Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет15/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
680916393060 Дәрістер АІЖҚ 2020-2021

Судья дұрыс әрекет етті ме?
Есеп 5. Иванов пойыздың астына түсіп, өзін өзі өлтірді. Қайтыс болғанның жұбайы темір жол басқармасына зиянды өтеу және 5 және 9 жастағы екі баласын асырауға жәрдемақы төлеу туралы талап арыз қойды. Талап арызды қайтыс болған адамның анасы да қойған, ол ұлының асырауында болмаса да жасы (68 жас) және денсаулық жағдайы бойынша материалдық көмекке мұқтажбын деп есептейді. Жауапкер талапқа қарсылық білдіріп, Иванов пойыздың астына өзі секірген және машинисттің оның өлімін болдырмауға мүмкіндігі болмады деп түсінік берді.
Процессуалдық қатынастар кімдердің арасында туындады және олардың мазмұнын не құрайды?


4. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының субъектілері
4.1 Сот азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының міндетті субъектісі. Соттың құқықтық жағдайы.
4.2 Азаматтық процестегі тараптар түсінігі, олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері
4.3 Процессуалдық іске ортақ қатысудың ұғымы, мақсаты, негіздері және түрлері. Тиісті емес тараптар.
4.4 Процестік құқық мирасқорлығының ұғымы және негіздері. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар және олардың түрлері.
4.5 Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу негіздері мен нысандары.
4.6 Басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы берілген мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалар немесе азаматтардың азаматтық іс жүргізуге қатысу негіздері және мақсаты.
4.7 Сотта өкілдік етудің ұғымы, соттағы өкіл және оның өкілеттігі.


4.1 Сот азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының міндетті субъектісі. Соттың құқықтық жағдайы.

Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсы біреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысаңында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтың және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды (талап қоюшы немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп-шотынан талап қоюшылық пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР Конституцияның 77-бабында [1] және ҚР Азаматтың процестік кодексінің жалпы бөлімінің 2-тарауында аталған принциптерге негізделеді [2].


ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық Заңының 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады [3].
Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөледі: сот, іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер.
Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың субъектері ретінде танимыз (Кесте 9). Олардың құрамыіна ҚР Азаматтық процесстік кодексінің 43-бабына сәйкес:
• тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді);
• үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін);
• прокурор;
• мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары;
• ҚР АПК-нің 55, 56-баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар;
• арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АПК-нің 302-бабы) жатқызамыз.
Сот төрелігін жүзеге асыруын жәрдемдесушілер – азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері. Олардың қатарына: аудармашы, куә, маман, сот приставы, сот хатшысы, сот ұыймдастырушысы, өкіл және т.б. жатқызылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет