. Жақаң ауруханадан шы-
ғып, ауылына барған көрінеді.
Осы тұсқа келгенде атамның өңі бұзылып, дауысында діріл
пайда болғандай еді. Менің жүрегім суылдап қоя берді. Атам
төмен қарап сәл үнсіз қалып, сосын сөзін қайта жалғады.
— Қойға өзің бас-көз бола тұрарсың. Мына қарсыдағы түбек-
ке түсіріп, өзің мойнақ жағында жүрсең болғаны. Майлыая-
ғыңды ертіп ал. Мылтықты да ұмытпа. Күннің көзі ашылды ғой,
әлгі төбеңді көрмегір де келіп қалар кешке дейін.
Көмекші Әлдиханның ауылына кеткеніне бір жұмадай
болған. Ол келем деген күні қарлы боран басталып кетті де,
кеше кешке қарай ғана басылып еді. Боранды күні Әлдихан өлсе
жолға шықпайды. Жол түгіл боранды күні қой да бакпайды.
Соның қырсығынан неше күннен бері атам мен Қанат ауруханаға
бара алмаған. Күннің көзі ашык болса бір сәрі, түтеген боранда
менің отарға ие болуым екіталай. Осылайша бес-алты күндей
жіпсіз байланған атам, міне, енді Қанатты артына мінгестіріп
алып, ауылға аттанып барады. Бір жамандықты сезгендей денем
қалтырап, санамды сұп-суық ойлар қари береді. Манағы бейсауат
адамныңжүрісітегінболмағанығой. Шынымен жаманат... Ілебұл
суық ойларды атамның сөзі қуып тастайды. «Ауруханадан шығып,
307

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ауылына барыпты», — дейді атам. Атам өтірік айтпаса керек еді
Бірак жазылды деп ештеңе айтпағаны қалай? Даусының дірілдеп
булығып калуы да тегін емес-ау. Бәсе, аттылы адамның түрі де
жүрісі де тым суық көрініп еді. Хабаршы, жаманаттың хабаршысы
болды ғой.
Екі ұдай болып арпалыскан ойларымның қалайда жаманат
жағы басым түсе беретін сияқты. Ішімді удай ашытып, әлде-
қандай бір өкініш өзегімді өртеп барады. Қанатты аяймын.
Атамша айтқанда, қаршадайынан жалғыздық пен жетімдіктің
зардабын тартатындай не жазығы бар еді оның? Жаманат жерде
жатсын ба? Ертеңінде-ақ атамның өз аузынан естіп, төбемнен
жай түскендей сілейіп отырып қалдым. Атам ауылдан жалғыз
оралды. Қанатты «екі-үш күндей атасының қара шаңырағында
болсын», — деп жамағайындары алып қалыпты. Интернатқа өз-
дері жеткізіп салатын көрінеді. Басы салбырап, екі иығы қу-
шиған Қанаттың көңілсіз кейпі көз алдымнан кетпей койды.
Ұн-жырғасы түсіп жүр-ау. Бәріне өзім кінәлі секілді көрінемін
де тұрамын. Тауға алып кеткенім бекер болды ма? Тым болмаса
атасының соңғы өсиетін естіп, қасында отырар ма еді. Оның
үстіне Әлдиханы түскірі де ауылда омалып калмады ма. Қап!..
Басы тәтті басталған каникулымыздың аяғының қатты боларын
кім білген. Расында, бұл бір жайсыз каникул болды-ау...
Бесінші дәптер
ҚОЛҒАНАТПЫЗ БІЗ ЕНДІ
Біз — тимуршылармыз. Жұлдыз және оның командасы.
Жәміш апай мен Оксана Федотовна. Соғыс жылғы балалар. Халык
ашқан жаңалық.
Каникулдан кейін бірер жұмадай қойлы ауылды сағынып,
көңілім қоңылтақсып жүретінім бар. Оның үстіне қасымда
отыратын Қанаттың жайы жанымды күйзелтіп, көңілім тіпті
құлазып жүргенмін. Тек іштей ет жүрегім елжіреп, қайғысына
308

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бірге езілгенім болмаса, оған батып еш жылы сөз айта алмаймын.
Бірдене десем, жарасының аузын тырнап, наласын ушықтырып
алатын сияқты сезінемін де тұрамын. Ол тіпті тұйық болып алған.
Сабактан бос уақыттағы бар серігі домбыра ғана. Қашан көрсең
де мұнлы күйлерді бебеулетіп отырғаны. Бойымды басқан ауыр
ойлардан бір сәтке болса да жеңілдейін деген оймен әскердегі
ағайыма хат жазуға отырған бетім осы. Алдыма бір парақ ақ
қағазды жаяр-жаймастан, класқа ентігіп Кәрім кіріп келді.
— Жүрсеңші, Жұлдыз күтіп тұр, — дейді ентіккен күйі табал-
дьірықтан бері аттауға ерініп. — Кеттік, тимуршылар боламыз...
Екі иінінен зорға дем алып, алкын-жұлқын болған Кәрімнін
бәтуасыз сөзінен ұққаным «Жұлдыз күтіп тұры» болды. Қағаз-
каламымды асығыс жинай салып, Кәрімнің соңын ала сыртқа
жүгіре шықсам, балалар тегіс жинапып калған екен. Бәрі біз-
дің отрядтың балалары. Қолындағы тізімге карай тұрып, ко-
мандиріміз (Жұлдыз) бізді топ-топқа бөлді де, қысқа-қысқа тап-
сырма берді. Үш-төрт күн бойына толассыз жауған қар аулалар
мен кейбір жатағандау үйлердің есік-терезелеріне дейін басып
қалыпты. Тимуршылар командасының міндеті — жалғызілікті,
наукас кісілердін үйлерінің есік алдын омбы қардан аршып,
отын-суларын жеткізіп беру. Күндіз-түні интернаттың кішкен-
тай ауласы шиырлаудан жалығып жүрген біз үшін үлкен бір
қуаныш. Көне көз қарттарға шарапатымызды тигізіп, олардың
ақ батасын аламыз. Өзіміз секілді балалық күндерін естеріне
салып, көңілдерін серпілтіп, қуанышқа бөлейміз. Аяз сүйген
жүзің бал-бұл жанып, үлкен жұмыстан соң терлеп-тепшіп,
қарттармен бірге сүт қатқан күрең шайды сораптап отырғанға
не жетсін, шіркін!
Жұлдыз бастаған біздің топ ауылдың сыртында тұратын
жалғыз басты Жәміш апайдың үйіне келдік. Күздігүні үйінде
болып, отынын жарып, жиып бергеніміз бар. Өзі сүйегі ірі, бет
пішіні де молынан пішілген, мейірбанды жан. Бізді сонадайдан
көрісімен алдымыздан шығып:
— Е, айналайын, үрпек бастарым, келіп қалдындар ма? Бәрі
де өткендегі өз балаларым екен ғой, — деп құрақ ұшып жатыр.
309

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Біздер бірден іске қызу кірісіп кеттік. Аядай ғана ауланың
тұс-тұсынан тұрып, ақ қарды бұрқыратып күреп жатырмыз.
Біразымыз қарды сыртқа, аулағыраққа тасып төгіп, әлден
уақытта ауланы жып-жылмағай еттік. Ауланы тазалап болған
сон тағы да біразға жетер отын бұтарладық. Бұл кезде Жәміщ
апай самаурынға шай қойып та үлгеріпті. Бәрін тап-тұйнақтай
орындаған бізге мейірлене қарап:
— Мың жасандар, айналайындар! Өркендерің өссін! Ал
енді үйге кіріндер, қысылмандар, — деді.
Шай ішіліп бола берген мезетте, апай шешіліп, бір әңгіменің
ұшығын шығарды.
ЕЛ БАЛАСЫ
Соғыс жүріп жатқан кез. Ауылдың бас көтерері өзіміз ғана.
Көбі — шиеттей бала-шаға. Құлқын сәріден егіске кеткеннен көз
байланып, ел орынға отырар шакта бір-ақ ораламыз. Балалар-
ға қарап жатуға уақыт қайда. Күндіз, әйтеуір, барды талғажау
етіп, өз күндерін өздері көреді. Тым кішкенелерін шешелері егіс
басына бірге ала жүреді. Бізді койшы, тәйірі, сондағы жадау-
жүдеу сәбилердің жағдайы қабырғаңа батады. Күзге салым
болатын. Егіс басында жүрген әйелдерді шакырып алып, бри-
гадир бір күні жиналыс ашты. Ертең-бүрсігүндері ауданға бос-
қындарды алып келетін көрінеді. Соларды қарсы алып, ауылы-
мызға бөлінген жетім-жесір жандарға жай тауып беріп, жағдай
жасауымыз керек екен.
Келгендердің ішінен бірден жүзі аппақ қудай, мол пішінді,
сұңғақ бойлы әйелге көзім түсті. Жүзінің солғындығы мен
көзінің шүңірейіп кеткендігіне қарағанда, сырқат болуы керек.
Әйтпесе өңі әлі жас көрінеді. Топтың соңын ала екі иінінен
дем алып ентігіп тұр. Бір қолында түйіншегі, бір қолында
жетектеген екі ұл баласы бар. Ақ сары шашты жәудір көз екі ұл
бір-біріне тас боп жабысып, қол ұстасып алыпты. Бойы сәл
310

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
калкынкылау шеткісінің көтерген жолқапшығы бар. Сірә, үлкені
сол шығар.
— Атың кім, қарғам? — деп қасына таяп, өз арбама қарай бей-
імдей бердім.
— Колик.
— Сенің ше?
— Толик.
Станциядан ауылға жеткенше, Колик пен Толиктің, олардың
мамаларының бастан кешкендерін тындап, біраз жайға қанық
болып қалдым. Украин дейтін ұлт екен.
Жарымжан Оксананы бөлек жіберуге дәтім шыдамай, бри-
гадирден қолқалап жүріп, екі баласымен кішкентай қоржын
үйімізге кіргізіп алдым. Сары үрпек балалар да, олардың ана-
сы Оксана да біздің шағын семьямен тез тіл табысып кетті.
Сол кезде жас шамасы жетпістерді алқымдап калған кәрі ене-
міз балаларды өз немересі кішкентай Сайрадан кем көрмей,
күндіз-түні үйіріліп жандарынан шықпайтын болып алған.
Үлкен кісілердің тілі қызық еді ғой. Коликті — Халық, Толикті
-Тобык, Оксананы — Ақсана деп бір-бір қазақша есімге ие
еткен. Содан екі бала күллі ауылға Халық пен Тобық атанып
кеткен-ді. Мамаларын кейде Ақсана, кейде жай ғана Сана деп
жақын тартып, еркелетіп атап жүрді. Оксана аурушандығы бол-
маса, Ақсана десе дегендей, үлбіреген алма ағашының гүліндей
сұлудың сұлуы еді.
Шалғайдағы ауылдың өміріне осындай тосын өзгерістер
әкелген бұлар бірер жылдың ішінде-ақ қазақша тілге судай ағып
шыға келген. Оны көрген Оксананың жанарына жас үйірілді.
Суық түсе, оларды да мектепке бергенбіз. Халық пен Тобық
та Сайрамен бірге қазақша окиды. Алғыр екі ұлға сабак киын
тиген жоқ. Халык болса ептеп жазу-сызуды үйреніп, кара танып
қалғаны бар. Іні-қарындасына кәдімгідей ес болып, оқуларына
көмектесіп жүреді. Ең қиыны аяқ киім еді. Үшеу ара бір жаман
етік қана бар. Енеміз оның бүтіндеуін екі ұлға кигізіп, иленген
теріден Сайраға шәркей тігіп берген. Қырдан ертерек оралған
311

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
күндері Халық пен Тобықтың кішкентай Сайраны кезек-кезеқ
арқалап келе жатқанын талай көріп, құртақандай жандардың
бауырмалдылығына ет бауырым талай езілген. Шәркейден қар
асып, қабаттай оралған шұлғаудан су өтіп кететін көрінеді.
Бір күні кешкілік жұмыстан келе жатып, қораның артында
әлденеге күйбендеп жатқан үшеудің қарасын көріп қалдым.
Ақырын сығаласам, екі ұл екі жақтан Сайраның аяғындағы етікті
шеше алмай әлек. Шәркей Тобықтың алдында жатыр. Өзі:
— Болсаңшы, тез, аяғым тоңып кетті! — деп, етіктің басынан
шірене тартып жатқан ағасын асықтырып қояды. — Үйге кіре
берсек те болар еді, қараңғы ғой. Әжейге көрсетпей тез шеше
салар едім...
— Жоқ, болмайды. Ол кісінің бірден аяғымызға көзі түсер-
ін білмейсің бе? Текке Сайраға ұрыс естіртіп қайтеміз, — деп
өзі әзер шешкен етікті Халық жалма-жан інісіне тастап, қарын-
дасына шәркейді кигізе бастады.
Өткенде енемнің кішкентай Сайраға қатты ұрсып жатқа-
нын құлағым шалып қалғаны бар-ды. «Етікке неге иелік етесің?
Бергенді ки. Дәнеңе етпейді», — деп жатқан еді. Сол сөздерінің
түп төркінін жаңа гүсінгендеймін. Бұлардың қулығы белгілі
болды. Етікті мектепке барарда енеміз ұлдарға кигізгені-
мен, қораның артын айнала бере бір күн Халық, бір күн Тобық
кезектесіп шәркейді киіп, Сайра үнемі етікпен жүреді екен.
Ал кайтарда әжелеріне сездірмес үшін осы қораның артын-
да отырып, жаман етік пен шәркейді қайта ауыстырып киіп
алатын болып шықты. Үпір-шүпір үш баланың мына әрекеті
бір жағынан еріксіз езу тартқызса, екінші жағынан алпыс екі
тамырымды елжіретіп, көзіме жас тұндырды.
Әбден жұмыс басты болып қалжырап жүріп, балалардың
жайын ойлауға да мұрша болмай кеткенін жаңа біліп, бармағым-
ды тістедім. Балаға деген бар аналық мейірімім өзім келгенде,
танаулары пысылдап жататын олардың мандайларынан бір-бір
иіскеп шығудан әрі аса алмайды екен. Үйге келе бар қалған-
құтқан жүн-жұрқаны жиыстырып, түнделетіп ауыл шетіндегі
пима басатын жалғыз кемпірдің үйіне тарттым. Бұл кезде суык
312

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК.
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
түсе ескі дерті қайта қозғалып, кеудесі қабынған Оксана тағы
па төсек тартып жатып қалған еді. Бар ойым соғыс лаңының
тағы бір кесірін қаршадай балапандарыма тигізбеу. Иә, ол кезгі
балалардың да төзімі темірдей еді. Әлде қысталаң өмірдің өзі
оларды солай шыныктырып, ширықтырып жіберді ме, кім білсін.
Әйтеуір, қаншама тауқымет тартып жүрсе де, әлжуаз, шикіөк-
пе, боркемік емес. Ал Халық пен Тобыктың қайсарлығы тіпті
ересен болатын. Халык мен жоқта енеміздің сенімді қолғанаты
болып алған. Осы үйдің отын-суы соның мойнында. Майданда
жүрген менің жолдасымның көнетоз күпәйкесін тізесіне
түсіре киіп, белін әжесі сияқты қыл шылбырмен шарт буын-
ып алып, өзен бойынан, қия-беткейлерден отын дайындайды.
Қазак ауылының бар отыны белгілі. Қи, тезек жинап, қараған,
тобылғы шауып алады.
Ерте күзден қанша қамданғанмен елдің бар отыны қыс-
тын ортасына ғана жетуші еді. Үлкендердің бәрі «майдан» деп
тыным таппай жүрген кез. Өз ошақтарының жағдайына қа-
рап жатуға уақыт жоқ. Отын дайындау, үйдегі азын-аулақ мал-
ға қарау балалардың еншісінде. Ақ қар, көк мұзда тобылғы,
қараған шабудың өзі бір азап емес пе? Көктемге салым отын
әзірлеумен әлекке тұсетін ауылдың бар кәрі-құртаңы мен жас
балаларын бұл азаптан да Халық кұтқарды.
Ауылдың түстігінде қалың шилі алқап бар болатын. Жазык-
тың біраз жері саздауыт келетін-ді. Жазғытұрым балалар сол
арадан ботатабан теріп, қозы-лақ бағатын. Сол тұстан Халық бір
күні мүк секілді сап-сары бірдеңе қазып әкеліпті.
— Мұның не, құлыным-ау, — деген әжесіне:
— Торф, әже, торф! — деп мәз-мейрам болады. Қырдың
қазақтары торпының не екенін қайдан білейік.
— Бұл — таптырмайтын тамаша отын, — деген сөзіне де мән
берген біз жоқ. Оксанаға көрсетіп, күбірлеп жүрген оның өзі де
мұның анық-қанығына көз жеткізгенше, екі-үш күн өтіп кет-
іпті. Оған шейін қораның төбесіне тізіп койған әлгі сары «шым-
дары» сыңғырлап кеуіп қалды. Таптырмайтын отын екенін
қазандықтың аузына әкеліп, жаққанда барып бір-ақ біліп, қайран
313

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
қалайық. Өзінің қателеспегеніне қуанып, төбесі көкке жеткен
Халық енді ауылдын бар ересек балаларын жиып, шымтезек
қазуға көшкен. Алғашында қайдағы бір топырақ аралас мүкті
шөптің отын болып жарыта коярына сенімдері бола қоймаған
ауыл адамдары келе-келе шым-тезектен өзге отынды менсін-
беуге айналды. Қол созым жерде тұрған тегін отын аса көп
тасымалды да қажет етпейді. Қазып, кептіріп ал да, қораңа жинай
бер. Бұрын да елгезек, алғыр ақ сары баланың есімі осы арзан
отынға байланысты бүкіл ауылға жайылып кетті. Енді енеміз
қатарластары мен:
— Әй, менімен байқап сөйлесіңдер. Бәрінді асырап отыр-
ған менің сары алтыным деп доңайбат көрсете әзілдейтінді
шығарған.
— Әй, оның атын біз текке Халық қойдық па? Ол жалғыз
сенің емес, барша ауылдың төл баласы, ел баласы! — деп көнекөз
қариялар шығады қарсы дау айтып.
Осылайша Халықты жұрттың бәрі жақын тартып, өз ба-
ласындай көріп кеткен. Ол тапқан отынды бүкіл ауыл болып,
төрт-бес жыл бойы жағып, қызығын көрдік. Сөйтсек, Оксаналар
тұрған деревняның айналасы толған осындай торф екен. Ол
жақта ел көбіне соны жағатын көрінеді. Үлкеніміз бар, кішіміз
бар, бір-бірімізге медет, сүйеу болып, селбесіп, басқа түскен
бар ауыртпалықты да жеңіп шықтық-ау, әйтеуір. Бес жыл
титықтап жүріп жеңіс күніне де жеткенбіз. Бар өкініштісі бұл
қуанышты күнді Оксана көре алмай кетті. Ол сол баяғы өкпе
ауруынан кейін төсек тартып ұзақ жатып, көктемге салым көз
жұмған. Екі ұлын маған аманат қып, жұртқа, әсіресе, енеме
ризашылығын білдіріп, дүниеден кетті. Бұдан бір жыл бұрын
күйеуімнен келген қара қағаз қайғысына аяулы Оксанамның
қазасы қосылып, қабырғам қайысып, үш бала, бір кемпірмен
мен қалдым шошайып. Өлгеннің артынан өлмек жоқ. Тірі адам
тірлігін жасайды. Әне-міне дегенше, соғыстың ауыртпалығы
артта қалып, ел іші есін жиып, жақсы күндерге қадам басты.
Сондағы қаршадай балалар да соқталдай-соқталдай азамат болды.
314

К.ЛЗАК,
I® ҚАРЛЫҒАШТЫНҰЯСЫ


ӘДЕБИЕТН-ЛҢ
'А'
АНТОЛОГИЯСЫ
Ел қатарлы біздің де аузымыз аққа жарып, өзімізге-өзіміз келіп
калғанбыз. Халық пен Тобығым да ер жетіп, ауылдың арка сүйер
азаматтарына айналды.
Қазір оқуын бітірген Халық қалада тұрады, ғалым. Сайра
мен Тобық әлі оқып жүр. Сайра ағасының қасында да, кіші
сары ұл Ленинградта, әскери оқуда. Жан-жақтан жыл кұсындай
сағынтып, жылына бір-екі рет келіп кетеді. Қайда жүрсе де аман
болсын, әйтеуір.
***
Жәміш әжейдің үйінен күн ұясына кіре бір-ақ шықтық.
Нарттай қызыл жалынға малынған батыс жақ маған дәп сол
бір жылғы қанқұйлы қарекеті үшін біздің алдымызда ұяттан
өртеніп бара жатқандай көрініп кетті.
АЯҚТАУ, ЯҒНИ СОҢҒЫ СӨЗ
Міне, кұрметті оқушым, кластас достарым жайлы жазған
алғашқы дүнием де аяқталды. Әрине, мектеп өміріндегі бар
қызықтарды бес дәптерге сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан
мұнда бір ғана оқу жылынын барысында болған жайттар қам-
тылды. Ал өздеріңіз танысып үлгерген Жұлдыз, Қанат, Әлім
сынды құрбыларыңыз үшін мектеп қабырғасындағы оқу әлі де
жалғасуда. Демек, олар туралы әңгімеміз де әлі аяқталған жоқ.
Оған сенімдеріңіз кәміл болсын. Сонымен тағы да кездескенше!..
315

Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді. 1977 ж.


Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді.
«Жалын», «Мектеп» баспаларында, «Пионер», «Зерде», «Парасат»
журналдарында, «Жетісу» газетінде жұмыс істеді. 1994-2003 жж.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында аударма секторын
басқарды. «Қазақойл» ұлттык мұнай-газ компаниясында кызмет етті.
«Бәйге», «Агцы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты
жыр жинақтары мен «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Самый сладкий день»,
«Құлдар көтерілісі» атты проза кітаптарының авторы.
316

ӘДЕМІАУРУ


Е
р баланың алдында апасы болғанға не жетсін. Одан
артық бақыт бар ма? Мамасынын айтуынша, ертеректе
Еділдің Күләш деген апасы болыпты. Бірақ оған тағдыр
жарық дүниенің қызығын көруді: ел қатарлы әлденеге қуан-
ьіп, әлденеге мұндануды жазбапты. Тәй-тәй басып, кұйттай ақ
ұлпа табаны туған жердің топырағына тиіп те үлгермепті. Тілі
шығып былдырлап та жарытпапты. Қыр үстінде аз күн тұрған
қызғалдақтың бір тұтам ғұмырын ғана кешіпті. Қаршадай кезін-
де қызылша алып кетіпті. Өкінішті-ақ. Ол қазір тірі болып ай-
на алдында айша толып, өз-өзіне танданып, көбелекше би би-
леп, тұлым шашы желпілдеп жүргенде, Еділ дәл бүгінгідей қатты
жәбірленер ме еді?
Бағана көңілі әрқайым, ішінен ыңылдай әндетіп, ойында
дәнеңе жоқ, ауылдың ана басындағы Ажарбұлақтан тірсегі
майысып су алып келе жатқан-ды. Неге екені белгісіз, Еділ
иінағашты мойнына іліп, бұлаққа бара жатқанда және одан бері
қайтқанда өз-өзінен жаман қысылады. Көбіне ел аяғы басыла,
қараңғылық түсе су әкеледі. Күн жарықта бір түрлі ұялады. Бүгін
де солай ұялып, ауылдың қақ ортасындағы төте, дариядай кең
көшеге түспей, тұтасқан қалың бакшалықтың ішіндегі ойлы-
қырлы жалғызаяқ соқпақпен тартты. Ел көзінен таса. Қырсық-
қанда, мұны әдейі андып, торуылдап түрғандай Ыстидың ескі
қамыс сарайының оң жақ мүйісінен қараң етіп Боранбай шы-
ға келгені емес пе. Еділ қалт тоқтады. Ыңылдаған әні кілт тын-
ды. Түнерген қара бұлттың міндетті түрде нөсерлетіп жауаты-
ны секілді, Боранбай бар жерде сөзсіз төбелес шығады. Сәлемі
жұдырықтан басталады. Оның бұл тентек мінезі аядай ауылға
бес саусақтай белгілі. Біреуге ұрынып-соқтықпаса, ішкен асы
317

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бойына тарамайды. Ешкімнен беті қайтпайды. Еркіне салса
азаннан кешке дейін төбелесуге бар. Төбелес — құмар қызық
ойыны. Одан өзі рақаттанып қалады. Еділ тәрізді нәзік балалар-
ды шыбын құрлы көрмейді. Жылатам десе де, жұбатам десе де
— ырқында. Иә, айт-айтпа, жақсылық болмады. Боранбайдың
түсі сұп-сұр. Бала емес сияқты. Әйтпесе балада осыншалықты
сұс бола ма? Көзі ашудан суық жалт-жұлт етеді. Жанарының
ішінде жарқ-жұрқ ойнап шақпак тас жүргендей. Бүйірін таян-
ып, тәштиіп тастан құйылған кішкентай тірі ескерткіш құсап
қарсы алдына келіп тұрды.
Ал басталды... Еділ коркып тұрса да танданбасқа амалы
калмады. Ау, адамға адам аты жок, жөні жок ұрына ма? Бір
себебі болуы керек қой. Боранбайға не істеп қойып еді. Не
жазығы бар? Ойлап-ойлап басы қатты. Зәредей кінә таппады.
Боранбайды ренжіту үшін де одан өткен сотқар болу қажет. Ал
Еділ біреуге шәй деп дауыс көтеретіндердің санатынан емес.
ұй, бірақ Боранбайға бәрібір ғой, әйтеуір төбелессе, әйтеуір
әлдекімді жылатса болды оған. Сүйікті ісі.
— Тоқта, кәне!
Еділ онсыз да қаққан қазықтай қақиып тұр. Боранбай аузы-
нан сөз емес, тас лактырып жібергендей, Еділдің тізесі дірілдеді.
Алақаны бір ысып, бір суыды. Тағы қандай бұйрық болады? Көгі
күттірмеді, Боранбай:
— Суыңды төк! — деді ақырып.
— Неге?! Үйде конақтар бар, мамам тез әкел деген...
Еділдің үні оқтын-оқтын үзіліп кететін шірік жіптей әлсіз,
жалынышты шықты.
— Кісі болса кәйтемін! Төк дегесін, төк! Айтқанды істе!
Еділдің ызақорлығы ұстады. Сотқар, сотқар дегенге, жүдә.
Мейлі не қылса о қылсын, көп болса мықтап бір таяқ жер, суды
бәрібір өз қолымен төкпейді. Намыс керек. Тапқан екен тілалғыш
қоянжүректі. Осылай тас түйін ойға келгенімен, іштей өзінің
айтқанында діттеп тұра алмайтынын сезді. Әйтсе де қарсыласқан
жөн. Әрі таяқ жеп, әрі суды өз қолымен төгіп, екі рет масқара
болар жайы жоқ.
318

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Қабырғаны қақ жарғандай Боранбай екпіндеп Еділдің дәл
касына келді.
— Мынаны көріп тұрсың ба?!
Жұдырығын Еділдің мұрнына иіскетіп өтті. Жұдырығынан
содырлықтың иісі шығады. Еділ қалшиып тұра берді.
— Кімге айттым?!
Бұдан әрі шыдамады, Еділдің иығындағы иінағашты жұлқып
кеп калды. Иінағаш тартпасы үзілген ердей сыпырылып жерге
түсті. Кос шелектегі су лақ-лак ақтарылды. Айнала көл-көсір
болды. Сонша жерден әкелген есіл енбегі зая.
— Неге төктің дейім?!
— Сол!
— Неге?
— Себебін білмейді екенсін ғой, ә?!
— Не қылдым саған? Не жазығым бар?
Боранбай ерінін шүйіріп, кекете күлді.
— Қарай гөр дым білмеуін. Ақыретті сенен-ақ көріп болдым.
Әрине, мені ұрып-соққан жоқсың. Бірақ көрсеткен азабың одан
да ауыр. Әбден құлағым сарсыды. Қит етсе апамнын айтатыны:
«ұне, өзіндей Еділді қарашы, алтын бала». Фу! Біз сонда темір
бала болғанымыз ба? Сөздің тоқ етері былай: бір жолға кеші-
рейін, ендігәрі ондыртпаймын. Таяқ жегің келмесе, бүгіннен
бастап су тасып, үй жинап, шай қайнатуды доғар. Айтқанды істе-
месең — жақсылық күтпе. Жаңа апам сені жер-көкке сыйғызбай
мақтап, шәйімді шала ішкізді. Тіпті соңғы кезде жөнді ой-
наудан калдым. Бәрі сенің кесірің. «Еділге қарашы, су әкеле
атыр», «Өзіндей Еділ үй жинайды, сенікі тек зіркілдеп ойнау».
Сөзінің піссімілләсі осы кілки. Ауруға ұшырадым. Екіншілей
ондай сөздерді естімеспін деп ойлаймын. Түсіндің бе, әй?!
Мәселе түсінікті болды. Еділ басын шайқады. «Боранбай,
Боранбай... қызықсың-ау. Менде не кінә бар? Өзінді бір мезгіл
менің орныма қойып көрші. Мысалы, сен үйдегі балалардың
ең үлкені, естиярысын. Жалғыз мамаң не істейді. Он қолы, он
аяғы бар ма? Дүкенші. Күніне бес-алты сағат дүкен ашуы керек.
Одан қала берді үйдің мың сан ұсак-түйек шаруасы тұр күтіп.
319

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Келім-кетім кісі көп. Осындайда қодқанат болуың қажет қой
Анау іні-қарындастарым әлі жас. Олар су тасып, үй жинамақ
түгілі, жыламай тамақтарын ішсе, соның өзі үлкен көмеқ
Қызықсың, мен бір қүдды өзім тіленіп су әкеліп жүр деймісің.
Жағдай. Ал сенің алаңсыз ойнауыңа болады. Алдында екі
апаң бар. Олардан саған артылып қалар іс жоқ. Ал мамаң мені
айтып мазанды алса, жөн-жосықсыз азаннан кешке дейін асыр
салып ойнай берме дегені шығар. Мені дұрыс түсін. Мен үйдің
шаруасын істеуге қалайда міндеттімін. Сен айтты екен деп қол-
ымды қусырып отыра алмаймын. Мен әлі Жақан ағам үйлен-
генше су әкелемін, отын жарамын, айран пісемін, от жағамын,
шай қайнатамын. Мен мұның бәрін тез қойсын десең, әуелі
Жақан ағам келіншек алсын».
Боранбай әлдеқашан кетіп қалған-ды. Бірақ Еділ әлгіндегі
сөздерінін бәрін оған айқайлап тұрып айттым деп ойлады. Өзін-
өзі осылай ақтады. Дәлелдеді. Әйтсе де жаны кәдімгідей-ақ
жәбірленді. Әркім өстіп жұдырық иіскете берсе, не болады?
Бір қолына иінағашты, екінші қолына қаңғырлатып бос
қос шелекті ұстап, ойға шомып, басы салбырап Еділ әлгіндегі
келген ізімен кері жүрді. Қайтадан су алуы керек. Бұлаққа келді,
Мұздай сумен бетін жуды. Цемент астаудың ернеуіне отырып,
бакшалық жаққа карады...
Қүләш апасын осы кезде есіне алып еді. Бірақ, өкінішке
орай, ол қазір жер бетінде жоқ. Сондықтан оған өкпелеу орынсыз.
Өзінің осындай жағдайға душар болғанына Жақан ағасын
кінәлі деп ойлады. Алғаш рет оған қатты ренжіді. Жақан -
тәтесінің інісі (Еділ әкесін тәте дейтін). Жасы қазір отыздарда.
Ауылда тракторшы. Нағыз алтын жігіт. Мінезі тамаша. Біреуге
ашуланып дауыс көтермейді. Кісінің бетіне жел боп тимейді.
Қашан көрсең де бала құсап күліп жүргені. Жайдары. Әзілқой.
Жұмыс десе, арам еті жоқ. Бар жанын салады. Ауылды айында,
жылында бір көреді. Қойшылардың үйін көшіреді. Шөп шабады.
Қырқымда болады. Алда-жалда ауылға келе қалса, үйде тыныш
отырмайды. Жұрт бірінен соң бірі қолқа салады: «Жакан, сексеуіл
әкеп берші», «Жақанжан, шөбімді түсіріп берші». Ол ешбірінін
320

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
меселін кайтармайды. Әрі ісмер. Есік-терезе жасайды. Пеш
соғады. Осынысына қарап, ел оны керемет жаксы көреді. Еділ
осындай алтын жігіттін әлі күнге дейін неге үйленбей жүргеніне
ан-таң. Жеңгесі болса, Еділ Боранбайдан әлгіндей сөзді естір
ме еді? Шынында да неге үйленбейді? Үйлену қиын ба? Жұмыс
емес. Еділ ауылдағы талай жігіттердің оп-оңай-ақ үйленгенін
біледі. Мысалы, Ерғали. Ауыл айдалада, кұм ішінде болғасын ба,
автоклуб сағындырып жылына бір-екі рет келеді. Автоклуб кел-
ген күні нағыз мереке болады. Балалар бір-бірінен сүйінші сұрай-
ды. Дүкеннің, мектептің алдына жапсырылған хабарландыруды
місе тұтпай, үйді-үйге кіріп, өз ауыздарымен және бір айтып
шығады. Құдды бір тойға шакырғандай. Кешке бүкіл ауыл тайлы-
таяғы калмай, мектепке жиналады. Мектептін кара қожалак
қабырғасына ак мата тұтылады. Кино басталады. Далада көрген
кино керемет қызық. Қарма-жарма әңгіме. Кішкентай балалар
жылайды, біреулері нан сұрайды, екіншілері ұйқым келді деп
қиғылық салады. Аспаннан жамырап жұлдыздар төнеді. Самал
жел еседі. Ит үреді. Есек ақырады. Сиыр мөңірейді. Ерекше,
бөлекше кино. Міне, осындай бір кинода Ерғали фельдшер
қызбен күбір-күбір сөйлесіп отырған... Бас-аяғы сол. Ертеңіне
тойлары болды... Жакан ағасы да осылай үйлене салмай ма? Әлде
ол жақсы көретін қыз жок па? Неге болмасын, Мектепбайдың
Бақыткүлі ше? Шәкірдің Салтанаты кімнен кем? Тиыштықтың
Сәлимасын қайда қоясың? Бәрі де шетінен әдемі. Жарқылдаған
қыздар. Мінездері жібектей. Жакан ағасы өстіп үй көрмей далада
жүргенінде оларды жылдағыдай шөп тасуға келген автобаздың
шоферлері алып қашады ғой...
Еділ өз-өзінен күйіп-пісті. Иә, шөл қысқан жолаушының
бар аңсары бір жұтым су болса, Еділдің бар арманы — жеңгелі
болу. Бұл арманы қашан орындалады, әлі белгісіз. Өткен күзде
екен ғой, Еділ тәтесіне, әй, бір ырза болды-ау. Тәтесі Жақанның
жанына батырып қатты ұялтты. Үшеуі шуақта отырған. Әңгімеден
әңгіме шықты да, тәтесі Жақанға:
— Өстіп жүре бересің бе? Қызыл трактор саған әйел бола ма,
қашан келін түсіресің? — деді.
321

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Жақан қолына ілінген сексеуілдің әлдебір шөпшегімен жерді
шұқылай берді.
— Қыз қайда қашады...— деді міңгірлеп.
Тәтесі қолын бір сілтеді.
— Сөзің бар болсын. Жүр ендеше осылай!..
Еділді сонар ойдан інісі Жиенейдің шіңгірлеген жіңішке
дауысы селк еткізді.
— Еділ, Еділ, апам кайда кұрып кетті деп атыр сені!
Еділ қос шелегін меймілдетіп, иінағашты иығына салды. Жаз-
ған құлда шаршау жоқ, тірсегі майысып, бақшалықтың ішімен
үйге қарай тартты. Бұл жолы алдынан Боранбай кезікпеді. Кезіксе
де манағыдай қорықпас еді, себебі Еділ іштей өз-өзінен ызалан-
ып, мұнданып, әлденеге ширыққан-ды. Ә десе, мә деп шартта-
шұрт төбелесе кетуден тайынбайтындай. Қашанғы жазықсыздан-
жазықсыз таяқжей береді...
***
Еділ азанда қамыс қораның алдында арқандаулы тұрған
Байбатшаның сұр есегін көрді. Көрді де танданды. Жүгіріп үйге
кірді.
— Мама, сұр есекті кім арқандап қойған?
— Мен, — деді мамасы,— Қайнағадан сұрап алдым бес-алты
күнге. Ауылда босқа жүргенше, қасыңа Жиенейді ертіп, хал-қа-
дарларың келгенше, күніне бір арқа болса да сексеуіл сынды-
рындар, Жақан шөптен қолы бір қалт еткенде үйге жеткізіп береді.
Еділ қуанып кетті. Отын сындыру, шөп шабу дегендерің жі-
гіттің ісі ғой. Ол балалар мазақ қылатындай, Боранбайдың жыны
ұстайтындай шай қайнату, ыдыс-аяқжуу емес. Ұялмауға болады.
Еділ шайды асығыс-үсігіс ішті. Сосын құлағының түбінде
шыбын ызындап ұшып жүрсе де, мыңқ етпей тәтті пысылдап
жатқан інісін ұйкыдан оятты.
— Жиеней, тұр, кәне. Отын сындыруға барамыз. Мамам
Байбатшаның сұр есегін әкеліп қойыпты.
322

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Жиенейжан, тұра ғой, азаңғы салқынмен жетіп қалындар,
_ Деді мамасы да.
Жиеней әрі-бері аунады да, көпшіктен басын көтерді.
Ұйқысын аша алмай, көзін укалап:
— Сұр есекпен барамыз ба? — деп сұрады.
- Иә.
- О,алақай!
Үстіне әлдекім мұздай су құйып жібергендей, төсегінен
атып тұрды. Әркімнің өз қуанышы бар деген осы. Ауылдың
кішкентай балалары үшін Байбатшаның сұр есегінің үстіне бір
міну — шынында да қол жетпес арман. Себебі сұр есек — басқа
есектерден мүлде бөлек. Таудай, құдды ат секілді. Анау-мы-
нау жаман-жұман аттарды шапқанда жолда қалдырады. Жоқ
карағанда, мал айдағанда кісінің көңілі жай. Үстінде тек тәтті
кдлғып ойға шом да отыр. Сұр есек жолды өзі біледі. Алдындағы
малды шашау шығармай үйіріп айдайды. Қашқақтағандарын
тірсектерінен бір-екі рет тістеп алады.
Байбатша сұр есегін кез келген адамға бермейді. Міне, сол
кәделі сұр есекпен бұлар отынға бармақшы.
Ибагүл ақ кенеп қалтаға күрең қызыл жарты тапа нан, бір
уыс шекер салды. Ердің басына бір мұтыра ашытпа ілді. Еділ мен
Жиеней сұр есекке мінгесті.
— Әйт шу, сұр тұлпар!
Тұлпар деген сөзге елең ете калды ма, сұр есек бірден шоқыта
жөнелді.
Мамасы сондарынан айқайлады:
— Абайландар, бастарыңа күн өтпесін, караңғы түспей
қайтындар!
Қарттардың айтуынша, бұрын ауылдың маңайының бәрі
тұнған сары жігер сексеуіл болған екен. Ол кезде жұрт отын
жинап әбігерленбепті. Күнделікті керекті отынын қорасында
тұрғандай арқалап алып келе беріпті. Қазір ол дәурен жоқ.
Сексеуіл күннен-күнге азайып ауылдан, адамдардан құмға қашып
барады. Жұрт ізінен қуып барады...
323

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
ОЙ
АНТОЛОГИЯСЫ
Еділдердін де сексеуіл сындыратын жері кәдімгідей ит арқа-
сы алыс. Он шакырым жер. Онда да кураған кәрі сексеуіл. Жақың
маңайда кызуы күшті сары жігер жоқ. Ол оңайлыкпен бала-ща-
ғаға таптырмайды. Арнайы сайланып трактормен не машинамең
шығу керек.
Жол ұзақ. Жиеней Еділге ертегі айт деді. Еділ не айтады.
Күлді де, Жиенейге қарады.
— Әуелі сен баста.
Жиеней бөгелмеді. Әйтеуір әңгіме болсын деп бірдеңені
қойып қалды.
— Жақында Нәзипаның қауыны піседі.
— Оны қайдан білдің?
— Сыртынан көрдім, пәлектердің арасы сарғайған жәм-
білшелер. Күләбілері де көп.
— Үлкен бе?
— Үп-үлкен. Самаурындай-самаурындай.
— Солай де.
— Солай. Піскен кезінде үйлеріне қалай алып барады?
— Онда не тұр, қапқа салып сүйретеді ғой.
Әне-міне дегенше сұр есек Ақбелдін жазығына — қалын
шырпылыққа жетті. Бұл — жарты жол.
Неге екені белгісіз, Жиеней тетелес бірге өскесін бе, Еділді
аға демейді, мейлі. Еділ өкпелемейді. Кейін дәу жігіт болғанда, аға
демек түгілі, көке дер-ау. Қазір не, денесі қораш. Жиенейден сәл-
пәл ғана қалбетті.
- Еділ.
Жиеней Еділді бүйірінен түртті.
-Ау.
— «Кімнің үйі» ойнайық.
— Жарайды.
Бұл — екеуінің өздерінше ойлап тапқан ойыны. Жұмбак
секілді. Шарты былай: біреуі бір үйдің бүкіл мал-жанын тізіп
шығады, екіншісі оның шешімін табады, кімнің үйі екенін дәл
айтып беруі керек.
Жиеней ойынды бастады.
324

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Үйінде бір шал, бір кемпір бар. Біреуі таяққа сүйеніп жүреді.
Бір баласы бар. Он ешкісі, алты қойы бар. Бір қойның оң құлағы
киык- Бұл кімніңүйі?
Жиеней аңқау. Қулық дегенді білмейді. Мұның несі жұм-
бак? Бәрін қолға ұстатқандай ғып айтып берді. Еділ әп дегеннен-
ақ тапты. Қайыпбайдың үйі ғой. Бірақ мақтанған секілді тақ
еткізіп бірден айтпады. Себебі шешімін жылдам айтса, Жиеней
ренжиді. «Қиын» жұмбағына бір минут бас қатырмаса, не
болғаны сонда? Сондықтан Еділ өп-өтірік білмеген адам кұсады.
— Шертайдікі.
— Жоқ.
— Шәкірдікі.
— Жоқ. Ол үйде үш бала бар емес пе?
— Сонда кімнің үйі екен, ә?
Еділ қиналғансыды. Жиеней аяп, әрі өзінше мәз-мейрам
болып көмектесе бастады.
— Үйі дүкен жақта.
— Ә, таптым. Қазидікі.
— Дұрыс емес. Дүкен жақтан есептегенде үшінші үй.
Еділдің бұдан әрі қиналуына қакысы жоқ. Ұят.
— Қайыпбайдікі.
— Дәл өзі. Ал сен айт енді.
— Мен бе? Қазір. Үйінде екі шал, бір әйел, екі үлкен жігіт, төрт
бала, екі қыз. Бір баласы қалада. Екі аты, бір нары бар. Шалдың
біреуі соғысқа қатысқан. Бір жігіт мұғалім. Бұл кімнің үйі?
— Жолдасбайдыкі!
— Маладес!
Жиеней: «Мен ауылдағы барлық үйді жатқа білемін!» — деп
мақтанды.
Әңгімемен екеуі сексеуілге де келді. Еділ сұр есектің аяғына
тұсамыс салды да, көрпеше, қалта мен мұтыраны шоқ сексеуілдін
түбіне апарып қойды.
Екеуінің сексеуіл сындырамыз дегені жай аты ғана. Жан
қиналатын ештеңе жоқ. Борпылдақ жұмсақ құмның үстінде
325

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сексеуілдің өзі түбі аспанға қарап аударылып-аударылып жатыр.
Тек сүйре де бір жерге апарып үйе бер. Еділ мен Жиеней соның
өзінде де тандап жинады. Көбіне қураған ку томарларын ғана
алды. Бұларында сыр бар: өздеріне жеңіл, кыста бұтарлаң
әуреге түспейді, балтаның шүйдесімен бір қойып қалса болды,
не етікпен тепсе де опырылып сынады. Сары жігер сирек.
Қатын сексеуілге жоламады. Себебі оны сындыру ақырзаман.
Майысып, бұралып, резеңкеше созылып, оңайлықпен сы-
нып болмайды, қыруар уақыт кетеді. Ең тамашасы — майда
томашалар. Бірақ Еділ ылғи томаша жинауға бір түрлі ұялды.
Ертең мамасы мен тәтесі «жинаған сексеуілдерін осы ма?» деуі
әбден мүмкін ғой.
Бірте-бірте кұм қызды. Еділдін басындағы қағаз қалпағын
сексеуіл іліп кетіп, пырым-пырым болды. Басына көйлегін орап
алды. Күн тас төбеге тармасты.
— Жиеней!
- Не?!
Жиеней пысылдап бір дәу сексеуілді сүйреп бара жатқан-ды,
кілт токтады.
— Әзірге осы да жетер. Демалайык.
Екеуі соңғы үйіншектің түбіне отыра кетті. Шамамен сағат
он бір, не он жарым.
Ашытпа ішті. Шөлдері басылды. Сосын калың бұтақты шыр-
пы сексеуілдерден қоршалап, күрке жасады. Астарына көрпешені
төсеп, көлеңке ұзарғанша жата тұрайық деп ойлады.
Еділ бір кезде көзін ашып алса — айнала ала сәуле. Мәссаған!
Күн еңкейген. Жалма-жан інісін оятты.
— Тұр! Тұр! Кеш болыпты ғой.
Енді отын сындыру қайда. Караңғылық үйірілмей үйге жетіп
алу керек. Сұр есекке мінгесіп, ауылға тартты. Бағанағы, азан-
дағы пәт жок: Жиеней былк-сылк. Еділ де бір түрлі шала ұйқы.
Ал сұр есек кунақ, желіп келеді...
326

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
***
Еділдің жай уақыттан гөрі ала-бөле қиналып, Жақан ағасына
сыртынан қатты ренжіп, тезірек жеңешелі болсам-ау деп тәтті
қиялға берілетін кезі — мамасының дүкенге зат әкелу үшін
кеңшарға кететін күндері. Себебі мамасы кемі үш-төрт, кейде
он шакты күнсіз оралмайды. Жер шалғай. Күрдай қатынап
жаткан машина жоқ. Сондайда әбден әбіржіп бітеді. Үйдін бүкіл
таукыметі өзіне түседі. Жұмысы бүрынғыдан екі есе ауырлайды.
Тәтесі жаздай үйдің қарасын көрмейді. Қойшылардың қора-
қопсысын жөндейді. Шөпте болады. Үйге жыл құсындай оқта-
текте бір соғады.
Еділ мамасының кешелі бері дәу сырлы тегешке бетпе-бет
қылып қамыр илеп, отты лаулата жағып, жиілетіп тапа көміп
жатканынан секем алып, көңілі бір түрлі құлазып сала берді.
Бұл — жақсылықтың белгісі емес. Бұл — мамасы жолға шығады
деген сөз.
— Еділжан, — деді түскі шайдың үстінде,— Машина болса мен
бүгін-ертең кеңшарға жүремін. Дүкенде дым зат қалмады. Тіпті
шекерге, сабынға дейін жок. Кұдай каласа, екі-үш күнде қайтып
ораламын. Үйге, балаларға бас-көз бол. Міне, алты тапа нан
көмдім. Бауырсак пісіріп беріп кетем. Кәкен әжеңе айттым, бір
мезгіл ыстық тамақ істеп береді. Шайларынды өздерің қайнатып
ішесіңдер ғой. Мырзагүлге тапсырдым, сиырды сауып тұрады.
Сүтін ұйытып, айран қып ішіндер... Бұқарға бара жаткан жоқпын,
мынау тұрған кеңшар...— Сөзін аяқтап үлгермеді, Еділдің інілері
құдды бір ол базарға баратындай, бірінен соң бірі «аманаттарын»
айтып, жамырай жөнелді.
— Мама, маған белсебет әкел.
— Маған ойыншық автомат керек.
— Матрос көйлек әкел.
— Балалардың бәрінде кеті бар, жалғыз менде ғана жоқ.
Отырған орындарынан атып-атып тұрып, мамаларын кор-
шап алды. Ибагүл олардың мандайларынан сипап, беттерінен
сүйді.
327

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Жарайды, кезіксе, бәрін де аламын.
— Ура! Тез әкел!
— Машина болса, кідірмеспін. Ауылда сендер, шиеттей бала-
шаға...
Сөз осымен тамам болды. Еділ үндемеді. Ең естияры өзі.
Кішкентай бала күсағысы келмеді. Әйтпесе оған коньки керек еді.
Коньки болғанда да ең әдемісі, қайқы бас, жылтырағы. Мамасы
Еділдің ішкі бүкпентай сырын оның жаутаңдаған көзінен оқыды.
— Осы жолы саған әлгі кәңкиінді әкелемін, тек дүкенде бол-
са де.
Түстен кейін аспанды ала шаң ғып, тамның алдына сары водо-
воз келіп тоқтай қалды. Буынып-түйініп дайын отырған Ибагүл
қолына былғары қара сөмкесін ұстап, үйден жүгіре шықты.
— Ал, Еділжан, аман болындар, мен кеттім! — деді кабинаға
мініп жатып.
Берік мамасының өзіне матрос көйлек әкелетінін ұмытып
кетті ме, бақырып жылап жіберді.
— Мама!
— Қой, құлыным, қайдағы жаман әдетті шығарма. Еділ,
балаларға ие бол.
Машина гүр-гүр от алды да, жаймен орнынан қозғала берді.
Берік Еділдің қолынан бұлқынып шығып, машинаның соңынан
қуды. Ауылды басына көтерді. Даусы ащы. Құдды бір мамасы
үйге енді қайтып келмейтіндей, шыркырай жылайды.
— Мама!!!
Ізінен Еділ де жүгірді.
— Берік, тоқтадеймін!
Берік сөзге құлак асатын түрі жоқ. Үй-үйдің алдында жұрт
қарап тұр. Еділ қатты ұялды. Ақыры қуып жетіп, білегінен шап
беріп ұстады, белінен тас қылып көтеріп үйге карай аяндады.
— Қой деймін, жұрттан ұят...— деді әлденеше рет сыбырлап.
Берік ұят-сұятты елейтін емес, одан әрі бақыра түсті. Әйтіп-
бүйтіп үйге де әкелді-ау. Сәлден соң жылап-жылап, өз-өзінен
шаршап ұйықтап кетті.
328

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Енді қарайлайтын ешкім жоқ, Еділ үй шаруасын дереу қолға
алды. Тәтесі — алыста қора салып жатыр. Бірақ билік өзімде
екен деп, шектен тыс кетпеді. Інілерінің қас-қабағына қарады.
Олар да мамалары бардағыдай емес, бір түрлі жетімсіреп, жуа-
сьіп қалған секілді. Жиеней бұрынғыдай қиқарланбайды. Еділ-
дін жұмсаған жеріне барады. Талғат та сондай. Тек көндікпе-
ген Берік қана. Ол бес жаста. Кенже. Ерке. Еділ шифоньерден
екі-үш түйір бал кәмпит әкеліп берді оған. Әйтеуір жыламаса
болды. Соның өзі көмектескені, айтқанын тыңдағаны.
Кешкі шайды дастарқан басында шүпірлеп отырып ішті
бәрі. Көрші үйдің әйелі — Мырзагүл сиырды сауып берді. Еділ
жерошаққа от жағып, сүтті пісірді. Шекшек шырылдай ұйқыға
жатты. Төртеуі бір көрпенің астына тығылды. Түнде қорықпас
үшін Еділ шамның білтесін сәл көтеріңкіреп қойды. Бөлме іші
күңгірт жарық. Кісінің жол аяғы ғана көрінеді. Інілері ұйықтаған
соң, орнынан тұрып барып, сыртқы есікті итеріп көрді. Бұл
өзінше пысықтағаны. Ілгегі мықтап салынған. Еділ мама-
сы барда ештеңеге аландамайтын еді. Енді өйтуіне болмайды.
Балалардың үлкені. Ұйқысын да күзетуі керек. Олар тыныш
ұйықтауы тиіс. Ең бастысы, өзі қорықпағаны жөн. Корку ұят.
Онда інілері кімге сенеді? Иә, солай. Әйтпесе Еділ оншалықты
ақ көз батыр да емес. Бұған дәлел көп. Әсіресе мына жайт әбден
есінде қалыпты. Біріншісі былтыр күзде болған. Үйге Картбай
атай келіп мұнын шақты.
— Келін, міне, екі күн, ала сиыр жоқ. Сірә, өріс қуалап, сонау
Ақсуатқа кеткен-ау деймін. Бұзауы дамылсыз мөңіреп тұр. Әрі
өзіміз де ағарғансыз, шәй қатықсыз калдық. Айдап әкелейін
десем, атқа отыруға жарамаймын, Еділ Ақсуатқа барып келсін, —
деді.
Ибагүл:
— Мейлі, — деп келісімін берді де, Картбай атайдын жанына
Еділді қосып жіберді. Еділ атайдың торы атының үстіне қонды
да «міне, мені көрдіндер ме» дегендей, көшенің қақ ортасымен
сатырлата шапты. Ақсуат бұлағы ауылдан отыз шақты шақы-
3291

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
рым жерде еді. Бірақ сиыр бұлақтың басында байлаулы тұр-
ған жоқ, дала кең, қуыс-қолтық, сай-жыра көп, қайда жайыл-
ып жүргенін кім білсін. Еділ бұлақтың о жақ, бұ жағын әбден
шарлады. Әйтеуір шаққа дегенде бір иіннен тапты. Төрт сиыр
қалың жыңғылдың арасында қаннен-қаперсіз күйіс қайырып
жатыр. Еділдің ала сиырға жыны келді.
— Әй, ауылда бұзауың мөңіреп, жылап тұр неше күннен
бері. Ал сенің түк болмағандай күйіс қайырып тұрғаның мынау?!
Ала сиыр сөзді қайдан түсінсін, басын шайқап, көзін бір
аударып қарады. Еділ төрт сиырды «өк, өк!» деп қайырмалап,
ауылдың қара жолына салды. Өстіп жүргенде күн де батты. Қа-
раңғылық үйірілді. Сиырлар да қырсыққанда машина құсап
айдау қара жолға түсіп алып, еңкілдеп жүріп отырмады. Біресе
біреуі былай қашады, біресе екіншісі олай қашады. Не бастар-
ын көтермейді, ауық-ауық жусан шалып, тас-табандап тұрып
алады. Әбден шаршатты. Әуре-сарсаңмен көп уақыт өтті. Еділ
бірте-бірте бір түрлі елегізиін деді. Айнала көзге түртсе көргісіз
қап-қараңғы. Әсіресе ескі қорым, үңірейген қора, обалардың
жанынан өтіп бара жатқанда қиын. Әлем-тапырық қиқулап бай-
ғыз шақырады. Суылдап әлдебір құс ұшады. Шоқ-шоқ жыңғыл,
аумақ-аумақ сексеуіл бұталарына жан біткен секілді. Қайсы-
бірі Еділге қасқыр болып көрінеді. Қыбыр-қыбыр қимылдайды.
Қорқынышты. Қай шамада келе жатқанын білмеді. Әйтеуір жүр-
іп келеді. Әлсін-әлсін сиырларға «өк, өк!» деп айқайлап кояды.
Қейде өз дауысы өзіне жат болып, ауада шыңылдап тұрып алады.
Дыбыс атаулы үрейлі. Дыбыс атаулы сүйкімсіз. Селт еткен үн,
сыбдырдан жүрегі кеудесінен ұшып шыға жаздайды. Тек ауылдың
шетіне іліге бере ғана көңілі орнына түсті.
— Әй, Еділмісің?! — деген Қартбай атайдың дауысын естіді.
— Менмін ата, менмін!
Қуаныштан көзінен бір тамшы жас ытқып кетті...
Екінші қорыққаны биыл қыста. Үйде қаладан келген екі
қонақ бар-тұғын. Қешке әлдебір қорқынышты әңгімелер ай-
тылды. Мамасы:
330

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Осы біздің ауылға бір пәле болды, — деді. — Өткенде бі-
реу түнде интернатқа түсіпті. Балалар шошып ояныпты. У-шу
жылапты. Қазір интернатты қолына мылтық ұстап Нұрабай
күзетіп жүр. Ауыл бұрын тып-тыныш еді. Жақында әлдекім
Маканның үйіне ұрланып кіріпті. Әйелі көзімен көріпті, бет-ау-
зын қара шүберекпен байлап алған дейді. Үстіндегі тонын теріс
айналдырып киген. Кім екенін танымапты. Ойбайды салыпты.
Анау алды-артына қарамай қаша жөнеліпті...
Еділ сонда неге екені белгісіз, түн ортасында ұйкысынан
оянып кетті. Оянды да бөлмеде сырт-сырт етіп тұрған әлде-
бір дыбысты естіді. Бір түрлі жағымсыз сыртыл. Есіне мамасы-
нын кешкісінгі айтқан әңгімесі, «тонын теріс киген» ұры түсті.
Сол-ақ екен, көрпесін басына тас бүркенді. Бой-бой терледі.
Жанында екі қонақ жатқан еді, соларға үйде ұры жүр деп айту-
ға батылы жетпеді. Батылы жетпеді емес-ау, айтқансиды, бірақ
үні шықпайды. Тамағы құрғады. кұлағы шыңылдады. Әбден
азап шекті. Өстіп қиналып жатып бір кезде көзі ілініп кетті...
Азанда оянса, түндегі сыртыл және шығады, дәл төбесінен,
терезенің алдынан, Еділ мырс етіп күліп жіберді. Көрпесін үс-
тінен серпе лақтырып атып тұрды, сөйтсе, қоңыраулы ақ сағат
екен. Әйтеуір абырой болғанда, ешкім білмеді. Әйтпесе қазір
мазақ қылып жүрер ме еді...
Бөлме ысып кетті. Мамасы күнде үй салқындасын деп
сыртқы есікті әлден уакытқа дейін ашып қоятын. Еділ өйте ал-
мады. Бар болғаны орнынан тұрып, терезенін желдігін ашты.
Терезенің алдында тұрып әлгінде ғана бір-біріне тығылып, енді
әрқайсысы әр жерде бауырсақтай шашылып жатқан інілеріне
қарады. Бәрі де алаңсыз. Тәтті ұйқыда. Еділ еңкейіп Беріктің
басынан сипады. Бәлкім, бұл ұйықтап жатқан кезде мамасы
да өстіп өзінің де мандайынан сипайтын шығар. Еділ қайдан
біледі. Міне, інілері де білмейді. Еділ өзін қарауыл секілді сезінді.
Түнімен інілерінің тәтті ұйқысын күзетті. Жиеней түс көріп
әлдене деп былдырлады. Берік су сұрады. Түнгі күзетшілік оңай
емес екен...
331

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Күндер бір қалыпты өтіп жатты. Балалардың қарындару
тоқ. Ойыннан кенде емес. Ұрыс-төбелес болған жоқ. Еділ
інілерінін «келгесін мамама айтам» деген дөң айбатын естімеді.
Ол осыған қуанды. Інілерін ренжіту Еділдің ойында да жоқ-ты.
Неге өйтеді? Оларды ренжіткені өзін ренжіткені емес пе. Қайта
бір-біріне мамаларының орнын жоқтатпауы керек қой. Еділ
осыны түсінді. Дегенмен бетімен де жібермеді. Өздеріне лайық
жұмыс істетті. Жиеней ыдыс-аяқ жуды. Талғат үйді сыпыр-
ып-жинады. Тек Берік қана ештеңе істемеді. Оның тамағын
жыламай ішіп, жыламай ойнап жүргенінің өзі Еділге жасаған
жаксылығы еді.
Иә, күндер осылай тыныш өтіп жатты. Тек екі күлкілі, күлкілі
емес-ау, екі кызык оқиға болмаса...
Күнде азанда, кешкілік сиырды мамаларының тапсырмасы
бойынша көрші әйел — Мырзагүл сауып беріп жүрген-ді. Кеше
ертеңгілік Еділ әрі күтті, бері күтті — Мырзагүл келмеді. Сиыр-
дың желіні сыздап тұр. Күн көтеріліп барады Сиыр өріске кетуі
керек. Еділ Мырзагүлдің үйіне екі-үш рет барды. Жоқ. Сөйтсе ол
судың кезегі тиіп, ауылдың шетіндегі бақшасын суғаруға кетіп-
ті. Еділдерді тарс есінен шығарған. Иә, соншалықты міндетті де
емес қой. Қайта калт еткенде қолғабыс беріп жүргеніне рақмет.
Енді қайтпек? Бұзауды емізе салайын десе, обал. Сүт те кажет.
Балалар айран ғып ұйытып ішіп отыр. Үйдін қарсы алдында-
ғы Жұма апасына айтты. Ол қолыма күбірткелі шығып ештеңе
ұстай алмаймын деді. Құрсын, бір сауымға бола бүкіл ауылды
шарлай ма. Нартәуекел. Еділ бір іске белін бекем буды. Үс-
тіне мамасының дәу халатын киіп, басына көк орамалын тар-
тып, қолына сары сырлы шелекті ұстап, сиырға барды. Желінін
иітіп, бұзауын шамалы емізді де, сосын қазыққа бас жібінен тас
қып байлады. Бұдан соң «әукім-әукім» деп, мамасының әдеті-
мен сиырдың үлпілдек жұмсак тамағынан сипады да, саумакшы
боп тізесін бүгіп, қолын батылсыздау желініне тигізе бергені
сол еді, сиыр үркіп, үркіп емес-ау мамасы емес екенін біліп
қойып, кімді алдап жүрсің дегендей, ашумен алая бір қарады да,

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
щелекті пәтпен теуіп кеп жіберді. Еділ анадай жерге тоңқалаң
асты. Міне, бұл бір қызык.
Екінші қызық та бұдан кем соқпас. Ибагүл сыйлы бір
қісілер келгенде дастарқанға қою үшін балаларға көрсетпей,
ціифоньердің ішінде бір-екі келі шоколад тығып сақтайтын.
Щифоньердін есігін құлыптап, кілтін этажерканың жоғарғы сө-
ресіндегі қызыл құмыраның астына жасыратын-ды. Оны Еділ
білетін. Мамасы кетісімен шифоньерге шабуылды бастады. Күн-
де дымын білдірмей бес-алты түйір кәмпит алып жүрді. Тәйірі,
енапат кәмпиттен күніне бір уыс алғанда не тұр! Еділ осылай
ойлады. Бірақ бір қызығы, бүгін түсте суы тартылып бара жатқан
көлдей шифоньердегі көп кәмпиттің кем-кем азайып, қарамы
кішірейіп, шөкімдей болып қалғанын байқады. Қорқып кетті.
Сөз жоқ, ертең мамасы біліп қояды. Сонда таяқ жейтіні анық.
Дәл бұлай болар деп ойлап па? Таусылмайтын секілді болып
көрініп еді. Шынымен бәрін өзі жегені ме? Көңіліне күдік кір-
ді. Иә, оның күдігі негізсіз емес-ті. Түнде Жиенейдің шалбарын
кереуеттің үстіне қойып жатқанында, сыртындағы қалтасынан
жылтырак қағаздары қытырлап екі-үш түйір кәмпит сырғып түсті.
Еділдін көзіне оттай басылды. Сол өзі жеп жүрген шифоньердегі
шоколад. Мәссаған! Сөйтсе, екеуі алма-кезекұрлықжасап жүрген
болды. Еділ де менен өзге ешкім білмейді деп ойлаған. Жиеней
де сөйткен. Бірінің көзін ала бере бірі шифоньерді торуылдаған.
Енді не істеу керек? Болар іс болды. Өкінгеннен ештеңе өнбейді.
Еділ ертеңіне қалған кәмпитті інілеріне түгел үлестіріп берді.
Олар мәз. Ауыздары бұлтың-бұлтың, томпаң-томпан. Мамасы
«кәмпит қайда?» десе, Еділдің қайтарар жауабы дайын: «Берік пен
Талғат жылап қоймады, өзіңді іздеп жұбанбады, кәйтемін, ұрып-
соғам ба, амалсыз шифоньердегі кәмпитті алып бердім...»
Сөз жоқ, мамасы ұрыспайды. Өзін сағынған балаларын
кәмпит беріп алдандырса, несіне ренжиді. Сыйлы қонақтарға
дастарқанға қою үшін дүкеннен басқа тәтті-мәтті әкеледі ғой.
Балаларының өзі қайтып оралғанша аман-есен отырғанына
қуанбай ма?
333

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Еділ мамасы кеңшарға кеткенде өзін емтихан тапсырып
жүргендей сезінеді. Себебі мамасы ауылға келгенде, алдынан
жаманат сөз шықпауы керек. «Сатушы болған не теңі, балалары
анау улап-шулап, азып-тозып...» дегендей суық сыпсындар
естілсе, не болғаны. Онда демек, Еділ ол жоқта үйді асықтай
үйіріп, дұрыс ұстап отыра алмағаны ғой. Еділ осыдан қорқады.
Сол үшін де шамасы келгенше мамасының орнын жоқтатпауға
тырысады. Өз пайымдауынша, әзірше ши шықпаған тәрізді.
Бұл күндер сонымен бірге ауылдағы көрші-қолаң, ағайын-
туысқанға да сынақ. Көбісі Ибагүл бардағыдай сол баяғы
ықылас-пейілінен жазбайды. Ал енді біреулері қалпынан ай-
нып, өзгеріп шыға келеді. Үйге бас сұқпайды. Дүкеншісі жоқ
үйді қайтсін. Өзі барда дүкен үшін ғана амалсыз қарым-қатынас
жасайтындай. Еділ осындай нәрселердің бәрін жақсы аңғарады.
Мәселен, Еділ ұли көкесіне дән риза. Бірнеше рет келіп:
«тұрындар, ұйықтап қалмаңдар, сиырларынды саудырындар!»
— деп терезені тықылдатып, азанда оятып кетеді. Мұның өзі
көп-көрім көмек. Кілең бала. Тас боп ұйықтап қалулары әбден
мүмкін ғой. Мырзагүл апаға да еш өкпесі жоқ. Қабағын шытпай
мезгілімен сиырды сауып беріп жүр. Тек өткенде әнтек бір
рет ұмытып кеткені болмаса.
Кәкен әжелері әрдайым бәйек. Екі рет келіп ыстық тамақ
ішіндер деп, үзбен істеп берді. Бір рет макарон қуырды. Әйтеуір
уақыт табады. Әйтпесе өзінің үйінде де шаруасы шаш-етектен.
Көршілер Жәнімкүл мен Күлқатша кездескен сайын «қарын-
дарың ашып жүрген жоқ па?», «нандарың бар ма?» деп сұрап
қояды. Демек, олар да іштей аландайды.
Еділ осыған қуанады. Адамды адам ұмытып кетпеуі керек
қой. Қандай жағдайда да. Қартбай ата кеше: «Иә, жаман ше-
шелерінді сағынған жоқсындар ма?» — деп сұрады күліп. Бірак
Еділ күле алмады. Сәл мұңайды. Оның сөзі мамасына деген
сағынышын оятып жіберді. Еділ бәрібір Қартбай атаны жақсы
көреді. Жұма апа бұрнағы күні «құдайжолы жасап едім, мә,
ауыз тиіндер» деп, екі тәти нан (майға піскен нан) әкеп берді.
Бірі нанымен, бірі көңілімен алдарқатып, жұбатып жатыр...
334

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ертен мамасы әр жолғы әдеті бойынша дүкеннің затынан бө-
лек сөмке-сөмке базарлық әкеледі. Ауыл адамдары сонда құдды
балалар кұсап бәрі жапыр-жұпыр үйге жиналады. Амандық-
саулык сұрайды. Жылдап көріспегендей әңгіме-дүкен құрады.
Сонда Еділ өзі жоғарыда іштартатын, өздеріне деген ыстық көң-
ілін суытпаған көрші-қолаңдарға тәтті-дәмді кәмпит, пеше-
нейлерден уыс-уыс қып бер дер еді. Тіпті кейбіреулеріне бір-екі
әшмөнке үнді шайын берсе де артық емес. Бәрінен бұрын Еділ
олар жөнінде жақсы лебіз-лепесін айтады...
Ал Бектай, Сәрсенкүлдер туралы пікірі бөлек, бір түрлі ұнат-
пайды. Олар Еділ үшін сынақтан өтпеген, емтихан тапсыра
алмаған адамдар секілді. Өткенде Бектай есіктің алдынан өтіп
баражатып: «Шешелерің қайда?» — деп сұрады. Еділ: «Кеңшарға
қетті», — деді. Бектай көзін жіпситіп, ернін сылп еткізді: «Е-е,
қанғып кетті десеңші, сендерді тастап, ол келгенше енді тірі жетім
болып жүресіндер ғой...» Еділ оның сөзін көңіліне ауыр алып
қалды. Жылы лебіз білдіріп, алдандырудың орнына мұнысы несі?
Сәрсенкүл де қазымыр. Қайсыбір күні Жиеней, Талғат,
Берік — үшеуі балалармен ойнамак боп, Сәрсенкүлдің үйіне
барса, шайды алдарына алып жатыр екен, бұларды көріп: «Шұ-
бырып неғып жүрсіндер, үйлерінде тамақ жоқ па?» — деп
қабағын түйіпті. Содан былай Еділ інілерін оның үйіне қарай
жібермейтін болды. Міне, адамдар әр түрлі, аядай ауылдың өзінде
осындай. Ал үлкен қалаларда тіпті қиын шығар.
Дегенмен шыдамның да шегі бар. Төрт күннен соң Берік
«мамам қашан келеді» деп қыңқылдай бастады. Талғат пен
Жиеней әр машинаның гүріліне құлақ түріп, сарайдың үстіне
шығып алып, кеңшар жақтан құлайтын қара жолға қарап, ұзақ-
ұзақ сарылып отыратын болды. Тек Еділ ғана ішінен тынып,
білдіртпей жүр. Ол да сағынғанын сездірсе, інілері үйді бастарына
көтеріп, жылап қоя беретіндей. Еділ бәрібір әре-кетсіз қалмады.
Түнде жатар алдында еміс-еміс бір гүрілді құлағы шалды кеңшар
жақтан. Орнынан атып тұрып, сарайдың үстіне шықты. Иә,
шамасы дұрыс. Аздан соң қоңыр төбенің басынан қою қараңғы-
лықты үңгіп, екі жарық көрінді. Бәлкім, мамасы келе жатқан
335

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


и/
ӘДЕБИЕТІНІҢ
УО
АНТОЛОГИЯСЫ
шығар. Жүрегі қатты-қатты соқты. Әне-міне дегенше машина
шеткі үйдің алдына жетіп тоқтады. Еділ жүгіре жөнелді. Келсе,
Жәнібек екен. Сары водовоз.
— Аға, кеңшарда мамамды көрген жоқсыз ба? — деп сұрады.
— Көрдім, — деді ол. — Ертең келеді. Заттарын Канатбайдың
машинасына тиеп койыпты. Рабкоптың бастығын күтіп жүр.
Бір қағазына қол қойдыруы керек екен. Сендерге сәлем айтты.
Ой, Еділдің куанғаны-ай! Жерден жеті қоян тапқандай үйге
келді де, жұлкылып інілерін оятты.
— Ертең мамам келеді! Жәнібектен айтып жіберіпті.
Үш інісі ұйқылы-ояу төсектерінен атып тұрды. Үйді бас-
тарына көтере секірді. Сосын қайта жатты. Әлден уақытқа дей-
ін кірпіктері ілінбеді. Тек Берік қана не күлгені, не жылағаны
белгісіз, түсініксіз есінеп қор ете қалды.
Ертеңіне бәрі жабылып үйдің ішін әдемілеп жинастырды.
Әр затты өз орындарына қойды. Мамалары мен жоқта ұсынақты
болмай, үйді шашып, бүлдіріпсіндер деп ренжімеуі керек қой.
Кешкісін өзі де келді. Ақ түйенің қарны жарылды! Інілері
мәре-сәре. Еділ бойын бір түрлі жеңіл сезініп қалғандай болды.
Құдды еңсесінен ауыр бір жүк түскен секілді.
***
Ауылда күз бояуы мол. Даланың қоңыр көйлегі сарғайды.
Балалар арагідік көлеңкеге емес, тәттіге құмартқандай енді
шуакка таласады. Қайсыбір күні бұдан былай жадыраған жаздан
күдерлерінді үзе беріңдер дегендей, дүркіреп мұздай жаңбыр
жауып өтті. Қырдан шөпшілер оралды. Ерте піскен қауын бақ-
шалар көтерілді. Пәлектерде қабығы қалың торлама күләбілер
мен кешең гүлдеген тас түйнектер ғана қалды.
Күн сайын, сағат сайын қыркүйек жақындап келеді. Жаз —
бір қап тәтті кәмпит еді, желіне-желіне таусылуға айналды...
Ауыл каладан алыс. Құмның ішінде. Қатынас жок. Айдалада ак
отау. Содан ба, мұғалім тұрақтамайды. Бір жылға әрең шыдайды.
336

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Оку аяқтала кетіп қалады. Мектеп жылдағы әдетімен ауданнан
тағы да жана мұғалім күтеді.
Ауылға қаладан екі мұғалима қыз келді. Біреуі сап-сары
бауырсақтай, беті дөп-дөңгелек. Қара шашы жібекше төгілген,
денесі нәзік. Көзі үнемі күлімсіреп тұрады. Мінезі ашық. Аты
Аманкүл. Неміс тілінің маманы. Балалардың қуанышында шек
жоқ: қуанбай қайтсін, азғантай уақытта жер жүзі халықтарының
тілін түгел біліп шығатын болды. Былтыр ұсемкүл деген қыз
француз тілінен сабак берген. Алдыңғы жылы Жәлел есімді жігіт
ағылшын тілін үйреткен...
Екіншісі ұзын бойлылау. Аппақ күріш секілді. Тұйықтау.
Ұяң. Жарқылдап жүрмейді. Бірақ өнерлі. Домбыра тартады. Ән
салады. Сырнайды да сызылтады. Келе сала мектепте би үйірмесін
ашты. Бар уақыты мектепте өтеді. Есімі Төлебике. Бастауыш
сыныптардың мұғалімі. Жұрт оның өнерін алғашқы мерекеде -
мұғалімдер күніне арналған концертте-ақ көрді. Сонда Төлебике
ән айтты. Әй, бір ұзілдірді-ау. «Сәулешім» деген ән.
— Зармын жалғыз сөзіңе,
Кулімдеген көзіңе.
Баңыттымын өзіңмен,
Сәу-ле-иіім!—
деп бір қайырғанда, жұрт сатырлап шапқан аттай алақандарын
сарт-сұрт соқты кеп. Төлебике жел тербеген күріш сабағындай
оңға бір, солға бір бұралып тұрды.
Сонда мектептін үлкен дәлізінін бір бұрышында малдас
құрып отырған Еділ қанатын қағып көкке ұша жөнелер құс-
тай орнынан әнтек көтеріліп-көтеріліп, «шіркін-ай, Төлебике
апай менің жеңешем болса ғой...» деп армандады. Жанындағы
Жақан ағасына қарап еді, ол «ондай күн қайда...» дегендей бір
түрлі күрсініп қалды... Шынында да қаланың қызы ауылдың
қой баққан, трактор айдаған қарапайым жігіттерін кәйтсін.
Менсінбейді ғой. Қалада оқыған, үстіне ак көйлек киіп, мойнына
қызыл-жасыл галстук байлаған сүйген жігіті бар шығар. Мұн-
337

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
да тек бірер жыл жұмыс істейді де қайтады. Іссапар секілді.
Жігіт іздеп келмеген.
Төлебике Бәтима кемпірдің үйінде. Енді ол үйге себепті-
себепсіз барғыштайтындар көбейді. Бұрын ешкім есігін аш-
пайтын. Жалғыз кемпір. Оның бар-жоғын жұрт ұмытып та
кететін. Енді Бәтима кемпірдің күні туды, өмірге қайта келгендей
болды. Төлебикеге ұнау үшін жігіттер әуелі Бәтима кемпірдің
көңілінен шығуы керек. Сөзін ешкім екі етпейді. Бір жігіт
машинасымен отын-шөбін әкеліп береді. Екіншісі қорасын
тазалап жүргені. Бәрінің көкейінде Төлебике. Қожанияз деген
тракторшы жігіт жанындағы жолдастарына былай деп айтыпты-
мыс: «Төлеш (Төлебикені сырттай өзінше еркелеткені) менің
жарым болса, бұл өмірде еш арманым болмас еді, бар жағдайын
жасар ем... Оллаһи, міне, шын сөзім, оған жерден сынық шөп
көтертпеймін. Тракторға мінгізіп қыдыртамын да жүремін. Түк
жұмыс істетпеймін. Тек үзілтіп ән салдырып, сызылтып сырнай
тартқызып қана қоямын...»
Тату дос-жігіттер бір-біріне араз бола бастады. Еділ мұның
сырын түсінді. Барлық бәле — Төлебикеден. Оны бір-бірінен
қызғанады. Өткенде бұлақтың басында ұліпбай мен Жеткер
төбелесті. Өздерінше сырттай Төлебикеге таласқаны...
Былтыр әскерден келген Зайырбек боратып «ғашық-машық»
хаттар жазады. Еділ бір түрлі коркып қалды. Кілең сен тұр, мен
атайын жігіттер, олар тұрғанда Жақан ағасына Төлебике қайда...
Көлеңкесіне де жақындай алмас. Бірақ қызығы, Төлебике неге
екені беймәлім, олардың ешқайсысына көз қиығын салмады,
басқа, ертегідегідей керемет бір адамды күтіп жүргендей...
Жақан да жігіт. Әйтсе де ол өзгелер құсап есі кетпеді. Түк
болмағандай. Сол баяғы күйі тракторын айдап, үндемей жүре
берді. Тіпті бұл ауылда Төлебике есімді сұлу барын мүлде
ұмытқандай. Не масқара? Жер қозғалса да қозғалмайды. Тосын
мінез. Еділ сырттай күйіп-пісті. «Ел қатарлы» талап қылмай
ма? «Үмітсіз шайтан» деген. Өзін болмаса да, мына Еділді
аяса нетті? Еділ бойжеткен қыз секілді қашанғы ошақтың
338

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
айналасында жүреді? Осы сөздерді айтпақ боп әдденеше рет
окталды, алайда бетпе-бет келгенде, тілі күрмеле береді. Ағасы:
«Бокмүрын, менде шаруан болмасын» деп тастауы да әбден мүм-
кін... Мейлі, дегенмен бір әрекет керек. Көрер көзге Төлебике
апайды әлдекімге жетектетіп жібере ме?
Ойлап-ойлап Еділ Төлебикеге хат жазуға бекінді. Кдтты
қиналды. Не дейді? Кеудесінде айтар сыры көп, қағаз бетіне
қалай түсіреді? Әрі Төлебике — мұғалім... Дегенмен, торкөз
дәптердін бір бетіне қайта-қайта көшіріп, түзеп, сызып мына-
дай сөздерді жазды: «Төлебике апай, менің ағам — Жақан ағам
сізді жақсы көреді. Не істерін білмей жүр. Казір күндіз күлкі,
түнде ұйқыдан айрылды. Бірде сізді ойлап келе жатып далада
жолдан шығып кетті, тракторын аударып ала жаздады... Өзі осы
ауылдағы ең жақсы жігіт, одан артық ешкімді таппайсыз... Дос
болсаңыз ешқандай өкінбейсіз. Сізді төбесіне көтеріп жүреді...
Сәлеммен, 7-сынып окушысы Еділ Әбділдаев».
Енді хатты калай табыс ету керек? Жүрегі дауалайтын емес.
Нартәуекел. Жасқанбаған жөн. Жеңгелі болғың келсе тайсалма.
Еділ Төлебикенің оңаша сәтін аңдып бір күн жүрді. Реті
келмей-ак қойды. Үнемі біреулермен әңгімелесіп тұрады. Аман-
күл апай да жанынан бір елі қалмайды. Ақыры сәті түсті-ау.
Кешкілік Төлебикені бұлақ басынан көрді. Жалғыз өзі. Өкпесі
өшіп бұлаққа қарай жүгірді. Ентігін баспаған күйі «апай, мынау
сізге...» деді де, төрт бүктелген бір жапырақ қағазды Төлебике-
нің қолына ұстата салып, сәл тұрса «бұл не?» деп тергеп-тек-
серетіндей, бір ауыз сөз айтуға мұршасын келтірмей, тұра қашты.
Беті ұяттан лап-лап кызарды. Әлден уақытка дейін жүрегі
аузына тығылып, дүк-дүк соғумен болды...
Ертеңіне Төлебике Еділді көріп, жымиып күлді. Еділ ұрысып
ала жөнеле ме деп қорқып еді. Үндемеді. Кылмыс жасаған-
дай қатты қысылды. Бірақ қуанды да, апайды ағасының жақсы
көретінін сездірді. Осының өзі неге тұрады?
Арада үш күн өтті. Еділ көшеден Жақан ағасы мен Төлебике
апайды көріп қалды. Апай әлдене деп тұр. Сөзі естілмейді. Жакан
ағасы күле береді. Төлебике қосыла күледі. Бірдеңеге таңданып
339

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бастарын шайқайды. Еділ әңгіме өзінің өткенде жазған хатң
туралы екенін білді...
Кешке Жақан ағасы Еділдің басынан бір түрлі жұмсақ си-
пады да:
— Әй, қу бала...— деді күліп.— Әй, қу бала...
Жакан бұрын жұмыстан шаршап келіп, шала-пұла жуынып-
шайынып, шайдың үстінде бір таба нанды бір өзі жеп, тамақ
ішіп, сосын тас боп ұйықтап қалатын-ды. Соңғы кезде бұл дағды-
сы өзгерді. Жұмыстан келгесін үсті-басын әбден қаққылайды.
Кір сабынмен емес, иіс сабынмен жуынады. Құдды бір тойға
баратындай киімнен киім тандайды. Ана көйлегін бір киеді,
мына көйлегін бір киеді. Қыздар құсап айна алдынан шық-
пайды. Шалбарының қырын біздей ғып өтектейді. Шаң мен
май баттасып жүретін қара туфлиін жылтыратып сүртеді. Сосын
үйде көп айналмайды. Содан түн ортасы ауа бір-ақ оралады.
Тәтесі бір күні:
— Осы түнімен қайда қаңғып жүреді? — деп сұрап қалды.
— Қайдам, жігіт емес пе, қыдырады да...— деді мамасы.
— Неғылған қыдырған мезгілсіз уақытта...
Шынында да ауыл аядай. Қайда қыдырады? Театр жок.
Клуб жоқ. Парк жок. Жақан өзгелер құсап карта ойнамайды.
О бастан құмар емес. Бірақ Еділ Жақан ағасының түнімен қай-
да «қаңғып» жүретінін білетін. Бірде бала әуестікпен ізіне
түскен. Із Бәтима кемпірдің үйіне апарған. Сол-ақ екен, өз-өзі-
нен қуанып, Бәтима кемпірдің қорасының түбінде алақанын
шапалақтап жіберді. Екінші күні ұрланып терезесінен сығалады.
Бұл жолғы шаттығы тіпті керемет болды. Төлебике апайы мен
Жақан ағасының бастарының әнтек түйісіңкіреп отырғанын
көрді. Шын ба, өтірік пе? Қайта қарады. Рас. Екеуі шұқшиып
әлдебір дәптерді тексеріп отыр. Ауыздары жыбырлайды. Бірдеңе
деп сөйлеседі. Сосын бір-біріне қарап күліседі. Еділ үйге қарай
құстай ұшты. Еділ тәтесіне осыны айтты. Тәтесі қолындағы
жонып жатқан ағашын тастай салып:
— Шын ба, балам? — деді.
— Шын, тәте! — деді Еділ күмілжімей.
340

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
балалар
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Мынау бір жақсы лепес болды-ау...
Тәтесі күлімсіреп ойға шомды.
Әбділдә Жақанға іштей аландар еді. Аландамай ше. Ізінен
ерген жалғыз інісі. Оның үй болып, ел қатарына қосылғанын
қалайтын. Екеуі қиындықты бір адамдай-ақ көрген-ді. Әке-
ціешеден ерте айрылды. Бұл он жетіде, Жақан бес жасында
жетімдіктін ащы дәмін татты. Сөйтіп жүріп, әйтеуір, адам болды.
Әбділдә соғыстан да аман қайтты. Бар болғаны бір аяғынан
жараланды. Көрер қызығы бар екен. Келген соң үйленді. Жақан
от басының жылуына бөленді. Жібі түзу киім киді. Карны тойып
тамак ішті. Әбділдә інісіне әрі әке, әрі аға болды. Жетімдіктің
көлеңкесін түсірмеуге тырысты. Кас-қабағына қарады. Жақан
кішкене кезінде алып батырлар секілді жерді ойып жіберер-
дей дүрс-дүрс жүретін. Ибагүл оны сонысына карап, еркелетіп
«герой» деп атады. Герой жеті жылдықты бітірген соң, СПТУ-да
оқыды. Тракторист мамандығын алды... Өтіп бара жаткан уақыт...
Әбділдәнің ендігі арманы — сол жалғыз інісін аяктандыру еді...
Бұлттан сығалаған айдай бұл тілегі де еміс-еміс елес бергендей.
Тойларын жаңа өмір бастайтын болғандықтан нышан ғып жаңа
жылға деп уәделескен екен...
Бірақ өкінішке орай, Әбділдә Жақанның тойын көре алмады.
Еділ таң алдында мамасының әлемтапырық ащы дауысынан
шошып оянды.
— Ойбай, сорлап қалдық кой, сорлап қалдык!
Төргі бөлмеде шам самаладай жанып тұр. Тосын жарық. Таң
алдында кім бүйтіп жағып кояды. Таң алдында адам тәтті ұйқыда
жатуы керек. Еділ тұла бойы дірілдеп, төсектен тұрды. Мамасы
бас салып, бауырына қысты.
— Құлыным-ау, тәтеңнен айрылып...
Айрылғаны несі? Еділ суык сөзден көңілі суып кетсе де, бір
түрлі аң-таң. Тәтесі биік көпшіктің үстінде тым-тырыс жатыр.
Құлағын тас бітеп алғандай. Таң алдындағы ызы-шу, ұлы айқай-
ға елең етпейді. Тірі жан дәл бұлай селт етпей жатуы мүмкін
емес. Еділ де мамасына қосыла жылады. Демде көршілер, туған-
туысқандар жиналып қалды.
341

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Сыртқа киіз үй мезгілсіз уақытта — қақаған желтоқсанда ті-
гілді. Еділге бұрын киіз үй тігу мереке секілді еді. Мамасыңа
уық алып беріп, шидің, үзік, туырлықтың желбауларын тар.
тысып, зыр жүгіретін... Бүл жолы бір түрлі жек көріп қалды.
Киіз үй бұрын тек жақсылыққа, қуанышқа ғана тігіледі деп
ойлайтын. Көктемде бой көтерген үй — мереке де, мезгілсіз кезде
қарайған үй — жақсылықтың белгісі емес екен. Осыны сезді.
Сөйтіп тәтесі ауырмай-сырқамай дүниеден қайтты. Жүрегі
тоқтап қалыпты түнде. «Соғысты, жоқшылық, көп бейнет көрді
ғой, жүрегіне жүк түскен ғой» десті ауылдағылар.
Еділ қатты өкінді. Тәтесі мәңгі көз алдында жүре беретін-
дей көріп еді. Сырласпағанына, сөйлеспегеніне өкінді. Енді
бәрі кеш. Тәтесі жүрегінің шуағын сеуіп елеусіз күн кешкен
екен. Еділ енді тәтесінің бір-ақ сәттің ішінде заңғар тау, ертегі,
аңыз секілді боп кеткенін сезінді. Көкірегіне ащы өксік тығыл-
ды. Қазір жанында тәтесі болса, ағыл-тегіл көп нәрсе айтар-
дай. Жасау-жиһазын жиып тастаған үйдей жан дүниесі жаман
құлазыды. Тәтесінің мінез-құлкы, ісі, күлгені, ашуланғаны...
бәрі-бәрі анталап көз алдында тұрып алды...
Неге екені белгісіз, Еділ ертерек кезде төртінші-бесінші сы-
ныптарда тәтесінің аяғының ақсақтығына қатты намыстанатын,
бетінен оты шығып ұялатын. Айналасындағы өзге балалардың
әкелерінің бәрінің он екі мүшесі сау. Тек тәтесі ғана ақсақ. Осы-
ған азарланатын. Мамасы тәтең соғысқа барған, батыр болған
дейтін. Батыр жараланушы ма еді? Еділ батырларға оқ дарымайды
деп ойлайтын. Бірде Еділ көрші үйдің баласымен асыққа таласып,
ұрсысып қалды. Бірін-бірі мазактады. Әлгі бала қыза-қыза,
«сенің әкең аксақ» демесі бар ма? Еділ не дерін білмей, көзі
боталап үйге келді. Үйде тәтесі бар-ды, болған жәйтті білді. Бір
күрсінді де, Еділдің көзінің жасын сүртіп, былай деді: «Балам,
жылама, қайта куан, әкеңнің қан майданнан аман келгеніне,
қаншама боздақтарға туған жердің бір уыс топырағы бұйырмады.
Мен өз тағдырыма ырзамын. Сол өлім мен өмірдің ортасында
жүріп, бүгінгі қызықты көрем деп ойлап па ем. Шүкірлік. Әлгі
342

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
балалар
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бала әкең ақсак десе, түсінбей мазақтап жүрген де. Кейін ұғы-
нады. Бала емес пе. Тында, қалай жараланғанымды айтайын.
ІҮІен пулеметші едім. Окопта тас бекініп жатырмыз. Алдымыздан
^ау каптап келеді. Енепат көп. Кара кұрттай қаптайды. Тажал
танкілері және бар. Біз де окты бораттык. Мен пулеметім-
нен ок септірдім. Екі жақтан оқ қарша борап тұр. Аспан да, жер
де көк түтін. Гүрс-гүрс жарылған мина, снаряд. Адамды адам
танымайды. Бір кезде менің окобымның дәл түбіне кеп бір
снаряд жарылды... Одан арғысы есімде жоқ. Арада қанша уақыт
өткенін білмеймін, әлден мезгілде көзімді ашып алсам, жан-
жағым тып-тыныш, тас төбемде аппақ қабырға... Сөйтсем, госпи-
тальда жатыр екем. қара санымнан қан көп кетіпті. Әлден мезгіл
дегенім — екі күн екен. Есім әрең кіріпті. Міне, балам, өлімнің
аузына осылай барып қайттым...»
Сонда Еділ көзінің жасын кілт тыйған. Тәтесі әп-сәтте
ертегінің жүрек жұтқан батырына айналып кеткендей болды.
Ауылдағы қарттардың айтуынша, егер марқұм кісіні оның
туған-туысқандары, бала-шағалары, құрбы-кұрдастары естеріне
алып жүретін болса, ол өлмейді, өмір сүреді. Еске алудын осын-
дай сиқырлы күші бар екен. Ол — өмір нәрі, өмір дәрісі секілді.
Еділ тәтесін өлімге қиғысы келмеді. Күндіз-түні жадынан шығар-
мады. Енді тәтесіне көрсетер ең үлкен қызметі осы ғана сияқты.
Еділ мұндай қызметтен өмір бойы жалықпайды. Сол қастерлі
қызметтің басталғанын да сезді... Былтыр жазда бес-алты бала
түнде бұлақтың басындағы Нұрабайдын бақшасына түсті. Ұр-
лық қауын әмәнда тәтті ғой. Әбден жеңсіктері басылғанша же-
ді. Жемегендерін жыңғылдың арасына апарып тықты. Бірақ кім
айтқаны беймәлім, Нұрабай біліп қойыпты. Ертеңіне азанда
Еділдің мамасына келіп шағынбасы бар ма. Ибагүл қатты ашу-
ланды. Еділді желкесінен бір-екі рет түйіп-түйіп, дүкеннің
алдында құрылысшыларға ағаш апара жатқан машинаға мінгізіп
жіберді. Қабағын шытып: «Зіңкілдеп асыр салғанша, жұрттың
қауынына түскенше әкеңе барып қолғабыс бер», — деді. Тәтесі
ауылдан қырық шақырым жерде Мықтыбай деген шопанның
343

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
кой қорасын жөндеп жатқан-ды. Айтты-бітті. Еділ қарсы ештеңе
демеді. Машина Қызылбай базына қарай тартты. Машинаның
үстінен баласын — Еділді көргенде Әбділдә таңқалды.
— Балам-ау, неге келдің мұнда? — деді әлдебір жұмбақтың
шешуін таппай тұрғандай ойлана.
Шофер жігіт — Мәжібай:
— Әкесін сағынып қалыпты... — деді күліп. Сөйтті де Әбділдә-
нің құлағына сыбырлады. Сол-ақ екен, тәтесінің түсі бұзылып
жүре берді.
— Мұның жарамаған екен, балам.
Бірақ іле-шала өңі жадырап:
— Бала емес пе, балалық жасаған да, — деді де, емірене Еділдін
мандайынан сипалады. Қатқыл, мүйіз-мүйіз алақаны Еділдің
мандайын жырғылады. Еділ бірақауырсынбады.
Кешке Еділді машинаға отырғызып, ауылға қайтарды. Ма-
шинаның үстіне көтеріп мінгізіп жатып:
— Буының бекіп, бұғанаң қатпай, жерден сынық шөп
көтерткізбеймін. Мен тірі тұрғанда алаңсыз ойна, жұмыс
ешкайда қашпайды, — деді бір түрлі көңілі бұзылғандай кірпігі
жыпылықтап.
Міне, сөйткен тәтесі енді жоқ. Бұдан былай басқа өмір бас-
талады. Бұрын тәтесі айлап үйдің жүзін көрмейтін. Шөпте бола-
ды. Алыс қияндағы қойшылардың қораларын жөндейді. Бірақ
өтеніне қайтып оралатын. Бұл жолы қайта оралмады. Бір ай
өтті. Екі ай өтті. Еділ өмір-бақи көрмеген талай жат туыстар ат
ізін салды. Көңіл айтты. Тек ауылдың сыртындағы төртқұлақтан
тәтесі ғана келмеді.
Жаңа жыл Еділдің ең сүйікті мерекесі еді. Жылда керемет
дайындалатын. Биыл да сөйткен. Шыршада қоян боп ойнамақ-
шы еді. Мамасы қоянның киімін тіге бастаған-ды. Алайда аяқта-
мады. Еділді қуанта алмады. Қолы іске бармады. «Ақ қоян»
бір құлағы ғана қалқиып кереуеттің астында жатты. Жаңа жыл
көңілсіз өтті. Еділге енді бұдан былайғы күндердің бәрі көңілсіз,
қызықсыз болып көрінді. Дегенмен, тірі адам тіршілігін істейді.
Өлгеннің соңынан өлмек жоқ. Бұл — ауылдағы шалдардың сөзі.
344

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Той жөніндегі сөз ұмыт бола бастаған болатын. Қазалы үйге
қуаныш оғаш. Жөнсіз куануға болмайды. Ырым осылай. Әйтсе
де бір күні түскі шайдың үстінде Ибагүл Жаканға былай деді:
— Жақанжан, қайным болғанмен, қолымда балам секілді
өстін. Тәтең сенің қызығынды аңсап еді, амал не, тағдыр оған
жазбады. Жазмыштан озмыш жоқ. Кайсыбір түндері сені ойлап
кірпігін ілмейтін. Тойыңа асығатын... Енді бұл үйдегі бас көтерер
ер-азамат өзіңсін. Мынау шиеттей бала-шаға. Тәтеңнің жүзі
өткесін ана келінді үйге әкеліп түсір. Балалар да бір түрлі жүнжіп
кетті. Қайғыға езіліп отыра береміз бе...
Ибагүл көзіне жас алды. Жакан:
— Иба апа (ол жеңеше демейтін), койыңыз, елден ұят... — деді
мінгірлеп.
Ибагүл оңың сөзін кілт тыйып тастады.
— Жауабын өзім беремін елге.
Бұл — Әбділдәнің жылы өткен соң қозғалатын әңгіме еді.
Бірақ қуаныштың ерте-кеші жоқ деп, Ибагүл асықтырып әкетті.
Әрі жаман ойы бұдан әрі ұзай берсе, Жақан өзі жуас, ынжықтау-
тұғын, аралары суысып, әлгі уәделескен қыздан айрылып қалар
деп қауіптенді.
Ибагүлдің сөзін ауылдағы ағайын-тумалары да мақұлдады.
Қайғының орнын бір куаныш басатын болды. Еділ осыған
алдарқанды. «Жеңгелі болсам-ау» деген талайғы тәтті арманы
қайта оянды.
Үй іші Әбділдәнің жүзін берген соң, той қамына кірісті.
Той болған күн Еділдің есінде мәңгі жатталып қалды.
Нағыз мереке. Құдды тәтесі тірі жүргендей. Тек шөп шабуға,
қойшылардың қорасын жөндеуге аз ғана уақытқа кеткендей,
сонда бөгеліп жатқандай. Той тәтесінің қазасын әнтек ұмыт-
тырып жіберген...
Кешке күн ашық болды. Ұлыған боран, ұйытқып жауған қар
тоқтап, аспан шырадай жанды. Табиғаттамылжып тұрды. Көктен
жұлдыздар жамырады. Құрғак аяз беттен жұмсақ шымшылады.
Бәтима кемпір Төлебикені өз қызындай ғып ұзатты. Бар кәде-
қауметін жасады. Көше бойымен шұбырған жұрт жарқ-жұрқ
345

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
күліп, саңқ-саңк әңгімелесіп, Еділдің үйіне қарай беттеді. Ор-
таларында Жақан мен Төлебике. Жаканның үстінде қара кос-
тюм-шалбар, Төлебике пальтосынын сыртынан ақ фата жа-
мылған. Жағасында пластмасса қызыл гүл. Басында үкілі сәукеле.
Өз-өзінен күле береді. Еділ Төлебике апайынан, айтпакшы,
жеңгесінен көз алмады. Әр қимыл, әр сөз, әр күлкісін бақты. Бұл
жерде фотограф жоқ еді. Еділ кос жанарымен сол фотографтың
қызметін атқарды.
Шеру үйдің алдына келіп токтады. Ибагүл әлдене деп
күбірлеп, өз-өзінен толқып, Төлебикенің маңдайынан сүйді.
Шашу шашылды. Жылтырак қағазды сан алуан тәтті кәмпиттер
қар үстін көмді. Есік алды жосылған аяқ ізі. Балалар апыр-
топыр кәмпиттерді теріп алып, жалма-жан ауыздарына салып
әлек.
Әлдекім:
— Құтты келін бол, шырағым, — деді.
Төлебике сәл кымсынып, басын изеді.
Жұрт у-шу. Даудыр-дәудір сөз, әңгіме. Әзіл-күлкі. Ауыз-
дарында тек ақ тілек.
— Табалдырықтан оң аяғыңмен атта!
— Отқа май құй!
Бар жақсы рәсім жасалды. Жар-жар айтылды. Сонан соң
Жақан мен Төлебике үлкен бөлмеге өтіп, қақ төрге барып отырды.
Бұл олардың құрметті орны.
Әне-міне дегенше қой сойылып, қуырдақ қуырылып, бау-
ырсақ пісірілді. Қазан-ошақтың басы әлеке келіншектер.
Жастар кеші басталды...
Еділ шын мәнінде бақытты еді. Құдды өң мен түстің арасын-
да қалқып жүрген секілді. Айта алмайды, тілі жетпейді, не болса
да бұл күннің ұзаққа созылуын тіледі. Тәтесінің қазасы мүлдем
есінен шықты. Қолды-аяққа тұрмады. Зыр жүгіріп жер түбінде-
гі бұлақтан су тасыды. Су алып келе жатып талай құлап, талай
сүрініп жығылды. Бір рет дәл үйдің түбіне келгенде аяғы тайып
кетіп, шалқасынан түспесі бар ма. Есіл еңбегі. Әшейінде мұн-
346

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
дайда ашуланып, ызаға булығып көз жасына ерік берер еді. Бұл
дсолы өйтпеді. Тойдың үрметіне кабақ шытпау керек. Жыламады.
Қарғып тұрып үсті-басын қакқылап, ауырған жамбасын сипа-
дап, бұлаққа қайта барды. Жүгіріп барды. Ыңылдап ән салды
жолда. Еділдің ойынша бұл күні ешқандай ренжуге, қабақ шы-
туға болмайды. Себебі жылдар бойы күткен тойы ғой. Тәтесі
де күткен еді. ғұмыры жетпеді. Тоңбады. Жаурамады. Шолақ
пальтосының өңірі ашық жүрді. Құлақшынының құлағын
түсірмеді. Екі беті алмадай кызарды. Көз алдында әбден жатта-
льіп қалған суреттей ақ көбелек жеңгесі мен ұялшақтау күлім-
сіреген Жақан ағасы, тас төбесінде төңкерілген айбан тостаған
секілді алқара көк аспан, суық жылтыраған шырқау жұлдыздар.
Аяк астында ақ ұлпа қар, ыстық қар.
Бұл күні Еділ жалқауланбады. Қырсықпады. Кегежектеу тіпті
ойында да болған жок. Еділ суды үзбеді. Бұлақ пен үйдің арасын
таптаурын сүрлеу қылды. Бәлкім, бір водовоз су тасыған шығар.
Әйтеуір, есебі жоқ. Самаурыннан соң самаурын қойылып жатыр.
Ыдыс-аяқ жуылып жатыр.
Сексеуілді де төбе-төбе ғып жарды. Пәттелеп ірісін бөлек,
майдасын бөлекжинады.
Ошақ басындағы келіншектер Еділді мақтаумен болды.
— Міне, саған ағаң мен жеңгең дән риза.
— Бүгін-ертең шыдасан, отын-судан мойның біржола бо-
сайды.
Иә, ол күн жақын қалды. Бәрінен бұрын Боранбайдың
аузына құм құйылатынын ойлағанда, Еділдін құйттай жүрегі
тордағы құс секілді тыпырлап-тыпырлап кетті.
Еділдің екі көзі мен екі құлағы төргі бөлмеде. Гу-гу жақсы
тілектер айтылып жатыр.
— Бақытты болындар!
— Жұптарың жазылмасын!
— Ата-анаңа мейірімді болындар!
Жастар таң ата тарқады. Таң атқанша Еділ де көз шырымын
алмады. Тіпті кірпігі ілінер емес. Сәл мызғып кетсе, бар қызықтан
құр алақан қалатын тәрізді.
347

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ертеңіне той болды. Беташарды Санақбай айтты. Беташарға
ол Еділдің де атын қосып жіберді. Жұрт мәз.
— Бәрекелде!
— Сөз болғаныңа!
Алдыңғы жағында не дегенін естіген жоқ, тек мына сөзді ғана
құлағы шалып қалды:
— Ұл болса да қыз еді,
Үйді жинай біледі,
Су да тасып жүреді,
Куанды жарыла журегі,
Қайның Еділге бір сәлем!
Төлебике иіліп сәлем қылды. Еділдің төбесі көкке жетті.
Беташардан соң ел келіннің қолынан шай ішуге отырды.
Төлебике келін болып алғашқы қызметін бастады. Жұрттың көзі
сонда. Сынақ секілді. Еділ қатты қысылды. Жеңгесі сынақтан
сүрінбесе екен деп тіледі ішінен. Тек жақсы сөз естігісі келді.
Төлебике самаурын қойды. Дастаркан жасады. Шай құйды. Еділ
жұрттың қас-қабағын бақты. Бәрінің де көңілі тойған сияқты.
Айтқандары кілең жылы сөз.
— Көп жаса, қарағым.
Кеше Төлебике бұлақтан екі қатынап су әкелді. Еділ арқа-
басы кеңіп, өзін жеңіл сезінді. Тура ноқтадан босаған тай сияқты.
Беталды дөй далаға жүгіріп ала жөнелгісі келеді.
Ақыры арманы орындалды-ау...
Ауылдағы көп балалардың үш аты бар. Біріншісі — туған
кезде әке-шешесінің азан шақырып қойған есімі; екіншісі —
лақап, мазақ аты, мәселен, «қара шайтан», «тасқара», «қияли»
деген секілді; үшіншісі — жеңгелері койған аттары, «мырза бала»,
«тентек, бала» деген тәрізді. Ең жақсысы да осы үшінші есім.
Жеңгелері бір түрлі еркелетіп шақырады. Жып-жылы. Еділге
Төлебике «Ақтөре» деп ат қойды. Еділдің бұған біраз уақытқа
дейін құлағы үйрене алмай жүрді. Сосын дағдыланды. «Ақтөре»
десе, тура төл есімі секілді жалт қарайтын болды.
348

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
Тойдан соң үшінші күні кешке қарай Еділдің басы айнал-
дьі. Мең-зең. Дел-сал. Ештеңеге заукы соқпады. Тамаққа тәбеті
шаппады. Бірте-бірте тұла бойы өрт болып жанды. Мандайы
лап-лап от. Қол-аяғы ісіп, балық ауыз қызыл бүртік бірдеңелер
қаптап кетті. Төсектен басын көтермеді. Ибагүл әлденеден
ұшынған болар деп ойлады. Қалың киіндіріп, қолынан жетелеп
сыртқа шығарып, қызарып батып бара жатқан күнге қаратып,
жерұшық жасады. Бір еңкейтті, бір тұрғызды. Еділ мамасының
айтканын әлденеше рет қайталады.
— Бәле-жала, ауру-сырқау батқан күнмен бірге кет! Ұшық-
ұшық!
Еділ әлсіз, отсыз жанарымен айналаға қарады. Оған бір
түрлі ауыл да, дала да, адамдар да өзі секілді ауру болып көрін-
ді. Бәрі бейжай, селқос. Сылбыр, созаландаған, шұбаландаған
әлденелер. Қызық. Әлде дала өзгерген бе? Сол баяғы ауыл емес
пе? Көше бойындағы түп-түзу бағаналар өз-өзінен жылан құсап
ирелеңдеп кетеді. Еділ түсінбеді. Түсінейін, ұғынайын деп
сәл күшін жинап еді, басы одан әрі зеңіді.
Бірақ жер ұшықтан пайда болмады. Еділ түнімен санды-
рақтап шықты, Бір сөзі екіншісіне бірікпеді, үзік-үзік.. Мама...
тәте... Жақан аға... жеңеше... Боранбай... Көзінің алды қызыл-
жасыл сәуле. Мамасы бір елі жанынан кетпеді. Ауық-ауық
кеберсіген ерніне су тамызды. Бетіне ыстығын кайтару үшін
сулы шүберек басты. Еділ ондайда сәл тыншиды да, сосын
және сандырақтайды, төсекте әрі-бері дөңбекшиді, тек таңға
жакын түс аралас бір сәт кірпік ілді. Онда да ұзаққа бармады,
айқайлап шошып оянды. Түсінде маймылды көрді. Кәдімгі тірі
маймыл. Күлгені не қылжақ кылғаны, я бірдене деп сөйлегені
белгісіз, әлгі маймыл Еділ жатқан бөлменің көше жақ бетіндегі
терезесінін қырауын қып-қызыл тілімен жалап, қос алаканы мен
танауын көрсетіп тұр...
— Мама, маймыл...
— Қайдағы, маймыл?!
— Маймыл... Шын айтам...

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Еділ мойнын бұрып, терезеге қарады. Гүлді көк пердені көрді,
Сөйтті де төсекке сылқ құлады.
Көршілер Еділдің сырқатын неше саққа жорыды. Бірі көз ти-
ген деді. Екіншісінің ойынша, суық шалған. Мамасының айты-
сы — жағымсыз бір тамақтан ұшынған. Ол Еділдің не жеп, не
ішкенін түгендеп шықты.
— Алдыңғы күні не жедің?
Еділ есіне түсірді.
— Күріш. Бауырсақ...
— Сосын?
— Тағы да бауырсақ... Кәмпит...
- Және?
— Сүт көже.
Бәрі де кәдімгі күнделікті тамақтар. Тұрып қалған, иістенген
ештенені аузына алмаған.
Ертеңіне шопандарды аралап кеткен фельдшер ауылға орал-
ды. Бірден ешкайда бас бұрмай, Еділге келді. Еділдің денесіндегі
шүпірлеген қызыл бүртіктерді көріп, ұзақ ойланды.
— Апыр-ай, ә!
О жер, бұ жерін ұстады. Кеудесін тындады. Он, сол бүйірін
қолымен басты. Сол сәт Еділ ыңқылдап қоя берді.
— Ы-ы-ы.
— Катты ауыра ма?
- Иә.
— Қалай ауырады?
— Түйіледі.
— Әсіресе қай бүйірің?
-Оң.
Фельдшер Еділдің қарнына сол алаканын қойып, сыртынан
дік-дік шерткіледі.
— Ауыра ма?
- Иә.
— Түсінікті. Соқырішек. Аппендицит. Калаға апару керек.
Операция жасамаса болмайды.
350

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Мейлі, айға, мейлі жылға созылсын, үйде ауырып жатқаны
жаксы еді. Қала дегесін, Еділ бір түрлі болып кетті. Сырт жер.
Бейтаныс жер. Үлкен каланы көру Еділдің және бір арманы еді.
Қөкпен таласқан зәулім үйлер. Хайуанаттар паркі. Автобус.
Троллейбустар. Әсіресе балмүздағын айтсаңшы. Саяхаттап,
қыдырып барғанға не жетсін. Онда әсері де бөлек қой. Сол қалаға
жолы түскелі тұр. Бірақ басқаша жағдайда. Амалсыз. Ауырып...
Еділ қалаға бармай жатып, ауылды сағынатынын ойлады.
Шіркін, үйде ауырғанға ештеңе жетпейді ғой. Ол да бір дәрі, ең
шипалы дәрі. Міне, сыркаттанғалы мамасы қасында өбектеп
жүр. Айналып-толғанады. Шығарға жаны жоқ. Төлебике жеңгесі
«Актөре», «Ақтөре» деп әлек. Сүйген тамағын әкеледі. Сүт көже,
үзбен, салма нан, ет — бәрі-бәрі әзір. Жемей қарны тоқ. Жақан
ағасы да қайта-қайта келіп хал-жағдайын сұрайды. Күнде үйді
бастарына көтеріп, айқай-шу, ат-көпір қылатын інілері де тып-
тыныш. Мазаламайды. Үйден шыбынның ызыңы ғана естіледі.
Мана достары келіп кетті. Көршілер. Туған-туысқандар. Қандай
жақсы. Бәрінің көңілі үшін Еділ демде сауығып-ақ кеткісі келеді.
Бірақ сырқат оның бұл ішкі сырын түсінетін емес.
Фельдшер рация аркылы ауданнан санитарлық ұшақ
шакыртты. Аспан ашық еді. Түстен кейін кішкентай «АН—2»
ұшағы Еділді аудан орталығына карай алып ұшты. Қасында
мамасы. Еділ ұшақтың оймақтай дөңгелек терезесінен қар үстінде
қарайған ауыл тамдарына ұзақ тесілді. Жанары талғанша, көзден
ғайып болғанша қарады.
Аудандағы дәрігерлер Еділді қайта тексерді. Рентгенге түсірді.
Фельдшер диагнозын дұрыс таппапты. Бұлардың айтуынша,
суық тиген. Анау-мынау емес, суық кәдімгідей қатты тиген.
Ревматизмге шалдыққан. Әлдебір қажет дәрі, құралдардың
жоқтығына байланысты, олар енді Еділді облыс орталығына
жөнелтті. Мамасы екеуі кешке пойызға отырып, облыстық
ауруханаға түн ортасында жетті...
Толық денелі, жалтыраған көзәйнекті кезекші дәрігер әйел
жолдаманы оқып, әлдебір қағаздарды толтыра бастады.
351

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Атың кім?
- Еділ.
— Пәмиләң?
— Әбділдаев.
— Нешіншіде оқисың?
— Жетіншіде.
— Солай де. Ревматизм. Суык тиген. Әй, баламысың деген,
сірә, қыста жеңіл-желпі киініп, далада ұзақ ойнағансың-ау,-
Ибагүлге қарады,— Сіздің қадағалауыңыз керек еді ғой. Еркіне
жіберсеңіз, бала не істемейді...
Ибагүл тамағын жұтынды.
— Шырағым, мұның бала болып ойынға онша әуестігі жоқ,
жұрттың баласы құсап есі кетіп далада қаңғымайды. Көбіне үйде
кітап окиды. Мінезі ауыр. Тұйык. Бір кәкір болса, мынадан ба деп
ойлаймын: жақында қайным, Жақанжанды айтам, келін түсіріп
еді, отағасымыз дүниеден қайтқалы бері қайғыдан езіліп кетіп
едік, қуаныш қой, сонда бұл бала тойында зыр қағып, күні-түні
сонау жер түбіндегі бұлақтан су тасып еді, абыр-сабырмен мен де
тарс есімнен шығарыппын, бұл да өзінің жағдайын ойламаған.
Күн суық, аяз, сонда суықтимесе...
Кезекші дәрігер әйелдің сұсты өңі бір түрлі жылығандай
болды. Жалтыраған көзәйнегін алып, үстелдің үстіне қойды.
— О, онда бұл әдемі ауру болды ғой.
Ибагүл оның сөзіне түсінбей қалды.
— Аурудың жақсы-жаманы бола ма? ұсілі, ауырма. Ал ауырса,
кім де болса мехнат шегеді ғой...
— Сонда да. Көп жұрт ауруды қолдан жасайды. Өздерін-өздері
аямайды. Кыста жалаң бас, жеңіл-желпі жүреді. Жақпайтын
тамақтарды ішеді. Ал бұл бала ағасы мен женгесінің тойында
қызмет керсетіпті. Сонда суық тигізген. Әйтеуір, жақсы ниеттен
тапқан ауру...
— Иә, ол сөзіңнің жаны бар.
Еділ үстіне аурухананың олпы-солпы сары помази көйлек-
шалбарын киді. Нағыз науқас адамға ұқсады. Карсы алдындағы
айнадан түрін көріп, өзін-өзі аяп кетті. Мамасы ерні дірілдеп,

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
қемсендеді. Еділдің де көңілі бұзылды. Білдіртпес үшін теріс
айналды. Дәрігер әйел орнынан тұрды.
— Оу, не болды апасы? Балаңыз ертең-ақ құлындай ойнап
құлдырандап шыға келеді. Ал енді сіздің кете беруіңізге болады.
Бұл жерде таныс кісілеріңіз бар ма еді?
— Бар ғой, бар. Бірақ қазір жеті түнде кімнің есігін қағып
жүрем, беймезгіл шақ. Таң атқанша осы арада отыра тұрайын.
— Жарайды. Өзіңіз біліңіз.
Дәрігер кетуге оқталды. Ибагүл қасына жақындай түсті.
— Шырағым, сіңілім екенсің, Еділжан өзі үргедектеу
еді, мүмкін болса, ине салмай-ақ койсандар етті. Тәтті дәрі-
дәрмектерінді көбірек берсең...
Дәрігер әйелдің ішек-сілесі қатты.
— Апасы, қызықсыз-ау. Тәтті дәріні де, витаминді де береміз.
Бірақ ине де салу керек. Онсыз болмайды. Еділ инеден қорқады
дегеніңізге сенбеймін. Еділ, солай емес пе?
Еділдің екі беті ду қызарды. Осал жері. Былтыр ауданнан
мектепке арнайы дәрігерлер келіп тұмауға, тағы бір ауруларға
қарсы бір-екі рет балалардың қарынан дәрі еккен-ді. Сонда Еділ
алдын ала біліп қойып, қашып кеткен болатын. Мына дәрігер
апай бір түрлі соны сезген бе екен... Еділ қатты ұялды. Дегенмен
батылданып:
— Мама, мені бала көресің бе? — деді.
Ибагүл аң-таң.
— Әй, сен бала емей несің енді?
Мына жақтан дәрігер әйел қапталдасты.
— Кәне, қорқады дегеніңіз?
Ибагүл күмілжіді.
— Қайдан білейін...
Еділ үшінші қабаттағы № 17 палатаға орналасты. Палатаның
үлкен терезесі көше бетке қарайды екен. Еділ терезеге үңілді.
Түнгі қала жанарында ертегілерде айтылатындай қырык
құбылды. Көше бойы сапқа тұрған солдаттардай қаз-қатар
тізілген бағаналар. Бағана бастарындағы саңырауқұлақ шамдар
түнгі қалаға самала жарық төгіп тұр. қала тыныш. ¥йқыда. Тек
353'

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тұнық сүт ауаны мазалап, оқтын-оқтын от ала қашып бара
жатқандай, әлдебір машиналар зымырайды. Ұйқысы қашқан
кісілердей сонадайдағы әлдебір үйлердің терезелерінен әлі
жарық өшпеген. Бірінің сәулесі көгілдір, екіншісінікі қызғылт,
үшіншісі сарғыш. Ауылда жаңа жыл кешінде ғана болатын
қызықтар. Үлкен қаланың түнгі суреті осындай болса, күндізі тіпті
ғажайып шығар...
Еділ сосын іште жатқандарға көз қиығын салды, олар оған
науқастар емес, саяхатшылар секілді боп көрінді.
Ертеңіне Ибагүл ауылға қайтты. «Бір айдың шамасында
соғамын» деді.
Еділ бірте-бірте аурухананың өміріне де үйренді. Күнде неше
түрлі дәрі ішеді. Екі мезгіл ине салады. Бір күн бір күнге ұқсас.
Күндегі нәрсе қайталанады да тұрады. Уақыт өтпейді. Еділ бір
сырқаттан айығып, екінші бір сырқатқа шалдыққан сияқты.
Ол — сағыныш. Есіл-дерті ауыл. Ауылда жүргенде айдала, құм,
жәпірейген жаман тамдар деп босқа мұрнын шүйіреді екен.
Казір әбден қадірі артты. Сол ауылдың жаман тамдарын көруге
зар. Туған жер дегеннің де не екенін еміс-еміс сезінгендей... Бір
рет қиялымен ауылға сапар шекті. Кұсқа айналды. Қолы, аяғы
— қауырсынды қанат. Тек басы ғана өзгерген жоқ. Күн желсіз,
тымық екен дейді. Аспан бұлтсыз. Палатаның қаусырмалы
терезесін ашып, жан-жағына қарап алды да, қанатын жеңіл
қағып-қағып жіберіп, қалықтап ұша жөнелді. Ауылдың қай
бағытта екенін анық білмейтін-ді. Қайдан біледі, өткенде қалаға
түнде келді ғой. Жолды көрген жоқ. Дегенмен саспады. Қаладан
едәуір ұзап шыққасын, сірә, жылқышы боларсың деп, басында
тымағы, үстінде түйе жүн шекпені бар бір қарттан жөн сұрады.
Қарт өңім бе, түсім бе дегендей біраз танданды да, адамды құс
секілді аспанда қалықтап ұшады деп кім ойлаған, Еділге туған
ауылының — Сарыбұлақтың бағытын сілтеді. «Бала, тура ұша бер,
алдан аздан соң темір жол кездеседі. Соны жағала да отыр, сосын
Байқожа стансасының тұсынан солға бұрыл, дариядан өткесін,
үлкен кара жол шығады алдыннан, соның бойымен ұша бер,
дәл ауылыңның үстінен қүлайсың», — деді ол ежіктеп түсіндіріп.
354

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
«Ракмет, ата!» Қарт айран-асыр. Құс дейін десе, адамша сөйлеп
тұр. Еділ ұша берді, ұша берді. Тым әуелемеді. Себебі өте биікке
көтерілсе, шырқау аспаннан көзі шалмай калып, Сарыбұлақтан
өтіп кетуі мүмкін ғой. Жер беті дегенің әуеден қызык болып
көрінеді екен. Көлдер оймақтай. Үйлер шырпының қорабындай.
Өзендер шұбатылған жіңішке жіп секілді. Талай ауылдың үстінен
қалықтап өтті. Көргендер жағаларын ұстады. Қайран қалды.
Адамдартүгілі, жолай кездескен құстардыңөзітаң-тамаша. Еділдің
жанына келіп өз тілдерінде бірдеңе дейді. Шиқ-шик! Шыр-шыр!
Қайта-қайта әлдене деп сұрайды. Еділдің шамалауынша, сірә,
сен кімсің, қандай құссың, қайда бара жатырсың дегені болар.
Еділ шырылдаған торғай, шықылыктаған құс атаулының бәріне
былай деді: «Мен Еділ деген баламын. Ауылды сағынғаннан
кұсқа айналып кеттім. Сарыбұлаққа ұшып бара жатырмын.
Мен сендер бұрын-сонды көрмеген жаңа құспын. Егер маған ат
қойғыларың келсе, Сағыныш деп қойындар. Солай, «достар!».
Олар түсінді ме, түсінбеді ме, кім білсін...
Бір рет Еділ қалың бұлттың арасына кіріп кетті. Әбден састы.
Денесі ауырлап, қос қанаты суға малшынды. Кескен томардай
топ етіп жерге кұлап түсуі әбден мүмкін еді, әйтеуір, әлгі бұлтты
қайырымды бір жел алдына салып айдап әкетті. Еділ қанатын
кептіру үшін күннің көзіне қарай біраз әуеледі. Қанаты құрғады.
Бір рет көктен көзі талып, мынау қай жер деп, бір ауылдын үстіне
таман төмендеп еді, зәре-құтынын ұшқаны. Тым төмендеуге
болмайды екен. Әлгі ауылда Боранбай секілді ұрынарға қара
таппай жүрген сотанақ балалар бар екен, көйлегінің өңірі атал-
сатал ұзынтұра біреуі жұдырықтай кесекті бұған қарай жіберіп
кеп қалғаны бар емес пе. Абырой болғанда, шекесіне қаға тиді.
Дәл тигенде ондырмайтын. Сонда да шекесі дызылдап қоя
берді. Еділ қанат-қолымен басын сипалай берем дегенде, әнтек
ауып, құлап қала жаздады. Не керек, қойшы, әлгі жылқышы
қарттың сілтеген бағытымен ұшып отырып, аспанда небір
қызық-шыжықты көріп, ақыры, өзінің сүйікті Сарыбұлағына
да жетті-ау. Балалар үзілісте жүр екен, мектептің үстін екі рет
айналып ұшты. Олар көре сала шулап қоя берді.
355

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ей, мынау не ғажап?!
— Самұрық құс па?
— Жоқ, Еділге ұқсайды, басына қарандаршы!
— Сонда ол құс болып кеткені ме?
— Қалада ауруханада жатқан жоқ па еді?
Жамыраған сұрак...
Еділ: «Мен Еділмін ғой!» — деп еді, қырсыққанда сөзі сөз емес,
құстың шиқылы боп шықты. Ызасы мұндай келмесін. Достарына
адамша бір тіл қата алмағанына өкінді. Шынымен құсқа айнала
бастағаны ма?
Мектептің ұстінде бұдан әрі бөгелмеді. Үйіне қарай ұшты.
Мұның жердегі көлеңкесін басып, балалар да соңынан жүгір-
ді. Еділ кептер құсап шатырға қонды. Сырттағы у-шуды естіп
үйден мамасы, Төлебике жеңгесі, Жақан ағасы, інілері — бәрі
атып-атып шықты. Балалар қолдарымен шатырды нұсқап жатыр.
— Еділ қонып отыр!
— Әне, Еділ!
Мамасының есі кетті.
— Ойбай-ау, Еділі несі, шатырда отырғаны қалай, үйге кірмей
ме?!
— Кірмейді. Ол — құс қой.
Мамасы көзіне күн салып шатырға қарады.
— Еділжан!
— Мама! — ұлгіндегідей емес, Еділ адамша сөйледі. Бұған өзі
қатты қуанды.
— А кұдай, аман-есен келдің бе? Сырқатыңнан айықтың ба?
— Айықтым. Міне, айыққаным сондай, құс болып ұшып келіп
тұрмын.
Еділ кенет:
— Ақтөре! Ақтөре! — деген дауысты естіді. Дауыс — әннің бір
әуені секілді. Жалт қарады. Төлебике жеңгесі екен.
— Жеңеше! Жеңеше!
Тәп-тәтті керемет түс еді-ау, осы сәтте медбике қыз келіп,
иығынан жұлқылап, уколға шақырғаны. Көзін қайта жұмған-
ды... Қайтадан әлгі түсін ізіне түсіп індетіп, одан әрі жалғастыр-
356

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
макшы болған... Сорабын таба алмай қалды... Еділ жылап жібере
жаздады.
Медбике қызға көзінен оқ ата қарады.
Эх, өмірде бір-ақ рет болатын түс еді-ау.
Ауылды жақсы көру үшін алыс кетіп, сағыну керек екен.
Еділ күнде палатаның терезесінен телміріп далаға қарайды.
Дала қайда, мұнда бәрі көше. Көзіне кілең көп қабатты тас
үйлер көрінеді. Ағылған машиналар. Әлдеқайда асығып бара
жатқан адамдар. Ал ауылда бәрі басқаша. Есіктің аузынан-ақ
дала басталады. Жанарын көкжиекке сүңгіп, армансыз сайран
салады. Құм төбелерді, сексеуіл тоғайларын көреді. Маң-маң
басқан аруаналар, шапқылаған тайлар. Жуас есектер. Анау-
мынауға шыбын ызындаған құрлы елең етпейтін көпектер.
Әсіресе қызыл қыш моншанын түбіндегі бұлақты айтсаңшы.
Ауылдың базары. Басынан адам арылмайды. Бірін-бірі іздеген
жұрт шұрқырасып сол жерден табысады. Кұм ішіндегі жалғыз
бұлақ. Сол себепті де ол кәделі. Корыкшысы бар. Қорықшысы
- Бермағамбет. Өкімет қоймаған. Өз еркімен күзетеді. Жазда
моншаның көлеңкесінде насыбайын атып, ыңылдап әнін айтып,
бұлақтан көз алмай отырады. Бұлақтың басында ешкімге кір
жудырмайды. Балаларға бей-берекет су шашып ойнаткызбайды.
Судын дөй далаға жырылып кетпеуін қадағалайды. Бар кәсібі
осы. Сосын жұмыс істегендей, кешке шаршап үйіне қайтады.
Еділ оны ауылда еркін ойнатқызбайды деп бір түрлі іштей жек
көретін, қазір сол Бермағамбеттің ащы айқайын да сағынды.
Тіпті сотқар Боранбайдың өзі де ыстық боп кетті...
Көкірегіндегі осы сырлардың бәрін айтпаққа оқталып, бір-
де хат жазды. «Сәлематсыз ба, мама, — деп бастады.— Ауылда не
жаңалықтар бар? Жиеней, Талғаттар асыр салып жүр ме? Жақан
ағам мен Төлебике жеңгем қалай? Жеңешем менің орнымды
жоқтатпай ма? (Ішінен мырс күлді). Бәрінді де сағындым, менен
хабар білмек болсандар, жағдайым жақсы. Жазылып қалдым.
Үстімдегі қызыл бүртіктер кетті. Жақында шығып қалармын...»
Көңілі сайрап тұрған секілді еді. Бірак төгілтіп ештеңе жаза
алмады.
357

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Қаламсабын тістелеп, «Сәлеммен, балаң Еділ» деп нүкте
қойды. Конверттің сыртына «Аттай шап, адаспай тап!» деп
айқайлатып белгі соқты.
Наурыздың аяғында мамасы келді. Өткенде хатқа сыйғыза
алмаған сөздердің сырын Еділ оған бір тамшы көз жасымен
білдірді. Мамасы құшағына қысты.
— Шамалы шыда, әлгінде дәрігермен сөйлестім, он бес күннің
о жақ, бұ жағында шығаратын түрі бар. Мен енді жер түбінен
қайта-қайта келе алмаймын, ауылда мың сан шаруа бар. Дүкенге
ауданнан мінгізіп жібереді. Ауданда Жаксыгүл апаңа тапсырып
кетемін. Қорықпа. Ұшақпен ұшып жетесің. Өзің де дәу жігіт
емессің бе, адаспассың, — деді.
Мамасы бір сөмке ғып әкелген алма, өрік, кәмпит, пе-
шенейлерін Еділдің қолына ұстатты. Еділ мамасын көзімен ұза-
тып салды.
Мамасы айтқан санаулы күндер өте шықты. Соңғы күн.
Еділдің жүрегі лүп-лүп соқты. Көңілі алып ұшты. Күнұзакка
тордағы күшіктей тыпыршумен болды. Оның бұл көңіл күйін
палатадағылар жақсы түсінді.
— Міне, бір жарым ай көзді ашып-жұмғанша өте шыққаны, ә.
— Баланың ауыруы да тез, сауығуы да тез ғой.
— Жақсы бір істің жолында ауырған кісі жылдам жазылады
дейді.
— Иә, солай! Көңілі таза. Жаман пиғылы жоқ.
Олар өзара осылай десті.
Еділ сарылып бір жарым ай жатқанына еш өкінбеді. Ауруха-
на оны ең бастысы, ауылды сағыну өнеріне үйретті. Өзі тетелес
кұрбылары әлі мұндай сезімді білмейді. Көбі ауылдан аттап
шықпайды. Еділ өзін бір түрлі есейіп кеткендей сезінді.
Ертеңіне мамасының айтуынша, Қайырбекті көп күтті. Түс
болды. Түс ауды. Әлі жоқ. Келмесе келмесін, оны Еділ іштей
онша жақсы көрмейтін. Бұған себеп мына жәйт еді: Қайырбек -
ауылдағы сиыршы Садық шалдың жалғыз ұлы. Елдің айтуынша,
Садық оны үлде мен бүлдеге бөлеп өсірген. Бетіне жел боп
тимеген. Қанаттыға қақтырмаған, тұмсықтыға шоқыттырмаған.
358

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
балалар
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
дялап-әлпештеген. Бар айтқанын істеген. Ауылда жұрттың
баласы жалаң аяқ, жалаң бас шапқылап, ақ таяқты ат қылып
ойнап жүрген кезде, ол елден ерек велосипед тепкен. Садық шал
велосипедті әлдекім арқылы сонау Алматынын өзінен алдырған.
Қаз тұрғанына да, тәй басқанына да, күлгеніне де, былдырлап
сөйлегеніне де атап-атап кәделеп той жасаған. Мектепке барғанда
ұлан-асыр ат шаптырған, бас бәйгеге түйе тіккен. Әйтеуір, елде
жок нәрсе Қайырбекте болған. Бесінші сыныпта-ак мотоцикл
айдаған. Тоғызыншы сыныптажеңіл машинаалып берген... Бірақ
не керек, Қайырбек әкесінің осыншалық өлшеусіз камқорлығын
тұсінбепті. Мектепті де қашып-пысып шала бітірген. Қарша-
дайынан ішімдікке әуес болып, шылым тартқан. Қысқасы, бұзык
болған. Әкесін жасына жеткізбей қартайтқан. Сөйтіп жүріп,
әскерге барып келген. Онда да акыл конбаған, түзелмеген. Әскер-
ден келген соң, қолын калтасына салып, саландап даласуанданып
бір жыл жүрген де, кейін оқимын деп сылтауратып, қалаға кеткен.
Содан ізім-ғайым жоғалған. Ауылға ат ізін салмаған. Хат-хабар
жазбаған. Сол калада үйленген. Келіншегінің аты Бибайша
көрінеді. Садық шалдың арманы келін жұмсау, немере сүю
еді, оған бұл қуанышын да сыйламады. Ауылға келмеді. Садық
шал: «Қайырбек, Қайырбек!» - деп былтыр жазда кылтамақтан
қайтыс болды. Қайырбек сөйткен әкесінің басына кұлпытас та
қоймады. Еділдің мұндай тасбауыр адамның бетін көргісі жоқ.
«Ол біздің ауылдың адамы емес шығар, — деп ойлады,— Мүмкін
емес. Біздің ауыл... Ондағы жұрттын бәрі қайырымды. Қуанышы
да, қайғысы да ортақ. Қай кезде де бір-біріне кол ұшын береді...»
ұрі кұс көңіліне салса, ауылды өзі-ақ көзін жұмып таба алатындай
әсерде. Анау дала төсіндегі кым-қиғаш шимай жол, сүрлеулердің
бәрі де Сарыбұлакка — барып тірелетін секілді. Қайсысына түссе
де адасам-ау деген ой қаперіне кірмейді. Тіпті болмаса, ұялып
қажеті қанша, жолыккан жұрттан жөн сұрайды. Әуелі автобуспен
вокзалға барады. Сосын вокзалдан аудан орталығына қарай
жүретін пойызды біледі. Одан әрі оп-оңай. «АН—2» ұшағына
отырады да, ауылдың тас төбесінен түседі. Еділ әнтек тәтті қиялға
беріліп кетті. Құдды тап казір ауылға жетіп баратындай жалма-
3591

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
жан орнынан атып тұрды. Кереуеті сықыр-сықыр ете қалды. Теқ
қазір дәрігердің алдында балалық жасамауы керек. Өзін ауыл мен
қаланың арасында талай-талай жүрген әккі жолаушы секілді етіп
көрсетуі тиіс. Иә, солай. Я болмаса, еңіз-теңіз жылайды. Дәрігер
сосын өзі-ақ жібереді. Әрине, оның беті аулақ. Жылап-еңіремей
тып-тыныш кеткені жөн. Ертең естісе елден ұят қой.
Шынында да бекер қауіптенбеген екен. Дәрігер — мосқал ер
кісі Еділді сотша тергеді.
— Ауылынды тауып бара аласың ба?
Еділ батылданды, куақыланды.
— Әрине, табам. Екі арамен бұрын сан мәрте жүргем.
— Е, онда дұрыс. Қайсыбір ауылдың балалары сыртқа аттап
шықпайды ғой, адасып кетеді. Сенің жөнің бөлек екен. Ал жолға
тиын-тебенің бар ма?
— Бар.
Мамасы өткенде жиырма бес сом тастап кеткен еді. Ол әлі
мұрты бұзылған жоқ. Еділ кәмпит, пешеней алып жемеді. Жолына
артылып жығылады. Еркін жетеді. Не де болса, тезірек кетсе екен
дәрігердің алдынан. Бір жерден ши шықпай тұрғанда...
— Жарайды, ендеше. Мамаңа сәлем айт. Жылы киініп жүр.
Күтін. Ауылындағы фельдшерге көрініп тұр.
— Жақсы, аға.
Дәрігер Еділдің қолын қысты. Алақаны сұп-суық екен. Еділ
дереу үстіндегі аурухананың сары помази көйлек-шалбарын
шешті. Қатты асыкты. Өз киімін киді. Жарасып тұр. Құдды
ескі досымен табысқандай. Есіктің алдына шығып, үш қабатты
аурухана үйіне бұрылып бір қарады.
— Рақмет! — деді күбірлеп.
Рақметті кімге айтқаны белгісіз, аурухана үйіне ме? ұлде
ондағы ақ емші дәрігерлерге ме? Әйтеуір, ризашылық сезім,
куанышты сезім. Сөйтті де үлкен көшеге түсті.
Еділ қалаға келгенде ақ қырау қыс еді. Енді көктем. Көше
бойындағы талдар бүршік жарған. Күн сәл ысып, жаңбыр жауып
берсе, әлгі бүршіктер от тұтаткандай лап етіп жапырақ жайға-
лы тұр. Арықтарда ауырлау, сылбыр сылдырап аққан су. Айна-
360

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ла көктем иісі. Ауылдағыдай көп болмағанымен, бірлі-жарым
торғайлар ұшып-конады.
Күн кешке ауған шақ. Еділдің дәрігердің алдындағы
манағы батылдығы бір түрлі су сепкендей басылды. Қаланың
аты — кала. Еділ өзінің іштей әлденеге жасқаншактай береті-
нін сезді. Қала мен ауылдың арасын жол қылдым деді-ау әл-
гінде. Өтіріктің құйрығы бір тұтам. Еділ бір түрлі қобалжиын
деді. Пошымы — «Ауылдың баласы! Ауылдың баласы!» — деп
айкайлап тұрғандай. Жұртқа қарайды, бәрі еркін: туған үйлерінде
жүргендей, аяқтарын нық, батыл басады. Бір-бірімен емен-
жарқын сөйлеседі. Жарқ-жұрқ күліседі. Ал мұның сыртқы
түрі кала өміріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын секілді.
Ұялшак. Жасқаншақ. Өзгелер шетінен жұлқынып тұр, кілең
пысык. Еділ Қайырбекті күтпей, ерте шығып кеткеніне әнтек
өкініп қалды. Дегенмен, тәуекел. Шешінген судан тайынбас.
Үлкен көшенің бұрылысында жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап
тұрды да, киімі олпы-солпылау, жуастау, иманжүзді бір кісіден
жөн сұрады.
— Аға, вокзалға калай баруға болады?
Жүрісі шабан болғанмен, әлгі кісінің шаруасы асығыс екен,
жүре жауап берді.
— Ана жерден бірінші автобусқа мін, тура апарады, соңғы
аялдама — вокзал.
— Ракмет.
Уһ, не де болса ауылға қарай бір қадам жасалды.
Құмырсқа бел ұзын сары автобус вокзалға әкелді. Вокзалдың
басы ығы-жығы адам. Бүкіл қала көшіп жатқандай. Қаптаған
сөмке, иін тірескен шабадан. Екі кісі бойы келетін дәу ағаш есік
шалкасынан ашық, жұртты тойымсыз жұтып жатыр. Еділ де
сүңгіп кетті, жоқ іздеген кісіше вокзалдың ішін біраз аралап, бір
уақытта көше жақ беттегі қабырғаны толайым алған жолаушылар
пойыздарынын козғалысы жазылған үлкен ак тақтаның алды-
на келіп тұрды. Шынында да тақтаның көлеміне орай пойыздар
да көп жазылған екен. Қөз сүрінеді. Бірақ ауылға қарай жүре-
тіні қайсысы? ұлде бәрі ауылға бара ма? Еділ биік қабырғадағы
361

К.АЗАК,
_


БАЛАЛАР
>
ӘДЕБИЕТІНІҢ
4'С.
АНТОЛОГИЯСЫ
жыпырлаған жазуларға үңіліп, едәуір уақытын өткізді. Әлде-
бір жұмбақтың шешімін таба алмай тұрғандай. Бір кезде әлде-
кім шап беріп білегінен ұстады. Еділдің жүрегі су ете қалдц.
«Көлигән». Басына бірден осындай ой келді. Бұлай ойламай
қайтеді, ауылда қала жайлы алып-кашпа сөз көп. Кала толған
ұры-қары, бұзықтар, көлигәндар дейді. Адам тонайды. Бер-
месінді тартып алады. Ұрып кетеді, олар әсіресе ауылдан келген
аузы ашық аңқауларды бірден таниды...
Еділ білегінен шап беріп ұстаған адамға жалт қарады.
— Сен Еділ емессің бе?
Еділ аң-таң. Бұл кім?
— Иә, Еділмін...
— Ой, тентек, мен Қайырбек ағаңмын ғой. Неғып күтпе-
дің? Апам әнеукүні қатты тапсырып кеткен. Жаңа гаражда шыр
айналып, кідіріп қалғаным. Содан жұлдыздай ағып аурухана-
ға барсам — жоқсың. Ал содан осылай қарай зымырайын. Бағ-
даршамға да қарамадым, ойпырай, жаман қорыққаным-ай! Кә-
не, жүр үйге. Пойызға әлі біраз уакыт бар. Кешке өзім мінгізіп
саламын.
Қайырбек басын шайқап, өз-өзінен әлденеге таңданып, Еділ-
ді аяғын жер иіскетпей, дедектетіп сыртқа карай жетеледі. Өзі
бой-бой терлеген. Мандайына түскен шашы тарам-тарам.
Еділдің Қайырбекті бірінші рет көруі. Түріне бажайлай қа-
рады. Сом қара. Шашы сұйық. Бадырақ көз. Байқамаған кісі
ашуланып тұр ма деп қалады. Бірақ неге екені белгісіз, беті суық-
тау көзіне бағынбағандай өзінше күлімсіреп тұрады екен. Қыз-
ық. Қайырбек жайындағы көкірегіндегі жаман пікірі кайта бас
көтеріп, әрі-бері тартыншақтап еді, болмады. Қолы әлеуетті.
Еділ жел куған желкендей аяғын аннан-мыннан бір басып келеді.
Таксист екен, Еділді аспан көк таксиіне әкеліп отырғызды. Жол
бойы салдырлап сөйлеумен болды.
— Баяғыда жалаң аяк, жалаң бас жүгіріп жүрген бала едін,
міне, енді әп-әйдік жігіт болыпсың. Мені білмейтін шығарсын
(осы арада Еділ оның сөзін бөліп, кекетіп неге білмейін, «атак-
ты» Қайырбек емессіз бе дей жаздады), сол ауылдан — Сарбұлақ-
362

ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
танмын. Ауылдан ертерек кеттік. Қазір осындамыз. Бәрін қой-
ціы, әуре-сарсаңға түспей, сені тез тауып алғаныма куанып келе
жатырмын. Абыройым бар екен, әлдеқалай адасып кетсең... Мас-
қара. Ертең Ибагүл апам ренжиді ғой. Әдейі тапсырғанында. Әй,
дәу де болса осы сен боларсың деп ойлап ем. Жаңылыспаппын.
Дәл тауыппын. Сонша неге асықтың? — Еділ үндемеді,— Ауыл-
дьі сағындын ба? — Еділ бүл жолы да ештеңе демеді. Қайырбек
те шұкшимады, сұрағына жауап күтпейтін тәрізді. Несін сұрай-
ды. Бәрі түсінікті емес пе. Қалада екі айға жуық ауруханада
жатты ғой. Сосын шығарда бір минут тұра ма. — Қызық сені
таба алмағанымда болатын еді. Дардай басыммен апама ертең
не уәж айтамын. Ұяттан өлемін ғой, әдейі тапсырған кезінде.
Қарның ашты ма? Қазір үйге жетеміз. Тыңқиып тойып ал.
Қайдан жүріп, қайдан келгені беймәлім, әлден уақытта
Қайырбек машинасын кішкентай бір тар көшедегі қызыл
дарбазалы үйдің алдына әкеліп тоқтатты.
— Міне, үйге де келдік.
Мәссаған. Қаладағылардың бәрі аспанмен таласкан биік
тамдарда тұрады дейтіні қайда? Мынау Сарыбұлақтағы үйлер
секілді ғой. Жер үй. Қөшесі де тас төселмеген, шаңдатып жатыр.
Қайырбек үйге сөйлей кірді.
— Бибі, мынау Еділ дейтін батыр. Ибагүл апамның баласы.
Өткенде айтып едім ғой. Бүгін ауруханадан шығыпты. Мені
күтпепті. Ауылына өз бетімен кетпекші. Бәлесін қара. Вокзалдан
әрең тауып алдым.
Бибі — Қайырбектің келіншегі гүлді сұр халатының жағасын
ұстап, көзі ұясынан шыға танданды.
— Оның не?! Адасып кетсең, қайттің? Жарайды, әйтеуір, ағаңа
жолығыпсың. Оқасы жоқ. Әйтпесе ұятқа қалатын едік...
Бибі шай-тамағын әзірлей жүріп, әлсін-әлсін сұрақ қойып,
әлсін-әлсін өздерінің жағдаятын да айтумен болды.
— Жетінші сыныпта оқимын дедің бе?
- Иә.
— Қалай енді жазылып шықтың ба?
— Иә.
363

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Неден ауырып едің?
— Суықтиіп...
— Ой, абайлау керек. Баланың бәрі сол. Ойын-ойын деп...
Өлгеніне карамайды...
Еділ қалай ауырғанын ежіктеп айтып жатуды бір түрлі
ыңғайсыз көрді. Әдемі ауру екенін кім түсінеді.Көп аурудың бірі
дейтін шығар...
— Ауыл түгілі, қаладағы балалар да сол. Суық тиіп жиі
ауырады. Әйтеуір, бір жақсысы, дәрігер қасында... Жетіншіде
оқисың, енді бала емессің, бәрін түсінесің. Ағаң екеуіміз де ел
қатарлы күн кешіп жатырмыз, біреуден ілгері, біреуден кейін
дегендей. Екі қызымыз бар. Біреуі мектепте, екіншісі балабак-
шада. Анада атамыз кайтыс болғанда барайык деп, құдайдың
зарын қылдым, ағаң қозғалмады. Бірақ, неге екенін қайдам,
түнімен жер бауырлап солқылдап жылап шықты. Беті, көзі
ертеңіне күп болып ісіп кетті. Сірә, осы күнге дейін әкесінің
кәдірін білмей келгеніне өкінеді ғой деймін. Ағаңның енді-енді
ғана ақылы кіріп келеді. Биыл жазда қайтсек те ауылға барамыз.
Атамыздың басына құлпытас қоямыз. Кұран оқытамыз. Әсіресе
әлгі екі немересі біздің неге атамңз жоқ деп қоймайды күнде.
Атасы бар екенін білсін олар да. Қыр үстінде төмпешік болып
жатса да, бәрібір атасы ғой... — Бибі осы тұсқа келгенде өз-өзінен
пырс-пырс етіп көзінің жасын сығып алды,— Әкелерінен безген
тас бауырлардан аулак жүрейік дей ме, ағайын-туысқандарымыз
да бас сұқпайды. Не масқара. Өткенде сенің апаң да Қайырбекке
көшеде жолығыпты. Үйге кірмей ме? Жоқ, бұдан әрі бұлай күн
кешуге болмайды. Жазда ауылға барамыз. Енемнің — Қайырбектің
шешесінің қолына барып тұрамыз. Әлі ел катарына косылмаған
екі-үш іні-қарындасы бар, соларға демеу боламыз. Шамамыз
келгенше қамқорлық жасаймыз. Атамыздың аруағы бізді сонда
ғана кешер...
Еділдің көңілі бұзылды. Жаксы адамдар екен ғой. Жұрт бекер
жаман ойлайды. Аруақтарды аузына алғаны... Көңілдері таза
екен... Кесесіндегі шай әлдеқашан суып қалған-ды, не істерін
білмей сонда да қолына алып үргілей берді.
364

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Қайырбек төмен тұкыртқан басын жоғары көтеріп, балаша
сасқалақтады.
— Қойсаңшы, қайдағы-жайдағыны айтып...
— Несі бар, естісін, анау ауылдағы ағайын-тумалардың құла-
ғына жеткізсін, біздің де адам екенімізді білсін... Бала бар шын-
дыкты, бар жағдайымызды бүкпесіз таза айтады, жұрт басқаға
сенбесе де баланың сөзіне сенеді...
— Туһ, сен де...
Қайырбек шарасыз күйде қолын сермеді.
Еділ ауыр әңгіме естісе де бір түрлі бойы жеңілдеп қалған
тәрізді. Қораш, түнеріңкі кішкентай бөлме жаңбырдан соңғы
даладай тазарып, жайнап кеткендей болып көрінді оған.
Қайырбек Еділді кешке пойызға мінгізіп салды. Жолсерік
әйелге кайта-кайта тапсырды. «Қаратөбе стансасынан түседі,
ұйықтап қалмасын, азанда оятып жібересіз ғой», — деді.
Еділ таң алдында Қаратөбеге — аудан орталығына жетті.
Түнімен кірпік ілмеді. Ұйктау кайда. Жолсерік әйел: «Балақай,
алаңсыз ұйықтай бер, ешқандай қам жеме», — деді бірнеше рет.
Еділ «жарайды» дегенімен, бәрібір жастыкка басын тигізбеді.
Бетін терезеге басып, далаға карады да отырды.
Сол күні «Ан—2» ұшағына отырды. Көңілі ғана емес, өзі де
көкке көтерілгендей. Жарты сағат шамасында ауылдың қарасы
көрінді. Әне, бұлақ. Әне, Қуаңдария. Суы жок болса да осы
бір құмды сайды жұрт дария дейді. Ертеректе, сірә, шалқыған
өзен болса керек. Анау жылқы баз. П әрпіне ұқсас мектеп ұйі.
қаракұрым киқы-жиқы камыс қоралар. Жапырайған тамдар.
Бәрі-бәрі көзіне оттай басылды. Төбеден жақсылап көріп ал
дегендей, ұшақ ауылдың үстінен екі рет айналды. Еділ үй-үйдін
алдынан көздеріне күн салып көкке қараған адамдарды көрді.
Балалар тақырлыкка карай жүгіріп барады. Ұшақ шаң боратып,
адыраспандардың түбін суырып, тақырлыққа дік етіп конды.
«Аэропорттан» — камыс сарайдың алдынан Еділге мамасынын
таныс тұлғасы жылы ұшырады.
Ауылда жаңалык көп екен. Еділ әр әңгімені бал жалаған
секілді еліге тындады. Мектепбайдың үлкен қызын шөп тасып
365

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
жүрген автобазаның бір шофері алып қашыпты. Кәмәлиденнің
келіні үл туыпты. Көрші қарақалпақ елінен екі үй көшіп келіпті.
Өздері қазақтар екен. Атамекендері осы маң болса керек. Бірақ
жұрт көп айта беретін, Еділ жылын дәл білмейді, ашаршылық
кезінде қарақалпақ жеріне қарай ауған көрінеді. Міне, енді араға
көп уақыт салып оралып отыр. «Ат айналып қазығын табар»
деген. Ауыл жоғалғаны табылғандай мәре-сәре. Еділдер қатарлы
балалары бар екен. Алғашқы кезде қызық болыпты. Ауылдың
тентектері оларды жат санап, әуелгіде орталарына енгізбепті.
Күнде төбелескен. Ақырында, әйтеуір татуласкан. Сөзінің піссі-
мілләсін «қылшылдаған жігіт кезім, екі көзім оттай жанады, ас-
тымда сүлік қара жорғам, қолымда сақтиян пістөлетім бар» деп
бастайтын Бержан ата қайтыс болыпты. Еділге бір түрлі ауылдан
бір бұлбұл алысқа ұшып кеткен секілді болып көрінді. Шынында
да ол шежіре еді. Көкірегі тұнған көне әңгіме... Бірінші мамыр-
да Әлібай келін түсірмекші екен, әкесі ат шаптырып ұлан-асыр
той жасамақшы. Сейістер әлден-ақ бәйге аттарын жарата бас-
тапты. Бұлар Еділ жоқтағы жаңалықтардың белгілі-белгілілері
ғана. Ал ұсақ-түйектері қаншама. Оның әрқайсысы бір-бір
хикая. Бәрінен бұрын Еділ бұлақты сағынып қалыпты. Бірнеше
күн тандайы кеуіп шөл айдалада жүргендей, көршілердің бірі
келіп, бірі кетіп жатқан абыр-сабыр шағында, үйден сытылып
шығып, бұлаққа қарай жүгіре жөнелді. Қос алаканын тосып,
бұлақтың суын қайта-қайта ішті. Ішкен сайын бал татиды.
Мейірі қанбайды. Мұп-мұздай, тәп-тәтті. Сосын айналаға
сұқтана көз жіберді. ажайып сурет. Кәрі ку жыңғылдарға дейін
жасарып үлпек майда бүршік жарыпты. Адыраспан, жусаннан
аяқсүрінеді. Бұлақтың ырғын-тегін аққан қыстайғы суы ойпанды
көл ғыпты. Беті толы шүрегей. Сыпылдаған үйрек. Еділдің көзі
тояр емес. Ес білгелі ауылдың мұндай ертегі кезін алғаш рет
көріп тұрғандай.
Сұр есегін иығынан шұқылап, бұлақтың басына томаша шал
— Шамырат қожа келді. Еділ астаудың ернеуіне көтеріліп, қос
қолын беріп амандасты.
366

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
— Ассаламаәлейкум, ата?
— Үлкен жігіт бол. Кімсін? Кімнің баласысың?
Шамырат қожа инеге жіп өткізгендей Еділге сықсия карады.
Сірә, шырамыта алмай тұрған секілді.
— Еділмін ғой. Әбділдәнің баласымын.
— Е, солай де. Мұнда неғып отырсың жалғыз өзің?
— Жәй...
«Бұлақты сағынып қалыппын...» деп айта алмады, бір түрлі
ұялды. Түсінбеуі де мүмкін ғой. Жұрт естісе әрі күліп жүрер.
О заманда бұ заман адам сылдыраған суды да сағына ма?
— Біздің қызыл сиырды көрмедің бе? Кешелі бері жоқ.
Еділ күлді.
— Ата, мен ауылға жаңа ғана келдім ғой.
— Е, қайда болдың?
— Қалада. Ауруханада жаттым екі ай.
— Не дейді?! — Шамырат қожа шошып кетті. — Қаршадай
болып не ауру? ұлден ауырасыңдар, бара-бара не боласындар?
Біздің шықпаған жанымыз...
Сөйтті де есегін тебініп, ауылдың сыртына қарай тартты.
Кешке тележкасына тау кылып отын тиеп, Жакан ағасы кел-
ді. Оның қызыл тракторы Еділдің көзіне оттай басылды. Алды-
нан жүгіріп шықты. Жақан көшенің қақ ортасында тракторын
тоқтатып, Еділді кабинасына мінгізіп алды.
— Аға, ауылды бір айналдыршы, — деді Еділ.
Жакан оның сөзін екі етпеді. Тележкасын ағытпастан такыр-
лыққа қарай құйындатты...
Жұрттың айтуынша, Еділ — баяғы Еділ емес. Едәуір өзгерген.
Артық еті сылынған. Бойы сырықтай. Беті қағаздай ағарған.
үңірейіп көзі, қалқиып құлағы ғана қалған. Саусақтары шидей.
Мұның бәрі ауру салған іздер. Ибагүл Еділдің аман-сау келгеніне
қуанып, құдайжолы жасады. Шалдардың батасын алды.
Еділ сабағына бара бастады. Достарымен табысты. Бұрын
онша сезбеген екен. Еділ туған жердің қасиетті екенін түсінді.
Сонау ит арқасы қиянда — қалада ауруханада жатқанда ауылдын
3671

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
май шаңдағына дейін ертегі-тұғын. Жалғыз аяқ соқпақтар
мен кара жолдар дүбірлетіп шаба жөнеліп, құдды көкжиекке
сүңгіген сәйгүліктер секілді болатын. Тоқал саман тамдар -
хан сарайлары. Бұлақ — зәмзәм тұма. Ойдым-ойдым сексеуіл,
жыңғыл тоғайлары — ит тұмсығы батпайтын сиқырлы ормандар.
Осылай елестететін. Туған жерді алыстан сағыну керек екен.
Сонда кәдірі артады. Адамдардың арман қуып, неге қиырға
кететінінің сырын енді ұғынғандай болды. Өмір бойы ауылдан
ұзап шықпасаң, туған жердің қасиетін сезінбей өтуің ықтимал.
Еділ ауырғанына өкінген жоқ.
Еділдің бір таң қалғаны: Жақан ағасы мен Төлебике жеңге-
сінің қазіргі өмірлері баяғы той күнгі бақытты мезеттеріне
мүлде ұқсамайтын тәрізді. Бала көңілі ештеңенің байыбына
бара алмай әуре. Неге қуанбайды? Міне, Еділдері — Ақтөрелері
келді ғой дін-аман сауығып... Әлде бұл түсінбейтін өзге бірдеңе
бар ма? Екеуі де бір түрлі көңілсіз. Қабақтары қату. Ашыл-
ып ештеңе айтпайды. Жұмбақ. Дастарқанның аяғына дейін
отырмайды, бір-екі кесе шайларын ішеді де, үн-түнсіз тұрып
бөлмелеріне кетеді. Жақан жұмыстан шаршадым дейді. Төлебике
оқушылардың дәптерін тексерем дейді. Қызық. Бірақ бөл-
мелерінен ауық-ауык жайдары күлкі, көтеріңкі үндер естіліп
қояды. Сол күлкі, сол жарқын дауыстарын бұған, мұның інілеріне,
мамасына қимағаны ма?
«Неге бұлай?»
Еділдің бұл сұрағына мамасы бірден жауап бере алмады.
— Білмеймін, балам... Соңғы кездері, әйтеуір, осылай болып
жүр ғой, не ойлағандары барын кім білсін...
Бір күні Жақан қызық өнер көрсетті. Жұмыстан өлесі ішіп
келді. Бұрын мұндай әдеті жоқ-ты. Ащы аузына алмайтын. Трак-
торын дар-дар еткізіп көше бетке қойды да, қисалаңдап үйге
кірді. Кірді де үйдің әлек-шәлекейін шығарды. Төргі бөлмеде
кілемнің үстінде шашын артына қайырып түскен суреті ілулі
тұратын. Әдемі портрет. Соны шеге-мегесімен қабырғадан жұл-
ып алып, аяғымен таптады. Бетіндегі әйнегі быт-шыт сынды.
Ибагүл шыр-пыр болды.
368

К.АЗАК,
ҚАРЛЫЕАШТЫҢҰЯСЫ


ӘДЕБОТтаң
АНТОЛОГИЯСЫ
— Жақанжан-ау, мұньщ не? Есің бар еді ғой.
— Қазір менде ес жоқ!
— Не көрінді сонша?!
— Сол!
— Қарағым, мынадай қылуанды қой. Жаңа үй болып келе
жатырсың. Елден ұят емес пе?
Жақан сөзге құлақ аспады. Көзіне шалынып, қолына ілінген
киімдерін сыртқа лақтырды.
— Өртеймін! Өлемін!
Айқай-шуға елеңдеп, лезде айналадағы көршілер жиналып
қалды. Бәрі жағаларын ұстады.
— Ойбай-ау, мұндайы жоқ еді ғой...
— «Жуастан жуан шығады» деген...
Ибагүлдің жан дауысы шықты.
— Төлебике, а, Төлебике, бері келсеңші, сенің сөзінді тындар!
Төлебике бөлмесінің есігін ашып, самсоз күңк етті.
— Мені де тындамайды.
— Сонда не болғаны?
Тып-тыныш үйдің шырқы бұзылды. Балалар бет-бетіне
қашты. Еділ Жаканды колынан тартқылады.
— Аға, аға деймін, демалшы.
Жақан қолын сілкіп қалды. Еділ шалқалап құлап түсті.
— Ойбай-ау, мынау қайтеді, қыра ма, тегі, өзі ауру баланы...
— Қырамын.
— Қой, адам болмассың. Бір бәле көрінейін деген шығар.
— Бір бәле көрінді. Адам болмаймын.
Еділ жерден атып тұрып және жармасты.
— Аға...
Жакан бейтаныс әлдекімді көріп тұрғандай, одырая қарады.
— Жоғал!
Бұл Еділдің Жақан ағасынан күтпеген сөзі. Не істерін білмеді,
көкірегі ызаға булықты. Бұлаққа қарай жүгіріп ала жөнелді. Бір
нәрсеге қатты қамыкса да, қатты қуанса да бұлаққа баратын әдеті.
Бір-екі қарулы жігіт Жақанды қоярда-қоймай қол-аяғынан
көтеріп, бұлқынғанына қарамай тамға апарып жатқызды...
369

ҚАЗАҚ
у,,


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
47
АНТОЛОГИЯСЫ
Құдды суық жауынның астында қалғандай Едід түнімен
жаурап шықты. Тұла бойы бір жылымай қойды. Мамасы да,
інілері де ауыр ойға батқандай. Бұл не болғаны? Ибагүл ауық-
ауық күрсінді.
Иса — ауылдағы ең бақытты, үрім-бұтақты шал. Ұлы ұрымда,
қызы қырымда. Бір баласы жылқышы. Біреуі қойшы. Біреуі
шофер. Екеуі Алматыда тұрады. Үлкен шаңырақ. Әлібай — сүт
кенжесі. Иса «осы кенжем аяқтанса, екі дүниеде де арманым
жоқ», — дейтін. Әлібай баланың ең кішісі болғасын, ерке-тұғын.
Соқталдай жігіт. Бірақ ісі тура баланікі. Сөзі де пәтуасыз. Бірақ
былтыр ақылы кірген-ді. Сары шабдарымен құйындатып келе
жатып, оңбай құлаған. Сол сабақ болды. Көпке дейін төсек
тартты. Сосын сауыққан соң, бір түрлі адам қалпына келген.
Ойланған... Таяқжеп, сабақалып адам қалпына келгендей. Міне,
бүгін сол Әлібайдың тойы. Көрші ауылдың бір қызын үйіне
келін ғып түсірді. Иса шал үшін ақ түйенің қарны жарылған күн.
Велосипед мінген қара домалақ балалар үйді-үйге кіріп, жұртты
тойға шақырып жүр. Ел «қабыл болсынды» қардай жаудырып,
ағылып жатыр. Кемпірлерге дейін сандықтарының түбіндегі
бір киер көйлектерін үстеріне ілген. Келіншектер мен жігіттер
қызыл-жасыл. Ең әуелі жұрт ауылдың сыртындағы Ақынқожа-
ның мазарының басына жиналды. Таңғы салқында сәйгүліктер
бәйгеге қосылды. Жиырма шақырымға жіберілді. Бәйге аттары
қайтып оралғанша жігіт-желең мүше алып қашысты. Көкпар тар-
тылды. Күрес болды. У-шу. Мәре-сәре. Мереке. Көрген де ар-
манда, көрмеген де арманда. Еділ Қабыланбайдың тракторынын
кабинасының төбесіне шығып алып, айналаға тандайын қағып
қарады да тұрды. Ғажап. Адамды қүдды тек мереке, той үшін
жаралған дерсің. Бүкіл ауыл көшіп жүр. Тайлы-таяғы қалмаған.
Иә, дәл бұл күні небір қапылған шаруа болса да үйде қалу —
ақылға сыйымсыз. Осы күні үйде отырдым десе, ешкім сенбес
еді. Бірақ өкінішке орай, Еділ мынау сапырылысқан дүйім
елдің ішінен Жақан ағасы мен Төлебике жеңгесін көре алмады.
Әрі іздеді, бері іздеді. Көзі талды. Олар қайда жүр? Бүгін жұмыс
370

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ХОК- Бірінші мамыр мейрамы. Еділдің ойынша тойға бару — құр
еріккеннін ісі емес. Той — ахеху-ехехулеп ойсыз күліп, ет жеп,
қарын тойдыру ғана ма? Жоқ. Біреудің қуанышына ортақтасу
Ғой. Кдйсыбір елең-селең пайдасыз жұмыстан әлдеқайда жақсы
сауык-сайран. Той иесі болып шаттану. Той иесі болып ренжу.
Ұл өсіріп отырмын, қыз өсіріп отырмын, маған да шарапаты
жұксын, ертең өзімнің үйімде де осындай той болады деп ниет
қьілу. Бұл — тойдың ешқандай кітапқа жазылмаған рәсімі, заңы.
Жаксылыққа, ізгілікке қарсы тұруға, ол жайлы жаман ойлауға,
қитығып-қырсығуға болмайды. Ретті жерінде куана білмеген
адам адам ба? ұлде Жақан ағасы өткендегі ісінен елдің бетіне
қарауға ұялып жүр ме екен? Өйтсе, жақсы. Ал олай болмаса ше?
Той тарқады. Жұрт үйдің иесімен — Исамен жақсы сөзін
айтып қоштаса бастады.
— Келіннің келген қадамы кұтты болсын. Тойың тойға
ұлассын.
— Айтқаның келсін.
Иса қаға берісте Ибагүлге өзінің өкпесін білдірді.
— Қарындасым, қайның мен келінін келіп, неге құтты болсын
айтпады. Бұл менің өмір бойы күткен қуанышым емес пе еді.
Соншалықты елеусіз тастайтындай не жазып едім оларға?
Ибагүл не дерін білмеді. Жаман қысылды. Амалсыз сөзбұй-
даға салды.
— Ата-ау, жұмыстары болып... Қазір кіріп шығады ғой.
— Е, жарайды онда. Аңқылдаған Жақаннан мұндайды күткен
жоқем...
Ауылдың қара сирақ балалары мен иттері үшін той тарқа-
ған жоқ. Иттер қазан-аяқ жақтан сүйек-саяқ іздеп әуре. Балалар
тойды өздерінше одан әрі жалғастырды. Бір-бір жыңғыл шыбыққа
мініп, ақтақырда дүбірлетіп шауып жүр.
Еділ мамасымен бірге үйге келді. Терезенің пердесі ашыл-
маған. Үйге күн сәулесі түспеген. Ибагүл күйінді.
— Шырактарым-ау, тойға неге бармадындар?
Төлебике шашы дудыраған күйінде көзін аударып бір қарады.
— Той біздің не теңіміз?
371

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Немене, сендер соншалықты жұрттың азы мен тозы ма
едіндер, түге? — Жауап жоқ. Үнсіздік.
— Бұл не масқара! Бұрын-сонды мұндай болып па? Қойшы,
бала емес, өздері түсінер деймін. Жоқ күннен күнге үдетіп бара-
сындар. Үйдің әбден берекесін алдындар. Баяғы күнімізге зар
болдық қой. Өлік шыққан үй де дәл мұндай болмас. Балалар
сендердің қас-қабақтарыңа қарайды. Өздері онсыз да жарым
көніл. Әкелері болса бүйтіп жүрер ме еді? Ағаңның орнын
жоқтатпайды ма десек, сенің мұның не, Жақан? Ендігі бұл үйдегі
бас көтерер азамат өзің емес пе? Қой, бұлай өмір сүруге болмайды.
Не масқара? Жұрт қазір саусағын шошайтып күледі...
Еділ түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмай шықты. Бір емес,
екі-үш келіндерімен сүттей ұйып, ақар-шақар болып отырған үй-
лерді есіне алды. Мысалы, Қарақұлдың үйі. Құрқылтайдай там.
Шиеттей бала-шаға. Екі келіні бар. Бәрі тату-тәтті. Ың-шыңжоқ.
Адам сүйсінеді. Ал Жақан ағасы мен Төлебике жеңгесі мынау.
Сүттей ұйып бірге тұра бермей ме. Неге үйдің шырқы бұзылды?
ұркім тек өз бақытын ғана ойлауы керек пе? Онда не болады.
Ешкімге ешкім жақсылық жасамауы тиіс пе сонда? Жоқ, ондай
өмірде не қызық, не мән бар?
Өткенде кешкілік сүт сұрай келіп сөз арасында көрші
үйдің әйелі — Қадиша апа мамасына жаман бір әңгіменің шет-
пұшпағын бықсытқан-ды. Үйқтап жатқан болып Еділ де құлағын
салған.
Жақан ағасы мен Төлебике жеңгесінің ойы — бөлек шығу,
өздерінше еркін өмір сүру екен. Бірі білдей тракторшы. Екіншісі
мұғалім. Табыстары өздеріне жетеді. Мына үйдің тауқыметін
ауырсынатын секілді. Төрт бала адам болам дегенше, әлі қанша
уақыт. Өмірің өтеді. Тапқан-таянған ақшалары зая кетіп жатқан
секілді. Ел қатарлы жарқырап киінбейді-міс. Қыдырып қалаға
барып жатқан жоқ. Оған шама қайда, жетім бала, жесір әйелмен
бірге мынау аяқтары тұсалып, үйде бықырсып отырғандары.
Бұл күтпеген әңгімесі еді. Мамасы қатты күйінді.
— Дәм-тұзым, ақ пейілімнен аттаса, өздері білсін. Кетем деген
адамды байлап тұра алмаймын. Саналарына берсін. Құдайға
372

КЛРЛЫ-ҒАШТЫҢҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
щүкір, әзір қайратым қашқан жоқ. Әр баланың өз тиесілі несібесі
бар. Қайтейін, қазір әркім өз басын қайттаған заман болды ғой.
«Жакан, Жақан, Төлебике, Төлебике» дегеннен өзге кінәм болса,
кәне. Жаксылыққа — жамандық. Мейлі, маған ренжімес, үй
қьілдым, өтен жасадым. Біз де өлмеспіз. Балалар өсіп келеді. Өз
қолдары өз ауыздарына жетер. Бәрі бірдей арам болмас...
Еділ бұл әңгімені естіп тып-тыныш жата алмады. Ұйқысы-
нан шошып оянғандай, орнынан оқыс атып тұрып, далаға жүгіре
жөнелді. Бұлақтын басына барып өксіп, ұзақжылады.
Шынында да Жакан ағасы мен Төлебике жеңгесі соңғы
кездері қамшысын сырттан салып бір түрлі қонақ секілді бол-
ып жүр. Бүгін-ертең бір жаққа жол жұріп кететін адамдар се-
кілді. Үй шаруасына бұрынғыдай етене араласпайды. Төлебике
жеңгесі тамақты да ықылассыз әзірлейді, бұрынғыдай тәтті
емес. Көңілі дұрыс болмағасын, тамағы қайдан дәмді болады.
Үйдін іші ыбырсық. Еділ бұрынғыдай білек түріп кірісіп кетуге
ыңғайсызданады. Жеңгесі ренжіп қалуы мүмкін ғой. Жақан
ағасы да селқос. Үйде отын таусылғалы қашан. Ер-азаматы
бар үйге бұл жараса ма? Зау еткізіп бір тележка сексеуіл әкеліп
тастамай ма?
Емен-жаркын тіл қатыспайды. Бөлмелерінен шықпайды.
Еділ олардың өздерінен алыстап кеткенін білді..
Әне-міне дегенше оқу жылы аяқталды.
Еділ бір күні түсте тосын істің үстінен түсті. Ойында дәнеңе
жоқ, ашытпа ішейін деп тамға кірген. Көзі атыздай болды. Дәл-
ізде қампиған дәу қара чемоданды ұстап, Төлебике жеңгесі мен
Жақан ағасы тұр. Бір түрлі жүрегі шаншыды. Жақсылык болса
игі еді. Сасып қалды.
— Аға, жеңеше, қайда барасындар?
— Біз кетеміз...— деді Жақан ағасы күңк етіп.
— Қайда?
— Қалаға.
— Қыдырып па?
— Жоқ. Біржола.
— Неге?
373

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Солай. Бұл өзі ұзақ әңгіме. Еділ, сен бәрібір түсінбейсің.
— Түсінемін. Айтыңызшы.
— Не деуге болады...
Осы сәт сырттан үйге мамасы кіріп келді. Әлгіндегі әңгімені
естіп қойғандай, күйініп былай деді:
— Не дейтіні бар, ақыры осылай боларын көптен бері жүре-
гім сезген. Бірақ адам құсап кетпейсіндер ме? Азын-аулақ ыдыс-
аяқ, көрпе-төсек, еншілерінді алып... Жаманды-жақсылы осы
үйде тұрдыңдар, ағайын-туғанды шакырайық. Мен онсыз да
етектеріңнен жабысып, ұстап қалмаймын сендерді. Ұят емес
пе елден? Біреу қуды ма? Тым құрыса, тәтелеріңнің жылына
шыдамадындар ма? Ол байғұс сендердің қуаныштарыңа жете
алмай, арманда кетті ғой...
Сөзінің аяғы пышырап, жылап жіберді.
Екеуі ләм-мим тіс жармады. Бастарын жерден көтермеді.
Олар үшін Еділ қатты қысылды. Тек әлден уақыттан соң ғана бір-
деңе дегісі келіп, Жақан тамағын қырнады.
— Ы-ы-ы..
Кенет аспаннан ұшақтың дүрілі шалынды. Бүгін сенбі -
қаладан ұшақ келетін күн.
— Ал, Иба апа, ұшақ келе жатыр... Қалып қоярмыз...
— Иә, қалып коярсындар, барындар, барындар. Алдарыңнан
жарылқасын. Адам адамға кездеседі. Осыны естеріңнен шығар-
мандар. Ел-жұртқа масқара болдық-ау...
Еділ Төлебике жеңгесінің қолына тас кенеше жабысты.
— Жеңеше, кетпендерші...
— Ақтөре, енді бәрі кеш, болмайды. Келісіп қойғанбыз. Сен
бізге ренжіме.
— Ренжимін!
— Ренжімендер...
Жақан мен Төлебике жарқырап көшенің қақ ортасымен
жүрмей, ұрлық жасаған адамдарша тақырлық жақпен, ауылдың
сыртымен — қора-қораның арасымен кетті.
Еділ кірпіш сарайдың үстіне шығып, көзі жасаурап олардын
соңынан ұзақ қарады. Сенгісі келмейді. Кеше ғана емес пе еді
374

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
той болғаны. Кеше ғана емес пе еді Еділдің ауруханадан шыққа-
ңьі. Өн мен түстей. Бәрі тез. әуеге ақ шілтер шаң қалқытып, ұшақ
көкке көтерілді. Бірте-бірте қылдырықтай болып, көз ұшынан
лсоғалды. Еділ көкжиекке жанарын суарып көп тұрды. Алғаш
рет тақпақтап:
— Самолет-ау, самолет*,
Біздің уйге қона кет.
Кднатыңа мінгізіп,
Мені өзіңмен ала кет! —
деп соңынан шаттана айқай салмады. Әлдебір тәтті қиял-арманға
беріліп, кол бұлғап қоштаспады. Бұл ұшақ оған дүниедегі ең
жаман ұшақ секілді болып көрінді. Ағасы мен жеңгесін алып
кетті. Бар қызығы мен қуанышын алып кетті. Алысқа. Қайта
оралмайтын жаққа...
***
Еділ ертеңіне қос жез шелекті иінағашқа іліп, суға барды.
Бұлақтың басынан Боранбайды көрді. Былтырғыдай жұдыры-
ғын ала ұмтылатын шығар деп ойлады. Бірақ ол өйтпеді. Кайта
көмектесіп су алысып берді. Үндемеді. Тек кетіп бара жатқанда
Еділге:
— Кешке жасырынбақойнайық, — деді.
Еділ күлімсіреді.
— Жарайды.
Бір түрлі бойы жеңілдеп қалғандай. Боранбайға ақыл қонған
секілді. Сыпайы. Әлде Еділ онсыз да қамығып жүр ғой, оны одан
әрі ренжітпейін дегені ме екен...
375

Қуандық
ТҮМЕНБАЙ


(1955 ж. туған)
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Қызылту» ұжымшарында
(қазіргі Ыбырай Жақаев атындағы ауыл) дүниеге келді. 1972 ж.
«Қызылту» орта мектебін бітірген соң, Қазақ ¥лттық университетінің
журналистика факультетіне түсіп, оны 1977 ж. тамамдады.
1977-1978 жж. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде тілші,
1978—1979 жж. республикалық «Жалын» баспасында редактор, 1979-
1984 жж. Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші, 1984—1989 жж.
ресггубликалық «Жұлдыз» журналы проза бөлімінің редакторы болып
істеді. 1989ж. жасжазушылардың Мәскеудеөткен Бүкілодақтықкеңесіне
қатысып, кеңес қорытындысы бойынша Горький атындағы әдебиет
институты жанындағы Жоғарғы әдеби курсқа конкурссыз қабылданып,
екі жыл тындаушы болды.
1991—1992 жж. «Алматы ақшамы» газеті Бас редакторынын
орынбасары. 1992—1996 жж. ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат
министрлігі мерзімді басылымдар Бас басқармасының Бас редакторы,
1996-1998 жж. республикалық «Қазақстан» баспасының Бас редакторы
болып қызметатқарды. 1998—2001 жж. шығармашылықдемалыстаболды.
2001—2003 жж. «Қазақстан» журналы Бас редакторының орынбасары, ал
2007 жылдан бері республикалық «Жұлдыз» журналы бас редакторының
орынбасары болды.
«Қайың сапты кетпен», «Жүрдек поезд», «Каникулды күткен қыз»,
«Жігіттің Көктөбесі», «Сотталған домбыра», «Қанаты күйген қызғыш
құс», «Көз», «Жасыл жанып тұрғанда», «Қой мен қойшы», «Ар мен Дар»
атты роман, хикаят, әңгімелер кітаптары жарық көрді.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық жабық
бәйгенің төрт мәрте жүлдегері. «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты.
Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына арналған жабық
бәйгенің жүлдегері. Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты.
376

БІЗДІҢ ҮЙДІҢ СОЛДАТТАРЫ


Әуелі кейіпкерлерім туралы:
Көкем — карі солдат.
Ағам — жас солдат.
Көкемнің ағасы (әрине, ол біздің уйдің солдаты емес).
Өзім көрмеген алыстағы эпкелерім.
1
К
өкем — арманы көп жан. Арман емей немене, өзі секілді
ардагерлер дүкеннен азық-түлік, мандайы жіпсіп ішер
үнді шайын алып қарық болса, ол көне одеялдың
астында дымнан-дымсыз бүк түсіп жатыр. Не ойлап қиялын сар
етерін кім білсін, әйтеуір, бүгіндікке бас көтерген жоқ.
Шіркін, біздің үй үшін үнді шайының орны бөлек қой. Дүкен
сөрелерінен таптырмас, ұшпайтын заттың кіләсін біреулердің
қолынан жиырма бес сомнан сатып алуға көкем ешқашан тарылған
емес. Осы жомарт әкеме енді бүгін ауылсовет жұрт сияқгы азық-
түлік алуға куәлік бермей қойса, бұған не дерсің? Әкемнің соғыска
қатысқаны анық. Жұрт төрт жыл соғысса, ол бес жылдан асқанда
елге әрең оралыпты. Ағасының айтуынша, соғыстан келген
күні екеуі аудан орталығындағы шаштаразда кездесіп қалыпты.
Ағасы інісін әуелі айнадан көріпті. «Кезек күтіп тұрсам, — дейді
Жанайдар көке, — шұбатылған кезектің ең соңына қапшығын
иығына асқан біреу келіп тұрды. Соғыстан қайтқан солдаттың
бірі екен деп, мән бермедім. Бірақ соғыстың аяқталғанына да бір
жылдан асты, келіп жатқандар некен-саяқ. Қырынан қарасаң,
Бердиярға келеді. Тағы бір карай бергенімде, шаштараздың
алдындағы кісі ұшып тұрып, мойнын, үсті-басын қаққыштай
377

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бастады. Кезегіме біреу киіп кетер деп, шаштаразға қарай шапшаң
бастым. Әлгі солдат айнадан көрсем де, дәл қырынан әкең
Бердиярдан аумайды-ау, аумайды. Шаштараздың қолындағы
лыпып тұрған бәкі құйқамды сойып кетер деп, бұрылып қарауға
жүрексіндім. Көңілім алабұртса да, жан үшін қозғалактамай,
тып-тыныш отырдым. Басымды айнадай жалтыратып, шаштараз
әтірін бүркіп жатқанда, інімнің бет-әлпеті айнадан анық көрінді.
Бердияр, сенің әкең-ей. Бес жылғы әскер, ауыл-елді сағыну, бәрі-
бәрін шаштараздың өткір бәкісіне айырбастап, пойыздан түскен
бетте, сақал-мұртын қырғызуға осында келіпті ғой, сабаз-е-ей-й!
Мына мен сақалым биттеп кетсе де, ауылға тартамын ғой. Атып
тұрып, әкеңді құшақтай алдым. Сондада, әй, сабазым-ай, қолын
ұсына сап, шаштараздың алдына барып, оқтау жұтқандай қалшия
қалды. Сақал-мұртын қырғызып, үсті-үстіне әтір септіргенше, тік
тұрып күттім әкенді. Әкең сыпағой, сыпа. Трактір айдағандар қара
майға малшынып жүргенде, үстіне қылаудай дақ жұққызбай-ақ
зейнетке шықты ғой».
Жанайдар көкенің әкеме айтқан мақтауын өмірі ұмыта
алмаспын. Шынында, көкем тап-тұйнақтай таза. Мініп жүрген
атының жабуы қандай аппақ. Есегінің арқасына дейін құрақ шөпті
уыстап алып тазалағанда, салпаң құлақ ала есек қытығы келіп,
төрт аяғын төрт жаққа тастап тартылып, белі ұзарып, арқасы
дірілдеп кетеді.
Көкемнің тазалығында дау жоқ. Бірақ момын. Әсіресе,
ағасын қатты сыйлайды. Қазір де сол тап-таза көйлек-дамбалмен
аппақ көрпенің үстінде қыбыр етпестен жатыр еді, ағасы есіктен
даудырай кірді.
— Жатырсың ба, ей, Бердияр, міне, біз алып қайттық
алатынымызды. Енді ай сайын бір кіләдан шай береді дейді. Шай
болғанда қандай, пілі бар сейлон шай, сары майы тағы бар.
Осыны айту үшін келгендей-ақ, түйіншегін бүктеп, кетіп
қалды. Сырқаттанып жатқан әкем он қырына аунап түсті.
«Жанайдар көкемнің бұнысы несі?! Ауырып жатқан адамның
көңілін сұрай келмеуші ме еді. Не алғанын көрсетіп, сонша
378

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
мактанып...» Қызық, үлкендердің кей мінезі. Керек болса, әлі
көкем де алады. Әскери комиссариатқа берген қағаздың бір
жері дұрыс болмай қалған шығар. Керек десең, көкем Жанайдар
көкеден артық соғыскан, әскерде де көп болған. Ол кісі соғыска
кіруге үлгермей, еңбек армиясында болса, біздің көкем соғыстан
кейін де Коми деген жерде он жыл жұмыс істеген. Комиді сондай
көргім келеді. Ол жакта екі бірдей әпкем тұрады. Бір түсінбейтнім
— Жанайдар көке еңбек армиясында болып, соғысты көрмесе
де, әскери комиссариат неге азық-түлік береді? Соғысып, онан
кейін Жанайдар көкенің айтуы бойынша, «тұткында болғаны
үшін сотталып», Комиде он жыл жұмыс істеп қайтқан көкем
неге алмайды? Ауылсовет хатшысы үйге келген жолы, көк жолак
қағазға жалтақтап қарап отырып: «Сіз тізімде жоқ екенсіз», — деп
Жанайдар көкенің үйіне қарай кеткен.
Көкем де ұяң. Аузынан сөз шықпайды. «Соғыста болғаны-
ңызды айтынызшы?» — деп, қағаз-қаламымды дайындап, жазып
алмакка талай оқталдым. Көңіл тұшынтып ештеңе айтпады.
Ештеңе ашып айтпаса да, әйтеуір, көкірегінде жұмбак боп
жатқан бір құпия бар секілді. Тек бір ғана шешіліп айтқаны —
бала күндерінде өзен жағасында ойнап жүріп, ағасы Жанайдар-
дың санын жылан шағып алыпты. Көкем үйге жеткенше уы
жайылмасын деп, көйлегін жыртып, ағасыныңжуан санын тастай
ғып байлап беріпті. Осы оқиғаны шай үстінде терлеп-тепшіп,
жадырап отырып жеткізген еді. Сол өзі аман алып қалған ағасы,
үш-төрт күннен бері сырқаттанып жатқанда, көңілін сұрап бір
келудің орнына, алған үнді шайын көрсетіп, мақтанып кетті.
«Қызық, үлкендердің кей мінезі».
Есік серпіле ашылып, шашын тықырлап алғызған Мақсат
кіріп келді. Бүгін әскери комиссариаттың соңғы комиссиясынан
өтті, енді әскерге кетеді. Мақсаттың тып-тықыр басын көргенде,
сұлық жатқан көкемнің жүзіне бір жып-жылы күлкі үйірілді.
— Қашан жүретін болдындар?
— Өздері айтады. Алдағы аптада шығар.
— Кеткенше жұмысыңнан қалма...

1
К.АЗАК,


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Манадан бері түнеріп, өз-өзінен қарайған өңі қызыл
шырайланып, бір жайдары қалыпқа енді. Әлі сол риза күйде
рақаттанып, күлімдеп жатыр.
Мақсат аяғына ілінгенін тарпылдатып Жанайдар көкенің
үйіне қарай жүгірді. Мен білсем, шашын тықырлап алғызғанын
Жанайдар көкеге көрсетіп, әскерге кететін болғанын айтқанша
асығып барады.
Иә, көкемнің соғыска қалай кетіп, қалай келгенін айтқан
да сол кісі. Жанайдар көкенің айтуынша, әкеміз соғыста ерлік
көрсетпепті. Бірақ, әйтеуір, қорқак болмағанын анықбілемін.
...Көкем майданға аттанған соң, екі-ақ хат келіпті де, сонан
кейін ұшты-күйлі хабарсыз кетіпті. Бір себебі — көкем хат
танымайды, біреуге айтып жазғыза беруге соғыста мүмкіндік те
жоқ шығар. Сонда шешеміз жылайтын: «Біздің Бердияр шұлғауын
әдемілеп отырғанда, неміс тұқымың құрғыр атып тастады ғой», —
деп. Әкемнің ағасы рақаттана отырып, арасында қарқылдап күліп
алып, әңгімесін жалғайды. Менің ұққаным — көкемдер тұтқынға
түсіп қалыпты. Айтуынша, әдейі түспеген (көкем өлсе де тұтқынға
әдейі түспейді, оны үйдегі мінез-құлқынан көріп жүрміз ғой),
үш солдат: біреуі — көкем, біреуі — орыс, біреуі — грузин, қатар
атып жатқанда, дәл қастарынан снаряд жарылып, ту сыртындағы
үйдің күлі көкке ұшып, бұларды басып қалған. Екі күн топырак
астында жатып, үшінші күні сол жерді жаулап алған немістер
бұлардын ыңырсыған дауысын естіп, топырақ астынан аршып
алып, әбден сілейте сабап, тұтқындарға қосып жіберіпті. Содан
күндердің күнінде, Жеңіске тақау қалғанда қашып шығып, біздің
әскерлерге қосылыпты. Соғыстан кейін де бір жыл Ресей жақтағы
бір бүлінген қаланы қайта қалпына келтіруге қатысыпты. Елге
келіп, пойыздан түскенде ғой, ағайынды екеуінің шаштаразда
кездесіп қап, бірін-бірі айнадан көретіні. Бірақ ұзатпай әскери
комиссариат қайта тексеріп, «айыпты» деп тауып, он жылға
Комиге жұмыс істеуге жіберіпті. Көкем Комиде үйленіп, екі
қызды болыпты. Елге қайтарда ол жақтағы шешеміз: «Бармаймын.
Сібірді қиып ешқайда шыға алмаймын», — дегесін, салып ұрып
өзі жүре беріпті ғой. Елге келген соң үйленіп, Мақсатты көріпті,
380

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАПАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
онан кейінгі біздің үйдің кенжесі — өзім. Кенже болғаннан
кейін ойымды ірікпей, еркін айтып отырмын.
Аяғына іле салған апамның галошын тарп-тарп сүйретіп,
Мақсат жүгіре басып қайта келді. Артынша жып-жылы күнде үп
еткен жел болмаса да, құлақшынының қос құлағын түсіріп алған
Жанайдар көке үйге кіріп, төрге жайғасты.
— Балаң әскерге жүреді екен. Мал сойып, жұрттың батасын
ал! — деді бұйыра сөйлеп.
Көкем басын көтеріп, құс жастықтың бұрыш-бұрышын
үшкірлеп жатып біраз бөгелді.
— Естіп отырсың ба-ей, не дегенімді?!
— Естідім. Көрерміз.
— Көрерміз емес, күні ертең малыңды сойып, жұртыңды
шақыр.
— Ешкімді де шақырмаймын. Е, көппен көрген ұлы той емес
пе?! Біз батасыз-ақ соғысқа барып қайтқанбыз.
Ағасы ұшып тұрды да, есік аузына барып сәл бөгелді. Көкеме
ризамын. Мен ес білгелі, алғаш рет аузынан катты сөз шықты.
Өйткені Жанайдар көкем жөнді-жөнсіз жасының үлкендігін
көрсетіп, болмашыға киліге береді. Барлық уақытта інісі жасын
сыйлап: «Сіздікі дұрыс», — дейді.
— Мақсат әскерге барса, жалғыз емес, сыныптастарының тең
жарымы аттанады. Құрбыларымен коштасу кешін өткізеді, кол
жайып, бата жасамаса, болмай ма сонша?
Көкем алғаш рет көкірегін бұлқынтқан қарсылығын білдірді.
Көкеме ризамын.
Сонда да әліптің ақырын күтейік...
2
Сол жолы, ағасы інісіне сыбағасын беретін жолы, дауыс
көтеріп ұрсатындай көкем ештеңе де бүлдірген жоқ.
Сол күні 9 мамыр болатын. Ардагерлер клубқа барып, кездесу
кешін өткізіп қайтты. АрасындаЖанайдар көкедебар. Шытырлақ
қағазға оралған сый-көйлекті қолына ұстап келе жатып біздің
381

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
үйге кірді. Кездесуде биыл тағы да көйлек алғанын, жағасы дұрыс
келмесе, дүкенге қойып саткызып жіберетінін айтты. Сосын:
— Бердияр, есегіңді бер, алма тасып алайын. Колхоз
бакшасынан осы бір-екі күнде кармап калмасаң, түк те қалмайды.
- деді.
Шай ішіп отырған көкем үнсіз. Бүгін клубқа бармаған
жалғыз өзі. Әнеугүні сынып жетекшісі ағай: «Жеңіс күні жақын-
дап келеді. Әкелерің соғысқа қатысса, қайда, қай жылы, қай
майданда болғанын біліп алып, шығарма жазыңдар», — деген
соң, малды жайғап болып, әбден кісі аяғы басылғаннан кейін
көкемнен екі-үш ауыз сөзді әрең сұрап алдым. Оның ешқашан
кездесуге бармайтынын да білемін. Өйткені ардагерлер мектепке
келгенде, ол бір де бір рет арасында болмады. Бұл жолы да
екі-үш ауыз сөзді ерін ұшынан айтты да қойды...
— Бересің бе, бермейсің бе?! — деген дауыс саңқ еткенде, селк
ете қалдым.
— Есегім шаршап тұр.
— Шаршаса демалсын! — Жанайдар көке есікті тарс жауып
шығып кетті.
Түнде ғана көкем менің сұрақтарыма қысқа-қысқа жауап
беріп, болмашы әңгіме айтқан. Соғысқа кіргенде, Петро
деген орыс досы екеуіне (екеуі жаттығуда да бірге болыпты)
бір бесатар винтовка беріпті. Петро таңқ-таңқ еткізіп бес рет
атқаннан кейін, түтіндеп кеткен бесатарды көкем оқтап беріп
тұрады екен. Шабуылдан кейінгі тазалауы да өзінің мойнында,
бесатардың ұңғыл-шұңғылын жылан жалағандай жалтыратады.
Екеуі жауға бес-ақ күн бірге оқ атыпты. Бесінші күні Петро досы
оқка ұшыпты. «Бесатарға өзім ие боп қалдым, бірақ...» — деп,
әкем күмілжи берді. Сөйтсем, бір мылтыкты бір өзі иемденіп,
жауға қарсы құшырлана оқ ата алмағанын айтқысы келмей,
мүдіре берген екен ғой.
Адамзат мылтықты қалай ойлап тапқанына таңғаламын.
Әу баста бір-бірін көздеп ату үшін шығармаған шығар, сірә.
Ертеде өткен бабаларымыз аң, кұс атып, күнкөріс үшін жасаған
құрал болар. Әнеугүні телевизордан автомат конструкторы
382

ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Калашников деген кісіні көрсетті.Ол автоматты Отан қорғау
үшін ойлап тауыпты. Адамның миы кандай керемет. Не кажет
болса, соны таба қояды. Түні бойына мен де ойланып шықтым.
Сол автоматтың біреуі көкеме тигенде ғой, біздің ауылға қарай
ентелеген жауыздарды бірінен соң бірін баудай түсірер еді. Көктем
сонда бет қаратпай оңды-солды оқ боратып тұрғанда, тұтқынға да
түсіп калмас еді. Әттең, бесатар... Сонда да біздің әскерлер есесін
жібермепті ғой.
Таң атты. Ағасы таңертеңгі шайдың үстіне келді де, інісіне
дүрсе қоя берді.
— Сен адам болсаң, мұрнымды кесіп берейін (көкем де
алпыстан асты ғой, күлкім келеді). Төрт аяқты есекті демалдырып,
көкпарға қосайын дедің бе? Бірге туған ағаңа қимай...
— Е, айтсам, шаршап тұрғанын айттым да, малға да тыным
керек... — Көкем көзінің астын саусағымен бір сипап тастады.
— Қыскарт! Өзің кімнің аркасында адам болғаныңды білесің
бе?! Мына менің...
Әкем де, мен де, шай құйып отырған апам да үнсіз қалдық.
Көкемнің не ойлап кеткенін қайдам, әйтеуір, төмен қарап
тұнжырап отыр. Көзімнің астымен әкемнің ағасына қараған
сайын, қиялым желмаядай жүйткіп барады. «Көкем пенсияға
дейін колхоздыңтракторын айдады. Соғысқа кірерде: «Тракторшы
екенсің, танкіге жіберейік», — деген екен, әрі сауаты жоқ, әрі
тіл білмегеннен кейін, жаяу әскерге косыпты. Еңбек Қызыл Ту
ордені бар, бірақ өмірі таққан емес. Трактор айдауды ешкімнен,
тіпті мынау үлкендік жасап ұрсып тұрған ағасынан да сұрамайды.
Велосипед те жүргізе алады. Менің велосипедімді қисаңдатпай
түп-түзу айдағанда, бәріміз мәз болып, таңғалғанбыз. «Трәктірші
қайнымыз қайтадан жігіт болды», — деп таяқ сүйенген жеңгелері
есік алдына үйіріліп, ауыздарының суы құрып кызыға қараған.
Ал Жанайдар көкенің техникамен тіпті де ісі жоқ. Бұрын
бригадада есепші болыпты, қазір де есепке шоркақ емес. Менің
бір таңғалатыным — көкем өзінен екі-ақ жас үлкен ағасын қалай
балаша тындайды. Үлкендердің осы мінезіне ризамын. Ал өзім
ше? Ертең әскерге жүргелі тұрған адамды сыйласам да, кейде жүре
383

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тындаймын. Асылы, ұлкенді сыйлауды біздің көкемнен үйрену
керек болар.
Мақсат әскерге кететін күні, көкем күндегісінен ерте оянды.
Үйді бір айналып, баласы жыл жарымға жуық айдаған «ДТ-54»-
тің шынжыр табанының ізі қалған жерді етігінің тұмсығымен
біраз түрткілеп тұрды да, үйге кірді.
— Шайға отырмай тұрып, Жанайдар көкеңнің қолын алып
қайт, - деді.
Әлгі сөз әкемнің аузынан шығуы мұң екен, Мақсат аяғына
ілінгенін сұға салып, тарпылдатып ұша жөнелді.
Мақсат қайтып келіп, дастаркан басына отырған соң, көкем
де көңілденіп сөйлеп кетті.
— Мен әскерге жалғыз аттанып едім. Сені мына інің шығарып
салады. Бізде іні болмады...
Осы сөздер менің төбемді көкке жеткізді. Шайымды тауысып
ішпестен, киіне бастадым.
— Біздер кілең батысқа қарай жол тартып ек. Жер кең, казіргі
әскерлердікі той ғой.
Үнсіз тындап отырған Мақсат:
— Уақыт боп қалды, — деп, ұшып тұрғанда, көкем малдасын
кұрған күйі қолын ұсынды. Күні кешегі тұнжыраған өңі бал-
бұл жанып, дәл бір өзі әскерге кететіндей қуанып отыр. Баласы
әскерге аттанғандардың ең болмаса көз жасын бір сығып алғанын
көріп жүрмізғой. Көкем қандай кең, қандай берік.
Мақсат та қолын ұсынды. Сол кезде білегі дірілдеп кетті. Бала
болсам да, осыны байқап қалдым.
3
— Сен осы Сібірде қалып қоймай, неге ғана елге келдің, а?!
Енді барсаң, бұрынғы сүйіктің түте-түтенді шығарсын. — Тағы да
Жанайдар көкенің дауысы. Шынымды айтсам, жалықтым осы
дауыстан.
Көкем таңертеңнен бері әкесіндей мәпелеп күтетін қос түп
алма ағашының жанында күйбендеп жүрген. Жерге тарс-тұрс
384

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
түскен нарттай қызыл алмадан екі жәшікті сықай толтырып, екі
бүйірін шұрқ тесік жасап, қақпағын шегелей бастағанда, тағы да
қеліп киліккенін қарашы.
Көкемнің қос түп алма ағашының қасында тым ерте
түртінектеп жүргенін көзім шалып қап, Мақсаттан сұрадым.
— Көкем не істеп жүр?
— Комидегі әпкелерімізге алма дайындап жүр.
Комидегі әпкелерім... Үйге жүгіріп кіріп, Мақсат жататын
қереует тұсында ілулі тұрған СССР-дің саяси картасына
шұкшиып, бір түкпірден Коми АССР-і деген жазуды тауып
алдым. Алматы мен екі арасы жыланша ирелендеген, тіп-тік
тартылған айқыш-ұйқыш сызықтар. Әрқайсысының шартты
белгісі көрсетілген. Бұған қарап аузымды ашып отыра берсем,
Комиді таба алмай адасып қалатын тұрім бар. Онан да Коми деген
жазудан айырылмайын. Осы жерде әпкелерім тұрады. Олар да
Бердияровалар. Кандай ғажап! Түрлері бізге ұқсай ма екен?
Майда шегені жәшікке тық-тық қағып жатқан көкеме жетіп
келдім.
— Көке, осы Комидегі әпкелерімнің аты кім?
— Біреуі — Сәуле, екіншісі — Валентина.
— Неге... Валентина?..
Көкем үндемей құтылайын дегендей, мап-майда шегелерді
зілдей балғамен түбінен бір салып қап жоқ қылып, жұп-жұқа
жәшіктің аузын бекітіп жатыр.
— Көке, неге Валентина қойдыңыз деймін?
Әкем амалсыз жөткірініп, ап-арық жағы суала қарады.
— Үлкен әпкенді Сәуле деп өзім қойдым, кейінгісін анау
қойды.
«Е-е, түсінікті. Анау бірінші шешеміз болды ғой».
— Неге екеуін де өзіңіз қоймадыңыз?
— Ол қиын кез ғой. Соғыстан кейінгі кез. Соған көп мән де
бермеуші едік.
— Өз қызыңызға өзіңіз ат қоя алмай...
Көкем үнсіз. Кенжесін үндемей жеңетін түрі бар.
— Көке, сіз Сәуле мен Валентинаны сағындыңыз ба?
385

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Е, сағынбағанда... сағынғанда, суретіне караймын. Ертең,
не арғы күні жүріп кетемін. Мына қызыл алманы інілерің берің
жіберді деймін.
Шибаркыт костюмінің ішкі калтасына колын сұғып, сарғыіц
тартқан қағаздын орауын жазып, төртбұрышты суретті ұсынды.
Көкемнің екі тізесінде сары шашты екі қыз отыр. Маған түк те
ұксамайды.
— Көріп болсаң, әкеле ғой, — деді де, қайтадан орап ішкі
қалтасынасалыпкойды. «Сонда бұл екеуін мененде артықкөргені
ме? Мейлі, солай-ақболсын, мен күнде қасындамын, оларалыста
жүр ғой».
Күн май тоңғысыз жып-жылы болса да, құлақшынының бір
жақ құлағын түсіріп алған Жанайдар көке асыға басып қасымызға
келді.
— Не ұсташылық жасап жатырсың? Бұл не, қос түп алманды
базарға апарып сатқалы жатырсың ба?
— Иә... — Көкем одан әрі үндемеді.
— Айтсайшы, ей, бұл тірлігін қай тірлік?
— Сатып... сатқанша қыздарымның аузында кетпей ме...
Қыздарымажүргеліжатырмын. Көптенхатжоқ. Сауатсыздыңкүні
құрысын. Мына Мақсат та хат жазғанын бұлдай ма-ау, әйтеуір,
әр сөзін сұрап аламыз ғой, — деп, әскерге кететін болғанына
қуанып, алабұртып жүрген Мақсат жақын келгенде, оған біртүрлі
жалынышпен қарады.
— Көкем осы қызық. Мен казакша оқимын. Ол жаққа хатты
сөздікке үңіліп отырып әрең жазамын. Оқып берсем, «әлі де айта
түспедің бе» дейді. Әйтеуір, көкеме жазған хаттың бір нәрсесі
жетпей тұрады, — деп, ол тықыр басын бір сипап тастап, бұл
«кауіпті аймақтан» тайып тұрады.
— Көрмегеніме отыз екі жыл болыпты. Жүз рет хат
жаздырғанша, бір рет жүзін көріп қайтайын. Пенсиям жолыма
жетерлік. Жеміс-жидегім — осы екі жәшік қызыл алмам, жылы
киім-кешек аламын. Екеуінен төрт немерем бар ғой. Қызыл
алманы, әй, бір кеп қаршылдатсын боқмұрындар. Мен үшін екі
386

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
қызым әлі сол тіземде отырған секілді. Балалы болды дегенге сене
алмаймын. Өздері бала ғой әлі.
Көкем саусақ арасындағы ен соңғы шегесіне темір балғанын
дүмін жалата ұрып, жәшікті екі жанынан ұстап тік қойғанда, қара
мұртын быртық саусағымен шиіріп тастаған ағасы ал кеп күлсін.
— Көзіңе бірдеңе көрінгеннен сау ма өзі? Әй, сен қай балаңды
айтып тұрсың? Екі баланды бағып-кағып, адам етіп алсайшы онан
да. Сонау Сібірдегі екі қызынды айтып... сені танымайды да ғой
оларың. Жолда босқа адасып, үйіңді таппай қаларсың.
Көкем тігінен қойған алма толы жәшікке кірпік қақпай
қадалды. Аузынан әркез шыға бермейтін әлгі тәтті сөздердің бәрі
далаға кетті. Мынау тәтті алма енді кімнің аузына түсер екен?
Ағасы айтарын айтты да, кетіп қалды. Құлақшынының бір
кұлағы төмен салп-салп ұрып, асыға басып барады. Тіп-тік болған
жон арқасынан быжырлаған көп жазуларды оқығандаймын.
«Менде перзент жоқ, сондықтан да қаталмын, баласы барлардын
жүрегін түсіне алмаймын».
Көкем сол ұн-түнсіз күйі, екі жәшік алманы өзі жататын
кереуеттің астына әкеліп койды. Менің қарап тұрып зығырданым
қайнайды. «Сіздің не жұмысыңыз бар, бала менікі, отбасы менікі»
деп неге айтпайды ағасына. Жуас, жуас болғанда сұрама. Мақсат
та көкеме тартқан жуас. Көбіне көмейіне келіп тұрған сөзі айтпай
іркіп қалады, әйтпесе күлкісі келмесе де күлген болып, жуып-
шайып жібереді. Сонда дипломат болғанын көрерміз. Жанайдар
көкеге әлгі ойларымды өзім-ак білдірсем бе екен? Жоқ, айта
алмаймын, ол кісіге қарап тіл қата алмаймын. Бірде үйіне түн
жамылып бір машина шөп әкеліп, соны түсіріс дегенде, сабақ
оқып жатқанымды айтып едім: «Сабақ дейсің, сабағың шөп
бола ма, ей, маған. Соны сен, сен болмасаң, сенін әкең түсіреді.
Әкең екеуінді бір жерге косып қойса ғой, шіркін», — деп басын
шайқағанда, атып тұрып, алдына түсіп жүре бергенмін. Ол кісіге
қарап сөз айту қайда-а маған! Әлде ашық хат жазсам ба екен?
Сонда не деймін? «Жанайдар көке! Көкем Комиге барып қайтсын!
Қыздарын сондай сағынып жүр ғой. Мен де бірге барар едім,
сабақтан босатпайды. Үш ай каникулда баруға жазда көкемнің
387

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
колы тимейді. Барып қайтсын. Өзіңіз де бала... Жоқ, ә, өзінде бала
болса, сөйтер ме еді. Бірақ баласы жоқтар мейірімді болады деущ;
еді. Соғысқа қатыспаса да, еңбек армиясында оқ көрмей өтсе де,
жүйкесі нашар. Біздің көкем әрі соғысқа қатысып, әрі тұтқынға
түсіп қап, онан кейін Комиде он жыл ағаш кессе де, жүйкесі беріқ.
Орынсыз сөйлемейді, тек көп ойланып, іштен тынады. Қой, ашық
хат жазамын деп жүріп, сөз естіп калармын. Онан да сабағымды
оқиын. Осындай адамдар туралы «Қазакстан пионеріне» мақала
да жазғым келеді. Бірақ дұрыстап жаза алмай, ұятқа қалармын деп
қорқамын да, көкем секілді іштен тынамын».
Сабаққа дайындалуға бара жатып көкемнің бөлмесіне бас
сұғып едім, кереуетке жатпай, жерге жатыпты. Бас жағында — қос
жәшік алма.
4
Әуелі сол сөз сынып жетекшісі ағайдың аузынан шыққанда,
қызарақтап қысылсам да, төбем көкке екі елі жетпей калды. Бірақ
алып-ұшып үйге келгенде, тағы да көңілсіз көрініске тап болдым.
«Парталарыңның үстін кір шалайын депті, тегіс тазаландар»,
— деп, ағайдың аузынан шығуы мұң екен, апыл-ғұпыл шүберекті
сулап әкеліп, «тазалык сағатына» кірістік.
— Партаның үстіне кітап қоясыңдар. Кітап дегенің — бар
білімнің бұлағы ғой. Ол таза жерде тұруы керек. Келесі жылы осы
партаға отырған сендердің іні-қарындастарың оны таза күйінде
қабылдап алып, таза күйінде өзінен кейінгілерге тапсыруы керек.
Өмір деген жалғасымен қызық қой, өмір деген тазалығымен
құнды. Парта - бұл сендердің беттерінді көрер айналарың.
Партаның үстіне қарап-ақ кімнің кім екенін айтпай білуге
болады. Киімдерің, жейделеріннің жендері де парта таза тұрса,
таза болады. Адам көркі — тазалық емес пе! — Ағай үш катар сап
түзеген партаның бойымен жүріп келді де, менің қасыма аялдап,
жап-жасыл партаға шұқшия қарап, сөзін жалғастырды.
— Өркеннің партасын қарандаршы. Үңілсең, суретің көрінеді.
Міне,тазалықдегенімізосы.«Тазалық—денсаулықкепілі»деп,неге
388

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
айткан дейсің. Жаны тазаның — тәні де таза. Ал енді осы Өркеннің
көкесі Бердияр ағай — туғаннан таза адам. Ол кісі Комиден кеп
трактор айдағанда, біз балаң жігіт едік. Бекеңе көмекші болдық.
Тракторшы болу деген — қара майдың ортасында жүру болатын ол
қезде. Бекең үстіне қылау жұқтырмайды-ау, қылау жұқтырмайды.
Өзгенін де өзі секілді таза жүргенін калайтын. Мен үстіме май
жұға қалса, киімімді ауыстырып келем. «Осы сен тракторға
щыккалы неше күпәйке ауыстырдың?» деп күлетін. Күпәйкенің
өзі жоқ еді ол кезде. Тәні таза, жаны қандай сұлу адам. Біздің
Өркен де көкесінен аумай калған. — Ағай сыныпты аралап сөйлеп
жүр. Бесінші сыныптықтар партаны айнадай жарқыратамыз деп
шүберектің жанын алып ысқылап жатыр...
Төбем көкке екі елі жетпей үйге келсем, көкем тағы да
ағасының сөгісін естіп отыр екен. Біздің шаңырақтың шырқын
кетіретін де осы Жанайдар көке секілді. Әркім өз отбасымен
болуы керек емес пе? «Отбасы — шағын мемлекет» деп газетке де
жазды. Бұл кісі неге өзінің шағын мемлекетін басқарып, тыныш
жүрмейді екен?
— Далада каңғырып қаласың. Анау қыздарыңнын шешесі сені
жалғанда тірі қайтармайды. Отыз жыл бойына «қашан кеп қолыма
түсер екенсің, сені ме, бәлем!» деп, күтіп отырған жоқ па?
— Мен оны тастап қашқан жокпын. Өзі келмеді. Қыздарымды
алып кетейін десем, оған көнбеді.
Көкеме ризамын.
— Сандалмай, сөзді доғар. Сен өлсең, сенің жоқшың менмін.
Сенің сүйегіңді іздеп, Комиге баратын да мен. Ең болмаса, әскер
билетің де дұрыс емес. Біз сияқты жылына бір рет тегін жүретін
ойанкоматтан 1 (ІВоенкомат) жеңілдігің де жоқ. Қып-кызыл
шығын. Онан да мынау алманды, — енкейіп кереует астындағы
қос жәшікке қарады, — қолда ұстаған мына балаларың жесін. —
Айтарымды айтып болдым дегендей, әкемді тұқыртып тастап,
тағы да кетіп қалды. Біздің көкемнің сапарының үкімі осылай
шықты. Енді өзі не айтып, қалай шешер екен?
Әлгі алып-ұшқан қуанышым су сепкендей басылды. Сынып
жетекшісі ағайдың сол сөзін Жанайдар көке естісе ғой. Шіркін,
389

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сол сөзді кездесуде ме, әйтеуір, бәрі бас қосқан бір жиында жұр?
еститіндей дауыстап айтса ғой. Бірақ біздің көкем кездесуге
бармайды, ағасы болса ондай жерден қалмайды. Екеуі бір әке, бір
шешеден...
Көкем ағасының әлгі сөзінен кейін басын қалтасынан
түспейтін ала орамалымен шарт байлап, өзі Комиден әкелген
көнетоз одеялды жамылып жатып қалды. «Көке... бірге туған
қандасыңа неге бір ауыз қарсы сөз айта алмайсың?» Рас, екеуі
де әке-шешеден ерте қалып, жетім өсіпті. Бала күндерінде түйе
жетектеп, Сарыарқа жаққа барып астық әкеліпті. Сонда тұп-
тура менін жасымда екен. Ағасы әкесіндей болып ертіп жүріпті.
Әкесіндей болса, енді қартайғанда неге жанын жей береді.
Әке деген балаға мейірімді болмай ма? Еһ, жұрттың бәрінен
«Бекеден» басқа сөз естімеген қайран көкем, тек бірге туған ағаң
ғана бағанды төмендетіп жүр-ау.
Әкем орамалмен тастай ғып таңып алған маңдайына оң
алақанын басып, көзін тарс жұмып жатыр. Қыздарын аңсап,
күйзеліп жатыр. Көкемнің орнында өзім болсам қайтер едім.
Апам екеуі үш-төрт күнге жол жүре қалса, келгенше іші-бауырым
елжіреп кетеді. Көкемнің де дәл солай өкпе-бауыры елжіреп
жатыр ғой. Кандай киын. Еһ, бәріне кінәлі Коми ғой. Егер ит
өлген жерге барып он жыл тұрмаса... Жазықсыз адамды жер
түбіне жіберіп... Жоқ, ә, Коми де біздің ауыл сияқты ауыл шығар.
Ол жердің түк те кінәсі жоқ. Бәріне кінәлі — соғыс. Бір адам
соғысса, біздің көкемдей-ақ соғыссын. Тұтқынға да әдейі түскен
жоқ. Әнеугүні көрген «Отан солдаты» деген кинодағы генерал
Карбышев та тұтқынға әдейі түскен жок қой, топырақтың
астына ес-түссіз көміліп қалған жерінен ұстап әкеткен. Көкемнің
тұтқынға түсуі де сол генералдың тағдырына ұқсайды. Снаряд
үйдің күлін көкке ұшырып, бұларды құлаған қабырға басып
қалыпты. Тұтқында болғанда көрген корлығын айтып өзі тіс
жарған емес, тек апам ғана бір рет айтып қалды. Жылқының жарты
жілік етін бөліп алғанда тұздап отырып: «Жарықтық, жылқынын
еті жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді. Әкең: «Тұтқында жүргенде
390

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ
өлген жылқының етін берді, соны жеместен кілең тұтқын ашу-
ызамызды білдірдік», — деп еді. «Өзі тұтқын боп жүрген адамда
неғылған ашу-ыза» дегені бар апамның. «Жоқ, көкем, шынында,
ондай қорлыққа шыдамайды. Айтарын айтып салады. Тек...
ағасына ғана қарсы келе алмайды. Әйтпесе ауылдағы жұрттың
бәрі «Беке, Беке» деп сыйлайды. Сол генерал Карбышев туралы
кинодағы қашып шығуды ұйымдастырған тұтқынның біреуі
қөкемнен аумайды. Мүмкін, көкемнің өзі шығар. Мұндай
кинолар болған оқиға негізінде жасалады дейді ғой. Қалай батыл
ұйымдастырады. Бәріне листовка жазып таратады. Жоқ, ә, ол
көкем емес, көкемнің сауаты жоқ. Бірақ көкемдер де қашып
шығып, біздің әскерлермен кездескен. Қашып шығуда ерлікемес
пе? Бірақ ондай ерлікті ол кезде кім елесін. Әлгінде ағасы: «Ең
болмаса біз сияқты жылына бір рет тегін жүретін ойанкоматтан
жеңілдігің де жоқ», - дегенде, көкем сылк түсті. Өңі күреңітіп
кетті. Тілі шықпаған баладай иегі кемсеңдеп, сөйлей алмай
қалды. Мен Жанайдар көкені, әкемнің туған ағасы болса да,
жек көремін. Себебі күн сайын жанымдай жақсы көрер әкемнің
жүрегін жаралайды.
Есік жай ашылып, білдіртпей басып Мақсат кірді. Бұл да
солдат болатынына қуанып жүр. Әкесінің жаралы жүрегі каперіне
кірмейді. Мейлі, Мақсаттай азамат болғанға не жетсін!
Сынып жетекшісі ағайдың көкемнің қарауында тракторшы
болғанын сұрайын деп, естігенімді айтайын деп алып-ұшып
келіп едім, сүттей ұйыған шаңырак тағы да бір адамның кесірінен
құлазып қоя берді.
Сабақ оқитын бөлмеме қарай кеттім. Көкем әбден оңып,
кестеленген гүлінің орны ғана қалған көне одеялды әрлі-берлі
тартқылап, тұла бойына жеткізе алмай қозғалақтап жатыр. Әне,
басын бүркенді. Осы көне одеялдың жұқа болса да көкем үшін
жылуы мол сияқты. Бүркеніп жатып, алыстағы әпкелерімді
ойлайды-ау деймін...
391

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
5
Ағам екеуміздің кереуетіміз қатар. Әскерге кететін бод-
ғалы бері, оның темір кереуеті түнімен сықырлап шығады. Не
ойлай беретінін қайдам, сықырлатпай бір минөт жата алмайды.
«Мақсат, тыныш жатшы» деп айта алмаймын. Өйткені екі жыл
үй көрмейді ғой. Оның да көңіліне қарау керек. Ескі кереуеттің
сықыры миымды тессе де, үнсіз шыдап, ұйықтап кетемін.
Соңғы бес-алты күннен бері сықырлатып жатып-жатып:
«Дабыл!» деп атып тұратын болды. Атып тұрады да, үстел үстінде
шашылып жатқан киімдерін жалма-жан кие бастайды.
— Бұның не? — десем:
— Солдаттар осылай тез киіну керек, әуе дабылы боп қалды,
- дейді.
Дабылдың көкесін барғасын көреді ғой. Онан да тып-тыныш
ұйықтамай ма.
Көзім ілініп кеткен екен, тағы да «Дабыл!» деп атып тұрып,
кереует басына салбыратып іліп қойған спорт шалбарын жып
еткізіп жылдам киіп алды. ¥йқылы-ояу жатып күлкім келді.
Солдаттың шалбары қақайып қалған сары қайыс сияқты катты
емес пе. Оның үстіне белдігі бар, шүпірлеген түймесі тағы
бар. Мейлі ғой, үйрене берсін. Спорт шалбарының балағын
дұрыстап болып, футболкасын киіп алды да, маған төніп кеп:
«Қатардағы жауынгер Мақсат Бердияров киініп болды», — деді.
— Әскерде кілең денеге жұмсақ жібек кигізе ме? Әне бір
кинода старшина сіріңке жағып тұрады емес пе? Солдаттар сіріңке
сөнгенше үлгеру керек.
— Ә, солай дедің бе? Онда қазір...
Мақсатты он сегізде деп кім айтады. Зып етіп шығып кетті
де, көкемнің керзі етігі мен сырмалы шалбарын алып келді.
Шифоньерден костюмін шығарды.
— Мақсат десе, белдіксіз солдат бола ма?
Көкемнің қыстыгүні тонның сыртынан тағатын қайыс
белбеуін әкеліп тастап, тағы да бөлмеден шығып кетті.
392

ғ
ҚАЗАК,


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ағам әскерге алынатынына қуанып жүр, тіпті мақтанып
жүр. Әнеугүні сыныптасы Өмірбек кететін күннен бір күн
бұрын қоштасу кешін жасап еді, сағат сегіз жарымдағы «Службу
Советскому Союзу» хабарын көріп, бір-ак барамын деп отырып
алды. «Болсайшы енді, болсайшы тез, осының ортасына түсесін
ғой», — деген жолдастарына: «Әскери өмірден хабардар боп бару
керек», — деп, хабар біткенше тапжылмады.
— Қақ! - Ішінде шырпысы аз қорапты қағып алып, орным-
нан атып тұрдым. Ағама еліктеп, ол не істесе, соны қайталағым
келеді.
— Мақсат, мен өзім «Подъем!» деймін. Сен кереуетіңе жатып,
тарс бүркеніп ал. Солдаттар күндізгі сарт-сарт жүрістен соң
қалжырап ұйыктамай ма?
Шамды өшіріп шығып кеттім де, кинода көрген старшина
сияқты мысықша басып келіп, шамды жағып қап айқай салдым.
— Казарма, подъем!
Мақсат кіндікке дейін шешініп жатқан екен, бас жағына
салбыратып іле салған майкасын заматтатеріс киіп алды. Көкемнің
сырмалы шалбарын (өзінің шалбарын кыры сынбасын деп іліп
қойған) етіктің қонышына сыйғыза алмай біраз әуреленген кезде,
шырпы да қап-қара боп «мен біттім» дегендей басын иіп, бықси
өшті.
— Жоқ, бұл жарамайды. Солдаттардың шалбарының балағы
сыптай. Мен өз шалбарымды киемін. — Кьірын қылыштай ғып
ертеңге әзірлеп койған кереует басындағы қара шалбарын қолына
ұстап, қайта жата қалды.
— Мақсат, майканды оң ки. Солдаттар үйде жатқандай
жалаңаш жатпайды. Оларда кинода көрсеткендей «№1 әзірлік»
болуы керек.
— Жарайды, акыл үйретпе. — Ашуланайын деді.
— Казарма, подъем!
Қолымдағы шырпы лып-лып етіп барып тұтанды. Болашақ
солдат көйлегін тез-ақ киді, байқамай көйлекпен бірге тұрған
галстугін де мойнына іліп, ұшынан тарта салды. Асығып қатты
393

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тартты-ау деймін, құртқа қақалғандай бір-екі жөтеліп алып, сәл
босатып қойды.
Лып-лып еткен сидам шырпы бел ортағажақындап келеді.
Шалбарыньщ балағына аяғын сұғып жіберіп, тез-ақ түйме-
леді. Бірақ белдіксіз шалбар сыпырылып түсе берді. Мен
сол қолыммен белімді көрсетіп едім, алдын-ала әкеп қойған
көкемнің қайыс белдігінің тілін шірей тартып тұрып, ең соңғы
тесігіне кіргізе салды.
Ағамның шалттығына тәнті болып, таңғалып тұрмын. Сидам
шырпы да «төзімім таусылды, қош, Мақсат» дегендей басын
иіп, қызуы саусағымды күйдіріп барады. Ернімді тістеп, әрең
шыдап тұрмын. «Үлгерсін. Мақсат үлгерсе, солдаттар да әуре
болмайды. Әйтпесе бір Мақсат үшін бәрін қайта шешіндіріп,
қайта киіндіреді дейді ғой. Әскердің заңы: «Бірі бәрі үшін, бәрі
бірі үшін». Үлгер, Мақсат, үлгер! Солдаттар әуре болмасын,
Көкемнің етігіне шұлғау әкелмепсің, мейлі, шұлғаусыз-ақ кие бер.
Міне, киіп үлгердің. Енді сапқа...»
— Ойбай, қолым!.. — Жан дауысым шығып, бас бармағымды
түкіріктеп, тар бөлменің ішін екі айналып шықтым. Мақсат
үлгерді. Шырпы да төзімі таусылып, тез жанып кеткеніне ұял-
ғандай кап-қара боп түтігіп, әрі Мақсаттың шалттығына тәнті
болғандай басын игенде, бас бармағымды дыз еткізді. «Бәрі дұрыс,
тек етігінің шұлғауы жоқ. Мейлі, шұлғау болғанда да үлгерер еді».
Мақсаттың тәуір солдат болатынына дау жоқ. Өзі көкем-
нің баласы, қалай жаман болсын. Көкем шұлғауын сындырып
бүктеп, етігінің үстіне қояды. Жастайынан бергі дағдысы дейді.
Бәрін айт та бірін айт — енді менің де ағам солдат болады.
Балалар әскердегі ағаларының суретін сыныпқа әкеп көрсетеді,
значектерін тағып кеп мақтанады. Біздің Мақсат та бірінші
разрядтан бастап, барлықдеңгейді орындап, шүпірлетіп значектар
тағады. Әрине, келгеннен кейін оның бәрі менікі... Сабақүстінде
сондай көңілді отырдым. Бас бармағым удай ашыса да, ағай
түсіндірген сабақты ұғып алуға тырыстым. Бес сабақ бітісімен,
ортасы түймедей дөңгеленіп қалған саусағымды түкіріктеп, үйге
қарай зымырадым. Ертең Мақсатты шығарып саламыз.
Ур-ра, енді менің де ағам солдат болады. Ур-ра!
394

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАПАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
6
Мақсат жолға аттанды. Екі-үш күн өтпей, көкем төсек тартып
жатып қалды.
Максат үйден шығарда, жұрт сияқты бетін сүйіп, алақанын
жайып бата да жасамады, тек қолын қысып қоштасты. Қол
алысып тұрғанда, көкемнің жүзін мақтаныш кернеді. Баласы
азаматболғанға кім мақтанбасын! Мақсат қолын ұсынғанда, білегі
дірілдеп кетті. Онысы несі? Осы әнеугүні ғана кезекті «дабылдан»
кейін шешініп төсекке жатқан соң:
- Өркен, - деді.
-Әу.
— Көкем жиырма бесінші жылғы ғой, он сегіз жасында соғыска
қатысқан. Мен де он сегіздемін.
— Сонда не айтпақсың?
— Не болушы еді. Көкем наукас. Айтқанын екі етпе. Оның
үстіне Комиге бара алмай, ренжіп жүр ғой.
— Ренжісе... ағасына ренжісін. Бізге несін ренжиді. Мен бол-
сам тартып кетер ем.
— Өркен.
-Әу.
— Осы Гагарин космосқа жиырма алтысында ұшқан, ә?
— Оны неге сұрадың? — Басымды жастықтанжұлып алдым. Бас
бармағымның түймедей дөп-дөңгелек орны әліге дейін тызылдаса
да, ағаммен әңгімелескім келеді.
— Ұшатын кезде корықты ма екен?
— Мен қайдан білейін, сен білмесең...
— Қорыккан жок. Қорықса «Поехали!» деп айкайлай ма?
— Сен, не, әскерге баруға қорқып жатырсың ба?
— Кетше-е-й, не болса соны айтпай. Әскерге бару космоска
ұшу емес кой.
— Несі бар, сен де ұшасың. Әскерге барған күннен дайын-
далсың. Сегіз жылда қайтсең де ұшасың.
Ағам үн-түнсіз қалып, бір кезде темір кереует сықырлай
бастады.
395

АНТОЛОГИЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
«Әскерге барып-келу де оңай емес шығар. Келгендердің
айтуына қарағанда, уставтан бөлек казарманын «Бүлдіршін»,
«Ақсақал» деген ішкі «уставы» болады дейді. Мақсат момын. Сол
«Бүлдіршін» дәуірін бастан өткерсе, ар жағы жеңіл ғой».
Мен бір көргенімді әсте ұмытпаймын. Ауылдағы маши-
налардын нөмірін түгел жатқа айтамын. Газет, журналдарға
да көп үңілемін. Бәрін оқып шықпағанмен, тақырыптарын
қараймын, ал солар миымда секунд сайын өз-өзінен қайталанып
тұрады. Мысалы, «Армия — өмір мектебі» деген тақырыпты оқы-
ғаныма қанша болды дейсіздер ғой. Мен оны төртінші сыныпта
оқығанмын, әлі ұмытқаным жоқ. Осы тақырыпты Мақсатқа
айтсам, ренжіп қалар ма екен? Айтпай-ак қояйын, жасы үлкенге
ақыл үйретпес болар.
Мақсат әскерге кеткесін, екі күндей әр нәрсені әңгімелеп,
көңілді жүрген көкем үшінші күні мұрттай ұшты. Қалың ғып
салған көрпенің үстінде сол көне одеялды қымтай жамылып,
қыбыр етпестен жатады да қояды. Екі қызын тізесіне отыр-
ғызып түскен суретті төртбұрыш ағаштың ортасына салып,
тұсына іліп қойды. Суретке карап ойланады да жатады. «Баруы
керек еді. Тәуекелге бел байлап аттануы керек еді. Әттең,
көкемнің осы бір адам түсінбес мінезі-ай?» Екі жәшік алма
бас жағындағы кереует астында иісі мұрын жарып тұр. Бұл иіс
қыздарына жете алмаған әкемнің біздің үйдің ішіне сіңіп кеткен
сағынышы сияқты.
— Көке, — дедім бас жағына жайғасып, — газет оқып берейін
бе?
— Пошта келді ме? Мақсаттан хат жоқ қой. Қалай қарай
кетті екен? Жер кең, ел қалың, кайда барса да жол ашык. Біздің
кезімізде әскерлер тек батыска қарай жүретін еді.
— Көке, сіз соғысқа он сегізіңізде қатыстыңыз ба?
— Мақсат та он сегізді толтырып кетті. Екі жыл дегенің көзді
ашып-жұмғанмен бірдей...
— Көке, Гагарин космоска жиырма алтысында ұшыпты.
Максат та енді сегіз жылда ғарышкер болса...
396

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Е-е, Гагариннің жөні бөлек қой. Газетінді оқы, не ақиқат
жазыпты
«Осы мен ақындарға таңғаламын. Мына бір өленде бір
акын Гагаринге інімін депті. Гагарин кім, ақын кім? Қалай ол
Гагариндей ғарышкерге іні болады?»
— Көке, тындашы.
— Мынау ғарыш ғасырының улымын,
Ілесуге жетсе, бірак, білігім.
Болмасам да эріптесі,
Қандасы,
Гагаринге мен рухани інімін.
Ерлігімен таңырқатқан заманын,
Бэріміздің суйіктіміз Гагарин.
Кариіадайдан тыңдап өскен мен қусап,
«Совинформбюроның» эр хабарын.
Куанатын,
Кынжылтатын ол да адам,
Даңк, жулдызы тегін келіп қонбаған.
Бір партия мушесіміз екеуміз,
Мен уқсаймын Гагаринге,
Ол маған.
«Еһ, шіркін, біздің Мақсат та ғарышкер болса ғой. Әр елдің
ақындары «Мен Мақсатқа ұқсаймын» деп өлең жазар еді. Мақсат
жарамай қалса, сыныптас досы Айтбайды ұшырса ғой. Ол — өжет,
денсаулығы да мықты, ұшу оның қолынан келеді».
— Оқи бер... — Көкем жастықтан басын көтеріп алды. Қушиған
жағы дір-дір етіп, көзінен парлаған жасты орамалымен сипай
сүртіп қояды.
— Ғасырымның алғаш ашқан қабағын,
Ленинге мың табына қарадым.
Бір жағынан болсам оған замандас,
Бір жағынан ол — әке,
Мен — баламын.
397

АНТОЛОГИЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
Талқандаған жаудың тунек қамалын,
Мен Талғатты туысыма баладым.
¥лы диқан Жақаевқа інімін,
Шахматшы Карповқа мен ағамын...
(Қ.Баянбаевтың өлеңі).
— Әдемі. Ақын деген осылай жазу керек. Қалай жіпке
тізгендей бәрінің атын рет-ретімен келтірген. — Әкемнің өңіне
көп күннен беріжоғалып кеткен біржылы ағын кайтажүгіріп, бал-
бұл жанып отыр.
«Көкемнің айтқаны дұрыс-ақ. Көкем айтса, біліп айтады.
Шынында, калай бәрін жіпке тізгендей келістіріп жазған?!
Акынның ауылда жүргендерден артықшылығы да осында ғой.
Тек анау Карповтың тайталасып-тайталасып ұтылып қалғаны
болмаса...».
— Балам, — көкем мүдірмей сөйлеп кетті, — осы үйдің ендігі
үлкені өзіңсің. Екі түп алманың түбін қопсытып, көң төгіп таста,
қозы-лағыңа қара. Анау алыста жүрген ағаңа хат салып тұруды
есіңнен шығарма. Хат деген әскердің жаны ғой. Өзіміз хат жаза
алмадық. Менен төрт жыл бойына бар болғаны екі-ақ рет хат
келіпті. Мақсат болса әскерде, анау алыстағы әпкелеріңе де хат
жазу керек еді. Олар қазақша түсінбейді, сен орысша хат жаза
алмайсың. Сонда да бар білген орысшанды салып соларға хат
кұрастыр. Менің барам деп тұрып ауырып қалғанымды... Жоқ,
оны айтып сөз шығындамай-ақ қой, әйтеуір, амандығымызды
білсін. Елге келіп, өз тілдерін үйрене ме деп едім... Заман кең,
мүмкіншілік мол ғой.
Көкемнің әр сөзі маған жұмбақтай көрінеді. Аз айтса да,
жұмбақтап, шешуін саған калдырады. Өзім онсыз да ойшылмын,
соңғы күндері тіпті ұшы-қиырсыз терең ойға беріліп жүрмін.
Алдағы үлкен жұмысым — алыстағы әпкелеріме хат жазуға
отыруым керек. Жазғанда анау-мынау емес, орысша жазамын.
Қалай бастасам екен? Мен ауылда тұрып орысша білмесем,
каладағы мен секілді қарасирақтар қазақша сөйлей алмайды дейді.
Қалай бастасам екен, а? «Привет, Сауле и Валентина» десем.
398

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Жоқ. «Привет» деп үлкендерге айтпайды. Онан да «Здравствуйте,
мои близкие Сауле и Валентина!» деп бастайын. Өз-өзімнен
дызақтай бастадым. «Мои близкие» деген сөзді ұмытып қалатын
сияктымын. Бұл «менің жақындарым» деген сөз ғой. Жазайын,
тезірек кағазға түсірейін.
Көкем тағы да көне одеялды тартқылап, басынан аяғына,
аяғынан басына жеткізе алмай, дөңбекшіп жатыр.
7
— Біз тек батысқа карай жол тартып ек, қазір елдің етек-жеңі
кен ғой. Ауғанға барса, көппен көрген ұлы той. Біз қолымызға
қару ұстап, жауға құмардан шығып оқ та ата алмадық.
Көкем жайдары. Мақсаттан келген алғашқы хатты оқып
бергесін жастықтан басын көтерді. Кәдімгі шай ішіп, мандайы
жіпсіп отырғандай бір рақат күйге енген.
«Айналамыз тау. Таудың арасында мына біз, солдаттар. «Тау
баласы тауға қарап өседі» деген әнді сондай жақсы көруші едім ғой,
Өркен. Осы әнді ішімнен айтып, Отан алдындағы борышымды
өтеп жүріп жатырмын.
Шынында, үйде осы бір әнді аузынан тастамай ыңылдап
жүруші еді. «Тау баласы тауға қарап өседі» демекші, Мақсат
сырықтай ұзын. Осы бойшандығы мен жауырыны қақпақтай
болғаны үшін ғой, Ауғанстанға жібергені. Айталық, сынып-
тағы Асанның ағасы — автобатта, Үсеннің ағасы — стройбатта
болған. Менін ағам — Ауғанстанда, сонда бұл қандай батальон
болғаны? Әйтеуір, алғаш хат келгенде, менен гөрі көкем мәз
боп қалды. Біздің үйдің кәрі солдаты көкем ғой, көкем қуанса -
бәрі де дұрыс болғаны.
Көп күндей төсекте сүлесоқ жатқан көкемнің мәз болған
көңілін көтере түсейін деп, жатын бөлмеден домбырамды алып
келдім. Қазір ЖенПИ-ді бітіріп келген апай ұйымдастырған
домбырашы-термешілер үйірмесіне қатысып жүрмін. Кез келген
әннің тамырын дөп басып айта аламын. Мақсат — алыста, көкем
— сырқат, осы көңіл-күйді тап басамын ба деп Жамбыл бабаның
399

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
«Алғадайын» ьщылдай бастағанда, көкем кәдімгідей тамағын
кенеп, бір нәрсені күткендей аңтарылып қалды.
- Оу-у-у-у/
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба ?
Алтай тауын айналсам,
Ардақтымды табам ба?
Сарыарқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба ?
Көкшетауды іздесем,
Көкемді мен табам ба ? —
деп, сұңқылдатып бара жатыр едім, әкемнің кеп-кең мандайы
жиырылып, маған әбіржи қарады. Ән-күйді сирек тындайтын
оның жактырмай отырғанын сезгендей, ішім кылп ете калды да,
«Алғадайды» кысқа қайырдым.
Қалш-қалш етіп, иығы селкілдеп кеткен көкем, тамыры білеу-
білеу сол қолын көтерді де:
— Біз Жәкеңнің жырын тындағанбыз. Онан да бабаңның
анау Лениннің қаласын қорғағандарға арнап шығарғанын
айтшы. Тындайтын жыр сол ғой, — деп, басын шарт байлап алып,
орамалды қаттырақ тартып, ұшын түйіндеп қойды.
— Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді,
Бүлағымдай көремін, —
деген кезімде, тамағын кенеп, тіктеліп отырды.
— Жасалған жоқ салтанат,
Болуға жау ермегі,
Жауда қалып Лениград
Жаралғам жоқ көнгелі.
400

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Жасағамын өмірді,
Жау біткенді жеңгелі.
Саудыратып суйегін,
Топыраққа көмгелі.
Судай тасып ел кегі,
Жолды кернеп қол кетті,
Сендерге дем бергелі,
Нева алыбын қорғаңдар,
Ленинградтың ерлері! —
Жыр әуеніне еріп, иығы қозғалактап отырған әкем «Иә!» деп
қатты бір жөткірініп қалды.
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар!
Қус уйқылы көнемін,
Қайтіп уйқы көремін.
Жетсін деймін сендерге,
Жыл қусындай өлеңім.
Қаласындағы Лениннің
Сайыпқыран өренім! —
деп соза аяқтағанымда:
— Е, міне, тындайтын жыр осы ғой. Шіркін, осы жырды тау
арасында жүрген Мақсат секілді солдаттарға жиып ап бір тындатса
ғой, — деп, риза болып, рақаттанып отыр. Көкемнің шекесіндегі
білеу тамыр бүлк-бүлк етіп соғып тұр. Бұл менің көзіме үйреншікті
тамыр, көңіліме сырлас тамыр. Көкемнің қасына келсем, дереу
осы тамырды тауып аламын. Бүлкілінен бір танбайтын білеу
тамырды көріп отырып, көкемнің барлығына, өмірі асып-
таспайтын, Жанайдар көке сияқты не болса соны айтып, андаусыз
сөз сөйлемейтін әкемнің барлығына мақтанамын.
401

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
8
— Тезірек тепсейші-ей, әйтпесе атылып келіп қапы қал-
дырады. — Біләлдің көзі ежірейіп, тері моншактап быдықтай
сөйлегенде, екі адым жердегі теңбіл допқа мысықша атылып,
үстіне құлай кеттім.
— Айттым ғой оны мысық деп. Қарап тұрмай, бір голдан
айырылдық. Бар, шық ойыннан, он адам ойнай береміз. -
Ешкім сайламаса да өзінше капитан боп, оң қарына қызыл
шүберек байлап алған мақтаншақ Біләл қарауындағы бір ойын-
шыға бет алды ұрса бастады. Іле өзім әуелетіп тепкен доп алма
ағашының бір бұтағына іліп қойған сүт толы шелекке күмп
еткенде, Жанайдар көкенің кемпірі «Ой-бу!» деп шыңғырып
жіберді. Жерге түскен алманың шірік жерін ойып тастап, аузына
салып малжандап отырған Жанайдар көке:
— О, нәлет, сен адам болсаң, мұрнымды кесіп берейін. Әкең
— ауру, ағаң — әскерде, доп тебуден-ақ аяғың қисаймайды екен, -
деп кіжініп, біздің үйге сөйлей кірді.
«Қап, мен үшін тағы да көкеме әкірендейтін болды-ау».
Екі үйдің арасындағы бос алаңқай — біздің стадионымыз.
Қайтеміз енді, не мектепте, не ауылда доп ойнайтын алаң
жоқ. Біріміз Сегізбаев, біріміз Ордабаев боп доп қуамыз. Тек
мақтаншақ Біләл ғана «Пеле, Пеле» деп аузы бір тынбайды. Мен
үшін Сегізбаев пен Ордабаев та жетіп жатыр. Ал енді Жанайдар
көке — доп ойнаған адамның қас жауы. Үйінде телевизор көріп
отырғанда да: «Көрсетпе мынау жаяу көкпарынды, өшір» деп,
құлағын суыттырып тастайды. Осы кісі біздің көкеме үлкендік
жасаймын деп жүріп, інісінің жылт еткен арманын аяққа
басып, бәрінен құр қалдырған ба деп те ойлаймын. Әйтпесе
көкемнің әр нәрседен хабары бар. Техниканы түгел біледі.
Велосипед те жүргізе алады. Серік Қонакбаев Олимпиадаға
қатысқанда, ұйқыдан қалып Мақсат екеумізбен бірдей телевизор
көріп отырды. Қонақбаев финалда жеңіліп қалғанда: «Ер
жігіттің басында не болмайды, жұдырықтасуының ақыр-соңы
емес қой», — деп, екеумізге жұбату айтқан...
402

К.АРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Әне, Жанайдар көке ентелеп үйге кірді, Қораның ішінде
біраз отырдым да, ол кісі шығысымен үйге келсем, көкемнің онша
ренжіген сыңайы жок.
— Өркенжан, мына екі жәшік алманы ағаңа салып қайт.
Дуылдың дәмі деп солдаттар бір қаужандасып қалсын. Алманы
көрмегендер де бар ғой олардың арасында. Белесепедіңе мін де,
шап...
Велосипед педалін басқан сайын, артқы отырғышқа бірінің
үстіне бірін қойған қос жәшікке жалтақ-жалтак караймын.
Енді Мақсаттар қызыл алма жейді. Мақсат біреуін қарш
еткізіп масаттана шайнап, калғандарын біртіндеп жолдастарына
үлестіріп жатыр...
— Сал таразыға! — Пошташы қызыл тілі кілт-кілт еткен
таразыны нұсқады.
Екі жәшікті қоңырқай желім төгіліп, сатал-сатал болған
таразыдан алғанша, тағатым таусылды.
— Қайда жібермексің!
— Ағама... Ауғанстанға.
— Ауғанстанға посылка жіберуге болмайды.
— Неге, ол әскерде ғой.
— Әскерде екенін білемін, әскердің көкесінде. Сондықтан
жіберуге болмайды. Посылканды алып қайт, — деді посылка
жіберуге болмайтынына өзі кінәлідей жасқаншақтап.
— Алып қайтпаймын. Комиге саламын.
— Сен... — деді де, почташы езуін жиып ап көгілдір шәпке-
сінің күнқағарын сұқ саусағымен түртіп жіберіп, қисайтып
қойды. — Бекеңнің баласысың ба?
— Иә! — Мақтанышпен айттым.
— Әдірісін, индексін түгел жаз. Қара бұны!..
«Комийская АССР, г.Ухта
ул. Интернационалъная, 13
Бердияровой Сауле»,
біреуін «Бердияровой Валентина» деп толтырдым.
— Қара бұны! — деді почташы шәпкесін түзеп қойып.
403

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Тауып кеттім. Қызыл алма әскердегі ағама тимегенмен,
алыстағы әпкелерімнің аузына тиетін болды. Тауып кеттім.
Енді көкем не дер екен? Сөзсіз риза болады. Бірақ айналып-
толғанбайды. Көкем жетім өсіп, ешкім де оны айналып-
толғанбаған. Мейлі, жасы алпыстан асса да, ағасы келіп бір ауыз
жылы сөз айтса да, алпыстан асқан әкемді айналғандай көрер
едім. Осы сәтті іштей күтіп, арман етемін.
Қазір-ақ көкемді көремін. Бітірген тірлігімді айтқанда, ол
риза болып сәл жымияды. Шекесіндегі тамыры бүлк-бүлк соғады.
— Бұйырғанға дауа жок, — деуі де мүмкін.
Әкемді көргенше асығып, велосипед педалін баса түсемін.
9
— Қоянның суық болатын әдеті, туар жыл — ұлу ғой, ұлудың
жаманатын көрмесек, алыстағы ұл-қызымыз аман болса... —
Көкем басын таңған орамалын тағы бір тартып байлап, терең
жөткірінді. — Жиған шөбің биыл қысқа жетіп қалар, енді бір
қыстың шөбін өзің дайындасаң, Мақсатта келер. — Көкем «айтып
болдым» дегендей тағы бір жөткірініп қойды.
Биыл қыс ерте басталды. Жылда желтоқсан бойына
құлақшыннын кұлағын түсірмей жүре беруші ек, қазір улеген жел
қойны-қонышымыздан өтіп, қолтығымызды қытықтайды.
Біздін үйдің аша тұяғы да, ірі қарасы да санаулы. Көкем —
мал жимаған адам. Жанайдар көкенің мал қорасының айналасы
қойдың құмалағы мен сиырдың жапасынан көрінбей жатса,
біздің мал қораның маңы жылан жалағандай тап-таза. Әр жерде
құнттай қойылған темір-терсек ғана тұр: трактордың төс темірі,
кішкентай дөңгелегі, арбаның тертесі. Мұны жиып жүрген де
көкем. Ескі «Беларусьтің» алдынғы төртдөңгелегін күндер бойына
құрастырып, арба жасап алды. Бір ғажабы — біздің көкем колхоз
басшыларынан шөп түсіруге, әйтпесе отын әкелуге көлік сұрап
қиылмайды. Айтуынша, олар оңайлықпен бере де қоймайтын
тәрізді. «Әуелі ардагерлерге береміз» деп сөздерін салмактайтын
көрінеді. Оу, менің әкемнің де он бес жыл өмірі сол ку соғыстың
404

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
кесірінен қиянда өткен жок па? Әйтпесе он бес жыл жертөледе
бұғып жатпағаны бесенеден белгілі. Ерегескенде көкем арбаға көк
есегін жегеді де, шапқылата отырып жиған шөбін тиейді де келеді.
Басқаны қайдам, біздің көкем жұрт сияқты колхоз бастықтың
алдында кішіреймейді...
— Құлақшыныңның құлағын түсіріп, бауын байлап ал. Бүгін
бір бау емес, екі баудан таста. Күннің ызғары бар. Бүйірлері
шығып жатсын.
Көкемнің сөзі құлағымда. «Сонда үш қойға алты бау пішен,
екі ешкінің алдына төрт бау мия тастаймын. Бір күнде қолдап
орған он бау, қош боп тұр». Қорадағы бауды санап қиналып
тұрғаным — шөпті оратын өзім. Шөп ору деген ауыл баласы үшін
қандай қиямет. Алма жинау тағы бар. Қаланың балаларына рақат.
Үш ай каникулды емін-еркін өткізеді. Біз қашан жетер екенбіз
сондай күнге. Айырдың сабы қандай мұздай. «Бес уақ малға он
бау, мөңіреуік сары сиырға екі бау пішен тастасам...» Айырдың
мұздай сабын қыса ұстап, киіз үйше дөңгелетіп жиған шөптің
ортасынан бір бауды тартқылап ем, алына қоймады, жаңбыр суы
әбден нығыздап тастапты. Үш уақ малдын бүрісіп тұрған бүйіріне
көзім түсті. «Бұлардың ішіне тезірек ел қондырмасам болмас».
Мысықша өрмелеп «киіз үйдің» үстіне шықтым да, бір бау
зілдей мияны жерге әрең тастадым. Сол-ақ екен, аша тұяқтарын
аннан-мұннан бір басқан үш уақ мал қатар шапқылап келіп,
тұмсықтарын тірей қойды. Іле-шала тағы бір бау қалған құрақ
шөпті жалп еткізіп жерге лақтырдым. Өз көзіме өзім сенбеймін —
үш қойдың ортасында аппақ боп бір нәрсе ағараңдап тұр. «Бөтен
мал кіріп кеткеннен сау ма өзі?» Төмен иіліп, шұқшия түстім.
«Кішкентай ғана тұқыл мүйізі бар. Бірақ ешкі емес». Жоғарыдан
қанша шұқшисам да, айыра алар түрім жоқ. Денесі сылыңғыр,
жып-жинакы, құйрығы шолтиған қыска. Бұл не болды екен?
Шынымды айтсам, қара көленкеде қорқайын дедім. Шөп үстінен
сырғып түстім де, көкемді ертіп келдім.
— Ешкіге ұқсайды. Бірақ мүйізі тұқыл, өзі аппақ.
— Аппақ дейсің бе? — Көкем асығып келіп, қораға асыла
қарады.
405

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Құдайым-ау, мынау ақбөкен ғой. Ой, жануарым-ай, күн
болса кақап тұр, таудың оты жұқа. Таудағылар машинамен
тырқыратып қуып-ақ күн көрсетпейді ғой. Балам, бір бауды артық
таста. Шөп іздеп, пана іздеп келіп тұр емес пе, жануар. Қиналса
адамзатты паналайды-ау, жануар.
Көкем үйге кірді. «Киіз үйдің» төбесіне шығып, тағы бір бауды
төбеден төмен сырғыттым.
Үсті-басымды қағып, бетімді жылы сумен жуып үйге кірсем,
Жанайдар көке дастарқан басында отыр.
— Түк үріккен жоқ, көке, койлармен бірдей шөптен басын
алар емес.
— Аман болса бопты. Бұл бірінші хаты ғой. Өзіңнің әскерден
жолың болмап еді, енді балаң абыроймен келгей.
Жанайдар көке тағы да әкемнің жанын ауыртып отыр. «Неге
жалықпайды осындай сөзді айтудан, неге біреудін жанын ауырта
сөйлеуден өзінің жүрегі сыздамайды екен?!»
— Иә, ол не үрікпей жүрген, ит пе?
— Ақбөкен. Койлармен бірге қораға кіріп кетіпті. Көкем де
көрді.
— Ақбөкеннің таудан құлайтын кезі ғой. Таудың да түгі
қалмаған, оттан жұрдай. Семіз бе екен?
Мен көкеме қарадым. Ол үнсіз.
Жанайдар көке кесесінің бетін күректей алақанымен жапты
да, құлақшынының бір құлағын түсіріп, бір құлағын қайырып,
баса киіп алды. Жылдамдата басып сыртқа шықты. «Е, міне,
дұрыс. Бүгін тымақ кисе де артық емес. Әйтпесе жып-жылы күнде
құлақшынының құлағын түсіріп алады. Үлкендер дұрыс киінбесе,
кішкентайларға ерсі көрінеді».
Іле есікті жұлқи тартып, қайта жапқанда, ағаш есік сарт етіп,
даладай боп ашылып қалды. Үзамай тықыр-тықыр аяқ дыбысы
білініп, Жанайдар көке қайта басын сұқты.
— Тым артық та емес екен. Белі тәп-тәуір. Саны да топ-
толық. Бердияр, ұстай ғой. Құдай айдап келген тегін етті дәліздің
жарығына сойып алайық.
Мен көкеме караймын. Ол үнсіз.
406

ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Осындай сөзді сенің естімейтінің не, Бердияр?! Ерініп
отырсаң, жіп әкел, сенен жасым үлкен мен-ақ бауыздайын. Әлде
даланың тағысын қимай отырсың ба?
Көкем үнсіз.
— Болмайды, — деді бір кезде жөткірініп қойып.
Карап отырып жыным келеді. ««Ақбөкенді союға болмайды,
мұндай жануарлар онсыз да аз қалды, сондықтан сақтау керек,
оның үстіне қораға өзі келіп паналап отыр» деп неге сартылдатып
айтпайды».
— Болмайды. Тимей-ақ қояйық. Мақсат алыста. Соның тілеуі
болсын, пышақты қандамайын.
— Сөзіңнің пәтуасы құрысын, — деді де, ағасы есікті сарт
жапты. Өкпелеп кетті. Енді таңның атуын күтейік. Әкем жазасын
ертең алады.
— Үйіне қарай кетті. Жануар кан тартып келді ме екен? Мақсат
бөтен жерде тілеумен жүр. Жанайдар көкеңнің осы бір мінезі-ай?
Сүтпен келген мінез сүйекпен кетеді екен де. Енді қартайғанда
іргемді аулақ салып қайда барамын. — Көкем терезе пердесін
ысырып, қараңғыға шұқшия үңілді.
Әкем не істерін білмей қиналып тұр. «Шынында, іргемізді
аулақ салып көшіп кетсек... Сонда қайда барамыз? Егер Комиге
көшсек ше? Онда әпкелерім мен екі жездем бар. Мақсат та
келіп, келіншек алса... Төрт үй боп отырар едік. Жақсы адамдар-
дың жанында отырсаң, қай жер болса да бәрібір емес пе. Жоқ,
көкем ешқайда да көшпейді. Ағасын қимайды. Қанша жек көрсе
де, қандасынан іргесін аулақ салмайды. «Ағайын арасы жақсы
ғой, ел іші алтын бесік қой» деп отырады көңілденген күні.
Әйтеуір, түсіне алмаймын. Ағайын дегені Жанайдар көке ме?»
Есік тағы да шалқасынан ашылды. Құлақшынының алдын
артына қарата киіп, қыл шылбырды дұзақтай ұстап, өңі өрт
сөндіргендей түтіккен Жанайдар көке кіріп келді.
— Осы, Бердияр, сен, даланың қаңғырған анын неге аяп
отырсың, а? Онан да сойып, жарты етін маған бермейсің бе! —
Даусы сәл жұмсарған секілді. Атып шығып, ақбөкенді корадан
407

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
шығарып, бет алды куалап жіберсем бе екен. Бәлкім, райынан
кайтар. Даусы сәл де болса жұмсарды ғой.
— Сен анамыз Айманның емшегін менен кейін емген жоқсың
ба. Мен сенен ештеңемді аямап едім. Сол тілеуін тілеп отырған
балаң әскерден аман келіп, біреуді үйге кіргізсе де, сен менің
қорамнан соясың соярыңды. Әйтпесе қолында бар үш қойынды
пышаққа шалып, аштан қатайын деп пе ең. — Тағы да әкемді
кемсітіп, жанын ауырта бастады. «Мақсат келгенше, үш саулық
үш қозы тапса, алтау болмай ма? Мал басы осылай көбеймей ме?»
— Союын киынсынсаң, өзім-ақ сояйын. Дәлізім былғанады
десең, менің дәлізім-ақ былғансын. — Ағасының шоқша сақалы
иегімен қосыла дірілдеп, дамылсыз сөйлеп тұр. Інісінің басы
салбырап кеткен.
— Жәке, өткен жексенбіде базардан бір тоқты әкелдім. Соны
бүгін-ертең сойғалы отырмын. Керек десеңіз, қазір-ақ аяғын
буайын. Адамды паналап келген киелі аңға тимей-ақ қояйық.
Мыңаңныңбірі — кие дейді ғой. Жәке, сол киесі шығар бізге алып
келген.
— Сонда оны не қылмақсың?
— Таң атқасын, малмен бірге өріске жіберем.
— Тіске жұмсақ тегін куырдақтан айырылып... Әй, бала
күнінде осындай кертартпа едің. Аңның киесін ойлап қапты-
ей. Көңілің қаламаса, батаға да қол көтермеуші ең, кенеттен
киені ойлап қапсың ғой. — Жанайдар көке есікті тарс жауып,
мал қораға қарай жүре сөйлеп барады. Әкем пердені түріп,
белі бүгіліп, қараңғыны сүзіп тұр. Қараңғыға қарап жылап
тұрғандай көрінді. «Көнбеді ғой, інісінің сөзін сыйламады ғой.
Осы біздер... қызықпыз. Үлкендердің алдында құрдай жорғалап
сыйлаймыз, ал үлкендер өзінен кішілерді жүгіртіп койғанына
мәз. Сонда олар үшін жасы кішілер мәңгі баки үлкеймеу
керек пе?»
Ақбөкен оп-оңай ұстатты. Әбден тоңса керек, екі көзінің
астына жас қатып, дір-дір етеді. «Ең соңғы тығылған панам —
адамдар не істесе де көндім» дегендей, қыл шылбыр мойнына
408

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тұскенде де тартынбастан, тұла бойы аппақ ақбөкен жұп-жуас
болып, еріп жүре берді. Жанайдар көке өзінің үйіне карай жетелеп
барады.
— Жүр, әй, аяғын ұстап тұр. — Жанайдар көкемнің дауысы
қарлығыңқы шыкты. Көзіме жас тығылды. Ақбөкенді аяп тұрмын.
Үйге жүгіріп кірдім де, есікті ішінен кілттеп алдым.
Көкем үйреншікті орнына жайғасыпты. Қызылы көш-
кен одеялды басынан аяғына, аяғынан басына жеткізе алмай
тартқылап жатыр. Әлгінде терезеден сыртқа қарап, акбөкен
тұрған кораға шұқшиғанда, ысырып койған аппақ перденің бір
шеті жабылмай қалыпты. Жап-жарык үйдің ішіне сол жерден қап-
қара түн үңіліп тұрғандай.
10
Түнімен түс көріп шықтым. ...Жанайдар көкенің дәлізінде
ұш аяғы буулы жатқан ақбөкен қазан пышақпен алқымнан
орып жібергенде, көздері шатынап, танауы бүлк-бүлк етіп
кемсеңдеп, бос жатқан артқы оң аяғын дәрменсіз бір серпіді де,
қимылсыз калды. Шатынаған көздерінде Жанайдар көкенің
суреті қалған шығар. Өлі жанарда ең соңғы көрген бейне сурет
боп басылып қалады дейді ғой. Сонан кейін... қып-қызыл боп
шапшыған қан... Жүрегім айнып, көзімді ашып алдым. Кұсқым
келеді. Кұсайын десем, көз алдыма біздін үйдің үш кой, екі
ешкісінің арасында жайбарақат оттап тұрған ақбөкен елестейді
де, аппақ бейне көз алдымды тұмшалап, құса алмай қиналамын.
«Көшуіміз керек еді, бұл корлықты көргенше...» Есік жақ
тықырлап, басын шарт байлап алған көкем кірді. Апамнан да
көкем сергек, қарашы, менің түн ұйқымның төрт бөлінгенін
айтпай сезіп, ақырын басып келіп тұрғанын. Орамалын шешті де
басымды байлады.
— Жатып ұйықта. Ертең сабаққа бармай-ақ қоярсың.
— Жоқ, сабақтан қалмаймын.
Көкем Мақсаттың көрпесі жинаулы тұрған кереуетке
мейірлене қарап, шамды өшіріп шығып кетті.
409

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Көкемнің орамалы басымның бар ауруын өзіне тартып
алғандай, көзім ілініп кетіпті.
Тырп етпей ұйыктап, таңертең дәлізге шықсам, үстел үстінде
қып-қызыл болып бір табақ ет тұр. «Түндегі аппақ бөкеннің
еті ғой мынау». Ішкиімшең, табақты ұстаған күйі, көрші үйге
карай құстай ұштым. «Көкем де, апам да бұл қылығыма ренжи
қоймас». Жанайдар көкемнің үйінің дәлізіне дүңк еткізіп қойдым
да, кері қарай жүгірдім. Көкем бәрін көріп тұрғандай, мен үйге
кіргенде, еш таңданбастан:
— Басың ауырғанын қойды ма? — деді.
— Койды. Сабаққа барамын.
— Тоңып қапсың ғой. — Дір-дір еткен маған танымай
тұрғандай тесіле қарайды. — Басың қойса, сабағыңа бар. Малды
өзім айдаймын.
Күнде сабаққа бара жатып, малды өріске карай ұзатып
жіберуші едім. Көкем бүгін «Өзім айдаймын» дейді. Бұнысы — мал
айдап бара жатып, айдай сұлу аппақ бөкенді ойламасын дегені
болар, енді қайтып басы ауырмасын дегені болар. Бірақ үнемі
орамалмен байлап жүрер көкемнің өз басының ауруы ше?
Кора жаққа қарасам, екі шыбыш өріске асығып, мүйізімен
қораның аузын қоймастан түртпектеп тұр. Бүгін біздің үйдің
үш қой, екі ешкісінің арасында аппақ болып ағараңдап ақбөкен
де өріске кетіп бара жатқанда қандай әдемі болар еді. Осы
әдеміліктің шырқын бұзып, кесірін тигізген де әкемнің бірге
туған ағасы, Жанайдар көке. «Көке» деген сөзді әкем үшін
ғана амалсыз айтып жүрмін.
11
Біздің үйге солдаттың маркасыз хаты келді. Почтадан көкем-
нің өзі алыпты да, мен сабақтан оралғанша, конвертті ашпай
күтіп отырыпты. Ашқанмен не пайда? Ақ парақтағы көк жазулар
көкем үшін арман, бәлкім, сағыныш болар.
Хат Мақсаттың кәдімгі қарапайым тілімен жазылыпты.
Әркімнің мінезі қандай болса, жазған жазуы да сондай болады
410

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
дейді сынып жетекшісі ағай. Мысалы, менің шашым қатты, не
оңға, не солға кайырылмайды. Сосын жатқызып, мандайыма
түсіре саламын. «Сенің мінезің де тік» дейді көкем. Ал Мақсат-
тың шашы ереже бойынша оңға қарай әп-әдемі таралады.
Жазған хаты да сондай жатық. Тек мына бір жері әкемді селк
еткізді. «Ұзамай барып қалармын». Мен үшін бұдан асқан
қуаныш жоқ. Мақсат десант шәпкесін қисайта киіп, жымиып
келіп тұрса, қандай тамаша! Он шақты күн демалысын өткізіп,
қайта кетеді де.
— Жынды ма? Келгені несі? Кеткеніне алты-ак ай болды.
Жұрттың балалары отпескеге де келмей, екі жылын бір-ақ бітіреді.
Не шошаңбай бұнысы?
«Ерлік жасаған шығар. Сосын демалыс берген болар. Ол жақта
солдаттар екі күннің бірінде ерлік жасайды дейді ғой».
Көкем тағы да үйреншікті орнына жайғасты. Көз алдыма
кеше Жанайдар көке сойып алған ақбөкен қайта елестеді.
Әнеугүні екі жәшік алманы екі әпкеме жөнелтіп келгенде
сондай қуанып еді, қарашы енді, аяқ астынан киналуын. Сол
жолы айналып-толғанбады да. Тек шешеме: «Өркенжан бүгінгі
тірлікті ертеңге қалдырмайды, әпкелеріне алма салып келіпті», —
деп еді, апам онша құптай қоймады.
Көкем қызыл одеялды жамылып, тағы да тартқылай
бастағанда, жүгіріп барып, домбырамды алып келдім.
— Тарта ғой, — деді шалқалай жатып.
— «Ақсақ киікті» айтайын ба?
— Киік, — деп күбір ете қалды. «Нем бар еді. Онан да сөзді
көбейтпей, ән айтайын».
— Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпак, шөл, ойлы-к,ырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген,
Жәндіктің киік деген баласы бар...
Көз алдымда аппак болған акбөкен біздің үйдің үш қой, екі
ешкісінің арасында шөпке бас қойып, оттап тұр...
411

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Азайды соңғы кезде байғус бөкен,
Мың-мыңдап баяғыда өреді екен.
Бул күнде келе жатқан жолауиіыға,
Кез келер анда-санда саяқ-некен...
«Адамға пана іздеп келген киелі аң ғой. Тимей-ақ кояйық.
Мың аңның бірі кие дейді ғой. Тимей-ақ кояйық». Сонда ағасына
жалына қараған қайран әкем өзі Комиден әкелген көне одеялдың
астында шалқасынан түсіп не ойлап жатты екен?
Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып.
Ақбөкен сахараның бота көзі,
Атты екен қандай адам көзі қиып...
Құлакшынының алдын артына қарата киіп, қолына мылтық
ұстаған Жанайдар көке көздеп тұрып тарс еткізгенде, ақбөкенге
дарымады. Сосын дұзақ тастап ұстап, қазан пышақты жүрек
тұсына сұғып-сұғып алғанда, ақбөкеннің кеудесінен аққан әр
тамшы қан жұлдызша бесбұрыштанып, жыпырлап көбейіп кетті.
Соңына қып-қызыл жұлдызды қан жосылтқан аппақ бөкен
дұзақты тас қып ұстаған Жанайдар көкені сүйретіп, бет алды
маңып барады. «Жүр, әй, аяғын ұстап тұр», — дейді айқайлап.
Мен саңырау адамдай мәңгірген күйде соңынан қан жосылтқан
ақбөкенге аңырып қарап қалыппын.
— һе-һей, һе-һей, һе-һей... —
деп әнді созыңқырап аяқтаған кезде, көкем бір жөткірініп алып,
көзін жұмды.
Терезе алдынан бір бейне көлеңдеп өтті де, есіктен апам
көрінді.
— Өркенжан, мә, кәзит кепті, — деді маған қарап. Қолын-
дағы жалбыраған бума газеттің арасынан төртбұрышты хат сусып
түсті.
412

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
«Бердиярову Оркену.
Коми АССР.
от Бердияровых».
— Көке, хат, Комиден хат! — Осы жолы шын қуандым. Демек,
мен салған алманың оларға жеткені ғой.
«Здравствуйте, дорогой папа!
Дорогой Оркен!»
Әрмен қарай оқи бердім. Көкем құлақ қоя тындағанмен,
ештеңе түсінген сыңайы жоқ. Мейлі, түгел оқиын. Сосын аударып
берем де.
«Шіркін, әпкелерім казақша жазса ғой осы хатты. Фамилия-
лары Бердиярова, бірак казақша білмейді. Ауылға келсе,
үйреніп кетер еді. Бәріне жердің қашықтығы кінәлі. Жоқ, жер
де, қашықтық та кінәлі емес, бәріне кінәлі — соғыс. Соғыс
болмаса, әкесі бір жақта, қыздары бір жақта қалар ма еді.
Қайтеміз, көкемнің сөзімен айтқанда «бәрінен де бар жақсы», ең
тамашасы — алыста болса да менің әпкелерім бар».
Қалын ойдан бір арылмай-ақ қойдым. Ой үстінде отырып,
орысша жазылған хатты өзімше аударып беріп едім, көкем оң
қырына аунап түсті.
— Келеміз деп айтпап па?
Сол бір сөз оқылмай қалғандай, бір парақ хатты аударыстыра
қарадым.
— Жоқ, ондай сөз жоқ.
— Осынысына да шүкір, — деп қайтадан шалқалай жатты.
Енді мал жайғағанша қыбыр етпейді. Кешелі бері: «Сен
бұл кезде сабағыңа қара, әйтпесе күн кеш болып, көзіңе ұйқы
тығылады. Сабағыңды тәуір оқы, тіл үйрен», — деп, мені мал
жайғаудан босатты.
Хатты оқып, аударып беріп, енді газеттерді ақтара бастадым.
Бір жері болмаса бір жерінде, бәлкім, Мақсат туралы жазған
шығар. Апыл-ғұпыл қараймын — солдаттар туралы жазылған
ештеңе көре алмадым. «Е, таптым, мектептің кітапханасында
солдаттарға арналған газеттің тігіндісі бар. Сабаққа ерте барып,
соны қарайын».

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Қызыл одеял бүлк-бүлк ете қалды. «Сөзсіз Мақсатты ойлап
жатыр. Онан да баласының келетініне қуанбай ма? Бірақ ерте
келгеннің несі жақсы. Ерте де емес, кеш те емес, жұрт қатарлы
екі жылын бітіріп келсе... Көкем соғысқа барып, қатарынан кеш
қайтты. Сондағы жеткені қайсы?»
Көкем дөңбекши бергенше «Отең солдата» деген кинодағы
Махарашвили сиякты баласын іздеп барып қайтса ғой. Екеуі
кездесер сәтте, баласы оққа ұшты. Қандай өкінішті. Әкесі
баласының тек дауысын ғана, салған әнін ғана естіп қалды.
Бұл күні кешке біздің үйдің дастарқаны күндегіден кеш
жайылды. Кеш жайылған дастарқан басын үнсіздік биледі.
Әкем алыстағы қыздарынан хат алып қуанса да, Мақсаттың
хаты шешуі табылмаған жұмбақтай болды. «Ағамнын келе-
тінін сыныпқа айтсам ба екен? Әзірше айтпай-ақ қояйын.
Көкемнің осы отырған кейпі кинодағы Махарашвилиге ұқсап
кетті. Тек маңдайын байлаған орамалдын орнына тақия кисе,
грузин шалынан айнымай калар еді».
Дастарқан басынан шалт тұрып кеттім. Әкем мен шешем
үндемес ойнап қала берді. «Көкем... Махарашвили. Жоқ,
көкем баласын іздеп Ауғанстанға бара қоймас. Ауғанстан түгіл,
Комидегі қыздарына бара алмады. Ағасынан асып, аттап басады
дейсің бе...
Көкем... Махарашвили емес».
12
Мақсаттың әскерге кеткеніне алты ай болды. Оның бос
тұрған кереуетіне қараймын да, ойға шомамын. «Неге келемін
деп хат жазды екен? Әлде дұшмандардың сазайын тарттырған
соң, демалыс берді ме? Мектеп кітапханасындағы газеттерді
түгел қарап шықтым. Тіпті, Москвадан шығатын газет,
журналдарға да үңілдім. Мақсаттың фамилиясына ұқсайтын
бір де бір фамилия кездестіре алмадым. Кеше ғана еді, «Солдат
қырық бес секундта киініп үлгеру керек, әйтпесе басқалардың
обалына қалады, — деп жүргені. Мақсаттың дауысы кұлағыма
414

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
естілгендей. — Армияда «Бірі — бәрі үшін, бәрі бірі үшін»,
үлгермесе бір адам үшін бүкіл солдат кайта шешініп, кайта
киінеді». Менің жұп-жуас Мақсат ағам кырық бес секундта
киініп үлгеріп жүр ме екен? Үйде жаттықты ғой, ешкімге есесін
жібере қоймас.
Көзім ілініп кеткен екен, үйдің іші дабыр-дұбыр. Шешем-
нін сыңсып жылаған дауысы шықты. Орнымнан тұра жүгір-
сем, әскер киімді біреу (погонында екі қызыл жолақ, бір жұл-
дызы бар, шенді әзір ажырата алмаймын): «Ал, жаксы, қуаныш
қуанышқа ұлассын», — деп, есіктен шыға берді. Түсінсем
бұйырмасын? Көз жасын бұлаған шешем: «Мақсат келді», — деп
маған кемсеңдей қарады. Көкемнің бөлмесін ашып қалсам, көне
қызыл одеялмен аяғын кымтай жапқан әкем Мақсаттың сол
алақанын қысып ұстап отыр екен.
— Мақсат!
Тұра ұмтылып едім, көкем баласының қолын жібере қой-
мады. Иығына секіріп мінгенімде, жең ұшын қалтасына салып
алған он қолы зәремді ұшырып жіберді. «Шынымен осылай
ма?!» Көкем ұлынын сол колын жіберер емес, бірақ өңінде
реніш емес, бір мақтаныш сезімі ойнайды. Осыдан алты-ақ ай
бұрын Мақсат әкеммен қоштасып тұрып қолын ұсынғанда білегі
дірілдеп кетіп еді. Енді сол оң қол кайда қалды екен? «Шыны-
мен осылай ма?» Иығынан түсе бергенімде, оң иығы бүлк-бүлк
етіп, оратылып қалған жеңі гимнастерка қалтасынан сытылып
шығып кетті. Көкірегім мұздай болды. Көкем колын жіберген
соң ғана Мақсат мені алдына алып, еңкейіп бетімнен сүйді.
Омырауындағы төмен салбыраған қып-қызыл медаль бетімді
жалап кетіп еді, мұздай екен.
— Бұл қандай медаль?
— Бұл медаль емес, «Қызыл Жұлдыз» ордені.
Мақсат — алты ай бұрынғы Мақсат емес, сап-салмақты. Қап-
қара шашына арагідік ақ кіріпті. «Біздің үйдің жас солдатының
түрін қара...» Тағы да калтасына тыға салған жеңіне көзім түсіп
еді, омырауындағы қып-қызыл орден, қаздай тізілген значектар,
бәрі бұлдырап кетті — жанарыма жас тұнған еді. Телміріп
415

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
қалсам керек, ағам бір күрсінді де, мені алдынан түсірді. Көкеме
қарасам, өң-жүзі жайдары, дәл бір кырық алтыншы жылы
қапшығын арқалап, соғыстан келгендегідей нұрланып отыр
(жұрттан естігенім ғой).
— Жанайдар көкенді шакыр, — деді маған қарап иегін қағып.
Барғым келмейді, барғым келмесе де Мақсаттын касынан
қинала тұрып, зытып кеттім.
Менің артымша, көне пальтосын көйлегінің сыртынан іле
сап, құлақшынының бір құлағы көтерулі, бір құлағы түсірулі
Жанайдар көке кіріп келді. Мақсат ұшып тұрған кезде, оң
жеңінің ұшы қалтасынан сытылып шығып, арлы-берлі тербетіліп,
қарсы жүрді. Жанайдар көке бір орнында сілейіп тұрып қалды.
Мақсат жақындай бере, күректей сол алақанын ұсынып,
шалды құшағына алды. Жанайдар көкеде үн жоқ. Бір кезде ғана:
— Майдың нешесінде кетіп едің? — деп, төрге жайғасты.
— Тоғызында.
— Бүгін қарашаның алтысы. Алты айда бір қолды бердің де
қайттың. Айдың күні аманында...
Мақсат та, көкем де үнсіз. Менің көкірегімді сыртқа шыға
алмай бұлқынған ызалы ойлар баурап алды. «Айырылса, қарақан
басының қамы үшін айырылған жоқ қой. Осы ауылда түнде
кірпіш ұрлап, қолын жарақаттап, ақырында, асқынып кетіп,
кестіріп жатқандар да бар ғой. Ал, Мақсат азаматтық борышын
орындады. Шіркін, осы ойларымды Жанайдар көкеге қалай
жеткізсем екен? Тезірек ер жетіп, тең сөйлесетін болсам ғой,
осы кісімен. Әнеукүні бізді паналап келген ақбөкенді бауыз-
дамай-ақ қойғанда... Көкем сонша жалынды «тимей-ақ қояйық»
деп... Ақыры, өз дегенін істеді». Көкеме көзімнің астымен
қарасам, көңілді-ақ. Омырауында ордені мен значектары
тізілген солдат киімді ұлына масаттана қарайды.
— Балам, ерте келсең де, өкінішсіз келдің. Мына әкең, осы
сенің жасында, тікенек сыммен қоршалған қора ішінде қолына
қару алуды армандап жүретін. Сен қолыңа тиген қарумен соғысып
келіп отырсың. Мен азаматтық жолымнан әлдқайда кеш оралсам
416

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
да, дегеніме жете алмадым. Сен ерте келсең де, өкінішсіз, ерлерше
келдін. Өркен, ауыл үйлерге хабар бер, ағаңның келгенін айт.
ціешен шайын тездетсін.
Көкем көңілді-ақ. Көсіліп сөйлегенін бесінші сыныпқа дейін
адғаш көруім. Көкемнің көкірегінде жатыр екен ғой бәрі. Сол
көкірек сырын ол бүгін ғана, баласы алыс жолдан оралған сәтте
ғана жария етті.
13
Ертең — 7 қараша!
Осы айтулы күннен бір күн бұрын біздің үйде «маңызы»
онан бір де кем емес той өтуде. Әкем бір тоқтыньщ басын асып,
ауыл-айналасын шақырып, Мақсаттың келуіне байланысты
ошак түтіндетіп жатыр. Көкем қуанса, мен қалай қуанбай түра
аламын, тек апамның көңілінде сәл кірбің бар. «Әйтеуір, қата-
рынан кем болмаса болды да», — дейді қазан астына от жылжытып
жатып.
— Балам, біз кәріміз, сен жассың. Біз қырық бірдің алапат
соғысынкөрдік, кімніңқалай мертболғанынкөрдік.Алөзіңқандай
жағдайда жаралы боп калдын. Айта отыр? — Төрге жайғаскан
Сағындық ақсақал — осы ауылдың үлкені. Соғысқа қатысқаны
бар, қатыспағаны бар, үлкендердің сөзін тындауға құмартып
отырған мен бар — бәріміз аузымызды ашып, ықыластана кұлак
түрдік.
— Кандай жағдай деуге бола ма? Интернационалдық боры-
шымызды орындадық. — Мақсат одан әрі ештене демегесін,
төрдегі «төбе би» ақсакал қаузап сұрамады.
— Борышты орындау — жігіттің жігітінің-ақ қолынан
келеді. Мына әкең де — солдаттың солдаты. Онан туған сен неге
тәуір солдат болмасқа! — деп, шегелей сөйлегенде, дастарқан
басын: «Иә, иә, айтса айтқандай, Бекеңнің аузынан түскендей
ғой», — деген дауыстар көміп кетті. Мақсат пен әкеме кезек
қараймын. Әкем соғыс аты, солдат аты аталғалы бері мұндай
4171

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
сөз естіді ме екен? Бұрынғы қоңырқай өңі қызыл шырай-
ланып, оң жағында отырған Мақсатты аскар тауындай көріп,
мейірлене, тіпті масаттана карайды.
— Өзі ертең ұлыстың ұлы күні ғой, — деп, төрдегі «төбе би»
қария тағы бір жаңа әңгіменің шетін шығара бергенде, терезе
алдындағы радиодан диктордың жігерлі дауысы естіліп: «Енді
Москвада өткен Ұлы Октябрь социалистік революциясының 70
жылдығына арналған салтанатты жиналыстың есебін береміз»
дегенде, бәрін аузына қаратқан Сағындық ата қопандап қалды.
— Кішкене дауысын көтерші.
Ұшып тұрып, қара радионың дыбыс күшейткішін түбіне
жеткізе бұрадым. Төрдегі «төбе би» ұйып тындаған соң, одан
төмен жайғасқандар табактағы еттен анда-санда бір асап қойып,
тырп етпей отыр. Әдетте, «Ас алыңыздар, алып отырайық»,
— деп, аузы тынбайтын үй иесі — әкемде де үн жоқ, радиодан
көзін алмай, қалшиып қалыпты.
«...соғыстың басты ауыртпалығын халыктың төл перзенті
— қарапайым совет солдаты, ер жүрек, өз Отанын сүйетін ұлы
еңбеккер өз иығымен көтерді. Оның абыройы аскактап, мәңгі
даңққа бөлене берсін!»
— Сөз-ақ, — деді төрді еркін иемденген Сағындык ата, — жетпіс
жылда айтылған сөздің сөзі осындай-ақ болар.
Диктордың қарапайым да жігерге толы дауысы толас тап-
қан сәтте, көкеме қарасам, борша-борша боп терлеп, мұғалімнен
ұялған баладай бетіне қызыл теуіп отыр. Үнемі басын таңып
жүретін ала орамалмен мандайын, көзінің айналасын сүрт-
кіштейді. «Әкемнің көзінен жас шығып кеткеннен сау ма? Жок,
біздің көкем жыламайды. Олар жыласа, біз қайтпекпіз?!»
— Осы отырған көбіміз — соғысты көрген солдатпыз. Мына
Бердияр, әлгі радио айтқан соғыстың бар ауыртпалығын өз
иығымен көтерген нағыз солдат емес пе. — Сағындық ата тағы да
сөз бастай бергенде, далаға атып шыктым. Дала қандай тамаша!
Айнала сап-сары, күз күні неткен сұлу! Әлгі радиодан естіген
сөздер, Сағындық атаның аузынан шыққан сөздер неткен сұлу!
418

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Біздін көкем де енді ардагерлермен бірге кездесуге барады.
Эй, кайдам, көкем бара қойса... Дала қандай тамаша! Ағынан
харылған адамдар кандай ак жүрек. Жанайдар көке... Кайтеміз,
әкемнін кандас бауыры ғой.
Үйге бір кіріп, бір шығамын. Төрт күн демалыс тезірек өтсе,
сыныпка барсам, калған куанышымды сондағылар бөліссе...
14
Түн жамылып Мақсатты үйге әкеп тастаған әскери киімді
кісі екі-үш күн бұрын көкемнің әскери билетін алып кетті. Араға
апта салып, «¥лы Отан соғысына қатысушының» куәлігін әкеп
берді. Бір көк ала қағазға кол койдыртып алды. Көкем таяқ-таяқ
сызықша қойып, аяғын шимайлап жіберді. Енді менің әкем де
соғысқа қатысқандар санатында айына үш рет дүкеннен ет пен
шай алып тұрады.
Кеше көкемнің алғашқы сыбағасына қарық болдық. Апам
құйған қою күрең шайды сораптап отырып, өмірі тамсанбай-
тын әкем бір тамсанып қалды. Сөйтті де қою күрең шайды
қылқ еткізіп тез жұтып, оғаштау қылық жасадым ба дегендей
ыңғайсызданып, апама карап еді:
— Еңбегің ғой өзіңнің, тамсансаң еңбегіңе тамсандың да, -
деп, апам жуып-шайып әкетті. — Мынау ішіп отырған үнді шай
— әкеңнің шайы. Ескергеніне шүкір де. Осы кезге дейін қағаздары
дұрыс болмай келіп еді. Енді жылына бір рет поезға мінер билеті
де тегін.
— Иә-ә... — дегеннен басқа көкемнің аузынан сөз шықпады.
Дәл бір өзі соғысқа қатысқандай-ақ, апмның қуанышында
шек жок...
Бүгін көкем аяқ астынан Мақсатпен бірге буынып-түйіне
бастады. Мақсат Алматыға дайындық курсына барады. «КазГУ-
дің заң факультетіне тапсырамын», — дейді.
— Занды неге сонша жақсы көресің? — деп сұрасам:
— Заңсыздық атаулының тамырына балта шапқым келеді,
— дейді томсарып. Бірақ Алматыда оқуға түсу оңай емес, астана
419

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ғой, бір орынға жеті-сегіз адамнан, заң факультетінде онан да көп
көрінеді, — деп, кеше айтып отырған.
Мақсаттың сырты жап-жасыл куәлігі бар. Ішіне «Интер-
националдық борышын орындауға қатыскан Максат Бер-
дияров» деп жазылған. «Бұның да көмегі тиер, өзі де мектепте
сабақты жаман оқымаған. Көрер бағын сынап. Ал көкем ше?
Оған жол болсын?» Күні бойына осыны сұрай алмай, алты
айдан соң кереуетіне келіп қайта жатқан Мақсаттың солдат
киіміне, алабажақ десант майкасына қызыға карап отыр едім,
апам есіктен басын сұқты.
— Әкең шақырып жатыр.
Келсем, дәл төрде малдас кұрып отыр. Өзі басынан аяғына,
аяғынан басына жеткізе алмай жататын көне одеялды қасына төрт
бүктеп жинап қойыпты.
— Өркенжан, мен Мақсатпен бірге жүргелі отырмын. Соғысқа
қатысқан куәлігім бар, тегін билетім бар. Алматыға барып,
госпитальға жатамын. Әбден емделіп, сол жақтан бірден Комидегі
әпкелеріңе тартамын. Казір накты әдірісін бір қағазға жазып бере
ғой. Алдын ала Алматыдан билет алып қояйын. Жүгір, ұмытып
кетпей тұрғанда, жазып әкеле ғой.
«Көкем де қызық. Дәл қазір жүретіндей асықтырғаны несі?
Өмірі асықпайтын әкемнің абдырап сасқаны несі? Соңғы күндері
қызық боп барады өзі».
Мақсат та әскерден ұстап келген алабажақ шабаданын жолға
әзірлеп қойыпты. Енді солдат шалбарын үтіктеп әуре.
Жатар кезде, апам тағы да басын сұғып:
— Әкең шақырады, — деді.
«Тағы қандай тапсырма болар екен?»
Бұл жолғы тапсырма жаңалығы жоқ жалпылама тапсырма
болды. Жағы суалса да, өң-жүзі жайдары әкем:
— Козы-лағыңа абай бол, — деді.
«Түһ, көкем де кызық. Үш кой, екі ешкіге кім тиеді. Арасына
тағы да ақбөкен кіріп кетпесе... онда тиетін өзінің ағасы. Шіркін,
сол ақбөкендіөлтірмей-ақ, қолдаөсіргенде... Қойлардынарасында
420

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАГІАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
аппак болып ағарандап тұрар еді. Әскерден келгенде Максат та
танғалар еді. Енді айтудың керегі жок. Көкем сонда «бауыздамай-
ак койыңыз» деп ағасына қарап жалынғанда, тұла бойы дірілдеп
кетті. Өлтірмей-ақ қойғанда, көкемнің тілегі орындалып, Мақсат
тасап-сау оралар маеді. Айтпақшы, ағасы інісін алысжолғажібере
қояр ма екен? Госпитальға жіберер-ау, Комидегі қыздарына
жіберер ме екен? Соның алдын алуы шығар, госпитальдан
шыккан бойда қыздарына кеткелі жүргені. Шынында, Жанай-
дар көке інісін алысқа жіберуге қимайтын секілді. Бір нәрсеге
ұрынып қала ма деп қорқатын да болар. Өзім алты айда Мақсатты
калай сағынсам, ол да бауырын солай сағынатын шығар. Бірақ
бар шаруасын келісіп шешер, мал сойып, жас сорпа ішсе де,
шакырып келіп, бірге шүйіркелесер қандас ағасына әкем бұл
жолы ләм-мим деп тіс жармаған тәрізді.
Мақсат қарны тоқ ала шабаданын, көкем іш киімдері оралған
түйіншегін қолдарына ұстап үйден шыққанда, есігі алдында
қүйбендеп жүрген Жанайдар көке құлақшынының оң құлағы
салп-салп ұрып, жүгіре басып келді.
— Әй, қайда шықтындар?!
Көкем жауабын тез-ақ берді.
— Мақсатоқуға, менгоспитальғабарамын, —деп, қоштаспаққа
қолын ұсынды. Жанайдар көке оң білегі дір-дір етіп, көкемнін
қолын самарқау алып, аузынан сөз шығара алмай тұрып қалды.
Сосын дәл бір аяғы талғандай, ағаш сәкіге сылқ етіп отыра
кетті. Күз күні денесін тоңазытты ма, өңірі айқара ашық кіршен
пальтосын қымтанды. Кіршең пальто жанына жылу бермегендей
тұла бойы қалшылдап барады.
Әкелі-балалы екеуі қос түп алма ағаштың түбінен басталып,
үлкен көшеге алып шығар соқпаққа түсті.
Әкемнің ағасы өңірін қос қолдап қымтанған күйі қалш-қалш
етіп ағаш сәкіде әлі отыр.
Осылай біздің үйдің солдаттары тағы да жолға аттанды.
Ендігі жол — менікі.
421

Баян
БОЛАТХАНОВА


(1956 ж. туған)
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге
келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ¥лттық университетінің журналис-
тика факультетін, ҚазУ¥ филология факультетінің аспирантурасын
тамамдаған. Республикалық «Лениншіл жас», халықаралық «АЗиЯ»
газеттерінде тілші, «Кино әлемі», «Хатап-Қазақстан» басылымда-
рында Бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан
Журналистер одағы сыйлығының иегері, 2010 ж. «Дарабоз» әдеби
халықаралық бәйгесінде Бірінші орынды жеңіп алды. «Сары
көжек» әңгімесі 2012 ж. «Дарабоз» әдеби халықаралық бәйгесінің
ынталандыру сыйлығына ие болды. Бірнеше көркем-деректі хикаят,
әңгіме жинақтарының авторы. 2000 ж.-дан бері «Моііа & ОО8» ЖШС
директоры, Республикалық «Абитуриент», «Турист» газеттерінің Бас
редакторы, өзге де баспа өнімдерін шығарумен айналысады.
422

БИБІАЖАР МЕН БОИТҮМАР


Бибіажар
Б
ибіажардың дауысы әдемі, Бибіажардың дауысы
коңыраудай сыңғырлайды.
— Ана бір жерін қайталап жіберші, Бөкентай... —
дейді апасы.
— Қай жерін айтайын, апа?..
— Сараң шал туралы айтатын жерін...
— ... Қыдырбай сонда ақырды: «Мал шашпаймын далаға,
Өлмей билік берем бе, Келін менен балаға? Мал шашпаймын
далаға...»
— Кемпір не деуші еді сонда, Көкентай? — дейді атасы.
— «...Сонда кемпір сөйледі: Есіктің алды болмады, еккен
талым алмалы. Өздігінен бармады, Осы шалды кұдай алмады...»
— Ана бір жерін ұмыттың-ау, Көкентай...
— Қай жерін айтайын, ата?..
— Акылды кемпір жөнінде айтпаушы ма еді...
Бибіажардың дауысы әдемі. «...Кемпірде ақыл көп екен,
Менде акыл жок екен. Көргенін ұмытпай жүр екен!..»
Атасының да дауысы әдемі.
- Құдайға да жақсы адам керек... Одан да кемпірдің түр-түсін
суреттейтін жерін айтып жіберші?
Бибіажардың дауысы әдемі, қоңыраудай сыңғырлайды.
Танауына қарасаң,
Тубі тускен шелектей.
Куйрық жағын қарасаң,
Буқарадағы жібектей.
423

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Омырауына қарасаң,
Еділден іиыққан аңғардай.
Төрт аяғы сандалдай...
— Өй, пәлі!... Қалай-калай заулатады менің балам... — дейді
атасы дауысын қырнап. — Әй, кемпір, шам жақпаймысың?..
Баланың көзін құртатын болдың ғой...
— Қайдағы шам?.. Өшіп кала беретін болды, қараң қалғыр...
Ұйып қалған белін әрең деп жазған апасы қаракөлеңке
бөлмеде түртінектеп жүріп, бұрыштағы май шамды тұтатады.
— Торы бесті атты ұмытпа, қызым...
Бибіажардың дауысы қоңыраудай сыңғырлайды.
Белдемеге қарасаң,
Қайырда жатңан сазандай.
Жауырынына ңарасаң,
Төңкерілген ңара ңазандай.
Кулағы бар қураңтай,
Екі көздің жанары,
Жайтаңдайды шырақтай...
Тор бесті аттың ғана емес, Бибінің де көзі шырақтай, бөлме
іші қаракөлеңке болса да заулатып оқып отыр. Өйткені оқи-
оқи жаттап алған. Оқи-оқи жаттап алған өлеңін бітірген соң,
өзінің атасының алдындағы міндетін толық атқарып, көңілі
орнына түскен Бибіажар бұрыштағы ескі кебежені ашып,
апасына көмектесе бастайды. Өйткені апасына көмектесу да
Бибіажардын міндетіне жатады.
Тау шаткалының қуысына барып тығылған жер тамды мекен
еткен үш адамнан тұратын отбасының әр мүшесі де өз орындары
мен өзара бөлісіп алған өз міндеттерін жақсы білетін.
Ең алдымен жатаған жер тамның ішіндегі ең қымбат дүние
— сары самауырның қожайыны ретінде апасы алдымен атасы
үшін жауап береді. Ал атасы болса, қора-қопсы, мал-жанға,
содан соң, әрине, Бибіажар үшін жауапты. Өйткені, түптеп
424

ҚАРЛЫ-ҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
келгенде шағын отбасы тіршілігінің бар мән-мағынасы осы
қаршадай қара қыздың қолында еді.
Таңғы шәйдің үстінде сары самауырнын құлағын ұстаған
апасының ұзақ тәптіштеген тапсырмаларын тындап болған
соң, белін қайыс белбеумен тарс буынған атасы Бибіні қолынан
жетектеп анадайда қарауытып тұрған мал қораға қарай кетеді.
Бұрындары ішіне кірсең, қайтадан шыққын келмейтін ұядай
жып-жылы қора іші кейінгі кезде абажадай үлкейіп кеткен
секілді; сылағы түскен қабырғаларынан суық ызғар еседі.
Есіктері алқам-салқам, терезелері үңірейген кораның түкпірінде
екі жабағы мен оншақты тоқты-торым тұрады. Бұрындары таң
қаранғылығында келіп есігін ашып қалғанда, таптап кетердей
азан-қазан далаға ұмтылатын бір отар қойдан қалған тұяқтар.
Ана жолы директордың өзі келіп малды жекеге таратқанда
бұлардьщ еншісіне тигені осы. «Заман не болып кетті?.. Тірнектеп
жинаған қоғамның малын талан-таражға салғаны несі?» — деп,
атасы налиды. «Бұйырғаны осы болса, қайтесін... Аз ба, көп пе,
әйтеуір жекеменшік қой...» деп апасы шүкіршілік етеді. «Ескі
і жұртты күзетіп шаршадым... Орталыққа көшейік», — дейді
атасы. «Сағынып отырған қай туысың бар еді, тас жетім...» деген
апасының уәжінен аса алмай, сөз аяғын күмілжітіп жібереді.
Бала емес қой, бұл кезде сөз төркінін түсініп қалған Бибіажар.
Атасы — кішкентай кезінде жетімдік көріп өсіпті. Атасының
аталары — кедей болған екен... Мыңғыртып мал айдаған апасы-
ның төркініндей қайдан болсын... «Бай — байға, сай — сайға...
Жөргегінде жарымаған — жеті дүниеде жарымайды», — дейді
апасы. «Ортак өгізден, оңаша бұзау...» — дейді апасы. Жалпы
мұның апасының білмейтіні жер түбінде.
«Жөргегінде жарымаған» атасы қыстан қалған азғантай
шөпті үнемдегісі келе ме, тоқты-торымның алдына там-тұмдап
тастайды. Жас емес қой, коғамдык малды жекеменшікке
таратып бергелі атасының жарым көңіл болып жүргенін Бибі
• 1 түсінеді, әрине. Екі бүктетіліп, бір айыр шөпті әрең көтергенін
көріп-біліп тұрса да, кеше ғана кигені торқа, мінгені жорға,
шекесіне қисайта киген, құндыз бөркі мен сеңсең ішігі өзіне
425

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
әдемі жарасатын, көкпар, бәйге десе үйде байыз тауып отыра
алмайтын атасын қартайды деуге қимайды.
Мұнын көңіл-күйін қабағынан сезетін атасы айналып-
толғана бастайды. «Тоңцын ғой, балам, үйге бара ғой... Апаң да
жалғызсырап қалған шығар...»
Бұл жоқта апасы шынында да жалғызсырап отырады. Дас-
тарқанын, ыдыс-аяғын асықпай жинап, бұрыштағы көне шкаф-
қа апарып тыққан соң, ұршығын қолына алады. Зыр айнал-
ған ұршығын иіріп отырып, жаңа әлде атасынан артылған көп
ақылының қалған-құтқанын қызына арнайды. Әңгіме қызығына
түсіп, қызыныңәлдеқашан төргі бөлмеге зып бергенін де сезбейді.
Төргі бөлменің төрінде төбеге дейін текшелеп жиналған
екі қатар көрпе-жастықтың да, бұрыштағы сөреде тізіліп тұрған
кітаптардың да, апасы кілтін өмірі қалтасынан тастамайтын
өрнекті кебеже-сандықтың да қожайыны — Бибінің өзі. Ал Бибі
болса, «қыздың жүгі» деп апасы шық жуытпайтын көрпе-жастық-
тардан гөрі, сөредегі кітаптарды жаксы көреді. Кітап болғанда
шетінен мұқабасы жұқа өлең кітаптар. Сосын... қабырғадағы
дөңгелек айнаны...
Қай кезде үңілсе де, айнадан өзіне атасы айтқандай «қара
бала» емес, монтиған қара қыз қадала қарап тұрады. Бадырайған
көздері мен аздап қаралығы демесең, мына қыз әп-әдемі;
үсті-басы мұнтаздай, қос бұрым етіп өрілген бұрымы да өзіне
жарасатын секілді. «Өзіме тартқан ғой», — дейді атасы. «Жас
күнімде мен де дәл осындай едім», — дейді апасы. «Күйып
қойғандай-ау, құйып қойғандай...» Кішкентай кезінде олардың
сөзіне шынымен сенетін, есейе келе аздап қаралығы демесең
түрінің атасына да, шегір көз сап-сары апасына да тартпағанын
біліп алған. Сәл қаралығына қарап, ішкі ойы «аздап болса да атама
ұқсайтын болармын» дегенге саяды. Оның үстіне орталықтағы
өзі оқитын мектептің мұғалімдері «шалдың баласы, шалдың
баласы», — деп, мұның алдында құрак ұшады. Өйткені, атасы
сонау тау етегінен орталыққа ерінбей-жалықпай екі рет келіп
кетеді. Жазда - атпен, қыста — атшанамен. Негізгі міндеті —
қызының, жо-жоқ баласының сабағы болса, қайын жұртын да
ұмытпайтын болуы тиіс, құр қол келмейді, әрине.
426

г
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Бибіажар болса, өзінің тиесілі орнын біледі — күн жылыда
жуас кер биенің үстінде теңсетілген атасының белінен тас
қылып құшақтап алады. Ал қыста жалт-жұлт еткен ақша қарға
жанары талғанша қарап, атасының жып-жылы касқыр ішігінің
ішінде ат шананың үстінде көздері жылтырап отырады.
Таңертең сабаққа әкеліп тастаған атасы түске дейін осында
тұратын қайын жұртына сәлем беруге, нақтысы, апасы атқоржынға
сықай толтырған сәлемдемені беруге кетеді.
Бибіажар болса өзінің тиесілі міндетін ұмытпайды, әрине.
Қиын болсын, оңай болсын, сабақтың аты — сабақ. «Атасының
баласы» деген атқа кір келтірсе, атасы түгілі апасының да
ренжитінін біледі. Көне қыстауда көпшілікті аңсап жүргендіктен
болар, кластастарының әр үзілісті үзіліп кете жаздап күтетінін
түсіне алмайды.
Сабақтың аты — сабақ. Синус пен косинусты білгеннің
зияны жоқ екенін білсе де, жасырып өлең жазып, жасырын өлең
айтып үйренген Бибіажар әдебиет сабағын тықырши күтеді.
«Жамбыл аталарыңның сүйікті әйелінің аты кім?» «Аталарың-
ның сүйікті жылқысы қалай аталады?» Класс жетекші ағай
«қырық қарақшы» атап кеткен қырық баланың ішінде мұны
білетін жалғыз оқушы — Бибіажар ғана. Бірде кластастарының
арасында отырып Жамбыл атасының сүйікті әйелдерін саусақ-
пен санап бергенде бірде бірі сенген жоқ, әрине. Бос уақытында
кітап оқудың орнына көшеде сенделіп жүретіндер махаббаттын не
екенін білуші ме еді?.. Осылайша кейде бес, кейде алты сағатқа
созылған сабақтың қашан бітуін сарыла күтіп отырып уақыттың
қалай өте шыққанын өзі де сезбейді.
Түске жақын мектептің қарсы алдында баласының
сабақтан шығуын тосып есік пен төрдей атшана, атшананың
жанында мұртын шиырып атасы тұрады. Машина атаулыға бой
үйретіп алған окушыларға, әрине, атшана тансық; кинодағы
ханшайымдар секілді шалқайып келіп шанаға отырып жатқан
Бибіажарға қызғана қарайтындары қызық. Таңертеңгідей емес,
биікке қарай өрлеген таудың жолы бұралаң; ақ тер, көк тер болып
терлеген кер биенің сауырынан көз алмай отырып, қайдағы-
427

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
жайдағы қиялға беріледі. Таңертең жабырқаулау көрінген атасы
қайын жұртқа кірген соң «тамағын жібіткен-ау», жол бойы
әлдебір ескі әуенді ыңылдаумен болады.
«Ауыл жақсы ғой... Құдай қаласа, биыл көктемнен қалмай-
мыз, балам...» дейді көңілденген атасы. «Көзімнің тірісінде...» —
деп, сөз аяғын жұтып қояды. Кей-кейде: «Менің тірі күнімде...»
— деп, әңгіме бастайтыны бар. Бибіажар болса, онысы атасының
«қоғамдық малдың» арқасында «атағы шығып, дүрілдеп» тұрған
кезін сағынғаны екенін сезеді, әрине.
Басқасы басқа атасының жанында жүргенде көк жүзінен
құйылып түскен күннін де жарығы мол, айналадағы дүниенің
бояуы да түрлі-түсті секілді еді. Атасы жанында болса, ескі қыстау
түгілі, ай дала, жапан түзде жүз, тіптен мың жыл тұра беруге бар.
Түр-түсінің кімге тартқанын былай қойғанда, орталыққа
көшу мәселесінде Бибіажар, әрине, атасының жағында бола-
тын. Болса болмаса тау шатқалының қуыс-қойнауын аралаудан
жалыққан, тау шатқалы түгілі етектегі өзенінің жағалауындағы
жылтыр тастарға дейін санап тауысқан. «Қоғамдық малдың
көп кезінде» қысы-жазы қыстау жаққа ағылып келіп жататын
кісі аяғы да саябырсып қалған кез. Бұл жоғары класқа көш-
келі төрт деген бағаны естісе төбе шашы тік тұратын «орысша
оқудың түбін тауысқан» апасынан да қайран болмай жүр. Тоқсан
ауыз сөздің тобыктай түйіні — атасы мен апасының арасында
төрелікке жүретін Бибіажардың ықпалымен «орталыққа
көшу» мәселесі жақын арада шешіліп те қалатын болар...
...Сол күні сабақтан соң атасы әдеттегідей тау жаққа тура
тартпай, ауыл ортасындағы кеңсе жаққа ат басын бұрды. Атасына
ілесіп кеңсе жаққа бұрын да талай келген Бибіажар бұрындары
еңсесі биік көрінер кеңсе үйінің алқам-салқам тозып кеткенін
байқап та, сезіп те тұр. Есігіне ірі әріптермен: «Қызылағаш
шаруа кожалығы» деп бадырайтып жазып қойыпты. Қыстай от
жағылмаған сұп-суық бөлменің түкпіріндегі ескі орындықта
сымдай тартылған бастық, атасының сөзімен айтқанда, «опыр
жігіт» бұларды көріп қуанып-ақ қалғаны.
428

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
— Астапыралла, балаңыз бой жетіп қалған ба, жезде? — деп,
атасының да, Бибіажардың да көңілін аулаған болып жатыр. -
Нешінші класта оқисың, жиенжан?..
Атасының көзін ала беріп, Бибіажарға көзінің астымен жаңа
көргендей ұрлана қарайды. Соқталдай жігіттін сонша сұқтан-
ғанынан іш тартып тұрса да, іші түскір «бір ауылды жусатып,
өргізіп отырған азаматтың» өзін елеп-ескергенін, жассынбай тең
адамдай сөйлескенін жек көрмейтін де секілді.
— Қуыс үйден құр шықпа деген... Мына сейфі түскір қаңы-
рап тұр екен, бірдеңе алдырайын ба, жездеке?... Әлде үй жаққа
барып сөйлесеміз бе?...
Мен ол жағына жоқпын ғой... Айтарың болса, күлтілдетпей
айта бер, көкем...
Екеуі бұрыштағы диванға барып жайғасқан; әңгіме
ауанының жылқыға қарай ойысқанын сезіп отыр. Опыр ағай-
дың сөзінен түсінгені — негізінен асыл тұқымды жылқымен
айналысатын ауылдың қазіргі жағдайы қиын. Себебі — басқасын
былай қойғанда ел болашағы үшін аса қажетті асыл тұқымды
жылқыларды жекеге беруге болмайтын көрінеді. Сондықтан
жақын арада жатпай-тұрмай құны алтынмен бағаланатын таза
қандыларды бір орталыкка жинайтын секілді.
— Жабы мен казанаттан қандай қиянат көріпті?
— Оны өздерінен сұрарсыз... Білетінім, осы малдың ыстығы
мен суығын көтерген сіз бен бізге түкте да жоқ, жездеке... Жер
сипап, құрыкұстап каламыз-ау түбінде...
— Сендерді қайдам, ана екі жабағы мен кер бие демесең, өзіме
түк те тимейтінін баяғыда сезгем...
— Мәселе, сонда ғой, ақсақал... Өткен жетіде жылқы сана-
ғын өткізіп, ішіндегі іліп аларының куәліктерін жинап әкетті.
Қолымнан келгені - Грабитті жаздырмай алып калдым...
— Қай Грәбитті айтып отырсың, қарағым...
— Өзіміздің Грабит... Атамыздың тойында бас бәйге алған
Грабитті айтам... Қартайынқырап қалды демесең, Абсенттен
қалған тұяқ емес пе... Абырой болғанда комиссия келген кезде
429

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
аяғы ісіп, қарны шермиіп жүр еді, «мал болмайдыны» айтып
отырып алдым... Бізге қалғаны сол...
— Күлтілдетпей, тоқ етерін айтсаң қайтеді, қарағым... — деп,
атасы мұртын тікірейтті.,
— Тоқ етері — сол Грабитті бір жылдай бағып беруіңіз керек.
Бағып бергенде... жұрт көзінен аулақтау жерде болсадегенім ғой...
Жер басып жүрсем, ақыңызды жемеймін, жездеке...
— Бакпай жүрген мал емес... — деді атасы күрсініп қойып. —
Тек бүгін-ертең ел ішіне қарай жылжысақдеп отыр едік... Бәрінен
де мына балама обал болды өзі...
— Балаңыздан қам жемеңіз, жездеке... Қиналып бара жатса...
біздің үйде жатып-ақ оқиды...
Өзі жайлы сөздерге елеңдей қалған Бибіажар әңгіме
қайтадан жылқы жағына ойысканда, ендігі әнгіменің ұзаққа
созыларын сезіп, ана шеті мен мына шеті атшаптырым бөлме ішін
тамашалай бастаған.
Мына бөлме ішінде бірдеңе жетіспейтін секілді. Сөйтсе...
Бұрындары кірген-шыққан адамға төр жақтан тесірейіп, кірпік
қақпай қарайтын, мандайының қалы бар қасқа бас басшы-
ның суреті көрінбейді. Бір қабырғаны тұтас алып жатқан
сөренің жанына келіп, сықап тұрған кітаптарды қарай бастаған.
Шаң... Шаң... «Күн көсемнің» көк мұқабалы шығармалар
жинағы шаңнан көрінбейді.
Кенет сөренің бұрышынан жұқалтаң мұқабалы өлең кітабын
тауып алған. Бірінші бетінде автордың қолтаңбасы бар екен.
«Аса қадірменді Ағдарбек бауырдың көрсеткен сый-құрметіне
ырзалық көңілмен...» Үлкен қаланың іргесіндегі жылқылы
ауылға күн құрғатпай келіп-кетіп жататын ақын ағалардың бірі
болды. Бетін ашып оқи бастап еді, бас ала алса-шы. Қалыңдығы
жұп-жұқа болса да, іші салмақты екенін бірден сезген: «...
Біздің ауыл сырт жағы көкпеңбек қыр. Көкпеңбек қыр үстінде
көк мелдеп тұр...»
— Жиенжан, бар-жоғымызды ұмытып кеттің ғой... Қызық
кітап па екен?..
— Қызықемес, жақсы кітап...
430

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Өзің оқи бергенше, бізге де естіртіп, дауыстап оқысаң
қайтеді? — Опыр ағайдың мұның әр қимылын бағып, тықақтап
кеткенін жақтырмаса да Бибі әлгінде ғана оқыған өлең
жолдарының әсерінен арыла алмай, өңі ала-бұртып тұрды.
Сәл қипақтап барып, «Тындағыңыз келсе, тыңдаңыз, ағай»,
— деп күмілжи сөйлеп, өленді әрі қарай жалғастырып оқыған.
«Есімде менің есімде, Балқаймақ күндер шайқаусыз, Бұлықсып
бір зат төсіңце, Булығып өсті байқаусыз...» Дауыстап оқуын
оқығанмен, жасөспірім қыздың өңі өрттей қызарып кетті.
¥ялған тек тұрмастың кебімен, — «Жақсы өлең емес пе?» —
деп жаскана тіл қатты.
— Е, біздің сары баланың өлеңі ғой... Арғы жағы қалай еді...
«Қақпақшажағаң күн қағып... Қадалған түймең қатарлай... Төсіңе
сенің ұрланып... Кдраушы едім бата алмай...» дейтін бе еді...
Бибіажар аң-таң. Мынандай өленді шаруаның соңында
жүрген адам түгілі, әдебиет пәнінің мұғалімі де жатқа айта қоюы
екіталай екенін ойлаған.
— Сіз өлең жазасыз ба, ағай?..
— Жазсақ... жазармыз... Сені де өлең жазады деп естіген
секілдімін..
Осы «опыр ағайы» ойын-тойға үйір екен» деген әңгімені
кұлағы шалғаны бар. Жаз ішінде өткен шопандар тойында
домбыра алып өлең айтқанын да көрген; сонда апасының «дау-
сы әйбәт екен» деп тамсанғаны есінде, ал өлең жазатынын...
Бұрындары тосырқап жүретін нағашы ағасына іші жылып тұр.
— Менде... Бірақешкімге көрсеткен емеспін...
— Ренжімесең... Бір өлең оқып берсең қайтеді?..
— Неге ренжимін... Мына ақынның өлендері шетінен түрлі-
түсті екен, мен де түрлі-түсті өлең оқып берейін онда... «Қып-
қызыл шоқты құшақтап, Қызғалдаксайын қыр кезгем, Талықсып
барып құлағам, Құмарым қанбай бір кезде... Беу, қырлар, сенің
өзіндей... Сызады сағым сезілмей...»
— Сұмдық күшті өлең екен... Күшті өлең жарыққа шығуы
керек, көкетай... Қорықпа, қалқам, мына жаман нағашың аман
болса... шаң басқан архивтерде жата қоймассың...
431

К.АЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
— Ойнағаным ғой ағай... Менікі емес, Танабай деген жас
ақынньщ өлеңі...
— Жақсы өленді тану да өнер, жиенжан... Ақын болмасаң
да, ақындарға жақын екенің көрініп тұр... Қазір ақындардан гөрі
сыншылардың наны жүріп тұрғой... Аман бол, қалқам, аман бол...
Баласының бір ауылдың қожасы — «опырдың» өзімен тең
адамдай сөйлесіп отырғанын көріп төбесі көкке жетті ме, атасы
қоштасар сәтте сынып түсті.
— Бір жылға шыдамайтын қой терісі емеспіз... Әкелсең әкел,
балдызжан... Жем-шөбі табылып жатса дегенім ғой...
— Бүгін түннен қалдырмаймын, жездеке... Бауырын келеді
десеңіз болды, ана апамның... бір тоқтысын... Қалған әңгімені
барған соң айтармыз...
Нағашы ағасы әкелі-балалы екеуіне кезек сөйлеп, бұларды
елпілдеп-желпілдеп, есік алдына дейін шығарып салды.
Жылкы тиеген жүк машинасы қыстауға түн ортасында жет-
кен. Рульде — «опыр ағайдың» өзі екен.
— Шопырың кайда, қалқам?.. — деп бәйек болған апасының
қолына зілдей ауыр сөмкені ұстата берді де:
— Көрдім деген көп сөз... — деді машина үстіндегі жылқыны
нұсқап. — Одан да тамақ жағына мығым болыңыз, әпке...
Атасы екеуі машина үстінде дөңкиіп тұрған жалғыз жылқы-
ны түсіре алмай ұзақ әуреленді.
— Байқаңыз, ақсақал... Байқаңыз... Аяғы тайып кетпесін...
— Өмірі жылқы көрмегендей... месқарын жаман биеге
сонша өбектегенің не, қалқам-ау? — деп қабақ шытқан атасына
пысқырып та қараған жоқ.
— Көп сөзді қайтесіз... Осы жаман биеге екеуміздің құнымыз
жетпейтінін білсеңіз, бұлай сөйлемес едіңіз, жездеке...
Жаман бие дегені — қарны шермиген, ұзындығы есік пен
төрдей жылқы екен. Жастайынан мал арасында өскен бала болса
да, ересен үлкен денесі мен құрықтай ұзын мойны демесең,
мына жылқының кісі қызығарлық жерін көре алмай тұр Бибі.
Грабитті жетектеп қора жаққа кеткен екеу сүт пісірім уақыттан
соң оралған. Бибіажар, басқа басқа, атасын бір адамдай білемін
432

К.АРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
деп ойлайтын. Әдетте жер козғалса, қозғалмайтын атасының
төрдегі өзінің үйреншікті орнында тоқмейілсіп отырғанын
көрген соң көңілі біржола орнына түскен.
Бұл кезде дастаркан жайылып, сары самауырның жанын-
дағы өзінің үйреншікті орнына отырған апасы бар билікті өз
қолына алып та үлгерген еді.
— Аталарың қазақ пен қырғызды қатар билегенін былай
қойғанда, сонау Мекке-Мәдинәден ойып тұрып жер алғанын,
сол жерге қүдайдың үйі — мешіт салдырғанын білесің бе, жаман
шірік...
— Естідік кой, әпке... Сол мешітін жердін шеті — қияннан
емес, осы өзіміздің ауылдың ортасына салғанда дұрыс болатын еді
дейміз ғой баяғы...
— Нағашыларың нашар еді... Сонша жылқының ішінен
терісіне ілініп тұрған Грәбиттен баска жылкы кұрып қалып па? —
Мұның қай жеріне қызықтың?
— Мәселе Грәбитте емес қой, тәте...
— Қалай Грәбитте емес, қараң қалғыр... Алған соң айдарынан
жел есетін айғырын алмадың ба?.. Біле білсең, тұқымы асыл
айғырдан жүз, тіптен мын тұқым алуға болады... Ал мына еті
сүйегіне жабысып тұрған кәрі мәстегің көп болса, екі құлын
табар...
Сөзден жеңілген балдызына жаны ашыды ма, әңгімеге атасы
араласты.
— Жалпы қазақтың әйелі ер кісі мен жылқы мәселесіне
араласа бермеуші еді... Сенің осы апаңның түбі шикі болмасын,
балдызжан...
Тұқым мәселесіне ерекше мән беретін апасы шарт кетті.
— Түбі шикі жалғыз мен бе екем... Біле білсең, менің ғана
емес, ана қырғызды билеп отырған патшасының да нағашысы
да, әйелі де қазақ... Шешесі өзіміздің Балтабайға бөтен емес. Ана
жолы шалдың тойына келгенде әйелінің: «апа, апа» деп алдымда
құрдай жорғалағанын өзің де көрдің ғой...
Түн ортасы ауа апасы өзінің күнделікті басты міндеті — төсек
салуға кірісті де, қалған үшеуі далаға шықты. Бибіажар манадан
433

1
К.АЗАК,


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бері апасымен сөз жарыстырып, сыр бермей отырса да, қонақтың
қабағында кірбің барын мана сезген. Салқын ауаға шыққан соң
көңілденді білем, сол қонағы атасын қайтадан айналдыра бастады.
Сөздеріне қарағанда, мәселені екеуара баяғыда шешіп-пішіп
қойған секілді.
— Әпкемнің сөзінің жаны бар, жездеке... Мәселе Грабитте
емес, әрине.. Өзіңіз білесіз ғой, кәрілігі демесең, қазақ пен
қырғызда бұдан озатын жүйрік жоқ... Ұрғашы жылқының ішінде
дегенім ғой... К.ай сайтан түрткенін қайдам, кілең асылдың
ішінен осы Грабитке ықыласым түскені... Паспортын ешкімге
көрсетпей, сейфке салып жүруші едім... Ақыры сәтін салды,
Күдайым...
— Құдайды білгенің дұрыс... Бірақ, бір жаман құлынға бола
сонша шашылғаның артықтау секілді, балдыз... Құдайға шүкір,
біз де бір адамдай мал танимыз...
— Мал танығаны несі... Ғылымды қайда қоясыз... Ветеринар
кезімде доқтырлық қорғаймын ба деген есек дәмемен енесін
қазакы жылқымен шағыстырып едім... Өз қолыммен туғызып
алған төл малым емес пе, Грабит... — Сөзінің соңын сыбырға
айналдырып жіберді. — Жалпы түр-түсі демесең, таза қанды
жылқының алысқа шаба алмайтынын білесіз... Жылқыны алады
деген сөз шыққанда-ақ қам жасаған едім, жездеке... Ипподромға
арнайы барып, барлық айғырдың куәліктерін қарап шықтым...
Сәтін салды, таптым-ау ақыры... Айғыр болғанда, нақ өзі.
Аламанға қатысқан «полукровь» көрінеді өзі... Сосын... айғыр
күтетін қызға... шытырлатып санап беріп... екі түнетіп алдым.
Егер жақын манда... жақын арада... мұның құлынынан озатын
жылқы болса... мені ақымақтың өзі екен дерсіз... Мәселе...
онсыз да бөтен адам емеспіз... ақыңызды жемеймін, ақсақал...
— Әй, ұйықтамайсыңдар ма, «полукровьтар»... Қызым ертең
сабаққа барады, — деген апасының дауысы естілді.
Апасы атасы мен «опыр ағайға» төсекті төргі бөлмеге салған
екен. Екеуі түні бойы дауласып шықты. «Таза қанды...» «Таза
емес — полукровь...» «Қайдағы полукровь»?.. «Ары кеткенде
он-он бес күнде құлындайды...» Дастарқан басындағылардың
434

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
әртүрлі әңгімесі жас қыздың құлағынан көпке дейін кетпей
қойды. Ересектердін әңгімесін байыбына барып терен түсінбесе
де жатаған тамды кыстақтарына алабөтен бір өзгерістің келе
жатқанын ішкі түйсігімен сезгендей. Содан ба, өз-өзінен
елегізіп, дене қызуы көтерілгендей болған Бибіажар сол
жолы жып-жылы көрпенің астында екі көзі жылт-жылт еткен
қүйі түні бойы кірпік ілмей шыққан.
Бойтұмар
Алғашында айналасы мамықтай жұмсақ, толқындай жеңіл
секілді еді, әп-сәтте онсыз да тар дүниенін аясы біржола тары-
лып, тұла бойын тұмшалап, тұншықтырып бара жатты. Тас-түнек
әлемнің қараңғылығы сырылып барып сейілгенде... алдымен
өзіне төне қараған қап-кара құбыжықты, артынан кұбыжықтың
жалт-жұлт еткен жанарын көрген. Көрген... Көргісі келмеді ме
екен, жалма-жан көздерін тарс жұмып ала қойыпты.
Жаңа әзірде ғана жанарын қарықтырып, зәресін ұшыр-
ған өткір шуактан кұтылдым ба дегенде, әлдебір таңсық иіс пен
жып-жылы демді сезініп, көздерін ашып алған. Енді манағы
құбьгжықтың жанарынан мөлтілдеген тұп-тұнық толқындарды
көрді; көрді де өн бойы езіліп, еріп, мөлдір толқындарға шым
батып бара жатты.
Әлденеше рет ұмсынып, ұмтылып, орнынан әрең дегенде
тұрған құлыншақ бұл жолы өзіне жәудірей қарап тұрған
құбыжықтан тіптен де қорыққан жоқ. Тілерсектері дірілдеп,
тәлтіректеген күйде жанына жақындай бере... қызара бөртіп,
енді болмаса жарылып кеткелі тұрған үрпіге бас қойып еді;
тұла бойы балқып, емешесі езіліп сала берген. Дір-дір еткен
аяқтарын бауырына алып, өзінің етене таныс, жеп-жеңіл, жұп-
жұмсақ үйреншікті әлеміне қайта оралғысы да келген. Оралар
ма еді, кім білсін, жанарын қарықтырған жарық, бозалаң
нұр өн бойын тұмшалап, тұншықтырғысы келген тылсым
дүние есігін тарс жапқысы келгендей көз алдында көлбеңдеп
тұрып алған.
435

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Жап-жарық. Айнала түгел жап-жарық. Мына шұғыла жаңа
ғана зәре-құтын қашырған құбыжықтың жанарынан емес,
жоғарыдан, сонау биіктен құйылып тұрғанын тұла бойымен
сезінді. Бұл жолы көк те, жер де, көк жүзінен құйылып түскен
жарық та көкпеңбек еді... Ал танауын қытықтап, делебесін
қоздырған таңсық иіс тұяқтарының астында жаншылған көк
шалғын шөптін исі болатын...
Кенет әлдеқайдан сап ете түскен екі аяқты құбыжық жанына
жақындап келгенде, жаңа әлдегі жап-жарық, көкпеңбек әлемді
қайтадан қоп-қою қараңғылық тұмшалап алды. Енді бірде мойын
тұсынан кептелген ала аркан тұншықтырып, қылкындырып бара
жатты.
«Қой көрмеген қуалап өлтіреді... Өлтіремісің байғұсты,
жынды шал...»
«Өлмейді... «Опыр баланың» не айтқаны есінде ме?.. Біреу-
міреудің көзіне тұсіп қалуы мүмкін...»
Қатпыш қара шал жетекке алып, қатпыш қара кемпір
бөксесінен итеріп, тәлтіректеген боз құлынды үйге әкелгенде,
ас үйде ағаштан жасалған дөңгелек аласа үстел үстіне ертең
болатын сабақтарына керек бүкіл кітапты үйіп қойып, шетінен
тәптіштеп окып, әр-кітапқа шұкшиып отырған қара қыздың
жанары жал-жұлт етіп, бадырақ көздері ұясынан шығып
кете жаздаған.
«Мал көрмегендей, сонша бағжиғаның не, балам-ау...»
«Жылқы баласы да нәзік болады екен ғой, ата. Неткен нәзік!
Қандай әдемі! Сүйріктей сұлу, сүйкімдісін қарашы. Ата, апа, бұл
менің құлыным ғой, иә?»
Туғалы бетін қағып көрмеген, Құдайдан бір сұрап, адамнан
екі сұрап алған жалғыздарының көңілін қалай қайтарсын, қос
жарықтық. Екі қария, көңілі жарым қос мұңлық аяқ астынан
қалбалақтады да қалды:
«Әрине, сенікі балам. Бұл жаман кұлын сенікі болмай, кімдікі
деп ең... Сенін, сенің бәсірең», — десті атасы мен апасы Бибіге
қосарлана жауап беріп.
«Атадесе, атын Талисман қойсам қайтеді?..»
Неге екені белгісіз, атасы бұл жолы үндеген жоқ.

ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
«Өзің білесің, балам... Тәлісманнан басқа дұрыс ат құрып
қалып па?»
«Онда Тайбурыл... немесе Кұлагер деп атасақ қайтеді?»
Атасы тағы да үндеген жоқ.
«Әй, жамандық шақырма... Құлагеріңнің басы қайда қалға-
нын білесің бе?»
Бибіажар Құлагердің басы кайда калғанын білсе де,
Тайбурылдын басының қайда қалғанын білмейтін еді, бір сәт
тосылып қалғаны. Кендебай атасының Керқұласынан бастап,
ауыл-елге аты белгілі жүйріктерді іштей санамалай бастағанда,
апасы құтқарды.
«Атасы-ау, балаң құрлы ақылың жоқ... Бөкентайдың Тәліс-
ман деп отырғаны Бойтұмар емес пе?..»
Атасы да берілер емес.
«Күніне бір қап сұлы жейтін Грәбиттің тұқымын мойныңа
тұмар етіп тақсаң, жетісерсің...»
Бәрін біліп, бәрін сезіп отырған Бибіажар бұл жолы апасынын
ығына жығылуды қолай көрген.
«Талисман деген жақсы ат... Бойтұмарды адамның да, аттың
да мойнына тағуға болады ғой, ата».
Атасы үндеген жоқ.
«Сен Бойтұмар десең, Бойтұмар болады ғой, балам... Кіп-
кішкентай бойтұмарым әншейін...»
Қашан да атасы үшін жауап беретін апасы енді «өзіне тартқан»
баласын айналып-толғана бастаған.
Бұл кезде жатаған жер үйдің алдындағы бір астау сүтке бас
қойған Бойтұмар сонадайда жанары боталап өзіне қарай ұмсына
берген төрт аяқты құбыжықтың өз енесі екенін танып тұрды.
Бибіажар мен Бойтұмар
Тау қойнауындағы ескі қыстауда Бойтұмар пайда болғалы
уақыт дегенің зымырады дейсін... Бұл енді бәрі-бәрі сонау
жоғарыдан шешілетін уайымсыз уакыттың ауылы алыста қалған
кез еді.
437

1
К.АЗАК.


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Осыны сезгендей тау шатқалының қуысындағы ескі қыстауда
тұратын шағын отбасының әр мүшесі өз міндеттерін қайта
бөлісіп алғаны қызық. Қашан да шаршау-шалдығуды білмейтін
апасы бұрынғысынша отағасы үшін, яғни атасы үшін жауап
береді, ал бұрындары ескі қыстаудағы қора-қопсы, мал-жан мен
Бибіажар үшін айдың-күннің аманында әбіржіп, мойнынан су
кетіп жүретін атасының арқа-басы кеңіп қалған. Өйткені, бұл
кезде Бибіажар өзінің, апасының сөзімен айтқанда, «толықсып
толған бойжеткен» екенін; ендеше өзі мен атасы үшін ғана
емес, «бір үйлі жан бетіне қарап отырған» Бойтұмар үшін де
жауапты екенін зердесіне мықтап түйген.
Соңғы кездері іңір қараңғылығы түскенше үй бетін көрмей
атасымен бірге мал жайғайтын болды. Мұндайда ең алдымен
Бойтұмардың бабы табылады. Өйтпей ше... Бәсіренің аты —
бәсіре. Әрі ол шал-кемпірдің мандайына басқан жалғызы,
еркетотай Бөкентайдың, — Бораштың, Бурабайдың — Бибінің
құлыншағы болса, бабы табылмай қайтсін. Апасы ә дегеннен
Бойтұмарға деп сыртын оюлап сұр кенептен ықшамды атдорба
тігіп берген. Атасы алма ағаштың түбірінен оймақтай ер шапты.
Сүп-сүйкімді кішкентай ердің басында әлеміштеген өрнегі
мен жарқырауық тасы да бар. Жүген, ноқта, ертоқымын да
қайыстан, былғарыдан қиып, шет-шетін күміспен оймыштады.
Бұған қоса қырғыз өрім тобылғы сапты қамшысы да бар, қойшы
әйтеуір бір тұлпардың ат әбзелі сайма-сай.
Атасынан апасы да қалыспаған. Кіл пүліштен қиықтап
құрап, жүні көпсіген аткөрпе, оюлы жабу басып толыктырды
Бойтұмардың жабдығын. Атасы «Құлыншағыңа бересің,
балам» деп, есік алдында иін тіресіп, бітісе өскен жабайы алма
ағаштарынан жерге бытырлай түсіп, нөпір боп жатқан жемістерді
майдалап турап, қорада түкпіріндегі жабық астауға апарып
бұктырып койған. Осы жемнің кос уысын атдорбаға салып, күн
сайын Бойтұмарын жемдемей, Бибінің көңілі әстк көншімейді.
Бұған Бойтұмар да дәніккен. Қолаң шашты қаршадай қара қыз
түрлі-түсті көйлегінің етегі делендеп, көбелектей ұшып-қонып
өзіне қарай жүгірісімен ұзын сирақ құлыншақ иесін танып,
438

ҚАРЛЫҒАШТЫҢҰЯСЫ


К.АЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
оқыранып, сонадайдан сыбызғыдай нәзіккоңырау үнімен сыңғыр-
сыңғыр кісіней жөнеледі. Бибі болса құлынын бір қолымен
мойнынан аялай сипалаған күйі тәтті қиялдың жетегіне қалай
ергенін білмей де қалады. Расында дәл осы мезет қос қарияның
әздегі — мына қара қыздан бақытты, одан асқан қамсыз-мұңсыз
ешкім жоқ. Ал ерке қыздың еркебұлан құлыны Бойтұмар болса
Қыз Құртқаның Тайбурылынан әсте кем емес.
«Пәтшағар, күні бойы не қарнын тойғызбай не бітірген
бұл, дым көрмегендей жаландауын қарашы... Бөкентай-
дың атдорбасындағы жемді түгеспей, құлынына да, өзіне де
тыным жоқ, баламысың деген» — десіп, кемпір мен шал есік
алдындағы ағаш сәкіде шүңкілдесіп, шүйіркелесіп отырады.
Дастарқанға алдымен екі иінінен дем алған сары самауыр жетеді,
кебежінң құлпы ашылып, құрт-май, сары бауырсақ, мейіз бен
жент, ірімшік, науат келеді. Тәттілердің әр бірінен бір шокып,
жайпақ табақтағы буы бұрқыраған астан асықпай алып отырып,
құлыншағын жайғап болған соң қатарға қосылған Бибінің
малшының, оның ішінде нағыз жылқышынын баласына тән
малсақтығына, атасынан үйренген атбегілік рәсімдерін құлды-
рандап қаз-калпында қайталап жүргеніне таң қалып, тамсанып,
іштей шүкіршілік етіп отырады.
Күн ұясына батып, тау ішінде қаракөлеңке ұялаған шакта,
бірінші міндеті — үй тапсырмасын орындап болған соң, екінші
міндетіне — атасы мен апасына бар дауысымен мәнерлеп кітап
оқып беруге кіріседі. Бибіажардың дауысы әдемі, Бибіажардың
дауысы қоңыраудай сыңғырлайды.
«Айналайын, торыша ат,
Төрт аяғың сом болат,
Қолтығыңда қос қанат.
Жалғызымдай көргенмін,
Көңілің өсіп турсын деп,
Жал-қуйрығыңды өргенмін.
Тугіңе жумсақ болсын деп,
Маңпалдай жабу жапқанмын.
439

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Мойныңа жумсақ болсын деп,
Жібектен арқан таққанмын.
Тілден аман болсын деп,
Молдадан тумар таққанмын».
— Ойбуй, тұмарын... тұмарын ұмытыппын ғой... Менде не ес
қалды дейсің! — деп, апасы санын соғады.
— Соны жана білдің бе? — дейді атасы мұртын ширатып.
— Тұмарды айтасың ба?
— Қайдағы тұмар?.. Сенің ақыл-есінді айтам да...
Бибіажардың дауысы әдемі.
«Шапқанда жеңіл болсын деп,
Қар тоқты сорпасын
Қайнатып саған бергенмін.
Тісіңе жумсақ болсын деп,
Арпа менен сүлыны-ау,
Қайнатып сутке бергенмін».
Бибіжардың дауысы әдемі, Бибіажардың дауысы қоңырау-
дай сыңғырлайды. Қора жақтан Бойтұмардың қоңыраудай сыңы-
ғырлаған дауысы естіледі.
Бибіажар мен Ағдарбек
Бұрындары орталық жаққа аңсары ауып тұрушы еді, ескі
қыстауда Бойтұмар пайда болғалы мұғалімнің сағыздай созған
сөздері мен мектеп қоңырауының дауысынан гөрі құлынша-
ғының қоңыраудай сыңғырлаған дауысын сағынатын болып
жүр. Қырсыққанда соңғы кездері атасының ыңқыл-сыңқылы
көбейіп, айлап-апталап төсек тартып жатып алатынды шығарған.
Ондайда бар салмақ апасына түседі, әрине.
Үлкен кісілердің жағдайын ойлайтын болар, көбіне-көп ескі
қыстауға «опыр ағайдың» өзі апарып тастайтын болған. «Атшана
жақсы ғой» деп ойлайды ондайда, «дегенмен асыққан кезде
440

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
зырлап тұрған машинаға не жетсін...» Ана бір жолы... Ауылдан
ұзап шыға бере ағайы:
— Атқа міну жағына қалай едін? — деген бетіне сыр тарта
қарап.
— Аламанға қатыспасақта, ауыл арасында шауып жүрміз ғой...
Сол сол-ақ екен, Ағдарбек ағасы машинаны жол шетіне
апарып тоқтатты.
— Машинажағына қалайсың?.. Жүргізіп көрсең қайтеді?..
— Жүргізбейтін несі бар... Аттан қиын деймісіз...
Айтарын айтса да алғашында бір сәт жүрексініп қалған;
өзінің қызарып кеткенін сездіргісі келмей, теріс айнала берді.
«Айтылған сөз атылған оқ» дейтін бе еді, апасы... Енді екеуі орын
ауыстырған, жүрегін тоқтатып рульді ұстауын ұстағанмен, аяқ
астындағы тежегішке қарап, көңілі қайтып-ақ қалғаны.
— Сол да қиын болып па?.. Кел, алдыма отыр... Әп-сәтте
үйреніп кетесің...
Шынында да Ағдарбек ағасының алдына отырып алып,
рульді қос қолдай ұстаудың оншалық қиындығы жоқ екен-ау
деп ойлаған; сол сол-ақ екен жеңіл машина ойлы-қырлы қос
табан қара жолдың шаңын аспанға атып кұйындата жөнелген.
Ашық әйнектен ескен сипама самал тұлымын желбіретіп ойнай-
ды, ойнақшыған жүрегі атқақтай соғып, аузына тығылады. Ес
біліп, етек жапқалы бір-ақ рет басынан кешкен... иә... иә, алғаш
рет ат жалын тартып мінгенде басынан кешкен соншалық таныс,
соншалықетене сезім еді бұл.
¥шып келе ме, ұшыртып келе ме; қыр басына қалай
көтеріл гендері есінде жоқ. Сонадайдан қарауытып, ескі қыстаудың
сұлбасы көрінгенде ғана есін жинаған. Манадан бері мұны екі
иығынан қапсыра кұшақтап отырған ағасы рульді өз қолына
алды да, машинаның жүрісін тежеп, жол шетіне апарып тоқтатты.
Куанған мен қорыққан бірдей, өзінін өрттей қызарып кеткенін
сезген Бибіажар бетін қос қолдай басқан күйі үн-түнсіз отырып
қалған. «Ұят-ай!..» «Ат үстінің бір адамдық желі бар» дейтін
атасы, жүрдек машинаға міндім екен деп жоқ жерден алағызып,
арқаланып, ес-түстен айырылғанына қысылған. Манадан
441

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
бері бойжеткен басымен ағасындай адаммен тізе түйістіріп
келіпті... «Қап, әттегені-ай!...»
Жалма-жан жанындағы бос орындыққа қарай ысырыла
берген. Өзімен иық теңестіріп отырған сәтте өн бойы бір ысып,
бір суыған Бибіажардың өрекпіген көніл күйін тамыршыдай дәл
басқан әккі жігіт қыздың бетіне көз алмай ұзақ қараған.
— Неге қарайсыз, Ағдарбек аға?.. Әлде бірдеңе айтқыңыз
келді ме?
Қыздың қараторы өңіне қызылкүрең бояу жүгіріп, көздері
боталап сала бергенін сезген жігіт:
— Бұдан былай аға-аға дей бермей, Ағдарбек деп атасаң,
шынымды айтар едім...
— Онда шыныңызды айтыңыз... Әйтпесе, бұдан былай «опыр
аға» деп атайтын болам...
— Баяғы өлең есінде ме, қалқам... — деді Ағдарбек Бибіажар-
дын таспадай өрілген бұрымынан сипап тұрып.
— Қайсы өленді айтасыз?..
— Біздің кеңседегі өлең... «Қақпақша жағаң күн қағып,
қадалған түймең катарлай. Төсіңе сенің ұрланып, караушы едім
бата алмай...»
— Бүгін батылыңыз жетіп қалыпты ғой...
— Шынымды айтсам... Сені өлердей сағынып қалыппын...
Жаңа ғана бетіне балалық әуестікпен қарап отырған Бибі-
ажардың түрі өзгеріп сала бергенін көріп, қолдарын тартып
алуға асыққан. Бұрындары байқатпай талай рет сипаған бұрымы.
Бұрымды былай қойып алдына отырғызып алып еркелеткенде
де, былқ етпей отыра беретін қыздың бүгінгі қылығында бұрын
сонды байқалмаған бір өзгеріс барын өне бойымен сезін-
ген. Мұнысы жақсылық па, жамандық па, сол жағын түсіне
алмай отырған жайы бар.
— Шынымды айтсам, сені өлердей сағынғаным рас... — деді
сөз аяғына салмақ сала сөйлеп.
— Бос сөздің керегі не, мені емес, Бойтұмарды сағынған
боларсыз...
442

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Сөз төркінін түсінетін әккі жігіт кызара бөртіп, іштей
қыстығып отырған қыздың... иә... қыздың мына сөздерін
жаксылыққа жорыған. К,үп-құйтакандай деп жүрсе, бәрін
білетін, бәрін сезетін, іші қу қыздың сөз саптасы еді мынау. Әлде
емексіген көңілге осылай көрінді ме екен?
— Жүрмейміз бе, Ағдарбек... аға?..
Құлаққа түрпідей тиер «ағадан» гөрі «Ағдарбекке» салмақ сала
сөйлегеніне іші жылып қалған.
— Машинанды жүргізбейсің бе? — деді бұл да «машинанды»
деген сөзге салмақ сала сөйлеп.
— Жоқ... Тағы да алдыңызға отырғызып алғыңыз келеді ғой...
Бұл жолы «іштен біліп туатын заманда» дүниеге келген ку
қыздың әр сөзіне салмақ сала сөйлегенінен іш тартып қалған.
— Машина ұнамаса, атқа мінуді үйретер едім...
— Машинаға үйренген адам жылқыны қайтсін... Сіздің біздің
үйге Бойтұмар үшін келетініңізді білмейді дейсіз бе?...
Туғаннан жылқы арасында өскен баланың сөзіне сенбеске
амалы жоқ еді.
— Бойтұмар дедің-ау... Бойтұмарға да мініп көрдіңбе?
— Иә... Сіздің мені емес, Бойтұмарды сағынатыныңызды
баяғыда білгем...
Баска басқа жылқы мен әйел мінезін бір адамдай ажыратамын
деп ойлайтын Ағдарбек бәрін де түсінген. Бірақ, тілі мен жағына
сүйеніп, әр сөзімен өзін тығырыққа тірей берген шынашақтай
қара қыздың алдында абыройын түсіргісі келмеген.
— Бойтұмар екеуміздікі емес пе? — деді сөз аяғын жұмсарта
сөйлеп.
— Бойтұмар... Бойтұмар, әрине, екеуіміздікі емес...
— Неге, көкем-ау...
— Өйткені... мен сіздікі емеспін ғой...
Басқа басқа қазақтың құйтырқы сөзінің түбіне жеттім деп
жүрген жігіт тілін тістеді. Мұндайда арандап қалмаудың жалғыз
жолы — үзіліс ұстау екенін білетіндіктен, кілт іздеген болып,
қалтасын ақтара бергені есінде.
443

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
...Төбе басынан құлдилай құлаған машина тоқтаған бетте
жатаған үйдің есігі сықырлап барып ашылды да, сыртқа... апасы
емес, атасы шықты. Шыжыған ыстықта да үстінен сырмалы
шапанын тастамайтын атасы.
Көрмегелі оншақты күн өткен, сағынып қалыпты, құстай
ұшып барып мойнына асылып еді, тәлтіректеп құлап қала
жаздағаны.
— Бойың сорайып... Таптап кете жаздадың ғой жаман атанды...
— Апам... Апам көрінбейді ғой...
— Жаман апанды құдай алар деймісің... Мал жайғап жүрген
шығар...
Көп ұзамай қора жақтан апасының төбесі де көрінген.
Әшейінде барын киіп, бойын күтіп жүретін «ақсүйек» апасының
белін қайыс белбеумен шарт буынып алған түрін көріп күлкісі
келген.
— Құлыным менің... Құлыншағым менің...
— Құлыншағым дейсіз... Менің құлыншағым көрінбейді
ғой...
— Құлыншағың қайда кетер дейсің... Өзі дардай болса да, кәрі
енесін айналшықтап шыға аламай жүрген жаңа әлде...
Көп ұзамай басқалардың үйге кіруін тосып тықыршып
тұрған Бибіажар қора жаққа қарай құс болып ұшқан. Зілмауыр
қақпаны әрең дегенде ашып ішке кіргенде, Грабит ұзын
мойындарын тіктеп, кісінеп-кісінеп жіберді. Таныды білем,
енесінің бауырына жабысқан Бойтұмар ұзын мойнын көтерген
бетте кұлақтарын қайшылап, бір орында шыр айналды. Иесі
жоқта қараңғы қораға қамалып іші пысқан шығар, артынша
күн нұры құйылып түскен ашық есікке қарай ұмтылған. Анадай
жерге барып иесі жаққа көздері боталай қарап аз тұрған соң, өзен
жаққа қарай шапқылай жөнелген.
¥зап барып соңынан ерген иесін тосып алған құлыншақтың
мөлтілдеген жанарына көзі түскен Бибіажар бәрін де түсінді. Екеуі
енді тізеге жетер көк шалғынды таптаурын етіп, өзен жарқабағына
дейін қатарласа жүгірді.
444

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Жер де, көкте, сылдыр қағып, сонау төменге, төмендегі ауылға
қарай асыққан тау өзені де көкпеңбек еді. Доп-домалақ алақандай
жанары жарқ-жұрқ етіп өзіне боталай қараған Бойтұмардың
жанары да көкпеңбек екенін Бибіажар бұрын қалай байқамай
келген десеңші. Байқаған соң жұп-жұмсақжып-жылтыр жалынан
сипап, құлағының түбін қасығысы келіп ұмсына берген. Кеше
ғана епетейсіз сирақтары сынып кете жаздап, қалт-құлт еткен
құлыншағының құлағын былай қойғанда, жалы түгілі өресіне
қолы әрең жеткені. Сонда екі жасқа толмаған Бойтұмардың
ай санап, жыл санап емес, күн санап, тіптен сағат санап өсетін
болғаны ғой.
«Әрі-бері журген соң,
Астындағы торы аттың
Алқа айылы алқылдап,
Куйысқаны сартылдап.
Ауызынан аққан ақ көбік
Омырауында жалпылдап.
Өмілдірік жарқылдап.
Тақымының астында,
Ор қояндай бултылдап.
Журген сайын торы бесті ат,
Тірі сынаптай сылтылдап.
Басын тартса, торы аттың,
Бөксесі кетті бултылдап».
Сағат санап өсетін Тайбурылдың шабысын оқып бергенде,
басқа басқа жылқы малының қасиетін бір адамдай білетін атасы
әрбір сөзді қостап, қостап қана емес-ау, коштап та отырушы
еді. Бибіажар болса өзінің сыңғырлаған дауысымен: «Тайбурыл
сонда гуледі, табаны жерге тимеді. Тіктеп тиген табаны,
көлденең жатқан көк тасты, саз балшықтай иледі...» деп алып,
атасынын бетіне сұраулы жүзбен қарайтын. «Бірдеңе айтқың
келді мен, күнім?» «Табаны жерге тимесе, көк тасты қалай илейді
дегенім ғой...»

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
«Ішуіне суы ащы,
Жатуына жері тар,
Тау менен тас қызыл жар,
Онан да өтіп жөнеді.
Күдір-күдір күдір тау,
Түйе мойын иір тау,
Қыз емшекті к,иын тау,
Басы биік қиыр тау,
Бүдан да өтіп жөнелді,
Батпак, көлдің басынан,
Баса жортып жөнелді.
Асу-асу белдерден,
Аңызақ қаңңан шөлдерден.
Аса жортып жөнелді.
Күдір-күдір күдір тау,
Көзі шыққан бүйір тау
Қиялап шауып жөнелді».
Кітаптың сөзіне сенетін Бибіажар кішкентай бала, әйтпесе
атасы мен апасы секілді шал-кемпір емес қой, Бойтұмардын
Тайбурыл емес екенін біледі, әрине. Бірақжаксы болсын, жаман
болсын, осы бір ұзын сирақ құлыншақты ешкіммен ортақ-
таскысы жоқ. Бойтұмар... Өзінің бәсіре Бойтұмары... Осыны
сезгендей өзін айналшықтап кете алмай жүрген кұлыншағына
қарап, іші бауыры елжіреп тұрса да, ойынан «опыр ағаның», жо-
жоқ... Ағдарбек ағаның айтқан сөздері кетер емес. «Бойтұмар
екеуміздікі емес пе?..» Сонда Бибіажардың бәсіре құлыншағы
қалайша Ағдарбек ағанікі болады?..
Бәсіре... Болса болмаса Бойтұмардың мұның бәсіре кұлын-
шағы екені анық. Бибіажардың кішкентай күнінде, яғни атасы
айтқандай «қоғамдық малдың мол кезінде», таңалакеуімнен ана
ескі қыстаудан көп жылкы шұбырып шығатын. Жайылымға
асыққан сол жылқы тар капастан құтылғандарына куанғандай
шұркырай кісінеп, жолшыбай жолыққан бейсуат адам түгілі,
машинаңның өзін тапап кете жаздайтын еді-ау...
446

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Есіктің алдындағы желіде көздері мөлт-мөлт етіп кұлыншак-
тар тұрады. Сол кезде: «Мына құлын кімдікі?» десе, — «Бибіажар-
дын құлыны...» дейтін еді атасы. «Мына тайдың түр-тұрпаты
бөлек-ау...» десе, — «Бибажардың бәсіресі емес пе?..» дейтін
еді апасы.
Бұл кездері оңы мен солын танып қалған көзі карақты
қыз соңғы кездері бар дүние, бар әлем өзгеріп бара жатқанын
атасы мен апасының қас-қабағынан-ақ сезетін. Оку жағына
келгенде мектептің алдын бермей келе жатқаны бекер емес қой,
сол өзгерістердің себеп-салдарын білетін, түсінетін де секілді.
Біліп, сезіп қана қоймай, сол себеп-салдарды «қараңғылау»
атасының күңкілі демесең, «оқудың түбін тауысқан» апасының
сөздеріне құлақ коя жүріп, бұл өзгерістерді іштей мойындап
та койған. Ең бастысы күндердің күнінде сол өзгерістердін
мұның жалғыз бәсіресі Бойтұмарға қатысы болар-ау деп
өмірі ойласа-шы...
Бұл кезде иесінің көңіл-күйін кабағынан сезетін кұлыншак
айналшықтап кете алмай жүрген.
«Сен кімнің бәсіресісің, Бойтұмар?..»
Бойтұмар болса- ұзын мойындарын қаздай иіп келіп,
алаканын иіскегені.
«Ағдарбек ағаның... жо-жоқ, Ағдарбектің менің бәсіремде
несі бар, Бойтұмар?..»
Алақанының қытығы келген соң, қолын тез тартып ала
қойған. Таза ауаға шығып, бойы сергіген Бойтұмар болса,
ойнағысы келді ме, қайта-кайта сүйкеніп, жанынан кетер түрі
жок.
Бойтұмар... Бойтұмар — өзінің бәсіресі... Ағдарбек ағасының
да, апасынын да, тіптен атасының да емес, өзінің, тек қана
өзінің бәсіре құлыншағы. Кенет көңіл түкпірінен қырсықтау,
қыршаңқылау ойдың жылт еткені. «Ендеше... өз бәсіремді өзім
ғана мінуім керек». Алғашында өз ойына өзі қуанып кетсе де,
жанында дөңкиіп тұрған жылқыға... иә, жылқыға қарап бір сәт
жүрексініп қалды. Кіп-кішкентай құлыншағының үп-үлкен
жылқыға айналғанын қалай ғана байқамай келген десеңші!..
447

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ұмсынған қолы жалы түгілі, өресіне жетпейтінін көріп тұр. Қазір
қасында атасы болса: «қолдан емізген құлынның тай болғаны
білінбес» дейтіні анық еді. Атасының жанында жүріп талай
тайды бас білдірген Бибіажардың өз меншігі, өз бәсіресінен
жүрексініп тұрғаны несі?..
Мұның ішкі ойын сезгендей, басын төмен салып қимылсыз
тұрған Бойтұмарға қарай бірнеше рет ұмсынып, өкшесін қанша
көтерсе де, тұрқына бойы жетпей қиналды. Кенет дәл жандарында
дөңкиіп жатқан қой тасқа көзі түсіп қуанып-ақ кеткені. Тасқа
шығып алған сон, дәл жанында тықыршып тұрған Бойтұмардың
жалынан тас қылып ұстады да... көздерін тарс жұмып...
Бір қараса, Бойтұмардың мойнынан тас қылып ұстап
алыпты. Құлыншағының мойнының тіп-тік, ұп-ұзын болғаны
мұндай жақсы болар ма? Алғашында тұла бойы қалтырап,
қалшылдап, күлте жалы дір-дір еткен Бойтұмар енді бірде көк
шалғынға малынған ашық алаңқайға қарай ышқына жөнелді.
Топ-топ тиген тұяқтардың астында шыр айналған шалғынға
қарап еді; басы айналып, көз алды қарауытып сала берген.
Екі көзінен парлап аққан жас түк көрсетпей жіберген. Тұяқты
көмген көк шалғынды таптаурын етіп арлы-берлі шапқылаған
Бойтұмар жалт бұрылғанда, ауып барып, әрең оңалды.
Құлыншағының жұп-жұмсақ мойнына қайтадан қолы тиген
соң, Бойтұмардың шабысы біршама жайлы екенін сезіп, көңілі
орнына түскен. Атқа жайдақ мінгені алғаш рет; қорықты ма,
қорланды ма өзі де білмейді.
Бір қараса, мана бір әлде жапырайып тұрған жер тамның
қарасы көз алдында үлкейіп, есік алдында қарауытқан үш сұлба
зорайып сала беріпті. Өзіне қарай құстай ұшып келе жатқан апасы
болар, әрине. Шапқылаған күйі апасының жанынан өте шыққан
Бойтұмар үйге жақындай бере жүрісін бәсендетіп, атасының
жанына жетіп жер тарпыды. Арт жағынан: «ақымақ-ау, ақымақ...»
деген апасының ащы дауысын естіді.
— Ақымақ... — деді соңынан сүрініп-қабынып жеткен апасы
ат үстінде көздері бақырайып отырған қызына қарай ұмсына
448

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
беріп, — Екеуің де ақымақсың... Ақымақ болмасаң — бас білмеген
жылқыға жайдақ мінуші ме едің...
— Жылқысы несі, Бойтумар әлі кұлыншақемес пе, апа?..
Бұл кезде мұның Бойтұмары ұзын мойнын қайта-қайта
шұлғып қойып, атасының қолындағы жем салған атдорбаны
иіскелеп тұрған.
— Өзің ақымаксың, кемпір... Жарты өмірін жылқы соңында
өткізген Әбдібайдың ұрпағы аттан жығылады дегенге кім сенеді...
Бір байқағаны, соңғы кездері қашан көрсең мұң үйіріліп
тұратын атасының жанарына жылт ұялай қалған екен. Елпіл-
деп, желпілдеп жүрген үлкен кісілердің қабағын бағып тұрған
Ағдарбек ағасының не ойлағанын білгісі келіп көз жүгірткен;
қаны қашып, сұп-сұр болып кеткен жүзінен қорқыныштан
басқа сыр ұшқынын байқай алмай дал болды.
«Төбесінің тесігі бар» Бибіажар бәрін де түсінді. Иә, ағасының
қорыққаны, өлердей қорыққаны анық. Ең бастысы, кім үшін
қорықты десеңші?.. Әшейінде жер қозғалса қозғалмайтын, үп-
үлкен азаматтың мына кейпіне қарап күлкісі келген. Неге екенін
кайдам, осынау күтпеген көріністің өзіне ұнап тұрғанын сезіп,
іші қылп етті. «Қорықты.... Құлай ма деп қорықты....», — деді
ішкі ойы. Бұл ойының да өзіне ұнайтынын ойлап ұялып қалды.
«Бәлкім, Бойтұмар үшін қорыққан шығар...» Бұл ойы ұнаған
жоқ, әрине.
— Барлық пәле сенен, жаман шал... — деді апасы. — Қаршадай
құлынды желіктірсең де, қаршадай қызды желіктіретін жөнің
жоқеді...
Сөз аяғы насырға шауып кете ме деп еді; атасы енді миығы-
нан емес, мұртынан күліп тұр екен.
— Қоймадың ғой, әй кемпір... Біздің баланы жұрттын етегіне
сүрініп жүрген жаман қыздарына, біздің Бойтұмарды каймана
қазақтың шоқырақтан басқаны білмейтін көп жылқысына
теңеме... Түптің түбінде сен екеуміздін атымызды осы екеуі
шығарады. Қара да тұр сенбесең...
Жеме-жемге келгенде атасының ырқынан шыға алмайтын
апасының жүні жығылып-ақ қалыпты. Онысын сездіргісі келмей,
449

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
өз-өзінен бұрқылдап әлденелерді айтқан болады. Кемпірінің
көңіл-күйін сезе қойған атасы:
— Сендердің Рәбиға деген апаларың ана Жәкеңнің тойында
атқа шауып, бас бәйгеалып едіғой... Біздің бала сол Рәбиғадан кем
дейсің бе?.. Оның үстіне өзі сенің қызың болса... — деп, кемпірінің
ығына жығыла кеткен.
— Рәбиға... Рәбиға апайың дейді маған барып... Қайдағы
апай... Ол екеуміз түйдей құрдас болатынбыз.
— Е,солай маеді... Менапайыңекендепжүрсем... —деді атасы
шырт түкіріп қойып.
Жас салыстыру жағына келгенде төменшіктеп қалған апасы:
— Қайдан білейін... «Байтал шауып бәйге алмасты» шығарған
мен емеспін ғой... — дегенде, дауысы біртүрлі бәсең естілген.
— Мұның рас, өтірігін кім білген, қазекем де айтқыш-ак
қой, ал жылқының байталы анау деген айғырыңа шаңын да
көрсетпейтінін көріп жүрміз ғой... Сондықтан менің балама тиісе
берме, кемпір.
— Қаршадай құлынның қан сорпасын шығарған сон айтып
жатқаным болмаса...
— Қайдағы құлын... Біздің Бойтұмар бір жарым жаста демесең,
қазірдің өзінде анау-мынау құнанынды жолда қалдырады..
Білмесеңмынаоқудыңтүбінтауысқанініңненсұрапал... Акшаның
қадірін білетін пәтшәғар ғой, мен бірдеңе білсем, қазірдің өзінде
бәйгеге қосқысы келіп, алақаны қышып жүр...
Қыза-қыза өзінің артығырак кетіп қалғанын сезді ме:
— Бізді қойшы, Ағдарбек інің екеуің секілді асыл түқым-
нан емеспіз... — деді Бойтұмардын сауырынан қағып. — Қарша-
дай құлынның қан сорпасын шығарыпсың ғой... Бар қызым,
суытып әкел...
Сол сол-ақ екен, манадан бері тықыршып әрең тұрған
Бойтұмар орнынан ытырына қозғалып, тау жақты бетке алып
шапқылай жөнелген.
Бәрі дұрыс, бәрі орынды секілді еді. Болған-біткен оқиғаға
түсіне алмай дал болған Ағдарбек қана.
450

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
«Үндемей жүріп мына шалдың пәлесін қарашы. Арнайы білімі
болмаса да Бойтұмардың ата-тегін де, мұның ішкі ойын да дөп
басып тұрғанын көрмеймісің...»
Көк шалғынды белуардан кешіп, арлы-берлі аяндап жүрген
Бойтұмар мен Бойтұмардың үстінде қаққан қазықтай қатып
отырған Бибіажардың соңынан таңдана қарап қалыпты. Ақшасы
түскір қайда кетер дейсің, мына құлынды жасырып ұстаған себебі
— алдағы әлем казақтарының құрылтайына салып, аумалы-
төкпелі заманда аумалы-төкпелі абыройды бір түгендеп алам ба
деп жүрген. Мына қу шал мұның сол ойын сезіп қалған болды.
Өз-өзінен көңілі құлазысын. Өзара тәжікелесіп тұрған
шал мен кемпірдін көзін ала бере машинасына барып отырды.
Үйден ұзап шығып төбе басына көтерілген соң машинасын
тоқтатып тысқа шыққан. Көкжиекке қарай қызара батып
кұлаған күн шапағына шағылысқан тау шындарының ақ қар, көк
мұзына карай алмай көзін тайдырып әкетті. Тау шатқалының
қойнау-қолатын тіміскілеген қаракөлеңке ашық алаңқайға
қарай құлап келеді екен.
Ашық алаңқайда арлы-берлі ойқастап салт атты жүр.
Жапырайған жер тамның алдында қарауытқан екі сұлба. «Қисыны
кеткен тірлік болды» деп ойлаған. «Кьірғыздан қаңғып келген
жаман шал... Бойтұмарды меншіктеп, өзіне теліп сөйледі-ау...
Бойтұмар да сонікі... Бибіажар болса болмаса... Түптің түбінде
жанын жалдап, өзін алдап жүрген...»
Енді бір қараса, Бойтұмар мен Бибіажар қора жаққа қарай
шапқылап барады екен. Өзін-өзі қанша жұбатқысы келген-
мен, бұл дүниеде Ағдарбектің бар екенін біржола ұмытып,
ашық алаңқайда алакайлап жүрген қаршадай қыз бен қаршадай
құлынды бір-бірінен бөліп қарай алмасын сезіп те, біліп те тұр.
Төбе басында жападан-жалғыз қалшиып тұрып, қарсы
алдында ойқастап жүрген екі сұлбаға ұзақ, ұзақ қарапты.
Осы сәтте жаны жасып жүрген жігіт жер бетіндегі ең жақыны
мен екі жанашыры осы екеуі екенін іштей мойындап та тұрған.
Шапқылап жүр Бойтұмар... Шапқылап жүр Бибіажар...
451

1
К.АЗАҚ


БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Екі арасы әудем жер болса да Бибіажардың атқа отыры-
сында мін жоқ екенін көріп те, сезіп те тұр.
Ал Бойтұмардың шабысында мін жок еді...
Бойтұмардыц шабысы
...Бойтұмардың шабысында мін жоқ еді...
Бұл жолы орталық мінбердің шет жағындағы елеусіздеу жерге
жайғасқан Ағдарбек қарсы алдында жандарын жалдап жүрген екі
жанашыры, екі жақынына көз алмай ұзак, ұзақ қараған.
Ә дегеннен бәрі өзі ойлағандай басталған; алғашқы
айналымнан соң-ақ алға сытылып шыққан Бойтұмар одан ары
басқалардан оқ бойы озды да отырды. Үздік-создық шұбаған
бәйге көші орталық мінберге жете байқады; тұқымы асыл текті
жануардың адымы ұзын, сонындағы жатаған жылқылардай
тапырақтамай, оқтаудай түзу жұмыр жаратылған аяқтарын еркін
тастап, кұйындатып барады. Әшейінде кекірейтіп кекжитіп, тіп-
тік ұстайтын тәкаппар мойындарын еңкейте иіп алғанына таңдана
қарап қалыпты. Бұл тұқым дегенді қойсаңшы, мынатүрі өмір бақи
бәйгеге шауып әдіс алған кәнігі сәйгүліктің өзі дерсің...
Ішінде шекара асып келген асыл тектісі бар, қолда өскен
жабысы мен қазанаты бар мың сан жылқының паспорт-
куәліктерін ақтарып жүріп өз қолымен дүниеге әкелген
туындысы; тәкаппарлығы — атасы Шаңтиместен, әдісқойлығы
— енесі Грабиттен жұққанын іші сезіп отыр. Құнандарды сапқа
кояр алдында жездесін оңаша шығарып алып: «Балаңызға
айтыңыз, ә дегеннен алдына жылкы салмасын» деп тапсырған еді.
«Сайыс көрмеген жас жылқы, жазым болса қайтеміз?» «Жылқы
жайын сізден артық білемін демеймін... оқыған-тоқығаныма
сүйеніп артық айтсам, ренжімессіз... — деген, атбегінің көңіліне
тиіп кеткенін сезіп. — Мұның атасы да, да енесі де алдарына ат
салмаған ақперен... Өзі болса, жеңіліп көрмеген жас жылкы...
Ә дегеннен алға шығатын болса, артынан шыққан дүбірден үркіп
қашса да жеткізбейді...»
452

К.АРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Сәйгүлігін сипай қамшылап құйындай ұшыртып бара жатқан
атшабар баланың, (ия, баланын!) соңынан телміре қарады; қарады
да, Ағдарбектің... яғни мұның абыройы үшін шыбын жанын
шүберекке түйген қаршадай балаға... іші бауыры елжіреп, езіліп
бара жатқанын сезді.
Кезекті айналымды аяқтаған кұнандар орталық мінберге
жақындай берген. Үздік-создық шұбатылған қалың топтан оқ
бойы озып келе жатқан Бойтұмардың шабысында мін жоқеді...
Іркес-тіркес шұбаған бәйге көшінің алдыңғы легін
тұлпарсаздың қарсы бетінен тапты. Арасында Бойтұмар жок.
Еріксіз көз қиығымен Әбдібай жылқышыны іздеген. Жаңа бір
әлде есік пен төрдей күрең айғырдың үстінде бір шөкім болып
бүкшиіп, бүктетіліп отырған қария көзіне шалына қоймады.
Бір қараса — алшандай шапқан Бойтұмар кезекті айналымды
аяқтап, орталық мінберге қарай құлаған екен. Манадан бері көзіне
шалынбаған Әбекең болса, Бойтұмарды жанай шауып келеді.
Ал Бойтұмардын шабысында мін жоқ еді...
Бойтұмар мінбердің алдынан тағы да жеке дара өтті...
«Бойтұмар... Бойтұмар...» Жұрттың айғайын қайтсін, Ағдар-
бектің екі көзі алқын-жұлқын айғайға басып далақтай шапқан
кара шалда еді. Кенет өзінің де: «Бойтұмар... Бойтұмар...» деп
күбірлеп отырғанын сезді. Әлде осылай соққан жүрегі ме екен?...
Басын көтеріп алып айналасына көз жіберген. «Бойтұмарлап»
отырған бір бұл емес екенін көріп барып есін жинады.
Құнандар соңғы айналымға кеткен екен. Ақсақалдың
алашапқын болып неге шауып жүргенін енді білді.
Бір қараса, мұнан басқа халық орындарынан дүрк көтеріліп,
ұлы айқайға басыпты. «Бойтұмар... Бойтұмар...». Орнынан қалай
атып тұрғанын өзі де білмейді; тұрды да өз көзіне өзі сенбей
калшиып қатты да қалды. Манадан бері топ жылқыдан оқ бойы
озып келе жатқан Бойтұмар шабысты қойып... шоқырақтап,
шоқырактап емес-ау, аяң желіске салыпты. Үстінде арт жағына
анда-санда бір қарап қойып атшабар бала... Бибіажар отыр.
Байқағаны — орталық мінбердің алды алашапқын, мына
күйінде жарыс жолына қарай кимелеген калыңтоп қос қатар тізіліп
453

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
тұрған сақшыларды таптап кетердей. Асыға басып жандарына
жеткен. Қалың топтың ішінен өз ауылдастарын да танып тұр.
— Қайт!.. Қайт!
Өз дауысын өзі естімеді. Өзі естімесе да баскалар естіген
болар, сайыс алаңына қарай кимелеген топтың қаркыны
бәсеңсіп қалғанын байқады.
Кенет арқа тұсы шым етіп ашып, ауырып бара жатқанын
сезіп, артына жалт бұрылған; дәл жанында мұрты едірейіп
Әбекеңін өзі тұр екен.
— Жаңа туып па едің, пәтшағар... — дейді қамшысын бұлғап, —
Осылай болары анық еді ғой...
Бет-жүзі қызара бөртіп, жанары жылтырай қалған жылқышыға
аңтарыла қарап тұрып, бәрі де өзі ойлағандай болғанын сезді. Өн
бойы жеңілдеп сала берген; жаңа бір әлдегі өз пендешілігін ойлап,
іштей қысылып тұрды. «Бала болып кеттім бе?.. Бәйгеге тұңғыш
рет ат қосып отырғандай есім ауып қалғаны несі?»
Мана бір әлде Бойтұмардың соңынан алашапқын айқай
салып жүгірген қарияның қазіргі салмақты, салиқалы түріне
қарап, қара жердің тесігі болса кіріп кетуге бар еді. Бұдан әрі
қарияның тер жуған әжім сайларының арасынан жымың-жымың
еткен жанарына қарай алмасын сезіп, теріс айнала берген. Бір
байқағаны, манадан бері аламан бәйгенің қызығына батқан
тұлпарсаз жым-жырт тына қалған екен.
— Аналарға бармайсыз ба?..
— Еңбек сенікі... — Әбекең күрең айғырдан созаландай түсті
де, тізгінді ұсына берген. — Жылқы болса болмаса да өзіңдікі...
— Біз бұлай келіскен жоқ едік қой, ақсақал... Сіз барыңыз...
Күрең айғырына екі ұмсынып әрең мінген қария ұзап
кеткен соң, сүйретіле басып мінбердегі өз орнына келіп отырды.
Ауылдастың аты бәйгеден келді десе, жаңа ғана ұл тапқан өз
қатынын тастай шабатын, бәйгеден келген жылқының тұлпары
үшін адамның тұлпарын шүйіншіге беретін қазақ ұрпағы емес
пе, мана әлде өзін төңіректеп жүрген жанашыр мен жақынның
бірі жоқ екенін іштей сезіп еді; жаңылмаған екен. Жым-
454

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
жырт тына қалған тұлпарсазды басына көтере айқайлаған
жаршы дауысы құлағына жетті.
— Бас бәйге — «Қызылағаш» жылқы зауытының жүйрігі...
— Бойтұмар... Ат иесі — осы зауыттың жылқышысы Әбдібай
Қанатхан... Атшабар бала...
Бұдан әрі трибуна жаққа карай алса-шы. Адам атаулыға тән
пендешілік жетегіне ерсе, қазіргі сәтте ең жақын, ең жанашыр
адамдарының жанында болуы керек екенін түсінеді, әрине. Ат
иесін былай қойғанда, атшабар баланың Бибіажар есімді каршадай
қыз екенін білген ағайынның ертеңгі әңгімесінің қай бағытта
өрбитінін де сезеді. Сезе тұра, сол жанашыр жақындарының
жандарына бара алмайтыны қиын. Өйткені, бұл басқаның
емес, өзінің, Ағдарбектің шешімі. Қолды болып кете жаздаған
Грабиттен қалған асыл тұяқ Бойтұмардың ертеңі үшін жасалған
шешім. Бәлкім, Бибіажардың ертеңі де ғайыптан тайып бүгінгі
тойға тіреліп тұрған шығар... Ап өзінің?..
Дәл бүгінгідей ерекше салтанат болмаса да, үлкен-кішілі
тойлардың басы-қасында талай жүрген, дәл қазір марапаттау
мінбесінің маңында не болып жатқанын көз алдына келтіріп,
не қуанарын, не өкінерін білмей отырды.. Дәл осы сәттегі
Ағдарбектен «дүниедегі ең жақының кім?» деп сұрар болса...
Адамның, оның ішінде жанкүйер адамның ұмытшақ келетінін
білетін. Келесі аламан бәйгенің хабары шыққан сон, тұлпарсазды
басына көтерген көпшіліктің қас-қабағы, көңіл-күйі өзгеріп сала
беретінін сезіп, ақырын тосты. Бұл жолы да жанылмаған екен,
қасына ауылдастары қайта жинала бастаған. Өздерінде ес-түс
жоқ. Сөздің басы — Бойтұмар, сөздің басы — Бибіажар... Кенет
шеткерірек тұрған ауыл ақсақалдарының бірі:
— Қазақтың тойында тағы да қырғыздың жылқысы озғаны
қызық болды-ау, — деп қалды.
— Қайдағы қырғыз... Өзіміздің ауылдын төл жылқысы
емес пе?..
— Ана шалды... Әбекенді айтамын... Қырғыз болғанда анау-
мынау сарыбағыш емес, мүйізі қарағайдай бұғы руынан екенін
білмеуші ме едің?..
455

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Жұртшылықтың соңын ала Әбдібай ақсақал да жеткен.
Өңі балбұл жанған қарияның жүзіне қарап, жаңағы сөздерді
естімегеніне қуанып тұрды.
— Бибіажар қайда, жездеке?..
— Машинаның ішінде... Машинаны өзім жүргізем деп болар
емес, ақымақбала...
Ақымақ қызға машина жүргізуді үйреткен өзі екенін ойлап,
іші қылп етті. Енді болмаса, осынау екеуара кұпия сырды ашып
аларын сезіп:
— Ақылды қыз ба деп жүрсем... — деп, әңгімені басқа арнаға
бұрды.
Мына сөзі қарияның жанды жеріне тиіп кетерін сезсе де,
мана бір әлде зәресін ұшырған Бибіажарға кеткен есесін «қыз»
атты бір ауыз сөзбен қайтарғанына айызы қанып тұрды.
— Сен неменеге мәз болып тұрсың?.. — деді енді жүргізушісіне
бұрылып. — Мына ессіздердің бірін басып кетпей тұрғанда, алып
келмедің бе?..
— «Машина жүргізе алам... Ағдарбек ағаның өзі үйреткен» деп
көнбей қойса қайтейін... Өзіңіз бармасаныз болмас...
Жалғыз баланың асты-үстіне түсіп, өбектеп отырған шал
мен кемпірдің көңіл-күйін түсінеді, бірақ бұл үшін қос өрім
шашын шарт түйіп, бәйгеге шапқан Бибіажар кәдімгі қыз бала,
қыз болғанда толықсып-толған кәдімгі бойжеткен қыздың
өзі. Ата-анасы атқа шабуды үйретсе, үйреткен де шығар,
ал машина жүргізуді үйреткен өзі...
«Бұлықсып өскен» бойжеткен қызға машина жүргізуді
үйреткен сәтті көз алдына келтіріп еді; тұла бойы шымырлап
бара жатты. Бала ғой, бала... Он төрт жас деген немене, тәйірі...
Он төрт жаста болса да... талшыбықтай бұралып, балаша еркелеп
келіп қос тізесіне отырып еді-ау. Сол сәтте еркетотай қыздың
не ойлағанын кім білсін, өзінің өне бойы ду ете түскені, енді бір
сәтте тұла бойының талмаусырай талып бара жатканы есінде.
Сонау бір көкөрім шақта өзі секілділер сан мәрте басынан
кешкен, есейе келе қалыптасып болмаған балаң сезімнің
әлжуаздығына сайып, кешірімді көнілмен күле отырып еске
456

ҚАЗАК,
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ
алатын сол сәтті отызды орталаған сақа жігіт кезінде бастан
кешемін деп ойлап па?...
Дәл қазір де сол бір өткінші, (бәлкім өткінші емес шығар),
өткір сезімді қайтадан бастан өткізгісі келетінін соншалық
сағынышпен, соншалық ынтызарлықпен ойлап та, мойындап
тұрды.
Ат үстінің бір адамдық желі болса, бәйгеге ат қосқан адамның
есі кіресілі-шығасылы болатынын Ағдарбек білмейді емес,
біледі, әрине. Жаңағы сезімді толқу кезіндегі бір сәттік әлсіздікке
баласа да, қайдағы-жайдағыны еске алып, езіліп бара жатқанын
ойлап, екі беті ду етті. Бір сәттік әлсіздігін сырт көзге сездірмеуге
тырысып, теріс айнала берген; айналым сызығын белгілейтін
қызыл лентадан секіріп өтті де, тұлпарсаздың шет түкпіріндегі
қосалқы қақпаға қарай беттеді.
Бұл жолы мұны таныды білем, сақшылардың бірде-бірі
тоқтатқан жоқ. Артына бұрылып еді, соңынан ермекші болған
ауылдастарын қара киімділер қакпайлап жібермей жатыр екен;
көлденең көздің азайғанына іштей куанып қалды.
Құнан жарыстың жоралғысы — су жаңа сұр «Жигули»
қақпаның сыртында қаңтарылып тұр екен. Машинаның капотын
ашып тастап, шұкынықтап жатқан жүргізушісі бастығын көрген
бетте ыржалақтай кұліп жанына жақындай берді. Машина кілтін
қақпақылдап, бетіне жаутандай қарағанынан көрімдік дәметіп
тұрғанын сезді.
— Өзің кызық екенсің... Көрімдікті Бибіажардан сұрамайсың
ба? — деп, бетін қайтарып тастады. — Қайда жоғалып кетті өзі?
Бибіажар машинаның артқы орындығында бүрісіп отыр
екен. Бетіне жалт етіп қараған сәтте, кіреукеленген көз ұясына
қарап, жылағанын сезген. Жанына отыра берген Ағдарбектің
мойнына асыла кетіп, өксіді келіп, өксіді дейсің...
— Болды енді, Бибі... ақылды емес пе едің?..
— Шаршап кеттім ғой, аға...
— Шаршағаныңнан айналдым... «Жігіт сүйген ерніңе
тиіспейін, келші қалқам, мандайдан иіскейін...»
— Қойыңызшы, ағатай!...
4571

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Ағатайы солығын баса алмай ықылық атқан каршадай
қызды алдымен мандайынан иіскеген, сосын көздерінен сүйген.
Тандайына так ете түскен кермек дәмді калай жұтып салғанын
өзі де білмейді.
— Қойыңызшы, ағатай... — деді Бибіажар көздерін сүртіп
жатып. — Менің ерінімнен жігіттің сүйген, сүймегенін қайдан
білесіз... Оның үстіне өзгенің өлеңін оқуға ұялмайсыз ба?..
— Өзің білетін сары баланың өлеңі ғой...
— Сары бала ондай өлең жазбайды... Қалай еді өзі? Есіме
түспей тұрғанын қарашы...
— «Сен менің зәмзәм құяр құмырамсың... Зәмзәмімнен бір
жұтсаң кұнығарсың...» — деп жазады... — Ағдарбек әрі-сәрі күй
кешкен қыздың алдын орады.
— Сары бала... Сары бала ондай өлең жазбайды... Біле білсеңіз
ол: «екі ауылдың ортасы жалғыз төбе, өзен бойы көк кұрақ, жал-
быз, беде. Жасақ ертпей жаныңа, жыңғылдардың, жықпьілымен
келмейсің жалғыз неге?» деп жазады, ағатай...
«Балаемес, бәлеғой мынау!..» Несасканы, неұялғаны белгісіз,
сөзден жеңілген жігіт естіп қалмады ма дегендей, машинаны
айналшықтап жүрген жүргізушісіне қарады.
— Аға, аға дей бермей, жұрт секілді Ағдарбек, әйтпесе Ағдар-
бек аға десең қайтеді, Бибі?..
— Ненің акысы, Ағдарбек аға?..
— Мынаның... мынаның акысы, Бибі... — Машинаның су
жаңа кілтін бұртиып отырған қыздың қолына ұстата берген.
— Сонда сіз бәйгеден машина ұтып әперген қыздардың бетінен
осылай сүйе бересіз бе?
— Жо-жоқ... Түсінбей қалдың-ау, көкем... Мына машина басы
бүтін сенікі дегенім ғой...
— Машина неге менікі болады?..
— Машина ұтып алған адамдікі болмай ма?..
— Мен емес... Машинаны Бойтұмар ғой ұтып алған...
«Бала емес, бәле ғой мынау». Өзінің сөзден тағы да ұтылғанын
сезген Ағдарбек өзіне қас кақпай караған қаршадай қыздан
жанарын бұрып әкеткенше асыққан. Баламен бала болып
отырып, өзінің сөзден ғана емес, кәдімгі үлкендер арасында
458

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАК,
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
болатын саудадан да ұтылып бара жатқанын сезетін секілді.
Ішкі түйсігі алдамаған екен.
— Машинанын кілтін беріп алдайтын бала емеспін... Берсеніз,
атам екеуіміздің еңбегіміз сіңген құнанның өзін беріңіз, Ағдарбек
аға...
— Бойтұмар да... сен де... менікі емессіндер ме?..
— Мен әзірге сіздікі емес, атамның... сосын апамның
кызымын, Ағдарбек аға...
Еркелей айтса да, сөз аяғы зілді еді. Зілді емес-ау бейне бір сот
үкіміндей естілген. Тек «әзірге» деген сөзін қағыс естідім бе деп
ойлаған.
— Көрерміз...көрерміз... — дей беріпті апалақтап. — Одан да
мәреге жақындағанда аттың басын неге тартқаныңды айтсаңшы?
— Бойтұмарды аядым... Бәрібір бірінші келетін еді ғой...
— Ал мені... мені аямадын ба? — Дауысы құмығып естілген.
Өне бойын ыстықтер жуып кеткенін біледі.
— Қош болыңыз, аға... — деді Бибіажар жанары мөлтілдеп.
— Қоштасқаны несі?..
— Оқуға кетем...
— Қайдағы оқу?!. Мектеп бітірген соң ақын-жазушылардың
оқуына өзім апарамын деп едім ғой...
— Өленді қайтем... Көкем ауырып жүр... Екі жылдық оқуға
бармасам болмайды...
Үсті-басын тер жуған Бойтұмарды жетекке алып, ұзап бара
жатқан сұр машинаның соңынан қарап тұрып, іші қылп етті.
Болған-біткен бүгінгі окиғада өзінің қандай да бір кінәсі бар
екенін сезетін де секілді. Қай жерден қателесті?.. Неге қателесті?..
Құйындатып бара жатқан су жаңа кәделі көліктің, көліктің
емес-ау, ұзап бара жатқан Бибіажардың соңынан телміре қарап
тұрып екіұдай күй кешті.
Бибіажар
...Шарбақ қораның ағаш қақпасынан шыға тауға қарай
құйындата жөнелген су жаңа кәделі көліктін артқы орындығында
бүрісіп отырған Бибіажар да жол бойы екіұдай сезімде еді.
459

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Артқы орындықты тұтас алып жатқан тоқ шабаданнын
ішіндегі сегізжылдықты үздік бітіргенін білдіретін куәлікті ойласа
— көңілі тоқ, артында қалып бара жатқан атасы мен апасын ойласа
— көңілі жарым. «Барам да барам, менің қызымды қабылдамай
көрсін», — деп белсенген апасын үйде қалуғаәреңдеп көндірген өзі
еді. Бойтұмарды әкеткелі осы үй жаққа соғуды сиреткен Ағдарбек
ағасына да да өкпесі кара қазандай. Машина сыйлағанына
рахмет, әрине, бірақ жылкы көрмегендей Бойтұмарды ала
кашқанын ұмыта алар ма?.. Таудағы қыстауға соңғы рет
келгенде, ағасымен іш тартып сөйлеспек түгілі, бетіне бұрылып
карамағаны да содан шығар.
Бұрындары атшанамен әрлі-берлі жұргенде, жеткізбей
жүйке тоздыратын қыстау мен ауыл арасы тиіп-ақ тұр екен;
қалай жетіп қалғандарын да сезбепті. Орталык көшені бойлай
жүріп, ауыл кеңсесіне жете жүргізуші жігіт қарсыдағы әйнектен
Бибіажарға қарап койып, машина жүрісін тежей берген.
— Керегі жоқ... Бірден Алматыға тартыңыз, аға...
¥зай бере байқатпай арт жағына қарап еді; көз қиығы кеңсе
алдында қаңтарылып тұрған ақ «Волгаға» түсті. Соңғы келгенде
ағасының бетін қайтарып тастамағанда, бүгін астанаға қарай
мына сұр «Жигулимен» емес, Ағдарбек ағаның ақ «Волгасымен»
зымыратып бара жатуы да мүмкін еді-ау!.. Осыны ойлағанда,
өзінің балалык қылығынан іштей ұялып та калды.
Ағдарбек ағасы... жо-жоқ, Ағдарбек жайлы алғаш рет кәдімгі
жігіт ретінде ойлағанына іштей қымсынып келеді. Өзінің ішкі
ойын сезіп қоймады ма дегендей машина рулінде мықшиып
отырған жүргізуші жаққа ұрлана карап қойды.
Мын бұратылған тау жолы таусылып, машина астанаға тіке
тартатын үлкен жолға келіп шыкты. Енді айнала алақандағыдай
айқын көрінеді. Бұрындары манаураған аспанға айбат беретін
Алатауы тіптен аласарып кеткен секілді; көз ұшынан бұлдырап
қана көрінеді. Үздігіп қанша қарағанмен, тау баурайындағы
шағын қыстауын да, өздері кішігірім қалаға балайтын үлкен
ауылын да көре алмады. Қыртыс-кыртыс тау жоталарының
арасынан алып-ұшқан көңілінің түкпіріндегі қимастарын
біржола жоғалтып алардай арт жағына жаутаңдай беріпті.
460

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ


ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР
ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Бибіажар өзінің қиналып, қамыққан сәттерінде атасы
секілді ойлап, атасы секілді сөйлеп кететінін білетін. Дәл қазір
жанында атасы болса... «Заман қиын, қарағым, алды-артыңа
қарайлап жүр, абайлап жүр әрдайым...» дейтін секілді. Бүгін
жолға шығар алдында атасынан осындай сөздерді күткені рас.
Күйіп тұрған шілденің күнінде есік алдына үстіне көне күртесін
жамылып, тас қымтанып шыққан атасының өңінен суық ызғар,
салқын сыз кетпей тұрған. Атасының көзінен де, сөзінен де
салқындықтабын сезген. «...Алды-артындатіреп тұрған жақының
жоқ, қарағым... — деген атасы дауысы дірілдеп. — Біз болары
болған адамбыз, күндердін күні болғанда мына жаман шешеңе
қарайлап жүр, әрдайым...»
Бибіажардың бір білетіні — мұның атасы осы маңайдың
бірде-бір шалына ұқсамаушы еді. Таудың арғы бетінде тұратын
қырғыздардың ұзын бойлы, шоқша сақалды актері бар еді ғой...
сол, сол актерден актерден айнымайды. Осыны өзіне айтқанда,
қиық мұртының астынан жымиып күлген де қойған.
Бірер күн орталық жаққа бара алмай қалған кездері: «тау
асып келген... жер ауып келген» деп қыжыртатыны болмаса,
апасының атасы дегенде шығарда жаны жоғын біледі. Шыкпа
жаным, шықпамен отырған шөкімдей шалдың «ақ қар көк
мұзда... боз айғырдың белін майыстырып апасын іздеп келгеніне»
де сенеді. Енді бүгін «атасының көзі менен қарасындай жалғыз
қызды қалаға тентіретіп қойып», екі көздері төрт болып отырған
шығар екеуі...
Ауылдан шыққалы іштей булығып, іштей кыстығып әрең
шыдап келе жатқан; «көз» деген сөз ойына оралуы мұң, екі көзіне
ерік берген...
Үлкен қаланың төбесі де көрінді-ау. Қаланың иір-иір
көшелерін шиырлап біраз жүрген соң:
— Қайда тоқтаймыз?.. — деді жүргізуші жігіт алдынғы айнаға
қарап қойып.
— Ипподромды таба алатын шығарсыз...
Күнде болмаса да күнара келіп жүрген ипподром түгілі,
жердің астындағыны білетін «төбесі тесік» жүргізуші жігіт бәрін
де түсінді...
461

К.АЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
Бойтұмар
Жоғарыдан кұйылып түскен жарық сәуле жылыстап барып
жоғалып кетті де, айналаны әдеттегідей тас-түнек қараң-
ғылық каумалап алды. Біраздан бері караңғылыкқа бойы
үйреніп, жалғыздыққа еті өліп кеткен Бойтұмар осы жолы ескі
әдетінен жаңылғандай мазасыздана берген; сол мазасыздықтың
соңы үрейлі қорқынышқа ұласып, бір орында тұра алмай
тықыршыды келіп, тықыршыды дейсің...
Бойтұмардың тықыршитын да жөні бар-тын; күніне атқораға
әлденеше бас сұқпаса, мұның жалынан сипап, кекілінен тарамаса,
көңілі көншімейтін иесін көре алмай тұрды. Болсын, болмасын
иесінің атқора жаққа ат ізін салмағанына бірталай уакыт өткен;
ал енді жанына иесі — қатпыш қара шалдан басқаны жолата
бермейтін енесінің де түсі бөтен, исі бөтен екі аяқтылар келіп
жүгендеп әкеткелі жым-жылас жоғалғанына түсіне алмайды.
Күні бойы бекерге тықыршымаған екен; кенет қора
қакпасының сықырлап барып ашылғанын, ішке қарай лап берген
ауаның салқын сызын сезді; артынша көз карықтырған шуақты
нұр айналасын жап-жарык етіп жіберді.
Сол сол-ақ екен өзін қоршаған әлемнің түр-түсі өзгеріп сала
берді; есікжақтан тұп-тұныктаза ауа мен көз қарықтырған жарық
шұғыласы ішке қарай лақылдай құйылды дейсің... Одан әрі тұла
бойының еріп, езіліп, өзінің бұлың-бұлың рахат дүниесіне шым
батып бара жатқанын біледі...
Ең бастысы, осының бәрі өзіне етене жақын, жадына да, жан-
дүниесіне де сіңіп қалған таныс сезім болатын... Неше күннен
бері ерігіп, елегізіп тұрған жылқы тақтай еденді тесіп жіберердей
тепсініп, кісінеді келіп, кісінеді дейсің...
Өйткені... дәл жанында қаққан қазықтай қалшиып иесі...
тұлымшағы желбіреген Бибіажардың өзі тұр еді...
462

МАЗМҮНЫ
Қаржаубай ОМАРҮЛЫ


АЛЬФА — АҚТӨС...................................................................................................4
Марат ҚАБАНБАЙ
ПЫСЫҚ БОЛДЫМ, МІНЕКИ.......................................................................63
Кәкен ҚАМЗИН
АЙНАБҰЛАҚҚА МА? АЙНАБҰЛАККА......................................................143
Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ
ХАН ШАТЫРЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ немесе ертегілер әлеміне саяхат.... 173
Арасанбай ЕСТЕНОВ
СЫРЛЫ ДҮНИЕ................................................................................................271
Сейітқұл ОСПАНОВ
ӘДЕМІ АУРУ.....................................................................................................317
Қуандық ТҮМЕНБАЙ
БІЗДІҢ ҮЙДІҢ СОЛДАТТАРЫ.................................................................... 377
Баян БОЛАТХАНОВА
БИБІАЖАР МЕН БОЙТҰМАР.....................................................................423

ҚАЗАҚ
БАЛАЛАР


ӘДЕБИЕТІНІҢ
АНТОЛОГИЯСЫ
9
том
ҚАРАЫҒАШТЫҢ ҮЯСЫ
Қачақ жазушыларының
балаларга арналган хикаяттары
Курастырған —
Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ
І8ВЫ 978-601-7001-92-6 ІЗВЫ 978-601-7001-94-0
9 786017 001926
9 786017 001940
Редакторы Ғұсман Жандыбаев
Суретші Александр Садвакасов
Техникалық редакторы Кенжеғазы Кенебаев
Корректоры Мөлдір Райымбек
Беттеуші Куаныш Әділғазин
Басуға 07.12.2021 ж. қол қойылды.
Қалыбы 60х901/16. Басылымы офсеттік. Қаріп түрі «Э8 Тітеб».
Баспа табағы - 29,0. Таралымы 500 дана. Тапсырыс №6508.
«Әдебиет» баспа үйі ЖШС,
050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
«Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М. Макатаев көпіесі, 41-үй.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет