Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік



бет2/19
Дата31.01.2023
өлшемі337 Kb.
#64042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
stud.kz-64227

Ес туралы жалпы ұғым.

Адамда елестің болуы біздің қабылдауларымыздың ми қыртысында қандай да бір іздердің қалдыратынын, олардың бірсыпыра уақыт сақталатындығын көрсетеді. Біздің көңілден шықпай жүретін ойларымыз бен сезімдеріміз осының дәлелі. Ақиқатты санада сақтау және кейін оны жаңғырту немесе біздің бұрынғы тәжірибемізде болғанды білу – ес деп аталады.


Егер бұрынғы тәжірибесін есте сақтамаса және оны жаңғырта алмаса, адамның ақыл-ой дамуы мүмкін емес, ол білім жинақтай алмас еді, әрқашан да жаңа туған баланың интеллектулалдық дәрежесінде қалары сөзсіз.
Есте қалдыру процесінде, әдетте, заттар немесе құбылыстардың өзара байланысы жасалады. Мысалы, белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз оны тарихты басқа уақығаларымен байланыстырамыз, оны белгілі бір кезеңге жатқызамыз т.с.с. Сөйтіп, есте сақтау дегеніміз – адам санысында жаңаның бұрыннан бар нәрсемен байланыста бірігуі.
Естің мәні заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасаудан туындайды. Бұл байланыстар ассоциациялар деп аталады. Ассоциацияның үш түрі бар: а) шектестік (немесе уақыттық); мысалы, белгілі бір уақиғаны еске түсіргенде сол кезде болған басқа бір фактілер ойымызға түсе кетеді; б) ұқсастық (таныс адамның суретін көргенде біз оның өзін есімізге түсіреміз) және в) контрастылық (у-шуы мол қалаға барғанда біз ауыл өмірінің тыныштығын есімізгі түсіреміз).
Бұл байланыстардан басқа, психологияда мағына байланысына үлкен мән беріледі. Бұл ассоциацияның ең күрделі (комплексті) түрі. Мұндай комплексті ассоциация бір құбылыстардың екінші құбылыстарға тәуелділігінен (себептес-нәтижелестік байланысынан) туындайды. Мысалы, оқушы теореманы білмесе, геометрия есебін шеше алмайтындығын түсінеді. Бұл байланыс (теорема мен есептің арасындағы) мағыналық себеп-салдарлық сабақтастықтың көрінісі. Мұндай ассоциациялардың адам өмірінде маңызы айтарлықтай.
Ес түрлері

Есте қалдыру және жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрі келесі негізгі үш өлшемге (критерий) сәйкес болуы шарт: 1) әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес – қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз-логикалы болып бөлінеді; 2) іс-әрекет мақсатына орай ес – ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі ролі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты – қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік (оперативная) естер ажыралады.


Қозғалысты ес - әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдарда осы ес түрі басқаларынан гөрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы, музыкалы шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екінші біреулердің қозғалсыты естері тіпті шабан. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әрекеттерінің қалыпқа түсуінде және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағанда, біз қажетті әрекет пен қимылдарымызға әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы дамыған қозғалысты ес адамның әрекет ептілігін, еңбектегі ұқыптылығы мен «бармағынан өнер тамғанынан» көрінеді.
Сезімдік ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамдыне жағымсыз орындалып жатқанын көңіл-күйімізбен танытамыз. Осыдан, көңіл-күй (эмоция) есі адам өмірі мен іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтіп, есімізде сақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады. Сізбен қатынасқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен қосылып, толғанысқа түсуіңіз осы сезімдікеске негізделген.
Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есіту, сипай сезу, иістік және дәмдік болып бөлінеді. Егер көру, есіту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт-бағдарында қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамдың кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес түйсіктер сияқты мұндай ес түрлері іс-әрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемістігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі мүмкін. Мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал кереңнің көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі, т.б.
Сөздік-логикалы (мағыналы) ес мазмұны біздің ой өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық қана болмай, сөзді-логикалы болатыны осыдан. Біздің ойымыз әртүрлі тіл формаларымен берілетіндіктен, оны қайта жаңғырту матералдың тек негізгі мазмұнын жеткізумен не сөзбе-сөз қалтқысыз қайталануымен жүзеге асуы мүмкін. Егер кейінгі жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түспейтін болса, онда оның өзгеріссіз жатталуы логикалы емес, механикалық жаттауға айналады.
Сөзді-логикалық, мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан да, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелі және эмоционалды естер жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес түрі адамға ғана тән қасиет. Сөзді-логикалыес басқа ес түрлерінің дамуына арқа суйей отырып, оларға жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың жоғары дейгейге көтерілеуіне ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі шәкірттің білім игеруі мен топтауы, негізінен, осы мағыналық еске байланысты.
Іс-әрекет мақсатына байланысты ес – ырықты және ырықсыз болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс – ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемикалық (жаттау, еске түсіру) әрекеттерге орай жүзеге келеді.
Ырықсыз не ырықты болудың ес дамуының бірізді, кезекті келетін 2 деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ырықсыз ес тәжірибесімен жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажетті болған тұрмыстық біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс-әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да , осыдан бізге керекті болған матералды алға ниет қып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.
Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың бастапқы кезеңіне, сыртқы әсерелер іздері бекінгенге дейін өтетін процестерге аударылуда. Қандай да материал есте қалдырылуы үшін, ол субъект тарапынан тиісті дәрежеде өңделіп, игерілуі тиіс. Ал бұл үшін белгілі уақыт аралығы қажет, яғни сырттан түскен әсерлердің басы бірігетін (консолидация следов) уақыт. Бұл процесс – жаңа ғана болып өткен оқиғаның біздің субъекттік санамызда бірден ұмытылмай, онда толғаныс пайда етуі: болып өткен оқиға енді жоқ болса да, біз оның көріністерін елестетеміз, құлағымыздан шуы кете қоймайды. Мұндай процестер тұрақты болмайды, жойылып та кетеді, бірақ тәжірибе топтастыру механизмдерінің қызметінде үлкен роль ойнағандықтан, ол есте қалдыру, бекіту және қайта жаңғырту үшін қажетті естің ерекше формасы ретінде – қысқа мерзімді ес деп танылған. Бұл ес түрі, жоғарыда көрсеткеніміздей, матералды аз уақыт аралығында ғана сақтау мүмкіншілігіне ие.
Нақты қызметті ес (оперативная память) адамның нақты іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар жәнее қимылдарды орындалуына байланысты іске қосылады. Қандай да бір күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. Осы екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдынғы бөлік нәтижелері әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып, естен шығып, келесі әрекет бөлігінің ақпаратына орай босатқандай болады. Орындалатынәрекет бөліктерінің көлемі мен аумағы әртүрлі, мысалы, балақай жеке әріпті қинала танудан бастаса, ересек адам тіпті маман болса, кітап беті мазмұнын тұтастай қабылдауы мүмкін. Қызметтік естің жоғары деңгейде нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет