Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ


Азаматтық-құқықтық дауларды реттеудің балама тәсілдері



бет10/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

2.4 Азаматтық-құқықтық дауларды реттеудің балама тәсілдері

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам мен оның институттарын, нарықтық қатынастарды ары қарай дамыту аясында, сондай-ақ азаматтық заңнаманы одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау жағдайында тараптар арасында сот, сондай-ақ соттан тыс тәртіппен мәмілеге қол жеткізудің түрлі жолдары мен тәсілдерін, оның ішінде баламалы шараларды, әсіресе медиация, бітімгершілік келісім, төрелік, партисипативтік рәсім және т.б. қолдану бойынша объективті алғышарттар туындауда.


Тараптардың татуласуы үшін соттың шаралар қабылдауы және оларға үрдістің барлық сатыларында дауды реттеуге жәрдемдесу азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерінен туындайды. Тараптардың талаптарына қатысты бейтарап ұстанымды ала отырып, сот тараптарға олардың татуластыру рәсімдерін жүргізу құқықтарын және ҚР АПК 278 бабының талаптарына сәйкес осындай келісімдерді жасасудың құқықтық салдарларын түсіндіреді [2].
Тараптар бітімгершілік рәсімдердің әртүрлі түрлерін: бітімгершілік келісімді, медиацияны, яғни кәсіби медиатордың қатысуымен де, егер медиация сотта өткізілетін болса, судьяның қатысуымен де медиацияны, сондай-ақ екі тараптың адвокаттарының қатысуымен партисипативтік рәсімді қолдана отырып, дауды реттеу туралы өтінішті мәлімдей алады. Олар шартта айтылған немесе заңда көзделген, мысалы нотариустың, адвокаттың қатысуымен және т.б. татуластыру рәсімдерінің басқа да түрлерін пайдалана алады (АПК-нің 145-бабын қараңыз). Шектеулер белгіленбеген. Әрбір жағдайда өтінішті талқылайды және ол бойынша сот шешім қабылдайды.
ҚР АПК 17 тарауының 174-182 баптары татуластыру рәсімдеріне арналған.

Әдебиет:
1 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне түсініктеме. - Астана: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Кітапханасы, 2016. – 808 бет.


2 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz
3 Салық Кодексі 2017 жылы 25 желтоқсанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет