Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет770/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   766   767   768   769   770   771   772   773   ...   877
ТОРА

ТОРА


535

Ақын  осылардың  барлығына  шолу 

жасай  келіп,  шын  бақыт  әділдікте, 

білімде,  адал  еңбекте  деп  өз  ойын 

«Адам  бағындырудың  асылы  еңбек, 

түбінде  еңбексізді  еңбек  жеңбек»,  – 

деп дұрыс қорытынды жасайды. Ақын 

жастық шақта адамның ақыл-ойы ин- 

теллектісі өте алғыр, дүниені танып-

білуге құмарлығы күшті, сондықтан 

да осы кезде оқуға, білім алуға ерекше 

ұмтылу  қажет  дейді.  Бұған  ата-ана, 

ағайын-туыстың  жақсы  ақыл-кеңесі 

де  ауадай  қажет.  Білім  алу,  бәрінен 

бұрын  адамның  өзіне  байланысты. 

Ол  үшін  үлкен  ерік-жігер,  ұғарлық 

зейін,  зор  үміт,  таудай  талап,  шын 

ықылас, ұғымталдық, зеректік, т.б. аса 

қажетті шарттар. «Оқу инемен құдық 

қазғандай», ол еріккеннің ермегі емес 

дейтін  тұжырымды  мына  төмендегі 

шумақтардан жақсы аңғаруға болады: 

Таусылмас ғылым теңіз шалқып жат- 

қан, Өмір бойы оқысаң бір таусылман. 

Қиындығы  қинайды  жанға  батқан, 

Білімге қарсы тұрар қандай күш бар, 

Бас  иер  талай  мырза  кеуде  каққан... 

Оқу малды тыңдамас, зейін тыңдар... 

Молда атанған жақсы ғой, оқу болса, 

Баста зейін, кеудеде тоқу болса...

Адамның  көңіл  күй  ерекшеліктері, 

сезім-эмоция  секілді  жан  ары  да 

С.Торайғыров шығармаларында бір- 

шама  сөз  болған.  Басқа  жан  құбы- 

лыстары сияқты адамның сан алуан 

сезімдерін  (қуаныш,  қайғы-қасірет, 

реніш,  т.б.)  сыртқы  ортаның,  яғни 

белгілі себептердің нәтижесінен туып 

отырады  дейді.  Адам  сезіміне  әсер 

етпейтін  нәрсе  жоқ.  Оған  табиғат 

құбылыстары  адамның  суық  және 

жылы сөздері де, денсаулық жағдайы 

«тұрмыс күйі де, т.б. үнемі әсер ете- 

ді. Сезім адам организмінде – бет пі- 

шінінде, көз жанарында, қас-қабағын- 

да,  т.б.  әр  түрлі  қимыл-қозғалыстар 

тудырады,  ол  жүрек  жұмысына  да 

байланысты  дейді:  Сезімнің  сыртқа 

шықпас  түсі  бар  ма?  Оны  жасырар 

адамның күші бар ма? Біреу күй, біреу 

пішін,  біреу  сөзбен,  Көрсетпейтін 

жүректің іші бар ма?

С.Торайғыров  адамның  ең  жоғарғы 

сезімдерінің  (эстетикалық,  адамгер- 

шілік, т.б.) табиғатына ерекше көңіл 

бөледі, бұлардың қалай пайда болып, 

қалыптасып отыратындығын сөз ете- 

ді. Мәселен, оның айтуынша «жақсы 

ән мен тәтті күй», яғни жақсы музы- 

калық  әуен  адам  құлағының  құры- 

шын  қандырып  қана  қоймай,  оның 

сұлулық,  әсемдік  сезімдерінің  қа- 

лыптасуына  да  ерекше  әсер  етеді. 

«Халықтың  арғы-бергісін  қозғап,  – 

деп жазды ол «Өлең һәм айтушылар» 

деген мақаласында естеріне түсіріп, 

мұң-мұқтаждарын  зарлап,  кем-ке- 

тігін көрсетіп, әдемі дауысымен құй- 

қылжытып тұрғанда қандай тас бауыр 

болса да жібімеген еркіне қоймайды. 

Халықтың қайдағы-жайдағысы ойы- 

на  қозғалыс  түсіп,  қандары  қайнап, 

тіпті арқалары қозып кетеді. Әркім- 

нің көңіл көздерінен жастар моншақ- 

тап,  бойлары  балқығандай  шартта- 

шұрт қол шапалақтасып... тарқайды». 

Осы үзіндіде ақын ән мен күйдің қан- 

дай  тас  бауырды  да  жібітіп  жібере- 

тінін,  қанды  қайнататыны,  көзден 

жас ағызып, бойды балқытатыны, т.б. 

адамның  ішкі  жан-дүниесін  нұр- 

ландырып,  байытатындығы,  сөйтіп 

адамды  ерік-жігер  ләззатқа  бөлей- 

тіндігін айтып отыр.

Сұлтанмахмұт  адамның  ерік-жігер 

қасиеттері туралы да сындарлы пікір 

айтқан  ақын.  Оның  шығармалары- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   766   767   768   769   770   771   772   773   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет