225
ғында, меруерт себілген қос шатыр-
дың астында, хош иісті жасыл кілем
үстінде күнмен бірге күліп, түнмен
бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп,
алдындағы малымен бірге өріп, сары
сайран далада тұрып өсетін қазақ
баласының қиялы жүйрік, өткір, терең
болуға тиісті. Сұлулық сезімдері –
адамның дұрыс, сұлу ләззат іздеуіне,
сұлу нәрсені сүйсіне, көріксіз нәрсе-
ден жиіркене, жақсылыққа ұмты-
лып, жауыздықтан тыйылуына көмек
көрсетеді.
Кітапта ойлау, ұғым, ой қорытын-
дылары, ішкі сөйлеу, т.б мәселелері,
ерік-жігер, қажыр-қайрат, импульс,
рефлекс, инстинкт, әдет, категорияла-
ры да талдауға алынған. Мәселен,
ерік-жігер тәрбиесі туралы айта ке-
ліп, ол: «Тілектің алдын, артын тексе-
ріп үйренген адам болашақта ебедей-
сіз еркеліктен, қияңқылықтан, есей-
генде есерліктен аман болмақшы.
Автор ойлау, ұғым, хүкім, һәм ой тү-
зеулер жасауға болады», – дейді де
олардың өзін іштей әлденеше тар-
мақтарға таратып, қарастырады. Ой
шығаруға да осы ретпен келіп, «де-
дукция», индукция», «аналогия»
ұғымдарының мәндеріне зейін қоя-
ды. Ақыл тілдің адам өміріндегі ма-
ңызы жайлы айта келіп, оның ұлттық
дәлелмен мәнін мәйекті жеткізеді:
«Ұлттың тілі кеми бастауы, – деп
жазды ол, – ұлттың құри бастағанын
көрсетеді. Бұл ұлттың тілінде сол
ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі
айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ
тілінде қазақтың сары сайран дала-
сы, біресе құйындай екпінді қайра-
ты, біресе желсіз түндей тымық, сар
далада үдере көшкен тұрмысы, асық-
пайтын, саспайтын мінездері көрі-
ніп тұр».
Бала темпераментін сангвиник, холе-
рик, флегматик, меланхолик деп бө-
ліп, бұлардың әрқайсысына тән қа-
сиеттерді ұтымды тілмен баяндай-
ды, баланың жалпы жаратылысы,
табиғаты туралы түсініктері де қазақ
ұғымына жатық, түсінікті берілгенді-
гі байқалады. «Темпераментті тізгін-
дей білу үшін, – дейді ақын, – адам-
ның жақсы тәрбиеленуі керек».
Мағжанның аталмыш кітабы «Пе-
дагогика» деп аталғанмен, түгелдей
дерлік психология мәселелерін сөз
етеді. Мәселен, шағын еңбектің 17
тарауының он үші тікелей психология
мәселелеріне арналған. Мұнда педа-
гогика қисындарына екі-ақ тақырып
(«Педагогика бөлімдері», «Жалпы
педагогика») арналыпты, оларды ав-
тор бар болғаны 13 бет көлемінде
баяндапты. Сөйтіп, барлығы 106 бет-
тен тұратын кітаптың қалған тарау-
лары адамның жан дүниесінің әр түр-
лі жақтарын сипаттайды.
Мұны «Педагогиканың» 1922 жы-
лы Ташкентте шыққан екінші басы-
лымының төмендегі мазмұнынан
жақсы аңғаруға болады. 1. Сөз алды.
2. Жетекші сөз. Тәрбие деген не?
3. Педагогика бөлімдері. Жалпы пе-
дагогика. Дене тәрбиесі. 4.Жан тәр-
биесі. Психология. 5. Жан көріністе-
рін топ-топқа бөлу. Ақыл көрініс-
тері, яки жанның білуі, әсерленуі.
6.Әсерленуді бөлу. 7.Абай. 8.Суреттеу.
9.Ес (зейін). 10.Қиял. 11.Ойлану.
12.Хүкім. 13.Тіл. 14.Ішкі сезім кө-
ріністері, яки көңіл. 15.Қайрат. 16.Ба-
ланың жалпы жаратылысы.
Әрине, М.Жұмабаев сөз етіп отырған
психология ғылымының мәселелері
Достарыңызбен бөлісу: