Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет319/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖҰМА

ЖҰМА


224

зейіннің толқындап тұруын, бейғам- 

дықты, т.б. жатқызады.

Автор  бейғамдықтың  екі  түрін  көр- 

сетеді.  Оның  бірі  еш  нәрсеге  абай 

тоқтата алмайтын өте қолайсыз түрі. 

Оған терең, ұзақ тәрбие қажет. Екін- 

ші түрі – бір нәрсеге абайлы болып, 

басқа нәрселерге абайлы болмайтын 

адамдардың бейғамдығы. Ақын мұн- 

дай  қасиетінің  зиянсыздығын,  мұ- 

ның көбінесе ғалымдарда жиірек кез- 

десетіндігін ескертеді. Адам зейінін 

ол  ерікті,  еріксіз,  табансыз,  ішкі, 

сыртқы  деп  жіктейді.  Баланы  тәр- 

биелеу оның жас ерекшелігіне тәуел- 

ді болатындығын айтады.

Автор  «Ақыл  көріністері»  тақыры- 

бын  әсерлену,  оның  пайда  болу 

шарттары, күші һәм тоны деп жеке- 

жеке  талдай  келіп,  кейбір  психоло- 

гиялық  терминдердің  мәнін  ашып 

көрсетеді.  Заттарды  ұғу  үшін  жұм- 

салатын жан көрінісі ойлау деп ата- 

лады.  Мәселен,  «әсерленуді  туғыз- 

ған  себепті,  яки  затты  табуды  пер- 

цепция,  әсерленуді  бұрынғы  болған 

тәжірибемен  толықтыруды  аппер- 

цепция,  ал  апперцепция  перцепция- 

ны  жеңіп  кететін  болса,  ол  уақытта 

иллюзия, яғни сезімде алдану пайда 

болады», – деп осындай психология- 

лық ұғымдардың әр қайсысына анық- 

тама  беріп,  оларды  жеке-жеке  тал- 

дап,  ересек  пен  бала  әсерленуінің 

айырмасын да арнайы сөз етеді.

Адам өміріндегі естің алатын орнын 

көрсете келіп, автор оларды есту, кө- 

ру, қозғалу, т.б. деп жеке-жеке қарас- 

тырады. Естің адам жасына байланыс- 

ты өзгеріске түсетіндігін айта келіп, 

баланың  есін  дамыту  жолдарына 

тоқталады.

Автор қиялды еріксіз және ерікті деп 

екіге  бөледі.  Қиял  (фантазия)  тура- 

лы ол былай дейді: «Жанымда бар су- 

реттеулерден  қайрат  жұмсап,  өзі- 

міз  тілеп  жасау  –  ерікті  қиял,  бере- 

келі  қиял,  яғни  фантазия  деп  ата- 

лады». Өзінің осы ойын әрмен қарай 

жалғастырып,  фантазияның  жасалу 

жолдарына тоқталады. Олар: 1) зат- 

тардың  өздерін,  яғни  олардың  бір 

мүшелерін  зорайту,  яки  күшейту; 

2)  әр  заттың  түрлі  мүшелерін  бір-

бірінен  алып  қосу;  3)  реті  келгенде 

өздері де жиыла алатын көріністерді 

бір суретке... не адам мінездерін бір 

адамға жию мен жасалатынын көрсе- 

те келіп: «Фантазиясыз адам өмірі өң- 

сіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мыл- 

қау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл 

беретін, жоқты бар қылатын, барды, 

гүлді  көрікті  қылатын,  бізді  асыға 

аяқ бастырып, тәңірімен тілдестірген 

сол – фантазия», – дейді. Бала фан- 

тазиясының табиғатына ерекше көңіл 

қойып, оны өркендетудегі ертегі, ба- 

ла  ойындары  мен  ойыншықтардың 

рөліне тоқталады.

М.Жұмабаев  сұлулық  (эстетика)  се- 

зімдері  жайлы  ғылыми  ұғымдарды 

да әр қырынан ашып, өнер адамына 

тән  өрнекті  сезімдерді  тәптіштеп 

түсіндіреді.  Үлбіреген  гүл,  күңірен- 

ген орман, сылдыраған су, бұлдыра- 

ған бұлақ, шетсіз-шексіз қаракөк те- 

ңіз, түрлі шөптермен толқындаған да- 

ла, бұлт пен бел асқан биік тау, күн- 

нің  ойыншыл  алтын  сәулелері,  ерке 

сұлу ай, жұлдызды түн... тылсымды 

жанды билеп алып, сұлу картина сы- 

қылды  әсерлері  адам  жанында  бір 

сұлулық  толқынын  оятып,  туғызбай 

қоймайды.  ...Жаратылыстың  құша- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет