Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет166/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БОзБ

БОзБ


121

дай психологиясын кезінде Шал ақын 

осылайша  сипаттаса,  кейіннен  ой- 

шыл ақынымыз С.Торайғыров «Адас- 

қан өмірде» төмендегіше көрсеткен: 

Бұл  жаста  көп:  бересі-аласы  да, 

Алдымда  толған  мақсат,  толған 

таңдау, Алайын мынасын ба, анасын 

ба?..  Әр  үміттің  қиялы  сәулеленіп,  

Түн бойы ұйқы бермес толқып ішім...

Күн  сайын  тұрады  артып  қайрат-

күшім.  Асығыс  жоқ,  мен  әлі  жетем 

деймін, «Дәл бүгін жетпедім деу бе- 

кер»,  –  деймін.  Ірі  мақсат  болмаса 

ұсақ іске, Неге мен алданамын уақыт 

бөліп?!  «Жастық  адамға  бір-ақ  рет 

беріледі, – деп жазды Б.Г.Белинский, – 

мұның басқа жас кезеңдерінен ерек- 

шелігі – барлық әдемілік атаулы мен 

асқаралы  мұратқа  біртабан  жақын- 

дығы».

Бозбаланы ойлантып, тебірентпейтін 



нәрсе жоқ. Олар: әр түрлі адамдардың 

мінез-құлқы  мен  дүниетанымы,  кө- 

ңіл күйлері, адамгершілік жайлы тол- 

ғаныстары, жұртшылық пен жеке бас 

мүддесінің  ара  салмағы,  бақыт  пен 

борыш, қарыз бен парыз, достық пен 

махаббат,  басқа  жыныс  өкілдерінің 

сырларын танып-білуге құмарту, ма- 

хаббатқа аңсары ауу, т.б. Бозбала өзін 

еңбек пен оқу үстінде жасөспірімдер- 

ден гөрі айқын танытады, істе азамат- 

тық ар-намысымен қимылдайды. Оның 

әртүрлі  іс-әрекетінен  жеке  басының 

бағыт-бағдары,  инициативасы  мен 

іскерлігі, қоғамдық белсенділігі, ерік- 

жігер, қажыр-қайраты қалайша қалып- 

тасып келе жатқанын байқауға бола- 

ды. Бұлардың көпшілігі өзінің ұжым- 

дағы, қоғамдағы орнын жақсы түсіне- 

ді, досы мен дұшпанын ажырата ала- 

ды,  көкейтесті  арманы  мен  талғам- 

паздық сезімдері өрістейді.

Осы кезеңдегі еңбек пен оқудың ой- 

дағыдай  ұштасуы  олардың  күрделі 

жан қуаттарының (ойлау, сезім, қайрат, 

т.б.) дамуына қолайлы әсер етеді. Мә- 

селен,  олар  оқып-танып  меңгеретін 

қоғамдық  және  жаратылыстық  пән- 

дер  (алгебра,  физика,  химия,  қоғам 

тану, т.б.) бұлардың абстракті логика- 

лық  ойлауын  дамытуға  жағдай  жа- 

саса, оқу-өндірістік комбинаттарын- 

да тәжірибеден өту – еңбек дағдыла- 

рын, шеберлік пен ептілік икемдікте- 

рін  жетілдіруге  жәрдемдесетіні  сөз- 

сіз.  Бозбаланың  интелектісі  (қабыл- 

дау,  ес,  қиял,  т.б.)  шарықтап,  дами 

түсетіндіктен,  олардың  қабылдауы 

да жүйелене, күрделене түседі. Естің 

логикалык, мағыналы жағы, әдейілеп 

еске  түсіру,  қайта  жаңғырту  форма- 

лары жаңа мазмұнға ие бола бастай- 

ды, ойлау қабілеті белсенді, орамды, 

терең,  дербес  болып  келеді.  Олар 

жұрттың  айтқанын  таразыға  салып, 

сын көзімен қарап, бұларды пайым- 

дай салыстырып, содан кейін ғана тиіс- 

ті қорытындыға келуге тырысады.

Шығармашылықтық  ойлау,  яғни  ай- 

наланы  жәй  ғана  аңғарып  қоймай, 

өткендегіні де танып-білуге құмарту, 

болашаққа  көз  жүгірту,  заттың  ішкі 

мәнін,  сыр-сипатын,  жалпы  заңды- 

лықтарын  тұжырымдау  –  осы  жас- 

тағылардың ойлауына тән басты ерек- 

шелік.  Балаң  жастағылардың  дүние 

танымы  мен  сенімін  қалыптастыру 

ісіне әлде де болса тәлімгерлер тара- 

пынан  жолбасшылық  қажет.  Өйт- 

кені, оқу мен тәрбиенің, теория мен 

практиканың, интеллект пен сезімнің, 

жігер мен мінездің, сенім мен талғам- 

ның қалыптасып, шыңдалуы аса күр- 

делі  құбылыс.  Жайсаң  мінез,  нақты 

дүниетаным мен берік сенім жоқ жер- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет