Пысықтау үшін сұрақтар Жүйке жүйесінің атқаратын негізгі қызметі қандай?
Орталық жүйке жүйесінің құрылысы және оның жеке бөліктерінің атқаратын қызметі қандай?
Адам миының құрылысы қалай орналасқан?
Рефлекс дегеніміз не?
Шартсыз рефлекстердің шартты рефлекстерден айырмашылығы неде?
Шартты рефлекстер қалай жасалады?
Қозу, тежелу процестері дегеніміз не, олардың атқаратын қызметтері қандай?
Тежелудің қандай түрлері бар?
Пайдаланылған әдебиеттер
Жантану негіздері. Авторы: Қ.Жарықбаев. Алматы 2002, 79-85 б.
Жантану негіздері. Авторы: Қ.Жарықбаев. Алматы, 100-102 б.
Психология. Авторы: Ш.Аймауытұлы. Алматы «Рауан» 1995, 70-73 б.
Психология танымы. Авторы: С.Бабаев. Түркістан 2000.
МІНЕЗ Мінез туралы ұғым.
Мінез бітістері.
Мінез жөнінде білімдер.
Мінез түрлері мен типтері.
Мінездік бітіс асқынуы.
Мінез және адамның жас сатылары.
Мінездің физиологиялық негіздері.
Мінездің құрылымы мен қасеттері.
Адамның өз мінез құлқын жөндеуі.
МІНЕЗ
Мінез туралы ұғым Қоғамдық мүшесі ретінде адамды елеулі тұрақты психикалық қасиеттерінің жиынтығы болмысқа деген оның қарым-қатынасынан көрінеді де, оның іс-әрекеті мен қылығына өз таңбасын түсіреді, бұл мінез деп аталады.
«Мінез» дегенімізкейде ерік күшін, немесе басқа адамдармен сөйлескенде тәкәппарлықты білдіреді («мінезді адам екен»). Керісінше, еркі әлсізді «мінезсіз» адам деп сипаттаймыз.Ғылыми көзқарас тұрғысынынан бұл дұрыс емес, өйткені «мінезсіз» адамда да мінез бар.
Мінез адамға әрдайым тән бола келе, жеке бастың қасиеттерін анықтайды. Сондықтан да қайдай да болса өмірлік жағдайларда адам өзін қалай ұстайтынын алдын ала болжай алады.
Мінез туа біткен нәрсе емес. Туа біткен – мінез нышандары ғана, бұлар жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне тәуелді. Мінез қоғам мүшесі – жеке адам өмірі мен қызметі процесінде қалыптасады.
Мінзедегі көп нәрсе адамның дүниеге көзқарасына, оның сенімдеріне, мұраттарына, әлеуметтік жағдайларына, сыртқы ортаның ықпалына тәуелді. Өз мінезімен және жеке ерекшеліктерімен адам - әрқашан қоғамның жемісі.
Мінез жеке адамның дара ерекшелігінен саналады. Мінездері мүлде бірдей болып кететін екі адам болмайды, бірақ жеке адамның мінзеіндегі көп нәрсе адамдардың бір тобына, немесе бүкіл халыққа тән болып келеді, осыдан ұлттық мінзе қалыптасады.
Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық-әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар - әртүрлі жағдайларда көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай келеді, ал солардың бәрі де адам мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші – адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері. Егер адам қандай да дау-дамайлы жағдайда дөрекілік көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиеті деу жөн емес. Жайдары мінезді, көңілді адамның өзі кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуі мүмкін. Өмірге келумен бастауын алып, мінез нақты адамның өмір барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезім, ниет, әрекет сипатын бірлікті анықтап барады.