« ізденістің ең қызықтысы ұлы адамдардың ойына ілесу» А. С. Пушкин Тәрбие туралы ойлардың қалыптасуы


Ян Амос Коменскийдің әлемге танымал шығармалары



бет7/19
Дата15.04.2023
өлшемі299,52 Kb.
#82776
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Педагогика ғылымының даму тарихы Презентация

Ян Амос Коменскийдің әлемге танымал шығармалары:

«Ұлы дидактика» (1657ж.) – әлемдік педагогикалық еңбектердің ішіндегі тұңғыш ғылыми-педагогикалық еңбек;

«Картинкада бейнеленген әлем» (Шарош-Патаке, 1650-1654ж.) оқулық,

«Жалпыға кеңес»,

«Ана мектебі» (мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуге жетекшілік туралы жазылған)

«Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары»

«Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» және т.б.

«Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» (Открытая дверь языков и всех наук) (1631),

«Чех тілінің қазынасы» (Венгрия, 1654ж.)

«Лабиринт света и рай сердца» (1623);

«Предвестник всеобщей мудрости»,

«Всеобщий совет об исправлении дел человеческих»,

«Одна необходимость» және т.б.


Ян Амос Коменский
(1592-1670)

Педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан.

  • Педагогиканы философиядан алып, оның ғылым ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосқан.
  • Оқытудың ең негізгі және ұтымды түрі сыныптық-сабақтық жүйе деп белгілеген.
  • оқыту теориясын ғана емес, тәрбие теориясын да қамтыған «Ұлы дидактика» еңбегінің авторы;
  • Оқу материалын оқушыларға түсінікті етіп баяндау үшін өте қажетті дидактикалық принциптерді (көрнекілік, жүйелілік, бірізділік) ұсынды;
  • Оқытудың төмендегідей кезеңдерін береді: автопсия (өзбетті бақылау); автопраксия (практикалық әрекет); автохрессия (меңгерілген білім мен іскерлікті қолдану); автолексия (өз еңбегінің нәтижесін әңгімелеу іскерлігі); сондай-ақ, білім беру кезеңінің адамның жасына сәйкестігі.

Я.А.Коменскийдің педагогикалық идеяларының мәні мынада:

  • Я.А.Коменскийдің педагогикалық идеяларының мәні мынада:
  • жалпы мен ерекшенің, тұтастық пен жеке бөліктердің, даму мен тәрбиенің, білім берудің қоғамдық жүйесімен тұтастай жеке тұлғаның табиғи да баяу еркін дамуының, дербес және қоғамдық дамудың бірлігі;
  • тәрбиенің үш құрамдас бөлігі: ғылыми білім алу, адамгершілік тәрбиесі, діни тәрбие;
  • жеке тұлғаның жан-жақты дамуы;
  • адам - табиғаттың перзенті, сондықтан барлық педагогикалық құралдар адамның табиғатына сәйкес болуы қажет. Тәрбиенің «табиғатқа сәйкестігі» принципі дегеніміз адамның рухани өмірінің заңдарын зерттеу мен олармен барлық педагогикалық әсер етулерді үйлестіру;
  • табиғатты, адамды және оның іс-әрекетін басқаратын басты принциптердің бірлігін мойындауы;
  • Білім беру мен оқытудың оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жүруін, жеке пәндердің өмірмен байланысты салыстырмалы әдістермен оқытылуын талап етті;
  • оқыту мен тәрбиелеу мақсатының тығыз байланысты болуын талап етті;
  • ана тілі негізінде жан-жақты білім беру;
  • оқытуға қойылатын негізгі талаптар: оқытуды ертерек бастау, оқу материалының баланың жасына сәйкестігі. Оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «қарапайымнан күрделіге», «нақтылыдан абстрактіліге» қарай көшіп отырудың ережесінің құрылуы;
  • танымның үш көзі: сезім, ақыл, сенім;
  • тәрбие мақсаты тек қана білімді меңгеру ғана емес, моральдық сапаларды дамыту да (ең алдымен, шыншылдық, батылдық, өз күшіне сенімділік);
  • бәрін де барлығына оқыту.
  • Пәнаралық байланыс туралы: «өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек».
  •  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет