Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет11/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

Бақылау сұрақтары:

  1. Азаматтық сот ісін жүргізу дегеніміз не?

  2. Азаматтық іс жүргізу сатылары қандай?

  3. Процестік мерзімдердің түрлері қандай?

  4. Азаматтық іс жүргізудегі сот шығыстарының құрамы қандай?

  5. Азаматтық-құқықтық дауларды реттеудің қандай балама тәсілдерін білесіз?



Есеп 2. Талапкер П. жауапкер А.-ға моральдық зиянды өндіру туралы талап қойып жолданды. Ол талабын келесідей негіздеген: 2015 жылы 8 мамырда күндіз оның 2000 жылы туылған кәмелетке толмаған қызы З.-ны жауапкердің иті талаған және тістеген. Осыған орай талапкер соттан 100 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеуді және сот шығыстарын өндіруді сұраған.
Сот отырысында тараптардан кәсіби емес медиатор Т.-мен жүргізілген дауды медиация тәртібімен реттеу туралы бекітілген келісімі судьяға табысталды. Келісімнің жағдайлары бойынша талапкер П. қойылған талап арызынан бас тартады және соттан сот ісін жүргізуді тоқтатуды сұрайды. Жауапкер А. 2015 жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде ерікті түрде талапкерге 30 000 теңге төлеуді, 2015 жылдың 15 тамызына дейін – 10 000 теңге, 2015 жылдың 15 қыркүйегіне дейін - 10 000 теңге, барлығы 50 000 теңге төлеуді міндеттенеді. Талапкер П. жауапкер А.-дан келісімді орындауды қабылдауға міндеттенеді. Келісімнің жағдайлары жазбаша түрде мазмұндалған және 2016 жылы 17 маусымда тараптармен қолдары қойылған. АПК-нің 247-бабы бойынша тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуіне байланысты сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Кейін жауапкер А. сотпен бекітілген дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ерікті түрде орындаудан бас тартты.
1. Татуласу келісімінің және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің мәнісін түсіндіріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет