К. Талапқа құқыққа және талап қою құқығына ие болады ма?
Талапкер К.-ның «Серік»ЖШС-не жұмыстан шығару туралы бұйрығының күшін жою, «Серік»ЖШС-нің қауіпсіздік бөлімінің басшысы лауазымына қайта алу туралы талабы негізделген ба?
8. Істі сот талқылауына дайындау. Азаматтық іс жүргізудегі татуластыру рәсімдері 8.1 Істі сот талқылауына дайындау және оның мәнісі
8.2 Азаматтық істерді сот талқылауына дайындаудың мерзімдері
8.3 Азаматтық істерді сот талқылауына дайындаудың тәртібімен жүзеге асырылатын процессуалдық әрекеттер
8.4 Татуластыру рәсімінің ұғымы және түрлері
8.5 Медиация дауларды шешудің балама тәсілдерінің бір түрі ретінде
8.6 Партисипативтік рәсімнің ұғымы және мәнісі
Арыз қабылдау және азаматтық іс қозғау жөніндегі іс жүргізу әрекеттері жасалғаннан кейін судья істі сот талқылауына дайындауды жүргізеді, оның нәтижелеріне дауды шешудің дұрыстығы мен уақтылығы байланысты болады.
Сот талқылауына дайындық әрбір іс бойынша, оның ішінде соттылығы бойынша басқа соттардан келіп түскен және апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттар сот актісін жойғаннан кейін жаңа қарауға келіп түскен істер бойынша да жүргізіледі.
Жеке санаттар бойынша сот талқылауына істі дайындау оны қараудың қысқартылған мерзімдеріне байланысты, күндермен есептелетін, мысалы ерекше талап қою немесе ерекше іс жүргізуде қаралатын жеке істер бойынша сот жүргізбейді.
Істі сот талқылауына дайындау кезінде соттар АПК-нің [1] және Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 «Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы» Нормативтік қаулысының ережелерін [2] басшылыққа алуы керек.
ҚР АПК 163 бабында істі дайындаудың міндеттері деп анықталған (Кесте 30). Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан және азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында істі сотта талқылауға дайындауды жүргізеді. Судья істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады және жасауға тиіс әрекеттерді көрсетеді.
Әрбір іс бойынша міндетті болатын азаматтық істі сот талқылауына дайындау міндеттері:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және сот басшылыққа алуға тиіс заңды айқындау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мәселені шешу және оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлау;
4) әрбір тараптың өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуі үшін ұсынылуға тиіс дәлелдемелерді айқындау;
5) тараптарды татуластыруға жәрдемдесу болып табылады.