274
тиісті сабақ алмай, қалай болса со-
лай бейғам отыру. Бейғамдықтың
келесі түрі – кісінің бір іске ұқып-
ты-құнтты болып, өзгелеріне мақұ-
рым қарауы. Бейғамдықтың бірінші
түрінен үміт жоқ, ал екіншісін аз
да болса ақыл-ойды дамыту, ес пен
адамгершілікті тәрбиелеу арқылы
түзеуге болады. Ақын сондай-ақ
қызбалық секілді сезімнің табиға-
тын, оның бірнеше түрлері болатын-
дығын, ішкі сезімі күшті адам тез
әсерленгіш, ұрда-жық келетiндiгiн,
мұндай кісінің кейде бақытсыздық-
қа да душар болатындығын ескертеді.
КөПШІЛДІК – мінездегі адам-
гершілік қасиетті құрмет тұтып, қо-
ғамшыл, қауымшыл істерді жүзеге
асыруды ойластыратын сипат. К. –
көп халық, жұртшылық, бұқарашыл-
дықты қолдай отырып әр алуан іс-
әрекетті орындауға ұмтылу. «Болмашы
кекшіл, болсайшы көпшіл, Жан ая-
май кәсіп қыл» деп ақыл айтады дана
Абай. Күнделікті тіршілікте халық-
пен қауымдасып атқаратын істің нә-
тижелі әрі тез орнымен орындалып
отыруды ұйымдастырушымен іске
басшылық жасайтын кісінің ұйым-
дастырушылық қабілетімен байла-
нысты болып отыратындығын тәжі-
рибе шындығы дәлелдейді. Отбасымен
ағайын-туыс, жекжатымен ой бөлі-
сіп ақылдасып атқаратын игі істер-
дің бәрі К. мінез қасиеті.
Әлеуметтік өмірдің өзі К. халықтың,
бұқараның мақсат-мүддесін ойлап,
игілікті істерді жүзеге асырып оты-
ратын жеке тұлғалар мен ұжым-
дардың істерінің нәтижелері де сол
адамдардың жағымды мінез-құлқын
білдіретін қасиеттер. К. мінездегі
көрініс беретін сипаттың бірі адам-
ның өз елі мен халқының тұрмыс
жағдайын, дәстүрлі салт-санасын өр-
кендетуге күшін жұмсап, әлеуметке
қызмет көрсетуі. Сөйтіп, халқы мен
ұлтының, елдігі мен бірлігінің атақ-
даңқын көтеруге күш жұмсауы.
К. – адамның іс-әрекетінде қоғам-
шылдық танытып, жоспарланған
істі жүзеге асыруда ел-жұртты, ха-
лықты ұйымдастыра білу қабілеті. К. –
адамды халық пен әлеумет үнемі
құрмет тұтып, оның ісі мен әрекетін
қолдайтын болған. Бала жас кезінен
көпшіл болса, ол өскен соң елге тұтқа
болатын азамат болып өседі деп үміт
артқан. Отбасы мен үй ішінде К. болу
бақытты тіршілік етуінің ұйытқысы
деп саналады. Көпшіл адамды елі де,
халқы да ардақтайды. Бұл жағдайды
халқымыз «Көппен көтерген жүк
жеңіл» деген мәтелмен түйіндеп тү-
сіндірген.
Достарыңызбен бөлісу: