Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет126/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘУЕз

ӘУЕз


92

өзгере  береді,  ұлттық  ерекшелікті 

ұдайы  қозғалыс,  өзгерісте  болатын 

диалектикалық прогресс деп тануы- 

мыз керек».

Ұлы жазушының мол мұрасында осы 

айтылғандармен  қатар,  адам  жаны- 

ның асыл қасиеттерін талдап көрсет- 

кен  салиқалы  ғылыми  пікірлері  аз 

емес. Психология ғылымы саласында 

арнаулы еңбек жазбаса да, оны қазақ- 

тан  шыққан  жаңа  типтегі  психо- 

логтардың бірегейі деп айтуға толық 

хұқымыз бар.



ӘУЕСТІК  –  құштарлық,  зауық.  Ә. 

субъекттің  сараланбаған,  санада  аң- 

ғарылмаған немесе санада жеткілік- 

ті  түрде  аңғарылмаған  қажеттілігін 

білдіретін  күй.  Ә.  өтпелі  құбылыс 

болып табылады, өйткені ондағы қа- 

жеттілік  не  өшеді,  не  санамен  аң- 

ғарылып, нақты ниетке, арманға ай- 

налады.  Ә.  психологиялық  талдау- 

дың  өзекті  ұғымдарының  бірі.  Ә.  – 

кісінің айналасындағы әртүрлі құбы- 

лыстарды көргісі, білгісі келген кез- 

де туындайтын сана-сезімнің әлде де 

айқын  аңғарыла  қоймаған  бастапқы 

көрінісі. Ә. мазмұны мен даму деңге- 

йі  жағынан  ұнамды  не  ұнамсыз  бо- 

лып келеді. Кейбір ұсақ-түйек жайт- 

тарға (біреудің жеке басының көпші- 

лігіне, үй тұрмысының қандай екенін 

білуге әуестік – жағымсыз, ұнамсыз 

қарым-қатынастағы әдептілікке қай- 

шылық  туғызатын  әуестік  екендігі 

белгілі). Адамға рухани азық боларға 

қажетті нәрселерге әуестіктер (білім- 

ді дамытып қалыптастыру, іс-әрекет- 

ке  шеберлікті  арттыра  беру,  шаруа- 

шылыққа ептілікті, икемділікті және 

отбасындағы әдепті дағдыларды мо- 

лайту,  құрбы-құрдастар  арасындағы 

байланысты  нығайту  сияқты  т.б.) 

жағымды әрі қолайлы әуестіктер бо- 

лып  табылады.  Бұлардың  қай-қай- 

сысы да іштен туа бітетін қасиет емес, 

бұлар тәлім-тәрбиенің, адамның өзін- 

дік санасының қалыптасуынан туын- 

дайтын ерекшеліктер. Ә-ті адам жа- 

нын  көп  жағдайда  нұрландырып, 

құлпыртуға  демеу  болатын  құмар- 

лықтан ажырата білуіміз қажет. Өмір- 

лік  мәні  терең,  адамның  ойы  мен 

әрекетінің  негізгі  бағыт-бағдарына 

елеулі із қалдыратын құмарлық қана 

көздеген мақсатқа жетуге итермелейтін 

түрткі болады.



ӘУМЕСЕР  –  мінез-қылығы  ұнам- 

сыз адам: алаңғасар, шолжаң, мәсе- 

ленің байыбына бармай, кимелегіш. 

Мұндай адамдар үнемі күлкі, мазақ- 

қа  қалып,  сөз  естіп  жүреді.  Бірақ 

одан  қорытынды  шығармай  бұрын- 

ғы  тіршілігімен  ғұмыр  кеше  бере- 

ді. Қазақ қаламгерлерінің шығарма- 

ларында  әумесерліктің  сан  алуан 

типтері психологиялық тұрғыдан та- 

маша көрініс тапқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет