Қ. Бекішев, Н. Досаханова, С. Сантаева


ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ



бет29/31
Дата30.11.2023
өлшемі0,6 Mb.
#131356
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
treatise59632

ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Ашылған уақыты: 1934 жылдың қыркүйек айы.
Факультет негізін қалаушылар: ҚазКСР ҒА академиктері Ә.Б.Бектұров, Б.А.Бірімжанов, Д.В.Сокольский, М.И.Усанович, М.Т.Козловский және т.б.
Орналасқан жері: ҚазҰУ қалашығындағы жаңа оқу ғимараты, оны 2009 жылы ҚазҰУ-дың 75 жылдығына орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ашқан.
Бакалавриат мамандықтары (оқу мерзімі 4 жыл):

  • 5В060600 - химия, ASIIN агенттігімен аккредитацияланған.

  • 5В072000 - бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы,

  • 5В072100 - органикалық заттардың химиялық технологиясы.

Магистратура мен докторантура мамандықтары (оқу мерзімі 2 және 3 жыл):

  • 6М060600, 6D060600 - химия,

  • 6М011200, 6D011200 - химия (білім беру),

  • 6М072000, 6D072000 - бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы,

  • 6М072100, 6D072100 - органикалық заттардың химиялық технологиясы,

  • 6М073400, 6D073400- жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы,

  • 6М073900, 6D073900- мұнай химиясы,

  • 6М07400, 6D074000 – наноматериалдар және нанотехнологиялар.

Оқыту тілі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Кафедралар:

  • жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы;

  • аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы;

  • физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы;

  • органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы;

  • химиялық физика және материалтану кафедрасы.

Оқытушы-профессор құрамы: 140-тан астам, оның ішінде 40 ғылым докторы, 90 ғылым кандидаты, 12 философия докторы (PhD) бар. Олар - ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың (З.А.Мансұров, М.К.Наурызбаев, Н.Н.Нұрахметов, А.Қ.Баешова), Қ.И. Сәтбаев сыйлығының (З.А.Мансұров), тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының (Х.Қ.Оспанов), НАТО-ның «Бейбітшілік үшін ғылым» халықаралық сыйлығының (М.М.Бүркітбаев), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (Е.К.Оңғарбаев), Д.А.Қонаев сыйлығының (Х.С.Тасибеков, А.М.Арғымбаева, Л.Қ.Кудреева және т.б.),
«Росавиакосмос» сыйлығының (Х.С.Тасибеков, Б.Н.Кенесов), «Жастар» сыйлығының (Е.О.Досжанов) иегерлері атанды. 2006 жылдан бастап факультеттің 25 оқытушысы - «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет