117
хологиясы» (1886), «Экспериментал-
дық психологияға кіріспе» (1894),
«Ақыл-ой дамуын зерттеудің әдісте-
месі» (1922) т.б.
БИОГЕНЕТИКАЛЫҚ зАҢ (грек.
bios – қаз. өмір және genesis – тууы,
пайда болуы) – табиғаттағы әрбір
тірі ағзаның жеке дамуы (онтогенез)
кезінде сол түр эволюциясының (фи-
логенезінің) аса маңызды кезеңдерін
қысқаша және жылдам қайталап өту
заңдылығы. Мұны заң ретінде алғаш
неміс ғалымы Э.Геккель тұжырымда-
ды (1866). XIX ғасырдың соңы мен
XX ғасырдың басында эволюциялық
биология идеяларының психология-
ға енуімен байланысты биогенетика-
лық заңға сүйеніп, жануарлар мен
адамның мінез-құлқы, психикасы қыз-
метінің дамып, өзгеру механизмін
түсіндірмекші болған, әсіресе оның
ұрықтық дамуында өз түрі дамуының
ерекшеліктерінің қайталауын ең ал-
ғашында мұны Ч.Дарвин байқаған.
Американдық психологтар С.Холл,
Дж.Болдуин және т.б. адамның жас-
тық дамуын антропогенездің қайта-
лануы және адамзаттың тарихи да-
муы ретінде түсіндірді. Осылайша,
ерте балалық шақ алғашқы қауым-
дық өнім мен тамырларды жинау ке-
зеңімен, 5 жастан 12 жасқа дейінгі шақ
аңға шығу кезеңімен, ал ересектік шақ –
кәсіптік өндіріс кезеңімен және т.б.
салыстырылды. Б.з. жаратылысты
зерттеушілер Ф.Мюллер мен Э.Гек-
кельдің баланың психикалық дамуын
онтогенезбен (ағзаның жекелік да-
муы) және филогенезбен (ағзаның та-
рихи дамуы) салыстыруға байланыс-
ты енгізілген түсінік. Баланың дамуын
зерттегенде биологиялық эволюция-
сына басымырақ сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: