Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік



бет13/19
Дата31.01.2023
өлшемі337 Kb.
#64042
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
stud.kz-64227

Мінездік бітіс асқынуы
Мінездік бітіс асқынуы психиологияда – мінездің бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының «әлсіз жерлері» формасында көрініс беруі. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте шәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінзе адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айрылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің «әлсіз жерлеріне» соққы боылп тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзгереді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің барлығын, жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің – орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы – осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінездің мұндай ұнамсыз жәйті жасөспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтуімен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.


Мінез және адамның жас сатылары
Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден көбірек төңіректегі оқиғалар мен құблыстарды бақылауға бағытталады. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық-әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін байғамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игерілген тәжірибе мен білім бозбалалық кезеңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді.
Бозбалалық шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей келеді, қажеттіктер ауқымы кеңейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған дүниемен белсенді араласу, тікелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі анағұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз де ауыр болуы мүмкін. Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзің басқаруың одан да күрделірек. Өмір бұрқасысында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетің басқалар қимылынан ұтымды болуы керек. Бұрын жағымды түр-түс, әуенге толы дүние енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтқысыз міндеттерге орайды. Бозбалалық шақтыңдағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моледі құрдымға кетіп, «бақыт» мән-мағынасы өзгеріске келеді. Бақытқа деген көзсіз ұмтылыс енді «бақытсыздықтың» қорқынышына ауысады. Бірақ бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзіңді дербес, бірде біреуге керегі жоқ дүние екеніңді сезіп, оқшаулана түсесің. Бірақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күшті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет