№ хаттама 2017 жыл


Дискрециялық ақша-несие саясаты және «ереже бойынша саясат»



бет37/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

4.6 Дискрециялық ақша-несие саясаты және «ереже бойынша саясат»
Дискрециялық (икемді) ақша-несие саясаты қолдауға бағытталған немесе экономикалық циклдің ортамерзімді фазасына тәуелді іскер белсенділікті ұстауға негізделген. Теория жүзінде мұндай саясат Кейнстің көзқарасына негізделген жиынтық сұранысты басқару ая сында тұрақты мемлекет ролі туралы.
Ынталандырушы дискрециялық саясат – бұл арзан ақша саясаты, ол ОБ өндіріс құлдырағанда қолданылады. Ол трансмис­сиялық, экономикадағы механизм өзгеруіне, ақша ұсынысымен төмендеген немесе жоғарылаған кейнстік көзқарасқа негізделген. Әңгіме макроэкономикалық ауыспалылар өзара байланысу тізбегіне негізделген. ОБ ақша ұсынысын ұлғайтады, солай пайыздық тө­лемді төмендетеді. Біршама төмен пайыздық мөлшерлеме инвести­ция процесін қолдайды, қарыз беру біршама арзандайды. Инвести­ция өсуі жинақты сұраныс элементі ретінде ЖІӨ өсуіне әкеледі.
Қысқарған түрде макроэкономикалық айнымалының ретті өзгеруі «арзан ақша» саясатында мына түрде болады:
Ms ↑ → i ↓ → I ↑ → AD ↑ → Y ↑
Керісінше тежеуші ақша-несие саясаты немесе «қымбат ақша» саясаты экономика қызғанда инфляциямен бірге жүреді.
Трансмиссиялық механизм келесідей болады:

Ms↓ → i ↑→ I ↓→ АD↓ → Y ↓


Жоғарыда өткен материалдан ақша нарығындағы теңдікті орнату моделін дискрециялы ақша-несие саясат қандай әсерге әкелетінін қолдануға болады (4.5-сурет).

4.5-сурет Пайыз мөлшерлемесіне ақша ұсынысы өзгеру әсері:


а) ақша ұсынысының артуы; ә) ақша ұсынысының азаюы

Алдымен төлемнің теңдікті пайызы мына деңгейде тұрды (4.5a-сурет) i0. Егер ОБ жинақты сұранысты қолдау үшін ақша ұсынысын кеңейту туралы шешсе Ms қисығы оңға қарай мына күйге қозғалады MS1 және пайыз төлемі біршама төмен деңгейде орнатылады i1.


Ақша-несие саясатын ұстау кезінде (4.5ә-сурет) ОБ ақша ұсынысын төмендетеді де мына қисық Ms оңға қарай мына күйге ығысады MS2. Тепе теңдікті пайыз төлемі мына деңгейге көтеріледі i2.
4.5-суреттен кейін 4.3 кестеде Орталық Банктің әрекетін келтіреміз, ол ақша-несие саясатында ынталандырушы және тежеуші жағдайда жүргізілген.
Кесте 4.3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет