Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


АКИНЕзИЯ  (грек.  акіпеsіа  –  қаз.  қимыл-қозғалыс)  –



Pdf көрінісі
бет34/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   877
АКИНЕзИЯ  (грек.  акіпеsіа  –  қаз. 

қимыл-қозғалыс)  –  адамның  өздігі- 

нен аяқ-қолын қимыл-қозғалысқа кел- 

тіре алмай қиналуы. Ондай адамның 

қол-аяғы мен өзге мүшелерін жансыз- 

дандыратын  аурудың  түрі.  Мұндай 

кеселге адам долданып ашу-ызаға бу- 

лыққан  кезінде  ұшырауы  мүмкін. 

Аурудың  бұл  түрі  кейбір  жағдайда 

адамды  әлсіздендіріп,  қимыл-қозға- 

лыс әрекеттерін баяулатады. Бұл жайт 

гипокинез деп те аталады. Ауруды ем- 

деу оның түрі мен сипатына орай жүр- 

гізіледі.

АККОМОДАЦИЯ (лат. ассомоdatio – 

қаз. көз үйрету (үйрену); көз үйрену)

А. – Ж.Пиаженің интеллекттік даму 

теориясындағы  субъекттің  сыртқы 

орта әсерлеріне жауап қайтару тенден- 

циясының бірін білдіретін ұғым. Жал- 

пы, индивид сырттан келетін әсерлер- 

ге екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы 

үрдіспен  –  ассимиляция  және  А.  – 

жауап береді. Егер субъектіде қамти 

алмаса, онда бұл схемалар қайта құ- 

рылып, жаңа объектіге қарай бейім- 

деледі.  Сөйтіп,  жаңа  жауап  қату  тә- 

сілі пайда болады. Демек, субъект схе- 

маларының объектіге төселуі А. деп 

аталады.  Субъект  мінез-құлқының 

әрбір актісінің ұйымдасуын білдіре- 

тін  белгілі  бір  құрылымның  дина- 

микалық  аспектісін  адаптация  құ- 

райды. Ол ассимиляция мен аккомо- 

дацияның  арасында  тепе-теңдік  ор- 

науынан, осы екі процестің үйлесуі- 

нен пайда болады. Өсе келе, баланың 

ақыл-ойы жетіледі. Ол біртіндеп, ті- 

келей  қабылдаудың  әсерінен  босап, 

реализмнен объективизмге өтеді. Мұ- 

ның өзі бала ойлауының эгоцентризм- 

нен арылуын білдіреді. А. – (Ж.Пиа- 

же теориясында) қалыптасқан білім- 

ді,  икемділікті  және  дағдыларды 

пайда болған жаңа жағдайларға сәй- 

кестендіріп өзгерту.



АКМЕ  –  тұлғаның  дамуының  же- 

тілгендігі және іс-әрекет пен шығар- 

машылықта едәуір жоғары жетістік- 

терге  жетуімен  сипатталатын,  оның 

соматикалық,  физиологиялық,  пси- 

хологиялық және әлеуметтік күйі. Бұл 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет