Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет505/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   501   502   503   504   505   506   507   508   ...   877
МАҚА

МАҚА


359

ты жасар бала келсе, алпыстағы шал 

сәлем бере барады», «Бала адамның 

бауыр  еті»  деген  мақал-мәтелдерге 

арнаулы түсінік беріп жатудың қаже- 

ті  бола  қоймас.  Халқымыз  тәрбиесі 

кем балаға жаны ашып: «Әдепсіз ба- 

ла сорлы бала», «Жаман бала күйік», 

«Талабы жоқ жас ұлың, жалыны жоқ 

шоқпен  тең»,  «Балаң  жаман  болса, 

көрінгеннің  мазағы»,  деп  әдепсіз, 

өзінің де, өзгенің де мазасын кетіре- 

тін, талапсыз, ынжық, жалқау, қорқақ, 

күйгелек, өздігінен ешнәрсе істей ал- 

майтын,  «түйе  үстінен  сирақ  үйте- 

тін»,  ебедейсіз  балалардың  келе- 

шегінен  күдіктенеді  де,  ата-анасы- 

ның  айтқанын  екі  етпейтін,  тіл  ал- 

ғыш, зерек, әр нәрсені танып, білуге 

құмар,  елгезек,  ықыласты,  тәр-тіпті 

балаларды басқаларға үлгі етеді. Мә- 

селен, «Өнерлі бала сүйкімді», «Жақ- 

сы бала сүйікті», «Балаң жақсы бол- 

са,  екі  көздің  шамшырағы»,  «Адам 

болатын бала алысқа қарайды», «Кісі 

болар  баланың  кісесінен  белгілі», 

«Болар адам жеті жастан бас болар». 

«Оралдының баласы он бесінде бас- 

пын дер, тоғышардың баласы жиыр- 

ма  бесте  жаспын  дер»  т.  б.  осы  се- 

кілді  халық  нақылдарында  мінез-

құлқы,  психологиясы  дұрыс  қалып- 

тасып  келе  жатқан  оқу-өнерге  құ- 

мар, талабы таудай, еңбек сүйгіш, тың- 

ғылықты,  жинақы,  өмірге  бейім  ба- 

лалар сөз болады.

Бала  біткеннің  бәрі  де  ес  білгеннен 

білсем, көрсем, естісем, ұстасам, ал- 

сам деп әрекетке ұмтылады. Ол өзін 

қоршаған  ортамен,  басқа  адамдар- 

мен, заттармен қарым-қатынасқа тү- 

суді қалайды. Бұл баланың өзін қор- 

шаған өмірді терең де, толық білуге 

құштарлығы.  Олар  үшін  жай  нәрсе- 

нің  өзі  жаңалық.  Бұлар  –  құмарпаз, 

әуесқой,  тынымсыз  зерттеуші.  Көп- 

теген мақал-мәтелдердің мән-мазмұны 

осы айтылған идеяны да бейнелейді.

Ата-ана  өз  баласын  өнегелі  сөзбен 

жеке басының үлгісімен тәрбиелейді. 

Ойын баласында үлкендердің сөзіне, 

қылығына, іс-әрекетіне еліктеушілік 

басым. Мақал-мәтелдер бұл жөнінде 

төмендегіше  тұжырымдалған:  «Ба- 

лапан  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны 

іледі», «Баланың тентек болмағы үйі- 

нен», «Балаға байқап сөйлесең ақы- 

лыңа көнер, байқамай көп сөйлесең 

көрсетер  бір  өнер»,  «Қызды  асырай 

алмаған  күң  етеді,  ұлды  асырай  ал- 

маған  құл  етеді»,  «Ұлың  өссе,  ұлы 

жақсымен  ауылдас  бол,  қызың  өссе 

қызы жақсымен ауылдас бол», «Анаға 

баланың  алалығы  жоқ»,  «Балаға 

пышақ  бермесең  бір  жылар,  пышақ 

берсең  екі  жылар»,  деп  халық  бала 

тәрбиесін  құрғақ  сылдыр  сөзбен 

жүргізгеннен гөрі іс-әрекет, үлгі-өне- 

ге  арқылы  жүргізудің  пәрмендірек 

келетіндігін, сондай-ақ бала тәрбиесі- 

не  оның  құрбы-құрдастарының,  жо- 

ра-жолдастарының  да  (балалар  кол- 

лективі) ықпалы болатындығын еске 

алып  отырған.  Сондай-ақ  балаға 

жасалатын ерекше мейірімділіктің де 

(баланың  айтқанын  екі  етпеу)  кере- 

мет  қаталдықтың  да  (онымен  ешбір 

санаспау), баланы бір-бірінен алалап 

қараудың да (ұл мен қызды бірінен-

бірін артық көру), теріс нәрсе екенін, 

ал  баланың  жеке  басын  құрметтеп, 

елеу  оның  психологиясының  дұрыс 

қалыптасуына  жағдай  жасайтынын 

нақыл сөздер дұрыс көрсеткен.

Халық  ұғымында  адамның  негізгі 

өмір  кезеңінің  бірі  –  жастық  кезең 

(бозбалалық  шақ).  Мақал-мәтелдер- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   501   502   503   504   505   506   507   508   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет