Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет129/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БАБА

БАБА


95

Ақын  оқу-білімнің  адамның  рухани 

жағынан  қалыптасуына  зор  пайда 

тигізетіндігін де дұрыс көрсете білген, 

ол  оқыған  адамның  ой-өрісінің  кең 

болатындығын, оқудың адам баласы- 

на көрсететін ықпалының зор екенді- 

гін, он жасар оқыған баланың да ой 

түюге  шамасы  келетіндігін;  ал  оқы- 

маған адамның жиырма жасында да 

бала болып жүре беретіндігін айтып, 

оқу-білім  арқылы  адамның  ақыл- 

ойы, зердесі, дүние танымы өсіп оты- 

рады, дегенді тұжырымдайды. Ақын 

толғауларында  осы  айтылғандардан 

басқа  да  психологиялық,  педагоги- 

калық  мәні  бар  көптеген  пікірлерді 

кездестіруге болады.



БАҒДАР – субъекттің дайын, пейіл- 

ді болуы; белгілі бір объекттің пайда 

болатынын күн ілгері білген кезінде 

пайда  болады  және  осы  объектке 

қатысты  іс-әрекеттің  орнықты  мақ-

саткерлік  сипатта  өтуін  қамтамасыз 

етеді.  Психологияда  Б.  жануарлар- 

дың  мақсатқа  бағытталған  әрекетін, 

ағзаның алдын ала мәлім жағдаяттар- 

ға  бейімделуінің  психофизиология- 

лық механизмдерін, психикалық про- 

цестердің  таңдамалылығы  мен  ба- 

ғыттылығын, тұлғаның іс-әрекетінің 

ұғынылмай реттелуінің, мінез-құлық 

қалыптасуының механизмдерін зерт- 

теуде қолданылады, әлеуметтік пси- 

хологияда Б. топтың мүшесі ретінде 

тұлғаның белгілі бір әлеуметтік объек- 

тілерге  қатынасын,  әлеуметтік  мі- 

нез-құлықтың өздігінен реттелуі, ор- 

нықтылығы және үйлесімділігі меха- 

низмдерін, әлеуметтену процесін, бағ- 

дардың  мыс.,  насихат  ықпалымен 

өзгерулерін зерттеу кезінде, сондай-

ақ белгілі бір жағдаяттарда тұлғаның 

мінез-құлқының  ықтимал  нысанда- 

рын  болжамдау  кезінде  пайдаланы- 

лады. Іс-әрекеттегі бағдардың негізгі 

функциялары: а) іс-әрекеттің орнық- 

ты, дәйекті, мақсатқа лайық сипатқа 

өтуін  анықтайды;  ә)  субъектті  стан- 

дартты,  бұрын  кезіккен  жағдаяттар- 

ға  шешімдер  қабылдау  қажеттілігі- 

нен босатады; б) іс-әрекеттің енжар- 

лығына,  қырсыздығына  себепші  бо- 

латын және субъекттің жаңа жағдаят- 

тарға бейімделуін қиындататын фак- 

тор  ретінде  де  көрінуі  мүмкін.  Бағ- 

дардың мазмұны оны туындатқан объек- 

тивті  фактордың,  іс-әрекеттің  құры- 

лымындағы орнына тәуелді болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет