Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет142/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БАЛА

БАЛА


103

құрметтеуі  ерекше  атап  өтуді  қажет 

ететін  жайт.  Автор  билеу  жүйесін 

тәртіпке  түсіру,  елдің  бейбіт  өмір 

сүруі жөнінде қам жеу – бұл бәрінен 

бұрын халық игілігі үшін қызмет ету 

деп дұрыс тұжырымдайды. «Семсер 

мемлекетті ұлғайтып, оның билеуші- 

сі алдында бас июшілерді көбейтсе, 

қалам  мемлекетті  нығайтып,  оның 

билеу  жүйесін  ретке  келтіреді,  яғни 

мемлекеттік аппараттың қызметі ат- 

қа мінген мың сан нөкерден кем түс- 

пейді», дейді Баласағұндық Жүсіп.

Дастанның оқырман көңілін ерекше 

аударатын тағы бір ерекшелігі – мұн- 

да адам психологиясының түрлі жақ- 

тарын  көрсететін  қызғылықты  де- 

ректердің (кісінің көңіл күйі, қайғы- 

қасіреті,  қуаныш-сүйініші  т.б.)  мол- 

дығы. Мәселен, автор бұл жерде жан- 

ға шипа тек тәуіптің дәрісі ғана емес, 

қасындағы жора-жолдас, көрші-қон- 

сың, құрбы-құрдасың, әріректе бұған 

әлеумет пен қоғамның да әсері тиіп 

отыратындығын  айтады.  «Құдатғу 

біліктің»  енді  бір  көңіл  аударарлық 

жері  –  мұнда  сол  кездегі  ғылым  са- 

лаларынан біраз мағлұмат берілетін- 

дігі.  Бұл  жөнінде  кеңес  тюркологі 

А.Валитова  былай  дейді:  «Құдатғу 

білік» авторының медициналық әде- 

биеттерден мол хабары барлығы бай- 

қалады.  Ол,  әсіресе,  ибн  Сина  мен 

Орта Азияның басқа да көптеген ға- 

лымдарының,  дәрігерлерінің  ғылы- 

ми  қағидаларымен  жете  таныс  бол- 

ған.  Мәселен,  дастанда  дүниені  құ- 

райтын  төрт  түрлі  элемент  жайлы, 

адам темпераменттері туралы, ден- 

саулық  сақтау  жөнінде,  ауру,  сыр- 

қаттану  және  оның  себептері,  бұ- 

лардың  адамның  жас  ерекшелігіне, 

ауа  райына  тәуелділігі,  тамақта- 

нудың  гигиенасы,  ауру  адамды  ем- 

деудің  тәсілдері  т.б.  мәселелер  әр 

қырынан  сөз  болған.  Аталмыш  дас- 

таннан  адамдарды  тәрбиелеу  мем- 

лекеттің  негізгі  міндеттерінің  бірі, 

зұлымдық-әлеуметтік ауру, оны тәр- 

бие арқылы жоюға болады, адамдар- 

дың қылықтары мен қасиеттерін же- 

тілдіре берсе, қоғамды да, мемлекет- 

ті де жақсартуға болады дейтін белгі- 

лі идея аңғарылады.

Баласағұндық  Жүсіптің  философия- 

лық қисынын сөз еткенде ежелгі грек- 

тер мен әл-Фараби, ибн-Синалар ілі- 

міне  теориялық  арқау  болған  бүкіл 

әлемдік үйлесімдік теориясы еріксіз 

еске түседі. Әлем төрт түрлі элемент- 

тен (жер, су, ауа, от) құралған, бұлар- 

дың  пропорциясы  дүниедегі  заттар- 

ды бір-бірімен үйлестіріп тұрады дей- 

тін  концепцияға  ұқсас  жайттарды 

осы дастаннан да көптеп кездестіру- 

ге  болады.  Автордың  түсінігінше, 

осы  айтылған  үйлесімділік  қоғам- 

дық  –  әлеуметтік  жағдайлардан  да 

орын  алады.  Мәселен,  ел  билеуші- 

ден  әділет,  дәулет,  қанағат,  парасат 

сияқты төрт қасиет түгел табылса, он- 

да мұндай басшысы бар елдің қойы- 

ның үстіне боз торғай жұмыртқалай- 

ды.  Осы  төрт  қасиеттің  бір-бірімен 

тығыз  байланысып  жатқаны  абзал. 

Мәселен,  ел  билеушісінің  халыққа 

әділдігі  тек  барша  жұртты  ғана  ба- 

қытқа жеткізбейді, ол, сонымен бір- 

ге патшаның өзін де бақытты етеді, 

өйткені  осы  ісімен  ол  атын  бүкіл 

әлемге жаяды, халықты бақытқа бө- 

лейді.  Білім  мен  ақыл  әділеттілікке 

қосақтаса жүруі тиіс, бұларсыз әділ 

заң шығаруға болмайды. Ақыл адам- 

ның  қанағатын  да  реттеп  отырады. 

Мәселен, адамның азға қанағат етуі, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет