Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет620/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   877
ПРАКТИКАЛЫҚ  ЖҰМЫСТАР  – 

болашақ  психологтардың  қолданба- 

лы  сипаттағы  мақсаты-міндеті  тұл- 

ғалық ерекшелікті анықтауға бағдар- 

ланған.  Кейбір  әдістемелерде  прак- 

тикалық  жұмыстың  орнына  эмпи- 

рикалық зерттеулер деген ұғым қол- 

данылады.  П.ж.  болашақ  психолог- 

тарды дайындау бағдарламасына ен- 

гізіліп,  теориялық  қалыптасқан  бі- 

лімдерін  тәжірибелік  тұрғыдан  ба- 

қылаудан өткізуге арналады.

Практикалық  жұмыстарды  жүйелі 

түрде орындау – анализ, синтез, салыс- 

тыру,  зерттеудегі  теория  мен  прак- 

тиканың  байланысы,  психологтар- 

дың  дербес  тәжірибелері  және  та- 

нымдық  мүмкіндіктерінің  дамуы 

сияқты ойлау амалдарын меңгерудің 

маңызды  құралы  болып  танылады. 

П.ж. білімді бекітуге және нақтылау- 

ға  себепші  болады.  Практикалық 

жұмыстарды  орындау  мазмұны  мен 

тәсілдері  қалыптасқан  білімдерінің 

нәтижесіне  байланысты.  Мысалы, 

химиядан  практикалық  жұмыс  хи- 

миялық  құбылыстарды  түсіндіруге 

және бақылау біліктілігін дамытуға; 

заттарды алуға және ажырата білуге 

себепші  болады;  мамандарды  хи- 

миялық лабораториядағы жұмыстың 

қарапайым тәсілдерімен таныстыра-

ды;  заттармен,  химиялық  ыдыстар- 

мен жұмыс істеу дағдыларын қалып- 

тастырады.

Биологиядан  практикалық  жұмысқа 

табиғи объектілерді анықтау бойын-

ша жүргізілетін жұмыстар, экспери- 

мент  жатады.  География  сабағы  бо- 

йынша жүргізілетін П.ж. арқылы гео- 

графиялық және топографиялық кар- 

талармен  жұмыс  істей  білу,  тұрғы- 

лықты жердің планын құру және т.б. 

біліктілігі  қалыптасады.  Психолог- 

тарды  дайындаудың  бастапқы  са-

тысында  жоғарыда  аталған  ғылым 

салалары сияқты болашақ маманның 

теориялық білімдерін тәжірибеде іс- 

ке  асырудың  жаттықтырушы  сипат- 

тарында  болады.  Сондай  іс-әрекет- 

тердің  күрделілігі  біртіндеп  өзгере- 

ді:  болашақ  мамандар  практикалық 

жұмыстарды  көп  уақыт  жұмсамай 

орындау дағдыларына көшеді. Тиісті 

дағдыларды меңгергеннен кейін пси-

хологтар  мақсатқа  сәйкес  практика- 

лық жұмыстарды өз бетімен жүргізу- 

леріне мүмкіндік алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   616   617   618   619   620   621   622   623   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет