296
қалса, ол студент пе, оқытушы ма,
мейлі Х.Досмұхамедов оларға дереу
ем жасап, құлан таза айықтырып
жіберетін. Ол кісіні атағанда «доктор»
деген анықтауышты аты-жөніне қо-
сып айту дағдысы зиялылар ара-
сында қалыптасқандықтан, біздер,
шәкірттері де бұл дәстүрді әрдайым
бұзбауға тырысатын едік».
Қазақстанның өзінде жоғары оқу
орындарының болмауы, арнаулы бі-
лім беретін мектептердің аздығы пе-
дагогикалық кадрлар даярлау ісіне
айтарлықтай қиындықтар туғызды.
Республика жағдайында сол жылда-
ры педагогикалық жоғары оқу орын-
дарын ұйымдастыруда мәдени және
материалдық жағдай да жоқтың қа-
сы еді.
Міне, осындай кезде Қазақ респуб-
ликасында жоғары оқу орнын ашу
ауадай қажет болды. Бұл мәселе,
республика құрылған күнінен бас-
тап, түрлі ұйымдар мен мекемелер-
де талқыланып тұратын. Әсіресе, пе-
дагогикалық білім беру саласында
жоғары оқу орнын ұйымдастыру қа-
жеттілігі ерекше сезілген еді. Рес-
публика үкіметі жоғары педагогика-
лық оқу орнын ашу туралы мәселе
алғаш қойылғаннан бастап, Халел
Досмұхамедов мұның басы-қасында
болып, оны ұйымдастыруда орасан
еңбек сіңірді.
Ол педологияны халқымыздың ру-
хани мұрасымен де (фольклор, салт-
дәстүр, т.б.) сәтті ұштастырып, қазақ
топырағында бұрын-соңды өріс ал-
маған білім саласымен қазақ студент-
терін молынан сусындатады. Ол
мұнда педология кабинетін тұңғыш
ұйымдастырады. Мәселен, 1929 жыл-
ғы 14 қаңтарда университеттегі пе-
дология кабинеті үшін көптеген құ-
рал-жабдықтарды жинастырғаны
туралы мәлімет архив деректерінде
сақталған. Мұнда антропометриялық
зерттеу құралдары, спирометр, эсте-
зиометр, хронометр, ересектерге жә-
не балаларды зерттеуге арналған
динамометр, сол сияқты адамның
педагогикалық, физиологиялық, пси-
хикалық дамуын зерттеудің мате-
риалдары, тестілер, микроскоп, секун-
домер, әр түрлі плакаттар мен диа-
позитивтер мен слайдтар. Кафедра-
да педология пәнінің оқу бағдар-
ламасы мен әдістемелік материалдар
мұғалімдер үшін «Педология» пәні
90 сағат көлемінде оқытылып, бі-
рінші курста – «Жас ерекшелік педо-
логиясы» оқылыпты. Бұларды Х.Дос-
мұхамедовтен басқа оның ассистент-
тері Кеплер және Капин жүргізген.
Бағдарламаның «Педологияға кіріс-
пе» бөлімінде баланың анатомия-
лық, физиологиялық ерекшеліктері-
мен, адам гигиенасымен таныстыру
мақсаты көзделген.
Мұның мазмұнында берілетін негіз-
гі түсінік – ағза мен ортаның өзара
қатынасы, жоғары жүйке қызметінің
заңдылықтары, шартты рефлекстер
және т.б. мәселелерді қамтиды. Бағ-
дарламада эксперименттік психоло-
гияның тәжірибе сабақтары да қа-
растырылған. Мұнда жеке адамның
тұлғасы, оның мінез-құлық ерек-
шеліктері, тұлға мен ортаның өзара
қатынастары, оның жеке дара пси-
хологиялық ерекшеліктері баяндал-
ған (1-кестені қараңыз). Ал екінші
курста оқытылатын «Педология не-
гіздері» пәні қазіргі психология жә-
не рефлексология ғылымдарының
келелі мәселелерін оқу үрдісінде жү-
Достарыңызбен бөлісу: