468
шігіп еске түсіру көбінесе мектепке
дейінгі жастағы балалармен баста-
уыш сынып оқушыларында жиі кез-
деседі. Өйткені олар көлемі үлкен,
күрделі материалдарды бірден то-
лық айтып беруге шамалары кел-
мейді де, ойларына келген жерін ай-
та береді. Ой әрекетінің біртіндеп
күрделенуіне және есте қалдырудың
жолдарын меңгере білуге байланыс-
ты ересек адамдарда Р. құбылысы
көп кездеспейді.
РЕСМИ ТОП – заңдық тұрғыдағы
статусы бар, мүшелері қоғамдық ең-
бек бөлінісі жағдайында олардың
еңбегін ұйымдастыратын әлеуметтік
тапсырысты іс-әрекетпен біріккен
нақты не шартты әлеуметтік қа-
уымдастық. Ресми топтың әрқашан
белгілі бір нормативпен бекітілген
құрылымы, тағайындалған не сай-
ланған басшылығы, мүшелерінің
нормативпен бекітілген құқықтары
мен міндеттері болады. Ресми емес
(бейресми) топтар – нағыз әлеу-
меттік ұйымға жатпайтын, тек қызы-
ғушылықтары ортақ екеңдігіне бай-
ланысты қарым-қатынас жасайтын
адамдар жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: