Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет169/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БОЙЖ

БОЙЖ


123

мерлік, биязылық, мейірімділік әр бой- 

жеткеннің  асыл  мұраты  болса  игі. 

Халқымыздың ұлттық дәстүріндегі бір 

ерекшелік – тәлімдік ақыл-кеңесті жас 

ұрпақ  санасына,  әсіресе  қыз  балаға 

тұспалдап, астарлай жеткізу. Бұл салт 

ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін 

сақталған.  Мәселен,  «Келінім  саған 

айтам,  қызым  сен  тыңда»  деген  бір 

ауыз сөздің өзінде-ақ тәрбиелік талап-

тілектерді бірден бетке айта салмай, 

көбінде оларды жанамалап жеткізге- 

нін байқаймыз. Мұндай ақыл-кеңес- 

ті  көп  жағдайда  қыздың  анасы,  не 

сырлас жеңгесі айтатын болған. Бұ- 

лар  –  бірде  талап-тілек,  бірде  ойла- 

нып-толғануға  негіз  болатын  зілсіз 

ескертпе ретінде, яғни бойжеткеннің 

мінез-құлқы мен іс-әрекетіне лайық- 

ты  «жақсы  сөз  –  жарым  ырыс»  де- 

гендей, әдіс-тәсілдер арқылы құлақ- 

қа сіңетін. Қыз бала жастайынан үй 

ішілік, тұрмыс-тіршілікке (кесте тігу, 

ою-өрнек ою, киім тігу, құрт қайнату, 

шай құю, ет мүшелеу, оны сақтау, ас 

әзірлеу, үй ішін күту, т.б. осы іспеттес 

істерге)  машықтанып,  баулынған. 

Ұлан-ғайыр даланы мекендеген қазақ 

елінің қайсыбір аймақтарына тән же- 

ке  ерекшеліктері  мен  өзгешелікте- 

ріне қарамастан, қыздарды адамгер- 

шілік  мінез-құлыққа  тәрбиелеудегі 

халықтың дәстүрі ортақ еді. Қыз тәр- 

биесінде халқымыз күш көрсету, қор- 

қыту  тәсілдерінен  бойды  аулақ  ұс- 

тап, оларды мәпелеу, иландыру, сен- 

діру әдістері арқылы үлгі-өнеге көр- 

сетуге ерекше мән берген. Қыз бала 

14-15  жасқа  жетісімен-ақ  бой  түзей 

бастайды. Үсті-басын таза ұстап, сән- 

ді киінуге, өзінің есейгенін сезіп, ай- 

наласындағыларға  әдемі,  сымбатты 

көрінуге тырысады.

Әсіресе,  шаш  күтімі,  бет,  тіс  күті- 

мі сияқты кісіге ажар беретін косме- 

тикалық  –  гигиеналық  атрибуттарға 

ерекше  көңіл  бөлінеді.  Бұл  жерде 

ұлы  Абайдың  «Білектей  арқасында 

өрген бұрым, шолпысы сылдыр қағып 

жүрсе ақырын, кәмшат бөрік, ақ та- 

мақ, қара қасты, сұлу қыздың көріп пе 

ең мұндай түрін» деген бейнелі суре- 

ті  қазіргі  бойжеткендерімізге  де  ар- 

нап  айтылғандай.  Расында  да,  қыз 

баланың көркі алдымен білектей ар- 

қасына өрген бұрым, яғни шаш күті- 

міне байланысты болатыны хақ. Бой- 

жеткеннің өңіне шашының қалыңды- 

ғы мен ұзындығы, өрген қос бұрымы 

қандай  жарасымды  десеңізші!  Заң- 

ғар жазушымыз М.Әуезов «Абай» ро- 

манында  бейнелеген  қазақ  бойжет- 

кендерінің келбет-көркі мен сымбаты- 

на  еріксіз  тамсанамыз  емес  пе?  Сү- 

йіндіктің қызы Тоғжан өз үйіне өзгеше 

көктем нұрын кіргізген жан. Мұхтарша 

айтсақ,  Тоғжанның  жүзі  мағыналы 

нұрға малынып тұрғандай. Оның сыл- 

дыраған шолпысы, құлағындағы әше- 

кей сырғасы, басындағы кәмшат бөркі, 

білек толған білезіктері, аппақ жүзі, 

қыр мұрны мен қарақаттай көзі, жаңа 

туған  айдай  қиылған  жіп-жіңішке 

қасын  ұлы  жазушы «Тоғжан көрініп 

кеткенде  сұлу  ай  жарқ  етіп,  қайта 

батқандай  болды»,  –  деп  суреттейді 

емес  пе.  Қыз  баланың  талғаммен 

киінуінің бір сыры – өз тұрқының кей- 

бір табиғи кемістігін жасырып, жақ- 

сы  жағының  бәрін  айқын  көрсете 

алатындай, яғни сән үлгісін өзіне бе- 

йімдей ала білуінде; ішкі, рухани мә- 

дениеті  төмен  адамның  дұрыс  тал- 

ғаммен әдемі киіне алуы да екіталай. 

Жас  адамның,  әсіресе  қыз  баланың 

бүкіл кескін-келбеті (отырыс-тұрысы, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет