Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет509/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   505   506   507   508   509   510   511   512   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МАҚА

МАҚА


363

өсер, бақташысына қарап мал өсер», 

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», 

«Ұстаз  көрген  хат  таныр»,  «Ереже 

ұсынғанша  өнеге  ұсын»  сияқты  ма- 

қалдарда ұстаздың бөбек өміріне үлгі 

болатын, өмірдің сан тарапты жолы- 

нан адаспай өтуде оған бағыт беріп, 

жөн  сілтеуші  адал  екендігі,  балғын 

денеге адамгершіліктің нәрін құйып, 

баланы еңбек сүйгіштік, адалдық т.б. 

сол секілді ізгі қасиеттерге баулитын 

жан екендігі сөз болған. Өз ісіне шын 

пейілмен  берілген  ұстаз  шәкіртін 

саналы  азамат  етуге,  оны  Отанына,  

өз  халқына  пайдалы  іс  істеуге,  өз 

елінің  көгінде  жарқыраған  жұлдыз- 

дай  өнегелі  ұл  болуға  тәрбиелейді. 

Шәкірт те осындай ұстазды жанын- 

дай жақсы көріп, оны өзіне үлгі тұ- 

тып  отырады.  «Жақсы  шәкірт  ұста- 

зының мұраты», «Жаман бала естен 

кетпес  ұят»,  «Құйма  құлақты  оқыт- 

саң  ғанибет»,  «Өнерлі  бала  сүйкім- 

ді»,  деп,  ұстаз  бен  шәкірт  арасын- 

дағы осынау бір жарасымды сипатта 

халық  даналығы  осылайша  толғана 

шертеді. Жақсы шәкірт болу баладан 

қажыр-қайраттылықты,  еңбек  сүй- 

гіштікті, таланттылықты қажет етті. 

Мақал-мәтелдер  жас  өспірімдерге 

«Талапты ерге нұр жауар», «Талап – 

тұлпар, білім – сұңқар», «Талантың 

болса, ісіңнің бүгін сәті түспегеніне 

түңілме», деп ойға алған істі қалай- 

ша орындасам екен деп талпыну, та- 

лаптану болмайынша, оны қажет ет- 

пейінше сен ешуақытта да көздеген 

мақсатына жете алмайсың, адамның 

талантын  өсіретін  түрткінің  бәрі  де 

талаптылық дейді.

Мақалдар  адамның  психологиясы 

негізінен іс-әрекет үстінде қалыпта- 

сады дей келіп, тәлім-тәрбие проце- 

сі үшін баланың кейбір туыстан бе- 

рілетін  қасиеттерімен  де  (ғылым  ті- 

лімен  айтқанда  оның  анатомиялық-

физиологиялық  нышандары)  сана- 

сып  отырудың  қажеттілігін  ескерте- 

лі.  Мәселен,  «Саусағы  ұзын  биші 

болар,  құлағы  үлкен  күйші  болар», 

«Ат болатын құлынның бауыры жа- 

зық келер, адам болар баланың маң- 

дайы жазық келер», – деген ғибрат- 

ты  сөздерде  баланын,  кейбір  сезім 

мүшелерінің,  анатомиялық  белгіле- 

рінің нәсіл аркылы берілетіндігі, бұ- 

лардың  оқу-тәрбие  ісіне  азда  болса 

қатысы  барлығы,  сондықтан,  осын- 

дай  сыртқы  мүмкіндіктермен  де  са- 

насу  қажеттігі  сөз  болып  отыр.  Ха- 

лық  даналығы  жас  буындарды  оқы- 

тып-тәрбиелеу ісінде өмір барысын- 

да  меңгерілетін  оқу,  білім,  дағды, 

әдеттерге ерекше маңыз берген. Осы- 

ған  орай,  «Ықылас  пен  ынтымақ 

бітер іске болсын тап», «Жігіттің тү- 

сіне  қарама,  ісіне  қара»,  «Жігіт  тү- 

рімен әдемі емес, ісімен әдемі», деп 

адамның  білім,  дүние  танымы  шы- 

дамдылықты,  ойлап-толғануды,  құ- 

марлық, ықыласты керек ететіндігін, 

берік білім, өнегелі тәрбие іс-тәжірибе 

үстінде, белсенді әрекет арқылы қа- 

лыптасып  отырғандығын  әдейілеп 

ескертеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   505   506   507   508   509   510   511   512   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет