Қ ызылорда 2016 жыл «Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар»


МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР



бет6/6
Дата17.04.2023
өлшемі406,79 Kb.
#83353
1   2   3   4   5   6
МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

  1. Нәтиже дұрыс болатындай етіп таңбалар қой.

9 9 9 9 = 100 5 5 5 5 = 50


9 99 9 = 20 5 5 5 5 = 30



  1. «Сиқырлы кестелер»Бос торкөзге 4,5,6,7,8,9 сандарын қойып баған бойынша, қатар бойынша қосқанда 15 шығатын болсын.





























































  1. «Кім жылдам?» Көз зердесін дамытуға арналған тапсырма.

Фигураларға 3секунд қарап, қайта сызып шығу керек.









  1. «Ойлан, тап»

Мен бір сан ойладым. Оған 50-ді қосқанда, 90 шықты. Мен қандай сан ойладым?
«Қайталамай орналастыр!» ойыны.
Торкөздерге сандарды ( 4,5,6) қатар қайталамай орналастыру керек.



5

4

6

6

5

4

4

6

5


Семантикалық карта

Өрнектің жауабы

36

3( қ )

80

20

18

4х5=














2х( 5+4)=














80:2+20х2=
















30+18:3=
















7:2=
















Сандар құрамын тап.



10

























9




















Математикалық диктант

Ондықтар мен бірліктерден құралатын сандардыоқимыз. Оқушылар санды тауып жазады.


8онд. 3бірл. 7онд. 4бірл. 2онд.5бірл.


3онд. 6бірл. 7онд. 7 бірл. 9онд. 8бірл


Қай сан жасырынып тұр?




0

-




=

1


2

+




=

18



«Жасырын сөзді тап». Сандарды өсу ретіменорналастыр.



2

4

0

9

5

6



Е

К

М

П

Т

Е



«Әрбір өрнектің жұбын тап!»

6х4



8х3


42:7

36:6



24:3




40:5

44х1



44:1


Кестелерді толтыр

а


2

4

6

8

9

а х 8



















а

24

30

60

42

54



а : 6















Теңдеу шығатындай әрбір өрнектің жұбын таңда.

а х3

125+325

Х: 7



30-24

70-40

5ха


Оқушының логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар
Бастауыш сатыдағы математика сабақтарында логикалық есептер мен шығармашылық тапсырмаларды орындату оқушылардың логикалық ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады, тапқырлыққа, зеректікке баулиды. Төменде математика пәнінен 2-4 сыныптарға арналған оқушыныңлогикалық ойлауын дамытуға арналған есептер мен тапсырмалардың үлгілері ұсынылады.
2-сынып
1 тапсырма
1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
2. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша.Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
3. Әсет Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Әсетті 3 рет жеңді. Тағы бір ойында олар тепе-тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?4. Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?
5. Әрбір екі қорапшада 10 конфеттен салынған. Мәдина бірінші қораптан бірнеше конфет алып жеді. Мұны көрген Дариға екінші қораптан бірінші қорапта қанша қалса,сонша конфетті жеп қойды. Енді екі қораптағы барлық қалған конфеттердің саны қанша болмақ?
6. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
7. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?
8. Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?
9. Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады?
10. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім?
2 тапсырмаӨрнектің мәнін тап.
1. Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалылар ше?
2. 10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап.
3. Қосындысы 9-ға тең болатын барлық есептерді жаз.
4. Алғашқы он натурал санды жаз және олардың ішінен барлық жұп сандарды ата.
5. Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Ең кіші төрт таңбалы саннан бірлікті алғанда үш таңбалы сан шығуы керек. Ол қандай сан?
7. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда үш таңбалы сан шығады?
8. Алдында сан болмайтын натурал санды жаз.
9. Мына өрнектерді жаз және айырмашылықтарын салыстыр: 88–36, 88–31, 88–35.
10. Орындарын ауыстырса да өзгермейтін бірнеше сандар жаз.
3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 30 бен 13-тің айырмасынан 8-ді азайт.
2. 7 мен 6-ның қосындысына 9-ды қос.
3. 8 бен 4-тің қосындысы 11 мен 6-ның айырмасынан қаншаға көп?
4. 16 мен 8-дің айырмасын 7-ге арттыр.
5. 21 мен 29-дың қосындысын 22 мен 12-нің айырмасынан кеміт.
6. Қорапшада барлығы 15 шар жатыр: қара, қызыл, және ақ. Ақ шарлар қарасынан 7 есе артық. Неше қызыл шар барын табыңдар.
3-сынып
1 тапсырма
1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?
2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?
3. Сыныптағы 25 оқушының 17-сі ағылшын тілін, кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр. Екі тілді де үйренушілер саны қанша?
4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?
5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?
6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.
7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне – 4, екіншісіне – 5, үшіншісіне – 2, ал төртіншісіне – 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?
8. Әжем, анам және мен – үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
9. Назым, Майра және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.
10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді 8 м сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 мжібекке көп ақша кете ме?

2 тапсырма


Өрнектің мәнін тап.
1. Қандай сан 5-тен 8 есе көп болады?
2. 45 санын 9 есе кеміт.
3. 36 мен 4-тің бөліндісін тап.
4. Бөлінгіші – 32, бөліндісі – 4. Бөлгішті тап.
5. Бірінші көбейткіш – 6, көбейтінді – 30. Екінші көбейткішті тап.
6. Қандай санды 7-ге бөлгенде 8 шығады?
7. 50 саны ойланған сан мен 5-тің айырмасына тең. Ойланған сан неше?
8. 32 шығуы үшін қандай санды 4-ке арттыру қажет?
9. Азайғышы – 61, айырмасы – 18 болғанда өрнектің азайтқышы нешеге тең болады?10.Кез-келген санды 1-ге бөлгенде қандай сан шығады?
3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 46 мен 31 сандарының айырмасын 5 есе кеміт.
2. 60 пен 40-тың қосындысын 5 есе арттыр.
3. 28 санын 12 мен 9 сандарының айырмасына көбейт.
4. 9 бен 5-тің көбейтіндісін 36-ға кеміт.
5. 24 санын 16 мен 8-дің айырмасына бөл.
6. 54 пен 6-ның бөліндісін 37-ге арттыр. 7. 49-ды 7-ге бөліп, 7 есе арттыр...

4-сынып
1 тапсырма
1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 және 5 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
5. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?
6. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелердегіден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.
7. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы ақша қосса, 680 теңге болар еді. Әмиянда қанша ақша болған?
8. Бір санды 6-ға көбейтудің орнына 6-ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
9. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
10. Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?
2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 8 бірл.ІІІ кл, 204 бірл. ІІ кл, 7 бірл. І кл тұратын санды жаз.
2. 7 бірл. 6-шы разрядта, 3 бірл. 5-ші разрядта, 2 бірл. 3-ші разрядта және 9 бірл. 1-ші разрядта тұратын санды жаз.
3. Қосындысы 1000-ға тең үшінші қосылғышты тап. Мұнда бірінші қосылғыш – 450, екіншісі – 380.
4. 480 саны ойлаған саннан 30 есе артық. Ойдағы санды тап.
5. 5-тің кубын тап.6. Сегізден бір бөлігі 15-ке тең болатын толық санды тап.
7. Бөлінді 11-ге тең. Егер бөлгіш те 11-ге тең болса, бөлінгіш нешеге тең болмақ?
8. Қандай санды бөліндіде 12 шығу үшін 40-қа бөлу керек?
9. 87323 санында неше жүздік бар?
10. Мыңдықтар класында 346 бірлігі бар санды жаз.
3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 16 мен 14 сандарының қосындысын 13-ке кеміт.
2) 42 мен 20 сандарының айырмасын 4 есе арттыр.
3) 6 мен 6 сандарының көбейтіндісін 7 мен 8 сандарының көбейтіндісіне арттыр.
4) 350 мен 7 сандарының бөліндісін 21 мен 29 сандарының қосындысына кеміт.
5) 6 санын 40 пен 30 сандарының қосындысына көбейт.
6) 920 мен 870 сандарының айырмасын және 360 пен 190 сандарының қосындысын қос.


4 тапсырма
1. Әлиасқар бір санды 127 - ге бөлді, ал Нұржан 72 - ге бөлді. Нұржанның жауабы 508 шықты, ал Әлиасқардың жауабы қанша?
2. Тоғыз адам тоғыз минутта тоғыз балмұздақ жеді. Он адам он минутта неше балмұздақ жеуі мүмкін? Ал сегіз адам сегіз балмұздақты неше минутта жейді?
3. Имаштың бойы 98 см. Бір жылдың ішінде ол шамамен 4 см - ге өседі. Ал оның інісі Азамат 3 см - ге ғана өседі. Екеуінің бойының өсуін қосқанда 42 см болса, олардың әрқайсысының бойлары қанша болады?
4. Зообақта 9 тордың ішіне 45 қоянды отырғызу керек. Торлардың ішіндегі қояндар саны әр түрлі болуы тиіс.
5. Он күшік пен мысыққа 56 котлет берілді. Әр мысыққа 5 котлеттен, әр күшікке 6 котлеттен келді. Неше мысық пен неше күшік тамақ жегенін тап.
6. Игілік өзінің інісі Ақаннан 4 жас үлкен, ал әпкесі Мерейден 5 жасқа кіші. Үшеуінің жасын қосқанда 31 болса, Игілік неше жаста деп ойлайсыңдар?
7. Баланың жинаған коллекциясында 8 қоңыз бен өрмекші бар. Коллекциядағы барлық жәндіктің аяқтарының саны 54. Қоңыздың 6 аяғы, өрмекшінің 8 аяғы бар десек, коллекцияда неше қоңыз бен неше өрмекші бар?
8. Отбасында 3 бала бар: Дәурен, Әсет және Сұлу. Дәурен Сұлудан екі есе үлкен, ал Әсет Сұлудан 6 жас үлкен. Үшеуінің жасын қоссақ 22 болады. Балалардың жасы нешеде?
5 тапсырма
1. Асханада таңертеңгі асқа бірнеше кг нан берілді, түскі тамаққа одан 7 есе көп, ал кешкі асқа түскіден 69 кг кем берілді. Яғни, кешкі асқа 22 кг берілген болса, таңертеңгі асқа қанша нан берілген?
2. Ерте өткен заманда бір хан «Кімде кім 840 метр жүгіріп озып келсе, хандығымның жартысын және сұлу қызымды беремін» деп жар салыпты. Сонда тазша бала атына мініп жарысқа қатысып, 1 минутта 210 метр жүгіріпті. Ал, 840 метрді жүгіріп өту үшін неше минут керек еді?
3. Дәптердің тысы 4 теңге тұрады, ал дәптер 16 теңге тұрады. Меңтай 56 теңгеге дәптерлер мен одан үш есе көп дәптердің тыстарын сатып алды. Дәптер нешеу және дәптердің тысы нешеу екенін тап.
4. Алдар көсе байдың қызына үйленбекші болыпты, ал қыз оған мынандай жұмбақ айтыпты: «Бөшкеге суды толтырғанда 3170 кг болды, ал судың жартысы 1870 кг болады. Сонда бөшкенің өз салмағы қанша?» Алдар көсеге есеп шығаруға көмектесейік.
5. Екі үлкен ыдыста бал бар еді. Біреуінде 20 кг болған, аю оның 2 кг алды. Енді екінші ыдысқа қарағанда мұнда 4 кг кем бал қалды. Екі ыдыстағы балдың салмағы қанша?
6. Жеті рет кір жуғаннан кейін сабынның көлемі ұзындығы жағынан да, ені жағынан да, қалыңдығы жағынан да екі есе кішірейді. Қалған сабын неше рет кір жууға жетеді деп ойлайсыңдар?
7. Бір түлкі ауылға кіріп әтеш ұрлап қашыпты. Қуғыншыдан қатты қорыққан түлкі сағатына 18 км жолды жүгіріпті. Ал ит түлкінің соңына 2 сағаттан кейін түседі. Түлкіні қуып жету үшін сағатына 24 км жүгіру қажет болса, ит оны неше сағаттан кейін қуып жетеді?
6 тапсырма
1. 37 л су екі шелекке құйылған. Біраздан соң бір шелектен 2 л суды, екінші шелектен 5 л суды құйып алып кетті. Енді екі шелектегі су бірдей болды. Әуелде олар неше литрден болып еді?
2. Қосаяқ минутына 70 рет секіріп, әр секірістің жылдамдығы 10 м/сек болған. Ал қосаяқты қуып келе жатқан адам 10 м/сек жылдамдықпен жүгірсе, ол қосаяқты қуып жете ме, әлде қуып жете алмай ма?
3. Үй иесі көкөніс алуға базарға келді. Ол ақшасының 5/8 бөлігіне орамжапырақ алды, 1/8 бөлігіне сарымсақ алды, ал қалған 20 теңгесіне сәбіз алды. Үй иесінің барлық ақшасы қанша болған?
4. Досан Асаннан үш күнге кітап сұрап алды. Бірінші күні ол кітаптың жартысын оқыды. Екінші күні қалған жартысының үшінші бөлігін оқыды. Үшінші күні алғашқы екі күнде оқығанының жартысын оқыды. Сонда Досан үш күнде кітапты оқып үлгерді ме?
5. Пенал мен бір қорап фломастер 520 теңге тұрады. Фломастерлер пеналға қарағанда 100 теңгеге арзан. Пенал мен фломастерлердің бағасын тап.
6. Мәдина Асқардан «Сенің жасың нешеде?» деп сұрады. Асқар: «Егер менің жасымды 3 есе көбейтіп, сосын 16 - ға азайтсаң, менің жасым 17 - де болар еді», - деп жауап берді. Демек Асқардың жасы қаншада екен?
7. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда бірінші қапта қанша, екінші қапта қанша килограмм картоп бар болуы тиіс?
7 тапсырма
1. Сүт екі шелекке бөліп құйылған. Бірінші шелектегі сүт екінші шелекке қарағанда екі есе көп. Енді екі шелектен де 10 литрден сүт құйып алғанда, бірінші шелекте екіншіге қарағанда 3 есе көп сүт қалды. Әуелде әр шелекте неше литр сүт болған?
2. Ермек 4 кітап сатып алды. Бірінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 420 теңге тұрады, екінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 400 теңге тұрады, үшінші кітапты санамасы380 теңге, төртіншіні санамаса 360 теңге тұрады. Енді әр кітаптың бағасын табыңдар.
3. Құмырсқа көрші илеуге барғанда жаяу барған, қайтарында көбелек құртына мініп келген. Жолдың бірінші жартысын көбелек құртына мініп өте ақырын жүрген. Бұл жаяу жүргенге қарағанда екі есе ақырын еді. Ал екінші жартысын ол шегірткеге мініп келді. Бұл жолы ол жаяу жүргеннен 5 есе жылдам жүрді. Құмырсқа қонаққа бара жатқанда аз уақыт кетті ме, келе жатқанда аз уақыт кетті ме?
4. Абаттандыру кезінде әр үйге 9 көшет отырғызса, онда 100 көшет жетпейді. Егер әр үйдің қасына 5 көшеттен отырғызса, онда 20 көшет тал артық қалып қояды. Демек, үй нешеу, көшет нешеу болғаны?
5. Дүкенде 1 қап қант (салмағы 50 кг) 2600 теңге тұрады, ал базарда (салмағы 45 кг) 2520 теңге тұрады. Қантты қай жерден сатып алған ыңғайлы?
6. Ұлу биіктігі 10 метр бағанаға шықпақшы болды. Күндіз ол 4 метр өрмелейді, ал түнде 3 метр төмен сырғанайды. Сөйтіп ұлу бағананың төбесіне неше күнде жетеді екен?
8 тапсырма
1. Бір ұзақ өмір сүрген қария мен оның шөбересінің жастарын қосқанда 117 жыл екен. Шөбересінің туғанына неше ай болса, қарияның жасы сонша жыл. Сонымен қарияның жасы нешеде, шөбересінің жасы нешеде екенін тап.
2. Ағасы қарындасына 5 дәптер бергенде екеуінде де 12 дәптерден болды. Әуелде екеуінің дәптерлері қанша болған?
3. Бір мая шөпті ат 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Ал үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді?
4. Менің екі қалтамда 28 теңге бар. Оң қалтамда екі теңгелік қанша болса, сол қалтамда бес теңгелік сонша. Сонда әр қалтамда қанша ақша бар?
5. Екі санның қосындысы 462. Бір қосылғыш нөлмен аяқталады. Егер нөлді алып тастаса екінші қосылғыш шығады. Бұл қандай сандар?
6. Ұзындығы 156 см лентаны 3 - ке бөлгенде бірінші бөлік екінші бөліктен 18 см ұзын, ал екінші бөлік үшінші бөліктен 15 см қысқа. Енді әр бөліктің ұзындығын табыңдар.
7. Саят кітаптың 24 бетін оқығанда Торғын кітап оқуды жаңа бастады. Торғын бір күнде 18 бет оқи алады, ал Саят 12 бет оқи алады. Бес күннен кейін Торғын Саятты қуып жете ме?
8. Марат пен Мұраттың жасын қосқанда 14 жас, Мұрат пен Медеттікі 20 жас, Марат пен Медетке 16 жас. Әркімнің жасын тап. Барлығының жасын қосқанда қанша болады?
Көбейтуге арналған тапсырмалар
1.Әр торда 5 тотықұстан болса, 2 торда қанша тотықұс болады?
2.Екі үйдің әрқайсысында 9 подъезд бар.Осы 2 үйде барлығы неше подъезд бар?
3.7 жейденің әрқайсысына 2 түймеден қадалды.Жейделердегі барлық түйме қанша?
4.Қоңыздың 6 аяғы бар.3қоңыздың аяғы нешеу?
5.Әжей 5 тәрелкенің әрқайсысына 6 тоқаштан салды.Тәрелкелерге қанша тоқаш салынды?
6.Қорапта 6 қарындаш бар.Осындай 8 қорапта қанша қарындаш болады?
7.Әрқайсысында 4 ойыншық салынған 10 қорап сатып алынды.Борлығы қанша ойыншық алынды?
8.Бір килограмм алма 120 теңге тұрады.2кг алманың құны қанша?
9.Екі литрлік 9 ыдысқа қанша литр тосап құюға болады?
10.Бір жылда 12 ай болатыны белгілі.Ал 3 жылда қанша ай болады?


Бірнеше есе арттыруға және бірнеше есе кемітуге арналған тапсырмалар
1.Аулада 15 қайың ағашы және одан 3 есе кем қарағай ағашы өсіп тұр.Ауладағы қарағай ағашы нешеу?
2.Ит 20 жыл,ал қоян одан 2 есе кем өмір сүреді.Қоян қанша жыл өмір сүреді?
3. Жолаушы бірінші күні 20 км, екінші күні 2есе артық жол жүрді.Жолаушы екінші күні қанша км жол жүрді?
4.Спорт үйірмесіне 8 бала қатысады. Бұл би үйірмесіне қатысатындардан 2 есе артық.Биге қанша бала қатысады?
5.Бірінші күні Айша 6 сурет салды.Бұл екінші күнге қарағанда 3есе артық.Айша екінші күні қанша сурет салды?
6.Еңбек сабағында балалар ермексаздан 48 мүсін дайындады.Бұл саздан жасаған мүсіндерден 6 есе артық.Балалар саздан қанша мүсін жасады?
7.Жарысқа 9 қыз бала қатысты.Бұл жарысқа қатысқан ұл балаларға қарағанда 3 есе кем. Жарысқа қанша ұл қатысты?
8.Шыны ыдысқа 5 литр сүт құйылды.Бұл шелектегі сүттен 3есе кем.Шелекте неше литр сүт бар?
9.Бір көшеде 72 үй бар.Ол екінші көшедегі үйлерден 9 есе артық .Екінші көшеде қанша үй бар?
10.Кірпі өзіне қауіп төнгенде секундына 2 м жүгіре алады . Кірпі қоянға қарағанда 2есе ақырын қозғалатыны белгілі.Қоян бір секундта қанша метр жүгіреді?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы, Астана, «Юрист», 2013 жыл

2. С.Қ.Төлеубаев «Математика есептер жинағы».


Алматы, 2014 жыл
3. «Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары» К.Ерешева, Г. Жамалбекова «Өлке» баспасы Алматы, 2009
4.«Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты
тапсырмалар» Ш.Х.Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева,
Р.Қ. Өміртаева «Атамұра» 1997ж.

5. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, «Мектеп», 2004 ж.


6.Б.Тұрғанбаева,Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту.Алматы,1999.
7.Наурызбайқызы Ә.,Әубәкірқызы Қ. Математикадан дидактикалық материалдар мен тапсырмалар. Алматы,1994.
8. «Математика және логика» журналы, 2011-2015 ж.ж.


МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе.......................................................................................3-бет
2.Қазақ тілі пәні бойынша тапсырмалар...................................5-бет
3. Тапқырлықты дамытуға арналған ойындар...........................16-бет
4. Әдебиеттік оқу пәні бойынша тапсырмалар...........................17-бет
5. Шығармашылық тапсырмалар..................................................18-бет
6. Дидактикалық ойындардың маңызы........................................20-бет
7. Оқушылардың қабылдау зейінін дамытуға
арналған ойындар......................................................................25-бет
8. Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар.................27-бет
9. Математика пәні бойынша тапсырмалар.................................28-бет
10.Оқушыныңлогикалық ойлауын дамытуға
арналған тапсырмалар.............................................................33-бет
11.Көбейтуге арналған тапсырмалар............................................44-бет
12. Бірнеше есе арттыруға және бірнеше есе кемітуге
арналған тапсырмалар....................................................................45-бет
13. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................48-бет






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет