Кіріспе
Мұнай мен газ адамзат тұтынатын отынның негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Мұнайды өндіру және оны салыстырмалы түрде бұрыннан пайдаланады, алайда мұнай кен орындарын қарқынды өнеркәсіптік игеру XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында басталды.
Осы пәнді оқу кезінде қолданылатын сұрақтар мұнай өндірудің негізін ашады. Пән "кен орны – ұңғыма – тереңдік жабдықтар" күрделі жүйесін қарастырады, оның элементтері пайдалану басталған сәттен бастап өндіруді қарқындатуға дейінгі тұрақты өзара әрекеттестікте болады. Ұңғыманың барынша дебитін және ұзақ пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін жүйе элементтерінің жұмысы өзара келісілуі тиіс. Ұңғыманы пайдалану режимін тиімсіз таңдау ұңғыманың түбіне флюидтің ағынын жоғалтуға және оны пайдалануды тоқтатуға әкелуі мүмкін.
Пәнді оқу мұнай және газ шоғырлары мен кенорындары туралы жалпы мәліметтерді зерделеуден басталады, өнімді қабаттарда және ұңғыманың кенорындарында мұнай мен газды сүзілу теориясының негіздері беріледі, одан әрі мұнай мен газды әр түрлі жағдайлар үшін жер бетіне көтеру үшін ұңғымалық жабдықтарға қатысты техникалық сұрақтар, жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясы мен техникасы және ағынды интенсификациялау мәселелері қарастырылады және мұнай, газ және суды жинау, дайындау жүйесіне кіретін жабдықтың бөлімімен аяқталады.
Пәнді оқытудың мақсаты мұнай өндіру технологиясы мен техникасы саласында базалық білім алу болып табылады. Пәнді оқу кезінде математикалық және жаратылыстану-ғылыми пәндермен байланыс сақталады, кен орнын игерудің технологиялық және техникалық мәселелерінің өзара байланысы қамтамасыз етіледі және мұнай-газ кен орнын пайдалануды тиімді жоспарлау саласында жүйелі тәсіл жүзеге асырылады.
1. Мұнайды өндірудің қазіргі жағдайы
Қазақстанның мұнай саласы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі. Қарашұңғыл кен орнындағы алғашқы қазақ мұнайын өндіру жылы болып 1899 жылдың қараша айы саналады. Қазақстанда мұнай өндіру 1992 жылы 25,8 млн.тоннаны құрады, 2017 жылы 86,2 млн. тоннаны құрады. 1-суретте мұнай кен орындары мен компаниялардың үлесі көрсетілген [1, 2].
2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында мұнай және газ конденсатын өндіру 57,0 млн.тоннаны құрады (мұнай – 48 млн. тонна, газ конденсаты – млн. тонна), бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 12% - ға артық. Табиғи газды өндіру көлемі 35,1 млрд. текше метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 17,3% - ға артты (1-сурет).
Сурет 1- Қазақстанда мұнай және газ конденсатын өндіру динамикасы
2017 жылғы қаңтар - тамыз қорытындысы бойынша шикі мұнай мен табиғи газ өндіру 5 132 млн.теңгені құрады. (оның ішінде мұнай-5,7 трлн. тг. табиғи газ -123 млрд. тг.). Соңғы бірнеше жыл ішінде төмендегеннен кейін мұнай мен газ конденсатының нақты көлем индексі (НКИ) 112,2% - ды құрады, бұл өнеркәсіп бойынша жалпы ұқсас көрсеткіштен асып түседі (111,3%) (2-сурет).
Сурет 2– Қазақстанның өнеркәсіп және мұнай-газ саласының нақты көлем индексі, %
Мұнай мен газды өңірлік өндіру бес облыста шоғырланған. Өндірудің басым үлесі Атырау облысына тиесілі-48,5%. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда оның үлес салмағы 6,4% - ға артты, ал қалған облыстардың көпшілігінің үлесі қысқарды (3-сурет). Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің ең үлкен өсімі Атырау облысына - 123,9% - ға жетті, бұл Қашаған кен орнында өндірудің ұлғаюына байланысты.
Сурет 3 – Қазақстанда мұнай және газ конденсатын өндірудің өңірлік құрылымы
Соңғы бес жылда мұнай мен газ конденсатын ішкі тұтыну іс жүзінде өзгерген жоқ (4-сурет). Алайда 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында нарықта 11,1 млн.тонна мұнай және газ конденсаты өткізілді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 34,7% - ға артты. Өндірістен ішкі тұтыну үлесі 22,1% – ды, ал бір жыл бұрын-18% - ды құрады.
Сурет 4– Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын тұтыну өндірісінің теңгерімі, млн. т
Сурет 5 – Қазақстандағы мұнай кен орындарынан өндіру үлесі, %
Қазақстанда мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2018 жылы мұнай – газ саласының даму тарихында рекордтық көрсеткішке жетті - 90,3 млн.тонна, 2017 жылы 86,2 млн. тонна мұнай және газ конденсаты өндірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |