III Тест сұрақтары
М1 құрамына не кіреді:
Ұлттық банкінің барлық резервтері;
барлық ақшасыз есеп айырысу;
облигациялар;
айналыстағы қолма-қол ақша + ағымдағы депозиттер;
банктік емес қаржы институттардағы шоттар + М2.
Нақты ақша қалдықтарына сұраныс функциясының түрі:
;
;
;
;
.
Ақшаның сандық теориясы теңдеуінің көрінісі:
; D)
; E)
;
Экономикада бағалар деңгейін тұрақтандыру үшін мемлекет:
үнемі ақша ұсынысын өсіруі тиіс;
ақша ұсынысының жылдамдығын азайту тиіс;
ақша жиынының өсу қарқынын нақты ЖҰӨ-ң орташа өсу қарқыны деңгейінде ұстау тиіс;
ақша жиынының өсу қарқынын ақша жылдамдығының орташа өсу қарқыны деңгейінде ұстау тиіс;
үнемі ақшаға сұранысты азайтуы тиіс.
Фишер принципіне сәйкес, егер болжалды инфляция қарқыны нөлге тең болса, онда:
атаулы пайыз мөлшерлемесі нақты пайыз мөлшерлемесі;
атаулы пайыз мөлшерлемесі = нақты пайыз мөлшерлемесі;
атаулы пайыз мөлшерлемесі нақты пайыз мөлшерлемесі;
атаулы пайыз мөлшерлемесі = 0;
нақты пайыз мөлшерлемесі = 0.
Ақша жиыны көлемі тең:
қолма-қол ақша + резервтер;
қолма-қол ақша + депозиттер;
резервтер + депозиттер;
барлық қолма-қол ақша;
барлық резервтер.
№1 банктің депозиттері 1000 бірлікке өсті, сонда орталық банк rr=20% болған шартында ақша ұсынысын мына шамаға өсірді:
500; D) 100;
800; E) 0.
1000;
Ақша мультипликаторы ненің арасында байланысты білдіреді:
ақша базасы мен ақша жиыны арасында;
ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесі арасында;
резервтеу нормасы мен депозиттер арасында;
қолма-қол ақша мен депозиттер арасында;
банктік мультипликатор мен резервтеу нормасы арасында.
Егер халық қолма-қол ақшаны пайдаланбаса, онда ақша мультипликаторы тең:
;
;
;
;
.
Өтімділікті таңдау теориясына сәйкес:
неғұрлым пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, соғұрлым қолма-қол ақшаны сақтаудың баламалы құны жоғары да, ақшаға сұраныс азаяды;
неғұрлым пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, соғұрлым қолма-қол ақшаны сақтаудың баламалы құны төмен де, ақшаға сұраныс өседі;
неғұрлым пайыз мөлшерлемесі аз болса, соғұрлым қолма-қол ақшаны сақтаудың баламалы құны жоғары;
неғұрлым пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, соғұрлым инвестицияларға сұраныс өседі;
пайыз мөлшерлемесі қолма-қол ақшаны сақтаудың баламалы құнымен байланысты емес.
Ақшаға сұраныс функциясы бойынша берілген кез келген табыс деңгейінде:
пайыз мөлшерлемесі жоғарылағанда сұраныс шамасы азаяды;
пайыз мөлшерлемесі жоғарылағанда сұраныс шамасы артады;
пайыз мөлшерлемесі жоғарылағанда сұраныс шамасы өзгермейді;
пайыз мөлшерлемесі жоғарыласа сұраныс қисығы солға жылжиды;
пайыз мөлшерлемесі төмендесе сұраныс қисығы оңға жылжиды.
Табыстың өсуі:
ақша ұсынысын азайтады;
ақша ұсынысын арттырады;
ақшаға сұранысты өсіреді;
ақшаға сұранысты азайтады;
ақшалай сұранысқа әсер етпейді.
LM қисығы келесі тәуелділікті көрсетеді:
неғұрлым табыс деңгейі жоғары, соғұрлым пайыз мөлшерлемесі төмен;
неғұрлым табыс деңгейі жоғары, соғұрлым пайыз мөлшерлемесі жоғары;
неғұрлым табыс деңгейі жоғары, соғұрлым ақшаға сұраныс аз;
неғұрлым табыс деңгейі төмен, соғұрлым ақшаға сұраныс жоғары;
табыс деңгейімен пайыз мөлшерлемесі арасында байланыс жоқ.
Ақша ұсынысының азаюы мынаған әкеледі:
ақшаға сұраныс қисығы оңға жылжиды;
ақша ұсынысы қисығы солға жылжиды;
LM қисығы оңға-төмен жылжиды;
ақшаға сұраныс қисығы солға-төмен жылжиды;
LM қисығы солға-жоғары жылжиды.
Егер ақшаға сұраныстың пайыз мөлшерлемесіне сезімталдығы жоғары болса, онда:
LM қисығы тік сызық болады;
LM қисығының көлбеуі тіктеу болады;
LM қисығының көлбеуі жатықтау болады;
LM қисығының көлбеуі теріс болады;
LM қисығы көлдеңен сызық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |