Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет159/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БЕЛС

БЕХТ


116

1878 жылы Бехтерев академияны үз- 

дік  бітіреді.  Оның  талант  қабілетін 

байқаған ғалымдардың көмегімен ол 

профессорлық  қызметке  әзірленуге 

академияда қалады. 1880 жылы Бех- 

терев  «Кейбір  психикалық  аурулар- 

дағы  дененің  температурасын  зерт- 

теудің клиникалық тәжірибесі» деген 

тақырыпта  диссертация  қорғайды. 

Оған  приват-доцент  атағы  беріліп, 

Қазан университетіне қызметке жібе- 

ріледі.

Бехтеревтің ғылыми шығармашылы- 

ғының Қазанда өткен дәуірі ғылыми 

және  саяси-әлеуметтік  істерге  толы. 

Ол  Қазандағы  округтік  психиатрия- 

лық  емхананы  үлкен  клиникаға  ай- 

налдырады, мұнда ғылыми және пе- 

дагогикалық  мәні  бар  мәселелерді 

зерттейді. Қазан университетінде ол 

Россияда  бірінші  болып  психофи- 

зиологиялық  лаборатория  ұйымдас- 

тырады,  невропатологтер  мен  пси- 

хиатрлардың қоғамын құрып, «Невро- 

логия хабаршысы» дейтін журнал шы- 

ғарады. Қазанда болған 8 жыл ішінде 

ол «Кейбір байқалған жүйке аурула- 

ры»  деген  екі  томдық  еңбегін  және 

өзінің классикалық еңбегі «Бас майы 

мен  жұлынның  өткізгіш  жолдарын» 

баспаға әзірлейді.

1893 жылдан Бехтерев Петербургтегі 

Әскери-хирургиялық академияда қыз- 

мет  етеді.  Мұнымен  қатар  ол  Әйел- 

дер  медицина  институтының  жаңа- 

дан ашылған жүйке және психика ау- 

рулары  кафедрасының  меңгерушісі 

болып тағайындалды.

Академияның  клиникасын  басқару- 

дағы  20  жыл  ішінде  Бехтерев  «Ми 

функциясы туралы ілімдердің негізі», 

«Психика және өмір», «Объективтік 

психология» атты күрделі еңбектер- 

мен  қатар,  ғылымның  әр  саласында 

200-ден аса құнды мақалалар жария- 

лады.

Ғылым  дүниесінде  Бехтерев  невро- 



патология және психиатрия саласын- 

дағы еңбектерімен ерекше көзге тү- 

седі. Ол психикалық ауруы бар адам- 

дарды  емдеп  жазуға  болатындығын 

дәлелдеді.

В.М.Бехтеревтің  оқу-тәрбие  мәселе- 

сіне байланысты көптеген құнды пі- 

кірлері де аз емес. Ол педологияның 

Ресейде негізін қалады.

БИЛИНГВИзМ  (лат.  bi  –  қаз.  екі, 

lingia – тіл; қостілділік) – жеке адам- 

ның  немесе  тұтас  бір  халықтың  өз 

ортасында  ана  тілімен  қатар  екінші 

бір тілде немесе екі тілде бірдей сөй- 

лей алуы. Б. – психологиялық, әлеу- 

меттік, тілдік құбылыс. Екінші тілді 

меңгеру тәсіліне қарай Б. таза (арна- 

йы оқу арқылы) және аралас (күнде- 

лікті  тілдесу  арқылы)  түрге  бөліне- 

ді.  Б.  қоғамдық  сатылардың  бәріне 

тән.  Ол  адамның  шет  тілін  меңгеру 

нәтижесінде,  сондай-ақ  ана  тілінен 

бөтен тілде сөйлейтіндермен ұзақ уа- 

қыт қарым-қатынас жасау барысын- 

да қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет