БЕХТЕРЕВ ВЛАДИМИР МИ-
ХАЙЛОВИЧ (1857-1927) – физио-
логия, психология, педология, меди-
цина саласында Сеченев, Павлов-
тармен қатар тұратын ғұлама ғалым.
В.М.Бехтерев 1857 жылдың 1 февра-
лында Вятск губерниясындағы Сора-
ли селосында дүниеге келді. Ол жас
шағында тұрмыс қиыншылығын көп
көрді. Жас кезінен табиғатты ерекше
сүйетін Бехтерев гимназияда жүрген-
де-ақ ғылыми-жаратылыстану әде-
биеттерін құмарта оқиды, ағылшын-
ның ұлы табиғат зерттеушісі Ч.Дар-
виннің еңбектерімен танысады. Бех-
терев гимназияны бітіргеннен кейін
Петербургтегі Медико-хирургиялық
(кейін Әскери-медициналық деп атал-
ған) академияға оқуға түседі. Акаде-
мияның аудиторияларында студент
Бехтерев бұрын білуге ынтызар бол-
ған ғылым негіздерін бар ынта-жіге-
рімен меңгере бастайды. Академия-
ның соңғы курсында ол машинаның
күрделі проблемаларының бірі – жүй-
ке және психика ауруларының кли-
никалық мәселелеріне ерекше назар
аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |