Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет291/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАНУАР  ДАҒДЫЛАРЫ  –  Жа- 

нуарлардың  өмірін  бақылау  көр- 

сеткендей,  тек  туа  біткен  қылық- 

тарының  түрлері  –  инстинктеріне 

негізделе  отырып,  олар  өзгерген 

ортаға  бейімделе  алмайды.  Жануар- 

лар  қылықтарының  туа  біткен  түр- 

лері  өмірге  жаңа  келгеннен  кейін 

қалыптасқан  дағдылармен  толық- 

тырылады.  Дағдылар  деп  көптеген 

қайталаудың  және  бекітудің  нәти- 

жесінде  жануарлардың  жеке  тәжі- 

рибесінде  қалыптасатын  іс-әрекетін 

айтады.  Жануарларда  дағдыны  қа- 

лыптастыру  күнделікті  өмірдің  та- 

биғи  жағдайында,  сонымен  қатар 

арнаулы, үйрету арқылы іске асады. 

Бақылаулар  көрсеткендей,  дағдыны 

қалыптастыруға  қабілеттілігі  жоға- 

ры сатыдағы жануарларда ғана емес, 

төменгі  сатыдағы  жануарларда  да 

болады. Бірақ неғұрлым ағза күрде- 

лі  болып  келсе,  соғұрлым  жануар- 

лардың  жүйке  жүйесі  дағдыны  қа- 

лыптастыруға  жоғары  деңгейде  қа- 

білетті  дамығандығын  аңғаруға  бо- 

лады.  Мәселен,  үйретілген  ит  адам- 

ға  аяғын  береді,  есікті  табанымен 

немесе  тұмсығымен  ашады,  билей- 

ді, артқы аяғымен жүреді т.б.

Жануарлардың  осындай  іс-әрекеті 

дағдылар  деп  аталады.  Дағдының 

жүйке  –  физиологиялық  қызметі 

шартты  рефлекс  болып  табылады. 

Дағдыны  қалыптастыру  жануарлар- 

да шартты рефлексті немесе шартты 

рефлекстердің  жүйесін  қалыптасты- 

ру  болып  табылады.  Жануарларда 

дағдылар  соқыр  сезімнің  негізінде, 

жаңа  іс-әрекетті  бірнеше  рет  қайта- 

лау (инстинктерден айырмашылығы) 

арқылы  қалыптасады,  оның  көмегі- 

мен жануарлар белгілі бір қажеттілі- 

гін  қанағаттандырады.  Жаңа  іс-әре- 

кетті  қалыптастыру  және  бекіту  ең 

алдымен жануарлар өмір сүрген бар- 

лық  жағдайларға  байланысты.  Мә- 

селен, итке ас беретін ыдысы (итая- 

ғы)  ішіндегі  тамағымен  есігі  жабық 

бөлмеге орналасқан. Оны көрген ит, 

итаяқтағы тамақты ішу үшін аяғымен, 

тұмсығымен  есікті  ашудың  әрекеті- 

не  кіріседі,  ол  бұл  орайда  бірнеше 

кездейсоқ қозғалыстар жасайды.

Осы  кездейсоқ  қозғалыстардың  нә- 

тижесінде  ит  есікті  ашады.  Осы  іс-

әрекет бірнеше рет қайталанады. Со- 

дан  кейін  ит  қателеспей  ылғи  аяғы- 

мен,  тұмсығымен  есікті  ашатын  бо- 

лады.  Жануарларда  дағдылардың 

қалыптасуы ата-енелерінің «үйретуі» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет