Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік



бет3/19
Дата31.01.2023
өлшемі337 Kb.
#64042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
stud.kz-64227

Ес процестері


Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы – ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру. Бұл – болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы. Ми қабығындағы әрқандай процесс соңында бекімі әр деңгейде болған із қалдырады.
Өмірде кездестіргендердің көбі адамның есінде ырықсыз орнығады: төңіректегі заттар, құбылыстар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, әншейін оқыла салған кітап мазмұны ж.т.б., ал енді оларды әрқайсысының жатталуы бірдей емес. Әдетте, адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызығулары мен қажеттіліктеріне орай және іс-әрекет мақсаты, міндетіне байланысты заттар мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Тіпті ырықсыз есте қалдырудың өзі де таңдамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.
Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырата білу керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл-ой әрекетін пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру көп жағдайда жаттап алу формасында орындалады, яғни оқу материалы толық және мүлтіксіз жатталғанша, көп мәрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Осыдан ырықты есте қалдыру ырықсыз, ниеттелмеген есте қалдыруға қарағанда анағұрлым өнімді келеді.
Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы мақсаттарға негізделмесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге, егер алға осы міндет қойылып, оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса, есте қалдыру тиімді нәтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бұл жағдайда жылпы міндеттер белгіленумен бірге (тұтастай жаттап алу), жеке, арнайы міндеттердің де болғаны жөн. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой-пікірді есте қалдыру мақсаты тұрса, екіншіде – сөзбе-сөз жаттап алу, ал үшінші бірде – деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.
Есте қалдыру және тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған әрекет мнемикалық әрекет деп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін қояды. Барша жағдайда адам өзіне есте қалдыруға ұсынылған нысанды басқалардан айыра біліп, қосымша әсерлерге берілмей, қайта жаңғырту кезінде сол матерал шеңберінен ауытқымауы қажет. Мнемикалық әрекеттің таңдамалылығы осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау және жатталғанды еске түсіру мақсатында өткендегілерді саналы сараптау – саналы іс-әрекеттің айрықша формасы болып саналады.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол қалпында есте орнығады. Мұндай есте қалдыру барысында адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенеді. Ал мағыналы есте қалдыруға келетін болсақ, ол материал бөлшектері арасындағы көзден таса, ішкі логикалық байланыстарына негізделеді, яғни мұндай естің астарында екінші сигналды жүйенің жалпыланған байланыстары жатады. Осыдан, мағыналы есте қалдыру оның механикалық түрінен әлдеқайда тиімді келеді. Механикалық жаттау тиімдігі шамалы, көп еңбектеніп,сан мәрте қайталауды керек етеді, мұндай жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске түсе бермейтіні де бар. Ал мағыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат етіп, үлкен де нық нәтижелерге кенелуіне жол ашады.
Есте сақтау. Адам есінде қалдырғанды біршама уақыт аралығында жадта сақтап қалу қабілетіне ие. Есте сақтау ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық (қозғалмалы) және статикалық (тұрақты) түрде көрінуімүмкін. Динамикалық есте сақтау мезетті қызметтік (оперативная) есте орын иелеп, ал статистикалық – ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді. Динакималық есте сақтауда жатталған материал өзгеріске түсе бермейді, ал тұрақты есте, керісінше, қайта құрылып, өңделеді.
Ұмыту. Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі – уақытша жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері. Толықтай жаңғырта алу мен бүтіндеп ұмыту барысында психологияда «ес деңгейлері» деп аталған тану кезеңдері байқалады. Мұндай деңгейлер үшеу: 1) қайта жаңғыртушы ес; 2) тану есі; 3) тану мен жаңғыртуды жеңілдетуші ес. Мысалы, оқушы өлеңді жаттап алды. Егер уақыт өтуімен шәкірт жаттағанын түгелдей жаңғырта айтып берсе, онда балада бірінші деңгейдегі, ең жоғарғы естің болғаны; егер оқушы жаттағанын айтып беруде көп қателессе, бірақ оны кітаптан немесе басқаның айтуында тани алса, екінші деңгейлі еске ие болғаны; егер оқушы жаттағанын өз бетінше кітаптан да, басқаның еске салуымен де қайталап айтып бере алмай, бірақ толық еске түсіріп, айтып беру үшін, қайта жаттауда аз уақытта нәтижеге ерісе алса, онда үшінші деңгейлі еске ие болғаны.
Естің бұзылысы. Ес қызметінің қажетті деңгейінен кері ауытқуы астарында психологиялқ талдауды қажет ететін әртүрлі жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрінеді. Мұндай ақыл-ес сырқаты көбіне ағымдағы оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырықсыз (тікелей) естің бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген, білгенін қас қағым уақытта ұмытады, бірақ өткендегілерін түгелдей, жақсы болжастыра алады. Науқас адам атам заманда не оқығаны, қандай қызмет атқарғаны жөнінде жай-жапсарын қалдырмай еске түсіріп беруі мүмкін, ал осы бүгін тамақтанды ма, жоқ па; қажет адамымен кездесті ме, кездеспеді ме; бұған жауап таба алмай, мүдіріп қалуы таң қалғандай. Бұл адамдағы қайта жаңғырту, еске түсіре, жадқа айтып беру қабілетінің жойылуы деген сөз.
Ес бұзылысы кейде өткедегі оқиғаларды да қайта тіктей алмаудан көрінеді: науқас адам өмірінде не болғанынан түк хабарсыз, бұрынғыны бүгінгісімен шатастырады, жыл, айларын алмастырады, яғни уақыт пен кеңістік өлшемдерін таразылай алмайтын жағдайға түседі. Сонымен бірге, науқас адам санасында өте бір ұзақ уақытта болған қандай да бір оқиға, жағдай естен кетпестей орын тебуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет