Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік


Мінездің физиологиялық негіздері



бет14/19
Дата31.01.2023
өлшемі337 Kb.
#64042
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
stud.kz-64227

Мінездің физиологиялық негіздері
Жүйке жүйесінің типі жоғары жүйке қызметінің туа біткен ерекшеліктеріне байланысты. Бірақ адамның физиологиялық табиғаты өзгермей қала алмайды. Жүйке жүйесінің темпераменті мен мінезді ара қатынасы туралы айта келіп, И.П.Павлов былай деп жазды: «тип дегеніміз жануардың жүйе қызметінің туа біткен, конституционалдық түрі – генотип. Бірақ, жануар туған күнінен бастап қоршаған жағдайдың саналуан ықпалына ұшырайтындықтан, бұларға ол ақырында бүкіл өмір бойына жиі бекіп қалатын, белгілі бір іс-әрекеттермен сөзсіз жауап беруге тиес, сонда жануардың түпкілікті жүйке қызметі дегеніміз типтік белгілері мен сыртқы орта әсеріне өзгерістірдің кірігуі – фонтип, мінез болып табылады».
И.П.Павлов жануар туралы айтып отыр, ортаның осы сықылды ықпалдарын адам да басынан өткереді. Адамда жүйке қызметінің қалыптасуына бірінші ғана емес, сондай-ақ екінші сигнал системасы да үлкен ықпал жасайтынын есте ұстаған жөн.
Сонымен жүйке жүйесінің туа біткен қасиеті – темперамент – мінездің негізі болып саналғанымен, алайда оны адамның өмір мен қызмет процесінде алған, уақытша жүйке байланыстарының ерекшеліктері мен олардың күрделі жүйелері анықтайды.
Сайып келгенде, туа біткен қасиеттер емес, әлеуметтік шарттылық, яғни ортаның, тәрбиенің ықпалы адамда қандай да мінез қалыптасуының басты себебі. Темпераментке, негізінен, сезімнің пайда болуы мен психикалық процестер мен әрекеттердің өте жылдамдығы байланысты келеді, бұл, әрине, адамның мінезінде де көрінеді.


Адамның өз мінез-құлқын жөндеуі
Адамның бойындағы мінез бітістерінің оның өзі үшін де, сондай-ақ төңірегіндегі адамдар үшін де орасан зор маңызы бар. Егер біреу туралы: «Оның мінезі қандай жаман» десе, онда әлеумет мұндай адамнан қашқақтайды, ұжымда оның достары болмайды, отбасында онымен бірге өмір сүру көбінесе үлкен азап. Мінезі жақсы адамдар, әдетте, йналасындағылардың, туған-туысқандары мен достарының сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленеді.
Кейбіреулер мінезді жақсарту мүмкін емес деп санайды. Кейде теріс мінезді адам өзі туралы: «Менің мінезім осылай, не істеймін? Менің өзім де өзіме разы емеспін, бірақ ештеңе істей алмаймын» - дейді. Бұл дұрыс емес. Рас, өз мінезін өзгерту, оның теріс жақтарынан арылу және бойындағы мінездің оңды жақтарын баулу – күрделі міндет, бірақ мүмкін нәрсе. Бұл үшін, ең алдымен, өз мінез-құлқымен жұмыс жасау, оны тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу мақсатын қайта қолға алып, батыл алға қою керек; тым дандайсудан арылу, өзіне сын көзімен қарауға тырысу, өзінің кемшіліктерін айқын көру үшін, мінез-құлқына қаталырақ қарау қажет. Бұларды байқамайтын, немесе байқағысы келмейтін адам ешқашан да өзін ойдағыдай жөндей алмайды.
Өз қасиеттерін объективті бағалау кейде адамның өзіне де қиынға түседі. Сондықтан да басқалардың пікіріне құлақ асып, сырттан көп нәрсе айқынырақ көрінетінін еске ұстап, әділ сынға өкпелемеу керек. Мінезді тәрбиелеуде адамға жақсы, тату ұжым көмектесе алады.
Адамда мінез белгілерін қалыптастырудың аса маңызды шарттарының бірі – еңбек, белсенді іс-әрекет.
Өзін-өзі баулуды айта отырып, бұл, әсіресе, жастық шақта жемісті болатынын ескерген жөн. Нақ осы кезде адам бойында өзін-өзі ұғып, түсіну қабілеті дамиды. Жастар өмір мәні, мақсаты туралы ойлай бастайды, өздеріне және басқаларға сын көзімен қарай алады, оларда қоғамның пайдалы мүшесі болу үшін өзіндік тірбие ниет пайда болады. Бірақ бұл егде адам өзін жақсы жаққа өзгерте алмайды деген сөз емес. Әдетке айналып кеткен өзінің қылықтарымен, іс-әрекеттерімен ол бүкіл өмір бойына күресе отырып өзінің мінез-құлқын ұнамды арнаға ұйымдастыру мүмкіншілігіне бірде арылмайды. Тек ниет керек.

Іс-әрекет.


Жоспар
1.Іс-әрекет туралы жалпы ұғым.
2.Іс-әрекет, оның түрлері.
3.Дағды қалыптастырудағы жаттығудың рөлі.
4.Дағды,икем, әдет.

Іс-әрекет туралы жалпы ұғым.


Адамның психиқалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады.Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекетіміз дұрыс болу үшін.−дейді Әл−Фараби,-біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін...анықтап алуға тиіспіз». Адамды іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені өткен тарауда айтылды. Адам іс-әрекет−күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.
Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтеже шығару−оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене тусуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері:ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.

Іс-әрекет, оның түрлері.


Ойын−бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар-құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын, А.С.Макаренко өте жақсы көрсетті."Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса,-деп жазды ол.−балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмысқа көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекте адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады."
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналысындағыларды өзінше «емдейді». Бірақ бұл оның жай қызыгуынан туған. Ойынның қозғаушы күші баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Кейбір шетел психологтары ойынды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі-жануар төлі мен адам баласының ойынынын арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса(К.Гросс).екіншілері ойын бплпның артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді(Г.Спенсер), ал үшінші біреулері-ойынның жай рахат табудың бір көзі(К.Бюлер) деп қарайды да, оның негізгі мотиві көрсетілмейді,мұндағы қоғамдық факторлардың рөлін еске алмайды Орыс марсисі Г.В.Плеханов өз еңбектерінде ойын жөніндегі идеалистік теорияларды сынап, бала ойынының үлкендер еңбегімен байланысын, оның маңызы тарихи-әлеуметтік сипат алатынын дұрыс көрсетті.
Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, бір жастағы бөбектердің ойыны манипуляциялық(сыртынан ұстап көріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасындағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілермен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны өзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуге үлкен дәреже көреді. Баланың осы тілегін қолдау керек. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл өзінше "ойын" болып саналғанымен, баланың барлык күш-жігерін, зейінің өзіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру—ой-өрісінің, өмір тәжірибесінің жан-жақты қалыптасуына байланысты жүргізілетін жұмыстардың басты бір бөлігі.
Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды.Мәселен мектепке дейін тұрмыстық ойындарды көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі—мұғалімнің. Қалғандары оқушының рөлін атқарады. Ойынның мектеп өмірінің бейнелеуі екінші сынып балаларында біртіндеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойындар басады. Адамдардың жай қимыл–қозғалысының көрсетуден гөрі бала олардың бір–бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл–күйлерін көрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптары, көрген кинолары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.
Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерекшелігі–оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрине, жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де тұрақсыз болады. Өйткені бұлар ұжымдық өмір сүруге әлде де жөнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның құрамы екі-үш баладан аспайды. Ол үшінші, төртінші сынып оқушыларының ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Мектептегі қоғамдық ұйыидардың жұмысы- бала ұжымын құрастыруға таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар балаларды ортақ мақсатқа ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуына тәрбиелейді. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапынан жоғарыда аталған ұжымдардың жұмыстары нәтежелі болуына есбін тигізеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екен түсіне бастайды. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық,эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктерін жан-жануарлардың өміріне қызығушылықты қалыптастырады.
Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде спорттық ойындарда едәуір орын алады. Олар футбол, валейбол,теннис, городки, лапта ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерде сақтау бір-бірімен жарысу моменттері күшті болады.Сондықтан да мұндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді, өз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысын бағындыруды үйренеді, жолдасқа көмек беруді, өз командасы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдалануды ойлай бастайды. Ойында жарысқа түсу, бірінен-бірі озу жағы да көзделеді. Төменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті. Ережелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстың аса қажетті үйлесімділігін, жылдамдық пен оңтайлылықты жақсы мееңгереді.Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, өрмелеу сияқты атрибуттарды үйреніп қана қоймай, адалдық, шыншылдық принциптілік секілді адамгершілік қасиеттерге баулиды.
Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жетекшілік көрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттерін қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Дағды қалыптастырудағы жаттығудың рөлі.
Дағды жаттығу процесінде қалыптасады.Оны қалыптастыру үшін жай қайталау жеткіліксіз, оған арнайы жаттығу қажет. Мәселен, мылтық атып дағдылану үшін түрлі әдістерін, жүзіп дағдылану үшін жүзу әдістерін меңгеру керек болады.
Кез келген қайталаудан жаттығу шықпайды. Мәселен, адамның нашар жазуы, көп қайталағанмен түзелмейді.Себебі, мұнда арнайы жаттығулар жүйесі жоқ. Жаттығу жөнінде белгілі ережелерді білмей, яғни дағдыны қалыптастыру, жаттығу қандай жолмен жүріп отыратындығымен таныспай, қандай дағдыға болса да иә болу қиын. Адамның дағдыға машақтана алушылығын төмендегі белгілер көрсете алады.
Біріншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуы, оның нәтежесін үнемі біліп отыруға байланысты.Дағдыны қалыптастырудың нәтижелігі жаттығуға кеткен уақыттың азаюынан, орындау сапасының жақсаруынан, қателердің болмауынан, орынсыз шұғылданып, зорланып істеудің жойылуынан көрінеді. Мәселен, белгілі амалды қайталап орындаған сайын адам өзінің жетістігі туралы, орындауда кеткен кемшіліктерді сезгендігі туралы, жіберген қателері туралы есеп берсе, келесі жаттығуларда дағды бұрынғысынан гөрі шапшаңырақ дамитын болады.
Екіншіден, дағдыланушы адам жаттығуға біртіндеп кіріссе, жаттығулардың арасын уақыт жөнінен дұрыс бөлсе, үзілістер жасап отырса, үйрену әдістерін жетілдірсе, үйренуге өзінің қатынасын жақсартса, үйренетін дағдысының өзіндік ерекшеліктерін білсе, дағды нәтижелі болумен қатар тез қалыптасып, соңынан берік орнығатын болады.
Үшіншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтіретін түрлі себептерді білудің маңызы зор. Мұның біріншісі–объективтік,екіншісі–субъективтік деп аталынады.Объективтік себептердің біріне дағдыға қажетті құрал–жабдықтардың сапасының нашар болып келуін жатқызуға болады. Мәселен, жазуға алғаш үйренген кезде баланың сиясы сұйық, қағазы нашар, қаламұшы бұзық болса, жазу дағдысының тезірек қалыптасуына бөгет жасайды.Ал субъективтік себептерді адамның жеке басынан іздестіру қажет. Егер адамның түрлі дағдыларды меңгеруге ықыласы болмаса табансыздық көрсетсе, ол тез арада машақтана алмайды. Мәселен, біреулердің велосипед тебуді тез үйреніп, екінші біреулердің көпке дейін тебе алмайтындығы осы секілді жеке қасиеттердің ерекшелігіне де байланысты болады. Субъективтік себептердің біразы осы секілді мақсаттың айқын болмауынан да туып отырады. Мұндайда адам өзінің жасын, денсаулығы мен дене бітісін, жүйке жүйесінің ерекшеліктерін ескертіп отырмаса болмайды. Осы айтылғандар дағдыны меңгерудің қосымша шарттары болып есептеледі.
Дағдылардың өзара қатынасы түрліше жағдайда көрінеді. Кейде бұрынғы дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына көмектеседі, енді біреулері керісінше, кейінгілерінің қалыптасуына кедергі келтіреді.
Ескі дағдының жаңа дағдыны қалыптастыруға көмектесуін дағдылардың тасымалы дейді. Мәселен, шет тілдің біреуін білу, екіншісін үйренуге көп жеңілдік келтіреді. Мұның себебі бұрынғы қалыптасқан дағды мен жаңадан қалыптасатын дағдының арасында ұқсастықтардың көп болуы. Олар;алфавиттегі жеке дыбыстардың айтылуындағы және грамматикалық ережелердегі ұқсастықтар. Осы заңдылықтарға сәйкес, арифметикада қосу амалын білу көбейту амалын үйренуге, алу амалын білу, бөлу амалын тез иеңгеруге жағдай жасайды. Осылайша қалыптасқан дағдыны оқушы басқа пәндерден жазатын дәптеріне де ауыстырады.
Бұрынғы дағдылардың жаңа дағдылардың жасалуына бөгет келтіруін интерференция деп атайды. Дағдылардың интерференциясы екі түрлі болады. Жаңа дағдыларды қалыптастыруда бұрынғы дағдылар кедергі жасайды. Интерференцияның мұндай түрін ассоциативтік тежелу деп атайды.
Бұрынғы дағды жаңа дағдыға қалыптасып болғаннан кейін де өзінің кесірін тигізе беруі мүмкін. Интерференцияның осы түрі репродуктивтік тежелу деп аталады. Оқу–тәрбие процесінің нәтижелі болуы үшін мұғалім осы заңдылықтарды біліп отыруы тиіс.
Дағды, икем, әдет.
Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығулар нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Мәселен, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды, терлеп-тепшіп қиналады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамаыды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше көңіл бөледі. Өйткені соңғыда жазу дағдысы автоматталған. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері ғана автоматталынады.
Дамуы шегіне жеткізілген дағдылардан мына төмендегідей белгілерді байқауға болады;

  1. Дағды алудың белгісі–әр түрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау.

  2. Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып,қиналып істеу жойылады.

  3. Дағдыланудың үшінші белгісі–бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан тұтас бір амал жасау алу. Мәселен, бала алғаш әріпті танығанда, сөздерді әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, кейін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп, жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды.

“ Сауаты ашылған адам,–деп жазды А.Байтұрсынов (1873-1937),—жазылған я басылған сөзді әрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сүгіретін танып оқиды...Неғұрлым сөз сүгіреті көзге елеулірек болса, соғұрлым жымдам танып, шапшаң оқымақшы...Адам әріптерді бірі биік, бірі аласа, ұзын, бірі қысқа келіп, сөз әлпіне...ашық сурет береді.
4) Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады
5) Дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай плу қабілетінің болуы, мәселен, машинистка тексті көшіргенде, әрдайым оның көзі алға жүгіріп, қолынан озып кетіп отырады. Қолы бір сөзді басқан кезде, оның ойында бірер сөз әзір тұрады. Мәнерлеп оқуда да көз бірер сөздің көлемінде болмай, тұтас сөйлемді, тіпті бірнеше сөйлемді қамтиды.Адам текстің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алады. Мұны психологияда дағдының антиципациясы дейді. Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырылады. Мұндай жұмыстың табысты болуы қамтамасыз етіледі. Іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, спорт атрибуттарын, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді. Адам, әсіресе, өзінің негізгі мамандығына, көп істес болатын нәрсесіне дағдыланса, бұдан біраз уақытын үнемдейді, күш-қуатын орынды пайдаланатын болады. Өндірістегі жұмысшылардың, инженерлер мен техниктердің шаруашылықтың сан-саласына күн сайын енгізіп жатқан ұсыныстары мен өнертапқыштығы, олрдың еңбек дағдыларының өте-мөте жетілгендігін көрсетеді. Оқу дағдыларын жете меңгеру баланы оқуда озат оқушының қатарына алып келеді.
Спорттық дағдыларды—қозғалыс,мектептік дағдыларды сенсорлық және интеллектік дағдылар деп атайды.
Дағдылардың икемділік ұғымын айыра білу қажет. Осы ұғымдардың мағынасы біріне-бірі өте жақын болғандықтан бұларды бірінен-бірін шатастырып алуға да болады. Икемділі дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Мәселен, төменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген. Осы мысалда баланың икемділігін барлығын көрсетеді.
Икемділік түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, енді ғана әріп элементтерін салып үйрене бастаған баланың икемділігі икемділіктің қарапайым түрі болып келсе, кейін жеке сөздерді, сөйлемдерді жазған кездегі икемділігі бұрынғысынан күрделірек болып келеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік—белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін прктикада пайдалана алудың көрінісі болып табылады.
Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті қажет етеді, икемділік амалды жүзеге асырудың да тәсілі. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады. Оқушы орфографиялық ережелерді жаттап алғанмен, жазуда қате жіберіп қояды. Бұл оның білімі икемділігімен байланыспағаны. Дағды, білім және икемділік бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның үйрену тәсілінің жетіктігі оның дағдыға тезірек машықтануынан туған қажетті білімдерді тезірек меңгеруге жәрдемдеседі. Екінші жағынан, адамда дағды мен білімнің жетіспей жатуы оның икемділігінің арта түсуіне кедергі келтіреді. Бұл үшеуі бір-бірімен кері құрылымдастық қатынаста болып отырады.
Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де әрекеттің автоматтанылған құралдары. Бірақ мұның дағдыдан айырмашылығы мынада; әдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып, оны қажетсініп тұрады. Мәселен, адам күн сайын беті-қолын жуып тұруға әдеттенгендіктен осыны ылғи да қажетсінеді, мұны істемесе, көңілі көншімейді.
Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан рет жатқызады, есепсіз қайталайды. Егер де адам өзіне ұнамсыз дағды қалыптастырып және бұған көп уақытын жіберіп жатса, мұның өзі өтеессіздік болар еді. Сондықтан да дағдылар пайдалы, пайдасыз болып бөлінбейді. Өйткені оның қай-қайсысы да пайдалы. Ал, әдеттің ұнамды, пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зиянды түрлері де кездеседі. Ұнамды әдеттерге;жүйелі түрде еңбек ете білу, қызмет орнын ұқыпты ұстау, тұрмыстағы мәдениеттілік, гигиеналық әдеттер жатады. Бұл адамның өмірі үшін аса қажет нәрселер. Ұнамсыз әдеттерге; орынсыз ысқыру, қарандашты ауызға салу, тісін үнемі шұқылап отыру, столды отырып аяқты селкілдету, сөйлегенде қыстырма сөздерді қолдану, қолын қалтасында, аузында шылымы тұрып, жұртқа кезек бермей сампылдап сөйлеу жатады.
Үйреншікті әдет болмайынша, адамның істеген ісінің берекесі де болмайды. №егер адам: өзінің бойына сіңген әдетіне байланысты қимылдаса, оның ісі оңайланып, көңілі рақат тауып отырады.Үйреншікті әдет адамның табиғи қылығы сияқты бойына сіңіп кетеді.“Ауру қалса да, әдет қалмайды”деген нақыл осы сөзден шықса керек.Әрине, мұны тіке өз мағынасында түсінбеу қажет. Бұл жерде үйренген әдеттен құтылу қиын екені жөнінде айтылып отыр.Әдеттерді белгілі бір мағынасына қарай бірнеше топқа бөлуге болады‚ олар:адамгершілік, немесе морльдық(әр уақытта да шындықты айтуға әдеттену, жолдастардың алдында адал болу, уәдеде тұру т.б.) мәдени мінез-құлықтық (сыпайылық, үлкенге және жасы кішіге қамқорлық жасау, дұрыс сөйлеу т.б.) гигеналық (тамақ алдында қол жуу, тап-тұйнақтай болып жүру т.б.)еңбек, ақыл-ой әдеттері.

Пысықтау үшін сұраулар.


1.Адам әрекетінің жалпы сипаттама қандай?
2.Ойын әрекеті дегеніміз не?
3.Дағды дегеніміз не?
4.Дағды мен икемділік ұғымдарының бір-бірінен айырмашылығы қандай?
5.Әдет деген не? оның қандай түрлері бар?
Пайдаланған әдебиеттер.
1.Қ. Жарықпаев "Жантану негіздері"
2.Бабаев "Психология"
МІНЕЗ

  1. Мінез туралы ұғым.

  2. Мінез бітістері.

  3. Мінез жөнінде білімдер.

  4. Мінез түрлері мен типтері.

  5. Мінездік бітіс асқынуы.

  6. Мінез және адамның жас сатылары.

  7. Мінездің физиологиялық негіздері.

  8. Мінездің құрылымы мен қасеттері.

  9. Адамның өз мінез құлқын жөндеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет