Баяндама тақырыбы: Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациялау технологиясы Орындаған: Құрақ л алшабай Ұ Тобы: хт-19-5к1



бет1/7
Дата21.09.2022
өлшемі50,03 Kb.
#39719
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ХТ-19-5к1 БӨҰП Құрақ Л,Алшабай Ұ


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Биотехнология» кафедрасы


БАЯНДАМА Тақырыбы: Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациялау технологиясы



Орындаған: Құрақ Л
Алшабай Ұ
Тобы:ХТ-19-5к1
Қабыладаған: Аханов Ү.Қ

Шымкент, 2022ж
Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациялау технологиясы
Қазіргі ХХІ ғасырдың жетістігі – биотехнология. Биотехнология жаңалықтарын ашуға қолдан ұрықтандыру, көбею фунциясын горманаль реттеу, эмбриондар трансплантациялау салаларындағы теориялық жаңалықтар негіз болды. Көбею биотехнологиясын мал шаруашылығында қолданудың болашағы орасан зор . Көптеген елдерде бұл осы күннің өзінде комерциялық жолға қойылған. Жануарлар эмбриондарын трансплантация бойынша зоотехнияда үлкен прогресс жасалған. Бұл әдіс селеукция-асылдандыру жұмыстарында мықтап орын алды. Біз қазір трансплантация әдісінің жетілдіру өзекті мәселелерден болып қалып отыр.
Бәрімізге белгілі, Қазақстанда қайта құру кездерінде мал басы күрт қысқарып кетті. Сондықтанда, Республикада мал басын жылдам қарқында көбейту маңызды мәселелердің бірі. Донорлар дегеніміз — генетикалық бағалы ооциттер мен эмбриондар алынатын аналық мал басы.
Аталықтар деп отырғанымыз , донор аналықтарды ұрықтандыратын аталық жануарлар. Ол жануарларда аса бағалы генотипі ген, физиологиялық жағынан сау аталық қасиеті жақсы дамыған жануарлар түрінің аталықтары болуға тиіс. Демек, дәл осы сияқты жануарлар ғана мал басын көбейтуге қатысады. Жай шаруашылық жануарлары дегеніміз – генотипі бойынша онда бағалы емес, бірақ физиологияылқ жанынан дендері сау, көбею қабілеттері дұрыс жануарлар. Бұл топтағы жануарларға реципиенттер жатады. Реципиенттер дегеніміз – биотехнологиядағы бөгде эмбрионды қашан бала туып болғанша өсіретін жануарлар тобы. Жай шаруашылық жағдайларына жататынында тағы да күйттеуші аталық күйттеуіштер жатады. Күйге келген аналықтарды анықтап табуға пайдаланылатын аталық жануарлар. Олар да физиологиялық жағынан дендері сау, көбеюге қабілетті жануарлар. Эмриотрансплантация – зерттеудегі көбейту биотехнологиясы әдістерін қолдануға негізделген. Донорлар мен оларға дайындалып жатқан реципиенттер жұмыс циклының арасындағы синхрондылық сақтауға тиіс. Олар оны қозғалыс рефлексі арқылы анықтайды. Реципиент – аналықтарды дайындаудың екі жолы бар:
1) Табиғи жыныс циклдарына сәйкес келетін аналықтарды тауып алу(қой шаруашылығында қолданады).
2) Донорлар мен реципиенттер арасындағы синхрондылықты жасау үшін гормональ препараттар қолдану. Донор аналыққа 5-7 (10) реципиенттер дайындалады. Реципиенттер дайындағанда жануар түріне, тұқымына қарайды. Реципиенттер ретінде тек донорлар мен жыныс циклының синхрондылығы сәйкес аналықтар алынады. Мұндайда бірінші жұмыс сатысында теріп алынған аналықтар ішінен таңдау жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет