Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет12/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
2. Татуласу келісімі және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім қандай талаптарға сәйкес келуі тиіс?
3. Татуласу келісімі және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің жазбаша нысаны, аталған келісімдерді тараптардың өзара қол қойып растауы және оны соттың бекітуі қандай құқықтық мағынаға ие?
4. Егер талапкер П. мен жауапкер А. арасында бекітілген дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш істі сот талқылауына дайындау сатысында келіп түссе, онда ҚР АПК-нің қандай нормаларын сот қолданады?
5. Егер талапкер П. мен жауапкер А. арасында бекітілген дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш сот талқылауы сатысында келіп түссе, онда ҚР АПК-нің қандай нормаларын сот қолданады?
6. Неге сот тараптарға дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітудің салдарларын түсіндіруге міндетті?
7. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жасасуына байланысты талапкер А.-ның төлеп қойған 991 теңге көлеміндегі мемлекеттік бажды қайтару туралы талабы қанағаттандырылады ма?
8. Талапкер П.-ға қайда жолдану қажет?


3 Азаматтық процессуалдық құқық қатынастары
3.1 Азаматтық процессуалдық құқық қатынастары ұғымы және оның ерекшеліктері
3.2 Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының туындау негіздері, түрлері
3.3 Азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік және азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілік
3.4 Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектісі


3.1 Азаматтық процессуалдық құқық қатынастары ұғымы және оның ерекшеліктері

Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар.


Азаматтық процессуалдық қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады (Кесте 8).
Азаматтық процессуалдық қатынастардың ерекшеліктері мыналар:
- тек құқықтық негізде орын алады – бұл материалдық-құқықтық қатынастардан негізгі айырмашылығы. Мысалы, отбасы құқық қатынасы құқықтық реттеуден тәуелсіз пайда болады, құқық бұл салаға отбасы құқық қатынасының мәнді және маңызды мәселелері туындаған жағдайда араласады. Ал азаматтық іс бойынша іс жүргізушілік құқықтық қатынастар құқықтық нысаннан тыс орын алуы мүмкін емес;
- билікті сипатта орын алады – сот билік органы ретінде қатысады, сондықтан оның өкімдік әрекеттері азаматтық іс жүргізудің барлық қатысушылары үшін сөзсіз міндетті;
- құқық қолдану сипатында орын алады – өйткені, негізгі қызметі материалдық және процессуалдық құқық нормаларын қолдану;
- сот міндетті субъектісі – соттың қызметінсіз азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынас туындауы мүмкін емес;
- көпсубъектілігі – соттан басқа да азаматтық іс жүргізудің субъектілері қатысады (мысалы, талап қоюшы, жауапкер, сот өкілдері, дау нысанына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар және т.с.с.);
- динамикалығы – іс жүргізу заңында көзделген тәртіпке сай, бір іс жүргізушілік әрекеттің келесі әрекетпен бірізді ауысуы [1].
Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.


3.2 Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының туындау негіздері, түрлері

Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.


Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтың іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және қызметтік-көмек көрсетушілік.
Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.
Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары - іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде (ҚР АПК-тің 54 бабы), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (ҚР АПК-тің 51-52 баптары) туындайды.
Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдың өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.
Сонымен, азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері - сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет