122
де нағыз имандылық пен адамгерші-
лік, жайсаң жан сұлулығы қалыптаса
қоймайды. Жасыратыны жоқ, кей
жерлерде дүниетаным мен сенімді қа-
лыптастыру ісіне жекелеген ересек
адамдар жүрдім-бардым қарайды, олар
әр жастың белсенді өмірлік бағыт-
бағдарын, өзіндік көзқарасын, яғни
оларды терең толғандырып жүрген
небір шытырман психологиялық те-
біреністерді, осы кезеңде кездесетін
кейбір мінез қайшылықтарын, бұдан
туындайтын дискомфортты елеп-ес-
керіп жатпайды да, жас ұланға бері-
летін ақыл-кеңестер көбінесе жал-
пылама, үстіртін болып келеді. Тә-
лімгерлердің іс жоспарларында әр
бозбаламен дербес жүргізілетін жұ-
мыстар ойластырылса ләзім.
Бұл жердегі негізгі түйін – ата-ана
мен тәлімгер қауым балаң жастың
жан дүниесіне толық бойлап, олардың
толғаныс-тебіреністерін, мақсат-мүд-
делері мен талап-талпыныстарын
барынша дұрыс түсіне біліп, дер ке-
зінде қол ұшын беруі, оларға әр кез
аса сезімталдықпен, байсалдылық-
пен, сергектікпен қарауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: