ОНТОГЕНЕз (грек. опtos – тіршілік
және genesis – шығу тегі, пайда бо-
лу) – жеке ағзаның туылғаннан бас-
тап тіршілігін жойғанға дейінгі даму
үрдісі. Бұл терминді 1866 ж. неміс
биологі Э.Геккель ұсынды. Ол онто-
генезді филогенезге – кейбір жүйелік
топтың, мысалы, биологиялық түрдің
қалыптасу үрдісіне қарсы қойды. Ол
жеке даму биогенетикалық заңға сәй-
кес өтеді, яғни О. филогенездің қысқа
мерзімде жаңғыртылуы болып табы-
лады деп есептеді. Қазіргі заманғы био-
логияда ағзаның О. барысында өзгеруі
ортаның ықпалынан болады, алайда
ол тектік тұрғыда бағдарламаланған
ақпарат негізінде жүзеге асады деп
түсіндіріледі. Биологиялық теориялар
мен терминологияның психология-
лық-педагогикалық ғылымдардың қа-
лып-тасуы үшін маңызы зор болды. О.
термині психология мен педагогикаға
енгізіліп, XIX ғ. соңынан бастап пси-
хиканың жеке даму үрдісін білдірді.
XX ғасырда отандық ғылымда онто-
генездің негізгі мазмұны баланың
пәндік әрекеті мен қорытындылауы
(ең алдымен, үлкендермен бірлескен
әрекеті және қарым-қатынасы) деген
түсінік орнықты. Онтогенезді зерттеу
балалар психологиясының негізгі
міндеті болды. Интериоризация ба-
рысында бала осы әрекет пен қарым-
қатынастың әлеуметтік, белгілік-сим-
волдық құрылымы мен құралдарын
меңгереді, осылардың негізінде оның
санасы мен жеке тұлғасы қалыптаса-
ды. Сөйтіп адам онтогенезінің не-
гізгі мәні ағзаның кемелденуі емес,
әлеуметтенудің әр алуан институтта-
ры тарапынан әсерықпал жағдайын-
да психиканың, сананың және тұлға-
ның әлеуметтік тұрғыда қалыптасуы
болып табылады.
ОҢТАЙЛЫЛЫҚ – берілген жағдай-
да қатысушылардың уақыты мен кү-
шін мейлінше аз жұмсау арқылы ең
жоғарғы нәтижеге жету. Оқу-тәрбие
процесінің оңтайлылығы проблема-
лары отандық дидактикада үнемі на-
зарға алынып келе жатқан проблема-
лар болып табылады. О.- берілген жағ-
дайда қатысушылардың уақыты мен
күшін мейлінше аз жұмсау арқылы
ең жоғары нәтижеге жетуді қамтама-
сыз ететін тиімді жағдайлар жиын-
тығы.
Достарыңызбен бөлісу: |