Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет751/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   747   748   749   750   751   752   753   754   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ТӘРТ

ТВОР


520

ды деп хабарлағанда шын көңілімен 

көзіне жас алады екен. Мұндайда ак-

тер сахнада ойдан шығарылған нәрсе- 

ге шындықтың өзіндегідей көзқарас- 

пен  қарайды.  Бұл  –  творчестволық 

қиялы өте бай адамның қолынан ке-

летін қасиет. Ақын-жазушылар қиялы 

арқылы  өзінің  келешек  кейіпкерле- 

рін  «көреді»,  олардың  мінез-құлық- 

тарын  «елестетеді»,  сөзін  «естиді». 

Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз 

кейіпкерлерімен  бірге  өмір  сүреді, 

олардың  ойын,  көңіл  күйін  «сезіп», 

қоян  қолтық  араласып  жүргендей 

болады.  Мысалы,  француз  жазушы-

сы  О.Бальзак  егер  жеңі  жыртық  бі- 

реудің  көшеде  кетіп  бара  жатқанын 

көрсе, өзін сол адамға ұқсататынды- 

ғы соншалық, – өз жеңім де жыртық 

емес  пе  екен  деп,  еріксіз  өз  жеңіне 

қолын  жүгіртіп,  тесікті  жаппақшы 

болады  екен.  Байқағыштық,  жеке 

өмірдің  эмоциялық  байлығы,  алдын 

ала орасан зор жұмыстар істей білу- 

ге қабілеттілік (мәселен, Л.Толстой- 

дың айтуынша, «Соғыс және бейбіт-

шілік» романын жазу үшін жинаған 

материалдары «бүкіл бір кітапхана» 

болған)  адамның  твочестволық  қия- 

лының  самғауына  күшті  әсер  етеді. 

Өмірден  түйгені  шамалы,  твор- 

честволық  қиялы  жетілмеген  адам- 

нан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. 

Абай мұны өте дұрыс көре білген.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын 

Қазақтың келістірер қай баласы?».

Бұл  өлеңіне  Абай  «қиыннан  қиыс- 

тырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы 

тиіп»,  «іші  алтын,  сырты  күміс  сөз 

жақсысын»  секілді  сөз  тіркестері 

арқылы  өздігінен  жаңа  туындылар 

бере алатын нағыз майталман ақын- 

дардың  психологиясын,  олардың 

творчестволық  қиялындағы  ерекше- 

ліктерді көрсетіп отыр. Ғалым үшін 

де творчестволық қиял аса қажет.

Творчестволық қиял ғалымның твор- 

честволық  ойына  аса  қажетті  мате- 

риал  береді.  Мәселен,  ғылыми  жо- 

рамал  жасағанда,  эксперимент  жұ- 

мысын ұйымдастырғанда, тапқан жа- 

ңалықтарды тексеріп сынауда ғалым 

өз  қиялына  үнемі  сүйеніп  отырады. 

Бірақ  нағыз  ғылыми  жұмыс  көп 

еңбектенуді қажет етеді – ол еріккен- 

нің  ермегі  емес,  ғылымның  жолы 

ауыр. Қажымай, талмай өнімді еңбек 

ете білушілік, шыдамдылық, іске мей-

лінше  берілушілік  –  нағыз  ғалымға 

тән қасиеттер.

ТЕЖЕЛУ – белсенді, қозумен ажы- 

рағысыз  байланысты,  жүйке  орта- 

лықтары немесе жұмысшы органда- 

ры  қызметін  кідіртуге  апарып  соға- 

тын процесс. Жүйке орталықтарына 

қатыстылары орталық Т., екіншілері 

перифериялық Т. деп аталады. Пери- 

фериялық  тежелуді  кезбе  жүйкені 

ырғақты тітіркендіру кезінде жүрек- 

тің  жиырылуы  кідіртілетінін  анық- 

таған ағайынды Эр және Эд. Вебер- 

лер 1840 жылы ашты. Орталық теже- 

луді 1863 жылы И. М. Сеченов ашты. 

Бұл ашылыс нейродинамиканы зерт- 

теуге ғана емес, сонымен қатар пси- 

хикалық  процестердің  реттелуіне 

де  терең  ықпал  жасады.  Тежелудің 

табиғаты  ұзақ  уақыт  анықталмады. 

Бастапқыда  физиологтар  оны  тиісті 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   747   748   749   750   751   752   753   754   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет