276
дерінде шақшалар әрекет етпейді.
Олар тек таяқшалар арқылы көреді.
Ондай адамдар ымырт түскенде та-
уық сияқты ештеңе көрмейді, не өте
нашар көреді. Мұны «тауық соқыр-
лығы» дейді. Мәселен, күндіз ғана
көретін тауық, кесіртке, жылан, кеп-
тер сияқты жануарлардың көзінде
таяқшалар болмайды да, түнде ғана
көретін байғыз, үкі, жарқанат, кірпі
сияқтылардың көздерінде шақшалар
болмайды. Әрине, басқа түйсінулер
сияқты көру түйсінуінде де кемшілік-
тер кездеседі. Сонымен қатар көздің
ауруы және оның кейбір физиология-
лық кемшіліктері қалыпты көру үр-
дісіне әсер етеді.
Мәселен, кейбір адамдар заттардың
түстерін ажырата алмайды, көбіне
олар қызыл түс пен жасыл түсті көр-
мейді. Міне, көзінде осындай кем-
шілігі бар адамдарды дальтониктер
деп атайды. Бұл типтегі адамдар қы-
зыл түс пен жасыл түсті сары түс деп
қабылдайды. Сонымен қатар көру
түйсігінің кемшіліктеріне кейбір адам-
дар жақыннан жақсы көреді де, алыс-
тан көрмейді, ал енді біреулері жа-
қыннан нашар көреді де, алыстан жақ-
сы көреді. Жақыннан көрушілікке
де арнаулы көзілдіріктерді пайдала-
ну қажет. «Түстерге соқырлық» хро-
матикалық түстерді түйсіне және ажы-
рата алмаудан аңғарылады. Кейбір
адамдарда толықтай хроматикалық
түстерге соқырлық кездеседі. Барлық
түстерді ахроматикалық қоңыр түс
ретінде түйсінеді. Статистикалық мә-
ліметтер бойынша, түстерге соқыр-
лық ер адамдардың 4 пайызында жә-
не әйелдердің 0,5 пайызында кез-
деседі. Соқырлық қызыл және жа-
сыл түстерге жиі кездеседі.
Ал күлгін түстерге соқырлық сирек
болады. Түстерге соқырлықтың себе-
бі шақшалар жұмыс істемейді, істесе
де жеткіліксіз істейді. Жарыққа, түс-
терге соқырлық, әртүрлі жануарлар-
дың көру органдарын арнаулы зерт-
теулер дәлелдегендей, шақшалар мен
таяқшалар құралының жеткіліксіз
жұмыс істеуіне байланысты. Алыста-
ғы және жақындағы заттарды көздің
торына дұрыс бейнелендіру үшін
көздің хрусталигі бірде томпайып,
бірде жалпайып отыруы керек. Зат
жақындаған сайын ол томпая түседі,
зат алыстаған сайын ол жалпая тү-
седі. Көздің мұндай әрекетін акко-
мадация (латын сөзі, қазақша «көз
үйрету» мағынасында) деп атайды.
Екі көз бір көздей болып бірлесіп
әрекет етеді, заттың суретін көздің са-
ры дағына түсіру үшін олар көріне-
тін заттарға қарай бұрылады, мұны
конвергенция (латын сөзі, қазақша
«жақындату» мағынасында) дейді.
Бір көзбен көруді – монокулярлық
көру, екі көзбен көруді бинокулярлық
көру дейді. Бүкіл сырттан келетін
ақпараттың 90% көру түйсіктері ар-
қылы қабылданады, тек қана 9% есту
түйсіктері арқылы қабылданатын
болса, қалған 1% басқа түйсіктері ар-
қылы іске асатындығын психологтар
дәлелдеген болатын.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, адам-
ның көзі жарты миллионнан астам
түстердің реңін ажырата біледі. Біз-
дің тілімізде барлығы 300-ге тарта түс-
тердің аттары кездеседі. Олардың
көмегімен қоршаған дүниеден бояу-
дың барлық байлығын беру мүмкін
емес. Сезім органдарының, оның ішін-
де көру, есту түйсіктерінің адамның
Достарыңызбен бөлісу: