Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет673/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

РЕФЛ

РЕФЛ


472

рефлекс  туғызбайтын,  бейтарап  ті- 

тіркендіргіш – жарық болса, мида қо- 

зудың екі алабы (бірі – көру, екінші- 

сі  –  тамақтану  орталығында)  пайда 

болады.  Қозудың  осы  алаптарынын 

арасында екі тітіркеңдіргішті қосар- 

ландыра қанталаған сайын нығайып 

отыратын  жүйке  байланысы  жаса- 

лады. Тамақ жарыққа қарағанда жа- 

нуардың  тіршілігі  үшін  аса  қажетті 

тітіркендіргіш.  Сондықтан  мидағы 

тамақтану орталығы көру орталығы- 

на  қарағанда  күшті  қозады.  Күшті 

қозған  тамақтану  орталығы  өзінен 

баяу қозған көру орталығының қозу 

процестерін  өзіне  тартып  алады. 

Осыдан барып бұл екеуінің арасында 

байланыс жасалады. Мұны И.П.Пав- 

лов  ми  қабығындағы  уақытша  жүй- 

ке байланысы деп атаған.

Осындай  байланыс  жасаудың  нә- 

тижесінде ит кейін жарық жағылып, 

тамақ  берілмесе  де  сілекей  шығара 

береді.  Жеке  алғанда  итке  мүлдем 

қатысы жоқ, бейтарап тітіркендіргіш 

болып  табылатын  жарық  тамақпен 

бекіндірілгеннен кейін ит үшін био- 

логиялық  маңызы  бар  тітіркендір- 

гішке айналып отыр. 

Осындай  организмге  қажетті  құбы- 

лыстады білдіретін көптеген сыртқы 

тітіркендіргіштердің  әсерінен  пайда 

болатын  ми  қабығының  қызметін 

сигналдық  қызмет  деп  атайды.  Жо- 

ғарыдағы  мысалда  жарық  тамақтың 

сигналы болып отыр.

Шартты рефлекстер табиғи жағдайда 

да,  сыртқы  ортаның  өзгерген  жағ- 

дайларына  байланысты  да  жасалып 

отырады.  Мысалы,  көптеген  көпте- 

ген  жабайы  аңдар  адамды  алғаш 

көргенде сенбеуі мүмкін. Бірақ, адам 

оларды  ұстай  бастаса,  жануарлар 

өз  мінез-құлқын  өзгертетін  болады. 

Олар адамды көрісімен тығылуға не 

қашуға  тырысады.  Демек,  бұл  жағ- 

дайда жасалған рефлекс аңдар тірші- 

лігі  үшін  өте  пайдалы  шартты  реф- 

лекс екендігі түсінікті.



РЕЦЕПТОР  –  дененің  үстінде  не- 

месе  оның  ішінде  орналасатын,  жә- 

не  табиғаты  жағынан  әртүрлі  тітір- 

кендіргіштерді  физикалық,  химия- 

лық, механикалық және т.б. – қабыл- 

дауға  және  оларды  жүйкелік  электр 

импульстарына  түрлендіруге  арнал- 

ған  арнайы  органикалық  құрылғы. 

Эволюция  барысында  әрбір  рецеп- 

тор  белгілі  бір  тітіркендіргішке  ар- 

найы  бейімделе  отырып,  дамыған. 

Осылайша,  тангорецепторлар  сипап 

сезуді  сезінуге,  аусторецепторлар 

дәм  сезу  тітіркендіргіштерін  түйсі- 

нуге, стиборецепторлар – иіс сезуге, 

фонорецепторлар  –  дыбыс-тық  ті- 

тіркендіргіштерді  және  фоторецеп- 

торлар  (немесс  сәулелік)  рецептор- 

ларды түйсінуге бейімделген. Алай- 

да  кейбір  парадоксалды  жағдайлар- 

да  адекватты  емес  тітіркендіргіш 

белгілі бір рецепторға әсер ете оты- 

рып,  оған  тән  түйсіктерді  тудыруы 

мүмкін.  Осылайша,  мысалы,  электр 

тоғы  немесе  күшті  қысым  көздің 

жарығын  тудыруы мүмкін  (мысалы, 

соққы  кезінде  көзден  ұшқын  шыға- 

ды).  Бұл  өте  сирек  жағдайларда  бо- 

лады. Ал, жалпы алғанда, түйсіктер 

арнайы сезім мүшелері (анализатор- 

лар) арқылы тек өзіне ғана тән тітір- 

кендіргіштерді  түйсінуге  арналған, 

яғни  көбінесе  объективті  болып  ке- 

леді.  Бұл  жерде  тағы  бір  ескеретін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет