537
тәлімдік мәселенің бірі – жастарды
ана тілді ардақтап, оны қадір тұтып,
сүйе білуге тәрбиелеу мәселесі. Әр
халықтың ұлттық психологиясының
негізгі бір жағы – сол ұлттың тілі.
Ұлттық тіл сол халықтың нақты та-
рихы, оның өмірінің, сана-сезімінің,
ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-
ғұрпының шежіресі. Кім де болса өз
халқының тарихын, оның тілін дұ-
рыс білмейінше, әрі жан-тәнімен сүй-
мейінше өз халқының адал перзенті,
сүйікті ұлы бола алмайды.
Өз ұлтын, ұлттық тілін жөнді қадір-
лемейтін адамнан шын мәніндегі
интернационалист шығуы да қиын.
Ана тілінің адам психологиясынан
алатын орнын жақсы көре білген
Сұлтанмахмұт, оны жастарды адам-
гершілік пен имандылыққа тәрбие-
леудің басты құралдарының бірі
деп түсінген. Ақын ұғымында ана
тілі туған халқының, өзіне ақ сүтін
беріп, әлпештеп өсірген анаңның
тілі. Дүниеде анадан жақын не бар!
Сондықтан да осы тілді қадірлеп,
ерекше құрмет тұтқан абзал. Ана ті-
лі – бұл өмірге жаңа ғана келген нә-
рестенің ә дегенде еститін бірінші ды-
бысы, ол жас өспірім жеткіншектің
қинала әлемді тамашалағанда біл-
діретін көңіл күйі, ол бозбала мен
бойжеткеннің бір-бірімен табысуын-
дағы жүрек тілі. Ондай болса, осы
тілді ардақтап, ерекше қадір тұту
қажет, қандай жағдайда да адамның
бойында оның рухы сақталуы тиіс.
Өз ана тілінде «шүлдіреп, шолжаңдап,
жығылып-сүрініп» жүруге болмай-
ды. Тіл қайнаған қанның, тебіренген
жанның, толғанған көңіл мен жүрек-
тің сығындысы, тілде әркез маңыз
және дәм болуы қажет. «Қазақ тілінде
бастырған кітаптардың көбіне қазақ-
тың иісі де жоқ, дені бытпырақ, қа-
зақтағы «сіріге жамаған былғарыдай»
деп, ақын өз ана тілін ардақтап, қадір
тұтпайтын адамдарды аяусыз мінеп-
шенеді, жастардың ана тіліндегі са-
уаттылығы үшін мұғалімдер мен ата-
аналар қатты ойлануы қажет дейді.
Өршіл де ойшыл ақынның осынау
пікірлері қазіргі тіл туралы заңның іс-
ке асуы барысында қаншама маңыз-
ды екендігі өзінен-өзі түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: