Қ-71 Қуантаев Н



жүктеу 15.77 Kb.

бет1/10
Дата03.03.2017
өлшемі15.77 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ

УДК 84 Қаз 7-4
ББК 71
Қ-71
 
Қуантаев Н.
Қ-71   Қолшатыр. – Алматы: 
«
Қаламгер
»
 баспа үйі, 
 
2013. – 372 б.
 
ISBN 9965-00-239-8
Белгілі жазушы, ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері 
Нұржан  ҚУАНТАЙҰЛЫНЫҢ  «Қолшатыр»  атты  бұл  жинағына 
2001  жылы  жарық  көрген  «Қараөзек»  романы,  сонымен  бірге 
әңгімелері мен өлеңдері және бұрын кітап болып шықпаған көркем 
аудармалары енгізіліп отыр.
Романда  ХХ  ғасырдың  соңындағы  қазақ  елінің  Тәуелсіздік 
алған  тұсы,  қоғамдағы  аласапыран  өзгерістер,  екпіндеп  келген 
жаңа  заманның  бет-бейнесі  бас  кейіпкердің  өмірі  арқылы  шебер 
суреттеледі.  Ширыққан  тартысты  оқиғалар  оқушысын  баурап 
әкетіп, шығарма жеңіл оқылады. 
Автордың өлеңдері болса, қазақ поэзиясында өзіндік орны бар, 
көркемдік деңгейі жоғары шығармалар болып табылады.
ББК 84 Қаз7-4
ISBN  9965-00-239-8       
  
 
               
© Қуантайұлы Н., 2013 

Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
роман, әңгімелер,
аудармалар, өлеңдер

ҚАрАөзек
роман

7
ҚАРАӨЗЕК
азіргі 
қазақ 
әдебиетінің 
жас  буын  өкілдері  жайында 
білетінім,  шынымды  айтсам, 
жұпыны, 
үстірт, 
шолақ.  
...Мұным үлкен олқылық екенін 
мойындаймын. 
Нұржан  Қуантайұлы  деген 
жазушы  барын  таяуда  ғана 
білдім. 
Өкінішті, 
әрине. 
Нұржанның  «Қараөзек»  атты 
романын 
қызыға, 
ерекше 
ұнаған  жерлерін  қарындашпен 
сыза  отырып,  мұқият  оқып 
шықтым.
Екі  нәрсеге  ерекше  назар 
аудардым:
Бірінші:  Қазақ  әдебиетінде 
бұрын-соңды  сондай  дәлдік-
пен,  нақтылықпен,  шынайы 
деталь-көріністермен  бейне-
ленген 
кеңестік 
дәуірдегі 
түрме 
өмірінің 
қыртыс-
қалтарыстарын  нанымды  және 
жан-жақты  ашып  суреттеген 
көркем  шығарманы  тұңғыш 
рет  оқығаным.  Есіме  әрдайым 
Достоевскийдің  «Записки  из 
мертвого  дома»  деген  романы 
түсіп  отырды.  Қазақ  тілінің 
ЗаМаНауи
ӨЗгЕрістЕрДің
куәсі

8
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
табиғатында  жоқ  әрі  жат  ұғым-түсініктер  –  кормушка, 
гайдамак, трюм, ШиЗО, шконка, кум, бродяга, отстойка, 
промзона,  ходка,  унитаз,  еж,  кабур,  стрела,  конь  т.с.с. 
Хақназар есімді қазақ жігітінің басынан өткен, біз сияқты 
оқырманға  бейтаныс  өмірден  (бетін  аулақ  қылсын!) 
хабар береді. 1986 жылдың қанды дүрбелеңіне қатысып, 
Қазақ сср-інің Қылмыстық кодексінің 94-інші және 65-
інші баптары бойынша алты жылға бас бостандығынан 
айрылып,  күшейтілген  режимдегі  еңбекпен  түзеу 
колониясына 
жөнелтілген 
Хақназар 
Шығайұлы 
Шығаевтың  көрген  қорлық-нәубеттерін  оқып  отырып, 
«апырай, сондай да заман болған екен-ау!», «қазақ баласы 
мұндайға қалай шыдап жүр?!», «осы Хақназар автордың 
өзі емес пе екен?» деп амалсыз таң қалып отырасыз. Өзім 
түмеде отырғандай әсерде болдым.
Екінші:  «Қараөзек»  -  қазіргі  күрделі  өміріміздің 
бет-пердесін  жұлып  тастап,  жан-жақты  ашып, 
өтірік-жалғансыз  айқын  суреттеп,  ащы  шындықтың 
көріністерін әшкерелеп, тартысты Һәм әсерлі бейнелеген 
роман  екеніне  көзім  жетті.  Жас  адамның  зеректігіне, 
ойлылығына, байқампаздығына тәнті болдым, сүйсіндім. 
Базарлы  экономиканың  келеңсіздіктерін  автор  жіті 
байқаған, пайымдаған.
«ал  біз...  мұнай  да  бар,  қазба  байлық  та  бар, 
Менделеев  кестесіндегі  элементтердің  бәрі  бар 
деп  ісіп-кепкенде  сондаймыз,  кәне  жақсы  өміріміз? 
Байлықты  шетке  шығарып,  сатып  та  жатыр  екенбіз, 
қайда  сол  ақша?  Халық  неге  аш,  жалаңаш?  Жетпіс 
процент қоңыз теріп жүр, қазба байлықтан не пайда?» 
- деген ой жұмыс таппай, тентіреп жүрген Хақназарды 
да,  авторды  да,  оқырман  мені  де  мазалайды, 
қапаландырады.
көлемі шақ романның (қазіргі жас қазақ жазушылары 
қысқа  жазуды  меңгеріп  келеді;  қарны  қампиған 
романдардың  азаюы  мені  әжептәуір  қуантады)  өн 
бойында көркем прозамен астарласып, публицистикалық 
әуендер көп және орынды кездесіп отырады. Бұл кездің 
жастары  заманауи  өзгерістердің  куәсі  бола  жүріп, 
саясаттың  құйтырқы  сыры-қырына  күмәнмен  қарайды. 

9
ҚАРАӨЗЕК
Маған  ол  диалекталды  ойлау,  пайымдаудың  нышаны 
болып елестейді.
Психологиялық  тұрғыдан  да,  кейіпкерлердің  жан 
дүниесін  бейнелеп  көрсетуде  де,  қоғамдағы  қым-
қуыт  тартыс  оқиғаларды  нанымды,  шынайы  таңдауда 
(сұрыптауда) да романның дөп шыққан тұстары аз емес. 
Баяндау  машығы,  тіл  оралымдары,  қазіргі  жастардың 
сленгіге  құрылған  сөз  саптауы,  шымыр  диалогтар 
көңілге қонады. романның бұл қырына арнайы тоқталған 
жөн болар еді. Бұл жағын таратып айтуға менің дәл қазір 
уақытым жоқ.
Нұржан  Қуантайұлы  есімді  жазушының  барлығына 
қуандым. Оның «Қараөзегін» қазақ әдебиетінде өзіндік 
орны бар роман деп бағалаймын.
Герольд Бельгер
Жазушылар мен публицистердің 
Халықаралық қауымдастығының (МаПП) мүшесі
2007 жыл.
  

11
ҚАРАӨЗЕК
Қапас түн жарық күнмен,
қоңыр салқын көлеңке
шыжыған ыстықпен 
теңесе алмас.
ҚҰРАН – Фатыр сүресі, 
20-21-аяттар

12
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
1.
ізде  айтарлықтай  жаңалық 
жоқ.  Бір  уақ  сабаққа  барып 
келіп,  жатақханада  шалжиып 
жатқаннан басқа бітірер ештеңе 
болмай  тұр.  «Мамықтан  төсек, 
– тастай боп кесек, – жамбасқа 
батар,  –  ұйқы  жоқ»  деп  абай 
жарықтық айтқандай, осы күні 
түннің бір уағына шейін, кейде 
таң қараңғысына шейін ұйқтай 
алмайтынды шығардым.
сондайда  қолыма  домбы-
рамды  алып,  жігіттердің  маза-
сын  алмайын  деп  түн  бала-
сы  жатақхананың  ас  үйінде 
шоқиып отырам.
Мектепте  жүрген  кезімізді 
сағынам  осы  күні.  әсіресе 
интернатты  өзіміз  өскен.  сен 
де  сағынып  жүрген  шығарсың 
ана  жақта.  уайымдама,  Хақан. 
Бәрі жөнге келуі тиіс.
Жаз  шыға  сессиядан  кейін 
тағы барам гревпен. Қыстыгүні 
бәрі  асығыс  болды,  оның 
үстіне  ақша  да  аз  боп  қалды 
ғой.  Қайдан  білейін,  көрмеген 
Бірінші тарау
ТАР  ЖЕРДЕ

13
ҚАРАӨЗЕК
жердің  ой-шұңқыры  көп  деген...  Енді  олай  болмайды. 
Қазір сенбі, жексенбі базарға шығып жүрмін жігіттермен 
бірге. азын-аулақ тиын-тебен  жиналып қалды. көтерме 
жұмыс табыла қалса, жақсы-ақ болатын еді.
ақша  демекші,  ақша  ауысқалы  бері  азық-түлік  пен 
дүние-мүліктің бағасы да құбылып, әрқалай болып тұр. 
Бүгін барсаң, кешегі бағаның өзгеріп  кеткенін көресің. 
ақшаның ауысқанының өзі  – бір жыр. Елу, жүз сомдық 
советский    банкноттар    қазір  жарамайды,  оны  өздерің 
де естіп, біліп жатқан шығарсыңдар. Бізді қойшы, бізде 
ақша  жоқ  қой.    Ел  ішіндегі  сапырылысты  айтсаңшы. 
теңіздегі  қыл-қыбырдың  толқын  айдап,  жағаға  шыға 
келгені сияқты подпольный «миллионерлердің» құпиясы 
ашылып қалды дейді ел. әсіресе қала түбінде тұратын  
түрік  пен  грек  байларына  ауыр  болыпты  деседі.  Қиын 
ғой,  ғұмыр  бойы  жиған-тергенін  кесек  елу,  кесек  жүз 
теңгеге  айналдырып,  кассаға  салмай  жинап  жүрген 
кезде,  үкімет  айналасы  бірер  күннің  ішінде  жарамсыз 
қылып тастаса. Мен өзім дәл мұндай байлар болатынына 
сенбеуші ем. рас екен. Үйткені кісі басына шектеулі ғана 
банкнот  ауыстыруға  рұқсат  берілді  емес  пе.  әлгілер 
жанын  қоярға  жер  таппай  біз  сияқты  студенттерге  елу 
сомдықты өз атыңнан ауыстырып берсең, жарты ақшасын 
аласың  деп  жалынып  жүрді...  рұқсат  етілген  сол  үш 
күннің  ішінде  халықтың  абыр-сабыр  болғанын  көрсең. 
Неше  түрлі  қызық  жайттар  болыпты:  ақша  ауысатын 
алғашқы  күні  біздің  бір  қу  жігіттер  консерваториядан 
сонау  әуежайға  шейін  такси    ұстапты  көшеден.  Оған 
дейін  қанша,  жиырма  бес  шақырым  ба,  сонша  жолды 
жүріп  келіп,  енді  түсер  кезде  кесек  елу  сомдықты 
ұстатыпты  таксиске.  анау  шоршып  түсіпті,  жігіттер, 
бұл  ақша  бүгіннен  бастап  жарамайды  ғой  деп.  Қалай 
жарамайды,  депті  мыналар  түк  білмегенсіп.  солай, 
бүгіннен  бастап  елу  сом,  жүз  сом  жарамайды,  естімеп 
пе едіңіздер... Қой, көкесі, үйтіп қалжыңдамаңыз дейді 
бұлар...  түу,  өздерің  көктен  түскенсіңдер  ме,  немене... 
Жоқ, көктен түсетін туысымызды қарсы алғалы тұрмыз... 
«Бар,  жоғалыңдар!»  депті  амалы  таусылған  таксист. 
Мұндай жайттар көп болыпты. түрік пе, әзер ме, сондай 

14
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
бір  подпольный  «миллионердің»  бірі  ақшасын  толық  
ауыстыра алмағасын қаны басына шауып, үйінде тыққан 
елу мен жүз сомдықтардың буда-будасын көшеге алып 
шығып, жұрттың көзінше өртеп жіберіпті.
«Шоковая терапия» дейді екен ғой мұны экономистер. 
Егор гайдардың ойлап шығарғаны деседі. сол терапияның 
кесірінен сең соққан балықтай есеңгіреп қалдық. әсіресе 
инфляция деген пәле қиын  тиіп тұр. ақша айналасы екі-
үш  айдың  ішінде  сарғайып  сары  жапыраққа  айналды. 
аузынан жырып, балама жинағаным деп отырған елдің 
кассадағы  ақшасы  қаудырлаған  сабанға  айналды.  тапа-
тал түсте тоналып, айға қарап ұлып қалды.
Мен революцияны көргем жоқ. Бірақ ақша терапия-
сымен де революция істеуге болатынына көзім жетті.
Бірді  айтып,  бірге  кеттім  ғой...  көрген  түсімді 
айтайыншы  одан  да.  Екеуіміз  өзен  жағасында  отыр 
екеміз. кенет сен үйіріле аққан өзенге шешінбей секіріп 
кетіпсің.  әлі  жоқсың...  Ес  кетті,  жан  шықты  дегенде 
арғы  беттен  бір-ақ  шығып,  жағаға  құлаш  ұрып  бара  
жатыр  екенсің.  Жақсыға  жорыдым.  Босанып  шығады 
екенсің. Декабристер ақталады  деп жатыр ғой. сен де 
ораласың, Хақан. 
Былтыр  бізден    шыққан  әлгі  депутат  Мәскеуде, 
сьезде сөйлепті ғой, сендерді ақтау керек деп. так что 
қуаныш алда.
Басқа  не  жазам...  аман  бол.  Денсаулығыңды    күт. 
Жаз шыға обязательно барып қайтам.
амандық-саулықта жолығайық.
Досың Құрмаш. 
28 март,  1992 жыл.
P.S  конвертке  ақша  салуға  қорықтым,  офицерлерің 
алып қоя ма деп. 
* * *
Алдымен  темір  есіктің  жылан  көзі  –  «волчок»  жылт 
етті  де,  ар  жағынан  біреу  сығалады.  Артынша  дүңк 
етіп «кормушка»
*
  ашылып, арғы беттен «гайдамактың»
**
 
* түрме камерасындағы тамақ беретін тесік. - (жаргон). 
**  ішкі істер әскерінің солдаты. - (жаргон).

15
ҚАРАӨЗЕК
лақтырып  жіберген  бір  қорап  «Примасы»  дөңгелене 
ұшып келіп, алдына түскен. Кормушкаға қайта қарағанша 
болған  жоқ,  күзетші  солдат  салдыр-гүлдір  еткізіп  ар 
жағынан жауып жатты.
Үш күн бойы кеңсірігі қышып, тамаққа жөндеп тәбеті 
шаппай,  трюмде
*
  аласұрып  жүрген.  Хақназар  мұндай 
қуанбас.  «Жарықтық  темекінің  де  адамға  күш-қуат 
беретінін кім білген» деп ойлады көк түтінді көмейлете 
жұтып-жұтып  жіберіп  барып,  сыздықтата  шығарып 
отырғанда. Зеңгіп тұрған басы шайдай ашылып, көкірегі 
кеңіп  сала  бергендей  көрінді.  «Қапаста  жатқан  адамға 
бұл да бір қуаныш екен-ау өзінше» деген ой келді оған 
буын-буыны оқыс әлсіреп, шөкелеп отыра кеткен кезде. 
Әлденеше күн шылым шекпегендікі болар, басы айналып, 
тұла  бойын  әлсіз  бір  ләззат  шымырлатып  аралап  бара 
жатты.
Түн баласы темір шконкада
**
 ұйқылы-ояу дөңбекшіп 
жататын  Хақназардың  алағызған  көңілі  енді  тыншиын 
деді.  Әйтсе  де,  ет  асым  уақыттан  соң  жан-дүниесі 
қайтадан  қоңылтақсып,  көкірек-сарайы  уілдеп  қоя 
берді.  Әлдене  жетпейтін  сияқты  көрініп,  тағы  темекі 
тартқан.  Оның  төбеде  қалқып  тұрған  көкшуда  түтіні 
камерадағы қапырық ауаға сіңіп, қолқаны қаба бастаған. 
«Ең  ұстамды,  жүйкесі  темір  кісінің  өзі  айлап,  жылдап 
трюмде отырса, жынданып кететін шығар» деп ойлады 
тас  еденде  малдасын  құрып  отырып.  «Адам  баласы 
әлсіз. Азап пен қорлыққа шыдап жүре беретін жан жоқ. 
Ерте ме, кеш пе, морт етіп сынады. Иілмес, бірақ сынып 
тынар».  Міне,  алты  жыл  болыпты  түрме  мен  лагерьдің 
дәмін татқанына. Алты жыл. Ең асыл жылдары!.. Уыздай 
жас  кезінде  соттап  жіберіп,  қайран  бал  дәурен  шақ 
зонада өтіп жатыр.
Бес сағат па, он сағат па, трюмде сарғайып отырғанда, 
уақытты тап басу қиын, әйтеуір ұзақ көрінген, бір кезде 
продолдан аяқ дыбысы естілді. Салдырлап есік ашылып, 
жарық түсті.
*  ШИЗО-ның  (айып  изоляторының)  екінші  аты.  Айыпты  саналған  лагерьдегі 
тұтқынды 15 күнге шейін қамайтын, ыстық тамақ берілмейтін, қараңғы, суық камера.
**  камерадағы темір төсек, нар. - орысша.

16
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Көргеннен-ақ таныған.
–  Қызылдар  қандай  кінә  тапты,  бауырым,  –  деген 
темір  есік  жабылғанда,  орта  бойлы  сары  жігітпен  қол 
алысып жатып.
–  Кінә  –  күнә  емес  құдай  алдындағы,  –  деді 
Колян.  Бушлатын  төсеп,  дәл  бір  нағашысының 
үйіне  келгендей  жайғасып  жатыр.  –  Кумға
*
 
жақпасаң, 
құмалағыңнан 
да 
кінәрәт 
тауып, 
зынданға  тастар.  Біз    сияқты  бродягаларға
**
отстойникте
***
  түнеп  шығу  –  жарық  дүние  мен  таза 
ауаның қадірін түсіну үшін керек процедура. Ер жігітке 
серуен де серуен, сергелдең де серуен деген – осы.
Хақназар  Колянды  промзонада
****
  сыртынан  анда-
санда көріп қалушы еді. Бірақ алғаш сөйлесіп отырғаны 
осы. Біраздан соң Колян табаны қалың, қара бәтіңкесін 
шешіп,  ұлтарағының  астынан  әлденені  суырып  алды. 
Целлофанға  оралған  кішірек  екі  түйіншектің  бірінен 
шай, бірінен наша шықты.
– До ужина часа полтора остался. Кипятка побольше  
попросим  у  шныря,  да  будем  чифирить
*****
,  –  деді 
жантайып жатып.
–  Да  ну?!  Ты  что,  политзаключенный  в  натуре
******

– деген қара нан жеп, қою қара шайды  рахаттана ішіп 
отырған  кездерінде,  –  Рас,  саяси  тұтқынсың  ба?  65-
бап  па?  М-м.  Декабрист  значит,  –  и  не  пропадет  наш 
скорбный труд, – во глубине сибирских руд. Э-хе-хе.
– Оның несі күлкі, – деді Хақназар жайбарақат.
–  Сонда  не  болып  еді,  –  деді  Колян  бір  кезде,  – 
Алматыда сол кезде не болғанын ұзынқұлақтан естиміз, 
ал тірі куәнің орны бөлек қой.
–  Соны  айта-айта  жалықтым,    –  деді  Хақназар.  – 
Менікіндей баппен келгенді бұрын көрмеген офицерлер 
де  әрнәрсені  сұрап,  мазаны  алып  бітті...  Өзің  не  үшін 
*  түрме мен лагерьдегі жедел бөлім қызметкерлеріне тұтқындардың қойған аты. - 
(жаргон).
**  қаңғыбас. - орысша. - Бұл жерде ауыспалы мағынада айтылып тұр.
***  бір-ақ адам сыятын, қуықтай камера. - ор.(жаргон).
****  лагерьдегі тұтқындар жұмыс істейтін кәсіпорындар тұрған зона. - орысша.
*****  Кешкі тамаққа шейін бір жарым сағат қалды. Шнырьден қайнақ суды көбірек 
сұрап,  чифир  ішейік.  –  ор.    шнырь  –  камераға  тамақ  таситын  тұтқын  –  (жаргон);   
чифир – өте қою қара шай – (жаргон).
******  Рас па, сен немене, шынымен саяси тұтқынсың ба? – ор.

17
ҚАРАӨЗЕК
отырсың,  мынау  нешінші  ходкаң,
*
  соны  айтпайсың 
ба одан да?
– Е-ма, мужик, сен мені тергейін дедің ғой, а?! Ә-хе-
хе... Жарайды.... Айтайын.
–  Вор  я.  Крадун  по  воле
**
,  –  деген  сосын,  өткен 
өмірін  еске  алды  ма,  әлде  әңгімені  неден  бастарын 
білмеді  ме,  ұзақ  үнсіз  отырып,  –  карманник  – 
қалта  ұрысы  дегенді  білуші  ме  едің,  сол  менмін. 
...Көзімді тырнап ашқаннан ұрлық істеп келем. Ертістің 
жағасындағы үлкен қалада туып, өстім.
Әкемді ес білгеннен білмеймін, көрген емеспін, кейін 
естідім,  мен  тумай  жатып-ақ  шешемді  тастап  кеткен 
екен. Шешем байғұс кейін басқа біреуге тиіп, оған екі-үш 
бала тауып берді... Бауырларым ғой менің енді... Өтірік 
айтып нем бар, өгей әкем мені туған ұлынан кем көрген 
жоқ,  бірақ  соншалықты  іш  тартқан  да  емес.  Біртүрлі, 
салқын  еді  екеуіміздің  арамыз.  Он  екіге  шыққанымда 
шешем  өлді.  Жастайынан  жабысқан  ескілікті  ауруы 
болды-ау деймін, онысын жақсы білмейді екем, әйтеуір 
бір-екі  ай  ауруханада  жатты  да,  үйге  келіп  қайтыс 
болды  ғой...  Шешем  кеткесін  бәрімізге  ауыр  тиді. 
Әкеміз  қатты  есеңгіреп  қалды.  Шиттей  балаға  еркек 
адам  қарай  ала  ма,  ол  кісі  бір  жамағайын  қарыңдасын 
әкеліп үйге тұрғызды. Бас-көз болсын деп. Менің үйде 
тұрғым келмеді. Өгей әкем де қарсы болмағасын, қала 
шетіндегі  детдомға  –  балалар  үйіне  келіп  орналастым. 
Сүйтіп, жаңа өмірді бастап кеттік...
Сол боқмұрын кезімнен тентек ем. Сабаққа да құлық 
болмады.  Детдом  секілді  бұзық  жерге  келгесін  мүлде 
қағындым.  Сонда  жүріп  «привокзальный»,  «заречный» 
дейтін  шпаналардың  Вася-Бетон  деген  қалта  ұрысы 
бар  еді,  сонымен  араласып  жүрдім.  Өзіне  ұнасам  да 
керек,  қасынан  бір  елі  қалдырмайтын  болды.  Несін 
сұрайсың,  ақыры  детдомнан  да  қашып  кетіп,  Васямен 
бірге  жорыққа  шығатын  болдым.  Алдымен  щипач
***
 
болдым... қазір писакпыз
****
.
*  ходка (ор.жаргон) – лагерьде қанша мәрте отырған деген мағынаны береді.
**  Қарақшымын мен. Еркін өмірімде ұры болғам. – ор.
***  қолының ептілігімен ақша ұрлайтын қалта ұрысы. – (жар).
****  киімді білдірмей кесіп, ақша ұрлайтын қалта ұрысы. – (жар).

18
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Пай-пай, вокзалда жүріп, көлік күту залында отырған 
жолаушының  неше  қабат  киімінің  ар  жағында,  жан 
қалтасында жатқан күмәжнігін көрсетпей суырып алып, 
ақшасын  олжалап,  өзін  қайта  орнына  салып  қоятын 
карманниктер болды ғой, несін айтасың.
Колян мұны айтып отырғанда, Хақназардың есіне тал 
басында отырған екі сауысқанның құйрық қауырсынын 
еппен  алып,  бірінікін  біріне  ауыстырып  сала  қоятын 
қазақ ертегісіндегі епті жігіт түскен.
– Он алты жасымда ұсталып, малолеткаға
*
 түстім, – 
деді Колян одан ары, –  көп нәрсені үйрендік онда жүріп. 
Қоңырау  соққанша  үш  жыл  отырып,  бостан  өмірге 
шыққан  соң  Новосібірге  келіп,  қалта  қағу  «өнеріне» 
білек сыбана кірістім. Одан басқа ештеңе келмес те еді 
қолымнан.  Иә...  маңдайға  жазған  нәрсе  сол  шығар... 
Аңдыған  жау  алмай  қоймас,  бес-алты  жылдан  соң 
Красноярскіде  жүріп  қызыл  жағалылардың  қолына 
қайта түстім. Қазір, міне, екінші ходкада отырмын.
Өз  өмірінен  қысқа  қайырған  Колян  Хақназардан 
сексен  алтыншы  жылғы  Алматыдағы  дүрбелеңнің 
себебін  сұрап,  қалай  болғанын  айтып  берші  деген. 
Қараңғы трюмде сағызша созылған уақыттың тез өтуіне 
себі тиер деп Хақназар да сәлден соң әңгімесін бастап 
кетті.
Сол жылы қыс жылдағыдан ертерек түскен. Қыстың 
алғашқы  айының   басында-ақ  Алатаудың ұшар басын 
ғана  емес,  сай-саласы  мен  қуыс-қолатын  түгел  қар 
басқан. Дым бүркіп, қалаға келіп шөккен саршұнақ аяз 
шыдатпай  жіберген  болса  керек,  тал-тоғайдың  да  бәрі 
бүрісіп қалыпты. Әйтсе де, қала ішіндегі қар жұқалтаң 
ғана  еді. Мәшине жолдардағы кірлеуіт, жабысқақ қар 
еріп кетіп жатқан.
Сол  күні  әдеттегідей  жатақханада  тұратын 
жігіттермен  бірге  сабағына  барып  еді.  Көңілде  алаң 
жоқ  кез.  Күндегі  дағды  бойынша  екі  мен  үшінші  пар 
аралығында,  оқу  корпусының  алдында,  Сәтпаев  
көшесінің жиегінде таза ауамен тыныстап, топырласып 
тұрған. Алғаш рет сол кезде көріп еді. Көзкөрім жердегі 
*  кәмелетке толмаған қылмыскерлердің колониясы. – ор. (қысқарған сөз).

19
ҚАРАӨЗЕК
Брежнев  алаңына  қарақұрым  жұрт  жиналып  қалыпты. 
Көбі жастар сияқты. Бірақ бұлар дәл сол күні мән бере 
қойған жоқ.
Ертесіне оқу корпусында да, жатақханада да тәртіп 
түзеуші,  жөнге  салушы  кісілер  көбейіп  кетті.  Көбі 
–    өздерінің  оқытушылары,  кейбірі  –  қолына  қызыл  
шүберек  байлаған  «халық  жасағы».  Бәрінің  айтатыны 
бір  ғана  сөз:  «үзілісте  далаға  шықпаңдар,  плошадьқа 
бармаңдар, ол жерде бұзықтар, бүлікшілер жиналыпты, 
олармен  араласып  кетіп  жүрмеңдер,  жатақханадан 
шықпаңдар».  «...Қорыған  жерге  өш»  деген  ғой.  Сонша 
әбігер болатыңдай ол жерде не болып жатыр екен деген 
құмарлық  байыз  таптырмады.  Жатақхана  вахтасында 
отырып,  қайда  барасың,  отыр  бөлмеңде,  осыдан 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал