440
ПРОАКТИВТІК ТЕЖЕЛУ – ұмыту
кезінде байқалатын құбылыс, бұрын
есте сақтаған материалдың келесісі-
не бөгет жасауы. Мұндай құбылыс-
тың табиғатын білу психологтар мен
педагогтар үшін өте маңызды. Мы-
салы, мұндай тежелуді оқушыларда
болдырмау үшін сабақ кестелерінде
ұқсас пәндердің қатар тұрмауын қа-
дағалап, әр жастағы оқушылардың
үй тапсырмаларының мөлшері (көле-
мі) қатаң сақталынып, оқу әрекетін
үнемі түрлендіріп отырулары керек.
Достарыңызбен бөлісу: