Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет427/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


302

қазақ  ұлтынан  боксшылар,  шығыс 

жекпе-жектерімен  айналысушылар- 

дың  әлемдік  деңгейдегі  биіктерге 

көтеріліп, шыдамдылықты талап ете- 

тін  алысқа  жүгіру,  коньки,  шаңғы, 

т.б. спорт түрлерінде үлкен жетістік- 

терге жете алмауы.

Ақкөңіл,  қонақжай,  кеңпейіл  мінез- 

бен  қатар,  берекесіз,  салғырттық, 

бос сөздік те қатар жүреді. Ел басы- 

на күн туғанда «ой кеттік, әкесінің... 

мәнті  жейік»  деп  те  жүре  береміз. 

Интернационализм  жақсы  қасиет 

болғанмен,  қазақтың  интернациона- 

лизмі шектен шығып, кейде жүрекке 

тиетін  жағынуға  да  айналып  ке- 

теді.  Осылардың  төркінін  Әуезов 

мақалаларын  барлап  қарағанда  ай- 

қын көреміз. Ж.Аймауытов пен М.Әуе- 

зов мақалаларында көтерілген этно- 

психологиялық  мәселелердің  тағы 

бір саласы – қазақ ауылының әлеумет- 

тік құрылымы.Қазақ ауылындағы не- 

гізгі мал иесінің функциясы мен ма- 

лы аз немесе малы жоқтардың функ- 

циясы  анықталып,  тіпті  қазақ  ауы- 

лын  біріктіріп  ұстап  тұрған  генеа- 

логиялық,  әлеуметтік-шаруашылық 

себептердің сырын ашады. Осы бағыт- 

та қазақтағы жуан ауыл, нашар ауыл 

ұғымдарын  анықтап,  бұл  ауылдар- 

дың қарым-қатынастарындағы әлеу- 

меттік, құқықтық жағдайлар мен қақ- 

тығыстардың себептері мен нәтиже- 

лерін нақты мысалдармен талдайды.

Бұл  тұрғыда  «келімсек»  ұғымының 

мәнін  ашқан  және  жерсіз  қазақтар- 

дың  әлеуметтік  жай-күйі  жайында 

құнды  деректер  келтірген.  Осы  ав- 

торларды жас кезіндегі мақалалары- 

ның  ішінде  ең  күпті  көңілмен  жа- 

зылғаны 1918 жылы «Абай» журна- 

лының  12-санында  шыққан  «Өліп 

таусылу  қаупі»  атты  мақала.  Ресей- 

дің империялық, отаршылдық саяса- 

тының кесірі барынша ашылған бұл 

мақалада  отаршылдық  саясаттың 

әсерінен  империя  көлемінде  кейбір 

ұлттардың  ұлт  ретінде  мүлдем  жо- 

йылып  кеткенін,  кейбір  ұлттардың 

жойылу  алдында  тұрғанын  көрсет- 

кен.  Мақалада  кез  келген  этнос  өзі- 

нің  этникалық  ерекшеліктерінен, 

жетекші шаруашылығының дағдылы 

үй-жайының  ас-суынан  салыстыр- 

малы  түрде  жылдам  ажыраса,  жа- 

ңа  жағдайға  бейімделу  ыңғайы  өз- 

герістер қарқынына ілесе алмаса, фи- 

зиологиялық,  тұрмыстық,  рухани 

індетке ұшырап, құруға айналатыны 

теориялық  тұрғыдан  тұжырым- 

далған.

Мысал ретінде Ресей империясының 

құрамындағы  біраз  Сібір  халықта- 

рының ұлт ретінде жоғалып кеткені, 

самоед,  остяк,  чукча,  камчадап  ха- 

лықтарының жоғалу алдында тұрға- 

ны  алынған.  Авторлар  «міне,  осы 

аянышты  халдің  барлық  белгілері 

қазіргі қазақ ішінде білініп келеді», – 

деп,  әрі  қарай,  қазақ  арасында  қы- 

сыммен  телінген,  еріксіз  қабылдан- 

ған  тұрмыстағы  өзгерістер  себепті 

ел  арасында  жұқпалы  індеттің  етек 

алып бара жатқанын еске салады.

Белгілі  бір  географиялық  аймақты 

мекендеп,  гендік  құрылымы  үйрен- 

шікті  климатқа,  ауа-райына  қалып- 

танған,  ғасырлар  бойы  мекен  еткен 

баспанасы, микроклиматы, ғасырлар 

бойы ет пен сүт тағамдарынан жаса- 

латын ас-суы, іс-әрекеті тарихи тұр- 

ғыдан алғанда жылдам өзгергенде эт- 

нос  организмі  бұған  сай  жылдам- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет