Ң азаматтық іс жүргізу қҰҚЫҒЫ



бет33/63
Дата18.12.2023
өлшемі2,26 Mb.
#140494
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63



Бақылау сұрақтары:
1 Талап қою дегеніміз не?
2 Талаптың түрлері қандай?
3 Талаптың элементтері дегеніміз не?
4 Талап қоюға құқық дегеніміз не?
5 Талапқа қарсылық білдіру дегеніміз не?
Есеп 8. К. жеке еңбек шартының негізінде 20.04.2004 ж. Бастап «Серік» ЖШС-де айлық ақысы – 50 000 теңге, күзет бастығы лауазымында жұмыс істеді.
5.01.2015 жылы «Серік» ЖШС бастығының № 05 бұйрығым ен дәлелді себепсіз үш сағаттан көп жұмыста болмағаны үшін К. –мен жеке еңбек шарты бұзылды, бұйрықпен К. танысқан.
К. «Серік» ЖШС-не жұмыстан шығару туралы 05.01.2005 жылғы бұйрықтың күшін жою туралы, «Серік» ЖШС-нің қауіпсіздік бөлімінің басшысы лауазымына қайта алу туралы, 1 800 000 теңге мөлшерінде материалдық зиянды өтеу, моральдық зиян келтіргені үшін 1 000 000 теңге мөлшерінде ақшалай өтемақы өндіру туралы талап қойып сотқа жолданды.
«Серік» ЖШС инспекторы Б.-ның, бас инженер Ю.-дың баяндауы бойынша, К. жұмыс орнында 03.01.2005 ж. бастап 05.01.2005 ж. дейін болмаған. Сондықтан талапкерді жұмыстан шығару туралы жауапкердің бұйрық шығаруы құқықлы болып табылады.
Сонымен қатар, талапкер жоғарыда аталған талапты қодың ескіру мерзімін өткізіп алған, себебі оның жұмыстан шығарылған сәтінен бері үш жылдан астам уақыт өткен, бұл туралы қарсы тарап сотта мәлімдеді.
Бұл дау бойынша талаптың ескіру мерзімін өткізіп алудың қандай да бір дәлелді себебі жоқ болып шықты.
Бірақ, талапкер талаптың ескіру мерзімінің үзілгенін айтып түсіндірді: 04.01.2008 ж. ол осындай талап қойып сотқа жолданған және оған сотпен оның талап арызы қайтарылған. 21.01.2008 жылғы соттың ұйғарымында көрсетілгендей, талап арыз әуелі кемшіліктерді жою үшін 18.01.2008 жылға дейін қозғалыссыз қалдырылған, кейін аталмыш кемшіліктерді жоймағаны үшін ол талапкерге қосымша тіркелген құжаттарымен бірге қайтарылған. Заңмен белгіленген мерзім ішінде бұл ұйғарымға шағым берген емес және бұл ұйғарым күшіне енген. Бұдан басқа, талапкердің еңбек кітапшасынан анықталғандай, бұл мерзім үзілген және бұл уақыт ол үшін амалсыз бос жүрген уақыт болып табылмайды, себебі 10.07.2006 ж. бастап 01.03.2007 ж. дейін, яғни жұмыстан шығарылғаннан кейін бір жарым жылдан соң талапкер «SADI - групп» ЖШС-де қауіпсіздік бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет