Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет2/5
Дата27.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#128974
түріМазмұндама
1   2   3   4   5
II. Негізгі бөлім
2.1. Бағаналы клетка түсінігі мен жіктелуі

Бағаналы клеткалар - деп қажет кезде адамның әртүрлі мүшелері мен ұлпаларын құрайтын жасушалардың басқа барлық типтерін түзе алатын ізашар-жасушаларды атайды. Ғылымға «Бағаналы жасуша» терминін ең алғаш


1908 жылы орыс ғалымы А.Максимов енгізді. Ол бұл жасушалардың «қантүзуші бағаналы» негізінде болатынын айтты. Яғни қызыл сүйек майының жасушалары ескерілді. Олар ізашар-жасушаларға бастама беріп, барлық қан жасушалары: эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер түзіледі.
Адам ағзасында барлығы дұрыс болған кезде бағаналы жасушалар белгілі бір ген әсерінен шексіз екі еселеніп, еркін әрі тәуелсіз «айналып жүреді». Олар – «жұмыссыздар». Бірақ «еңбек биржасынан» генетикалық сигнал алғанда (ұлпаның немесе мүшенің зақымдануы, ақау, кемшілік), олар қан арнасы бойынша зақымданған мүшеге ұмтылады.
Кез келген зақымдануды тауып, сол жерде ағзаға қажет жасушаға (сүйек, тегіс салалы бұлшық ет, без, жүйке және т.б.) айналуы мүмкін.
Бағаналы жасушалардың ағзаның басқа маманданған жасушаларына айналуы бағаналы жасушалардың жіктелуі (дифференциациясы) деп аталады.
Ересек ағзада барлық бағаналы жасушалар тек сүйек майында болады деп ойлау қате. Тарихи тұрғыда олардың алғашқылары сүйек майынан анықталған. Сондықтан ұзақ уақыт ағзаның барлық бағаналы жасушалары қызыл сүйек майында болады деп есептелді. Кейін олар май ұлпасында, тері, бұлшық ет, бауыр, өкпе, көзбағаналы торлы қабығында, ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларында анықталды.
Бағаналык жасуша дифференцияланбаған, маманданған жасушаларға айнала алатын жасушалар. Олар қажет болған кезде бөлініп, маманданып, белгілі бір жасушаға айналу арқылы мүшені қалпына келтіре алады. Қалыпты жағдайда олар бөлінбейді, өзгерісіз ұзақ уақыт сақталады.
Олардың негізгі көздері:

  • Эмбриондық дамудың бластоцист кезеңінде түзілген эмбриондар (эмбриондық бағаналык жасуша)

  • Ересек (сомалық) ұлпа (ересек бағаналык жасуша).

Осы екі жасуша да тері, бұлшық ет, сүйек жасушаларына айналу әлеуетке ие.
Ересек немесе сомалық бағаналык жасуша
Ересек бағаналык жасуша эмбриондық дамудан кейін денедегі кез келген ұлпада сақталып қалады. Олар сүйек кемігі, ми, қан, қан тамырлары, қаңқа бұлшық еттері, тері, бауырдан табылған. Олар ұзақ жылдар бойы қозғалыссыз, бөлшектенбеген күйде сақталып, тек зақымдану, жарақат немесе ауырған кезде ғана белсенділенеді.
Бұл жасушалар өздігінен жаңарып, көптеген ұқсас жасушаларды, тіпті жекелеген мүшелерді бастапқы қалпына келтіре алады. Олар дифференцияланып, түрлі жасушаларға айнала алады.
Эмбриондық бағаналык жасушалар
Эмбриондық бағаналык жасушалар адамның 4-5 күндік бластоцист фазасындағы эмбрионынан алынады. Бластоцист кезеңі дегеніміз зигота бірнеше рет бөлініп, 2, 4, 8, 16 жасушаға айналады. 4 кейде 6 күннен соң жатырға имплантацияланғанға дейінгі кезең. Эмбриондар, көбінесе ЭКО жасатқан кезде қалған эмбриондардан алынады.
Бластоцист ішкі (эмбриобласт) және сыртқы (трофобласт) жасушалық массадан тұрады. Трофобласт плацентаның бір бөлшегіне айналады да, эмбриобласт ересек ағзаның барлық құрылымдарының бастамасын береді. Эмбриобласттар эмбриондық бағаналык жасушалардың бастамасы, ағзаның кез келген жасушаларын түзуге қабілетті немесе тотипотентті жасушалар.
Қалыпты жүктілікте эмбрионның жатырға енгенге дейін балстоцист кезеңі, ал жатырға енгеннен соң 10 аптадан бастап ұрықтық даму жалғасады. 10аптаға дейін негізгі мүшелербағаналы негізі қалыптасады.
Бағаналык жасушалар дифференциялануы бойынша бірнеше топтарға жіктеледі:

  • Тотипотентті – кез келген жасушаға айналуға қабілетті жасушалар. Бұл ұрықтанудан кейінгі зиготаның бөлінуінен, бластоциста фазасында пайда болған жасушалар.

  • Плюрипотентті – кез келген жасушаға айнала алатын жасушалар. Мысалы: эмбриондық дифференцациясының бастапқы кезеңінде мезодерма, энтодерма, эктодермадан алынған эмбриондық бағаналык жасушалар.

  • Мультипотентті – белгілі бір жасушалар тобына ғана айнала алатын жасушалар. Мысалы: қанның қызыл және ақ түйіршіктері мен тромбоциттерге айнала алатын, гемопоэтикалық (ересек) бағаналык жасушалар.

  • Олигопотентті – ьірнеше жасушаларға айнала алатын жасушалар. Мысалы: ересек бағаналык жасушалар мен миелоидты бағаналык жасушалар лимфоидті түрлері.

  • Унипотентті –тек өз жасушаларына ғана айнала алатын, өздігінен қалпына келіге қабілетті, жасушалар. Мысалы: бұлшық еттік бағаналык жасушалар.

Эмбрионды бағаналык жасушалар эктра-эмбрионалдық мембрана мен пласцента жасушасына айнала алмайтындықтан көбінесе оларды тотипотенттен гөрі плюрипотентті деп атайды.
Бағаналык жасушалардың басқа жасушалардан ерекшеліктері:
1. Олар өзіне ұқсас жасушалар копияларын түзе алады.
2. Олар пісіп жетілгеннен соң 200 жуық жасуша түрлеріне(жүйке және бұлшық ет т.б) айналуға қабілетті.
Тотипотентті түрлері ең мықты, себебі дамудың ең ертедегі кезеңінде бластоцист фазасына дейін алынады. Олар дене жасушасының кез келген түріне айнала алуға қабілетті болғандықтан, ағзаны толығымен қалпына келтіретән әлеуетке ие. Бұлар ұрықтың құрылымына жатпайтын, экстраэмбрионалды жасушалар плаценталық жасушаларды да түзе алады.
Мультипотентті жасушалар белгілі бір топ жасушаны қалпына келтіре алады. Белгілі бір мүшені қалпына келтіруде өте маңызды рөл атқаратын жасушалар. Тотипотентті және плюрипотенттілер ғана нағыз бағаналык жасушалар деуге болады. Дегенмен мультипотентті және унипотентті жасушалар да осы санатқа жатқызылады.
Гемопоэтикалық бағаналык жасушалар - барлық қан жасушаларын түзе алады: эритроциттер, лимфоциттер, Т-лимфоциттер, табиғи-киллерлер, нейтрофилдер, эозинофиллдер, базофилллдер, моноцитттер мен макрофагтар.
Мезенхималық бағаналык жасушалар - көптеген ұлпаларда кездеседі. Сүйек кемігіндегі жасушалар түзе алатын жасушалар: сүйек жасушалары, (остеобласттар мен остеоциттер), шеміршек жасушалары, (хондроциттер), май жасушалары (адипоциттер) және қанның түзілуін қамтамасыз ететін, стромалдық жасушалар жатады.
Жүйкелік бағаналык жасушалар - мидың бағаналык жасушалары: жүйке жасушалары (нейрондар) нейрондық емес екі түрлі жасушалар-астроциттер мен олигодендроциттерді түзе алады.
Эпителиалдық бағаналык жасушалар асқорыту жолындағы крипталардың арасында кездеседі. Олар: сіңіруші жасушалар, созылыңқы жасушалар мен энтероэндокриндік жасушаларға айналады.

Бағаналы жасушаларды қолданудағы туындайтын мәселелер.


Эмбриондық бағаналы жасушалар даму барысында кез келген жасуша түріне маманданып, өзгере алады;
Эмбриондық бағаналы жасушалар шексіз көбейе алады және де олар ересек ағзаның арнайы химиялық командаларын ұғынып, қабылдай алмайды, себебі ол командаларды беретін бластоцистада ондай құрылғы жоқ;
Ағзаға бұндай жасушаларды енгізу түрлі қатерлі ісік ауруларына немесе тератомалардың пайда болуына әкеп соқтырады;
Трансплантациядағы бағаналы жасушаларды қолданудағы басты мәселе, олардың реципиент жасушалармен иммундық сәйкестікте болу-болмауы;
Бағаналы жасушаларды қолданудағы этикалық мәселелербағаналы туындауы.
Бағаналы жасушаларды қолданудағы қойылатын талаптар:

    • Бағаналы жасушалардың саны қол жетімді мөлшерде болу қажет;

    • Бағаналы жасушалардың дифференциациясы бағытты түрде жүруі қажет;

    • Бағаналы жасушалар реципиент ағзада өмір сүре алуы қажет;

    • Трансплантациялаудан кейін бағаналы жасушалар реципиент жасушада мамандана алу қажет;

    • Трансплантация кезінде реципиент жасушаға ешқандай зақым келмеуі тиіс.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет