Қ ызылорда 2016 жыл «Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар»


ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР



бет2/6
Дата17.04.2023
өлшемі406,79 Kb.
#83353
1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың сөздік-логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына кеңейтілген тапсырмалар мен логикалық жаттығуларды орындатудың маңызы зор. Осы мақсатта бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқытуда мынадай тапсырмалар мен жаттығулар орындату тиімді болады.
«Артығын анықта» әдістемесі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.
Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрінде қолдануға болады. Мысалы,«Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы, т.б.
«Ұқсастық пен айырмашылық». Оқушыларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына өздеріне таныс заттар: сүт пен су, сиыр мен жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады). Ересек балаларға тапсырманы күрделі түрде: таң мен кеш, табандылық пен қыңырлық т.б. Дұрыс жауаптар, қателіктер, ұқсастық пен айырмашылық ара қатынасы, басым белгілер т.б айқындалады.
«Басқа қырынан таны». Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып, жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Оқушыларға қарапайым заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т.б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады.
Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыруға да болады.
«Ұқсастықтар іздеу». Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған.
«Заттың қолдану тәсілдері». Жақсы танымал бір сөз беріледі, мыс: «кітап». Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады т.с.с. сондай-ақ, тіс щеткасы, тоқыма сымы т.б ұсынуға болады. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады.
«Заттардың қасиеті». Жүргізуші: «бұл доп «апельсин». Қазір біздер допты бір-бірімізге лақтырып, оның қандай апельсин екендеген атаймыз» Аталған сапаларды қайталауға болмайды.
«Сөйлем құра». Өзара байланыспайтын 3 сөз алынады. Мыс, «көл», «қарындаш», «аю». Осы сөздерден сөйлем құрау қажет. Жауап қарапайым (Аю көлге қарындашын түсіріп алды) немесе күрделі (Бала қолына қарындаш алып, көлде шомылып жатқан аю суретін салды) болуы мүмкін. Соңынан ұнаған жауаптар талданады. Шығармашылықпен жазылған сөйлемдер мадақталады.
«Артық сөзді тап». Кез келген 3 сөз беріледі. Мыс, «ит», «қазан», «күн». Белгілері арқылы ұқсастықтары бар 2 сөз қалдырылады да, артық сөзді алып тастау керек. Қалған екі сөздің өзара ұқсастықтарын алынып салынған сөзден айырмашылығын неғұрлым көбірек атау керек. Мыс, «ит» сөзі артық, «қызан», «күн» сөздері қалдырылады, өйткені олар: дөңгелек, қызғылт, адамдарға қуат береді. Қалыптан тыс нақты шешімдер қабылданады (бұлт, мақта, дән) т.б.Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды мұғалім ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, оқушылардың ақыл-ойы жетіле түседі. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды.
Оқу танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады. Оқушылардың танымдық қызғушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері ретінде төменде берілген:

  • таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;

  • өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;

  • оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;

  • игерілген білімді тасымалдай білуі;

  • өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;

Жоғарыда көрсетілген психологиялық тәсілдерді қолдана отырып, тренингтік жаттығулар орындату барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, ой-өрісі дамиды. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар оқушы білімінің деңгейін арттырып қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершіліккетәрбиелейді. Сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптасады. Оқушыларды жүйелі ойлап, сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді.шығармашылық пен дарындылық қабілеттері дамиды.

Сөйлемдер

Хабарлы
сөйлем

Сұраулы
сөйлем

Лепті
сөйлем

Әлия қияр сатып
алды.








Сөйлем неден
құралады?












Өз бөлмеңді тазала!











Сөйлем түрлері
Кестедегісөйлем түрлерінің тұсына +белгісін қой



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет